ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет11/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

76
Сегіз Исатайға арнап «Өкініш» атты ұзақ өлең, 
135  жол  үлкен  жоқтау,  «Ақбұлақ»  атты  толғау 
өлеңін  әнімен  шығарады.  «Исатай-Махамбет» 
дастанын жазады. 
Осы  Ақбұлақ  өзені  бойындағы  соғыстан  кейін 
Сегіз  сері  Кавказға  кетіп,  әлемге  әйгілі  Шәмиль 
сарбаздарына  барып  қосылады.  Өкінішке  орай 
олар да бұл кезде ойран болып жеңіліп титықтаған 
екен. Келесі жылдың жазында 80-90 құмық, авар, 
қарашай, балқар жігіттері бар елге қайтады...
1841  жылдың  наурызында  Махамбетті  патша 
өкіметі  екінші  рет  тұтқындайды.  Оны  алдымен 
Текеге  (Оралға),  одан  кейін  Орынбор  абақтысына 
жөнелтеді. Орынбор әскери соты оны өлім жазасына 
кеспекші болып тұрғанда, Махамбет бұдан 3-4 жыл 
бұрын  хорунжий  Шутиков  бастаған  бірнеше  атты 
казактарды  босаттырғанын  айтады.  Тергеуде  ол 
айтқаны расталады. Сонан соң Орынборда айдауда 
жүрген  декабрист  ақындар  арқылы  аударылып 
қолдан қолға тараған Махамбет өлеңдерімен таныс 
болған  генерал-губернатор  Перовский  түрмедегі 
Махамбеттен  өзі  жауап  алады.  Жауабына,  өр 
мінезіне қатты сүйініп босаттырады. 
Осыдан  кейін  Махамбет  бес  жыл  қашқын  бо-
лып  өмір  сүреді.  Баймағамбет  сұлтан  соңынан 
қалмайды.  Бір  күні  Махамбет  жаман  түс  көреді. 
Ертеңінде дереу Қызылжардағы Сегіз серіге «Еліңе 
көшіп барсам, мені паналатады ма екен?» деп кісі 
салады. Келген жігіттің аты Ертай екен. Сегіз сері 
және  Исатайдың  Қаншайым  деген  қарындасын 
алған Бектас деген жігіт оған төрт нар жетектетіп 
кері  қайтарады.  Ертай  жанына  Дауыл  деген 
жігітті ертіп Малайсарыға келсе, бұлардан бір күн 
бұрын  Махамбет  қастандықпен  өлтірілген  екен 
(«Гауһартас» Елорда, Астана – 2004, 137 бет). 
Махамбетті  1846  жылы  ақырап  айында  Қарой 
деген  жерде  Баймағамбет  сұлтан  жіберген, 
Махамбеттің  туған  бөлесі  Ықылас  бастаған 
қарақшылар  тобы  күз  айының  қараңғы  түнінде 
ұйықтап  жатқан  кезінде  мерт  қылған.  (Нәбиден 
Әбуталиев. «Ауылға оралу» Алматы-2007, 373 бет). 
Міне  осылайша  Махамбеттің  ажалы  ақыры 
орыстан емес, қазақ пен төреден болыпты. Алайда 
оның кегін Ер Сегіз алыпты.
Жасы келіп қалған Баймағамбетті патша өкіметі 
отставкаға  жібермекші  болады.  Петербургта 
бірнеше  ай  болып  ол  сәуір  айында  елге  қайтады. 
Оны  төрт  жерден  торуылдаған  Сегіздің  адамда-
ры Елек өзенінің бойында кездестіреді. Сең жүріп 
жатқан кез екен. Өзеннен алдымен Бародин бастаған 
қорғаушылар  өтеді.  Баймағамбет  күймедегі  төрт 
жолдасымен  паромға  мінеді.  Електің  дәл  ортасы-
на келгенде, аңдып жатқан Тұрлан-Сегіз сері тобы 
арқанды  қиып  жібереді.  Паром  70  метрдей  жерге 
ығып барып, сеңге соғылады да аударылып түседі. 
Жағаға  тек  біреуі  ғана  малтып  шығады.  Денесі 
ауыр, етжеңді Баймағамбет бірден батып кетеді.
Ер  Сегіз  1854  барыс  жылы  тамыз  айында,  37 
жасында  ауырып  қайтыс  болады.  Сегіз  қайтыс 
болғанда 45 шәкірті жоқтау шығарған екен. Ішінде 
атақты Жаяу Мұса Байжанұлы да бар.
Сегізбен  замандас  ақын  Жаманқұл  Досжанұлы 
Дәндібаев  (1824-1901)  сол  1854  жылы  шығарған 
жоқтауында  Сегіздің  40  қисса,  75  ән,  55  күй 
шығарғанын және оны ел ішіне өз қолымен, өз ау-
зымен таратқанын айтады.
Сарыарқадағы  бүкіл  сал-серілердің  атасы 
атанған  Сегіз  серінің  өмірде  болған  адам  екенін 
замандастарының шәкірттері бәрі де дастан жырла-
рында дәлелдеп жазып кеткен. Мысалы: Жаяу Мұса 
Байжанұлы (1835-1929). Мұсаны әкесі Байжан алты 
жасында  ауыл  молласы  Сақыпкерей  әншіге  оқуға 
беріп,  үш  жыл  оқып  хадимше  сауат  ашқан.  Мұса 
тоғыз жасқа келгенде немере ағасы Қызылжардағы 
медресеге  оқуға  береді.  Ол  Сегіз  серінің  ағасы 
имам Көрпеш жыраудан екі жыл дәріс алады. Онан 
екі басқыштық орыс мектебіне береді. Онда 1846-
1848 жылдары оқып, үздік бағамен бітіреді. Онан 
соң  Омбыдағы  Азия  мектебіне  түсіп,  төрт  жыл 
оқып өте жақсы бағамен бітіреді. Онан кейін Сегіз 
серінің ең жас шәкірттерінің бірі болады.
1855 жылы жайлауда Сегіз серінің асы берілген 
соң Жаяу Мұса еліне – Кереку, Баян аймақтарына 
қайтады.  Ұлы  ұстазының  барша  шығармасын  та-
ратып, насихаттайды. Ол өзінің «Ер Сегіз» атты 38 
шумақ толғауында:
Жігіттер өнер қусаң Сегізге ұқса.
Шәкірті ем Сегіз сері, атым Мұса.
Қазақтың ел қорғаны мақтаныш қой,
Үш жүзде ер Сегіздей көп ұл туса.
Сол Сегіз өзге ақыннан болған басым.
Шығарда Мақпалға арнап «Гауһартасын».
Ән салып, күй шығарып, дастан жырлап,
Әр жердің тамсандырған кәрі-жасын.
Қайтпаған жаудан оның жас жүрегі,
Талмаған сан майданда ақбілегі.
Таралған қолтаңбамен кіші жүзде,
Сегіздің «Айман-Шолпан», «Қыз Жібегі».
Сегіз  сері  әндерін,  дастандарын,  күйлерін  қай 
жылы,  қай  жерде,  қандай  жағдайда,  кімге  арнап 

77
шығарғанын  өзі  де,  шәкірттері  де  анықтап  тұрып 
айтып кеткен. 
Мәселен,  Сегіз  сері  Мақпал  сұлуға  арнап  жал-
пы бес ән шығарған екен. Қазір кейбіреулер мұны 
әлі күнге дейін халық әні деп орындап жүр. О за-
манда бұл заман халық ән шығара ма екен? Жаяу 
Мұса Сегіз серінің шығарған дастандарын, әндерін 
түгелге жуық жазып, жаттап алып таратқанын ай-
тады.  Әсіресе  «Қобланды»,  «Алпамыс»,  «Қыз 
Жібек», «Айман-Шолпан» дастандарын, «Мақпал», 
«Гауһартас» әндерін...
Сонда қалай Жаяу Мұса өтірікші ме? Жоқ әлде 
қазіргі тоңмойындар өтірікші ме? 
Міне бұл шындықтар туралы өз кезіндегі барлық 
ұлы адамдар: Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Нұржан 
Наушабаев,  Тобықты  Көкбай  ақын  жетемізге 
жеткізіп-ақ айтып кетіпті.
Ал біздің заманымызда да Кеңес өкіметі кезінде 
де бұл тақырыпты жеріне жеткізе жазған адамдар 
тіпті көп екен. Мысалы Әлкей Марғұлан, Қаратай 
Биғожин, Жайық Бектұров, Қайым Мұхамедқанов, 
Қажым  Жұмалиев,  Есенгелді  Жақыпов  («Дастан-
нан драмаға»)...
Нұржан Наушабаев (1859-1919) өзінің 1891 ұлу 
жылы Сегіз серінің елінде 5 ай жүріп, Серінің әйелі 
Ырысбикеге және балалары Мұстафа, Мұсайынға, 
көнекөз  қарттарға  жолығып  Сегіз  серінің 
өмірбаянын, шығармаларын ізі суымай тұрып жа-
зып алғанын айтады.  «Сегіз сері» атты дастан жа-
зады. Ол бұл дастанын 1892 жылы жазыпты. 
Ырысбике кімнің қызы?
Ырысбике (1821-1904) Найман ішінде Бағаналы, 
оның  ішінде  Жауғашты  Елғұн  дейтін  мырзаның 
қызы екен. Керей жеріне мал қыстатуға келгенде 17 
жасар Ырысбике анамызбен танысып, алып қашып 
алған.  Ырысбике  кейін  балуан  шешей  атаныпты. 
Сынықшы, әнші болған кісі екен.
Ырысбике  анамыздан  Мұстафа,  Мұсабек, 
Мұсайын, Мұсақан, Мұсажан деген 5 ұл, Бибізара 
атты  жалғыз  қыз  туған  екен.  Үш  ұлы  Мұсабек, 
Мұсақан, Мұсажан жастай қайтыс болыпты. 
Мұстафа  батыр  (1840-1899),  Мұсайын  (1843-
1920), Бибізара (1850-1933) үшеуінен қазір қаншама 
ұрпақ бар. 
Бөрібайұлы Жанкісі, Базар жыраулар да «Мақпал-
Сегіз»  атты  дастандарын  шығарған.  Оның  жалпы 
22  нұсқасы  бар  екен.  «Мақпал-Сегіз»  оқиғасын 
Базар,  Нұрым,  Арыстанбай,  Орынбай,  Біржан 
сал,  Шінияз,  Жаманқұл  секілді  ақын-жыраулар 
жырлаған.  Ал  міне  осындай  фактілер  тұрғанда 
көп  жандар  пендешілікке,  тоңмойындыққа, 
сазбеттілікке салынып, мойындағысы келмейді. 
«Гауһартас»  әнінің  прототипі  Мақпал  сұлу 
Бақтиярқызы.  Жоғарыда  айтылған  Ырысбике 
анамыздың  апайы  болып  келеді.  Ол  Сегіз  серіге 
қосыла алмай қапылыста қаза болған.
Жәңгір  ханның  Жүзім  атты  бәйбішесі  орта 
жүз  Арғын  еліндегі  Әсіреп  бидің  (кейбір  деректе 
Мүсіреп деп де айтылады) қызы. Тарихтағы үшінші 
Бөгенбай Қожекеұлының немересі. Жәңгір Жүзімге 
18 жасында үйленеді. Жүзім Жәңгірге Сейіткерей, 
Ісмайыл есімді екі ұл туып береді. Содан күндердің 
бір  күнінде  Жәңгір  жайлауға  көшкенде,  Етекқұм 
деген жерде Жүзімді екі баласымен жұртқа тастап 
кетеді.  Киім-кешек,  ас-су  қалдырмайды,  мал 
бермейді.
1834  жылы  кіші  жүзге  келгенінде  батыр  Сегіз 
айдалада  жұртта  қалған  Жүзім  әжемізге  барып 
кездеседі.  Азық-түлікпен,  малмен  қамтамасыз 
етеді.
Ақкөл деген жерде Жәңгір мен патша әскерлері 
Сегіз сері сарбаздарын қоршауға алады. Бірақ Сегіз 
сарбаздары оларды қырғынға ұшыратып қоршауды 
бұзып кетеді. 
Осыдан  кейін  Сегіз  сері  200  сарбазбен  келіп, 
Жәңгірдің  ордасын  шабады.  Жәңгір  құс  төсекке 
тығылып  әрең  аман  қалады.  Сегіз  олжаға  түскен 
мал-мүлікті Жүзім бәйбішеге апарып береді.
Сол Жүзім бәйбішенің Сейіткерей атты ұлынан 
туған  Шаңгерей  ақын  осы  оқиғаны  жырлаған. 
Жәңгірханның өз немересі осы Шаңгерей «Сардар 
Сегіз» атты өз дастанында:
 
Сегізбен атам Жәңгір босқа өштескен,
 
Болған соң хан ақылсыз амал қанша?! –
дейді. Хан Жәңгір орыс патшасына жан-тәнімен 
беріліп қызмет еткен өте мәнсапқор, сатқын адам. 
Ол тіпті бұл үшін басқа қазақ түгілі, өз туыстарын-
да,  балаларын  да  аямаған.  («Ауылға  оралу»  Ал-
маты  2007.  Нәбиден  Әбуталиев.  «Сардар  Сегізді 
Шаңгерей неге жазды?» 334 бет.).
Ал енді қайтадан шегініс жасап, Жүсіпбек қожа 
Шайхысіләмұлына  оралайық.  Шайхысіләм  1843 
жылы  Қызылорда  облысы  Тереңөзек  ауданының 
Шіркейлі  деген  жерінде  туған  екен.  Ал  баласы 
Жүсіпбек қожа 1861 жылы туған. 1892 жылы – ұлу 
жылы  жазда  Қызылжар  уездіне  барып,  ел  аралап 
жас балаларды сүндетке отырғызып жүргенінде осы 
Жүсіпбек  қожа  Сегіз  сері  шығарған  «Қыз  Жібек» 
дастанын  Көшебе  Керей  Аңдамас  Есболұлы  және 
Бекқұл  Құдасұлы  дейтін  65-66  жастардағы  әнші 
ақын қарттардан алғаш рет естіп, жазып алған. Екі 
жылдан соң, 1894 жылқы жылы Қазан қаласында өз 

78
дастаны етіп бастырып шығарған. Ал осы дастанды 
Сегіз сері шығарғанда Жүсіпбек қожаның өзі түгілі 
әкесі Шайхысіләм да тумаған екен. 
«Қисса  Қыз  Жібек»  дастанын  Жүсіпбек  қожа 
бұдан  кейіннен  де  иеленіп,  1896,  1899,  1900 
жылдары  да  Қазан  қаласында  өз  атынан  басты-
рып  шығарған.  Оның  ақын  емес,  ұры  екенін  өз 
кезінде  Кердері  Әубәкір,  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев, 
Мұрат  Мөңкеұлы,  Мақыш  Қалтаев,  Нұржан  На-
ушабаев,  Тоқа  Жұмабаев,  Құлтума  Өтемесұлы, 
Сапарғали  Қуанышұлы,  Тайжан  Қалмағамбетұлы 
секілді белгілі тарихи адамдар аяусыз әшкерелеп, 
масқарасын шығарған. 
Атақты  Тайжан  ақын  Ғазиз  әншінің  Нияз  сері 
шығарған «Атандым Нияз сері бала жастан» атты 
әнін ұрлағанын бетіне басып былай дейді:
        Көңілі базаршылар қалды суып,
        Әніңді тыңдамасқа белін буып.
        Сендағы сөз ұрлауға салыныпсың,
        Залымның Жүсіпбек қожа жолын қуып.
Ал  Сапарғали  Қуанышұлы  (1855-1915)  былай 
деген екен:
 
Сен өзің еркек емес, байтал қожа.
 
Әр жерде ұрлығыңды айтам, қожа.
 
Бұрыңғы ақындардан жыр ұрлайтын
 
Екенсің екі жүзді сайтан қожа.
Абайтануда 
алғыр 
зерттеушілердің 
бірі 
Сейітқали Қарамендин дейтін кісі Жаяу Мұсаның, 
Көкбай  ақынның  да  өлең  дастандарын  тауып, 
жариялаған. Көкбай (1864-1927) өзінің «Жүсіпбек 
Шайхысіләмұлына» атты өлеңінде:
 
Арнадым осы өлеңді қожа текке.
 
Халыққа келіп сіңген келімсекке.
 
Қазанда көп қиссаны бастырсаң да.
 
Ұрлығың  анық  болды  дүйім  көпке,–  де-
ген екен. Жүсіпбектің өзі емес, әкесі Шайхысіләм 
Жетісу  өңіріне  барған  бір  сапарында  1872  жылы 
жазда  ақын  Сара  Тастанбекқызына  кездесіп,  одан 
«Біржан-Сара»  айтысының  қолжазбасын  сұрап 
алады. 
Міне  осы  әкесі  сұрап  алған  қолжазбаны 
Жүсіпбек  26  жылдан  соң  1898  жылы  өзім  жазып 
алғанмын деп Қазан баспасына бастырады. Сонда 
1861 жылы туған Жүсіпбек 1872 жылы 11 жасында 
сонау Ақмешіттен Жетісуға барып жазып алған бо-
лып шығады. 
Міне  осындай  өтіріктерге  шыдамаған  Төребай 
ақын  Есқожаұлы  (1844-1911)  1900  жылы  тышқан 
жылы күзде ақын Сарамен айтысқанда былай дейді:
 
Әсетпен сен айтыстың сиыр жылы.
 
Шайхысіләм келіп кетті барыс жылы.
 
Сара сен шамалы ақын болсаң-дағы
 
Шығарды атағыңды Біржан жыры.
 
Шайхысіләм Жетісуды аралады
 
Байлар мен би, болысты жағалады.
 
Қалдырған Біржан саған қолтаңбаны
 
Өзіңнен қалап алып кете барды.
 
Арада 26 жыл уақыт өтті.
 
Кітап боп шығатын уақыт жетті.
 
Әкесі Шайхысіләмның Жүсіпбек қу
 
Қазанда сол айтысты жария етті.
Совет  Үкіметі  орнағаннан  кейін  тарихшы 
ғалымдар,  жазушылар,  оның  ішінде  Сәкен  Сей-
фуллин,  Бейімбет  Майлин,  Ілияс  Жансүгіров, 
Санжар  Аспандияров,  Темірбек  Жүргенов  секілді 
көрегендеріміз  ертеде  өткен  ақын-жазушылардың 
қисса-дастандарын  өзім  шығардым  деп,  Қазан, 
Тәшкент қалаларында кітап етіп бастырып келген 
Жүсіпбек қожа Шайхысіләмұлының ақын емес, ел 
аузындағы дайын шығармаларды біреулер арқылы 
жинап,  біреулердің  еңбегін  пайдаланып  жүрген 
адам екенін анықтайды.
Ал  Жүсіпбек  қожа  өзінің  осындай  қиянаты 
әшкерелене бастаған соң 1931 жылы Қытай еліне 
өтіп  кетеді.  1941  жылы  Қызылкүре  ауданындағы 
Төрткөл деген жерде қайтыс болыпты. Кіші әйелі 
Бәтима  Албан  елінің  қызы  екен.  Ол  1954  жылы 
қайтыс болған. Ұрпақтары сол Шыңжаң өлкесінде 
қалып қойған.
Ел  ішінде  ертеде  тараған  «Сейфүлмәлік» 
дастанын В.В.Радлов 1870 жылы Санкт-Петербургте 
бастырып  шығарған.  Ол  кезде  Жүсіпбек  тоғыз-ақ 
жаста. Ал әне сол шығарманы Жүсіпбек қожа Қазан 
университеті баспасынан 1903, 1908 жылдары тағы 
да өзімдікі деп, өз атынан бастырып шығарған...
Сегіз сері және оның шығармалары туралы 300-
ге  тарта  ғалым-зерттеушілер,  қазақ  әдебиетінің 
классиктері  жазған  екен.  Тек  бір  ғана  адам  ауыз 
ашпаған. Ол – Мұхтар Әуезов...
Ал  қазір  екі-ақ  адам  бұрынғы  Сегіз  танушы 
ғалым  аяқ  астынан  өздеріне  өздері  қарсы  шығып 
Сегіз  сері  болмаған,  аңыз  адам  деп  ашықтан- 
ашық  дәлелсіз  байбалам  салып  жүр  екен.  Олар  – 
Шәмшиден  Керім  және  Исатай  Кенжалиев  деген 
кісілер.  Әрине,  бұл  кісілерге  бір  үлкен  тегеурінді 
күш әсер етіп отырғаны айдан анық.
Ал  Сегіз  сері  ақиқатын  ашуға  ерекше  еңбек 
сіңірген адамдардан екі-үшеуін атап өтейік.
Бірінші,  Есенгелді  Жақыпов  «Дастаннан 
драмаға» атты монографиясында «Айман-Шолпан» 

79
дастанының  авторы  Сегіз  сері  екендігін  ғылыми 
тұрғыдан  бұлтартпай  дәлелдеген.  Ал  М.Әуезов 
дайын  дастанды  драмаға  айналдырып  отырып 
оның авторын «білмейді». 
Екінші,  профессор  Шәмшиябәну  Қанышқызы 
Сәтпаева  «Ақиқат»  журналында  «Сегіз  серінің 
мадақ  өлеңдерінің  тарихилығы»  атты  тақырыпта 
үлкен еңбек жазып жариялаған. 1999 жылы «Сәулелі 
әулет», 2000 жылы «Уақыт шуағы», ғылым акаде-
миясы «Бюллетенінде» «Ода сыры» атты ғылыми 
еңбектерінде Сегіз серіге кеңінен тоқталған. Сегіз 
серінің  энциклопедиялық  өмірбаяны  да  жарық 
көрген.
1845 жылы Сәтпай Шөтікұлының отбасында бір 
ұл  бала  дүниеге  келеді.  Бұл  перзенттің  тойында 
қазақтың барлық игі жақсыларымен бірге Сегіз сері 
де қонақ болған екен. Бұл перзент қазақтың тұңғыш 
академигі Қаныш Сәтпаевтың әкесі Имантай еді. 
Міне  осындай  Сегіз  сері  ақиқатын  ашпауға, 
жасыруға, бұрмалауға, жоюға кімдер мүдделі? 
 
«Найманшам едірейме кеуіп-ісіп!
 
Болғанда Арғын үлкен, Найман кішік.
 
Тік тұрып табаныңнан бітіріп бер,
 
Мөлимен күнде былай ісім түсіп».-
деп Көкбай ақын губернатордың тілмашы және 
үлкен  ақын  Әріп  Тәңірбергеновке  айтқанындай, 
ұяттан безіп кекжие берудің керегі жоқ. Жаяу Мұса 
айтқандай, Сегіз сері бүкіл қазақтың – үш жүздің 
мақтанышы. 
Мен  тарихшы,  үлкен  зерттеуші  емеспін.  Мен 
тек  өте  кітапқұмар,  білімқұмар,  шындыққұмар 
оқырман,  қарапайым  ұстазбын.  Бұл  мақаладағы 
барлық  мәліметтер  –  дәйек-дәлелдер  түгелдей 
Нәбиден Әбуталиев деген ағамыздың кітаптарынан 
алынды.  Олар:  «Шоқ  жұлдыз»  Алматы  1998, 
«Ауылға оралу» (Алматы 2007).
Сондай-ақ  Дәулеткерей  Кәпұлы  құрастырған 
«Гауһартас»  кітабынан  алынды.  Елорда  Астана 
2004. Мұнда Сегіз серінің ән өлеңдері, термелері, 
арнау толғаулары, дастаннан үзінділер; бір топ жа-
зушы, ғалым, зерттеушілердің мақалалары берілген.
Пендешілік  тек  бір  адамның  ғана  емес,  бүкіл 
ұлттың соры болып келеді. Ол – үлкен адамда үлкен, 
ұсақ адамда ұсақ болып кездесе береді. Ұлттың да, 
рудың  да,  ұлы  адамдардың  да  үлкен  соры  болып 
келе жатқан осынау мінезді жояйық. Бұдан ешкім 
де ұтылмайды. Қайта үлкен биікке көтеріліп, жаңа 
дәуірге аяқ басар еді. Тәуелсіз елдің тамаша табы-
сы болар еді. Бұл – көптің көкейінде жүрген асыл 
арман.
Әбдеш ДАйЫРБАЕВ

80
моҢғолиядағы кіші құрылтай
Шілде 
айының 
басында 
Моңғолия 
қазақтарының  ІІІ  кіші  құрылтайын  өткізіп 
қайттық.  Өйткені,  2009  жылдан  бері  бұл  елде 
қазақтар жиналған үлкен жиын өтпеп еді.  Дархан, 
Эрдэнэт,  Налайх,  Шарынгол  қалаларында 
тұратын  қандастарымыздың  өтініші  бойынша, 
бірінші  рет  Құрылтай  Ұлан-Батыр  қаласында 
өтті. Моңғолияның  Баян-Өлгей аймағынан басқа 
өңірлерінде  тұратын  туыстар,  тіпті  Ұлан-Батыр 
қаласының өзінде де қазақ радиосын тыңдап, қазақ 
телеарнасын көре алмайды. Бұл елде жалпы біздің 
қандастарымыздың  рухани-мәдени  талаптарын 
қанағаттандыру  бағытында  Дүниежүзі  қазақтары 
қауымдастығының  Моңғолиядағы  бөлімшесі, 
оның Ұлан-Батырдағы филиалы, «Арулар» қоғамы 
және «Жерлестер» қоғамы деген төрт ұйым жұмыс 
істейді.  Оның  біреуі  Баян-Өлгий  аймағында. 
Құрылтайды  өткізуге  дәл  осы  аймақ  белсене 
ҚАНДАСТАР ҚАЗАҚ ЕЛІ 
АТАНАТЫНЫМЫЗҒА 
ҚУАНЫП ОТЫР
қатысты.  Тіпті,  аймақ  әкімі  Дәрмен  Құзыкейұлы, 
Құрылтай  (бізде  Мәжіліс)  төрағасы    Ләззатхан 
Бұранұлы  бастап, түгел көшіп келді деуге болады. 
Бұл  екеуі  де  жылдың  басында  сайланған  жас 
басшылар. Сондай-ақ, Баян-Өлгей аймағының қазақ 
драма  театрының  басшысы  Ертай  Моңғолханұлы, 
аймақ  әкімшілігінің  басқарма  бастығы,  кезінде 
Мәскеуде  оқыған  Мантай  Қабылханұлы  да  үнемі 
қасымызда жүрді.
Біздің  14  адамнан  тұратын  делегациямыз-
ды  Дүниежүзі  қазақтарының  қауымдастығы 
төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев 
мырза  бастап  барды.  Делегацияның  құрамында  
Мәжіліс  депутаты  Әлихан  Тойбаев,  Прези-
дент  әкімшілігінің  қызметкері  Нұрлан  Оқаұлы, 
Ш.Уәлиханов  атындағы  тарих  және  этнология 
институтының  директоры  Хангелді  Әбжанов, 
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 

81
моҢғолиядағы кіші құрылтай
Көші-қон  комитеті  төрағасының  орынбасары 
Аслан  Қаржаубаев,  Қазақстан  дәрігерлерінің 
білімін  жетілдіру  институтының  профессоры, 
ғылым  докторы  Мақсұт  Темірбаев,  Қазақстанның 
еңбек  сіңірген  әртістері  Майра  Ілиясова,  Бағдат 
Сәмединова,  белгілі  күйші  Еркін  Ерген  және  Ер-
нар Жұматаев бастаған «Денар» тобының әншілері 
болды. 
Бізді  әуежайдан  Моңғолия  қазақтары  мәдени 
орталығының    бастығы  Омар  Хабсатар,  филиал 
төрағасы    Рәміш  Асай,  Басқарма  бастығы 
Қабылханұлы Мәнтай бастаған қалың қауым қарсы 
алды. Менің байқағаным Ұлан-батыр шаһары бұрын 
шағын ғана еді. Енді көп қабатты зәулім ғимараттар 
салынып  жатқан  алып  шаһарға  айналыпты.  Тіпті 
әуежайдың  айналасының  өзі  кәдімгідей  ірі  қала 
болып кеткен. Мен іштей «бар-жоғы 3 миллиондай 
тұрғыны бар бұл елге осындай алып шаһардың не 
керегі бар екен?» деп ойладым. Сөйтсем, әлемнің ең 
дамыған елдерінен ірі компаниялар, банктер келіпті. 
Себебі  туризм қарышты дамып жатыр екен. Гоби 
шөлінің өзі туристерді магниттей тартатын мекенге 
айналған. Көңілімді таңданыспен бірге қуаныш та 
кернеді. Өйткені, бұл – менің туып-өскен, оншақты 
жыл  еңбек  еткен  жерім.  Халқының  да  тұрмыс-
тіршілігі  жақсарып,  мәдениеті  де  айтарлықтай 
өскен.    Мұның  себебін  де  өзімше  тапқандай 
болдым.  Өйткені,  баяғы  социалистік  заманның 
өзінде  Моңғолияның  жастары  шетелдерде  білім 
алды.  Мысалы,  Қазақстанның  жастары  сол  кезде 
өз  елінен  сыртта  тек  Ресей  мен  өзге  де  кеңестік 
республикалардың  оқу  орындарында,  онда  да 
санаулы  ғана  жігіт-қыздар  білім  алса,  Моңғолия 
жастарын басқа да шетелдерде оқытты. Тек біздің 
отбасымыздың  өзінен  мен  Алматыда,  ағам  – 
Германияда,  інім  –  Венгрияда  оқыса,  жолдасым 
– Польшада білім алған. Оған Америка, Жапония, 
Корея сияқты елдерде оқыған мыңдаған жастарды 
қосыңыз. Қазір осының оңды әсері болып жатқаны 
сөзсіз...
Ертеңіне Моңғолияның Мәдениет, спорт және ту-
ризм министрі, Парламент депутаты Ц.Оюунгэрэл 
Қазақстаннан  келген  делегация  өкілдерін  Үкімет 
үйінде  қабылдады.  2016  жылға  дейін  қазірше 
оларда атқарушы биліктің өкілдері депутат болып 
сайланып,  заң  шығарушы  биліктің    де  құрамына 
кіруге  құқылы  көрінеді.  Өзі  ағылшынша,  орысша 
еркін сөйлейтін өте білімді, мамандығы журналист 
кісі  екен.  Кейін  естідім,  болашақта  елімізді  қалай 
өркендетеміз,  білімімізді,  мәдениетімізді  қалай 
дамытамыз  деген  тұрғыда  жастарға  арнап  аса  бір 
құнды кітап жазған дарынды да өз елін өте жақсы 
көретін отаншыл азаматша деседі.
Кездесуде  көп  әңгіме  айтылды.  Осыдан  біраз 
бұрын  бұл  министр  Баян-Өлгейге  барып  қайтқан 
екен.  Сондықтан  аймақтағы  барлық  жетістіктер 
мен  кемшіліктердің  бәрін  біліп  отыр.  Әсіресе, 
1940  жылы  Қазақстанмен  бірлесіп  құрған  қазақ 
драма  театрының    оркестрінде  40  әртіс  болған 
болса, бүгін 20-дай ғана әртіс қызмет атқаратыны 
жөнінде  үлкен  әңгіме  айтылды.  Сіздердің  тарап-
тан  театрдың  режиссерлік,  қойылым,  көркемдік 
жағына  көмек  көрсетілсе,  театрдың  жанынан  біз 
домбыра  жасайтын  цех  ашсақ,  соған  мықты  ше-
берлер  келіп  үйретсе,    Қазақстанның  өнер  инсти-
туттарында жылына 2-3 балаға грант берілсе деген 
ой  айтты.    Әсіресе,  Аймақтың  14  сумынындағы 
30 кітапханада кітап жетіспейтіндігі де сөз болып, 
1150  кітаптың  тізімін  берді.  Осы  кітап  жөнінде 
көмек көрсетуімізді сұрады. Әрине, Қауымдастық 
жыл  сайын  кітап  жіберіп  тұрғанмен,  барлық 
кітапханаларды, 
ондағы 
қандастарымыздың 
бүкіл  сұранысын  қанағаттандыра  алмайтындығы 
анық.  Бұл  мәселеде  біз  де  біраз  нәрсені  айттық. 
Өйткені, Моңғолиядағы қазақ мектептерінде қазір 
Қазақстанның  оқу  бағдарламасы  қолданылмайды.  
Біздің  жіберген  кітаптарымыз  кейде  оларға  қажет 
болмай  қалып  жатыр.  Осы  жағы  ескерілсе,    екі 
елдің  Білім  министрліктері  бұл  мәселеде  бір 
шешімге  келсе,  ал  Мәдениет  министрліктері 
қажетті  кітаппен  қамтамасыз  етуді  бірлесіп  қолға 
алса,  деген  ұсыныстар  айтылды.  Егер  осындай 
ынта  болып  жатса,  біз  өз  тарапымыздан  қолдауға 
дайын екенімізді білдірдік. 
Екі елдің парламентаралық қарым-қатынастарын 
дамыту  жағы  да  сөз  болды.  Өзі  әйел  адам 
болғандықтан ба, Қазақстан Парламентіндегі әйел-
депутаттармен  өзара  ынтымақтастықты  нығайту 
жағы  ерекше  айтылды.  Моңғолия  Парламентінде 
екі қазақ депутат бар екен. Оның біреуі – Тілейхан 
Әлмәлікұлы  болса,  екіншісі  –  Бәкей  Ағыпарұлы. 
Ол депутатық қызметіне қоса,  «Жерлестер» қоға-
мының  төрағалығына  сайланған.  Сол  Бәкей  бау-
ырымыз  бастан-аяқ  бізбен  бірге  болып,  барлық 
мәселеде көмектесіп жүрді. Ол – өте іскер, әзілқой 
әрі  сондай  қарапайым,  білікті  де  білімді  азамат.  
Сондай-ақ  бірнеше  ай  бұрын  ғана  Қазақстанның 
Моңғолиядағы  Төтенше  және  өкілетті  елшісі  бо-


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал