ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 44.62 Kb.

бет1/15
Дата09.01.2017
өлшемі44.62 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

1
ТУҒАН ТІЛ / №2 (19), 2013
Редакция алқасы
Редакция алқасының төрағасы
Бас редактор
Жауапты хатшы
Мақсат Сқақов
Талғат МаМаШЕв
Жанар Жанапиянова
Өмірзақ айТБаЕв
Ғарифолла ЕСІМ
Мұхтар Шаханов
нұргелді УӘЛиҰЛЫ
Шерубай қҰРМанБайҰЛЫ
Сұлтанәлі БаЛҒаБаЕв
орынай ЖҰБаЕва
Әбдіуақап қаРа (Түркия)
Жапарбай ШадқаМ (иран)
Сұраған РахМЕТ (Моңғолия)
Әбдуислам ТҰРСЫнБаЕв (Мәскеу)
назарбек БайЖІгІТов (қырғызстан)
Меллат РӘМЕТҰЛЫ (қытай)
Тұрдыбай қаЛдЫБаЕв (Өзбекстан)

2
мазмұны
   
НҰР ОТАН. НҰРЛЫ БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА    
 
 
 
 

 
МӘДЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ   
 
 
 
 
10 
 
АБЫЛАЙ АҢСАҒАН АЗАТТЫҚ   
 
 
 
 
 
 
16   
 
ABYLAY ANGSAGHAN AZATTYQ  
 
 
 
 
 
 
19 
 
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
21    
 
ДАНАГӨЙ    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
24 
 
ҚЫТАЙ ЖЫЛНАМАЛАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ДЕРЕКТЕРІ   
31 
  
 
  
 
 
 
 
 
 
 
38 
 
ҚАЗАҚТЫҢ ТАШКЕНТТЕ ІЗІ ҚАЛҒАН  
 
 
 
 
 
48  
 
ТЕРМИНТАНУДЫҢ ХАС ШЕБЕРІ  
 
 
 
 
 
 
53 
 
TERMINTANU ILIMINIŊ HAS ŞEBERI    
 
 
 
 
 
57 
 
ҚАЗАҚ КИНОСЫ – РЕСЕЙДЕ     
 
 
 
 
 
 
60 
 
ҚЫРЫҚТЫҢ ҚЫСЫ  
 
 
 
 
 
 
 
 
62 
 
ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАУДА ШЕТТЕГІ ҚАНДАСТАРЫМЫЗДЫҢ 
АЛАР ОРНЫ ДА ЕРЕН 
 
 
 
 
 
 
 
 
66 
 
ТІЛБҰЗАРЛАРҒА ТОСҚАУЫЛ ҚОЙМАСАҚ БОЛМАЙДЫ   
 
 
68 
 
КЕЙБІР АҢ МЕН ҚҰСТЫҢ ҚАЗАҚША АТАУЛАРЫ ТУРАЛЫ  
 
 
72 
 
СЕГІЗ СЕРІ ЖӘНЕ ЖҮСІПБЕК ҚОЖА    
 
 
 
 
 
74  
 
ҚАНДАСТАР ҚАЗАҚ ЕЛІ АТАНАТЫНЫМЫЗҒА ҚУАНЫП ОТЫР   
 
80 
 
«ҮЛКЕН» СӨЗІНІҢ ҮРЕЙІ  
 
 
 
 
 
 
 
84 
 
АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ОРАЛМАНДАРЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 
ҚОҒАМҒА БІРІГУ ЖОЛЫНДА    
 
 
 
 
 
 
86 
 
РЕПАТРИАНТЫ АТЫРАУСКОЙ ОБЛАСТИ: НА ПУТИ К  
ИНТЕГРАЦИИ В КАЗАХСТАНКОЕ ОБЩЕСТВО  
 
 
 
 
93 
 
БАЛБАЛ ТАС  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
99 
 
   

3
аЛҒы СӨз
Құрметті оқырман! 
Міне,  2013  жыл  да  өз  мәресіне  жетіп,  биылғы  жылдың 
кезекті  саны  да  қолдарыңызға  тиіп  отыр.  Қазақ  үшін 
бұл  жыл  тарих  бетінде  несімен  есте  қалады  дегенге  ой 
жүгіртсек,  көптеген  жетістігімізді  тізуге  болады.  Ал  халық 
үшін  маңыздысы  –  сонау  1997  жылы  қабылдаған  Қазақстан 
дамуының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы мерзімінен бұрын 
толығымен іске асты.  «Тосылған судың тұнық болмайтынын», 
«Ізденген жанның мұратқа жететінін»,–  айтып, даналығын 
ұрпағына  ұлағат  еткен  бабалар  ұстанымын  ескерген  Елбасы 
ел  дамуының  жаңа  бағдарламасын  белгіледі.  «Қазақстан  – 
2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты»  атты  жаңа  Бағдарлама  соның  дәлелі.  Бұл  Қазақ 
елінің  бағыт-бағдары  айқын,  болашаққа  нық  қадаммен  бара 
жатқанының  айғағы.  Тоқсаныншы  жылдардың  ортасында 
қабылданған  Стратегияны  оқыған  әрбір  қазақстандық  бұл 
межеге  қай  уақытта  жетер  екенбіз  деп  ойлағаны  мәлім. 
«Көз  қорқақ,  қол  батыр»  деп  қазақ  бекер  айтпаған,  алға 
қойған мақсатты 15 жылда толығымен орындап, жаңа, ұлы 
мақсатқа  қадам  басып  отырмыз.  Бұл  жетістікке  еліміздің 
тәуелсіздігінің, ауызбіршілігіміздің арқасында жетеріміз анық.  
Әрине, алда талай алынбаған белестер болғанымен, оның бәрі 
уақыт еншісінде өз жолымен шешіледі деп ойлаймын. Әсіресе, 
шеттегі  қазақтардың  Атажұртқа  көшіп  келуі,  қоныстануы 
үшін  шешілмей  жатқан  мәселелер  баршылық.  Десек  те, 
қандастарымызға  Қазақстанның  әрдайым  есігі  ашық,  әсіресе 
білім қуған жастарға білім алуға жол ашық екенін тағы да айта 
кетпекпін.  
Ал, қолдарыңыздағы альманахқа тоқталар болсам, үш жүздің 
басын қосып, тәуелсіз ел құруды көксеген, биыл 300 жылдығын 
атап  өткен  Абылай  хан  туралы  Президент  Нұрсұлтан 
Назарбаевтың  «Абылай  аңсаған  азаттық»  мақаласын  ла-
тын,  төте  жазуында,  сонымен  қатар  биыл  350  жылдығын 
атап өткен Төле би бабамыздың Қазақ халқы үшін  атқарған 
еңбегі  мен  ерлігін  насихаттайтын  Уәлихан  Қалижанның 
«Данагөй»  атты  мақаласын  да  беріп  отырмыз.    «Туған  тіл» 
альманағы  болған  соң  тіл  мамандарының  зерттеулері  мен  
еңбектерін  де,  Моңғолия  қазақтарының  ІІІ  құрылтайына  ба-
рып келген Ботагөз Уатқанның жол сапар очеркін де оқи ала-
сыздар. Тағы бір айта кетер жаңалығымыз альманахтан енді 
«Шетелдегі қазақ ақындары» атты жаңа айдардан жастардың 
шығармашылығымен таныс боласыздар. Ондағы мақсатымыз 
шеттегі  5  миллион  қазақтың  ішіндегі    дарабоз    ақындарды 
қалың оқырманға таныстыру. Ал, «Алыстағы ағайыннан хат» 
атты  айдарымыз  өздеріңізден  хат-хабар  күтетінін  тағы  да 
ескертіп кетейін.  
Баршаларыңызға бақ-береке тілей отырып, 2014 жыл қазақ 
халқы үшін тек жақсылыққа толы жыл болсын дегім келеді! 
Талғат мамашев
«Туған тіл» альманағының 
бас редакторы

4
1. «нұР ОТан» ПаРТИЯСыныҢ ХХІ 
ҒаСыРДаҒы мИССИЯСы
«Нұр Отан» – халықтық партия. Бізге ел тағдыры 
үшін жауапкершілік жүктелген. Партиямыз өзінің 
құрылған  күнінен  бастап  адамның,  қоғамның 
және  мемлекеттің  дамуына  жасалатын  жағдайды 
жақсарту  мақсатымен  экономика  мен  саясатта 
ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге асы-
рып келді.
Партияның  негізін  қалаушы  –  Елбасының 
басшылығымен  Қазақстан  халқы  экономи-
касы  серпінді  дамыған  қарымды  қоғам  және 
демократиялық  мемлекет  құрды.  Біздің  күш-
жігеріміздің  басты  нәтижесі  «Қазақстан-2030» 
Стратегиясының  негізгі    межелерінің  мерзімінен 
бұрын жүзеге асырылуы болды.
«нұР ОТан»  ПаРТИЯСыныҢ СаЯСИ ДОКТРИнаСы
«нұР ОТан. нұРЛы 
БОЛаШаҚ ЖОЛынДа»
18 қазан күні Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
төрағалығымен  «Нұр  Отан»  партиясының  кезектен  тыс  XV  съезі  өтті.  Съезд  жұмысына 
партияның  барлық  өңірлік  филиалдарынан  келген  1194  делегат  қатысты.  Олардан  бөлек, 
үкіметтік  емес  ұйымдар,  жастар  ұйымдары,  дипломатиялық  корпус  өкілдері,  мәдениет  пен 
спорт қайраткерлері, мемлекеттік органдар, ұлттық холдинг басшылары да шақырылған. Съезд 
жұмысын партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жүргізді. Бұл күнгі алқалы 
жиында  Тәуелсіздік  жылдарында  қалыптасып,  уақыт  сынынан  өткен  құндылықты  бағыт-
бағдарларды  нығайтуды  және  алдағы  онжылдықтағы  міндеттерін  анықтауға  бағытталған 
«Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» деп аталатын «Нұр Отан» партиясының жаңа сая-
си Доктринасының жобасы қабылданды. Осыған орай, шеттегі қандастарымызға партияның 
темірқазығы болып саналатын Доктринаның толық нұсқасын беріп отырмыз.  
Бүгінгі таңда мемлекеттілік құру жөніндегі та-
рихи  міндет  орындалды.  Бұл  барлық  қазақстан-
дықтардың  бірлігі  мен  келісімінің,    табанды 
да  қажырлы  еңбегінің,  ортақ  құлшынысы  мен 
үміттерінің жемісі.
«Нұр Отан» партиясы – қоғамды ұйыстыратын 
және Елбасының мемлекеттік бағытын жүзеге асы-
руды қамтамасыз ететін басым  саяси күш.
Партия  доктринасы  «Нұр  Отанның»  ХХІ 
ғасырдағы  миссиясын  және  «Қазақстан  –  2050» 
Стратегиясын  тиімді  жүзеге  асыруды  қамтамасыз 
етудегі біздің алар орнымызды айқындайды.
Біздің  миссиямыз  –  эволюциялық  дамуды 
қамтамасыз  ету  және  алға  қойған  мақсатына 
ұмтылатын,  заң  талабын  сақтайтын  әрі  еңбекқор 
азамат  өзіне  де,  қоғамға  да  пайда  келтіре  алатын 

5
демократиялық,  өркендеген,  бәсекеге  қабілетті 
және  әлеуметтік бағдарлы мемлекет құру.
 
Біздің басты жетістігіміз – ел Тәуелсіздігі
Халқымыздың 
қасиетті 
құндылығы 
– 
Тәуелсіздік.  Қазақстанның  барлық  табыста-
рына  Тәуелсіздіктің  арқасында  қол  жеткізілді. 
Тәуелсіздік – бар бақытымыздың бастауы.
Қалыптасқан  мемлекеттің  берік  іргетасын  ор-
ната  отырып,  біз  алдағы  кезде  де  халқымыздың 
бірлігі мен келісімін нығайта береміз.
Мемлекеттің,  қоғамның  және  азаматтардың 
күш-жігері  түгелдей  Тәуелсіздікті  нығайтуға 
бағытталуға тиіс. Елдігімізді қорғау – біздің Тарих 
алдындағы, болашақ ұрпақтар алдындағы парызы-
мыз.
 
Біздің идеямыз – Қазақстанды өркендету
Қазіргі таңда мемлекеттің орнықты дамуы үшін 
қажетті жағдай жасалған.
Өркендеу  дегеніміз  біз  үшін  –  барлық 
азаматтардың  өмір  сапасын  ұдайы  жақсартуды 
қамтамасыз ететін экономикалық дамудың жоғары 
қарқынына  қол  жеткізу.  Сондықтан  біздің  өзекті 
міндетіміз  –  орнықты  экономика  мен  қоғамдық-
саяси  тұрақтылықтың  арқауы  болып  табылатын 
қуатты орта тапты қалыптастыру.
Біз Қазақстанның одан әрі өркендей беруі үшін 
жауапкершілікті өзімізге жүктейміз.
 
Біздің саяси тұғырнамамыз – орталықшылдық 
Тәуелсіздіктің  алғашқы  күндерінен  бастап  Ел-
басымыз  тұрақтылық  пен  бірлікке,  әлеуметтік-
экономикалық  прагматизмге,  орнықты  даму  мен 
халықтың  барынша  кең  топтары  мүдделерінің 
теңгеріміне  негізделген  орталықшылдық,  яғни 
центризм саясатын жүргізіп келеді.
Біздің  барлық  шешімдеріміз  бен  іс-қимыл-
дарымыздың өзекті шарты  – халық тағдыры үшін 
жауапкершілік және қоғамдық үнқатысу.
 
Біздің саяси идеалымыз –  Елбасы
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Прези-
денті,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  –  біздің 
партиямыздың негізін қалаушы.
Тәуелсіздікке  қол  жеткізу  мен  Қазақстан 
табыстарының дүние жүзінде танылуы – Елбасының 
ерен еңбегі.  Халқымыздың болашағын Елбасының 
мемлекеттік бағыты айқындайды.
Елбасы Қазақстанның стратегиялық мақсаттарын 
белгілеп  қана  қоймай,  оларға  қол  жеткізудің 
жағдайын да жасады.
Елбасының даналығы, гуманизмі, мұқалмас ерік-
жігері, болашаққа ұмтылысы және халқына шексіз 
беріле қызмет етуі біз үшін де, болашақ ұрпақ үшін 
де әрқашан үздік үлгі бола бермек.
        
2. БІзДІҢ ҚұнДыЛыҚТаРымыз
Адам
Біздің басты құндылығымыз – Адам, оның қадір-
қасиеті  мен  құқы,    амандық-саулығы  мен  заңдық 
мүдделері.
Әр азамат туғаннан дені сау, білімді болуға, еңбек 
етуге,  лайықты  еңбекақы  табуға,  отбасын  құруға, 
жеке баспана иеленуге, өз балаларының болашағын 
қамдауға  мүмкіндік  беретіндей  әлеуметтік  және 
басқа  да  игіліктерге  кепілді  әрі  тең  тұрғыда  қол 
жеткізе алуға тиіс.
 
Бостандық
Адам  бостандығы  дегеніміз  –  әркімнің  өз 
болашағын өзі таңдау еркі. Адамның Конституция 
кепілдік ететін құқы мен бостандығын жүзеге асы-

6
ру біздің басты міндетіміз болып табылады.
Бір  адамның  бостандығы  басқа  адамның 
бостандығына нұқсан келтірмеуге тиіс. Бостандық 
жауапкершілікпен баянды етілмек.
 
Заңның үстемдігі
Заң адам және азаматтың құқы мен бостандығын, 
адамның қадір-қасиетін, жеке меншікті қорғайды.  
Мәртебесіне  және  шыққан  тегіне  қарамастан 
Заң  алдында  жұрттың  бәрі  тең.  Конституция  мен 
заңнаманы бұлжытпай сақтау – әділетті қоғамның, 
баршаға тең мүмкіндік жасаудың негізі. 
 
Әділеттілік
Әділеттілік  дегеніміз  –  баршаның  мүмкіндік-
терінің теңдігі.
Мемлекет  азаматтардың  көздеген  ойын  жүзеге 
асыруға  теңдей  жағдай  жасауға  тиіс.  Алайда, 
мемлекет  берген  сол  мүмкіндікті  қалай  пайда-
ланатыны  азаматтардың  өздерінің    таңдауы  мен 
жауапкершілігіне байланысты.
 
Ынтымақшылдық
Халықтың  бірлігі  мен  қоғамдық  келісім 
Қазақстанның өркендеуінің шешуші шарты болып 
табылады.
Бірлік пен келісімнің негізі – ынтымақшылдық. 
Бұл – өзара сенім мен өзара жауапкершілік.
Ынтымақ  отбасынан  басталады.  Ол  отбасы 
мүшелерінің,  достардың,  айналадағы  адамдардың 
бір-біріне  көмектесуінен,  рухы  күштілердің  әлсіз 
жандарға, бақуатты кісілердің тұрмысы төмендерге, 
денсаулығы жақсы адамдардың  науқастарға, жасы 
үлкендердің  өзінен  кішілерге  жанашыр  болуынан 
танылады.
 
Болашаққа ұмтылыс
Біз 
әрдайым 
биік 
межелерді 
көздеп, 
мақсатымызға қол жеткізіп келдік. Біздің болашаққа 
ұмтылысымыз және жетіле түсуге ұдайы талпыны-
сымыз  –  Қазақстанның  одан  әрі  өркендеуінің  аса 
маңызды шарты.
Сондықтан да, жаңа оқу-білімге ұмтылу, еңбек 
ету  және  басқалардың  еңбегін  құрметтеу,  өз 
денсаулығына дұрыстап қарау және дәйім өзін-өзі 
ұштап отыру әрбір азамат үшін өмірінің қалыпты 
қағидасына айналуы керек.
 
Отбасы және Дәстүр
Жаһандану  дәуірінде  өзінің  тарихының, 
мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана 
табысты өркендей алады.
Барлық  ұлттардың  өзіндік  ерекшелігін  сақтай 
отырып, қазақ тілін, мәдениет пен дәстүрді дамыту 

7
біздің стратегиялық басымдығымыз болып табыла-
ды.
Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын 
сақтаудың  аса  маңызды  институты.  Ұрпақтар 
сабақтастығы,  жасы  үлкендерге  құрмет  көрсету, 
балаларға  қамқор  болу,  өзара  қолдау  дәстүрі, 
еңбексүйгіштік  пен  білімге  құштарлық  дәл  отба-
сында қалыптасады.
Отбасын  нығайту  мен  дәстүрлерді  сақтау    – 
мемлекеттілігімізді  дамытудың  кепілі.  Сондықтан 
да  біз  отбасының  мерейін  барынша  үстем  ете 
беруіміз керек.
3. азамаТ ЖӘнЕ мЕмЛЕКЕТ: ӨзаРа ІС-
ҚИмыЛДыҢ ЖаҢа ҚаҒИДаТТаРы
 
Азаматтарға қызмет ететін мемлекет
Қоғамның  дамуында  мемлекеттің  алар  орны 
қашанда  өзекті  болған  және  солай  болып  қала 
береді.
Бұл  орайда,    бізге  мемлекет  пен  азаматтардың 
өзара  қарым-қатынасының  мүлде  жаңа  сипатын 
қалыптастыру қажет.
Мемлекет  пен  азаматтар  –  құқықтары  мен 
міндеттері  конституциялық  тұрғыдан  бекітілген 
тең әріптестер.
Мемлекет  азаматтардың  заңдық  мүдделерін 
көздеуге,  құқы  мен  бостандығын  баянды  етуді 
қамдауға,  олардың  Конституция  мен  заңнаманы 
бұлжытпай орындауына бағыт-бағдар ұстауға тиіс.
 
Жауапты азаматтық қоғам
Ортақ  мүдделері  бойынша,  мәселелерді  шешу 
үшін  біріккен  азаматтардың  белсенділігі  ел 
дамуының  аса  маңызды  шарттарының  бірі  болып 
табылады.
Жауапты  азаматтық  қоғам  –  демократиялық 
дамудың  және    мемлекеттік  басқару  тиімділігінің 
өзекті факторы.
«Нұр  Отан»  партиясы  –  азаматтық  қоғамның 
ажырамас  бөлігі.  Сондықтан  біз  азаматтық  баста-
маларды  дамытуға,  қоғамдық  бірлестіктер  ара-
сында  кеңінен  үнқатысуға,  қоғамдық  бақылауды 
күшейтуге жағдай жасауға тиіспіз.
Біз  мемлекет  пен  азаматтық  қоғамның  өзара 
тиімді іс-қимыл жасауы үшін жауаптымыз.
 
Азаматтары еркін әрі жауапты ұлт
Мықты ұлт дегеніміз – мемлекеттің дамуы мен 
өркендеуіне  үлес  қосуға  дайын  тұратын  жауапты 
азаматтар.
Біз  еліміздің  азаматтары  еркін,  ынтымақшыл, 
заңға  тақ  тұратын,  болашаққа  ұмтылғыш, 
дәстүр  мен  мәдениетті  құрметтейтін,  отбасы 
құндылықтарын  қастерлейтін және келер күнге 
құлшынған адамдар  болғанын қалаймыз.
Жастарды  отаншылдықтың  арқауына  айна-
латын  осынау  құндылықтарды  қастерлейтіндей 
етіп тәрбиелеу әрқашанда Қазақстанның табысқа 
жетуі мен өркендеуінің кепілі болмақ.
 
*  Бүгінде  «Нұр  Отан» 
ХДП-ның 
миллионға жуық мүшесі бар. 
*  Оларды  225  аумақтық 
филиалдар 
мен  6381  бастауыш  партия 
ұйымдары 
біріктірген. 
*  «Нұр  Отан»  ХДП  алғаш 
«Отан» 
республикалық саяси партиясы 
ретінде 1999 
жылдың қаңтарында құрылып, 
сол жылғы 
12  ақпанда  Қазақстан  Респу
бликасының 
Әділет министрлігінде тіркеуден өтк
ен. 
* 2006 жылы желтоқсан айында 
«Отан» 
РСП-ның Х съезінде партияның 
аты «Нұр 
Отан халықтық демократиялық 
партиясы» 
болып өзгертілді. 
*  Бүгінде  «Нұр  Отан»  пар
тиясының 
бөлімшелері  Қазақстанның 
барлық  об-
лыстарында,  Астана  және 
Алматы 
қалаларында бар.  
*  Ел  бойынша  әлеуметтік 
маңызды 
мемлекеттік  бағдарламалар
дың  орын-
далуына  жүйелі  қоғамдық 
бақылауда 
ұйымдастыру, 
еңбек, 
материалдық 
ресурстардың  үнемді  жұмс
алуы  және 
бюджеттік  қаражаттың  мақс
атты  пайда-
ланылуын  қадағалайтын  3354 
партиялық 
бақылау бекеттері жұмыс жас
айды. 
*  2012  жылы  өткен  Мәжіліс 
депутатта-
рын сайлау қорытындысы бойынша 
партия 
80,99  пайыз дауысқа ие болды. 
«Нұр Отан» 
партиясынан Парламенттің төменгі 
палата-
сына партиялық тізім бойынша 
83 депутат 
сайланған. 
*  Астанаға  «Нұр  Отан»  пар
тиясының 
ХV  съезіне  қатысу  үшін  ре
спубликаның 
барлық аймағынан 1194 делега
т келді. 
* Бұл съезде партияның жаңа 
доктрина-
сы қабылданды.

8
4. ЖаЛПыҒа ОРТаҚ ТаБыСТыҢ 
ФаКТОРЛаРы
 
Бірлік пен келісім
Біздің  елімізді  халықаралық  қоғамдастық 
бейбітшілік пен келісімнің, мәдениеттер мен діндер 
үнқатысуының үлгісі ретінде таниды.
Қазақстанның  табысты  дамуының  сенімді 
іргетасы –  халықтың бірлігі мен қоғамдық келісім.
Біз  өз  қоғамымызды    сан  алуан  көзқарастар 
мен  идеялар  кең  өріс  алған  плюреалистік  қоғам 
ретінде танимыз. Елдегі бірлік пен келісімді сақтау 
демократиялық  институттардың  одан  әрі  дамуы 
мен тиімділігіне байланысты болмақ.
Сондықтан, біз қоғамымыздағы демократиялық 
мәдениет  пен  дәстүрлерді  нығайтуға  барынша 
ықпал етуге тиіспіз.
 
Төл мәдениет және руханилық
Мәдениет пен руханилық қоғамды біріктіреді.
Мәдениет  –  өмірдің  өнерден,  тарихи  мұрадан, 
дәстүр мен тілден нәр алатын аса маңызды саласы.
Біз  қоғамымыздың  бірегейлігін  айқындайтын 
мәдени  және  рухани  құндылықтарды  сақтап, 
ұлғайта түсуді жақтаймыз.
Қазақстан  конфессияаралық  келісімнің  үлгісі, 
діндер  үнқатысуының  әлемдік  орталығы  болып 
табылады.  Біздің  зайырлы  мемлекетімізде  сенім-
наным  мен  дін  –  руханилықтың,  моральдің  және 
толеранттылықтың  маңызды қайнар көзі.
Мәдениеттердің  өзара  кірігуі  жеделдей  түскен 
заманда  біз,  өзгелердің  жақсы  жағын  бойымызға 
сіңіре отырып, өзіміздің мәдени төлтумалығымызды 
сақтай білуіміз қажет.
 
Қуатты экономика
Экономикалық  саясат  барлық  азаматтардың 
тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталуға тиіс.
Біз  жеке  меншікке  қол  сұқпауды,  ашық 
бәсекелестікті, 
макроэкономикалық 
тұрақ-
тылықты,  қолайлы  инвестициялық  ахуалды, 
өңірлердің  теңгерімді  дамуын,  экономиканы 
әртараптандыруды,    инфрақұрылымды  дамыту-
ды,  инновациялар  мен  экспортты  ынталандыру-
ды жақтаймыз. Бұл кәсіпкерлік бастаманы жүзеге 
асыруға  қажетті  жағдай  жасайды,  экономиканың 
орнықтылығы мен икемділігін қамтамасыз етеді.
Бизнес-экономикалық дамудың қозғаушы күші, 
инновациялардың  негізгі  тартушы  тетігі  болып 
табылады,  жұмыспен  қамту  жөнінде  маңызды 
әлеуметтік  миссия  атқарады,  орта  таптың  негізін 
және  азаматтық  қоғамның  тірегін  құрайды. 
Сондықтан, біз отандық бизнесті жан-жақты қолдау 
жағындамыз.  
Өзара  жауапкершілік  пен  әріптестік  мемлекет 
пен бизнес қарым-қатынасының маңызды қағидаты 
болуға тиіс.
ХХІ ғасыр  экономикасының негізі – ғылым мен 
инновация,  тиімділігі  жоғары,  қуат  үнемдейтін 
әрі  экологиялық  жағынан  таза  технологиялар. 
Экологиялық  пайымдауды  енгізу  –  табиғат  ресур-
старын көкейге қонымды пайдаланудың және  оны 
ұрпақтар арасында әділетті бөлудің кепілі.
 
Әділетті әлеуметтік саясат
Әлеуметтік  саясат  әрбір  азаматтың  әлеуетін 
жүзеге  асыруға  теңдей  мүмкіндіктер  жасауға 
бағытталуға тиіс.
Азаматтардың  барлығы  өмірдің  жоғары  үлгі-
қалыптарына  сай  келетін  әлеуметтік  қызметтерге 
тең  қол  жеткізе  алатын  болуы  керек.  Бұған  
мемлекеттің,  жұмыс  берушілер  мен  азаматтардың 
ынтымақшыл  жауапкершілігі  арқасында  қол 
жеткізілуі қажет.
Атаулы  әлеуметтік  көмек  халықтың  әлсіз  топ-
тарына ғана көрсетілуі керек. Мемлекеттік қолдау 
ең  алдымен  азаматтарды  толыққанды  әлеуметтік 
және экономикалық өмірге белсенді араластыруға 
бағытталуы керек.
Зияткер ұлт
Бүгінгі  әлемде  үдемелі  экономикалық  дамудың 
өзекті шарты білім мен инновация болып табыла-
ды.
Жаңа білім  мен серпінді технологияларды тың 
идеялар мен білімді бойға сіңіруге дайын тұратын, 
сыни тұрғыдан және жасампаздық ыңғайда ойлай 
білетін,  өз  еңбегіне  жауапкершілікпен  қарайтын 
білімді  де  кәсіби  азаматтар  жасайды.    Зияткер 
ұлттың негізін тап солар құрайды.
Ұлттың  зияткерлік  әлеуетінің  дамуы  білім  мен 
ғылымның өмір бойы білімді жетілдіруге, дағдылар 
мен іскерлікті  шыңдауға ынталандырып, мүмкіндік 
ашатын жүйесінің тиімділігіне байланысты.
Бізге  азаматтарымыздың  зияткерлік  әлеуетін 
барынша  көтеру  үшін  қолайлы  жағдайлар  және 
инновациялық инфрақұрылым жасау қажет.
 
Тиімді мемлекеттік басқару
Мемлекеттік  органдар  халықтың  мүддесіне 
қызмет етуі керек.
Біз  мемлекеттік  басқарудың  тиімділігін  және 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал