ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы


ШЕТЕЛ ҚазаҚТаРыныҢ ШыҒаРмаСы



жүктеу 44.62 Kb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

101
ШЕТЕЛ ҚазаҚТаРыныҢ ШыҒаРмаСы 
Осы  кезде  ұшақтағы  қыз  дауысы  радиомен 
саңқылдап он минуттан кейін қонатынын хабарла-
ды. «Балам тосып тұрған шығар» деп ойлағанда кәрі 
жүрегі  елжіреп,  қатып  семген  омырауы  иігендей 
болды. 
...Шешесі солай келіп кеткеннен кейін қаншама 
оқиғаны бастан кешті. Бүгін ауру меңдеп, көр ау-
зында жатқанында көңілінде барлығы сайрап тұр. 
Сол  жолы  кимешек  шылауышы  бар,  мойнына  ақ 
сел  оранған,  ақ  табан  етік  киген    жарты  алақанға 
сыйып кетердей қушық маңдай, томардай кемпірді 
көргенде  шошып  кетіп  еді.  Шешесінің  қарағаны 
мейірімді ме, әлде зерлі ме айыра алмай тері шып-
шып шығып, арқасына су құйғандай болды. Бірақ 
шешесі  де,  өзі  де  жыламады.  Көздің  қара  суы 
тартылғандай. Қайта үйіне барғаннан кейін шешесі 
елжірей келіп қазақша:
–  Балам,  келе  ғой!    –  деп  ең  үлкен  немересін 
шақырғанда, жаңадан екіден асқан Жаргал (Рахат) 
баж ете түсіп шешесіне тұра ұмтылған.
–  Міне,  тумай  жатып  жат  болған  деген  осы! 
Әдірам  қалғыр!  –  деп  шешесі  егілді-ай  келіп. 
Ағыл-тегіл жылаған шешесі өксігін баса алмай, ет 
пісірім  уақыт  еңкілдеген.  Сол  жылағаны  бүгінгі 
күнді  болжағаны  екен  ғой.  Қазір  немерелері  сол 
апасын  еске  де  алмайды.  Үйленген  кезде  екі-
ақ  рет  туған  жерін  еске  алған  еді.  Алғашқысы 
аймақтың  орталығына  барып  жүргенін.  Орталық 
алаңда  саңқылдап  тұратын  үлкен  ақ  қалай  радио 
деген болушы еді. Содан орталықтан қазақша ән-
күй  беріп  жатыр  екен,  аңырып  тұрып  қалғанда 
қасынан өткендер «мынау есі жоқ жынды ма?» де-
гендей таңырқап қарасқан. Екінші осы балбал тас 
бар жазықта қой бағып жүрген. Қастарынан үлкен 
күре жол өтуші еді. Сонымен зулатып келе жатқан 
жеңіл машина өзіне бұрылды. Шофердың қасында 
отырған тапал бойлы шегір көз сұр жігіт келіп:
– Ассалаумағалейкум, – деп амандасты. Мұндай 
болары  үш  ұйықтаса  түсіне  кірмеген.  Қазақша 
сөйлеспегелі көп уақыт болғандықтан тілі бұралып, 
дауысы бір түрлі шықты да:
– Аликасалам, – деді. 
Сөйтсе, ол кісі «осында бір қазақ бар, үйі анау» 
дегенге  іздеп  барыпты.  Өзі  тарихты  зерттейтін 
ғалым  екен.  Екеуі  біраз  уақыт  сөйлесті.  Тілі 
шүлдірлеп  қалған  оны  әлгі  ғалымның  қарағаны 
өңменінен өтіп еді. Ғалым жігіт осы балбал тасты 
құшақтатып  тұрып  суретке  түсірді,  ол  сурет  бір 
журналға басылғанда соңынан беріп жіберіпті. Со-
дан осы балбал тас «туыс» болып алғандай сезіледі. 
Суреттің  артына  «Туған  ел  тарихын  таспен  жа-
зады.  Тозған  ел  тарихын  аспен  жазады»  деп  әлгі 
тарихшы  аты-жөнін  қалдырыпты.  Елден  кеткелі 
қазақша оқығаны осы. Е, шешесі келіп кеткеннен 
кейін бір хат келген. Соны оқып барып келейін деп 
отырғанда «қайтыс болды» деген хабар алды. Енді 
несіне барады? Барса туған-туыстары қалай көреді? 
Қабақ  ашпайтыны  белгілі.  Біткенім  осы,  қайда 
жүрсем де бірдей. Шешем енді тұрып келмейді. Ол 
сол жылы келіп кеткенде «есі бар жігіт елін табар, 
есі жоқ жігіт жаттың отын жағар» деген. «Мен не-
мене отымды жақпай, сөндіріп отырмын ба?» деп 
қолын  сілтеген.  Енді  ойласа  сол  сілтеген  қолды 
мол  сілтеппін  ғой.  Неше  күн  бұрын  төбесінен 
жай  түскендей  оқиға  болды.  Отауы  қасындағы 
үлкен ұлы кіріп келгенде қатты ауырып, қысылып 
отырған. Ол қарап тұрып-тұрып «өлетін кезіңде ел 
жұртыңыздан  бірде-бір  туысыңыз  келмейтін  бол-
ды  ғой»    деді.  Турасын  айтсам  сіз  өліп  қалсаңыз 
қалай  жерлесек  екен,  соны  білмейміз.  Лекілерше 
ма? Әлде... Содан бері үш күн өтті. ...Ол таңертең 
күнмен таласа қойын өргізіп күнде баратын балбал 
тастың  қасына  жақындады.  Дала  сап-сары  алтын 
жалатқандай. Артына бұрылып еді осы далаға қарап 
тұрған жүректей екі үй көрінді. Ол бір күрсінді де 
қайта  қарамауға  тырысып,  соңғы  неше  күн  әбден 
нашарлағанын  сезгеннен  кейін  неге  екені  белгісіз 
кенет денесі жеңілдеп, ой санасы да тұп-тұнық бола 
қалған. Елегізіп тұрғандай үйінде де отыра алмады. 
Сонан соң қойшы баласын шақырып: 
–  Мен  бүгін  қойға  өзім  барам,  шүкіршілік, 
тәуір болып қалдым. Үйде отырсам  ауруым үдей 
береді  екен.  Мінетін  атымды  ерттеп  мінгіз.  Түске 
таман  барасың  деді.  Баласы  әкесінің  тәуір  болып 
қалғанына қуанып, айтқанын екі еткізбеді. 
Әлгі  мүсін  тастың  қасына  келді.  Атынан  өлік 
салбырап  құлағандай  әрең-әрең  бұралып,  созы-
лып түсті. Бауырынан балалар өтіп жатқанда тырп 
етпейтінін  қой  торы  иесінің  ығына  көніп  тұра 
қалды.  Содан  жорғалағандай  болып,  көзі  бады-
райып  екі  қолын  кеудесіне  алған  балбал  тастың 
қасына әрең жетті де сүйеніп отыра кетті. Тастың 
қыры арқасына батқанын да сезген жоқ. Балбал тас 
тап бір көрікпен мәңгі бақи қойған қызыл шоқтай 
күреңітіп көрінді.  
Жамлиқа Шалұлы 
(Моңғолия) 

РеДакциЯ ескеРтпесІ: 
 Авторлардың стилі, орфография хақы сақталады, мақалалар 
редакцияның көзқарасын білдірмейді. 
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» 
баспасының компьютер орталығында теріліп, беттелді. 
КӨРКЕмДЕУШІ- ТЕХнИКаЛыҚ РЕДаКТОРы
  
асыл Қартабаева
 
альманахтың мұқабасында - суретші зейнелхан 
мұхамеджанұлының «атамекен» шығармасы 
 
  Теруге жіберілген күні 01.09.2013 ж. 
Басуға қол қойылған күні 10.11.2013ж. Пішімі 70/100 
Тапсырыс №             Таралымы 1000 дана 
 
Редакцияның мекен жайы: 
Қазақстан Республикасы, 050002, Алматы қаласы
Ш. Уәлиханов көшесі 43 А. 
Тел/факс: (727) 273 99 97; 273 90 25: 
Сайт: qazaq-alemi.kz  E-mail: kazaktar kz.@ mail.ru  

Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> 2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы

жүктеу 44.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет