Туған жер тұлғалары Аманжол Күзембайұлы



жүктеу 0.63 Mb.

бет2/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Роза ХАЙДАРҚЫЗЫ

Е л д і ң   б е р і к 

б о л а ш а ғ ы   ү ш і н

4


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қостанайда    «Елбасымен 



бірге  -  жаңа  жеңістерге!» 

атты  студент  жастардың 

форумы  өтті.  Бұл  шараны 

ҚР  Президенттігіне  үміткер 

Н.Ә.Назарбаевтың Қостанай 

облысындағы қоғамдық шта-

бы ұйымдастырды. Басқасуға 

өлкеміздегі  жоғары  оқу 

орындарының  басшылары 

мен  ұстаздары,  болашақ 

инженерлер мен агрономдар, 

журналистер және заңгерлер 

қатысты. 

Қостанайдың  студент 

ж а с т а р ы   ә р қ а ш а н   ұ л т 

көшбасшысын қолдап келеді. 

Олардың  әрқайсысы  оқу 

және  шығармашылықтағы 

жетістіктері  арқылы  елдің 

болашағы  екендіктерін 

дәлелдеуде.  Алда  өткелі 

отырған  кезектен  тыс  сай-

лау науқанына қолдауларын 

жоғары оқу орындарының басшылары мен Қостанай 

облысы  жастарының  өкілі  білдірді.  Оның  ішінде 

А.Байтұрсынов  атындағы  ҚМУ  ректоры  Асқар 

Нәметов,  ҚМПИ  ректоры  Қуат  Баймырзаев,  «Жас 

Отан»  ЖҚ  орындаушы  хатшысы  Ерлан  Төлентаев 

жастарды  сайлауға  қатысуға  шақырып,  әрбірінің 

даусының өте маңызды екендіктерін айтып өтті. 

2015 жылдың 26 сәуірінде өткізілетін президенттік 

сайлауды  мемлекет  түгелімен  қолдап,  сайлау 

науқанына қатысты іс-шаралардың өткізілу барысына 

бір  адамдай  кірісті.  Осындай  жұмыстарға  Қостанай 

Мемлекеттік  университеті  де  өз  үлесін  қосып  отыр. 

Ендігі кезекте сайлау жайлы оқытушылардың пікіріне 

көз жүгіртейік.   

Сансызбай  ЖИЕНТАЕВ,  А.Байтұрсынов 

атындағы ҚМУ про-

фессоры, экономи-

ка ғылымдарының 

д о к т о р ы :   – 

Д ү н и е ж ү з і л і к 

э к о н о м и к а л ы қ 

к е ң і с т і к т е г і 

бәсекелестік кез кел-

ген елдің әлеуметтік-

э к о н о м и к а л ы қ 

ө р к е н д е у і н е 

ықпал  етіп  отыр. 

Д ү н и е ж ү з і н д е г і 

мемлекеттерді  шарпыған  экономикалық-қаржылық 

дағдарыс  мемлекеттердің  ішкі  қуатына  сынақ  бо-

лары  сөзсіз  және  оған  дайындығы  мықты  ел  ғана 

төтеп  береді.  Дағдарыс  бір  мемлекетті  тұралатса, 

екіншілерінен  «сырғып»  өте  шығуы  да  ықтимал. 

Сондықтан, Президент Нұрсұлтан Назарбаев кезектен 

тыс, президенттік сайлау өткізу туралы шешімге қол 

қойып, көрегенділігін тағы бір мәрте дәлелдеп өтті. Бұл 

сайлау елімізге жаңа серпін әкелері анық. 

Дмитрий ЛЕГКИЙ, А.Байтұрсынов атындағы 

Қ М У   п р о ф е с -

с о р ы ,   т а р и х 

ғылымдарының 

д о к т о р ы : 

«Бүгінде  елімізде 

ірі  шараның  бірі 

өткелі отыр. Келер 

жылы  екі  бірдей 

сайлаудың  кезегі 

келеді.  Сондықтан 

осы  шара  бары-

с ы н д а   а л п а у ы т 

елдердің қандай-да 

бір жоспарларының 

жүзеге аспауы үшін 

бір сайлауды биылғы жылы өткізгендігі дұрыс деп 

ойлаймын.  Елбасының  өзі  сыртқы  қайшылықтар 

мен ішкі іріткіге қатысты халықтың қорқыныштарын 

басып, экономикалық дағдарыстан шығар жолда 

ауызбіршілікке  шақыру  қажеттігіні  атап  өтті. 

Аталмыш  сайлау  тек  халықты  сабырға  шақыру 

ғана емес, сонымен қатар Ресей Федерациясына 

«Қазақ еліне әлі талай жыл Назарбаев басшылық 

жасайтындығын және Евразиялық экономикалық 

одақ  алға  жылжитындығын»  түсіндіру  үшін  де 

қажет».

Гүлнұр ӨМІРЖАНҚЫЗЫ

Үміткерді қолдау



Сайлау – 2015

5

C



M

Y

K



«Әлі  есімде.  Өмірлік  жарым,  сыңарым  болған 

аруды  жолықтырған  кезім.  Иесіз  қалған  ескі  үйдің 

пешінде  тұтанған  от  сияқты,  ғайыптан  ішкі  жан 

дүниеме сезімнің алауын жағып жылу ұялатқан еді. 

Оның мөлдір кіршіксіз көздері шашқан пәк сезімнің 

ұшқыны менің жүрегімнің шоғын өршіткен болатын. 

Содан бері біраз жылдар өтті, ол кезде біз әлі мектеп 

оқушысы едік. Екеуміз жаққан жалынды махаббаты-

мыз әлі де алаулап тұр. Сол сезімнің оты өміріміздің 

сан  түрлі  қуанышты  сәттерінде,  бізді  ұйтқып  кеп 

соққан  желмен    шарпып,  қайғы  болып  та  күйдіріп 

жатты,  ал  кейде,  қыстың  қаһарлы  күндеріндей 

көңілдің суық уақыттарында сол махаббатымыз бізді 

жылытып, сезімнің қатып қалған тұстарын ерітетін. 

Біздің басымызға түскен талай қиындықтарға төтеп 

берген махаббатымыз мұз үстінде алаулап жанған 

от сияқты еді» деп, бастады әңгімесін Ержан ағай.  

Біз Ержан ағайдың айтқандарына құштар болдық. 

Әңгімелері  кімді  болсын  баурап  алатын.  Бұл  ол 

кісінің сөздерінің кереметтілігі ме, әлде, айтушының 

өз  қасиеті  ме,  әйтеуір  тобымыз  осы  ағайдың 

әңгімелеріне  ғашықпыз.  Сабақтан  қалған  5-10 

минут  ұстаздың  керемет  туындыларына  тыңдауға 

жетпейтін, ал біз болсақ барынша созуға тырысамыз. 

Сондай бір сәттің орайы туды, ағайды студенттер 

боп кездесуге шақырдық. Тағы да тамаша бір әңгіме 

айтып  беруге,  қазақ  әдебиеті  пәнінің  мұғалімінен 

өтіндік. Ол кісі кідірместен келісті. Топтың қыздары 

махаббат жайлы әңгімеге ынтызар еді, сол бір та-

маша сезім, сананы жаулап алатын, саналы әр бір 

жан жүрегінде бар  махаббат несімен құдіретті еді?... 

Осы отырыс та махаббат жайлы әңгімемен өрбіді.

Ержан ағай әңгімесін жалғастыра келе:

–  5-ші  сыныпта  оқитын  кезім.  Керемет  алғыр 

болмасам да, өз-өзімді танып, етек-жеңімді жинап, 

ақылым  толыса  бастаған.  Осы  уақытта  қатарлас 

балалар  әңгімесінде  «алғашқы  махаббат»  атты 

кейіпкер пайда бола бастағанда, ол мен үшін таңсық 

емес  еді.  Жастайымнан  қыздарды  жақсы  көруші 

едім. Әдемілікті ұнатам. Өзіме жолыққан немесе бір 

көріп қалған қатарлас қыздардың бәріне ғашық боп 

қала берем. 5-сыныпта оқып жүргенімде жаңадан бір 

қыз келді. Арқасында өрілген білектей қос бұрымына 

ақ  торғын    бантик  қадаған,  қарлығаштың  түсіндей 

ақ-қара  мектеп  формасын  киген  қыз  кіріп  келді. 

Әдеттегідей апай оны сыныптағы оқушылармен та-

ныстырды, есімі Ақжан екен, оны Кәлиманың қасына 

жайғастырды.  Ал  Кәлима  болса  менің  алдымдағы 

партада  отыратын.  Сендерге  де  белгілі  болып 

отырған шығар, бұл қызға бірінші боп  кім тиісерін. 

Иә, әрине, ол мен.  Ал сезім білдіруге келгенде, менен 

озық түсер бала жоқ еді. Ұнатқан қызымның жанына 

барып, шаштан тартып, дәптерін шимайлап немесе 

кітабын ала қашып соңымнан талай қызды жүгіртіп 

едім. Бұл әрекетім бірақ осы жолы нәтиже бермеді. 

Соңында  керемет  романтика  емес,  «сыныптағы 

тәртіпсіз оқушы» деген атақ пен қабырға газетіндегі 

суретіме әкеп соқты. Мектептегі барлық оқушылар 

алдында  ұятқа  қалдым.  Жоғары  сынып  ұлдары 

тиісіп, «сен боқмұрынға не қыз керек?» дейтін. 

Бүйтіп  қыз  қарата  алмасымды  түсіндім.  Осыдан 

бастап  Ақжанның  алдында  сағым  сынып,  көңілім 

қалып,басымды  жоғары  көтермейтін  болдым.  Со-

дан бері «бала ғашық» «бала жасыққа» айналды. 

Махаббаттан алыстай түсіп, ойлаудан қалдым. Дос 

болып ойнап-күлген қыздар сол дос қалпында қала 

берді. Махаббатымды Ақжан өлтірді десе де болады.

Анам  менің  мінез-құлқымдағы  өзгерісті  бірден 

сезді.  Болған  оқиғадан  кейінгі  түрімді  көріп,  дереу 

мектепке келді. Кіре салысымен қабырғадағы тайға 

таңба басқандай, бақырайтып менің есімім жазулы 

тұрған қабырға газетін көрді. Бір қызды бажылда-

тып, шашынан тартып жатқан бұзақы ұлдың суреті, 

үстінде  бағытталып  көрсетіп  үлкен  әріптермен 

Қонысбай    Ержан  деп  жазылған.  Анашым  сынып 

жетекшімнен барлық мән-жайды сұрап-біліп, кешке 

менімен сөйлесті.

– Балам-ау, ол жаңадан келген қызға неге тиістің? 

Сендер  бір-біріңді  толық  танып  білмейсіңдер  ғой. 

Олай  істеуің  мәдениетсіздік  болады,  енді  бұлай 

қайталама,балам. Ертең барып кешірім сұра, жарай 

ма? – деді. 

Мен болсам басымды изеп, үндемей отыра бердім. 

Ертесіне  сабаққа  келісімен,  жүгіріп  барып 

ентіге  Ақжаннан  кешірім  сұрадым.  Жүрегім  ала 

сұрып,  қолдарым  дірілдеп,  ұялғанымды  білдірмес 

үшін  жүгіріп  келгенім  де  сол.  Қыз  алдындағы 

ұяттылығымды  осылай  ентіккен  болып  жасырдым. 

Әйтпесе, сынып тентектері бірден мазақтап күлкіге 

айналдырар  еді.  Тағы  да  ұятқа  қалғым  келмейді. 

Бұл  да  намысқойлығым.  Шын  мәнісінде  жүрегім 

кешірім сұрап, сәл де болса тілдесуге асығып тұр. 

Қобалжығанымды  бәрібір  кішкентай  қыз  Ақжан 

байқап  қойды.  Кешіреді  ғой  деп  барған  едім, 

«жығылғанға жұдырық», қаршадай қыз «кетші бар» 

деген  бір  ауыз  сөзбен  шығарып  салды.  Бекер-ақ 

келгенмін.  Барлық  сыныптас  достарым  күліп,  ке-

лемеждей бастады. Төмен қарап сыныптан жүгіріп 

шықтым. Сол күнгі сабақ жайына қалып, ата-аналар 

жиналысымен аяқталды. Тағы да нәтижесі сол Ержан 

сабақтан қашу өнерін шығарды, бұзақы боп барады. 

Бірақ  күндер,  айлар,  жылдар  өтіп  жатты.  Уақыт 

емші  барлығын  өз  орындарына  қойып,  сол  күнгі 

қателіктерді  ұмыттырып,  оларды  өткен  күннің 

естелігіне айналдырды. Әр бір қоңырау сыңғыры, әр 

бір қоңыр күз сол балалық махаббаттан алыстата 

берді. Ержанның ерке қылықты махаббаты Ақжаннан 

арыла бастады. Ақыр соңында сол сезім қалай ғана 

жойылып кеткенін байқамай қалдым. 

Кенже ОРАЛҰЛЫ

(жалғасы келесі санда)

Мөлдір махаббат



Әңгіме

32

Жас қалам



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  - 



1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан 

Республикасы  Президентінің 

Жарлығымен  Мемлекет  басшысы 

жанындағы консультативті-кеңесші 

орган  ретінде  құрылғаны  белгілі.  Президент 

Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру 

идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші 

жылына  арналған  Қазақстан  халқының  алғашқы  

форумында  жариялады.  Мен  осы  форумға  да, 

Ассамблеяның алғашқы бас қосуына да қатыстым.

Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, 

сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, 

поликонфессиялық  мемлекеттің  тұрақты  дамуы 

тұрғысынан  туындаған  болатын.  Аталған  баста-

ма  мәдениет  аралық  диалогты  нығайтудың  жаңа 

кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды 

дамыту  мәселелерін  жоғары  деңгейде  шешуге 

мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт 

болды.  Оның  дамуы  барысында  этносаралық 

толеранттылық  және  қоғамдық  келісімнің 

қазақстандық  үлгісі  қалыптасты.  Осы  жылдар 

ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымы 

нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол 

халық  дипломатиясының  маңызды  күретамырына 

айналды. Бүгінде Ассамблея Елбас төрағалық ететін 

конституциялық орган болып табылады. Бұл оның 

ерекше мәртебесін айқындайды.

Мұратқа  жолын  тапқан  жетеді.  Еңбегіміздің 

жанбағы  біздің  ортақ  үйімізді  бейбітшіліктің  бесігі 

етіп, барды бағалай білуімізге байланысты.

Қазақты  қасиетті  қара  шаңыраққа  баласақ, 

еліміздегі  барша  этностар  –  сол  шаңыраққа 

шаншылған уықтар. –  Ортақ ордамыз - Қазақстанның 

босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу 

ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» 

Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан 

табылады. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз - бір, 

мақсатымыз  –  жалғыз.  Ол  -  жері  гүлденген,  елі 

түрленген,  дамуы  жедел,  ұрпағы  кемел  Мәңгілік 

Қазақстан!»  – деп атап көрсеткен болатын.

Қазіргі уақытта жоғарғы оқу орындарында тәрбие 

жұмысы жақсы жолға қойылды. Ахмет Байтұрсынов 

атындағы ҚМУ-де «Өнер» студиясы жұмыс істейді. 

Интеллектуалдық  және  пікірталас  клубтары, 

көңілділер  мен  тапқырлар  клубы,  түрлі  спорт 

секциялары  жастардың  сүйікті  істеріне  айналды. 

Университетте  этносаралық  студенттік  Ассамблея 

құрылды.  Олар  көптеген 

игілікті  істерге  ұйтқы  бо-

лып  жүр.  Студенттер 

«Мәңгілік ел» деп аталған 

патриоттық  акцияға  да 

белсене қатысты. 

Екінші  және  үшінші  курс 

студенттері  қоғамдық 

ж ұ м ы с т а р ғ а   б е л с е -

не  қатысуымен  көзге 

түсіп  келеді.  Олар  түрлі 

ғылыми жобаларды жүзеге 

асыруға атсалысады, шет 

елдердегі университеттер-

де  стажировкадан  өтуге 

және  тәжірибе  алмасуға 

мүмкіндігі мол.  Жыл сайын 

«Парасатты  жастар»  деп 

аталған студенттік бизнес-

жобалар конкурсы өткізіліп 

тұрады.


Жоғарғы курс студенттері 

б о л с а     т а ң д а ғ а н 

мамандықтары  бойынша  кәсіби  шеберліктерін 

шыңдайды,  дипломдық жобаларын іске асыру үшін 

ізденеді, келісім-шарт бойынша жасалған жоспарла-

рын іске асыра бастайды. Университетте жастар ын-

тасын қолдау орталығы құрылған, оның құрамында 

«Тұлға  тәрбиелеу»  орталығы,  «Сұңқар»  спорт 

клубы, «Жас өркен» студенттер театры тағы басқа 

интелектуалдық клубтар бар. «Ахмет ұрпақтары» деп 

аталатын пікірталас орталығы жастардың ой өрісін 

кеңейтуге ықпал жасайды, жастар күшімен оқу орда-

сында «Білім жарысы» газеті, «Жас өркен-Қостанай» 

журналы жарыққа шығып тұрады.

А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 

университетінің қамқоршылар және түлектер Ассоци-

ациясы университеттің жоғарғы курс студенттері мен 

түлектеріне,  бизнес-мемлекеттік  құрылым  басшы-

ларына, білім беру сапасын жақсартуға қатысатын 

барлық азаматтарға қолқабыс жасап, университеттің 

тұрақты дамуына және жоғары білікті мамандарды 

дайындау  орталығы  ретінде    жастарды  жұмысқа 

орналастыруға  көмегін көрсетіп келеді.

Наталья  КИМ,

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ

аппарат басшысы, ғалым хатшы

Ел бірлігі – рухани мұра

6

C



M

Y

K



Қаз-қалпында

Қазақы  құнарлы  жерде,  шалғайдағы 

Торғай  топырағында,  ұлттық  тәрбие 

бесігінде тербелдік. Сырт жаққа, қалаға 

қарай көп жол түспеді. Шетел тірлігін 

экран,  кинолардан  көріп,  таң-тамаша 

қалатынбыз.  Алматыда,  асқақ  Ала-

тау баурайында ҚазМУ-де 

оқып  жүрген  жылдары 

қара  нәсілді  адам-

дарды тұңғыш рет 

көрдік.  Үстіндегі 

киімдері  қымбат. 

Е с т у і м і з ш е , 

қалталары  қалың. 

Б о я у ы   қ а н ы қ . 

Тістері  ғана  аппақ. 

К ө ш е д е   к е з д е с е 

қалса, оларды көзбен 

біраз  жерге  дейін 

ұзатып  салушы 

е к .   Қ ы з ы қ т ы 

қ а р а ң ы з ш ы . 

Алыстағы Аф-

рика адамдары 

Арқа  төсіне 

ж а й ғ а с қ а н 

елордаға  да 

жол  тауып, 

т а б а н ы н  

тигізе 

бастапты.  Астана 

қаласындағы  тоғызыншы 

кіші  аудан  жақтағы  Мұстафин 

көшесіндегі  саябақтан  өзіме-өзім  сен-

бестей көрініске тап болдым. Отыздар 

шамасындағы негр жігіті қазақ қызымен 

қол  ұстасып  барады.  Баяу  қозғалған 

арбада екеуінің жақында дүниеге келген 

нәрестесі  жатыр.  Жалғыз  мен  ғана 

емес,  саябақта  тынығып  отырған 

көпшіліктің назары әлгі отбасына қарай 

ауды.  

– Орысша тәрбиеленген бала ғой.

– Қыздың әке-шешесіне қандай ауыр.

–  Ақ  махаббат  ақшаға  да  алданып 

жатқан жоқ па?

Жүздеріне әжім сызықтары өрнек салған 

ата,  әжелер  күбір-сыбырды  көбейтті. 

Намысы  мүлде  жоқ  қызға  іштей  әбден 

ренжіді.  Жастар  желкілдеп  өсіп  жатыр. 

«Мұндай  жат  әрекеттен,  бейбастақ 

істен бетін аулақ қылсын» деп сөздерін 

түйіндейді қариялар жағы.

Ә к е м   О р а з б а й ғ а   т а р т ы п , 

әзіл-  қалжыңды  қалтамнан  суырып 

шығаратын  әдетіме  басып,  әңгімеге 

тұтқиылдан араласып кеттім.

– Осы бізді жұрт қара қазақ, қара қазақ 

дейді ылғи.  Мына негрге қарағанда, шы-

нында, аппақ екенбіз ғой, – дедім мен.

Жан-жағымыздағы  жұрт  бір 

мезгілде ду күлді. Бірақ ол ұзаққа 

бармады.  Саябаққа  жиналған 

үлкен-кішілі  қауым  қайтадан 

көңілсіздік  кеңістігін  кезіп 

кеткендей.  Өзімнің  ой-

ыма  кешегі  топырағы 

торқа  болғыр,  Кеңес 

дәуірінің  сұйық  саясаты 

оралады.  «Интернациона-

лизм,  интернационалдық 

отбасы» деп қанша мәрте 

кеуде көтердік, аспандап, 

айғайға бастық. Егеменді 

елге  айналған  тұста 

некелесу  рәсімі  жөнінен 

тындырар тиянақты ша-

руа  сан  алуан.  Туған  тіл 

десе тітіркенетіндер, қазақы 

қасиеттен  қашық  жүргендер 

мықтап,  дұрыстап  ойланғаны 

жөн-ау.

Әлден  уақытта  «бізді  көрдіңдер 

ме?» дегендей қазаққа күйеу негр әйелімен, 

арбадағы  кішкентай  бөбегімен  дәл  жа-

нымыздан  тағы  да  өтіп  барады.  Жүрек 

шаншиды,  көңіл  нала.  Тіл  ұшына  бір 

ауыз шынайы шумақ келіп қалды. Іштей 

қайталай беремін. 

 

 

                              

Қашаннан халық – мектеп, елім – дана,

Қажеті – баба өсиетке сенім ғана.

Үнсіз ғана қараймын арба жаққа

Үнсіз ғана ұйықтайды негр бала.

Н Е Г Р   Б А Л А

Нағашыбай 

МҰҚАТОВ, ақын

31


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Д



үниежүзін кіріптарлыққа салып отырған дағдарыс 

салқыны    Қазақстанды  да  айналып  өтпейді. 

Ресей  рублінің  құлауына  байланысты  республика 

кәсіпорындарында өндірілген көптеген тауар түрлерінің 

өтімі төмендеді. Алайда дағдарысқа өзімізде өндірілетін 

өнімдер сапасының жақсартылуымен қарсы тұрамыз. 

Соңғы  бес  жылдықта  Қазақстанда  машина  жасау 

өндірісі  пайда  болып,  дами  бастады.  Қостанай  қазір 

машина  жасау  орталығына  айналды.  «АгромашХол-

динг» және «СарыАрқаАвтоПром» зауыттарынан Ssang 

Yong пен  Toyoto  жүрдек  автомобильдері,  IVEGO жүк 

машинасы  секілді  әлемдік  брендттер  өндіріліп,  сапқа 

қойылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастама-

сымен өмірге жолдама алған  «Қазақстанда жасалған» 

акциясы  отандық  өндірістегі    өнімдерді  қолдау  және 

қарқынды дамытуды мұрат тұтқан болатын.

«АгромашХолдинг»  зауыты  өндірістік  алаңындағы 

Ssang Yong пен  Toyoto  жүрдек  автомобильдері,  IVEGO 

жүк  машинасы  құрастырылып  жатқан    цехтардың 

тазалығынан  шыбын  тайып  жығылардай.  Зауыттар 

басшылары  Алексей  Сидоренко  мен  Андрей  Лаврен-

тьев атшаптырым цехтарды қонақтарға аралата жүріп, 

акцияға  жиналған  қонақтарға  толық  өндірістік  үдеріс, 

соның  ішінде  толығымен  роботталған  автомобиль 

шанағын  дәнекерлеу  және  бояу,  шанақ  пен  рама-

ны  жалғау  үдерісі,  барлық  кезеңдер  мен  әрбір  желі 

жұмысының  нәтижесі  ретінде  –  кәсіпорынның  дайын 

өнімі туралы әңгімеледі.  Бүгінгі күні «АгромашХолдинг» 

пен    «СарыаркаАвтоПром»  өндірістік  алаңдарында 

өндірілген автомобильдердің барлық модельдер қатары 

7 брендттің 43 үлгісін құрайды.

IVEGO  жүк  машинасы  негізінде  құрастырылған  өрт 

сөндіру,  бензин,  цемент,  қоқыс  таситын  және    «же-

дел  жәрдем»  машиналары  елімізде  үлкен  сұранысқа 

ие.  Мысалы,  Алматы  облыстық  Төтенше  жағдайлар 

департаменті  өрт  сөндіру  машиналарының  24  да-

насын  бір-ақ  алған.  Оның  бұрынғы  машиналарға 

қарағанда артықшылықтары мол. Мысалы 3 тонна су 

мен 5-ші қабатқа дейін жететін автосаты бір машинада 

оналастырылған.  Олардың  құрастыру  үдерісінің  30-

38  пайызы  қазақстандық  мазмұнға  ие.  Тіпті,  «Жедел 

жәрдем»,  анығырақ  айтсақ  реанимобиль  машинасын 

жасағанда қазақстандық мазмұн 70 пайызды құрайды. 

Бұл  да    өз  еліміздің  денсаулық  сақтау  саласына  өте 

қажетті заманауи жабдықтың біріне айналған.

Қостанайда  өндірілген  Қостанайдағы  машина 

құрастыру  зауыттары  еліміз  нарығына  керекті 

машиналардың  барлығын  құрастыруға  қабылетті. 

Мысалы  қазір  Астана  көшелерінде  Iveco  Citelis  авто-

бустары жүреді. Өте қолайлы көлік. Міне, акцияда осы 

автобус  көрсетілді.  Осы  автобус  «АгромашХодинг» 

өндіріс  алаңында  құрастырылады.  Алдағы  уақытта 

еліміз қалалары мұны Франциядан емес,  Қостанай за-

уыттарынан сатып алатын болады.  

 

– Қазақстандық мазмұн дегеніміз, ол құрастырылған 



машинаның  өзіндік  құнының  едәуір  бөлігі  өзіміздің 

инженерлердің,  жұмысшылардың,  жобалаушылардың 

еңбегінен тұрады деген сөз. Қостанайлық машина жаса-

ушылар оның көлемін бірте-бірте ұлғайтып келеді. Бұл 

дегеніміз – Қазақстанда қалатын қаржы, жұмыс орны, 

жалпы тұрғындардың әлеуметтік жағдайының көтерілуі, 

еңбекақы  деген  сөз.  Бұл  акцияны  өткізу  себебіміз 

қазақстандық  индустрияның мүмкіндігі мен болашағын  

паш ету болатын, – деді Экономика вице-министрі Тимур 

Жақсылықов. Акцияға қатысушылар зауыт ауласындағы 

жаңа ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін де 

тамашалады. Астық жинайтын комбайндарға сұраным 

жоғары. Олардың 44 пайызы сатылды.

Қаржы  –  экономикалық  дағдарыс  дүниені 

шырмағанымен  қазақстандық    өндіріс  қадамы 

кібіртіктемейді. Мемлекет отандық өндірушілерге  қолдау 

білдіріп  отыр.  Биыл  машина  жасау  өндірісі  үшін  20 

миллиард теңге бөлінетіні жөнінде шешім қабылданды. 

Оның  5  миллиард  теңгесі  лизинг  бағдарламасы  үшін 

жұмсалса,  қалған  15  миллиард  теңге  тұтынушылар 

сұранысын қолдайтын болады. 

AllurGroup  автомобиль  компаниясының  президенті, 

“АгромашХолдинг»  директорлар  кеңесінің  мүшесі  Ан-

дрей  Лаврентьев  Қазақстандағы  өнім  өндірушілерді 

қолдау мемлекеттік бағдарламалары өндірісті кеңейтуге 

және  тұтынушылар  үшін  бағаны  да  төмендетуге 

мүмкіндік жасайтынын айтты. 

–  Елбасы  еліміздегі  барлық  өндірісшілерге    өзіндік 

құнды  төмендетуге,  сол  арқылы  бағаны  кемітуге 

шақырған  болатын.  Оған  біз  автомобильшілер    тек 

қазақстандық мазмұнды ұлғайту арқылы қол жеткізетін 

боламыз.  Мысалы,  қазір    қазақстандық  мазмұн  40 

пайыздың үстінде. Алдағы 3-4 жылда  ол елу пайыздан 

асатын болады. Міне, осылай болғанда баға да арзан-

дайды,  табыс та  молаяды, – деді Андрей  Лаврентьев. 

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясат шеңберінде 

қазақстандықтарға  отандық  өнімді  дәріптеу 

«Қазақстанда  жасалған»  акциясы    осылай    бастау 

алды.    Машина  жасау  өндірісінің  Қостанайда  орна-

ласуы,  дамуы  осындағы  біздің  өңір  жастары  үшін  де 

маңызы  зор.  Қазір  зауыт  цехтарында    жаңа  техноло-

гиямен зергердей жұмыс істеп, машина құрастырудың 

қыр-сырын  үйірілдіріп  үйреніп  келе  жатқандардың 

басымы  жастар.  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай 

мемлекеттік университеті де зауытпен тығыз байланы-

ста. Инженерлік техникалық факультетінің студенттері 

машина құрастыру зауыттарының  цехтарында  прак-

тикадан өтеді. Олар болашақ жұмыс орнын да зауыт-

тан табады. Машина құрастыру ісіндегі қазақстандық 

мазмұнды  болашақ  инженерлер,  мамандар  кеңейте 

түсетін болады. 



1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал