ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
авторландыру рәсімін жүзеге асыру үшін эквайрердің үрдісін орталығымен байланыстырады. Авторландырулық сұрауға жағымды
жауап алынған жағдайда банкнот ұстаушыға қолма-қол ақша несие деректерден тұратын түбіртекті ұсынады:
–
банкомат сәйкестендіргіштері;
–
операция өткізу күні;
–
операция валютасы;
–
операция элементтері авторландыруды бекітетін код;
–
банктік карточка деректемелері.
Банкоматтар пластикалық карточкалармен операция жүргізу кезінде қолма-қол ақшаларды инкассалайтын және беретін банктік
автоматтар.
7.
БЕҚО, ІТЖ жөне БТЖ арқылы төлеуді жүргізу тәртібі.
Банктер арасындағы есеп айырысуды арнайы осы мақсатқа құрылған ҚРҰБ органы - Қазақстандық Банкаралық Есеп айырысу
Орталығы (ҚБЕО) жүргізеді. ҚБЕО - заңды тұлға, құрылтайшысы және өкілетті органы — Ұлттық банк табылады. ¥Б ҚБЕО №252
30.12.95 жылғы банктік жүйені реформалау бағдарламасына сәйкес ¥Б Басқармасының шешімімен құрылған. ҚБЕО әділет органында
қайта тіркеуден өткен және шаруашылық жүргізу негізінде республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанын иемденген. Оның банктік
шоты, гербті мөрі, мөртабаны және қазақ және орыс тілдерінде аты жазылған фирмалық бланкілері бар.
ҚБЕО — еркін шаруашылықты субъект, банктік емес қаржылық мекеме. ҚБЕО негізгі қызметі банкаралық төлемдерді және
Банкаралық аударымдар жүйесі (БААЖ) және Бөлшек төлемдер жүйесі (БТЖ) арқылы аударымдарды жүзеге асыру.
Көрсетілген кызметтер үшін клиенттер төлейтін төлемдер ҮБ ҚБЕО кірістерінің негізгі бабынан саналады.
ҚБЕО мақсаты тиімді, тұрақты, кауіпсіз банкаралық төлем жүйесі негізінде банктік қызметтің негізгі қажеттілігін қамтамасыз
ету.
ҚБЕО-мен жүйеге қатысуға келісім жасалған соң банк пайдаланушы статусын иемденеді. Пайдаланушы келісім жасау үшін
орталыққа келесі құжаттарды ұсынады:
-
жүйеге қосуға өтініш;
-
банк жарғысының және банктік операциялар жүргізуге лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмелерін.
Аталған келісімнің негізгі деректемелері мыналар больш табылады:
-
тараптардың деректемелері;
-
тараптардың күқықтары және міндеттері;
-
пайдаланушының банктік құпиясының мәні болып табылатын ақпарат құпиялығын сақтау талаптары;
-
клиринг нәтижелері бойынша ақша аудару мерзімдері және тәсілдері;
-
келісім талаптарының орындалмауына
тараптардың жауапкершілігі;
-
келісімді бұзу және келісім талаптарын өзгерту тәртібі;
-
тараптардың келісуі бойынша басқа талаптар.
Келісімде банкті пайдаланушы статусынан келісімді бұзбай уақытша айыру жағдайы көзделуі мүмкін.
Пайдаланушылар мен орталык арасындағы электронды хабарламалар алмасу ҚР Ұлттық банктің бекітумен нормативтік-
құқықтық актілеріне сәйкес электронды тәсілде жүргізіледі.
Операциялық күн ішінде ҚБЕО пайдаланушылардан төлем құжаттарын қабылдайды, бұл кездегі операциялық күннің ұзақтығы
және оның жабылу уақыты Ұлттық банк және оның пайдаланушыларымен жазбаша түрде келісімі бойынша белгіленеді. Операциялық
күн аяқталған соң алынған төлем кұжаттары келесі операциялық күн басында алынған болып саналады.
ҚБЕО төлем кұжаттарының кабылдануын операциялық күн аяқталғаннан соң тоқтатады, өзара талаптар мен міндеттемелердің
есебін жүргізеді, сондай-ақ әр қолданушының таза позициясын анықтайды. Одан ҚБЕО клирингте қолданушының ақшасы болмауы
себепті өңделмеген құжаттарды ағымды жұмыс күнін белгілеп жояды, сондай-ақ таза дебеттік позициясы бар қолданушылардың ақша
сомасын ақша аударымдарының банкаралық жүйесінде оған тең дебеттік таза позицияға резервтейді. Банкаралық ақша аударымдары
жүйесін қолданушы болып саналмайтын банктер үшін, аталған банктің таза позициясын анықтау, операциялық күн
ішінде оның Ұлттык Банктегі корреспонденттік шотынан, Ұлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа аударым
жасалған сома көлемінде жүргізіледі.
Егер операциялық күн ішінде пайдаланушы Ұлттық банктегі банкаралық ақша аударымдары жүйесіндегі шотқа ақша
аудармаса, онда аталған пайдаланушының таза позициясын аныктау. оның есебіне жуйенің басқа пайдаланушыларынан түскен төлем
құжаттары сомасының көлемінде жүргізіледі.
ҚР Ұлттық банкі екінші деңгейлі банктердің ақша айналысын бақылау мақсатында төлем жүйесіне делдал ретінде қатысады.
Ол үшін Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер арасында келісім негізінде корреспонденттік қатынас қалыптасады. Осы
қатынастарға сәйкес Ұлттық банк есебіне түсетін қаржыларды қабылдап, банктің банкке немесе үшінші тұлғаға тиісті ақша сомасын
аудару туралы өкімін орындайды және келісімде белгіленген басқа да қызметтерді көрсетеді.
Корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық банк филиалына коммерциялық банк шот ашуға өтінішті, жарғы көшірмесін және қол
үлгісі мен мөр басылым карточкасын нотариалды түрде куәландырып ұсынады. Осы құжаттармен қатар іске корреспонденттік қатынас
туралы келісім қосылады. Одан әрі Банкаралық есеп айырысудын Қазақстандық Орталығымен жасалған келісім және аталған банкті
Банкаралық ақша аударымдарының жүйесіне қосуға Ұлттық банктің рұқсаты тіркеледі.
8. Банкаралық корреспонденттік қатынастардың маңызы.
Корреспонденттік қатынас - бұл екі немесе бірнеше несиелік мекемелер арасында олардың бірінің тапсырысы және
екіншісінің қаржысы есебінен төлемдерді және есеп айырысуды, сондай-ақ несие ұсыңу, инвестициялық қызмет көрсету туралы
келісім жүзіндегі қатынас. Сонымен қатар ірі корреспондент-банктер негұрлым ұсақ банктерге инвестициялық коржынды басқару
бойынша кеңестер беріп, олардың тапсырысы негізінде бағалы қагаздарды сатады, сатып алады, сақтайды және басқарады.
Корреспонденттік байланыстардың дамуы тіптен банктің жаңа бөлімшесін ашу сияқты бірнеше жеңілдіктер бере алады, бірақ
бұл кезде банк өзінің кұқықтық еркіндігін және өткізілген операцияларға бақылау жүргізуін сақтайды.
Мемлекет банктерінің қазіргі кездегі есеп айырысулары міндетті түрде ҚР Ұлттык банкінің филиалдарында ашылған
корреспонденттік шоттар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ банктің калауы бойынша елдің басқа да, жақын және алыс шетелдің
банктерімен тікелей корреспонденттік қатынастар кұру арқылы жүргізілуі мүмкін.
26.10.2000 ж. №348 банк операцияларының жекелеген түрлерімен айналысатын банктер мен ұйымдар арасында
корреспонденттік қатынасты қалыптастыру туралы ережеде төмендегідей анықтама берілген: «корреспонденттік қатынас — банктер
арасындағы келісім, соған сәйкес оның біреуі (корреспондент) басқа банкке (респондент) депозитті сақтайды және төлемдер мен басқа
да операциялар бойынша қызмет көрсетеді».
Банкаралық қызметтің осындай нысанын жүзеге асыру үшін, несиелік ұйымдар келісім негізінде бір-біріне корреспонденттік
шот ашады.
«Корреспоиденттік шот - жасалған корреспонденттік келісімшарт шот негізінде бір банкте екінші банктің тапсырысы
және қаржысы есебінен жүргізілетін есеп айырысулар көрсетілетін шот».
Корреспонденттік шот аркылы банкаралық есеи айырысуды ұйымдастырудың
екі нұсқасы бар:
-
орталықтандырылған - бұл кезде банктер арасындағы есеп айырысу міндетті түрде Қазақстан Республикасы ¥лттық
Банкінде ашылған олардың корреспонденттік шоттары аркылы жүргізіледі;
-
орталықтандырылмаған немесе неғұрлым либералды-коммерциялық банктердің бір-бірімен өзара қатынасын қарастырады.
Біздің елімізде банкаралық қатынастар бірінші нұсқаға негізделген.
ТУ Ф 703-05-12. Пәннің оқу –әдістемелік кешені. СМЖ ТУ. Екінші басылым.
Банкаралық корреспонденттік қатынастар үдерісінде есеп айырысуларға қойылатын негізгі талаптар жеткілікті жылдамдық
және болжанған төлемдер, жоғары сенімділік, қауіпсіздік, экономикалық тиімділік және қолданушылардың тұтынуына сәйкес олардың
әр түрлілігі.
Банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруға - оларды өткізу нақтылығына, уақытты және өткізудің еңбек сыйымдылығын
қысқартуға қатысты жоғары талаптар қойылады.
Банктер экономиканың әр түрлі субъектілер арасындағы есеп айырысулар тізбегінде бастапқы және ақырғы буын болып
табылатындықтан, оларды банктер арасындағы есеп айырысу жүйесі болмаса өткізу мүмкін болмас еді.
Аталған байланыста банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруға нақты маңызды қағидалар келесілер:
Басты қағида - басқа банктермен, соның ішінде клиент төлемдері бойынша есеп айырысуды толық мөлшерде, үздіксіз
жүргізуді қамтамасыз ететін банктің өзіндік өтімділігін (корреспонденттік қатынаста қаржының болуын) сақтау. Банкаралық есеп
айырысудың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау қағидасы да жоғары маңыз алады. Оның спецификасы мен ерекше рөлі -өткізілетін
сомалардың сақталуы мен бірыңғайлығын үнемі өзара бақылауда, біріншіден, клиенттердің банктегі шоттары бойынша және
банктердің ҚРҰБ-дағы корреспонденттік шоттары бойынша, екіншіден, есеп айырысуға қатысушылардың өздерінің -коммерциялық
корреспондент-банктердің өз араларындағы есеп айырысу кезіндегі шоттар бойынша және баланстар бойынша, сондай-ақ ҚРҰБ
арқылы есеп айырысуларда.
ҚРҮБ филиалдарының негізгі функциясы - корреспонденттік шоттарды қолдана отырып әр түрлі банк мекемелері арасында
есеп айырысуларды жүргізу болып табылады. Коммерциялық банктер арасындағы есеп айырысулар олардың ҚРҮБ ашқан
корршоттары арқылы көрсетіледі. Басқа коммерциялық банктер мен олардың филиалдарында ашылған корршоттар арқылы есеп
айырысулар Қазақстанда 1992 жылдан бастап ендіріле бастады. Қазкоммерц-банк, ТұранӘлемБанк, НSВК, ЦентрКредитБанк және
басқа да ірі банктердің корреспонденттік қатынастары неғұрлым жан-жақты.
Банкаралық корреспонденттік шоттар бойынша есеп айырысудың ерекшеліктері:
—
бұл басқа банк клиенттерімен тұрақты келісімдік қатынасы бар клиенттердің мүддесіне сай келеді. Ең басынан бастап
корреспонденттік қатынастар клиенттерге қызмет көрсету үшін құрылады;
—
олар тура жүзеге асырылатындықтан есеп айырысулар айтарлықтай жеделдетіледі;
—
жан-жақты корреспонденттік қатынастар кезінде қандайда бір ірі банкте шот ашу арқылы клирингті жүзеге асыру -
банктердің өзара талаптарын ескеру шарттары пайда болады;
—
корреспондент банктер арасында клиринг жүргізу корреспонденттік шоттағы қаржылар қалдығын азайтуға мүмкіндік
береді, яғни есеп айырысудағы олдың бір бөлігін босатып, табыс алу үшін қолдануға болады;
—
нарықта белсенді қызмет етуге және қаржылық құралдарының толық жиынтығын қолдануға мүмкіндікті көбейтеді. Бір
жағынан, ірі банктер корреспонденттік шоттар қалдығы ретінде айтарлықтай қаржы тартып оны, әр түрлі операцияларға қолдана
алады. Ірі корреспонденттік желі ірі банкке вексель айналымын дамытуға мумкіндік береді. Екінші жағынан, клиент банктер
корреспонденттік шот қалдығын қолдана отырып, бас банк жүзеге асыратын операциялар есебінен несие ала алады.
Корреспонденттік қатынастардың әр тарабы өздерінде бар деректер негізінде корреспонденттік шот бойынша операциялар
есебін еркін жүргізеді. Ай сайын корреспондент банк корреспонденттік шот қалдығын бекітеді.
Поделитесь с Вашими друзьями: