ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет10/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

71
туған тілім - тұғырым
бола  қалатыны  несі?  Ренжісеңіз,  ренжіңіз,  енді 
мәселені  осылай  қоймасақ  болмайын  деп  тұр! 
Өйткені…
Өйткені  бүгінгі  қазақ  тілі  не  Өзбекстанда,  не 
Қытайда  емес,  өз  елінде  жанына  батқан  ауруын 
жасырып жүрген адамның кейпіне түсті. Оны енді 
ашық айтуымыз керек. «Қайталап айтудың залалы 
жоқ»  дейді  екен  Мұхтар  Әуезов.  Сол  айтқандай 
біз ең құрығанда 2020 жылы Қазақстан халқының 
95  пайызы  қазақша  сөйлейді  дегенді  утопия 
деп  күлетіндерге  қарсы  қару  етіп  қолданудың, 
соны  жүзеге  асырудың  жолдарын  жасап,  тиісті 
орындарға  талаптар  қоюымыз  керек.  Әйтпесе,  өз 
елімізде  қолданысқа  қажеті  болмай  бара  жатқан 
тіліміздің қолданыстағы мына түріне тағы бір көз 
салыңызшы. «Төтенше жағдай орын алған. «Алма-
ты», 11.05.2013. Гауһар Омарбекова.
…Мереке  өз  жалғасын  Бостандық  ауданында 
тапты. «Алматы» телеарнасы 11.05.13.
Қазақстан  халқының  бірлігі  күні  бірлігі 
жарасқан… ұлт өкілдері өнер көрсетті. Алматы, 
1.05.2013.
Өткен 
апта 
осындай 
жаңалықтармен 
қорытындыланды. Алматы, 11.05.2013.
…Еңбек өтілі 36 жылды құрайды.
Ұйым өкілдері Қазақстанның бұл бастамасына 
қолғабыс болғалы отыр. «Хабар». 23.05.2013.
Сыртқы  экономикаға  қызығушылық  өздігінен 
оянады. «Хабар», 23.05.2013.
Ө.Өзбеков  темір  торға  тоғытылды.  Астана, 
27.04.2013.
Жұмыссыздар саны 12 адамға артатынын алға 
тартады.
Демігі басыла қоюы екіталай А.Асқарбекұлы.
Лифтінің  аналогтары  тек  Париж  бен  Лас-
Вегаста бар. «Қазақстан», 1.05.2013.
Сізге жақсы ауа райын тілейді.
Борышкерлердің  алдын  кесуге  банктегілердің 
ешбірі шешілмеді. «31» арна. Мақсат Толықбай.
«Бета  чай»  Сізге  жақсы  ауа  райын  тілейді. 
«31» арна.
Өз  тілінде  дәл  осылайша  ақыл-есі  толыспаған 
адамша,  не  орыстың  аударма  тіліне  айналдырып 
қана сөйлейтін, өзінің туған қазақи тілін осыншама 
мазақ тілге айналдырып сөйлейтін мәңгүрттік жер 
бетінде қазақтан басқа ұлтта бар ма екен? Әйтпесе, 
«біз қара әріптермен берген» жалғасын Бостандық 
ауданында тапты», «бірлігі күні бірлігі жарасқан», 
«осындай  жаңалықтармен  қорытыланды»,  «36 
жылды»  құрайды»,  «қолғабыс  болғалы  отыр», 
деп ойлау, түйсіну қабілеті дұрыс адам сөйлей ме? 
Айтыңызшы!  Қазақ  «қолғабыс  болды»  демейді, 
«қолғабысын тигізді» дейді.
Тілін  қадірлемейтін  ұлттың  ұл-қызынан  небір 
сорақылықты  күтуге  болады.  Қазір  теледидарға 
шыққан  қазақ  атаулы  «жаңағы»  деген  сөзді  ке-
кеш  адамша  қайта-қайта  айта  бергенімен  қоймай, 
қайткенде  қазақша  «ң»  дыбысын  «н»  қып  айтуға 
тырысып, «жәнегі», «жанағы» деп қайталай беретін 
болды. Қазір бүкіл теледидар журналистері «пікір 
бөлісті», «ой бөлісті», «қуаныш бөлісті» десе, сол 
көркеуделік  бүкіл  қазаққа  жайылып,  қазақ  атаулы 
солай сөйлейтін болды. Ал атам қазақ ықылымнан 
бері  «пікірлесті»,  «пікір  таластырды»,  «пікірін 
ортаға салды», «ойласты», «ақылдасты», «кеңесті» 
дейтін еді ғой. Керісінше, атам қазақ: «Туһ, ойым-
ды  бөліп  жібердің  ғой!»,  «ойымды  бөлмеші»  деп 
ренжитін  еді  ғой!  Бұл  да  орыстың  «поделились 
мнением»-ының  заңсыз,  некесіз  туса  да  түр-түсі 
айнымай  туған  баласындай  сөз  деуге  болады.  Ал 
«31»-дегі  қызметкердің  жоғарыда  біз  келтірген 
«банктегілердің  ешбірі  шешілмеді»-сі  қазақ  тілін 
ғана емес, қазақты қорлау десеңіз де артық болмас 
еді.  Ол  бұл  жерде  орыстың  «банковские…  (бан-
киры) не решились» дегенінің қазақшасын айтуға 
әлде сауаты жетпей тұр ма, әлде қазақша тілі дұрыс 
шықпаған ба, біз оны білмейміз.
Иә,  туған  тілін  қадірлемейтін  ұл-қыздан  небір 
сорақылықты  күтуге  болады.  Ондайлардың 
сорақылығы  кейде  ұлттық  жағымпаздыққа, 
ұлттық  мәймөңкелікке  ұласып  жатады.  Ол  кейде 
сауатсыздықтан  да  болады.  Мысалы,  «Қазақстан» 
телеарнасынан:
«Сан  ғасырлар  бойы  түрлі  ұлыстардың 
діндерімен байыған Қазақстан» дегенді де естідік. 
(«Қазақстан».  1  мамыр,  2013).  Мұны  айтып 
тұрған адам Қазақстанда сан ғасырлар бойы түрлі 
ұлыстардың  діндері  болды  дегенді  қайдан  тауып 
алды?  Қазақстанға  қасиетті  ислам  діні  алғаш  7 
ғасырда-ақ келе бастады. Демек, 14 ғасырға, яғни 
1400 жылға жуық уақыт болды. Ал христиан діні 
одан  кейін  негізінен  Ресей  1592  жылы  казачество 
дегенді  құрып,  қазақ  жерін  қанға  бөктіріп  жаулап 
ала  бастағасын  орыстармен  келе  бастады.  Бірақ 
қазақтар қанша қанға бөгіп жатса да христиан дінін 
қабылдаған  жоқ.  Қазақстан  әртүрлі  ұлыстардың 
дінімен  байыды  деген  не  сандырақ?  Әлде,  ертеде 
әртүрлі  ұлттар  мен  ұлыстар  қазақ  жеріне  әкеліп 
түрлі-түсті  металл  егіп  пе,  әлде  қазақ  даласына 
мұнай мен газ құбырын тартып па?
Иә,  бұның  бәрін  бұған  шейін  де  талай-талай 
айтқанбыз  да,  жазғанбыз.  Телеарналардағы  небір 
қолапайсыздықтар мен оспадарсыздыққа, арзанқол, 
ортақол,  төменқол  көрсетілімдерге  тоқтау  салар 
сөзді Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин де айтудай-
ақ айтып берді. Бірақ, әзірге соның бәрінен нәтиже 
шықпай отырғаны өкіндіреді.

72
Тілі мықТының - елі мықТы
Кейбір аң мен құстың 
қазақша атаулары туралы
Аң мен құстардың қазақша атауларына байла-
нысты аударма әдебиеттерде, ғылыми-көпшілік 
мақалаларда,  мерзімдік  баспасөз  беттеріндегі 
материалдарда  ішінара  қателіктер  кетіп  жа-
татынын  біраз  жылдан  бері  бақылап,  байқап 
жүрміз. Көш жүре келе түзелер деген үмітпен, 
көлденеңнен  әңгімеге  араласпай,  әліптің  ар-
тын бағып та көрдік. Бәрібір болар емес. Баз бір 
қаламгерлеріміздің сол баяғы таптаурыннан, сол 
баяғы  сарыннан  танатын  түрлері  көрінбейді. 
Көңілге алаң түсіріп, қолымызға қалам алдырған 
да осы жайт болатын.
Қорадағы  төрт  түліктің  әрқайсысына  қырық-
елуден  атау  таққан  қаймана  қазақ  түз  аңына 
құрығанда бір атауды ойлап таппады дегенге сену 
қиын.  Яғни,  табиғаттағы  аң  мен  құс,  ағаш  пен 
өсімдіктердің бәрінің де қазақша аттары бар. Орыс-
шадан  аударған  кезде  солардың  қазақша  балама-
сын дөп басып тауып, дұрыс қолдана білген ләзім. 
Әйтпесе, куропатканы да, тетеревті де, глухарьды 
да, рябчик пен рябокты да «құр» деп соға берсек, 
немесе сойка мен синицаны, трясогузка мен зуекті, 
воробей  мен  жаворонокті  «торғай»  деп  түрлеп-
түстемей  аудара  бергеннен  ана  тіліміздің  көсегесі 
көгеріп, көркем сөзіміз баий қоймайды.
Алдымен  бәрімізге  ежелден  мәлім,  баспасөзде 
көп айтылып, көп жазылып жүрген кәдімгі бұғыдан 
бастайықшы.  Шаңырақтанған  ай  мүйізі  бар  осы 
бұғыны  бірде  «бұғы»  деп  дұрыс  жазған  болсақ, 
келесі  жолы  «марал»  деп  айдар  тағып  жатамыз. 
Тіпті «теңбіл бұғыны» «олень» деп те «аударғандар» 
кездеседі.  Сонда  осы  атаулардың  қайсысы  дұрыс, 
қайсысы бұрыс?
Алтайдың  алыс  төрінде,  тау  қойнауындағы 
біздің ауылда бала күнімізде осы бұғы мен маралға 
байланысты мынадай логикалық ойын бар еді.
–  Кәне,  айтшы?  –  дейтінбіз  бұғы-маралы  жоқ 
көрші  ауылдың  балаларының  ой-қабілетін,  өресін 
тексергендей болып, – Аңшыдан қашқан бір марал 
қалың  теріске  (тайга)  келіп  тіреліпті.  Бір  жағы  – 
жалама құз-жартас, енді бір жағында – абалаған ит-
тер, соңында қиқулаған қуғыншылар. Теріске қарай 
қашайын  десе  –  қалың  ағаш,  көлденең  бұтаққа 
мүйізін  іліп,  сындырып  алады.  Сонда  марал  не 
істеу керек?
Көрші  ауылдың  балалары  ондайда  жауап  таба 
алмай  шынымен-ақ  қиналып  қалатын.  Ішіндегі 
біреулері білгішсініп:
– Марал қашқан кезде мүйізін арқасына жапсы-
рып алмай ма! – деп жауап берісетін.
–  Ой,  дәлдүріс,  –  дейтінбіз  бұғышы  ауылдың 
балалары  қойшы  ауылдың  балаларын  мазақ  етіп. 
– Маралда мүйіз болғанын қай атаңнан естіп едің? 
Мүйізі  жоқ  ұрғашы  марал  терістің  ішімен  зытып, 
қуғыншылардан қашып кетпей ме!
Қойшы ауылдың балалары өстіп «жеңілгендерін» 
мойындап жататын.
– Бұғыларды қорада ұстап, маралдарды тебінге 
айдап жібердік, – дейді бұғышылар қыс түскен кез-
де.  Өйткені  маралда  мүйіз  жоқ,  сондықтан  да  ол 
құнсыз, түздің аңы ғой, бірдеңе етіп қарды қазып, өз 
бетінше тебіндеп шығады. Ал шаруашылық мүйізді 
шетелге  сатумен  табыс  тауып  отырғандықтан, 
мүйізі бағалы бұғыларға қолдан шөп беріп, мәпелеп, 
жылы жерде қорада күтеді.
Әңгіменің қысқасы, «бұғы» деген – осы аңның 
еркегі, оның шаңырақтанған мүйізі болады, ал «ма-
рал»  деп  отырғанымыз  –  ұрғашысы,  ол  мүйізсіз 
тоқал.  Бұғы-маралдың  төлін  кейбір  қаламгерлер 
«бұғышақ» деп аударып жүр. Ондай сөзді өз басы-
мыз естімеппіз. Әлде ауылдан ерте кетіп, ұмытып 
қалдық па  деген  дүдәмәл оймен  өткен  жазда елге 
барғанда  бұғышылардан  да  сұрастырып  көрдік. 
Олар  еріндерін  қисайтып,  иықтарын  көтерісті. 
Оның төлін қазақ атамзаманнан «қозықа» дейтінін 
айтты.
Орыс  тілінде  жағдай  басқаша  –  еркегі  де, 
ұрғашысы  да  «марал»  деп  аталады.  Сондықтан 
да  олар  «мараловодческое  хозяйство»  деп  жазып 

73
Тілі мықТының - елі мықТы
жүр. Ал біздің қазақ әдебиетінде, энциклопедиядан 
бастап  ұсақ-түйек  анықтамалықтарға  дейін  бір-
бірінің  аузына  түкіріп  қойғандай,  бұл  тіркесті 
«марал    шаруашылығы»  деп  жазып  жіберген. 
Жоғарыда мүйізі жоқ тоқал маралдың шаруашылық 
үшін құнсыздау екенін ескерсек, бұл атауды «бұғы 
шаруашылығы»деген жөнге келеді.
Аударма әдебиет те аттары бірде олай, бірде бы-
лай  шатасып  жүрген  аңдардың  бірі  –  құндыз  бен 
қамшат. Бұлардың орысшасы «бобер» мен «выдра». 
Кейбір әдебиеттерде осы екеуі де «құндыз» деп ау-
дарылып жүр. Тіпті «собольді» де, «норканы» да, 
енот пен ондатраны да «құндыз» деп аударғандарды 
кездестірдік.
Бобер  –  ағаш  кеміретін,  суды  бөгеп,  тоған 
салатын, отбасы болып қоғамдасып өмірсүретін аң. 
Құндыздың  құйрығы  ескек  тәрізді  жалпақ  келеді. 
Алтайда «құндыздың көшіндей» деген тіркес бар. 
Мекен  іздеп,  тоған  іздеп  құндыздар  топталып 
көшіп жүреді екен. Құндызға байланысты баяғыда 
әке-шешеміз әдемі-әдемі аңыздар, әңгімелер айтып 
отыратын. Ендеше, боберіңіз – кейбір басылымдар 
жазғандай,  «қамшат»  емес,  құндыздың  нағыз 
өзі.  Ал  «выдра»  –  қама  немесе  «қамшат».  Бұл 
жөнінде  «Қазақстанның  Қызыл  кітабында»  да 
қателіктер кетіпті. Соңғы шыққан орысша-қазақша 
cөздікте  ғана  дұрыс  аударылыпты.  Жоғарыда 
аталған «соболіңіз» – терісі қалай төңкерсең солай 
жығылатын,  күмісше  жылт-жылт  етіп  төгіліп 
тұратын,  ежелден  әйгілі  –  «бұлғын».  Ал  «норка» 
Солтүстік Америкадан көндіктіру арқылы көбейген 
аң.  Сондықтан  оны  «норка»  деп  те,  «қаракүзен» 
деп  те  атай  береді,  «енот»  –  жанат,  «ондатра»  – 
ондатра  (бұл  да  Солтүстік  Америкадан  әкелінген 
аң), «перевязка» – шұбаркүзен, «куница» – сусар, 
«каменная  куница»  –  сасықкүзен,  «бурундук»  – 
баршатышқан, «горностай» – ақкіс, т. б. «Сусликті» 
«сарытышқан»  деп  аударғанды  да  кездестірдік. 
Турасында оны «тараққұйрық» немесе «саршұнақ» 
деп атайды.
Көптен  бері  «харза»  деген  аңның  қазақшасын 
таба  алмай  жүретінбіз.  Алтайдағы  аңшылармен 
әңгіме  кезінде,  бірде  қарабауырдың  орысшасын 
сұрастырдым.  Қарабауыр  –  жас  зиратты  тесіп, 
аруақты  қорлайтын  тажалдың  нағыз  өзі.  Кейде, 
төрт-бес  қарабауыр  бірлесіп  құдыр  мен  елік  ала-
тынын да естігенбіз. Мысықтай ғана шақар аңның 
адамға шапқан кезі де болыпты, адамның алқымына 
атылып, кеңірдекті қиып жібереді екен.
–  Қарағым-ау,  айтып  отырған  сол  қара-
бауырыңның  орысшасы  «харза»  болады!  –  деді 
аңшылар.
Құдыр  демекші,  әлгінде  айтылған  құдырды 
(күдір деп те атайды) елікпен (косуля) шатастырып 
жүргендер де бар. Құдырыңыз – кабарга. Орысша-
қазақша cөздікте оны ойдан шығарып – «тоқал бұғы» 
деп аударып жіберіпті. Құдыр – еліктен кішілеу, нар 
түйенің өркешіндей белі бүкір, күжірейген, аузын-
да сойдақталған қос тісі бар. Осы қос тістегі сұйық 
заттан шипалық қасиеті бар, аса зәру дәрі алына-
ды  деседі.  Сондай-ақ  «россамаханы»  –  сусар  деп 
аударғанды  да  кездестірдік.  Сусарыңыз  –  куница, 
ал росамаха – құну.
«Сурок»  дегеннің  суыр  екені  бәрімізге  аян.  Ал 
«сурок  мензбира»  дегеннің  қазақтың  ата-баба-
сынан  бері  келе  жатқан  әдемі  атауы  –  «көксуыр» 
ұмытылып,  ғылыми  айналымға  «мензбирсуыры» 
деп калька түрінде еніп кеткен.
«Снежный барсты» – «қар барысы» деп жолма-
жол аударушылық та белең алыпты. Атамқазақ «ба-
рыс» деп қана білген, «қарды» қоспаған.
Ана тілімізде жарқанат, жапалақ, үкі деген аң-құс 
атаулары бары белгілі. Баз бір қаламгерлер соның 
алғашқы  екеуін  алмастырып  алатыны  кездеседі. 
Бұлардың  алғашқысы  –  тышқантұқымы  (летучая 
мышь), екіншісі – кәдімгі бадырақ көз құстың өзі 
(сова).  Ал  орысшадан  аударған  кезде  сованы  да, 
филинді де «үкі» деп немесе екеуін де «жапалақ» 
деп  жаза  беретіндер  бар.  Дұрысында  «сова»  – 
жапалақ та, «филин» – үкі. Бұларды шатастырмай, 
аударма кезінде мұқият болған ләзім.
Енді әңгіме басында сөз еткен аң-құстар жайына 
оралсақ.  Әрине,  біздің  жинап-тергеніміз  де  даулы 
болуы  мүмкін.  Бұл  мақалаға  орманшылар  мен 
аңшылар, қаламгер қауымы үн қосып, толықтырып 
жазып жатса – құба-құп дер едік. Біздің білетініміз 
мынау:  куропатка  –  кекілік,  тетерев  –  бұлдырық, 
глухарь  –  құр,  рябчик  –  шіл.  Ескертетініміз  – 
глухарь  баспасөзде  «саңырауқұр»  деп,  калька 
түрінде  қалыптасып  кетті.  Бала  күнімізде 
наурыздың соңында қардың көбесі сөгіліп, күнгей 
беткейлер алашұбар тартқан шақта ағаларымыз таң 
қараңғысынан  тауға  талай  сүйрелеген.  Сондағы 
айтатындары  «құр  қарайық»,  «құр  ойнағын 
тамашалайық»  дейтін.  «Саңырау  құр»  дегенді 
естімеппіз. Ауылдағы орманшы азаматтардан сұрап 
едім, қазір де олар бастарын шайқасты.
Торғай – воробей екені бәріне белгілі. Сойканы 
қазақ  «жорғаторғай»  деген.  Синица  –  шымшық, 
трясогузка  –  шақшақай,  зуек  –  шүрілдекторғай, 
жаворонок – бозторғай. Осы арада айта кетер тағы 
бір  әңгіме…  Алтайда  балқарағай  жинап,  шарыл-
дап  жүретін  шақар  бір  құс  бар.  Торғайдан  үлкен, 
күйкентаймен  шамалас.  Ол  құстың  орысша  аты 
«кедровка». Қазақша тағы да калька түрінде алып, 
балқарағайторғайы  деп  жазылып  жүр.  Ал  оның 
қазақ  білетін  ежелгі  аты  –  «шауқарға»  екенін 
ескерейік.
Әлібек Асқаров, жазушы 

74
«Қыз  Жібек»  дастаны  –  өмірде  болған  махаб-
бат оқиғасы, аңыз емес. Ал оны дастан етіп жазған 
Сегіз сері де өмірде болған нақтылы, тарихи адам. 
Сондықтан бұл дастан ауыз әдебиетіне жатпайды. 
Ол  –  нағыз  реалистік  шығарма.  Иесі,  авторы  бар 
ұлы туынды. Өлеңмен жазылған роман. 
Міне осы шындықты әдейі бұрмалап, дастанды 
қысқартып, өзгертіп, кейіпкерлерін де өзгертіп, 1896 
жылы  Қазан  баспасынан  тұңғыш  рет  жариялаған 
Жүсіпбек қожа Шайхысіләмұлы.
Жүсіпбек қожа бұл дастанға неліктен қастандық 
–  қиянат  жасаған?  Себебі,  Қыз  Жібектің  ғашық 
жігіті Төлегенді өлтірген қарақшы да қожа, Кескен-
терек деген Жүсіпбектің руласы, Бекежанның ауы-
лына келіп сіңген опасыз. 
Ал Бекежан кім?
Бекежан  –  Қыз  Жібектің  өзінің  өте 
жақын  аталас  ағасы.  Міне  көрдіңіз  бе,  қожа 
Шайхысіләмұлы  қарындасы  мен  ағасын  шатасты-
рып, қандай арсыздық жасаған?! Бекежанды қожа 
Шайхысіләмұлы әдейі орта жүз, оның ішінде арғын 
етіп өзгерткен. 
Бекежан  –  кіші  жүзде  Шекті  руының  қол 
бастаған  батыры  болған,  балалары  да  солай.  Бұл 
туралы атақты Қожаберген жырау өзінің «Елім-ай» 
дастанында: 
сегіз сері және 
жүсіпбек қожа
Мұхаммед-Қанафия 
Баһрамұлы
«Туған тіл» альманағының 2013 жылғы № 1 санында Жүсіпбек 
қожа  Шайхысіләмұлы  туралы  «Ардагер  Ақын»  атты  мақала 
жарияланған екен. Міне енді осы Ж. Шайхысіләмұлы туралы біз де 
өз білгендерімізді ортаға салып, зерттеушілер мен ғалымдардың 
ой таразысына ұсынып отырмыз. Қай тарихты болсада қатесіз 
жазу қажет болып жатқан қазіргі таңда ақиқатты ашық айтуға 
ұмтылудың айып-шамы болмауға тиісті. Тақырып ортақ, оқиға 
ортақ деген сылтаумен әркім өз еркінше шындықты бұрмаламауға, 
қиянат жасамауға міндетті. 
Жіберілген  қателіктер  мен  пендешіліктер  үшін  ауыр  сындар 
айтылуға,  ойландыруға,  сабақ  болуға  тиісті.  Ақиқат  қашанда 
ащы болған.   
Баласы Бекежанның мерген Тайлақ,
Садақпен жау қалмақты атты байлап.
Ағасы оның Қайрақ әскер жинап,
Дұспанға қарсы аттанды қару сайлап, –
деп  жырлайды.  Бекежанның  ұрпақтары  қазірде 
де өз алдына қалың әулет. 
Ал Қыз Жібекке келетін болсақ, өмірде де, Сегіз 
сері жазған «Қыз Жібек» дастанында да әмеңгерлік 
жолымен, өзі сүйіп қайнысы Сансызбайға қосылған. 
Бұл тарихи реалисттік шығармада Қыз Жібек Ше-
геге:
 
Көк жорға ат біздің қолда алтын жабдық.
 
Астынан қарақшының тартып алдық.
 
Бір елдің төресіндей ғашығымды
 
Өлтірген Кескентерек жолдан аңдып, –
деп  өз  аузынан  анықтап  тұрып  ақиқатты  ай-
тады. Қыз Жібек пен Сансызбайдан да көп ұрпақ 
қалған,  батырлар  шыққан.  Мысалы,  Толыбайұлы 
Қожаберген  жыраудың  «Елім-ай»  дастанында  бы-
лай делінеді:
         Жағалбайлы Төс батыр
Қалмақтарға өш батыр.
Сансызбайдың өзіндей
Көрсеткен жауға күш батыр.
Өзкентте болған шайқаста
Қамал бұзған гүж батыр.

75
Міне  көріп  отырсыздар  ма?  Тіпті  шайқастың 
болған  жері  де,  Жібек  пен  Сансызбайдың  батыр 
баласының аты да анық берілген.
Міне  бұл  жыр  да,  «Елім-ай»  дастанының  түп 
нұсқасы  М.Әуезов  атындағы  әдебиет  және  өнер 
институтының қолжазба қорында әлі жарияланбай 
жатыр. 
Ал Сегіз сері деген кім? 
Сегіз  сері,  шын  аты  Мұхаммед-Қанафия 
Баһрамұлы. Ашамайлы Керейде Көшебе, одан Тау-
зар. Аталары Толыбай сыншы, Қожаберген жырау, 
Шақшақ  батыр,  әкесі  Баһрам.  Туған  жері  қазіргі 
солтүстік Қазақстанның Жамбыл ауданы, Гүлтөбе 
Маманай, Доскөлі, Жекекөл деген жерлері.
Толыбай  сыншының  анасы  –  кіші  жүз  Әлім 
Төртқара  әулетінен  Ақша  би,  Сейітқұл  және 
Жалаңтөс батырдың апасы Жамал. 
Толыбай  сыншының  бәйбішесі  –  орта  жүзде 
Арғын  Айдабол  бидің  қызы  Ақбілек.  Бұл  – 
атақты  Қожаберген  жыраудың  анасы.  Сондықтан 
Қожаберген  өзінің  «Елім-ай»  дастанында  былай 
дейді:
 
Орта жүз Арғындағы асыл тектен,
 
Анамның шыққан заты Сүйіндіктен.
 
Жиырма ұлдың көкжал туған сүткенжесі ем,
 
Тұңғыш қызы Айдаболдың Ақбілектен.
 
Қожабергеннің  бәйбішесі  Айша  кіші  жүз 
Есентемір Қабылан бидің қызы. Он жеті ұл, жалғыз 
қызы болған. 
Сегіз  сері  міне  осы  атақты  қолбасшы  ұлы  жы-
рау Қожабергеннің шөбересі. Батырлықта атасын-
дай, ақындық серілікте бүкіл үш жүзге үлгі ұстаз 
болған.
Туған жері, ата қонысы сол Қызылжар, Гүлтөбе. 
Туған  жылы  1818  жыл  яғни  барыс  жылы  наурыз 
айы.  Сегіздің  шын  аты  –  Мұхаммед-Қанафия. 
Сегіз жасында садақпен киік атып, жеңгелері сегіз 
атандырған.  Кейін  келе-келе  ел  оған  сері  сөзін 
қосқан.
Сегіз  сері  бала  кезінде  ауылда  Мөңке  молда-
дан,  хадимше  хат  таниды.  Одан  кейін  Қызылжар 
медресесінде  4  жыл  оқып,  араб-парсы  тілдерін 
үйренеді.  Онан  кейін  атасы  Шақшақ  батыр  оны 
1828 жылы тышқан жылы Омбы шаһарына апарып, 
ондағы сібір қазақ-орыс әскери училищесіне оқуға 
береді.  Ол  онда  6  жыл  оқиды.  Онан  кейін  1835 
жылы Екатеринбургте (Орынборда) кадет корпусын 
бітіреді. Оған әскери атақ беріліп, ноғай, башқұрт, 
қарақалпақ,  қазақ  жерлеріндегі  көтерілістерді 
талқандауға  жібермекші  болады.  Ал  Сегіз  сері 
берген шенін, ұсынған қызметін қабылдамай, кіші 
жүзге қашып кетеді.
Кіші  жүзде  Сегіз  сері  Исатай–Махамбет 
көтерілісіне  қатысады.  Бес    жүздей  қол  жинап, 
орыс бекіністеріне шабуыл жасайды.
Исатай-Махамбет  басқарған  көтеріліс  1836 
жылдың  көктемінде,  Атырауда  Беріш  руынан 
басталып,  Байтақ  Нарын  құмындағы  қабырғалы 
қалың  ел  он  екі  ата  Байұлына  жайылады.  Қиялы 
моладағы,  Теректіқұмдағы,  Тастөбедегі  атышулы 
айқастарда  Хан  Жәңгір  талқан  болып  жеңіліп, 
қаншама әскерінен айырылады. 
1837 жылы қазан айының 17-26 күндері Исатай-
Махамбет  қолы  хан  ордасын  қоршайды.  Хан  мен 
оның  айналасындағылардың  жалған  уәдесіне 
сенген  Исатай  он  күнге  мұрсат  беріп,  әскерін 
таратады.  Орданы  шаппадың,  келісімге  келдің 
деп  Тұрлан  Асауұлы,  Асанбек  Нұрғожаұлы,  Сегіз 
сері Баһрамұлы, Асау Барақұлы Исатайға өкпелеп, 
негізгі  жасақтан  бөлініп  кетеді.  Тіпті  Махамбетке 
«Исатайдан  ірге  ажырат»  деп  талап  қойған.  Ер 
Сегіз Исатайға былай дейді:
Хан баласы қабан-ды,
Қайырылып шапса жаман-ды.
Шабар күнің бүгін-ді.
Бүгіннен соң қиын-ды.
 
Торыққан әскер жеңбес,
Тілекті Жәңгір бермес.
Қамсыздан түк өнбес.
Исатайды бұл Сегіз
Енді қайтып көрмес.
Бұл  өлең  Махамбетке  ауысып  кеткен.  Ал  Ма-
хамбет Исатайға мұндай сөзді айтпаған және одан 
бөлініп кетпеген.
Исатайды  қалай  алдау  керек  екендігін  Шыман 
төре үйретіпті. Он күн ішінде Орынбордан, Астра-
хан, Жайық бекіністерінен шұғыл түрде Жасқұсқа 
мұздай қаруланған қалың қол ағылып келеді. Ақыры 
сойыл-шоқпар,  найза  ұстаған  көтерілісшілердің 
тас-талқанын шығарады. 
Арада  жарты  ай  уақыт  өткенде  Исатай-Махам-
бет сарбаздары Тастөбе ұрысында тағы да жеңіледі. 
Осы сәтсіздіктерден кейін Исатай Нарыннан кетіп, 
қырық  шақты  сарбазымен  Жайықтың  шығыс 
бетіне, Тайсойған, Бүйрекқұмы жаққа өтіп кетеді.
Арада тағы бір жыл өткенде, яғни 1838 жылы жаз-
да Ақбұлақ бойында, патша әскерінің қоршауында 
Исатай ерлікпен қаза табады...
Ал Сегіз сері ше? 


1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал