Туған жер тұлғалары Аманжол Күзембайұлы



жүктеу 0.63 Mb.

бет1/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

C

M

Y



K

Индек

с 75579

Ала шұбар сәуір



C

M

Y



K

C

M



Y

K

Туған жер тұлғалары



Аманжол Күзембайұлы

Тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор,  ҚР  тарихшылар  және 

қоғамтанушылар    академиясының, 

ҚР  Жаратылыстану  ғылымдары 

академиясының  академигі,  Қостанай 

мемлекеттік педагогикалық институ-

ты Қазақстан тарихы кафедрасының 

профессоры,  Қостанай    аумақтық 

тарихы кафедрасының  профессоры, 

Қостанай  аумақтық тарихи зерттеу-

лер институтының директоры, Қазақ 

ССР оқу ағарту ісінің озаты, Қазақстан 

Республикасы ғылымына еңбегі сіңген 

қайраткер  Аманжол  Күзембайұлы 

қазақ  тарихы  ғылымының  белді  де, 

беделді өкілдерінің бірі. 

Ол 1945 жылы 24 наурызда Қостанай 

облысы,  Меңдіғара  ауданындағы 

«қазақтық Швейцариясы» атанған То-

был өзені бойындағы орманды-тоғайлы 

өлкедегі байырғы қазақ ауылдарының 

бірі  Ұзынағашта  өмірге  келген. 

Ауылдағы  жетіжылдық  мектепті 

бітірген  соң,  1960  жылы  Қостанай 

қаласындағы  іргесін  Ыбырай  Алтын-

сарин  қалаған  мектеп-интернатқа 

қабылданады.  Аманжол Күзембаевтың 

тарихқа деген қызығушылығы мектеп қабырғасында жүргенде басталады. Ал университетке 

түскеннен кейін ол тарих мәселесіне біржола ынта қойды. Әлем тарихының қыр-сырына қанық 

атақты ғалым, антрополог Оразақ Смағұлұлының, өзінің нағашысы, белгілі тарихшы ғалым 

Манаш Қозыбаевтың жол сілтеуі жас талапты қанаттандыра түседі. Аманжол Күзембайұлы  

университетті бітірген соң, өткен ғасырдың 70-ші жылдары мен еліміз тәуелсіздігін алған 

90-шы жылдар арасында тарих ғылымына өнімді еңбек етті. Ғылыми еңбектерін қорғады, 

шәкірттер тәрбиеледі. Ең бастысы Аманжол Күзембайұлы  еліміздің, халқымыздың тарихын 

жаңа көзқараспен талдап, «Казахстан в дресности» атты  оқулық жазды. Бұл  жас ұрпаққа  

тарих пәнін жаңаша оқытуда маңызды оқу құралына айналды. 

Жетпіс жасқа толып отырған Аманжол ағамыз тарихымызды, тарихы әдістемесін жазуда  

шаршамай еңбектеніп, шәкірттерін білім нәріне сусындата береді.

Аманжол Күзембайұлымен сұхбатты  журналдың 14-15 бетерінен оқисыздар.

C

M



Y

K

РЕДАКЦИЯНЫҢ 



МЕКЕНЖАЙЫ:

11000, Қостанай қаласы

А.Байтұрсынов көшесі, 

47-үй, 220 бөлме. 

Медиа – студия.  

“Жас өркен - Қостанай” 

журналының редакциясы.

Байланыс телефондары: 

қалааралық  

8-7142-51-11-67, 

Факс 51-11-95

Ұялы 8(701) 1509443

Редакция оқырман 

хаттарына жауап бермейді

кері қайтармайды.

Журналдың қажетті 

сандарын редакциядан сатып 

алуға болады. 

Бағасы келісімді. 

«Жас өркен-Қостанай» 

журналына демеушілік 

көрсетем деушілерге мына 

есеп-шотымызды ұсынамыз: 

РМҚК «А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай 

мемлекеттік университет»

ИИК KZ838560000000079688

РНН 391700052352,

БИН 990240005319

БИК KCJBKZKX

РНН банка 391700078345

БИН банка:980841000472

 Кбе 16

Журнал редакцияның 



компьютерлік орталығында 

теріліп, беттеліп 

«Қостанайполиграфия» ЖШС 

баспаханасында басылды. 

110007, Қостанай қаласы, 

С.Мәуленов көшесі, 16.

Басуға  07.04.15 ж. 

қол қойылды. 

Көлемі 32 бет, 

Офсеттік басылым.

Тапсырыс № 1452

Таралымы 1200 дана.

Баспахана түпнұсқасы нашар 

суреттердің сапасына жауап 

бермейді. 

1-сәуір – күлкі күні

Памфлет

Айтаққа неге ереміз?..

«Шымкенттіктерді  Қостанайға 

әкеп  төгеді  екен...  Олар  келсе  біздің 

байлығымызды  тартып  алады...»  – 

қаланың қазақтарының гу – гу әңгімесі.

Аспанды тіреп төбеміз,

Тұрғандай – ақ, шетімізден төреміз.

Жамандықты біткен пендеге,

Тек Шымкенттен көреміз.

Қызылорда, Тараз, Алматы,

Олардың өзге бар ма аты? – 

– Деп еш таңданбаңыз,

Шымкент екен зәу – заты.

Қазақты солар ғана күндейді екен,

Орыссыңдар – деп бұларды тілдейді екен.

Өзбекше сөйлеп өздері,

Пловтан басқаны білмейді екен.

Насыбайдың өзін

Шымкенттіктер ғана атады екен.

Қостанайлықтар

Иіскеп қана жатады екен.

Әйел теңдігі жоқ ол жақта,

Қыздарын да сатады екен.

Атасы жуғызып аяғын

Келініне, 

Күнәға батады екен.

Қысқасы артта қалған сол елде,

Жақсы емес екен бір пенде.

Көшіп кеп олар байлыққа,

Ие болады екен бірдемде...

* * *

Осылайша 



Қазақты қазақ бөлеміз.

Әй түбі осымыздан,

Атымыз өшіп өлеміз...

Ойлансаңшы тереңнен,

Өзімізді өзіміз,

Неге жат көреміз?..

Ұлы Абайдың: - 

– «Біріңді қазақ, бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос»

– Деген сөзін еске алмай,

Айтаққа бекер ереміз.

Басекеңнің айлығы

Сықақ

«Қанағатсыздықтан сақтан, өйткені 

ол кедейліктің нақ өзі»

М ұ х а м м е д   п а й ғ а м б а р д ы ң 

хадистерінен.

Болғаннан соң өзі сондай бір «есті»

Басекеңнің өз жалақысы өсті.

Бірақ, оған көңілі көншімей,

Сіңірі шыққан кедей күйін кешті.

Өйткені, айына бір рет алады,

Ту, он мың доллар оған не болады?!

Он мың теңге айлық алатындарға,

Қалай жеткізеді? – деп таң қалады.

Сірә, олардың бар болған ғой «қоры»,

Ал, бастық емес қой адамның қоры.

Өмір бойы «жоқшылықтан» осылай,

Қайнап жүре бермек пе екен «соры»?..

Деді де, күніне мыңнан табатын,

Айына 365 мың доллар алатын.

Оған қоса 2 мың доллар сыйақыны,

Тағыда болды қармап қалатын.

Мұнысы бірақ, көзге ілініп қатты,

Жалмағаны тамағынан өтпей қапты,

Сосын жалақысының өсуі тоқтап,

Әйтеуір миллионға жетпей қапты.

Сөйтіп ол, атын, әлемге әйгілі етті,

Дәлелдеді бастық екенін «епті».

Бірақ «жарымаған аянышты халі»,

Қайран қалдырды естіген көпті.

*  *  *


Басекеңнің болған «шайлығы»

Қайран халық байлығы...



Ауыз - жауыз

Сықақ

Оспанханның  «Сүзеген сөзі»

Дәл тиетін жебенің өзі.

Жегіш ауыз

Оның арғы атасы-жауыз

– Дегені айналып шындыққа,

Саналар құл болған құлқынға,

Тап болдық сұмдыққа.

Қайда барсаң тойымсыз құлқын,

Көрмейсің

Басшылардың адамдық құлқын.

Құрықтау жоқ - деп нарыққа,

Өз нанын өздеріне

Қымбат қып,

Сатып жүр халыққа.

Сонда да құлқындар тоятын емес,

Барлық нәрсенің бағасын

Қоса-қабат өсіруді қоятын емес.

Бұрынғы бұрынғы ма?

Зар боп қалдық  бұрынғыға.

Нанның құны тіпті у боп кетті,

Теңгеміз түкке арзымай,

Құнсызданып су болып кетті.

* * *


Қарап тұрсақ

Құлқынға бәрін,

Құлатып жатқан да ауыз.

Кедейлерді аямай,

Қымбаттатып бәрін

Жылатып жатқан да ауыз.

Бүйте берсе асағыш ауыз,

Өзінің жетіп түбіне,

Боп шығады –ау жауыз?..

Күләш КЕРІМБЕКҚЫЗЫ,

 

 

Қостанай қаласы


C

M

Y



K

C

M



Y

K

НАУРЫЗ



Жіпсіп барып жер-ана иігенде,

Дүбірлі той келеді дүйім елге.

Қуанышқа қарық боп қайран қазақ

Берекеге батады үйі демде.

Шапағын шартарапқа шашып ақ таң,

Наурыз айы келгенде асып ақпан.

Балалар көше сәнін кіргізеді,

Көйлекшең көлшік басып асық атқан.

Ұлыс күні ұл алып оң батаны,

Табиғат тамашаға толғатады.

Нақышымен нұр Наурыз әр ауылға

Отырарды әкеліп орнатады.

Күймен қазақ даланы сөйлеткенде,

Іңкәр сезім іңгәлап той-көктемде.

Бозбала «селт еткізер» сыйлайды екен,

«Ұйқы ашарын» ұсынған бойжеткенге.

Байқалып бүлдіршіннің бал өнері,

Наурыздың жалғасады кәделері.

Таңертең жиылысып бүкіл ауыл,

Бұлақтың бастауына тал егеді.

Қыстан аман шықты деп мал ырызғы,

Сый-сияпат жасасып ауыл ізгі

Кеудесіне әр қазақ қондырады

Көктемнің көгершіні – Науырызды.



Нұрқанат ҚҰЛАБАЕВ

МЕНШІК ИЕСІ: 

Ахмет Байтұрсынов

атындағы  

Қостанай мемлекеттік 

университеті   

АҚЫЛДАСТАР АЛҚАСЫ:

Кенжеғали САҒАДИЕВ (төраға)

Төлен ӘБДІКОВ

Хұсайын УӘЛИЕВ

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Асқар НӘМЕТОВ (төраға)

Амангелді ШӨРЕНТАЕВ

Медиа-студия меңгерушісі

Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА

шығарушы редактор

Роза КӨБЖАНОВА

менеджер-дизайнер

Гүлнұр КӘКІМБЕК 

бас маман

Журнал ҚР Мәдениет

ақпарат және  

қоғамдық келісім

министрлігінде  

2002 жылы 

18 қарашада тіркеліп,

3386-Ж куәлігі берілген.  

Екі айда бір шығады.

Редакцияға келіп түскен 

хаттар әдеби өңделеді, 

қысқартылады, 

ойы сақталып түзетіледі. 

Көлемі үш компьютерлік 

беттен асқан материалдар 

қабылданбайды.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ, ҒЫЛЫМИ - ТАНЫМДЫҚ, ƏДЕБИ-КӨРКЕМ ЖУРНАЛ 

Журнал 2003 жылғы 28 қаңтардан шыға бастады

2(75) наурыз-сәуір, 2015 жыл  

C

M



Y

K

34



ТОҚТЫ Сіз үшін өткен жылға есеп беріп, болашаққа жаңа 

жоспар  құратын уақыт келді. Бала-шағасы бар 

ата-аналар  үшін бұл жыл ерекше түсіністіктің 

жылы болмақ. Егер  жаныңызды жегідей жейтін 

мәселелер пайда бола  бастаса, оны тез арада 

шешуге тырысыңыз. Мазасыз  тіршіліктен бас 

тартыңыз да, өзіңізге көңіл бөліңіз. Ал тұрмыс 

құрмаған жастар шаруаның астында жүріп 

ата-анаңызға қамқорлық жасауды ұмытпаңыз. 

Олардың бар берген тәрбиесі мен білімін есіңізге 

түсіріп, өмірде қолданыңыз. 

ТОРПАҚ  Жоқтық  ұят  емес,  байлық  мұрат  емес  деп 

бабаларымыз айтқандай өзіңізді, өмірдегі 

орныңызды, сүйген жарыңызды, мақсатыңызды 

іздеуді жалғастырыңыз. Айналаңыздағылардың 

сенімсіздіктеріне, мағынасыз әңгімелеріне назар 

аудармаңыз. Қайнап жатқан қазанның бетін 

жауып, мақсатқа жеткізер тура жолды таңдайтын 

уақыт жетті. Сәттілік сіздің жағыңызда. Қысқасы, 

осы жылы асқан белсенділік танытыңыз.

 

 



ЕГІЗДЕР Жаңа жылдағы өзгерістер  қаңтар айынан-ақ  

басталады. Бойыңызда бұрын-соңды болмаған 

күш пайда болып, белсенділігіңіз артады. Осы 

талпынысыңыз арқылы біршама жетістіктерге 

жетесіз. Адамдарға деген қарым-қатынасыңызға 

көңіл бөліңіз. Ойыңызда қосымша білім алу 

жоспары жүрген болса, уақыт созбастан, дәл 

осы жылы құжаттарыңызды тапсырыңыз, арты 

сәттіліктерге толы болмақ. 

ШАЯН  2015  жыл  сіз  үшін  сәтті  өтпек.  Әлемде,  елде 

болып жатқан жаңалықтардан қапы қалмай, 

өз пайдаңызға қолданаңыз. Өйткені сіздің 

шығармашылық белсенділігіңіз  күннен күнге 

артып  келеді.  Қой  жылында  алға  қойған 

мақсаттарыңыздың көпшілігі орындалады. Сізді 

бизнес жолында көптеген табыстар күтіп тұр. 

Сондықтан өмірлік  жоспарларыңызды тағы бір 

айқындап алыңыз. Үйіңізге және отбасыңызға 

көбірек  уақыт бөліңіз.

 

АРЫСТАН Өз өміріңізді қалай көргіңіз келсе, оны жүзеге 

асыруға  мол  мүмкіндік  бар.  Сіз  үшін  қой 

жылында бизнес саласында оңтайлы жауаптар 

табылып, сәттілік серік болғалы тұр. Көктем 

- таңғажайып романтикаға толы кездесулер 

мезгілі. Қой жылы сіз үшін сезімге ерік беретін 

жыл болмақ. Егер әлі отбасын құрмасаңыз,  іске 

кірісіңіз. Сәтті кездесулер үйлену тойына дейін 

апарады деген болжам бар. Жігіт адамға жетпіс 

өнер де аз. Сондықтан көктемде, әсіресе сәуір  

айында жұмысыңызға ерекше көңіл бөлесіз.

БИКЕШ Қой  жылы сіз үшін ең сәтті жыл болғалы тұр. 

«Қыз  еркем  кестесімен  көркем,  ұл  еркем 

өнерімен көркем». Қайсар жан екеніңізді естен 

шығармаңыз. Кез келген   маңызды және қиын 

жұмысты еш қорықпастан бастап кете аласыз.  

Сіз үшін, әсіресе, жылдың екінші жартысы 

табысты болмақ. Алғашқы жарты жылдықта көп 

уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Сонымен  

қатар  қой  жылында  оқуға,  саяхат  жасап, 

демалуға көптеген мүмкіндіктер туады.



Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы Наурыздан басталады. Астрологиялық деректер 

биылғы қой жылы  тыныш әрі бейбітшілікте өтеді дейді. Екінші жартыжылдық жағымды 

өзгерістер мен сәтті шешімдерге толы болады.

Жұлдыздар жорамалы

ТАРАЗЫ Осы жылы көптеген мәселенің түйінін оңтайлы 

шешесіз. Қой жылында жұмыста да, үйде де 

көптің назарында боласыз.  Қазақ халқымызға 

дарыған қасиет қонақжайлығыңызды көрсетіңіз. 

Әріптестеріңізді,  туыстарыңызды,  жора-

жолдастарыңызды ренжітіп алмауға тырысыңыз, 

арты  жақсылыққа апармайды. Бұл жыл сізден 

еңбекқорлықты, төзімділік пен сабырлылықты 

күтеді. 

САРЫШАЯН Бұл жылы бірінші кезекке отбасы мен үй 

шаруасын қойған дұрыс болады. Белсенділігіңізді 

қоғамда емес, шаңырағыңызда көрсетіңіз. 

Аймалайтын анаң қымбат, асқар тауың әкең 

қымбат деп бекер айтылмаған. Жылдың ортасы 

мен соңында жан дүниеңізде көптеген өзгерістер 

болуы мүмкін. Бірден жоғарыға ұмтылудың 

қажеті жоқ, алдымен өзіңізге не керек  екендігін 

анықтап алыңыз. Жаңа үй тұрғызуға не ескі  

үйіңізде жөндеу жұмыстарын жасауға кіріссеңіз 

жөн болар еді. 

 МЕРГЕН Осы жыл сіз үшін ең бақытты жыл болғалы 

тұр.  Бірінші  байлық  —  денсаулық,  екінші 

байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он 

саулық. Тек ретімен шатастырып  алмаңыз. 

Сонда бәрі де дұрыс болады. Оптимизмнен 

қашпай, тек позитивті күн кешуге тырысыңыз. 

Жаныңыздағыларды таңдандырып, тек күліп 

жүріңіз. Жоқ,  жалғандықтың еш керегі жоқ. 

Бәрінің тек шынайы болғаны дұрыс. 

ТАУЕШКІ  Жүрген  ортаңызда  мерейіңіз  үстем 

болып,  дәрежеңіз  арта  түседі,  биыл. 

Ең  бастысы  –  басқаны  тыңдаудан  бас 

тартпаңыз.Дәрежеңіздің  көтерілуі  соған 

байланысты.  Мынау  есіңізде  болсын: 

Қой  жылында  қиылған  некенің  ғұмыры 

ұзақ  та,  баянды  болмақ.  Сондықтан 

бойдақ  жандар  ойланғаны  абзал.  Қандай 

қиындық  болмасын  сіз  жеңе  аласыз, 

соны ұмытпаңыз! Жылдың алғашқы жартысы тынымсыз 

болғанымен  екінші  жарты  жылдықта  байсалды  өмір 

кешесіз. Жаныңыз қалаған іспен шұғылданыңыз. 



СУҚҰЙҒЫШ Арманға жету үшін жеңіл жолды таңдау оңай 

болғанымен одан түк шықпайтынын түсініңіз. Бұл 

жыл сізден төзім мен ақылды қажет етеді. Дәнді 

шашпа, нанды баспа деген сөздің жаны бар. Жыл 

бойы сіңірген еңбегіңіздің жемісін қараша айында 

көретін боласыз. Тәуекелге бел буып үйреніңіз! 

Күштілер мен тәуекелшілдерді таңғажайып 

сыйлықтар күтіп тұр. Бастысы - өзіңізге нақты 

ненің керек екендігін білу.

БАЛЫҚТАР  Сіз  осы  уақытқа  дейін  жақындарыңызға 

үнемі  қамқор  болып келдіңіз, енді  өзіңізді 

ойлайтын кез келді. Жаңа жылда көптеген 

саяхаттар күтіп тұр. Ой-өрісіңіз, біліміңізді 

кеңейте  түсесіз,  жұмысқа  керек  тәжірибе 

жинақтаудың  жаңа  мүмкіндіктері  туады. 

Білгеніңізді басқамен бөлісуде тартынбаңыз, 

ұжымға  бірігіп  істеген  жұмысыңыз  жемісті 

болады. Әсіресе мамыр айында менмендік 

қасиетті тізгіндеп ұстауға тура келеді, бұл 

қасиет жақсылыққа апармайтынын түсініңіз. 


C

M

Y



K

C

M



Y

K

Әдетте,  көпшілік  пікірі  денсаулығы 



мықты  болуы  үшін  ұзақ  уақыт,  көп  күш 

қажет  дегенге  саяды.Алайда,  бір  ғана  ми-

нутты  қажет  ететін  әдеттер  арқылы 

денсаулыққа  оң  әсер  беруге  болады  екен. 

Мәселен, бір минут секіргішпен секіру жүрек 

жұмысын  жақсартады,  ал  әр  күн  сайын  5 

адамға  алғыс  айтатын  болсаңыз,  әлемге 

күліп қарауды үйренесіз. Жақсы әдет туралы 

біле жүріңіз.

Суды лимонадқа айналдыру

Егер қарапайым ауыз су дәмсіз 

көрінсе,  оның  жаңа  бояу  мен 

жаңа дәмге ие болуына мүмкіндік 

беріңіз:  стақанға  немесе  кесеге 

бірнеше түйір лайм, лимон неме-

се апельсин салыңыз. Таңқурай, 

құлпынай сынды жидектер де жа-

райды. Онан да ерекше сусынды 

қалайсыз ба? Бір тал жалбыз бен 

түйір киви немесе қияр салыңыз.

Сұйық  ішу  денсаулыққа  өте 

пайдалы.  Ал  осындай  сусындар 

сіздің тәбетіңізді оятады әрі зия-

ны көп газды сусындардың орнын 

алмастыра алады.

Әдетте  адамдар  бір  тәулікте 

ағзаға  қажет  мөлшердегі  суды 

уақытылы ішпейді: ағзаңыз ащы 

немесе тәттіні талап етіп тұрса, 

су ішетін уақыт болды деп біліңіз. 

Әйелдер  күніне  9  стақан,  ерлер 

13 стақан су ішуге тиіс.

Көзді демалдыру

Қаншама  қызметкер  мен 

студент  уақытының  ең  көп  бөлігін  монитор 

бетіне  қараумен  өткізеді.  Дұрыс  отырмау  не-

месе жарықтың нашар түсуі бас ауруына әкеліп 

соқтырады.  Бұл  синдром  компьютерден  теріс 

айналғанда жоғалып кетеді.

Көзді монитордың қастандығынан сақтау үшін 

жиі үзілістер жасап тұрыңыз. Окулист мамандар 

«20-20-20» ережесін ұстануға кеңес береді. Ком-

пьютер алдында 20 минут отырғаннан кейін 20 

сантиметр алыста тұрған затқа 20 секунд бойы 

қарап үйреніңіз.

Осындай қысқа үзілістер шаршауды азайтып, 

тұрақты жұмысты қамтамасыз етеді. Орындықтан 

да  тұрып,  жақсылап  керіліп  алған  жөн.  Тарты-

лу  қан  айналымын  жақсартып,  дене  мен  ойды 

сергітеді.



Жыл бойы күннен қорғайтын 

крем қолдану

Соңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша, әр күн 

сайын күннен қорғайтын кремді қолдану екі бірдей 

пайда әкелетіндігі дәлелденді: күннен қорғайтын 

крем  теріні  кәрілік  белгілерінен  сақтап,  терідегі 

қатерлі ісіктің пайда болу қаупін азайтады.

Осындай  қорытынды  айтқан  аустралиялық 

ғалымдар күннен қорғайтын кремді жиі қолданатын 

әйелдер  мен  ерлердің  өз  қатарластарынан 

әлдеқайда жас көрінетіндігін байқаған. Олардың 

беттерінде әжім де, қара дақтар да аз.

Сондықтан да, қартаю үдерісін баяулатқыңыз 

келсе, таңертең жуынғаннан кейін кез келген ауа-

райында крем жағып жүріңіз.



Ашуланғанда онға дейін санау

Ашуыңызды  басу  үшін  онға  дейін  санаңыз 

және әрбір сан сайын терең демалыңыз. Осы 

бір  қарапайым  әдіс  бойды  билеген  ызадан 

құтқарады.

Санақ  ойды  алдайды,  осы  уақытта  кері  әсер 

беріп тұрған жағдайды немесе адамды ұмытып, 

басқа  нәрсеге  көңіл  бөлесіз.  Он  санынан  кейін 

де  ашуланып  тұрсаңыз,  әрмен  қарай  санай 

беріңіз.  Әр  саннан  кейін  терең  демалуды  да 

естен шығармаңыз. Тынышталып, эмоцияңызды 

басқара  алатын  жағдайға  жеткенде  тоқтауға 

болады.

Пайдалы әдеттеріңіз көп болсын!



Дайындаған Айзат АСҚАРҚЫЗЫ,

 

 

ҚМУ ГӘФ журналистика 

мамндығының 3-курс студенті 

БІЛГЕННІҢ ЗИЯНЫ ЖОҚ

33

Пайдалы кеңес

C

M

Y



K

Ақпан  айының  орта-

сында  Қазақстан  Халқы 

ассамблеясы  тарапы-

нан    Қазақстанда  кезек-

тен  тыс  президент  сай-

лауын  өткізу  жөнінде 

ұсыныс  жасағалған  бо-

латын.  Ұсыныс  елімізде 

қызу  талқыланып,  қызу 

қоғамдық    қолдауға  ие 

болды.  Мұнан  кейін  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев 

Қазақстан  халқына  үндеу  жасап,  онда  Қазақстан 

Республикасы  Президентінің  кезектен  тыс  сайла-

уы  өтетіндіндігін    хабарлады.  Елбасы  Үндеуінде 

Қазақстан халқы ассамблеясының кезектен тыс пре-

зидент сайлауын өткізу жөніндегі ұсынысы еліміздің 

Конституциясына сай келетінін айтты. Сонымен қатар, 

Елбасы сайлау жауапкершілігіне үлкен маңыз берді. 

«Қайта қаһарына мінген дағдарыс кезінде бірлік бізге 

бәрінен  құнды.  Мемлекеттің  тыныштығы  мен  елдің 

бірлігін сақтай отырып дамыту президенттен бастап, 

елі қостаған кезде ғана баянды болмақ. Жауапкершілік 

бүкіл  халыққа  жүктелетіні  де  сондықтан.  Алдағы 

биік  белестер  мен  асқақ  асулар  үшін  біз  барлық 

кедергілерді  бағындырып,  алға  басуға  тиістіміз» 

деді  Нұрсұлтан  Назарбаев    халыққа  үндеуінде.  Ол 

сайлаудың елімізді ұлы істерге ұйыстыратынны айта 

отырып, қазақстандықтарды  оған белсене қатысуға 

шақырды және оны 26 сәуірге белгіледі. 

Елімізде  Президент  сайлауы  мұнан  бұрын  да 

бірнеше  рет өтті. Біздің  елімізде  сайлау заңнамасы 

үнемі  жетілдіріліп  отырады.  «Өткен  сайлауларда 

жинақталған тәжірибелер, халықаралық ұйымдардың, 

ең алдымен ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар 

және адам құқығы жөніндегі бюросының ұсыныстары 

ескеріледі. Біздің заңнамамыз сайлаудың мерзімділігін, 

халықтың түрлі әлеуметтік сала өкілдерінің билік ор-

гандарына  уәкілдігін,  сайлау  органдары  қызметінің 

ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді» деді 

журналистерге  берген  сұхбатында  Орталық  сайлау 

комиссиясының мүшесі Т.Охлопкова. Сондықтан Пре-

зидент сайлауында өзінің кандидатурасын ұсынғысы 

келгендерге  ешқандай  шектеу,  кедергі  болған  жоқ. 

Қазақстан  Республикасы  президенттігіне  27  адам 

үміткер болғысы келді. Наурыз айында «Нұр Отан» 

партиясының  ХҮІ  съезі  өтіп,  онда  жиналған  2000 

делегат Президент сайлауына үміткер ретінде түсуге 

Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын  ұсынды. 

Нұрсұлтан Әбішұлы сайлауға  үміткер ретінде түсуге 

келісімін берді. Жалпы алғанда,  лингвистикалық ко-

миссия сынынан өте алмағандары, өзінің кандидату-

расын кері қайтарып алғаны, түрлі, нақты себептерге 

байланысты тіркелмегендері  бар,  барлығы іріктеле 

келе үш адам Қазақстан Республикасы президенттігіне 

кандидат болып тіркелді. Олар – Нұрсұлтан Назар-

баев,  Қазақстан  коммунистік  халық  партиясынан 

ұсынылған  Тұрғын  Сыздықов  және  өзін  ұсынған 

Әбілғазы Құсайынов. 

Кезектен  тыс  президент  сайлауы  елімізге  не  үшін 

керек?  Оны  «Нұр  Отан»  партиясы  ХҮІ  съезінде 

белгілі  академик    Кенжеғали  Сағадиев  Нұрсұлтан 

Назарбаевты президенттікке үміткер ретінде ұсынуға 

бастама  көтеріп  тұрып,  сөйлеген  сөзінде  жақсы 

түйіндеді.  «Әлемде  бүгін  тыныштық  жоқ.  Дүрбелең 

көбейді.  Татулығы  бұзылып,  бір-бірімен  мәмілеге 

келе алмай, қылыштары жалақтап, санкциялық соғыс 

майданын  ашқан  елдердің  салқын  ызғары  біздерге 

келмейді  емес,  келеді.  Осының  бәрі  де  Қазақстан 

үшін  қауіпті.  Оны  баршамыз  сезіп  отырмыз.  Бұдан 

да  қаттырақ  сезуіміз  мүмкін.  Осындай  күрделі 

кезеңдерде бабаларымыз құрылтай шақырған екен. 

Бүгінгі  құрылтайымызда  да  алдағы  қиындықтарды 

болдырмау жолдары сөз болмақ. Бізге керек ұтымды 

саясат, тиімді экономика, қауіпсіздік, тұрақты даму – 

осы құрылтайдағы әңгіменің арқауы. Сонымен қатар, 

осы өзекті мәселелерді шешудің дұрыс жолын тауып, 

ел тізгінін берік ұстап отыра алатын азаматымызды 

қазір  сайлап  алуымыздың  маңызы  зор»  деген  еді 

Кенжеғали Сағадиев. «Нұр Отан» партиясының ХҮІ 

съезі  президент  сайлауына  үміткер  ретінде    түсуге 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  кандидатурасын 

ұсынып,  шешім  қабылдаған  күні  барлық  еліміздегі 

секілді Қостанай жастары да флэш-моб өткізді. 

Наурыз  айының  26-нан  бастап  президенттікке 

кандидаттардың  үгіт  жұмысы  басталып  кетті.  Қазір 

Қазақстан  президенттігіне  кандидат  Нұрсұлтан 

Назарбаевтың    республикалық  қоғамдық  штабы, 

Қазақстан  коммунистік  халық  партиясынан  түсіп 

жатқан Тұрғын Сыздықовтың  қоғамдық штабы және  

перзиденттікке  кандидат  Әбілғазы  Құсайыновтың  

қоғамдық штабы  үгіт жұмыстарын бастап кетті. Үш 

кандидат та қазір  республика облыстарын аралап, 

еңбек ұжымдарымен, жұртшылық өкілдерімен кездесу 

өткізуде. 

Сәуір  айының  26-күні  елімізде  ірі  саяси  оқиға  – 

Қазақстан  Республикасының  президент  сайлауы 

өтеді.  Қазақстанның  болашағына  жауапкершілікпен 

қарайтын әр қазақстандық сол күні өзінің таңдауын 

жасайды. 

 

 



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал