Туған жер тұлғалары Аманжол Күзембайұлы



жүктеу 0.63 Mb.

бет5/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Білім ордаларында

Генералдың есімі берілді

24

Алаштың  аяулы  азама-



ты,  мемлекет  және  қоғам 

қайраткері,  ішкі  істер  гене-

рал-лейтенанты  Шырақбек 

Қабылбаевтың есімі бүгінгі 

таңда Қазақстан Республи-

касы  Ішкі  істер  министрлігі 

Қостанай  академиясына 

берілді.


Бұл  Қазақстан  Респу-

бликасы  ІІМ  Қостанай 

а к а д е м и я с ы   ж о ғ а р ы 

ведомстволық оқу орнының 

профессорлық-оқытушылар 

құрамы,  қызметкерлер 

мен  тыңдаушылар  үшін 

қуанышты да ерекше күн.   

1931 жылы Семипалатинск 

педагогикалық техникумына 

түсіп, оны үздік аяқтайды.

1932 жылы әскерге шақырылып, Алматы қаласына 

орналасқан қазақ ұлттық атты әскер полкінің құрамында 

жауынгерлік дайындықтан өтеді. Армия қатарындағы 

қызметі аяқталысымен  Ш. Қабылбаевтың ГПУ - НКВД 

жүйесіндегі қызметтерге тартылып, арнайы курстарда 

оқиды.  

1934-1938 жылдары ГПУ - НКВД жедел жұмыстарында 

қызмет атқарған, ал 1938—1954 жылдары Қазақстан Ком-

партиясы Орталық Комитетінің аппаратында ұзақ жылдар 

бойы жауапты қызметте қызмет атқарған. Бұл жерде ол, 

Орталық Комитеті хатшысының көмекшісінен әкімшілік 

және сауда қаржы органдары бөлімінің меңгерушісіне 

дейін өзінің еңбек етуінің арқасында жеткен. Ш.Қабылбаев 

қызмет бабында елдің тарихынан мағлұматтар жинаған 

жан.


Бәрімізге мәлім, 50- ші жылдарының бас кезінде кеңес 

елдері үшін түбірлі өзгерістер болған жылдар, дәлірек 

айтқанда, Орталық және жергілікті жерлерде билік пен 

басқарма жүйесінің кадрлары жаңартылып, әлеуметтік – 

саясаты жағынан қиын болған. 

1954 жылдың тамыз айында Қазақстан Компартиясының 

Орталық Комитетінің шешімі бойынша Ш.Қабылбаев ішкі 

істер  министрі  болып  тағайындалды.  Осы  жылдары 

ішкі істер органдарының жүйесі ең қиын жағдайда еді, 

өйткені кәсіби мамандар, қызметтік бөлмелер, тұрғындар 

жетіспеген болатын. Материалдық-техникалық база да 

төмен болған.

Осындай қиын жылдарда қызмет атқарып, сабырлық 

танытып, алға  мақсаттар мен міндеттер қойып, өзінің 

күш-жігерлігімен және табандылығымен жұмысқа жұмыла 

кіріскен қызметкер. 

1959 жылы болған Теміртау оқиғасына байланысты 

Ш.Қабылбаев  жазықсыз  жазғырылып  орнынан  боса-

тылады.  Бірақ,  арада  біраз  жылдар  өткен  соң,  1967 

жылы ол екінші рет Қазақ КСР Ішкі істер министрі болып 

тағайындалады. 

Ш.Қабылбаевтың басқару кезінде алғаш рет күрделі 

құрылыс басқармасы құрылды, жеке өндірістік база және 

мердігерлік құрылыс ұйымдары пайда болды. Автокөлік 

жол  құрылыстары  белсенді  жұмыс  жүргізді.  ІІМ  тас 

жол құрылысы бойынша арнайы басқарма базасында 

Қазақстанның министрлік автокөлік жолы құрылған. 

Ш.Қабылбаев өзіне тән қайраттылығымен, ашықтығымен 

сол  уақытта  милицияда  қызмет  атқарып  жатқан 

қызметкерлердің жалақысын көтеруге, жаңа нысанды 

киім-кешек  енгізуге  және  милиция  қызметкерлерінің 

беделін  жоғарылатуға,  әлеуметтік  қамтамасыз  етуін 

жақсартуға тырысты.

Сондай-ақ,  Ш.Қабылбаев  60-қа  жуық  түзету-еңбек 

колонияларында ұсталынған сотталғандарды еңбекпен 

тәрбиелеу арқылы оларды тура жолға қою міндетін де 

жемісті шешіп, сотталғандарға орта білім мен мамандық 

алуына мүмкіндік берді. 

Осындай  адамгершілік  қасиеттері  мол,  білімді, 

қайраттылығымен, табандылығымен қиын жағдайларда 

алға қойған мақсаттары мен міндеттерін жемісті орындап, 

өзін нағыз басшы екендігін мойындады. Ол тек қана адал, 

тәртіпті, өзіне және бағынысындағыларға талап қоятын, 

әділ де қамқор басшы ретінде көрінеі білді. 

Шығармашылық жағынан да, Ш.Қабылбаев қазақ және 

орыстың классикалық әдебиетін тамаша білген, өзінің 

танымал жерлесі Абайды құмарта оқыған, ол көптеген 

қазақтың  жазушыларымен  басқа  да  шығармашыл 

қызметкерлермен де дос болған. 

Сондай-ақ,  сол  уақыттың  өзінде  Ш.Қабылбаевтың 

мақалалары – «Синие шинели», «Преступления могло 

не быть», «Особое назначение», «Бессонный патруль» 

әрқайсысы 300-400 мың данамен басылып шыққан. 

Қызметін адал орындап, еңбекқорлығының арқасында 

Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, 

көптеген  медальдармен  марапатталды.  Қазақ  КСР 

Жоғары  Советінің  Құрмет  грамотасымен,  «КСРО  ІІМ 

құрметті қызметкер» белгісімен марапатталған азамат. 

Ш.Қабылбаев 1976 жылы 5 шілдеде дүниеден өтті. 

Ш.Қ.Қабылбаевтың  қызметін  және  оның  ішкі  істер 

органдары саласындағы мемлекеттік және кадрлық са-

ясатын жетілдіруге қосқан үлесін ескере отырып, 2014 

жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

№1287 Қаулысымен және мәңгі есте қалдыру мақсатында 

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына 

Ш.Қабылбаевтың құрметті есімі берілді.

Оның  өмірлік  жолы,  Отанға  адал  қызмет  етуі  ІІО 

болашақ ұрпақтары үшін жақсы үлгі болады, ал кәсіби 

тәжірибесі мен нақты істері Қазақстанның құқықтық және 

демократиялық даму барысында алға қойған мақсаттары 

мен міндеттерін орындауда қажет деп есептеймін. Сондай-

ақ, мемлекет және қоғам қайраткері, ішкі істер генерал-лей-

тенанты  Шырақбек Қабылбайұлы Қабылбаев атамызға 

ұқсап, генерал болуды әр қызметкер армандайды.

Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай 

академиясында тәрбиеленіп, білім нәрін алып жатқан 

әр  тыңдаушы,  дәлірек  айтқанда  профессорлық  – 

оқытушылар құрамы, қызметкерлер, болашақ офицерлер 

отаны, туған жері үшін, қызметтік борыштарын мүлтіксіз 

орындап, ұлағатты адамның іс-тәжірибесін үлгі – өнеге 

ретінде тануы қажет. 

Орынбасар УАҚПАЕВА,

ҚР ІІМ Қостанай академиясының,

баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына мемлекет және

 қоғам қайраткері, ішкі істер генерал-лейтенанты

 Шырақбек Қабылбаевтың есімі берілді...


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Әріптестері  мен  шәкірттері  наурыз  айында 



тарихшы ғалым Аманжол Күзембайұлының 70 

жасқа толу мерейтойын атап өтті. Осыған орай 

журнал тілшісі ұстаз ғалыммен әңгімелескен еді. 

–  Аманжол  аға,  жастар  өзіңіздің  өмірде, 

ғылымда қалыптасу жолыңызды білгісі келеді. 

– Біз соғыс жылдары туған ұрпақпыз. Мен соғыс 

аяқталуға    бір-екі  ай  қалғанда  дүниеге  келіппін. 

Әкем  соғыстан  жаралы  болып  оралған,  аяғын 

сылтып  басатын.  Біздің    жалаңаяқ  балалығымыз 

титықтаған тұрмысы ауыр ауылда өтті.  Көп бала-

лы отбасында өстім,  тұрмыстың жұтаңдығы бала 

екенімізді де ұмыттырғандай еді, ата-анам жұмыста 

болады,  мен  үйдің  тірлігін  тап-тұйнақтай  етіп 

атқарар  едім,  өзімнен  кейінгі  іні-қарындастарыма 

қарадым.    Меңдіғара  ауданындағы  Ұзынағаш 

деген  ауылда  жеті  жылдық  мектепті  бітірген  соң,  

Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин іргесін 

қалаған мектеп-интернатқа қабылдандым. Сегізінші 

сыныпқа қабылданған 80 баладан 40 оқушы ғана 

11 сыныпты бітірдік. Есесіне осы 40 баланың кейін 

екеуі  ғылым  докторы,  төртеуі  ғылым  кандидаты 

атанды.  Инженер,  мұғалім,  дәрігер  мамандығын  

алған мектеп түлектері  ел абыройына ие болды. 

Мектеп бізге жақсы білім берді. Мен  бала кезімнен 

тарихшы  болуды,  ғылым  қууды  армандадым. 

Алматыдағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің 

Тарих  факультетіне  түстім.    Студент  кезден  ба-

стап  ізденіп,  қазақ  антропологиясымен,  археоло-

гиясымен,  көне  тарихымен  айналыстым,  ғылыми 

конференцияларға  қатысып  жүрдім,  ғылыми 

тырнақалды еңбектерім жүлдеге де ие болды. 

Менің  ғылымға  талпыныс  жолымда    атақты 

антрополог,  дүниежүзі тарихының білгірі Оразақ 

Смағұловтың,  әйгілі  тарихшы  ғалым,  академик 

Манаш Қозыбаевтың ықпалы зор болды. Студент 

кезімде  Оразақ  Смағұловтың    экспедициясына 

қатыстым. Ол кісінің ғылыми қызықты әңгімелерін 

таңды таңға ұрып тыңдайтын едік.

Университетті  бітіргеннен  кейін  Қарағанды 

педагогикалық  институтына  қызметке  келдім.  Ол 

кейін университет болды. Сол білім ордасында мен 

25 жыл ұстаздық еттім, ғылыми жұмыспен айналы-

стым. Қоғамдық белсенді жылдарым да сол жерде 

өтті. Қатардағы оқытушыдан профессор дәрежесіне 

дейін  көтерілдім.12  жыл  кафедра  меңгердім,17 

жыл біріккен археология-этнография экспдициясын 

басқардым.Жоғарғы білікті тарихшы- мамандарды 

дайындауға та салыстым. Менің оқушыларымның 

ішінде 8 ғылым докторы, 30 –дан аса ғылым кан-

дидаттары бар. 



– 1986 жылғы жастардың Желтоқсан көтерілісі 

қоғамдағы  рухани  сананы  сілкіді.  Содан  көп 

ұзамай еліміз Тәуелсіздігін алды. Сол жылдары 

Қазақстанның тарихына жаңа көзқараспен қарау 

керек деген мәселені алғаш көтерген ғалымның 

бірісіз. Осы жөнінде айтып кетсеңіз.

–  Кеңес  Одағы  кезінде  біздің  халықтың, 

мемлекеттің  тарихын  оқытатын  оқулықтың  ар 

жағынан күн көрінетін. Қазақстан тарихы  коммунистік 

партия саясаты тұрғысынан жазылды, яғни жалған 

тарих болды. Ол тарихтың айтуы бойынша қазақ 

деген халықтың  мәдени мұрасы жоқ, мемлекеті жоқ, 

партияның арқасында қалқиып жүрген біреу болды. 

Осының  барлығын  түземеу  болашақ  алдындағы 

күнә болатын еді. Біздің ғалымдар осыған кірісті. 

Қазақ халқының мемлекеттігінің де, мәдениетінің де 

тамыры тереңде жатыр. Тәуелсіздік жылдары ресми 

деректер бойынша шетелдерден  қазақ тарихына 

қатысты 5000 данаға жуық  көшірмелер әкелінді. 

Оның  әрқайсысы  мол ғылыми дерек береді. 

Халқымыз  тарихын  жаңа  көзқараспен  қайта 

қарау  мәселесімен  бірге  көптеген  проблемалар 

бас көтерді. Алдымен  жас ұрпаққа осы тарих пәнін 

дұрыс  оқыту,  шынайы  тарихты  жастарға  жеткізу 

керек болды. Сондықтан  мен «Казахстан в древ-

ности»  атты  оқулық  жаздым.  Бұл  тарихшылар 

арасында  үлкен табысқа ие болды, оны республика 

мектептері  сұратып  алып,  пайдаланды.  Ол  кейін 

кеңейтіліп,  жоғары  оқу  орындары  студенттеріне 

арналып,  оқулық  ретінде  оншақты  рет  басылып 

шықты. Желтоқсан көтерілісінен кейін отаншылдық 

рухы оянған азаматтар халқымыз тарихын білуге 

құмартты. Бірақ кез келген адам талғамсыз, біліксіз, 

тіпті  білімсіз    тарих  жазуға  әуестенді.  Бұл  шата-

14

Туған жер тұлғалары 

«Тарихшы ел мүддесін ойлауы тиіс»

дейді тарих ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Күзембайұлы

C

M



Y

K

Жеңіс…Аңсап  жеткен,  Ұлы 



Жеңіс!  Иә,  оны  миллиондаған 

адамдар төрт жыл бойы минут-

тап, сағаттап сарыла күтті. Бірақ, 

ол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. 

Бұл жолда Отан үшін от кешкен 

сан  мыңдаған  азаматтар  мерт 

болды.  Олардың  бойындағы 

отаншылдық  сезімі,  қолына 

қару  алып  сапқа  тұрғызды. 

Міне, осынау елімізге сергелдең 

салған  алапаттың  жеңіспен 

аяқталғанына  биыл  70  жыл  то-

лып отыр. 

Қан  майданда  мерт  болған 

ерлердің    рухына,  бүгін  ара-

мызда  биік  шыңдай  болып 

жүрген  аталарымызға  басы-

мызды иіп тағзым етуіміз керек. 

Олардың  саны  күннен  –күнге 

азаюда.  Студенттеріміз  «Сын-

дарлы  шақтарда  серттен    тай-

май,  ер  азаматқа  сай  қажыр-

қайрат  көрсетіп,  көпшіліктің 

құрметіне  бөленген,  бүгіндері 

қатары сиреген соғыс және еңбек 

ардагерлерінің бірі - менің атам» 

деп сыр шертеді.      

Балбөпе  Елеубаева:    -  Аз 

демалысымды пайдаланып ауы-

лыма барып тұрамын. «Балапан 

қанат  қағып,  ұядан  ұшты  деген 

осы»  деп  атам  барған  сайын 

айтып  отырады.  Атамның  есімі 

Қаппас  Елеубаев  жасы  88-ге 

келді. Соғыс уақытында дүниеге 

келген атам анасынан ерте ай-

рылып,  әкесінің  қолында  өскен. 

Бала күнінде көрмеген қиындығы 

көп. Соғыстың қаралы күндерін 

бізге  айтып  отырады.  Ерке-

леп, мойнына асылып, ойнағым 

келеді. Бірақ, қазір бұрынғыдай 

денсаулық  қайда,  керісінше  ол 

менің көмегіме мұқтаж. Өмірдің 

түрлі ауыртпашылықтарын көрген 

атам, өзінің намысқойлығы мен 

еңбекқорлығының  арқасында 

мойымай осы күнге жетіп отыр. 

Мен атамды мақтан тұтамын!       



Асыл Жақыпбекова:  - Менің 

атамның  есімі  Қамар  Тілеулин. 

Ол кісі 1938 жылы дүниеге кел-

ген.  Айыртау  ауданы  Сарсай 

ауылында 9 жастан бастап тыл 

жұмыстарына  қатысқан.  Осы 

ерең еңбегіне мен өмір бойы риза 

болып  өтемін.  Атам  мен  үшін 

әлемдегі  ең  қымбат  жан.  Мен 

онымен мақтанамын.  



Ақерке  Қуаныш:    -  Атам  – 

менің  мақтанышым...  Атамның 

есімі  Қуаныш  Қасымов.  Мен 

атамның көзін көрген кісілерден, 

ол  кісінің  адамгершілігі  мол, 

өзгелерге  шынайы  қамқорлық 

көрсеткенін,  ерекше  мейірімді 

және өте еңбекқор адам болғанын 

естігенде  жүрегімді  мақтаныш 

сезімі  кернейді.  Мұндай  кісінің 

немересі  болғандықтан  менің 

жаман  адам  болуға  ешқандай 

қақым жоқ! 

Ақбота  Сақұлова:  -  Тұяқ 

Сақұлов 1936 жылы 18 ақпанда 

Қостанай  облысы,  Аманкелді 

ауданы,  Байғабыл  ауылында 

дүниеге  келген.  Сол  өзі  өсіп-

өнген  жерінде  40  жыл  тылда 

қызмет  етті.  Атам  қоғамдық 

мал  азығының  қорын  жасауға 

белсене  атсалысқан.  «Балау-

са» бөлімшесіне қажетті табиғи 

пішенді  тайлау  жұмысында 

көзге  түсіп,  озат  механизатор 

атағын алған. Талай жыл тылда 

қызмет  етіп,  елі  үшін  аянбай 

тер төккен атамды мен мақтан 

тұтамын. Ол бүгінде қызметінің 

жемісін көріп отырған ардақты 

әке,  данагөй  ата.  Жасаған 

қызметін  елеп-ескеріп  жатқан 

елбасына да алғысым шексіз.

«Ер есімі - ел есінде», – дейді 

дана  халқымыз.  Отанын,  жерін, 

елін  қорғауда  ерлік  көрсеткен 

ардагерлеріміз  жас  ұрпаққа 

мәңгілік  үлгі-өнеге  болып 

қалмақ.  Ешкім  де,  ешқашан  да 

ұмытылмақ емес.

Дайындаған Арайлым ҚҰЛТАЕВА, 

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамандығының 1 курс студенті

Мен атамды мақтан тұтамын!



Ерлік даңқы өшпейді

23


C

M

Y



K

C

M



Y

K

стыратын,  жас  ұрпақты  адастыратын    бағыт  еді. 



Осындай жағдай тарихшы ғалымдар алдына үлкен 

міндет қойды.  



–  Қазақстан  тарихының  жазылуында, 

оқытылуында    бүгінде  қандай  проблемалар 

бар?

   Тарих та, тарихшы да ел, мемлекет мүддесін 

ойлауы  тиіс.  2011  жылы    «Тәуелсіз  Қазақстан 

мемлекеттілігі: қалыптасуы мен даму көкжиегі» атты 

Қазақстан  тарихшыларының  бірінші  құрылтайы 

өтті.  Бұл тұңғыш ұйымдастырылған құрылтайдың 

мақсаты—қазақ тарихы ғылымын жаңаша зерделеу 

болатын. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі 

тарих ғылымын бұғаудан босатты. Елбасымыздың 

өткен жылы Ұлытаудағы кездесуінде  қазақ тари-

хына қайта оралуы тегін емес. 

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тек той 

емес,  алыс –жақын шетелдерге мемлекетшілдік 

дәстүріміздің тереңде жатқандығын жете білдіру 

болмақ. Бұл орайда  аса мол жұмыстар жүріп жа-

тыр. Дегенмен, тарихты зерттеуде, оқытуда  көңіл 

ортайтар  кемшін  тұстар  жоқ  емес.  Ол  кемшілік 

жарық көрген ғылыми шығармалар авторларының  

теориялық дайындығының төмендігінде  дер едім. 

Кеңес дәуірінен бізге жеткен  тарих ғылымындағы 

теориялық  зерттеулер  толығымен  философ 

ғалымдардың еншісінде болғаны белгілі.  Бүгінде 

«тарихи материализм» деп аталатын философия 

ғылымының  бір тарауы  мүлде ескерілмей қалған.  

Оның орнына оқу бағдарламасына енген «саясат-

тану, «мәдениеттану», «әлеуметтану» пәндерінің 

өз мақсаттары бар.

Ағылшынның белгілі ғалымы Эдварт Галетт Карр: 

«...многие современные  историки мертвы в ввиду 

того, что у них нет теории. Но теория, которой им 

не хватает, есть теория истории, а не какая либо 

постороняя  теория»  деп  жазған  болатын.  Мұны 

қазақ тарихшы ғалымдары да қолдайды.  Ғалым 

Қамбар Атабаевтың: «Қазақстан тарих ғылымының  

міндеті,  функциясы  не  болуы  керек?  Алдымен 

осыны анықтап алуымыз қажет. Қазақстан тарихы 

ғылымының  міндеті қазақ ұлтының тарихын зерттеу 

болуы тиіс» деген сөзімен  қалай келіспейсің?

Қазақстан  тарихын  жазу  қандай  міндет  болса, 

оны жас ұрпаққа жеткізу, оқытудың маңызы одан 

бір  де  кем  емес.  Біздің  ойымызша,    жоғары  оқу 

орындарының  тарих  факультетіндегі    оқу  үдерісі 

«Тарих ғылымының теориясы және методология-

сы» деп аталатын пәннен басталуы қажет.  Өйткені 

осы  ғылымды  түсінбей  тарих  деп  аталатын  сан 

қырлы, әр салалы, мұхиттай шалқар, асқардай биік, 

данышпандық  пен  білгірліктің  көзі,  ХІХ  ғасырдың 

орта шенінде «ғылымдар патшасы» атанған білім 

саласын толық меңгеру мүмкін емес. 

–  Осы  олқылықтың  орнын  толтыру  үшін 

қандай да бір әрекет бар ма?

– Бар. Алайда бұл мысқалдап жүзеге асатын ша-

руа. Біз қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық 

институтының  тарих  фаукультетінде    2004-2005 

оқу  жылынан  бастап,    Ғылыми  кеңес  шешімімен  

«Тарих  ғылымының  теориясы  және  әдістемесі» 

атты пәнін жүргізе  бастадық. Кафедра бұл орай-

да біраз тәжірибе жинақтады.  Осы пән бойынша 

оқу  құралдары  жарық  көрді.  Пәннің  қажеттілігі 

жөнінде конференцияларда баяндадық, мақалалар 

жарияладық

–  Тарих  ғылымында  пікірталас  нысаны  бо-

латын,  таласты  тақырыптарға  сіздің  түйінді 

пікірлеріңізді білгіміз келеді.  

– Біріншіден, қазақ халқының тарихына тығыз 

байланысты, бірақ қазір Қазақстан шекарасынан 

тыс қалған аймақтардың тарихы ғалымдар наза-

рына ілікпей отыр. Мысалы, Сібір хандығының 

тарихын көптеген  қазақ тарихшылары мойын-

дамайды.  Профессор  Мұрат  Әбдіров  осыдан 

бірнеше жыл бұрын шағын кітапша жазып, осы 

проблемаға  жұртшылықтың  көңілін  бұрып  еді.

Біз  де  өз  тарапымыздан  «Казахская  Сибирь» 

деп аталатын кітапша жазған болатынбыз. Шын 

мәнінде қазақ жерінің солтүстік бөлігі ондаған 

ғасырлар  бойы  Сібір  (Керей  )  хандығының 

құрамында болды. Аталған мемлекеттің тарихы 

толық зерттелді деп айту қиын.

Екіншіден,  қазақ  хандарының  бірнеше  жыл 

соғысқан  Маңғыт  (Ноғай)  Ордасының  тарихы 

жөнінде  де мардымды еңбек жоқ. Ал сол кездегі 

ноғайлар  бүгінгі  қазақтың  кіші  жүзі.  Қазақ  пен 

ноғайдың  айырылысуы  Хасан  Сәбитұлын  Асан 

Қайғыға  айналдырды.Ұлты  ноғай  Кочекаев  пен 

Ресей ғалымы Трепавловтың еңбектерінен басқа 

ештеңе жоқ.

Үшінші  түйін,  Шибан  әулетінің  де  тарихы  жан-

жақты  зерттелмеген.  Олар  негіздеген  Әбілхайыр 

басқарған мемлекет «Көшпелі өзбектер хандығы» 

деп аталды. Орналасқан жері қазіргі Тобыл-Торғай 

алқабы.  Бұл  мемлекеттің  соңғы  басшыларының 

бірі  Мұхаммед  Шибани  өмірінің  соңғы  жылдарын 

Бұхарада өткізді.  Оның ақындық өнері де болған. 

Ол  өз  шығармаларында  өзінің  туған  жері  Торғай 

даласын  «жер  жәннатына»  теңейді,  сағынады, 

аңсайды. «Менің ұрпақтарым ол жерді енді көрер 

ме екен?» деп армандайды.

Т ө р т і нш і ,   к е й б і р   ж у р н а л и с т е р ,   т і п т і 

тарихшылардың өзі Қазақ хандарының соғысқан 

ұлыстарын  жау  етіп  көрсетеді.  Аты  аталған  үш 

мемлекеттің  тұрғындары  да  бүгінгі  қазақтың 

ата-бабалары.  Өкініштісі,  тарихтан  хабары  жоқ 

адамдар  газет-журнал  беттеріне  мақала  жаза-

ды.  Соңғы  уақытта  баспасөз  бетінде  (әсіресе 

жергілікті) жарық көрген қазақ хандығына байла-

нысты мақалаларда қателіктер өріп жүр. Осын-

дай  шығармалар  оқырманның  тарихи  санасын 

қалыптастырады.  Мұндай  мақаланың  зияны 

айтпаса да түсінікті. Тарих еріккеннің ермегі емес. 

Онымен  тек  қана  мамандар  айналысуы  керек. 

Сонда  ғана  оқырманның  дұрыс  тарихи  санасы 

қалыптасады.  Қазақ  тарихын  зерттеуде,  оны 

мектепте,  жоғары  оқу  орындарында  оқытудың 

қордаланған  меселелері  жетерлік.  Оны  бір 

сұбхаттың барысында айтып болу мүмкін емес. 

«Көш жүре түзеледі» түбі бәрі ретке келер деген 

үміттеміз.



Сұхбаттасқан Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

15

C



M

Y

K



Тұсаукесер

Қостанай  қаласындағы  Л.Толстой  атындағы 

әмбебап  кітапханада  журналист  Абылай 

Маудановтың    «Сары  дәптер»  деп  аталатын 

тұңғыш өлеңдер кітабының  тұсаукесері өтті. Оған  

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік 

университетінде  оқып  жүргендегі  ұстазы,  қазір 

әріптесі ақын Нұрқанат Құлабаев  «Сары дәптер» 

деген  атты  лайық  көріпті.  Оның  себебін    осы 

кітапқа жазған алғы сөзінде  айтады: Білім орда-

сын сырттай оқитын Абылай студенттер арасында 

өтетін мүшайраға қатысу үшін өлеңдері жазылған 

сары дәптерін топ старостасынан ұстазына беріп 

жібереді. «Сары дәптерді парақтай бастадым: 

«Тыраулады тарналар...

Тізді нала,

Құбыланы бұлт жапты қызғыл ала.

Көрпе астында жылаған жетім қыздай,

Сібірлейді білдіртпей күзгі дала.

Сұр тұманмен тұншыққан төңірегі,

Иен далада ессіз жел еңіреді.

Ажал күткен жаралы жауынгердей,

Аспан ғана болымсыз демігеді». Студенттердің 

өлеңдерін мүшайраға іріктеп отырып, сары дәптерді 

оқығанда қуанғаннан айқайлап жібергенін жасырмайды 

ақын. «Ақын таптым!» дейді. «Сары дәптер» аталған 

жинақты  атына қарап, таңдана қолға алған оқырман 

да  Нұрқанат  бауырымыздан  кем  қуанбасы  анық. 

«Сары дәптерді» оқып отырып, Қостанай-Торғайдың 

құнарлы топырағы азбаған екен. Қазақ тілінің  құнарына 

құныға шөлдеген оқырман осыған қуанады. Абылайдың 

ақын  ағасы  Ақылбек  Шаяхмет:  «Абылайда  Кеңшілік 

ағасының    шұрайлы  тілі,  Серік  ағасының    ойлары, 

Сейіт  ағасының    қыжылды  қалжыңдары  бар»  деді 

тұсаукесерде.    «Абылай  Торғай  топырағында  туған  

Кеңшілік  Мырзабеков,  Серік  Тұрғынбеков,  Сейіт 

Кенжеахметовтердің  жарасымды  жалғасы»  дегені 

деп  түсіндік.  Абылай  өзінің  шығармашылығына 

арналған кешті «Көкалатым – киелім» деп атады. Осы 

Көкалаттың айналасынан Төлен Әбдіков, Қойшығара 

Салғарин, Қонысбай Әбіл түлеп ұшқан еді. «Ұлыдан 

қалған сөздердің, ұйқасын іздеп жүр дерсің» деп  ақын 

Күләш  Ахметова  жазғандай,  халқымыздың  ғылым-

біліміне,  әдебиеті мен мәдениетіне, рухани қазынасына 

Торғай даласынан Ахмет Байтұрсыновтан арғы жерде 

де, бері қарай да сала-сала болып құйылар бұлақ  аз 

емес.  

Кітаптың тұсаукесер кешінде авторға айтылар тілек 



те көп болды. 

– Абылай – ақын. Абылай бақытын лирикадан іздеуі 

тиіс, – деді Серікбай Оспанов ағасы.  Осы кезге дейін 

Абылай Маудановтың бірнеше жас ақындар жинағына 

өлеңдері    енді.  Жергілікті  жерде  өтіп  жататын  жыр 

сайыстарын  айтпағанда,  республикалық  «Бір  өлең 

–  бір  әлем»  республикалық  мүшәйрасында  үшінші 

орынды,  «Шабыт» жастар фестивалі аясында өткен  

жыр  бәйгесінде    бас  жүлдені  жеңіп  алған  болатын.  

Осы  жыр  бәйгесіндегі  қазылар  алқасының  басында  

қазақ поэзиясының  патшайымы Фариза  Оңғарсынова 

отырып, оған сәттілік тілеуі Абылайдың  ақындығына 

тағдыр таразысындай  еді.  

«Жұтаңдығы елдің етіне сіңген,

Ал, көлі сордың бетіне сіңген.

Жылап ағатын жылаңқы өзені

Жылан  секілді  жеті  кесілген»  деп  туған  жері  – 

жерұйығы  –  сары  даласының  суретін  жырымен 

сызғанда да, адалдықты, тазалықты аңсар өлеңдерінде 

де сары тап сағыныш жататындай. Кітапты парақтаған 

оқырман оның атымен де келіскендей болады. Болса 

болсын «Сары дәптер».  




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал