ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы


моҢғолиядағы кіші құрылтай



жүктеу 44.62 Kb.
Pdf просмотр
бет12/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

82
моҢғолиядағы кіші құрылтай
шыларымен қоса, Моңғолия жол және көлік вице-
министрі  Ержан  Хавшайұлы,  Эрдэнэттен  келген 
ақын Баят Қабанұлы, шарынголдық ұстаз Темірхан 
Қабдиұлы,  белгілі  тарихшы-жазушыларымыз 
Сұлтан  Тәукейұлы,  Ислам  Қабышұлы,  Бектай 
Моңғолхүү, ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы,  уни-
верситет оқытушы Гүлнәр Шәкерханқызы, Налайх 
аудан  тұрғындары  Энхтөр  Төлеухүү,  Төлегетай 
Айдаубайұлы және басқалар қатысты. 
Жиынның  негізгі  арқауы  біздің  мақсатымызға 
орай,  Елбасының  «Қазақстан  –  2050»  стратегия-
сы, оны Моңғолия қазақтарымен бірге жан-жақты 
талқылау, насихаттау болды. Оны Асай Рәмішұлы 
мен  Нұргүл  Алданышқызы  моңғол  тіліне  ау-
дарып,  мен  редакциялап,  кітап  етіп  дайындап 
алып  барғанбыз,  соны  тараттық.  Жиынды  белгілі 
ғалым  Х.Әбжанов  жүргізіп,  кейбір  мәселелерге 
түсініктеме беріп отырды. Жиынға қатысқан моңғол 
жағының ресми өкілдері де, ондағы қандастарымыз 
да  Елбасының    Жолдауын  өте  жақсы  қабылдады. 
Барлығы  да  әсіресе,  мемлекетіміздің  болашақта 
Қазақ елі атанатындығына қатты қуанып, Атажұрт 
Қазақстанның 
өсіп-өркендеуіне 
қуанышты 
екендерін  ризашылықпен  жеткізді.  Латын  әрпіне 
өтетіндігімізге де қолдау білдірді. Сөз кезегі келген-
де  вице-министр  Х.Ержан  Баян-Өлгей  аймағында 
тұратын ағайындардың тілегімен Алматы-Өскемен 
бағытындағы  ұшақтың  тоқтап  қалғанын  қайта 
жаңғырту,  60  шақырым  төте  жолды  бірлесіп  салу 
және автобус қатынасын іске қосу мәселелері бой-
ынша  Қазақстанға  келіп,  тиісті  министрліктермен 
келісім-шартқа  отырып  қайтсам  деген  ойын 
жеткізді.  Жиыннан  Моңғолияның  ірі  телеарна-
лары  мен  басқа  да  БАҚ  өкілдері  хабар  таратып, 
мемлекеттік  деңгейдегі  үлкен  жаңалық  ретінде 
өтті.  Ал  Кәсіподақтардың  орталық  мәдениет 
үйінде  өткен  Қазақстан  өнер  шеберлерінің  үлкен 
концертінде  ине  шаншар  орын  қалмады.  Тайлы-
таяғымен  келген  бауырларымыз  тамаша  өткен  екі 
сағаттық  бағдарламаға  қанағаттанбай,  тағы  да  со-
зуды өтініш етті. 
Осы жерде бөліп айтатын бір жайт, бұл Мәдениет 
үйін  қазір  Қазақстанда  тұратын  белгілі  қоғам 
қайраткері,  тарихшы-ғалым  Зардыхан  Қинаятұлы 
ағамыз    Моңғолия  кәсіподағын  басқарып  тұрған 
кезінде салдырған болатын. Былай қарасаңыз, бұл 
да  қазақ  баласының  өзі  жасаған  елдің  игілігіне 
қалдырған қолтаңбасы іспетті. 
Депутаттармен  кездесу,  аймақ  әкімінің  қабыл-
лып тағайындалған Қалыбек Қобландин мырзаның 
еңбегін  атап  өткен  жөн.  Ол  кісі  осы  қызметке 
кірісуден,  қазақтар  қалың  шоғырланған  Баян-
Өлгий аймағына арнайы барып, қандастарымызды 
толғандыратын  барлық  жайтқа  әбден  қанығыпты. 
Ел  ризашылығын  білдіріп,  іскер  жігіт  екен  деп 
отыр. Сол елшіміз де  жиындарда бізбен бірге бол-
ды. 
Құрылтайдың негізгі жиыны болған «Дөңгелек 
үстел»    Ауыл  шаруашылығы  институтының 
«Ғылым»  залында  өтті.  Бұл  басқосуға  аймақ  бас-

83
моҢғолиядағы кіші құрылтай
дауы  болып,  ол  жиындарда  да  екі  елдің  мәдени-
рухани салалардағы, диаспора мәселесіндегі қарым-
қатынастарын бұдан былай да дамыту, оларды жаңа 
дейгейге  көтеру  жағы  жан-жақты  әңгіме  болды. 
Аймақ әкімінің қабылдауы кезінде Әмина атты бір 
моңғол өнерпазы тек қана қазақ әндерін орындап, 
бізді де өз өнерімен таңғалдырды. 
Жалпы, мен осы күнге дейін қатысқан  Еуропа, 
Азия  елдеріндегі  қазақ  диаспорасы  өкілдерінің 
кіші  құрылтайларымен  салыстырғанда,  Моңғолия 
қазақтарының осы ІІІ кіші құрылтайы өте жоғары 
деңгейде  өтті  дер  едім.  Ерекше  есте  қалған 
оқиғалардың  бірі,  құрылтай  аясында  әртүрлі 
кездесулер  өткізіп,  Ұлан-Батыр  қаласындағы 
тарихи  орындар  мен  көрікті  жерлерді  аралай 
жүріп,  одан  40  шақырым  жердегі  Тоныкөк 
ескерткішіне,  оның  жанындағы  Шыңғыс  хан 
ескерткішіне  бардық.  Бұл  ескерткіштің  алыптығы 
сонша, Әлемнің жеті кереметінен кейінгі Сегізінші 
керемет  болады  деген  әңгіме  жүріп  жатыр  екен. 
Айналасына  инфрақұрылым  салынып,  иен 
далада  ежелгі  өмір  салтын  көз  алдыңа  келтіретін 
кәдімгі  қалашық  пайда  болыпты.  Ескерткіштің 
биіктігі – 40 метр, оған шықсаңыз атыраптың бәрі 
алақандағыдай көрінеді.  Бір қызығы, таңғажайып 
сонша кереметтің бәрін жалғыз жігіт өз қаржысына 
жасатыпты! Бұл да елден жиып, ескерткіш салып, 
атын жалғыз өзі иемденіп кететін біздегі «дәулетті» 
жігіттердің  біразына  үлгі  болатын  нәрсе  екені 
анық.  Осы  қолдан  жасалған  дүниеге  әлемнің 
түкпір-түкпірінен туристер ағылып, ел қазынасына 
қаншама қаржы түсіріп жатқанын көріп таңдандық 
та,  тамсандық  та!  Ал  біздің  елімізде  табиғаттың 
өзі  жаратқан  қаншама  таңғажайыптар,  тарихи 
орындар,  жәннатқа  бергісіз  жер-су    сұлулықтары  
бар?! Бірақ, туризм дамымай жатыр...
Жалпы,  Моңғолиядағы  қандастарымыздың 
Қазақстанға  деген  көзқарасы,  ниеті  өте  керемет. 
Баян-Өлгей  аймағы  Ұлан-Батырдан  алыстау  бол-
са да, ондағы бүкіл ел көшіп келгендей, төрт күн 
бойы  бізбен  бірге  жүрді.  Ондағы  ағайындарды 
толғандыратын  негізінен  тіл  мәселесі  екен. 
Ішкі  Моңғолиядағы  қазақтардың  үлкендерінің 
өзі  тілдері  шұбарланып  бара  жатқанын  айтады. 
Сондықтан  ана  тілімізді  ұмытпау  үшін  Ұлан-
Батыр қаласында Қазақстан телеарналарының  ха-
барын  таратуды,  кітаптармен  қамтуға  барынша 
көмек  көрсетуді  өтінді.  Бұл  ағайындар  Қытайдың 
Шыңжаң  телеарнасының  қазақ  тіліндегі  ха-
барларын  көреді  екен,  бірақ,  тікелей  Қазақстан 
арналарының хабарларын көргеніміз дұрыс дейді. 
Ең  бастысы,  Моңғолиядағы  қандастар  Қазақ 
елі  атанатындығымызға  қуанып  отыр.  Бұл  да 
бар  қазақтың  арман-мұраты  бір  екенінің  айқын 
белгісі. Көші-қон мәселесіндегі күрделі жәйттарды 
талқылай  келіп,  олардың  ұсыныстарын,  өтініш-
тілектерін  айтып,  тиісті  министрліктерге  хат 
жолдадық. Осындай Құрылтай өткізуге, шетелдегі 
қандастарымыздың  мәдени-рухани  байлығын 
дамытуға  көрсеткен  көмегі  үшін  «Самұрық-
Қазына» ҰӘҚ АҚ басшылығына алғысымыз шексіз.
Ботагөз УАТҚАН, Дүниежүзі қазақтары 
қауымдастығы ұйымдастыру бөлімінің 
меңгерушісі 

84
шетел қазақтары және қазақ тілі
84
ТІЛ мӘРТЕБЕСІ - ЕЛ мӘРТЕБЕСІ 
Тіл  мәселесі  діл  мәселесімен  тікелей  қатысты 
болғандықтан, қазақ тілінің күннен-күнге құлазып, 
құлдырауға  бет  алуы  мені  қатты  үрейлендіріп 
отыр.    Өйткені  басқаны  қойғанда,  әдетте  біз 
күнделікті  қолданып  жүрген  «Үлкен»  сөзінің 
бүгінгі  ақпарат  құралдары  мен  басылымдар-
да  және  күнделікті  тұрмыста  өз  орнын  таппай, 
өгейсіп  бара  жатқандығы  жаныма  қатты  батып 
келеді.  Мысалы:  «Үлкен  табысқа  жетті»,  «Үлкен 
еңбек  сіңірді»,  «Үлкен  сахнада  өнер  көрсетті», 
«Үлкен  медал  алып  қайтты»,  «Үлкен  әсер  етті», 
«Үлкен жазушы», «Үлкен шара қолданды», «Үлкен 
пікірталас»,  «Үлкен  сын  айтты»,  «Үлкен  сезім», 
«Үлкен рахмет» деген сөз тіркестеріндегі «Үлкен» 
сөзі  бұл  тіркестерде  өз  орнын  тауып  тұрған  жоқ. 
Бұл сөз тіркестерін атам қазақ «Зор табысқа жетті», 
«Елеулі еңбек сіңірді», «Көрнекті немесе абырой-
лы  сахнада  өнер  көрсетті»,  «Алтын  немесе  күміс 
медаль алып қайтты», «Терең әсер етті», «Көрнекті 
немесе  әйгілі  жазушы»,  «Қатаң  шара  қолданды», 
Бекқожа ЖЫлҚЫБЕКұлЫ
л.Н.гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті
Шығыстану кафедрасының 
оқытушысы
«ҮЛкЕН» СөЗІНІң 
ҮРЕйІ
«Даулы пікірталас», «Өткір сын айтты», «Пәк сезім 
немесе  нәзік  сезім»,  «Көп  рахмет»  деп,  сөздердің 
өзара  қиылысу  қисынына  негізделе  отырып, 
қолданбаушы ма еді?   
Тіпті,  мүйізі  қарағайдай-қарағайдай  сөз 
зергерлері  саналып  жүрген  аға  буындарымыздың 
туындылары  мен  сөйлеген  сөздерінен  «Үлкен» 
сөзінің  өз  орнында  қолданылмағандығын  көріп-
естігенде  жерге  кіріп  кете  жаздайсың.  Бұған  да 
мысал  келтіре  кету  артық  болмас.  «Үлкен  сыр 
бар»,    «Үлкен  үлгісі»  (А.  Әлімұлы  «Парасатпен 
санасу»  атты  мақалаға  қараңыз,  «Қазақ  әдебиеті» 
19.  05.  2006  7-бет).  деген  сөз  тіркестерін  «Терең 
сыр  бар»,  «Жақсы  үлгісі»  деп  қолдансақ  орынды 
болмас па еді? «Үлкен ұлы күнді күтеміз!» (Т. Ме-
детбек «Ақиқат» журналы 2006 жыл. № 7, 85 бет) 
деген  сөйлемдегі  «Үлкен»  сөзі  сөйлемнің  шырай-
ын  кетіріп  тұр.  Өйткені,  ол  бұл  жерде  «Ұлы»  де-
ген сөздің анықтауышы бола алмайды. Сондықтан 
«Үлкен»  сөзі  бұл  арада  мүлде  басы  артық  дүние 
болып  тұрғандығы  өз-өзінен  белгілі.  Бұдан  да 
сорақысы  «Үлкен  махаббат  пен  үлкен  жетістік 
үлкен  тәуекелді  қажет  етеді»  (Айдарлы  «Нұр-
Астана»  газеті  2006  жыл.  15  қараша  8  бет)  деген 
сөйлемдегі  «Үлкен»  сөзінің  өз  қисынын  таппай, 
арт-артынан үш рет қолданылуы болып отыр. Міне, 
бұның  өзінен  біз  тіліміздің  шұрайлылығының 
қаншалықты  әлсіреп  бара  жатқандығын  айқын 
аңғара  аламыз.  Бұл  арада  олардың  Сократтың: 
«Ұғымдарды логикалық түрде дәл анықтау –  шы-
найы  білімнің  ең  басты  шарты»  деген  қағидасын 
мүлде елеп-ескермегендігі айдан анық көрініп тұр. 
Сөз  өнерінде  сөздерді  қалай  болса  солай 
қолдана беру ешкімге де абырой әпермейтіні анық. 
Сондықтан әрбір сөздің қолдану көлемін білу өте 
қажет.  Мысалы:  «Үлкен»  сөзіне  «Қазақ  тілінің 
түсіндірме  сөздігі»  былай  деп  түсініктеме  береді: 
«Үлкен, сын есім 1. Көлемі жағынан аумақты, зор, 
дәу.  2.  Ауыс,  бұрын  туған,  жасы  артық  3.  Ауыс, 
көпті  көрген,  көп  жасаған  қарт»  («Қазақ  тілінің 

85
шетел қазақтары және қазақ тілі
85
ТІЛ мӘРТЕБЕСІ - ЕЛ мӘРТЕБЕСІ 
түсіндірме сөздігі» 9 том, 546 бет, Қазақ ССР-інің 
«Ғылым»  баспасы,  Алматы,  1986)  Біз  жоғарыда 
мысал  келтіріп  отырған  «Үлкен»  сөзі  бар  сөз 
тіркестеріндегі  «Үлкен»  сөзінің  мағынасы  «Қазақ 
тілінің  түсіндірме  сөздігіндегі»  «Үлкен»  сөзінің 
мағынасымен  үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайды. 
Сондықтан  оны  орыс  тілінің  қолдану  аясы  неме-
се  ықпалы  бойынша,  ана  тілімізге  қаз-қалпында 
көшіріп әкеліп, қолданатын болсақ, онда біз өз ана 
тіліміздің зор мөлшердегі терең мәнді де мағыналы 
тегі  және  эстетикалық  құнынан  айрылып  шыға 
келеміз.  «Үлкен»  сөзін  келсін  келмесін  қолдану 
соның айғағы.     
Мені үрейлендіріп отырған «Үлкен» сөзі біздің 
түрлі ақпарат құралдары мен басылым беттерінде 
осы  қарқынмен  қолданыла  беретін  болса,  сөздік 
қорға ерекше бай, шұрайлы тіліміз енді біраз жыл 
өткен  соң,  табиғи  түрде  солғын  тартып,  құлази 
бастайтындығы ақиқат. Сондықтан бұл мәселеге ең 
алдымен бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс 
істейтін  журналистеріміздің  ерекше  көңіл  бөлуі 
қажет.  Олар  алдыларына  келген  материалдарда 
кездесетін  «үлкен»  сөзінің  бейберекет,  қисынсыз 
қолдануымен бірге, «процесс» деген сөзді «үрдіс», 
«премьера» деген сөзді «тұсаукесер», «филиал» де-
ген сөзді «бөлімше», «лидер», деген сөзді «көсем», 
«провинция» деген сөзді «өлке», «директор» деген 
сөзді «меңгеруші», «имиджі» деген сөзді «абыройы 
немесе  беделі»,  «рецензия»  деген  сөзді  «бағалау 
немесе  пікір»,  «перспективасы»  деген  сөзді 
«болашағы»,  «ситуация»  деген  сөзді  «жағдай», 
«отставкадағы»  деген  сөзді  «доғарыстағы»,  «про-
блема»  деген  сөзді  «мәселе»  «комантатор»  деген 
сөзді «түсіндіруші» (Мұндай мәңгүрт терминдердің 
тізімін  ары  қарай  шексіз  соза  беру  болар  еді, 
бірақ...) деп қазақшалап барып, басылым беттерінде 
жариялауға міндетті. Сонымен бірге қазақ тіліндегі 
ғылыми  еңбектерде  кездесетін  орыс  тіліндегі  ци-
таталар  мен  сілтеме-дәйектердің  қазақ  тіліне  ау-
дарылуын қаламгер-ғалымдарымыздан талап етіп, 
оны  қадағалауға  да  құқылы.  Өйткені  қазақ  тілді 
басылым беттерінің ішінде бөгде тілдің шүлдірлеп, 
жүруі  бейшаралықтан  басқа  ешнәрсе  емес.  Қазақ 
тілді  электрондық  ақпарат  құралдарының  орыс 
тілінде сөйленген сөзді  қазақ тіліне аудармай беруі 
(тіпті Президенттің сөзі болса да) Қазақ халқының  
қажетін  елемегендік,  мемлекеттік  тілге  атүсті 
қарағандық болады. Міне осындай мемлекеттік тіл 
мәселесіндегі келеңсіздіктерді бір жүйеге түсіруге 
құлшынбаған  тілші-журналистер  мен  бұқаралық 
ақпарат  құралдарын  заң  бойынша  жазалап,  өз 
кезегінде  қатаң  сын  тезге  алып,  олардың  көкесін 
көзіне көрсетіп отырса, онда бұл мәселе бірте-бірте 
шешімін тапқан болар еді. Амал қанша оны көретін 
«Құдайдың» көзі соқыр, үкіметтің құлағы тас керең 
болып, беті безеріп отыр! Сол себепті де біз орыс 
тілінің  орашолақ  ықпалынан  тезірек  құтылу  үшін 
латын жазуына көшуді тез арада қолға алуымыз ке-
рек.
Қысқасы мемлекеттік тіл мәселесіне немқұрайлы 
қарау мен БАҚ-ның сапасында болған немкеттілік 
ұлттық  мүддеміздің  тамырына  балта  шапқанмен 
бірдей. Сондықтан «Үлкен» сөзінен бастау алатын 
үрейге  жұдырықтай  жұмыла  отырып,  қарсы  тұру 
әрі одан туындайтын логикалық және лексикалық 
қателіктерді  түзету,  бойында  қазақи  қаны  бар  кез 
келген азаматтың ар алдындағы ақтық борышы.

86
шетел қазақтары және қазақ тілі
Репатрианттардың шыққан елі, олардың 
саны мен орналасуы 
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгелі өздерінің 
тарихи отандарынан шалғайда өмір сүріп жатқан 
қазақ  этносы  өкілдерінің  ұлттық  сана-сезімінің 
дамуын тудырды, қазақтардың өз тарихы, мәдениеті, 
дәстүрі мен салтына деген, туған тілінде сөйлеуге 
деген  қызығушылығын  жаңғыртты,  нәтижесінде 
көпшілігінің Қазақстанға оралу ниеті пайда болды. 
1993  жылдан  бастап  Атырау  облысын  су  басу 
қатерінен және Каспий теңізі арнасының тасуына 
орай  әкімнің  ҚР  Үкіметіне  үндеуінен  соң  алыс 
шетелдерден  репатрианттарды  ұйымдасқан  түрде 
қабылдауды  тоқтатты.      Дегенмен,  шетелдік 
этникалық  қазақтардың  өз  күштерімен  облысқа 
қоныстануына тыйым салынған жоқ.
1997  жылдың  10  мамырында  облыс  әкімі 
өз  шешімімен  1997-2000  жылдарға  арналған 
облыстың көші-қон саясатының негізгі бағыттарын 
бекітіп  берді.  Отандастарымызды  орналастыруға 
байланысты мәселелерді шұғыл шешу үшін әкімнің 
орынбасары  –  ауылшаруашылығы  басқармасы 
бастығының  төрағалығымен  облыста  жұмысшы 
комиссиясы құрылды. 1998 жылдың 21 мамырында 
облыс  әкімінің  жарлығымен  репатрианттарды 
тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін 
тұрғын  үй  комиссиясы  құрылады.  1999  жылдың 
5 мамырында көші-қон бөлімінің оралмандардың 
қатысуымен өткен отырысында бес адамнан тұратын  
оралмандар Кеңесі құрылды, ал 7 мамырда ҚР Көші-
қон  және  демография  агенттігі  мен  Кәсіпкерлер 
қауымдастығы тағайындаған оралмандар арасынан 
шыққан кәсіпкерлердің конференциясы өтті.
Облыс  1999  жылдың  маусымында  Иран  мен 
Ауғаныстаннан босып келген 12 отбасын қабылдады. 
Республикалық бюджет есебінен отбасылар бір реттік 
жәрдемақы алды, ал тендерлік комиссия өткізілген 
соң  оларға  «Привокзальный»  шағын  ауданынан 
13 пәтер сатып алынды, кәсіпкерлікпен айналысу 
АтырАу облысының 
орАлмАндАры: қАзАқстАндық 
қоғАмғА бірігу жолындА
үшін Атыраудың базарларынан 12 сауда орны тегін 
берілді.  Көшіп  келген  отбасының  тоғыз  азаматы 
«Заффер»  компаниясының  бөлімшесіне  жұмысқа 
орналастырылды. Кепілдемелік мерзім ішінде жеті 
адам жұқпалы балалар ауруханасына жатып ем алды. 
15 балаға мектепке қажет құрал-жабдықтар, жеке 
төсектер, төсек жаймаларын,  киім-кешек және аяқ-
киім сатып алуға, сондай-ақ  И.Тайманов атындағы 
№ 27 қазақ  мектебінде білім алу үшін орналастырды. 
Келген  балаларды  6  жас  пен  15  жасқа  дейінгі 
балалар бір (бірінші) сыныпқа барды. «Қамқорлық» 
айлығының өткізілуіне байланысты «АтырауМұнай» 
ЖШС, «ҚазақОйлЭмба»,  «КаспийМұнайБайланыс» 
акционерлік қоғамы, № 1 қалалық емхана басшылары 
бірлесіп  қайырымдылық  көмек  көрсетті.  2000 
жылғы 12 желтоқсанда Көші-қон және демография 
басқармасының  бастығы  М.И.Имашевтің    берген 
есебінде: «Басқарма үшін жылдың басты оқиғасы 
Ауғанстан  мен  Иран  Республикасынан  келген 
оралмандарға  Қазақстан  Республикасының 
азаматтығын тапсыру болды», делінген. 
2012  жылдың  1  қыркүйегіндегі  есеп  бойынша 
Атырау облысы  шетелден келген 21750 этникалық 
қазақтарды қабылдаған, яғни бұл Қазақстанға қоныс 
аударған репатрианттардың жалпы санының 2,4% 
құрайды.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  бұл  облысқа 
қоныстанған  оралмандар  саны  аз,  олар  жалпы 
облыстың жергілікті тұрғындарының 22,2% құрайды. 
Қоныстандыру соңғы үш жылда орын алған. Атырау 
облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау 
департаментінің  басшысы  Т.  Естебаевтың  біздің 
Қауымдастыққа  берген  мәліметі  бойынша  646 
адамнан  тұратын  276  отбасының  берген  өтініші 
қанағаттандырылған. 2011 жылы Өзбекстаннан (240 
отбасы, 586 адам), Ресейден (31/52), Моңғолиядан 
(2/4), Түркіменстаннан (1/1) және Әзірбайжаннан 
(2  отбасы,  3  адам)  қоныс  аударған.  Келгендердің 
51,5%  әйелдер  құрайды.  Оралмандардың  еңбек 
жасындағылары  61,2%,  зейнеткерлер  3,8%.  Білім 
деңгейі  бойынша  дипломдарына  сәйкес  еңбек 

87
шетел қазақтары және қазақ тілі
адам), басқа да алыс (14 отбасы, 64 адам, 0,3%) және 
жақын (3 отбасы, 11 адам) шетел мемлекеттерінен 
келгендер бар.
 
Өзбекстаннан келген оралмандардан 
тәлім алайық...
 
 
Тарихшылар  мен  саясаттанушылардың 
пікірі  бойынша  Өзбекстаннан  оралмандардың 
қоныс  аударуына  себеп  болған,  сол  елдің  ауыр 
әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  –  Өзбекстан 
мен  Қазақстан  арасындағы  аумақтық  жер  бөлуде 
хрущевтік  саясаттың  салдары,  экология  және  су 
қиындықтары, 
  қазақ  мектептері  санының 
қысқаруы, жастар мен әйелдер арасында белең алған 
жұмыссыздық.
Өзбекстаннан  келген  қоныстанушылар  ауыл 
шаруашылығымен  айналысуға  дағдыланған, 
ал  Атырау  облысында  –  тұзды  сорлауыт  жер, 
қолайсыз табиғат, жазда қалың маса мен шыжыған 
ыстық.  Іс-сапар  кезінде  оралмандар  жергілікті 
қазақтарға шаруа қожалығын жүргізу, бақша салу 
мен  егін  егуде  шынайы  еңбекқорлықтың  үлгісін 
көрсеткендігіне көз жеткіздік. Шынында, сырттан 
келген адамға облыс орталығында көзге ұрып тұрған 
айырмашылықты  анық  байқауға  болады.  Мені 
қуантқаны жергілікті тұрғындар кең жеке жайлар, 
кейбірі тіптен үш қабатты үй тұрғызған, ауласында – 
шетелдік көліктер. Ал жергілікті тұрғындар ауласына 
көз  жіберсек  үйдің  айналасы  түгелдей  тегістеліп 
асфальтталып тасталған, өсіп тұрған гүл мен ағашты 
көрмейсің. Мұндай өрескел ерекшелікті ең алдымен 
байқаған да оңтүстік өңірлерден келген оралмандар 
екен.
жасындағылар:  11,7%  репатрианттар  жоғары 
білімді,  37,2%  орта  арнайы  білімді  және  51,1% 
жалпы орта білімді.
2012  жылы  Атырау  облысы  Өзбекстан,  Ресей, 
Қырғызстан  мен  Түркіменстаннан  190  отбасын 
қабылдады (349 адам). 2013 жылдың қаңтарынан 
бастап 31 мамырға дейін Өзбекстан мен Ресейден 
келген 141 адамнан тұратын 86 отбасының «оралман» 
дәрежесін беру туралы тілектерін қанағаттандырды. 
Бәрімізге белгілі, оралман дәрежесі 2011 жылғы 22 
шілдедегі ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» жаңа 
Заңының 25 бабына сәйкес оралмандардың Қазақстан 
Республикасының азаматтығын алған кезден бастап, 
немесе егер оралман осы дәрежені алғанына бір жыл 
толған сәттен бастап, ҚР азаматтығына қабылдау 
туралы  арыз  бермеген  болса    тоқтайды.  Және 
осы  Заңға  сәйкес  «оралман  –  этникалық  қазақ, 
Қазақстан Республикасы егемендігіне қол жеткізген 
сәтке  дейін  оның  аумағынан  тыс  жерде  тұрақты 
өмір сүріп келген, оның балалары қазақ ұлтынан, 
Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан соң 
оның аумағынан тысқары жерде туған және тұрып 
келген, Қазақстан Республикасы тарихи Отанына 
тұрақты тұруды мақсат етіп келген және соған сәйкес 
дәрежені  осы  Заңмен  белгіленген  тәртіпте  алған 
(алғандар)».
Атырау  облысында  Өзбекстаннан  қоныс 
аударғандар  үлесіне  19  000  адам,  немесе  88,4 
%  келеді.  Бәрімізге  белгілі,  Қазақстандағы 
оралмандардың  көпшілігі  –  60,4%  Өзбекстаннан 
келгендер. Атырау облысы осы көрсеткіш жағынан 
тіптен  Оңтүстік  Қазақстан  облысынан  озық  тұр, 
ондағы  оралмандардың  87,3%  шекаралас  көрші 
мемлекеттен  келгендер.  Айталық,  Өзбекстаннан 
қоныс  аударған  оралмандар  Ақтөбе  облысында 
78,5%  ,    78,1%    –  Батыс  Қазақстан  облысында, 
50%  –  Алматы облысында, 47,4%  –  Маңғыстау 
облысында,  32,1%    –    Ақмола  облысында  және 
Шығыс  Қазақстан  облысында  небәрі  –  6,7%-ды 
құрайды.  Республикалық  деңгейдегі  қалалар  
Астанада  олар  36,5%  және  Алматыда  34,5%  -ды 
құрайды.
Атырау облысында қоныс аударған оралмандар 
арасында саны жағынан екінші орында Ресейден 
келгендер тұр – 6,2% немесе 1321 адамнан тұратын 
704  отбасы.  655  адамнан  тұратын  87  отбасы 
Моңғолиядан келген, олар осы облыстағы жалпы 
оралмандар санының 3,1% құрайды. Одан басқа, 
Түркіменстан  (86  отбасы,  330  адам,  1,54%), 
Тәжікстан (11 отбасы, 82 адам, 0,4%), Қырғызстан 
(10 отбасы, 24 адам, 0,11%), Әзірбайжан (2 отбасы, 3 

88
шетел қазақтары және қазақ тілі
Көкарна  ауылындағы  Құдабай  Қаржауовтың 
қонақжай  үйінде  Өзбекстанан  қоныс  аударған 
отандастарымызбен кездестім. Ең алдымен үйдің 
отағасымен таныстырып өтейін. Құдабай 1966 жылы 
Қарақалпақстанда  туған,  Қазақстанға  2004  жылы 
квотамен  көшіп  келіп,  азаматтығын  2005  жылы 
алған. Қолында теміржол техникумының дипломы 
бар. 2004 жылдан бері оралмандардың «Оралман-
Жайық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Атырау 
қаласы  әкімінің  жанындағы  үйлестіру  кеңесінің 
мүшесі,  кеңес  мерзімді  үш  ай  сайын  оралмандар 
мәселесін көтеріп отырады. 
Құдабайдың отбасында – төрт бала бар. Сымбат 
пен  Гүлшаттың  қазақстандық  техникум  және 
заң  коледжінің  дипломдары  бар.  Ұлы  Ердіғали 
Оралда  дайындық  курсын  өтіп,  биыл  Жәңгірхан 
атындағы  Батыс  Қазақстан  аграрлық  техникалық 
университетінің құрылыс факультетінің дипломын 
алды, одан соң үлкен сынға түсіп, грант бойынша 
оқуын бітіріп, білімін магистратурада жалғастырмақ. 
Кіші ұлы Рамазан биыл 10 сыныпты бітірді. Әйелі 
Рахима – тігінші, Гүлшат есімді қызымен бірлесіп, 
ұлттық киім тігумен жөндеуге  мамандандырылған. 
«Өнер» жеке тігін ательесін ашу үшін банктен бір 
миллион  теңге  несие  алыпты.  Жұмыс  істеймін 
деген адамға тапсырыс көп, жұмыссыз қаламыз деп 
ойламайды.   
Отбасы кең де жайлы үйде, іргетасы 15-те 12 
метрге  құйылған,  үйге  –  көгілдір  от,  су,  телефон 
тартылған. Ал үй салуға деген қаржыны Үкіметтің 
бергенін отағасы алғысын білдіре отырып жеткізді.
Бәрімізге белгілі, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 
«2020  халықты  Еңбекпен  қамту»  Бағдарламасы 
жүзеге асырылып жатыр, Бағдарлама тұрақты және 
жемісті еңбекпен қамту арқылы халықтың кірісін 
көтеруге бағытталған. Оған қатысушылар өздігінен 
еңбек етіп жүрген, жұмыссыз және тұрмысы нашар 
тұрғындар, оның ішінде оралмандар болып табылады. 
Осы бағдарламаны іске асыруда «Оралман-Жайық» 
қоғамдық  бірлестігі  де  атсалысады,  олар  тоқсан 
сайын оралмандар арасында облыстың жеті ауданы 
бойынша мониторинг жүргізіп отырады: 115 отбасы 
тұратын Көкарна, Балауса 70 отбасы, Тасқала-1,2 
және  3,  әр  ауданда  155  отбасынан,  Жаңа-талап  – 
70 отбасы және Водникте – 40 отбасы бар. «Бота» 
қоғамдық қоры ағымдағы жылы «Оралман-Жайық» 
үшін оралмандар арасында жұмыс жүргізуді арнайы 
қаржыландырып  3,3  млн.  теңге  бөлген.  Оларға 
тренингтер,  құқықтық  мәдениеттерін  арттыруға 
дөңгелек  үстелдер  өткізіледі  және  шаштараздық 
кәсіпке баулып, содан соң жұмысқа орналастырады. 
Жергілікті қоғамдастықта оралмандар отбасындағы 
жастардың  жедел  әлеуметтік  бейімделуі  мен 
шоғырлануына көрсетілетін волонтерлік негіздегі 
әлеуметтік  қызмет  –  қолданбалы  әлеуметтік 
жобалардың басты түйткілі.
«2020  жұмыспен  қамту  бағдарламасы» 
шеңберіндегі  Атырау  облысының  ауылдары  мен 
ауылдық округтердегі кәсіпкерлікті шағын несиелеу 
әлі  де  болса  үлкен  сұранысқа  ие  болып  отыр. 
Айталық, 2011 жылдан бері жылма-жыл Өзбекстан 
мен Ресейден  қоныс аударған 20 және одан да көп 
отбасы  кепілсіз  несиені  3  млн.  теңгеге  дейін  бес 
жыл  мерзімге,  ең  төменгі  6%  жылдық  төлемдегі 
жеңілдікпен  алып  келеді.  Жеңілдікпен  берілетін 
несие  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытудың 
міндеттеріне  жауап  бере  алады.  Біреулері  мал 
шаруашылығына  машықтанса,  енді  біреулері 
жылыжайлар  ашып  жатыр,  ал  тағы  біреулерінің 
бақша салуға икемі бар. Көпшілігі тұрмыстық қызмет 
түрлеріне  таңдау  жасап:  мұздатқыш 
жөндеу, көлік жөндеу, көлік айдау тағы 
басқа заттар алады. 
Құдабайдың айтқанына қарағанда, 
Өзбекстаннан  келген  оралмандар 
Қазақстанның заңдарын шала немесе 
мүлдем  білмейді  және  жергілікті 
халыққа, не Ресейден келген қазақтарға 
қарағанда  «билік  басындағылардан 
қорқады,  бастыққа  өтініш  айтудан 
ж а с қ а н а д ы » .   О н ы   ә с і р е с е , 
Өзбекстандағы  қазақ  жастарының 
мәселесі  қатты  алаңдатады.  Ол 
жақта,  жоғарғы  оқу  орындары  мен 
колледждер өзбек тілінде  білім береді. 
Өзбекстанда бірақ күннен-күнге қазақ 

жүктеу 44.62 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет