ТУҒан тіл / №1 (18), 2013 Редакция алқасы



жүктеу 27.87 Kb.
Pdf просмотр
бет1/15
Дата27.03.2017
өлшемі27.87 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

ТУҒАН ТІЛ / №1 (18), 2013
Редакция алқасы
Редакция алқасының төрағасы
Бас редактор
Жауапты хатшы
Мақсат Сқақов
Талғат МаМаШЕв
Жанар Жанапиянова
Өмірзақ айТБаЕв
Ғарифолла ЕСІМ
Мұхтар Шаханов
нұргелді УӘЛиҰЛЫ
Шерубай қҰРМанБайҰЛЫ
Сұлтанәлі БаЛҒаБаЕв
орынай ЖҰБаЕва
Әбдіуақап қаРа 
(Түркия)
Жапарбай ШадқаМ 
(иран)
Сұраған РахМЕТ 
(Моңғолия)
Әбдуислам ТҰРСЫнБаЕв 
(Мәскеу)
назарбек БайЖІгІТов 
(қырғызстан)
Меллат РӘМЕТҰЛЫ 
(қытай)
Тұрдыбай қаЛдЫБаЕв 
(Өзбекстан)

Н. Назарбаевтың  ҚазаҚстаН халҚыНа Жолдауы «ҚазаҚстаН-2050» 
стратегиясы ҚалыптасҚаН мемлекеттің Жаңа саяси бағыты   
латыН Қарпі: ұлт болып шешуге тиісті мәселе
біртұтас ұлттың ұйытҚысы – ҚазаҚ тілі
«ҚазаҚ»  газетіНе  100 Жыл
тҮркіНің тҮбіН тҮгеНдегеН ЖиыН
еуразия ҚыпшаҚтары: тарих, тіл ЖәНе Жазба ескерткіштері
ардагер аҚыН 
моңғолиядағы ҚазаҚтардың тілдік ахуалы
ҚазаҚ Қай Жерде де, ҚазаҚ
QazaQ Qay jerde de, QazaQ
ҚұрылтайдаН кейіНгі ойлар
Quriltaydan  keyіngі oylar...
ҚұрмаНғазы сағырбаев  ЖәНе ресей ҚазаҚтары 
курмаНгазы сагырбаев  и казахи россии
таңЖарыҚ тағлымы 
шетел ҚазаҚтарыНың шығармасы
4
24
31
36
38
44
48
50
54
62
68
74
78
82
88
94
98
102

АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті оқырман!
Уақыт талабы, заман ағысы деген ұғым бар. Әр уақыттың 
өз сұранысы болады екен. Осыдан 10 жыл бұрынғы қазақпен 
қазіргі қазақтың көзқарасын салыстыруға болмайды. Қазір 
интернет заманы, жердің анау түкпірінен айтылған бір ауыз 
сөз әлемді бір минутта шарлап кетеді. Сондықтан ғарыштық 
жылдамдықпен өтіп жатқан уақыттың жалынан ұстаған ұлт 
қана жаһандану үдерісінің көшінде жұтылып кетпейді. Қазір 
әр  мемлекет  өз  мәдениеті  мен  тілін  сақтау  үшін  барлық 
мүмкіндіктерін  пайдалануда.  Мысалы,  миллиард  халқы 
бар қытайда қазақ балалары бастауыш мектептерді өз ана 
тілінде оқиды да, жоғары сыныпта қазақ тілі мен әдебиеттен 
басқа  пәндерді  қытай  тілінде  оқиды.  Моңғолиядағы 
қазақ  мектептері  осы  уақытқа  дейін  Қазақстанның 
оқу  бағдарламасын  қолданып  келген,  қазір  олар  да  өз 
мемлекетінің бағдарламасын кіргізіп отыр. Өзбекстанда 2011 
жылы 541 қазақ мектебі болса оның осы уақытта бірталайы 
өзбек  тілінде  сабақ  беретін  мектепке  айналды.  «Тәрбие 
бесіктен басталатынын» ескерсек, бұл шетелдегі қазақ диа-
спорасы үшін өте күрделі де ауыр мәселе. Осыған орай әр 
мемлекетте әртүрлі әріп таңбасын қолданатын қазақ үшін 
ортақ  таңба  пайдалану  уақыт  талабы  болып  отыр.  Биыл 
Елбасы өзінің халыққа арнаған Жолдауында латын әрпіне 
көшетін уақыт жеткенін айтты. Әрине, бұл – тілі бір, жазуы үш 
түрлі қазақ үшін жақсы жаңалық. 
"Туған  тіл"  альманағымызды  Президентіміз 
Н.Ә.  Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауынан бастап 
отырмыз. Альманах шетелдегі қазаққа таратылатындықтан 
А.  Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  институтының  директоры, 
филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Мырза-
берген  Малбақұлының  латын  әрпіне  көшуге  байланысты 
мақаласын  да  назарларыңызға  ұсынып  отырмыз.  Егер 
ағайынның осы латын әрпіне көшуге байланысты айтар сөзі, 
қосар ойы болса редакциямызға хабарласуына болады. 
Биыл  қазақтың  ұлы  ақыны  Таңжарық  Жолдыұлының 
туғанына  110  жыл  толуына  орай  ақынның  өмірі  мен 
шығармашылығына  арналған  мақаламен  қатар,  қазақ 
ұлтының  алғашқы  газеттерінің  бірі  «Қазақ»  газетінің 
шыққанына  100  жыл  толуына  орай  тарих  ғылымдарының 
кандидаты  Жұмамұрат  Шәмшінің  мақаласын  беріп  отыр-
мыз.  Биылғы  Еуропа  қазақтарының  Парижде  өткен  кіші 
құрылтайын да, одан кейінгі ойларды да осы саннан оқи ала-
сыздар. 
Ақын Таңжарықтың сөзімен айтар болсақ: 
Жатырсың надандықтан өрт ішінде
Басыңды көтермесең жандың, қазақ. 
Заманы электр мен келді атомның,
Бұл кезде жүгірмесең қалдың, қазақ,–  
деп сонау ХХ ғасырдың басында айтып кеткен сөзі әлі 
күшін жойған жоқ. Қазақ халқының қозғалатын, оянатын,        
басы қосылатын кезі келді, ағайын!
Талғат Мамашев
«Туған тіл» альманағының 
бас редакторы

Қадірлі қазақстандықтар!
Қымбатты отандастар!
Біз  бүгін  Тәуелсіздік  күні  қарсаңында  жиналып  отырмыз.  
Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені мақтанышпен атап өтіп 
келеміз. 1991 жылғы 16 желтоқсанда біз – Қазақстан халқы – 
егемендікті, бостандықты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі 
күні  осы  құндылықтар  біздің  күнделікті  өміріміздің  бөлшегіне 
айналды.
Сол  кездері,  сапарымыздың  басында  бәрі  басқаша  болды. 
Енді біздің ортақ күш-жігер жұмсауымыздың арқасында ел та-
нымастай болып өзгерді.
Біз бүгін – өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен 
өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз.
Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті.
Ел  20  жыл  бойы  егемендігіміз  бен  саяси  салмағымызды 
нығайтуға  жұмыс  істеді.  20  жыл  өткен  соң  бұл  мақсатқа  қол 
жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды.
Қазақстан  ХХІ  ғасырдың  басында  тәуелсіз  әрі  өзіне  сенімді 
болып отыр.
Жаһандық  дағдарыстың  жалғасуының  әсерінен  әлемде 
болып  жатқан  өзгерістер  бізді  үрейлендірмейді.  Біз  оларға 
дайынбыз.  Біздің  ендігі  міндетіміз  –  егемендік  жылдары  қол 
жеткізгеннің  барлығын  сақтай  отырып,  ХХІ  ғасырда  орнықты 
дамуды жалғастыру.
Біздің  басты  мақсатымыз  –  2050  жылға  қарай  мықты 
мемлекеттің,  дамыған  экономиканың  және  жалпыға  ортақ 
еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Мықты  мемлекет  экономикалық  жедел  өсу  жағдайын 
қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ.
Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау сая-
сатымен, ұзақмерзімді дамумен және экономикалық өсумен ай-
налысады.
Дәл осы себептен де Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты 
менің отандастарым, мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отыр-
мын.
Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пай-
ымдауым.
Бұл – жаңа саяси бағыт.
І. ҚАЛЫПТАСҚАН ҚАЗАҚСТАН – мемлекеттілігіміздің, ұлттық 
экономикамыздың,  азаматтық  қоғамымыздың,  қоғамдық 
келісіміміздің,  өңірлік  көшбасшылығымыз  бен  халықаралық 
беделіміздің дағдарыста сыналуы
Дәл  15  жыл  бұрын  біз  Қазақстан  дамуының  2030  жылға 
дейінгі стратегиясын қабылдадық.
Бұл  1997  жыл  –  кеңестік  кезеңнен  кейінгі  бей-берекеттік 
түбегейлі еңсерілмеген, дағдарыс Оңтүстік-Шығыс Азияны және 
басқа да кейбір нарықтарды сансыратқан кезең болатын. Бізге 
де аса қиын соқты.
Осы жылдар ішінде біздің Стратегиямыз басты мақсатымыздан 
ауытқымай, шамшырақ сияқты біздің жолымызға сәуле шашып, 
алға басуға жігерлендірді.
1997 жыл естеріңізде ме?
Парламентте мен сөз сөйлегеннен кейін абдырау мен абыржу 
болды.
Көпшілік: «Бұл не – насихат па? Әлде аспаннан түскен нәрсе 
ме?» деп сауал қойып жатты.
Сол  кезде  алға  қойған  міндеттер  соншалықты  асқақ  болып 
көрінетін.
Дегенмен, «көз қорқақ, қол батыр» дейді ғой.
Біздің  алдымызда  оқиғалар  барысына  өзгеріс  енгізу  сияқты 
ауқымды міндет тұрды. Жаңа елдің іргесін қалау керек болды.
Ол  міндетті  шешу  үшін  біз  үш  бірдей  жаңғырту  жүргізуге 
тиіс  едік:  мемлекеттің  іргесін  қалау  мен  нарықтық  экономика-
ТІЛ 
МӘРТЕБЕСІ
 –
 
ЕЛ 
МӘРТЕБЕСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ 
Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ
«ҚАЗАҚСТАН-2050» 
СТРАТЕгИяСЫ 
– ҚАЛЫПТАСҚАН МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҢА САяСИ 
БАҒЫТЫ
Нұрсұлтан  Назарбаев:  Қазақстанның 
болашағы – қазақ тілінде
4
-бет

да  серпіліс  жасау,  әлеуметтік  мемлекеттің  негіздерін  қалау, 
қоғамдық  сананы  қайта  өзгерту.  Біз  өзіндік  жолымызды 
айқындауға тиіс едік. Бұл жол «Қазақстан-2030» Стратегиясын-
да белгіленген болатын. Бұл құжат стратегиялық мақсаттар мен 
міндеттерді пайымдаған, көзқарасымыздағы маңызды серпіліс 
болды.
Халық  нақылында  айтылғандай:  «Мақсат  –  жетістіктің 
желкені». Орынды мақсаттар ғана табысқа жеткізеді.
Бүгін дұрыс таңдау жасағанымыз туралы айту мен үшін үлкен 
абырой.  2008-2009  жылдардағы  жаһандық  дағдарыс  осыны 
айғақтады.
Қазақстан  оған  төтеп  берді.  Дағдарыс  жетістіктерімізді 
сетінете алған жоқ, бізді қуатты ете түсті.
Біз  таңдаған  ел  дамуының  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
және сыртқы саяси үлгісі өз тиімділігін дәлелдеді.
1. 
Қуатты да табысты мемлекет
Біздің басты жетістігіміз – тәуелсіз Қазақстанды құрғанымыз.
Біз  шекарамызды  заңдық  тұрғыдан  ресімдедік.  Елдің 
тұтастандырылған  экономикалық  кеңістігін  құрдық.  Елде 
өндірістік  байланыстарды  қайтадан  орнықтырып,  нығайттық. 
Бүгінде  барлық  өңірлер  бір-бірімен  ажырағысыз  байланыста 
жұмыс істейді.
Билік  тармақтарының  бөлінуіне  негізделген  замана-
уи  мемлекеттік  басқару  жүйесін  жасаған  тарихи  маңызды 
конституциялық және саяси реформалар жүргіздік.
Елдің  жаңа  елордасы  –  Астананы  салдық.  Бұл  заманауи 
қала біздің бойтұмарымыз бен мақтанышымызға айналды. Біз 
еліміздің мүмкіндігін әлемге көрсету үшін оның әлеуетін пайда-
лана алдық. Дәл сол себептен де халықаралық қауымдастық 
Қазақстанды  ЭКСПО-2017  Халықаралық  көрмесін  өткізу 
орны  ретінде  таңдады.  Егер  Астана  болмаса,  бұл  да  бол-
мас  еді.  Мұндай  құрмет  кез  келгеннің  еншісіне  тие  бермейді. 
Біздің  еліміз  кеңестен  кейінгі  кезеңдегі  күллі  кеңістікте  ЕҚЫҰ-
ға  төрағалық  еткен,  осы  Ұйымның  Саммитін  өткізген  және 
ғаламдық ауқымдағы іс-шара – ЭКСПО-2017-ні өзінде өткізетін 
бірінші ел екенін айтсақ та жеткілікті.
2. 
Демократияландыру  мен  ырықтандырудың  орнықты 
процесі
Біз  «Алдымен  экономика  –  cодан  соң  саясат»  деген  айқын 
формуламен  ілгерілеп  келеміз.  Саяси  реформалардың  әрбір 
кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан 
да  біз  саяси  ырықтандыру  жолын  дәйекті  ұстанудамыз.  Осы-
лайша  ғана  елді  жаңғыртып,  оны  бәсекеге  қабілетті  етуге  бо-
лады.
Қоғам  әрбір  қадам  басқан  сайын  демократияландыру  мен 
адам  құқықтары  саласындағы  ең  жоғары  стандарттарға 
жақындап келеді.
Біз ел Конституциясында негізгі құқықтар мен бостандықтарды 
бекіттік.  Бүгінгі  күні  Қазақстанның  барлық  азаматтары  тең 
құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.
3. 
Түрлі  әлеуметтік,  этникалық  және  діни  топтардың 
келісімі мен татулығы
Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатысты 
тарихи әділдікті қалпына келтірдік.
Этникалық,  мәдени  және  діни  әралуандыққа  қарамастан, 
елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық.
Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған 
шаңырағына айналды.
Азаматтық  татулық  пен  ұлтаралық  келісім  –  біздің  басты 
құндылығымыз.  Көпұлтты  еліміздегі  татулық  пен  келісім, 
мәдениеттер  мен  діндердің  үндесуі  әлемдік  эталон  ретінде 
танылған.
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  мәдениеттер  үндесуінің 
бірегей еуразиялық үлгісі болды.
Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына 
айналды.
4.
  Ұлттық  экономика.  Халықаралық  еңбек  бөлінісіндегі 
біздің рөліміз
Біз  Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығында  бірінші  бо-
лып  жекеменшікке,  еркін  бәсекелестікке  және  ашықтық 
принциптеріне  негізделген  нарықтық  экономиканың  заманауи 
үлгісін  жасадық.  Біздің  моделіміз  шетелдік  инвестицияларды 
тартудағы мемлекеттің белсенді рөліне негізделген.
Біз елімізге 160 млрд. доллардан астам шетел инвестиция-
сын тарттық.
Кәсіпкерлік қызмет үшін негізгі талаптар мен заманауи салық 
жүйесі қалыптасты.
Біз 
ұлттық 
экономиканы 
жоспарлы 
түрде 
әртараптандырудамыз. 
Үдемелі 
индустрияландыру 
бағдарламасында  екі  бесжылдықта  экономикамыздың  бет-
бейнеcін  өзгертіп,  оны  шикізаттың  әлемдік  бағаларының 
ауытқуына тәуелсіз ету міндетін қойдым.
Стратегия-2030  қабылданғаннан  бері  15  жыл  ішінде 
мемлекетіміз әлемдегі ең серпінді дамушы елдер бестігіне енді.
Нәтижесінде, 2012 жылдың қорытындысы бойынша ІЖӨ-нің 
көлемі  жағынан  біз  әлемнің  50  ірі  экономикасының  қатарына 
кіреміз.
Әлемнің  барлық  елдері  өз  дамуын  салыстыратын 
мойындалған  рейтингтер  бар.  Осыдан  алты  жыл  бұрын  мен 
алдымызға әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру 
жөнінде жалпыұлттық міндетін қойдым. Қазақстан Дүниежүзілік 
экономикалық  форумның  рейтингінде  51-орынды  иеленді.  Біз 
бүгін осы мақсатымызға таяқ тастам ғана қалдық.
5. 
Қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз еткен 
күшті әлеуметтік саясат
Мен  үшін  әрқашан  халықтың  тұрмыс  деңгейі  басты  өлшем 
болды әрі солай бола бермек.
15 жыл ішінде қазақстандықтардың табысы 16 есе өсті.
Табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтардың саны 7 есе 
азайды, жұмыссыздар саны екі есе қысқарды.
Біз әлеуметтік бағдарланған қоғамның негіздерін қаладық.
Біз  ұлт  денсаулығын  жақсарту  ісінде  едәуір  ілгерілеуге  қол 
жеткіздік.
Денсаулық  сақтау  жүйесінің  тиімділігін  арттыру  үшін  оны 
ұйымдастыру, басқару мен қаржыландыру жүйесі реформалан-
ды.
Соңғы бес жылда ана өлімі шамамен 3 есе азайды, бала туу 
көрсеткіші бір жарым есе өсті.
Білім алуға тең мүмкіндіктер жасалуда.
Соңғы 15 жылда білім алуға жұмсалатын қаржы 9,5 есе өсті.
Білім  берудің  мектепке  дейінгіден  бастап  жоғары  білімге 
дейінгі  барлық  деңгейлерін  түбегейлі  жаңғыртуға  бағытталған 
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы іске асыры-
луда.
Біздің  адам  капиталын  дамытудағы  ұзақ  мерзімді  салым-
дар  саясатымыздың  арқасында  қазіргі  талантты  жас  ұрпақты 
өсірдік.
6. 
Әлемдік қауымдастық таныған ел
Әлемдік саясатта біздің еліміз – талассыз халықаралық бе-
делге ие жауапты да сенімді серіктес.
Біз  жаһандық  қауіпсіздікті  нығайту  ісінде  маңызды  рөл 
атқарамыз, 
халықаралық 
терроризмге, 
экстремизмге 
және  есірткінің  заңсыз  айналымына  қарсы  күресте  әлемдік 
қауымдастықты қолдаймыз.
Біз  өз  қауіпсіздігіміз  үшін  халықаралық  үнқатысу  алаңы  – 
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыруға 
бастамашылық жасадық. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд.-тан 
асатын 24 елді біріктіреді.
Соңғы  2-3  жылда  Қазақстан  Республикасы  Еуропадағы 
Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы 
Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті.
ТІЛ 
МӘРТЕБЕСІ
 
 –  
ЕЛ 
МӘРТЕБЕСІ
5
-бет

Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа фор-
матын – G-global-ды ұсындық. Бұл бастаманың мәні – әділетті 
де қауіпсіз әлем сипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.
  Біз  жаһандық  энергетикалық  және  азық-түлік  қауіпсіздігін 
қамтамасыз етуге лайықты үлес қосамыз.
7. 
ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің 
белсенді рөліміз
 Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі баста-
маларымыз  –  әлемдік  тұрақтылыққа,  тәртіп  пен  қауіпсіздікке 
қосқан сөзсіз үлесіміз.
 Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып 
және  атом  қаруынан  бастарта  отырып,  біз  жетекші  ядролық 
державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Фран-
циядан  және  Қытайдан  қауіпсіздігімізге  берік  халықаралық 
кепілдік алдық.
Біз  Орталық  Азияда  ядролық  қарусыз  аймақ  құруда  негізгі 
рөл  атқардық  және  жер  шарының  басқа  да  аймақтарында, 
әсіресе  Таяу  Шығыста  осындай  аймақтар  құруға  белсенді 
қолдау көрсетеміз.
Біз  әлемдік  қауымдастықтың  ядролық  терроризм  қатеріне 
қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз.
Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табан-
ды  шешімдер  қабылдау  қажеттілігі  туралы  батыл  айтамыз. 
Ядролық  қаруды  таратпау  туралы  шарт  таратпау  режімінің 
арқауы болды және солай бола бермек.
Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы  шарттың 
тезірек  күшіне  енуі  таратпау  режімін  нығайтудың  маңызды 
қозғаушысы болуға тиіс.
Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды 
Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жа-
риялау туралы ұсынысымды қолдады.
Осының  барлығы  –  жаһандық  саясаттағы  біздің  рөлімізді 
тану.
Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық 
қаруды  таратпау  режімінің  көшбасшысы,  басқа  мемлекеттер 
үшін үлгі болып танылды.
8. 
«Қазақстан-2030» Стратегиясы. Негізгі қорытындылар 
«Қазақстан – 2030» Стратегиясында біз еліміздің табысын 
жоспарладық
Біз алға қойған мақсаттарға дәйекті де табанды түрде қадам 
басып келеміз. 2008-2009 жылдардағы жаһандық дағдарыстың 
өзінде ұлттық экономикамыз өсуін жалғастырды.
Бүгінгі күні мен үшін 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын 
орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске 
асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой.
(1) 
Ұлттық  қауіпсіздік.  Біздің  алдымызда  Қазақстанның 
тұтастығын  сақтай  отырып  дамыту  міндеті  тұрды.  Біз 
жоспарлағаннан да асыра орындадық.
Тұңғыш рет тарихта біздің мемлекет халықаралық дәрежеде 
танылған  нақты  шекарасын  белгіледі.  14  мың  шақырым 
мемлекеттік шекара межеленді.
Қазақстан  Каспий  теңізінің  айдынындағы  ахуалды  сенімді 
бақылауда ұстайды.
Болашақта  кез  келген  аумақтық  даулардың  туындау  қаупі 
қазір сейілген. Біз ұрпақтарымызға көршілермен даулы аумақтар 
қалдырған жоқпыз.
Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді 
құқық қорғау жүйесін құрдық.
(2)  Біз  140  этнос  пен  17  конфессияның  өкілдері  тұратын 
елде 
Ішкі  саяси  тұрақтылық  пен  ұлттық  бірлікті  сақтап, 
нығайттық. Біздің саясатымыз табысты болды.
Біз демократиялық даму үлгісі негізінде азаматтық қоғам ин-
ституттарын  дәйекті  түрде  қалыптастырдық.  Адам  құқықтары 
жөніндегі Омбудсмен институты құрылды.
Бізде  бұрын  ешқашан  көппартиялылық  болмаса,  қазір 
еліміздегі  күллі  саяси  спектрді  көрсететін  партиялар  жұмыс 
істейді.  Бізде  көппартиялы  Парламент,  парламенттік  көпшілік 
қолдаған Үкімет бар.
Азаматтық қоғам дамуда, тәуелсіз БАҚ жұмыс істеуде. Түрлі 
бағыттағы  18  мыңнан  астам  үкіметтік  емес  ұйымдар  жұмыс 
істейді. 2,5 мыңдай БАҚ бар, оның 90%-ы – жеке иелікте.
Қазақстан  бүгінде  мәдениетаралық  және  конфессияаралық 
үнқатысудың халықаралық орталығына айналды.
Әлемдік  және  дәстүрлі  діндердің  алғашқы  төрт  съезі  нақ 
біздің елімізде өтті.
ХХІ ғасырда Қазақстан Шығыс пен Батыстың үнқатысуы мен 
өзара іс-қимылының көпірі болуға тиіс.
(3) 
Шетелдік  инвестициялар  мен  ішкі  салымдардың 
деңгейі  жоғары  ашық  нарықтық  экономикаға  негізделген 
экономикалық өсу. Біз дамудың нақты, орнықты және үдемелі 
қарқынына қол жеткізу міндетін қойдық. Біз осы міндетті тарихи 
тұрғыдан алғанда аса қысқа мерзімде шештік.
Дәл  осы  «Қазақстан-2030»  Стратегиясында  басты  назар 
экономикалық өсуге аударылды.
Нәтижесінде 15 жыл ішінде ұлттық экономиканың көлемі 1997 
жылғы 1,7 триллион теңгеден 2011 жылы 28 триллион теңгеге 
өсті.
Елдің  ІЖӨ  16  еседен  астам  өсті.  1999  жылдан  бастап 
Қазақстанның  ІЖӨ-нің  жыл  сайынғы  өсуі  7,6%-ды  құрап, 
алдыңғы қатарлы елдерді басып озды.
Жан басына шаққанда ІЖӨ 1998 жылғы 1500 доллардан 2012 
жылы 12 мың долларға жетіп, 7 еседен астам өсті.
Қазақстан  әуел  бастан  жан  басына  шаққанда  тартылған 
тікелей  шетелдік  инвестициялардың  көлемі  жағынан  ТМД-да 
көшбасшы болды. Бүгін бұл 9200 АҚШ долларына жетті.
Біз  сыртқы  сауданың  –  12  есе  өсуіне,  ал  өнеркәсіп  өнімін 
өндіру көлемінің 20 есе өсуіне қол жеткіздік.
Осы жылдар ішінде мұнай өндіру – 3 есе, табиғи газ өндіру 
5 есе ұлғайды. Біз шикізат ресурстарынан түскен кірісті Ұлттық 
қорға жібердік.
Бұл – ықтимал экономикалық және қаржылық сілкіністерден 
қорғайтын  сенімді  қалқанымыз.  Бұл  –  бүгінгі  және  болашақ 
ұрпақ қауіпсіздігінің кепілі.
Үдемелі  индустрияландыру  бағдарламасы  аясында  2010 
жылдан  бастап  жалпы  құны  1  797  млрд.  теңге  болатын  397 
инвестициялық жоба іске асырылды, 44 мыңнан астам жұмыс 
орны ашылды.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы іске асырылған 
екі  жыл  ішінде  жалпы  көлемі  101,2  млрд.  теңге  сомасындағы 
кредит болатын 225 жоба мақұлданды.
 Біз – бүгін халқының табысы орташа деңгейдегі және серпінді 
дамитын экономикасы бар елміз.
  (4) 
Қазақстан  азаматтарының  денсаулығы,  білімі  мен 
әл-ауқаты.  Адамдардың  жағдайын  түбегейлі  өзгертудің,  өмір 
сүру жағдайын жақсартудың өмірлік маңызы бар. Атқарылған 
жұмыстың нәтижесі көзге бірден түседі.
Орташа айлық жалақы 9,3 есе өсті. Зейнетақы төлемдерінің 
орташа мөлшері 10 есе ұлғайды.
Халықтың нақтылы ақшалай кірістері 16 есе өсті.
Егер 1999 жылы қаржыландыру 46 млрд. теңгені құраса, 2011 
жылы 631 млрд. теңге болды.
Денсаулық сақтаудың бес инновациялық объектісі – Балалар-
ды оңалту орталығы, Ана мен бала орталығы, Нейрохирургия, 
Шұғыл  медициналық  көмек  және  Кардиология  орталықтары 
кіретін медициналық кластер құрылды.
Елдің  барлық  өңірлерінде  сапалы  медициналық  қызметтер 
алу үшін қажетті жағдай жасалды.
Еліміздің ең шалғай аудандарын медициналық қызметтермен 
қамтитын көлік медицинасы жедел қарқынмен дамуда.
ТІЛ 
МӘРТЕБЕСІ
 –
 
ЕЛ 
МӘРТЕБЕСІ
6
-бет

Ұлттық  скрининг  жүйесі  ауруларды  бастапқы  сатысында 
анықтауға және олардың алдын алуға мүмкіндік береді.
Дәрі-дәрмекпен тегін және жеңілдікті қамтамасыз ету енгізілді.
Соңғы 15 жылда халықтың саны 14 млн.-нан 17 млн. адамға 
дейін өсті.
Өмір сүру ұзақтығы 70 жасқа дейін ұлғайды.
Біз  қолжетімді  және  сапалы  білім  беруді  дамыту  бағытын 
дәйекті жүргізудеміз.
«Балапан»  бағдарламасын  іске  асыру  балаларды  мектепке 
дейінгі білім берумен 65,4%-ға дейін қамтуға мүмкіндік берді.
Міндетті  мектепалды  даярлық  енгізілді,  ол  мектеп  жасына 
дейінгі балалардың 94,7%-ын қамтыды.
1997 жылдан бері республика бойынша 942 мектеп, сонымен 
қатар 758 аурухана және өзге де денсаулық сақтау нысандары 
салынды.
Біз  әлемдік  деңгейдегі  зияткерлік  мектептер  мен  кәсіптік-
техникалық колледждер желісін дамытудамыз.
Соңғы 12 жылда жоғары білім алуға берілетін гранттар саны 
182%-ға ұлғайды.
1993  жылы  біз  «Болашақ»  атты  бірегей  бағдарлама 
қабылдадық,  соның  арқасында  8  мың  талантты  жас  әлемнің 
таңдаулы университеттерінде озық білім алды.
Астанада халықаралық стандарттар бойынша жұмыс істейтін 
заманауи ғылыми-зерттеу университеті құрылды.
(5) 

Каталог: storage -> pdf
pdf -> Қазақстан Президенті Нұрсұлтан назарбаевтың Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзі
pdf -> Құрметті Ассамблея мүшелері! Қадірменді отандастар! Сессияның қонақтары!
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы
pdf -> ТУҒан тіл / №2 (19), 2013 Редакция алқасы
pdf -> Дүниежүзі қазақтарының ІV құрылтайын
pdf -> Бірінші құрылтай, 1992 жыл, Алматы Н. Ә. Назарбаев: бауырларымызғА ҚҰШАҒымыз ашық
pdf -> 2 алтын бесік а тамекен менің е лім қа зақст ан елбасының ерекше сапары осыдан жиырма бес, отыз жыл
pdf -> Құрметті съезд делегаттары! Қадірлі қонақтар!
pdf -> Ыстық ықлас, достық байланыс Қытай төРАҒасының
pdf -> Р е д а к ц и я а л қ а с ы Редакция алқасының төрағасы

жүктеу 27.87 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет