Туған жер тұлғалары Аманжол Күзембайұлы



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Жәмила СЕЙІТХАНОВА

Қазақстандық

мазмұнның маңызы неде?

Өндіріс – кең тыныс

7

C



M

Y

K



Биыл «Қазақфильм» киностудиясынан  режиссер 

Рашид  Сүлейменовтың    «Оралу»  атты  туындысы 

көрерменге  жол  тартты.  Оны  қостанайлық  жастар 

Рудный  қаласындағы  «Айгүл»  кинотеатрында  та-

машалады. Фильмнен бүгінгі  уақыттың, өмірдің бет-

бейнесін анық көруге болады. Жаһандану үдерісіне 

жұтылып кету тұтас халықтың ғана емес, әр адамның 

басындағы тағдыр тауқыметі деуге болады. Ал тұтас 

халықтың  тамырынан  үзілуі,  сөйтіп  бет  қаратпас 

жаһандану үдерісіне жұтылуы осылай әр адамның 

ұлтына, Отанына деген махаббатының көмескі тар-

туынан  басталатынын    фильм  ескертетін  секілді.  

Фильмдегі  актер Санжар Мәдиев сомдаған Мақсат  

бейнесі көрерменге алдындағы апанға түсуден аман 

қалған адамдай сезіледі. Шет елге білім қуып барған 

Мақсат ақырында ұлтынан, тегінен жеріне бастайды. 

Оған тікелей «қазақсың ба?» деген сұрақ қойылады. 

Сонда ол «солай деуге де болады» деп жауап береді. 

Оның бойындағы қазақ иісінің көмескіленгені сондай, 

ол Мақсат деген атын атағанды жаратпай, тіксінеді. 

Өзін  «Макс»    деп  таныстырады.  Тіпті,  атасының 

қазасын естірткенде қайғырмайды. Оның дерті, ойы 

– атасынан қалған мұра, ақша. 

Ал ауылда қалған,  Мақсаттың бауыры Мейрамбектің 

бейнесі  тіпті  басқаша  өрілген.  Оның  қазақы  қалпы 

тұнық күйінде, бүлінбеген. Ол Еуропада оқып, терең 

білім  алмаса  да,  оның  жаны  таза,  халқымыздың 

болашағы  үшін  толғанады,  оның  жауапкершілігін 

жақсы  сезінеді.  Ауылын,  ұлтын  сүйетіні  оның 

жылқыға  деген  ынтызарлығынан  көрініп  тұрады. 

Мақсаттың  өзгергені  оның  жанын  күйзелтеді.  Со-

нымен  қатар    мемлекеттік  бағдарламамен  ауыл 

мектебіне  келіп,  мұғалім  болып  жүрген  Іңкәрдің 

бейнесі де сенімді, жақсы шыққан. Аружан Жазыба-

ева сомдаған  Іңкәрдің бейнесінен шетелге бармаса 

да,  Еуропаның  шулы  қалаларында  жүрмесе  де, 

ауылға келген жастарымыз ешнәрседен кем қалып 

жатпағанын түсінуге болады. Ат құлағында ойнаған 

қазақ қызының сұлулығы қандай тамаша!  Мақсаттың 

отанға, туған жерге деген сөніп бара жатқан сезімін 

оятқан да Іңкәрдің, Мейрамбектің таза бұлақ суындай 

шынайылы деуімізге болады. Мақсаттың  бойында 

киелі сезім оянды, ол  ұшақтан түсіп қалуға әрекет 

жасайды. Мүмкін ол түбінде туған жерге қайта ора-

лар, бәлкім. Фильмнің  түйіні де осы. 

Фильмді тамашалаған «Нұр Отан» партиясының 

облыстық филиалы «жас Отан» жастар қанатының 

атқарушы  хатшысы  Ерлан  Төлетаев  шығарманың  

жастар  саясатындағы  өзекті  мәселені  қозғағанын 

айтты. Мақсат бүгінгі шет елде білім алып жатқан 

жастар арасында кездесетін жиынтық бейне деуге 

де болады.  

– «Оралу» фильмі дер уақытысында көрерменге 

ұсынылып  отыр.  Ол  өзекті  тақырыпты  арқау 

етуімен  қымбат  дер  едім.  Себебі  қазір  мемлекет 

қаржысымен шет елдерде білім алып,  тез өзгеріп 

шыға  келетін  замандастарымыз  аз  емес.  Жай-

лы  өмірге  тез  бойы  үйренген  қыздар  мен  жігіттер 

оқуын бітірген соң,  туған елге қайтқысы келмейді. 

Осындай келеңсіз көріністердің орын алғаны жасы-

рын емес. Менің  бір сыныптас досым Англиядағы 

Ливерпуль  қаласында    инженер-бағдарламашы 

мамандығын игерген болатын. Университетті бітірген 

соң, сонда жұмысқа қалды. Екі жылдан соң, бәрібір  

Қазақстанға  қайтып  келді.  «Бөтен  елде,  туыссыз, 

доссыз өмір сүрудің қиындығын сезіндім, өз  еліме 

ештеңе жетпейді екен» деп  мойындаған болатын. 

Оның туған ата-анасы, бауырлары  елге қайтуына 

көп  ықпал  етті.  Ал  «Болашақ»  бағдарламасымен 

оқып  жатқан  тағы  бір  таныс  құрбымыз  жақында 

Вена  қаласында  қалғысы  келетінін  айтты.  «Онда 

ғылыммен айналысуға толық мүмкіндік бар» дейді. 

Біз,  достары  оның  бұл  шешімінің  дұрыс  еместігін 

айттық.    Осы  құрбымыздың  көзқарасы    «Оралу» 

фильмінің бас кейіпкері Мақсатқа  ұқсайтын секілді. 

Ол да түбі  патриоттық сезімі оянып, туған жерге туын 

тігетін болады деп ойлаймын,--дейді Ерлан.

«Өзге  елде  сұлтан  болғанша,  өз  еліңде  ұлтан 

бол»  дейді  қазақ  халқы.  Атасының  мұрасын  іздеп 

кіндік қаны тамған жерге келген  Мақсат ақырында 

туған жердің киесін сезінеді. Ол атасының ғылыми 

зерттеулер  жүргізген  құжаттарын  тауып  алып,  оны 

өзі  иемденіп  кетпей,  атасының  рухын  сыйлауы, 

ғылыми жаңалықтың иесі Қазақстан деп бағамдауы 

патриоттық  сезімге  бөлейді.  Елін  сүюдің,  халқын 

құрметтеудің үлгісіндей туған жеріне деген қимастық 

сезімнің оянуы фильмнің басты кейіпкері Мақсаттың 

кіндік қаны тамған топыраққа оралатынына сендіреді. 

Фильмде Елбасы Н.Назарбаевтың сара саясатының 

арқасында тәуелсіз Қазақстанның қол жеткен табы-

стары да баяндалады. Елбасы жүргізген жастар сая-

сатына адалдық  бүгінгі жастардың Отан алдындағы 

борышы болуы тиіс. 

 

Олжас АҚЖОЛ



Кино

Туған жердің киесін сезіну

30


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Кәмшат  ДӨНЕНБАЕВА,  Еңбек  Ері:  –  Еңбек 

д е г е н і ң   ү л к е н 

тақырып.  «Еңбек 

етсең емерсің» деген 

ғой  халқымыз.  Жер 

жыртқан соқаның жүзі 

алмастай  жарқырай 

беретінін, қаңтарылып 

қойған соқаны тот ба-

сатынын бала күннен-

ақ  әдебиеттен  оқып 

өстік.  Жас  күнімнен 

еңбекке  араластым, 

зейнетке  шыққанға 

дейін трактор рулінен 

түскен  жоқпын.  Әр 

адамда  өзінің,  отбасының,  Отанның  алдындағы 

жауапкершілік  болуы  тиіс.  Еңбек  етпеген,  жалқау 

жан осы жауапкершілік сезімді жоғалтып алады. Қай 

заманда  да  әлемнің  әміршісі  –  еңбек  болған.  Біздің 

қоғамда тек адал еңбек еткеннің ғана шынайы құрметке 

ие  болатындығын  көріп  отырмыз.  Қандай  қызметте 

болсын өзінің адал еңбегі, ақыл-парасаты, өр мінезі 

арқасында талай жетістікке жетіп, белесті бағындыруға 

болады.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек туралы  

айтып  келеді.  Мұны  ол,  әсіресе,  жастарға  арнайды. 

Студент жастар еңбекті қалай түсінуі тиіс? Олар үшін 

еңбек  –  жақсы  оқу,  сапалы  білім  алу.  Әр  күнін  бос 

жібермей, кітапханадан шықпай оқыса, оның ертең-ақ 

нәтижесін көреді. Жақсы маман болып қалыптасады. 

Еңбекқор жастың рухани тұлғасы да биік болады. Мен 

жастарға  уақытты,  жастық  шақты  бағалаңдар  деген 

өсиет айтқым келеді.  



Жұмағали  ҚҰЛМАҒАНБЕТОВ,  зейнеткер:  – 

Мен  ғұмыр  бойы  ау-

ылда  тұрдым,  мал 

бақтым.  Қай  жұмыста 

болсаң  да,  оны  ын-

тамен  атқаруың  тиіс. 

Біздің аталарымыздың 

не г і з г і   к ә с і б і   м а л 

шаруашылығы  болған 

ғой.  Сонда  малшылар 

төрт  түліктің  жайын 

қазіргі зоотехник, вете-

ринар мамандар секілді 

біліп,  кең  даланы 

мыңғыртып мал өсірді. 

О с ы н ы ң   б а р л ы ғ ы 

д а   қ ұ р ы қ   ұ с т а ғ а н 

жылқышының,    сиыр 

баққан  бақташының, 

қой баққан қойшының маңдай терімен мүмкін болған. 

Табиғаттың  дауылында,  нөсерінде  немесе  аптап 

ыстығында далада мал бағу, оны иттен-құстан аман 

сақтау оңай ма? Оның жем-шөбін дайындау да шаруаға 

оңайға түспеген.

Еңбекті  тек  ғана  мал  бағу  немесе  орақ  ору  деп 

түсінуге  болмайды.  От  басын  құрып,  бала  өсіру, 

тәрбиелеу де еңбекпен келеді. Халқымызда «әр адам 

үй  салуы,  ұрпақ  өсіруі  және  тал  егуі  керек»  деген 

тәмсіл бар. Осының барлығы еңбекпен келеді. Жастар 

еңбекқор болмаса, ол туралы айналасында жақсы пікір 

қалыптаспайды.  Бүгін студенттерге жақсы оқу керек. 

Ыбырай атамыздың: «Сиса көйлек үстіңде тоқуменен 

табылған, сауысқанның тамағы шоқуменен табылған» 

деген  өлеңі  менің  есімнен  кетпейді.  Ұлы  ағартушы 

оқудың да еңбекпен келетінін айтқалы отыр. 

Адал  еңбектің  нәтижесі  адамды  ерекше  сезімге 

бөлейді, өзіне деген сенімділікке жетелейді, бақытқа, 

байлыққа жеткізеді. Еңбексүйгіш адам айналасына да 

сыйлы, беделді болады. Адам өз мақсатына ерінбей 

еңбек еткенде ғана қол жеткізе алады. Әркімге өзінің 

еңбегімен келген нәрсе ыстық және қымбат. «Бейнетің 

қатты  болса,  татқаның  тәтті  болар»  деген  халық 

даналығы осыдан шыққан. Осы уақытқа дейін балала-

рым мен немерелеріме адал еңбек етіп, маңдай тердің 

жемісін көре біліңдер деп айтып келемін. Шүкір, бүгінде 

үлкеннің  ақылымен  өскен  балаларым  өз  орындарын 

тауып отыр. 

Арайлым  ЕЛЕУІТОВА,  «Тілеу-қор-Үміт» 

қайырымдылық қорының қызметкері: – Мен өмірді 

сүйемін.  Жұмысымды 

жүрек  қалауыммен 

таңдағанмын. Оқуымды 

тәмамдаған  соң,  түрлі 

ұ с ы н ы с т а р   т ү с т і . 

Бірақ  мен  олардың 

ешқайсысына  барған 

жоқпын.  Өзіме  бала 

кезден  ұйымдастыру 

жұмыстары  ұнайтын. 

Жүрегім  қалаған  істің 

соңынан  Алматыға 

к е т т і м .     Б ү г і н д е 

қ а й ы р ы м д ы л ы қ 

жұмыстарымен  айна-

лысамын.  Мұны  бір 

жағынан сауапты іс деп 

білемін,  екіншіден  оған 

шығармашылықпен 

қарағандықтан  өзіме 

ұнайды.  Қазір ертемен жұмысыма жеткенше, бар ісімді 

тындырып, нәтижесін көргенше асығамын. Өз саламды 

меңгеріп,  зерттеп,  әрдайым  ізденіс  үстінде  жүремін. 

Қайырымдылық жұмыстардың нәтижелілігі және оған 

қаржы  табу  үшін  қызықты  жобалар  жасаймыз.  Бүл 

істе өзімнің мүмкіндіктерімді, біліктілігімді жетілдіруге 

тырысып жүремін. Жұмысқа ерте барып, кеш қайтамыз. 

Қор жұмысы барысында қолында  қаржысы бар бизнес 

саласының  өкілдерімен,  қайырымдылық  шаралары 

қызықты өту үшін белгілі адамдармен, жұлдыздармен 

кездесуге, оларды игілікті шараға тартуға тура келеді.  

Мұның барлығы да еңбек деп білемін. Бұл мені шабыт-

тандыра түседі.  Бойыңда бір пайыз талантың болса, 

қалғанына еңбектің арқасында жетесің. Қазір заман 

талабы-- адал, таза еңбек. Жастар алдымен қалауымен 

мамандық таңдап, сол саланың мықты маманы бола-

мын деген мақсат қоя білуі керек. Өмірдің мәні еңбек 

етуден тұрады. Жұмысыңа сүйіспеншілікпен қарасаң, 

онда айналаңа да сондай құрметпен қарайсың.   



Дайындаған Гүлнұр КӘКІМБЕК

Еңбектің құдіретін қалай түсінеміз?

Терлеп еңбек етпегеннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ

Бауыржан Момышұлы

Бейнет түбі – зейнет

8

C



M

Y

K



Өнерлі, белсенді, жігерлі жас

Аты-жөні: Ұзақбай Әйгерім Сұлтанбекқызы 

Факультет:  Аграрлық-биологиялық  факуль-

тет

Мамандығы:  Өңдеу өндірісінің технологиясы 

Курсы: 2 курс

Хоббиі:  Қолы  бос  уақытта  көбірек  таза 

ауада серуендеуді ұнатады, пікір-сайыс, жай-

дарман ойындары ойнап, кітап оқып, музыка 

тыңдайды

Сүйікті  кітабы:    Дейл  Брекенридж  Карнеги 

«Ораторское искусство и оказание влияния 

на деловых партнёров», Бердібек Соқпақбаев 

«Менің атым Қожа»

Арманы:    Тұлға  болып  қалыптасу,  алдағы 

уақытта  оқуын  үздік  бітіріп,  өз  еліне  үлес 

қосар азаматша болу

Өмірлік ұстанымы: «Адам боп келдім өмірге, 

адам боп кету - парызым»

Жетістіктері:  №2  студенттер  үйінің 

төрайымы, «Ахмет ұрпақтары» пікір-сайыс 

клубының  мүшесі, «Ахмет ұрпақтары» жай-

дарман  тобының  ойыншысы,  2013  жылғы 

студенттер үйінің үздік старостасы, 2014 

жылғы үздік төрайым, асыл ару байқауының 

«Жарқын ару» номинациясының иегері 

Көпшілік пікірі: Әйгерім ортамен тез 

тіл  табысып  кетеді.  Ғаламторда 

отырып, достармен әңгімелескенді 

жақсы  көреді.  Білімді,  алғыр, 

жігерлі қасиеттердің бәрі бір 

ғана  Әйгерімнің  бойынан 

табылатындығын доста-

ры жиі айтады.

29

Университет мақтанышы



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Ұлы  Отан  соғысы  тарихының 



б е т т е р і н   п а р а қ т а ғ а н   а д а м 

Ж е ң і с   т у ы н   ж е л б і р е т у г е  

Қазақстанның  қосқан  үлесі  мол 

екенін  байқар  еді.  Аяқ  астынан 

басталған  әділетсіз  арпалысқа 

Қ а з а қ с т а н н а н   2   м и л л и о н ғ а 

жуық  адам  әскер  қатарына 

шақырылды.  Солардың  бірі, 

жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының 

ардагері,  Қасымхан  Алдабер-

генов  болатын.  Бүгінде  жасы 

тоқсанға  таянған  қарт  абыз 

соғыс  оқпақтары,  Жеңіс,  май-

дандас достары туралы тебірене 

әңгіме  айтады.  Жалынды  жыл-

дарды еске алып отырады.

– «Встать!», «Ложись!», «Бегом 

марш!», «Направо-налевоға» 17 

мен  25  арасындағы  жасымыз-

ды  беріппіз.    Адамға  бір-ақ  рет 

берілетін  өмірдің  бұл  қандай 

тұсы  екенін  айтып  жату  артық 

шығар. Ғылым мен білімді, өнер 

мен  өнегені  игеретін  албырт, 

гүлдей жайнайтын кезің емес пе?! 

Бірақ  қайда,  қандай  жағдайда 

жүрсең де өмір өрнексіз өтпейді, 

өзіндік  із  қалдырады,  –  екен 

дейді Қасымхан ата.

 1943 жылы мұрты тебіндеген, 

17  жасқа  енді  толған  бозбала 

еді.  Майданға  аттанды.  Ауылға 

майданнан  «қара  қағаздың» 

қарғадай  жуып    тұрған  кезі. 

Жас  жігіттің  бойында  ағалары, 

әкелері үшін жаудан кек аламын 

деген  алапат,  патриоттық  езім 

болатын.  Соғысқа  Қостанайдан 

Златоуст пулемет училищесінен 

барды. 


– Ұрысқа жаяу әскер есебінде 

кіргенмен,  әуе  десанты  болып, 

жау тылында айқастық, – дейді 

майдангер. Қасымхан батыр Ба-

тыс Еуропа – Венгрия, Австрия, 

Чехословакия елдерін фашизм-

нен азат етуге қатысты. 

Өткен ғасырдың 50-ші жылда-

ры әскерден босап, елге келеді. 

Соғыстан кейін қаруды қаламға 

айырбастап,    «Қостанай  таңы» 

газетінде ширек ғасырдан астам 

меншікті  тілші  болып  жемісті 

еңбек  етті.  Қасымхан  аға  об-

лыс  шежіресін  жазды.  Өлең 

де  жазып,  ән  де  шығаратын.   

Қ а л а м г е р ,   ұ с т а з - т ә л і м г е р 

халқымыздың  ғажайып  өнері 

– айтысты, жырау-термешілікті 

жалықпай  насихаттап  келеді. 

Ол талай айтысқа қатысып, суы-

рып салма өнерімен көрерменді 

тәнті еткен. 

Ұлы  Жеңістің  55  жылдық 

м е р ей т ой ы н д а   м а й д а н г е р 

қ а р т   А с т а н а д а н   ш а қ ы р т у 

а л ы п ,   6 5   ж ы л д ы ғ ы н д а 

Мәскеуде  өткен  Жеңіс  пара-

дына  қатысып  қайтқан  сан 

алуан  сарбаздардың  бірі  бол-

ды.Кеңес  Одағының  Батыры 

Естай  Есжановтың  ерлік  та-

рихын  біраз  зерттеп,  жари-

ялады.  Естай  батыр  жайлы 

соғыс  кезінде    жазылған  та-

лай  дүниелерді  тауып,  бүгінгі 

ұрпаққа  жеткізді. 

Қасымқан  Алдабергенов  I 

және  II  Украин  майдандарын-

да  соғысып  ерлік  көрсеткені 

үшін II дәрежелі «Отан соғысы» 

орденімен,  «Ерлігі  үшін»  және 

көптеген мерекелік медальдары-

мен марапатталған.

Қасымқан  ата  студенттер-

мен,  оқушылармен  жиі  кездесіп 

тұрады.  Ақыл-кеңестерін айтып, 

майданда от кешкен достарының 

ерліктерін  баяндап  отырады. 

Отан  үшін  от  кешкен  батырла-

рымыз аман болғай!

Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ, 

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамандығының 4 курс студенті

Отан үшін от кешкен

немесе соғыс ардагері 

Қасымқан Алдабергенов жайлы ойтолғам

9

C



M

Y

K



ұсынысымыз жерде қалмай, орындалды ды... 

Сол жылы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана 

мамандарын (штат) қысқарту жөніндегі облыстан түскен 

қаулыға  қарсы  шығып,  рухани  орданың  сақталып, 

бөлімдерінің толық жұмыс істеуі үшін араша түсуге бел-

сене араласқан екі адам болса, соның бірі – жетісулық  

біз,  екіншісі  –  жетісайлық  Көбей  Жетібай  болған. 

Арнайы  келген    тексеріс  мүшесі  (ревизор)  біздің  бас 

көтеруімізге разы болып, жастарға кітапхана керек екен 

деп, қаулының күшін жоюға уәде берді. Шындығында, 

кітапхана  сақталып  қалды.  Бұл  –  Торғай  өлкесінде 

білім  алған  өзге  облыс  тумасының  Арқалыққа  деген 

сүйіспеншілігі еді...

Үшіншіден, біз – студенттік кезде-ақ, кітап шығардық. 

Алғашқысы  –    «Қаламгер,  ғалым,  қайраткер  Ахмет 

Байтұрсынұлының  әдеби  мұрасы»  атты  ғылыми 

зерттеу  еңбек.  2-курста  шықты.  Жетекшіміз  Ардақ 

Әмірханқызымен бірігіп жазылды. Бұл кітаптың шығуына 

мұрындық болған марқұм қарымды қаламгер Қоғабай 

Сәрсекеев  атамыз  еді.  Институт  ректоры  Сейітбек  

Қуанышбаев демеушілік жасады, ол кісі шығармашыл 

жастарды үнемі қолдап жүреді. Екінші кітап – «Мен де 

АрқМПИ  түлегімін...»  деп  аталды.  Бұл  кітапқа  2011-

2014 жылдар аралығында, яғни, студенттік шағымызда 

әр  түрлі  оқиғаға,  түрл  іс-шараларға  орай  жазылған 

мақалалар мен замандастар жайлы ой-толғамдар  енді.  

Осы  кітаптың  шығуына  да  себепкер  болған  институт 

басшысы. Ол кісіге Алла разы болсын!

Төртіншіден, журналист ретінде студент кезімізден-ақ, 

Арқалық, Торғай өңірінің өзекті мәселелерін мерзімді 

басылымдарға  жариялап,  үн  қосқан  екенбіз.  Сол 

біз  қозғаған  олқылықтардың  көбі  оңтайлы  шешімін 

тапты  десек,  артық  айтқанымыз  емес.  Атап  айтар 

болсақ,  «Арқалық – шалқар көкжиек»  (республикалық 

«Ана  тілі»  газеті,  №22(1122)  31  мамыр  –  6  мау-

сым,2012), «Арқалықтың сегіз жылы бар» («Экономи-

ка» газеті, №1(383) 1-16 қаңтар,2015),  «Арқалықтағы 

ескерткіштерден  айырылып  қалмайық!»    («Ана  тілі» 

газеті,№42  (1195)    19-25  қазан,  2013),  «Далалық 

өлке»  Торғай  тарихынан  сыр  шертеді»  («Ана  тілі» 

газеті,  №18(1224)  7-14  мамыр,  2014),  «Алтынсарин 

аманатына  адалдық»  («Ана  тілі»  газеті,  №36(1242) 

11-17  қыркүйек,  2014),  «Тарихи  атауларды  қалпына 

келтірейік» («Ана тілі» газеті, №43(1249) 30 қазан – 5 

қараша), «Тарихм мұраларымызды бағалайық!»  («Ана 

тілі» газеті, №41(1247), 16-22 қазан, 2014), «Қазақстан 

Темір жолы» АҚ қайда қарап отыр?! Станцияға тоғыз 

сағат тоқтайтын поезд» («Экономика» газеті, №45(374), 

13-19 қараша, 2014) секілді тағы басқа мақалаларымыз 

бен  жанайқайымыз  жиі  республикалық,  облыстық, 

қалалық басылымдарға жарияланып жатты. Жоғарыда 

келтірілген  мысалдар    бұлардың  тек  бірпарасы 

ғана.  Біздің  жазғандарымыздың  дені  облыстық 

«Қостанай таңы», қалалық «Торғай», «Арқалық хаба-

ры» газеттеріне жарияланған. Торғай өлкесіне келгенде 

тұңғыш мақаламыз  «Арқалық хабары» газетіне шыққан 

еді...Енді осының бәрі – өз алдына естелік. 

Арқалықтан Алматыға жүретін поезд туралы мәселе 

көтерген  едік,  құзырлы  органнан  қуанышты  жауап 

келді. Торғай халқы үшін атқарған пайдалы ісіміз осы 

болды. Өзіміз  руға, жерге, географиялық орналасуға 

байланысты  бөлінгенді  ұната  қоймаймыз.  Жікшілдер 

тобырынан болмағанымызға қуанамыз. Біз, үшін Торғай 

мен Жетісудың ешқандай айырмашылығы жоқ. Бірі – 

туған, өсіп-өнген жер болса, екіншісі – жастық шағымыз, 

студенттік кезіміз өткен жер. Сонда да, Торғайдың орны 

алабөтен. 

ЖҮРЕК ҚУАНЫШЫ: Арқалық бізге не берді? Абырой 

берді. Білім берді. Ұлтжанды азамат болуды үйретті. 

Кітабымыз  шықты.  Мерейімізді  асқақтатты.  2014 

жылдың  26  -қараша  күні    облыстық  жасөспірімдер 

театрында Көбей досымызбен бірігіп, «Біз де АрқМПИ 

түлегіміз...» атты шығармашылық кеш өткіздік.

Шөптібай  Байділдин,  Молдатай  Жапарұлы, 

Қуанышбай  Қазымбеков,  Қонысбай  Ағуанұлы  секілді 

аға буын өкілдерімен жақын қарым-қатынаста болдық. 

Марқұм Роза Халыққызының көп жақсылығын көрдік. 

Бақытгүл  Дәуітбекқызы,  Гүлбаршын  Спанқызы, 

Зульфия  Николайқызы,  Гүлжанат  Қалашқызы,  Роза 

Лайыққызы  секілді  апайларымыз  үнемі  қолдап, 

шығармашылық  ізденісімізге  қолдау  көрсетті.  Бұл 

кісілерге шынайы жүрегімізбен ақ тілегімізді білдіреміз. 

Арыстан  Есмұхамедұлы,  Мұрат  Жүнісұлы,  Дархан 

Амантайұлы, Қайрат Әлімұлы сияқты белгілі жорналшы 

ағаларымыздың сенімінен шықтық. Әсіресе, Қайрат аға-

доспен жақын  шығармашылық байланыста болғанымыз 

мәңгілік естен шықпасы анық.

ЖҮРЕК АРЫЗЫ: Тегінде, адамның атаққа қызыққаны 

жақсылық  емес  екені  белгілі  жәйт.  Алайда,  атқарған 

еңбегіңнің  еленбеуі  қиянатпен  бірдей  сезіледі  екен. 

Жақсы  бастамаға,  игілікті  басталған  іске  көлденең 

кедергілердің кездесуі де өмірдің бір заңдылығы ма деп 

қаламын. Дегенмен, адал еңбек ғана бәрін де жеңбек деп 

жұбатамыз жүректі.Елге, жерге еткен қызметің үшін сол 

елден сый-сыяпат күту, дәмету – сорақылық. Жаратқан 

ием  жүрекке  иман,  руханиятқа  деген  жанашырлық 

сарқылмас сезім берсін!

ЖҮРЕК  СӨЗІ:  Киелі  Торғай!  Сен  менің  бағыма 

жазылған бақытсың! Мен сенің тамыры терең тарихыңа 

аш  көзіммен  үңілгенімде  басымнан  сипап,  алдыма 

бар асыл қазынаңды жайдың. Мен енді қасық қаным 

таусылғанша сенің әрбір жарқын көрінісіңді жазып өтуге 

дайынмын.

ЖҮРЕК ҮМІТІ: Ілгері күннен күтеріміз көп. Арқалықтың, 

Торғайдың  дамып,  қарыштап  өсуіне  бек  сенеміз. 

Торғайдың даласының гүлденуіне, Арқалықтың ғұмыры 

елімен мәңгі боларына деген сеніміз басым. Үміт алға 

жетелейді.

 

 

 



 

Елдос ТОҚТАРБАЙ,

Торғайдың жетісулық баласы

28

1   2   3   4   5   6   7




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет