Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»


Ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет3/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

6. Ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру 
  
86.  Бір  жұмыс  ауысымында  орындалатын  және  күнделікті  пайдалану  ретінде 
орындауға  рұқсат  етілген  жұмыстар  алдын  ала  техникалық  жетекші  немесе  электр 
шаруашылығына жауапты адам жете әзірлеген және қол қойған, ұйым басшысы бекіткен 
жұмыстар тізбесіне енгізілуге тиіс. Бұл ретте, тӛмендегі талаптар сақталуы керек: 
1) күнделікті пайдалану ретіндегі жұмыстар (жұмыстар тізбесі) тек қана кернеуі 1000 
В дейінгі электр қондырғыларына қолданылады. 
2)  жұмыс  жедел  немесе  жедел-жӛндеу  персоналының  күшімен  осы  персоналға 
бекітіліп берілген жабдықта, учаскеде орындалады. 
87.  Тізбеге  енгізілген  тұрақты  пайдалану  тәртібіндегі  жұмыс  әлдебір  қосымша 
нұсқауларды,  ӛкімдерді,  нысаналы  нұсқаулықтарды  талап  етпейтін,  тұрақты  рұқсат 
етілген болып саналады. 
88. Ағымдағы пайдалану тәртібіндегі  жұмыстар тізбесін әзірлеу кезінде қауіпсіздікті 
қамтамасыз  ету  шарттарын  және  нақты  жұмыстардың  жеке-дара  орындалу  мүмкіндігін, 
персоналдың  біліктілігін,  электр  қондырғыларының  тұтастай  немесе  оның  жекелеген 
элементтерінің техникалық үрдісте маңыздылық дәрежесін ескеру қажет. 
89.  Тізбеде  бригаданың  орындауына  рұқсат  етілген  жұмыстар  түрін  айқындайтын 
нұсқаулар болуы керек. 
90. Тізбеде ағымдағы пайдалану тәртібінде орындалатын жұмыстарды (жоғары тұрған 
жедел  персоналға  жұмыстың  орны  мен  сипаты,  оның  басталуы  мен  аяқталуы;  жұмыс 
туралы жедел жұмыс журналында жазу және т.б. хабарлау) тіркеу тәртібі кӛрсетілуге тиіс. 
91.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  электр  қондырғыларында  ағымдағы  пайдалану  тәртібінде 
орындалатын жұмыстарға тӛменде кӛрсетілген жұмыстарды жатқызуға болады: 
1) біржақты қоректенетін электр қондырғыларындағы жұмыстар

2) электр қозғалтқыштың, басқа жабдықтың кәбілін, сымдарын ажырату және жалғау
3)  магнитті  іске  қосқыштарды,  айырғыларды,  түйістіргіштерді,  іске  қосу  нүктелерін, 
басқа  да  сондай  іске  қосу  және  коммутация  аппаратурасын  қалқандар  мен 
құрастырмалардан аулақ орнатқан жағдайда жӛндеу; 
4)  жекелеген  электр  қабылдағыштарды  (электр  қозғалтқыштары  мен  электр 
калориферлер және т.б.) жӛндеу; 
5)  бӛлек  орналасқан  магнитті  станциялар  мен  басқару  блоктарын  жӛндеу,  электр 
машиналарының щеткалы аппараттарына күтім жасау; 
6) электр есептегіш және басқа аспаптар мен ӛлшеу құралдарын түсіру және орнату; 
7) сақтандырғыштарды ауыстыру, жарық беретін электр сымдарын және арматураны 
жӛндеу, 2,5 м артық емес биіктіктегі шамдарды ауыстыру және тазалау; 
8)  ұйым  аумағындағы,  қызметтік  және  тұрғын  үй-жайларындағы,  қоймалардағы, 
шеберханалардағы басқа да жұмыстар. 
Келтірілген  жұмыстар  тізбесі  осымен  аяқталған  болып  саналмайды  және  ұйым 
басшысының шешімімен толықтырылуы мүмкін. Тізбеде қандай жұмыстардың жеке-дара 
орындалуы мүмкін екені кӛрсетілуге тиіс. 
  
  
7. Бригада құрамы 
  
92.  Бригаданың  саны  мен  құрамы  жұмысты  орындау  шарттарына  сүйене  отырып, 
бригада  мүшелерінің  электр  қауіпсіздігі  бойынша  біліктілігін,  сондай-ақ  жұмыс 
ӛндірушінің  (бақылаушының)  бригада  мүшелерін  қадағалау  мүмкіндігін  ескере  отырып, 
айқындалуға тиіс. 
Жұмыс  ӛндіруші  басқаратын  бригада  мүшесінің  ӘЖ  IV  топтағы  бригада  мүшесі 
орындауға  тиіс,  жұмыстардан  басқа  осы  Қағидалардың 
373-тармағында
  кӛзделген 
жұмыстарды орындау үшін III тобы болуы керек. 
Бригаданың  электр  қауіпсіздігі  бойынша  әрбір  III  топтағы  мүшесіне  II  топтағы  бір 
жұмыскерді қосуға рұқсат етіледі, бірақ бригаданың II топтағы мүшелерінің жалпы саны 
үштен аспауы керек. 
Наряд  бойынша  жұмыс  кезінде  бригаданың  ең  аз  саны,  жұмыс  жүргізушіні 
(бақылаушыны) қосқанда екі адам. 
93.  Кезекшілікте  тұрған  жедел  персонал  жұмыскер  жоғары  тұрған  жедел  персонал 
арасындағы  рұқсатымен  бригададағы  жұмысқа  тартылуы  мүмкін,  бұл  туралы  жедел 
жұмыс журналында және нарядта жазылуы керек. 
  
  
8. Жұмыс орнын дайындауға және жұмысқа жіберуге рұқсаттама беру 
  
94.  Жұмыс  орнын  дайындау  және  бригадаға  жұмыс  орнына  баруға  рұқсаттама  беру 
жедел  персоналдан  немесе  оған  уәкілетті  қызметкерден  рұқсат  алынғаннан  кейін  ғана 
жүргізіледі.  Жылу  автоматикасы  және  қондырғыларындағы  жұмысты  орындауға 
рұқсаттама беру тәртібі осы Қағидалардың 32-тарауында келтірілген. 
95.  Жұмыс  орнын  дайындауды  орындайтын  рұқсат  беру  және  бригадаға  жұмыс 
орнына  баруға  рұқсаттама  беру  жеке  түрде,  телефон,  радио,  қолма-қол  немесе  аралық 
қосалқы станцияның персоналы арқылы берілуі мүмкін. 
Мұндай  жағдайда,  рұқсат  беру  нарядтың  осы  Қағидалардың 
2-қосымшасының  2-
кестесінде
 рұқсат берушінің аты-жӛні кӛрсетіліп, белгіленеді. Рұқсатты алдын ала беруге 
тыйым салынады. 
96. Бригаданың жұмысқа баруына бір наряд бойынша рұқсат етіледі. 
  
  

9. Жұмыс орнын дайындау және бригадаға алғаш рет наряд және өкім бойынша 
жұмысқа баруға рұқсаттама беру 
  
97.  Жұмыс  орындарын  дайындау  бойынша  нарядпен  қарастырылған  шараларды 
ӛзгертуге рұқсат берілмейді. 
Жұмыс орнын дайындау бойынша шаралардың жеткіліктілігі мен дұрыстығына және 
жұмысты  қауіпсіз  орындау  мүмкіндігіне  күмән  туған  жағдайда,  дайындық  тоқтатылуға 
тиіс,  ал  орындалуға  тиісті  жұмыс  қауіпсіздік  бойынша  туындаған  күмәнді  жоюдың 
техникалық шараларын қарастырған жаңа наряд берілгенше, кейінге қалдырылуға тиіс. 
98.  Жұмыс  жүргізуші  жұмысқа  рұқсат  берушінің  міндеттерін  қатар  орындайтын 
жағдайларда,  жұмыс  орнын  дайындауды  ол  бригаданың  III  тобы  бар  бір  жұмыскерімен 
бірге орындауы керек. 
99.  Рұқсат  беруші  жұмысқа  рұқсаттама  беру  алдында  жұмыс  орнының  дайындығы 
бойынша техникалық шаралардың орындалғанына жеке тексеру жолымен, жедел жұмыс 
журналындағы  жазу,  жедел  схема  және  жедел  жұмыс  атқаратын  персоналының,  жедел-
жӛндеу жұмыскерінің хабарламалары бойынша кӛз жеткізеді. 
100. Жауапты басшы және жұмыс жүргізуші (бақылаушы) жұмысқа рұқсаттама беру 
алдында,  рұқсат  берушіден  жұмыс  орнын  дайындау  кезінде  қандай  шаралар  алынғанын 
сұрап  білуі  керек  және  рұқсат  берушімен  бірге  сол  дайындықты  жұмыс  орны  шегінде 
жеке тексеріп шығуға тиіс. 
Жедел  персонал  болмаған  кезде,  бірақ  оның  рұқсатымен,  жұмыс  орнының 
дайындығын жұмысқа жауапты басшы жұмыс жүргізушімен бірлесіп, ӛз бетінше тексере 
алады. 
101.  Наряд  және  ӛкім  бойынша  жұмысқа  рұқсаттама  беру  тікелей  жұмыс  орнында 
ӛткізілуге тиіс. 
102. Жұмысқа рұқсаттама жұмыс орнын тексергеннен кейін беріледі. Бұл кезде рұқсат 
беруші  бригада  құрамының  нарядта  немесе  ӛкімде  кӛрсетілген  құрамға  сәйкестігін 
бригада мүшелерінің жеке куәліктері бойынша тексереді, бригадаға кернеудің жоқтығын 
орнатылған  жерге  тұйықтау  құралдарын  кӛрсету  арқылы  немесе  жерге  тұйықтау 
құралдары жұмыс орнынан кӛрінбесе, кернеу жоқтығын тексеру арқылы, ал кернеу 35 кВ 
және одан тӛмен электр қондырғыларында (конструктивтік орындау мүмкін болса)  - ток 
ӛткізгіш бӛліктерге қол тигізіп кӛру арқылы дәлелдеуге тиіс. 
103.  Наряд  немесе  ӛкім  бойынша  жұмыс  басталмас  бұрын,  наряд  (ӛкім)  берушіден 
бригада  мүшесіне  (орындаушыға)  дейінгі  реттілік  тізбегінде,  нақты  жұмысты  қауіпсіз 
орындау жӛніндегі нұсқауларды қарастыратын мақсатты нұсқама ӛткізілуге тиіс. 
Мақсатты нұсқама ӛткізілмесе, жұмысқа баруға рұқсаттама берілмейді. 
Наряд бойынша жұмыстар жүргізу кезінде мақсатты нұсқаулықты тӛмендегілер: 
1)  наряд  беруші  -  жұмысқа  жауапты  басшыға  немесе  жұмыс  жүргізушіге 
(бақылаушыға), егер жауапты басшы тағайындалмаса
2)  рұқсат  беруші  -  жұмысқа  жауапты  басшыға,  жұмыс  жүргізушіге  (бақылаушыға) 
және бригада мүшелеріне; 
3)  жұмысқа  жауапты  басшы  -  жұмыс  жүргізушіге  (бақылаушыға)  және  бригада 
мүшелеріне; 
4) жұмыс жүргізуші (бақылаушы) - бригада мүшелеріне жүргізеді. 
Ӛкім бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мақсатты нұсқаманы тӛмендегілер: 
1)  ӛкім  беруші  -  жұмыс  жүргізушіге  (бақылаушыға)  немесе  тікелей  жұмыс 
орындаушыға, рұқсат берушіге; 
2)  рұқсат  беруші  -  жұмыс  жүргізушіге  (бақылаушыға)  және  бригада  мүшелеріне 
(орындаушыларға) жүргізеді. 
Бригада  құрамына  бригаданың  жаңа  мүшесін  енгізген  кезде,  нұсқаманы  жұмыс 
жүргізушіге (бақылаушы) ӛткізуге тиіс. 

104.  Наряд  ұсынушы,  ӛкім  беруші,  жұмысқа  жауапты  басшы,  жұмыс  жүргізуші 
(бақылаушы)  олар  ӛткізетін  мақсатты  нұсқаулықта  электр  қауіпсіздігі  мәселелерімен 
қатар  жұмысты  қауіпсіз  жүргізу  технологиясы,  жүк  кӛтергіш  машиналар  мен 
механизмдерді,  құрал-саймаңдар  мен  жабдықтарды  пайдалану  жӛнінде  нақты  нұсқаулар 
беруге тиіс. 
Жұмыс  жүргізушіге  (бақылаушы)  мақсатты  нұсқамада  бригада  мүшелеріне  электр 
тоғынан  жарақаттанып  қалу  мүмкіндігін  болдырмау  мақсатында  мейлінше  жеткілікті 
нұсқау беруге тиіс. 
105.  Рұқсат  беруші  мақсатты  нұсқаулықта  бригада  мүшелерін  нарядтың,  ӛкімнің 
мазмұнымен  таныстыруға,  жұмыс  орнының  шекарасын,  жӛнделетін  құрал-жабдық  пен 
кӛршілес  қосылымдардың  жұмыс  орнына  жақын,  кернеудің  берілген  немесе 
берілмегеніне қарамастан, оларға жақындауға тыйым салынатын ток ӛткізуші бӛліктерін 
кӛрсетуге тиіс. 
106. Наряд бойынша жұмыс істеу кезінде мақсатты нұсқаулық  «Наряд және жарлық 
бойынша жұмыстарды есепке алу журналының» тиісті бағанында, нұсқаулықтың мәнісін 
қысқаша  баяндай  отырып  және  нұсқаулық  ӛткізген  және  алған  жұмыскерлердің  қол 
қоюымен осы Қағидалардың 
3-қосымшасына
 сәйкес ӛткізілуге тиіс. 
107. Жарлық бойынша жұмыс істеу кезінде мақсатты нұсқаулық «Наряд және жарлық 
бойынша  жұмыстарды  есепке  алу  журналының»  тиісті  бағанында  нұсқаулық  ӛткізген 
және  алған  жұмыскерлердің  қол  қоюымен  осы  Қағидалардың 
3-қосымшасына
  сәйкес 
ӛткізілуге тиіс. 
108.  Жұмысқа  рұқсаттама  нарядтың  екі  данасында  жазылады,  бір  данасы  -  жұмыс 
ӛндірушіде  (бақылаушыда)  қалады,  ал  екіншісі  -  жедел  жұмыс  атқаратын  жұмыскерлер 
ішінен рұқсат берушінің қолында болады. 
Жұмыс  жүргізуші  рұқсат  берушінің  міндеттерін  қатар  атқарған  кезде,  рұқсаттама 
нарядтың бір данасында жазылады. 
  
  
10. Жұмыс жүргізу кезіндегі бақылау, бригада құрамындағы өзгерістер 
  
109.  Жұмысқа  рұқсаттама  берілгеннен  кейін  бригаданың  қауіпсіздік  талаптарын 
орындауын бақылау жұмыс жүргізушіге (бақылаушыға) жүктеледі. 
110.  Жұмыс  орнынан  уақытша  кету  қажет  болғанда,  жұмыс  жүргізуші  (бақылаушы) 
ӛзін  жұмысқа  жауапты  басшы,  рұқсат  беруші  немесе  наряд  беру  құқығы  бар  жұмыскер 
ауыстыра алмайтын болса, бригаданы жұмыс орнынан шеттетуге (ТҚ шығаруға, есіктерді 
құлыппен жабуға, адамдарды ӘЖ тіректерінен түсіруге) міндетті: 
Ауыстыру  жағдайларында,  жұмыс  жүргізуші  (бақылаушы)  ӛзі  жұмыста  болмайтын 
уақытта, нарядты ӛзін ауыстырған жұмыскерге беруге тиіс. 
Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  жұмыс  жүргізушінің 
(бақылаушының)  бір  ӛзінің  немесе  бригада  мүшелерінің  жұмыс  жүргізушісіз 
(бақылаушысыз) қалуына (мынадай жағдайларды қоспағанда) рұқсат берілмейді. 
1)  басқа  үй-жайларға  шығарылған  ажыратқыштарды,  айырғыштарды,  жетектерді 
реттеу; 
2) қосалқы тізбектерді, қорғаныс, электр автоматикасы, сигнал беру, ӛлшеу, байланыс 
құрылғыларын құрастырып-жинау, тексеру; 
3) ток беретін және бақылау кәбілдерін тӛсеу; 
4) сынақтан ӛткізіліп жатқан жабдықты жүзеге асыру қажет болғанда, электр құрал-
жабдығын  жоғарылатылған  кернеу  беру  арқылы  сынақтан  ӛткізу  және  оған  бӛгде 
адамның жақындауы қауіпті екені жӛнінде ескерту жасау. 
Кӛрсетілген  жұмыстар  осы  Қағидалардың 
58

60-тармақтарында
  кӛзделген  негізде 
және шарттарда жүргізіледі. 

111.  Жұмыс  ӛндірушінің  (бақылаушының)  рұқсатымен  бір  немесе  бірнеше  бригада 
мүшелерінің  уақытша  жұмыс  орнынан  кетулеріне  болады.  Ондай  кезде  оларды  бригада 
құрамынан  шығару  талап  етілмейді.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында 
жұмыс  орнында  қалған  бригада  мүшелерінің  саны  жұмыс  жүргізушіні  (бақылаушыны) 
қосқанда, екіден кем болмауға тиіс. 
Электр  қауіпсіздігі  жӛніндегі  III  топқа  ие  бригада  мүшелеріне  ӛз  бетінше  ТҚ-дан 
шығуға  және  жұмыс  орнына  қайтып  келуге,  II  топқа  ие  бригада  мүшесімен  III  топқа  ие 
бригада  мүшесінің  немесе  электр  қондырғыларын  жеке  ӛзі  тексеру  құқығына  ие 
жұмыскермен  еріп  жүруге  рұқсат  етіледі.  ТҚ-дан  шыққан  кезде  есіктерді  құлыптамай, 
ашық қалдыруға тыйым салынады. 
Қайтып  келген  бригада  мүшелері  жұмыс  ӛндірушінің  (бақылаушының)  рұқсатымен 
ғана жұмысқа кірісе алады. 
112.  Осы  Қағидаларды  бұзушылық  белгілі  болған  және  жұмыс  істеушілердің 
қауіпсіздігіне  қауіп  тудыратын  басқа  жағдайлар  анықталған  кезде  бригада  жұмыс 
орнынан  шеттетіледі  және  жұмыс  жүргізушіден  (бақылаушыдан)  наряд  алынады. 
Анықталған  бұзушылықтар  жойылғаннан  кейін  бригаданың  алғашқы  рұқсаттама 
талаптарын сақтай отырып, қайтадан жұмысқа кірісуіне жол беріледі. 
113.  Наряд  берген  жұмысшыға  немесе  электр  қондырғыларында  жұмыс  орындауға 
наряд  беру  кұқығы  бар  басқа  жұмыскерге  бригада  құрамына  ӛзгеріс  енгізуге  рұқсат 
етіледі.  Бригада  құрамын  ӛзгерту  туралы  нұсқау  рұқсат  берушіге,  жұмысқа  жауапты 
басшыға немесе ӛзгерту туралы нұсқауды берген жұмыскердің аты-жӛнін нарядқа жазып, 
ӛзі  қол қоятын жұмыс ӛндірушіге (бақылаушыға) телефон, радио арқылы немесе қолма-
қол  беруге  рұқсат  етіледі.  Бригада  құрамы  ӛзгерген  жағдайда  осы  Қағидаларға 
2-
қосымшасының 4-кестесі
 бойынша нысан толтырылады. 
Бригада  құрамын  ӛзгерткен  кезде  осы  Қағидалардың 
92-тармағын
  сақтау  талап 
етіледі.  Жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  бригада  құрамына  енгізілген  жұмыскерлерді 
нұсқаулықпен таныстыруға міндетті. 
114. Жауапты басшыны немесе жұмыс жүргізушіні (бақылаушыны) ауыстыру кезінде, 
бригада  құрамының  жартысынан  кӛбін  жұмыс  шарттарын  ӛзгерткен  кезде  наряд  қайта 
беріледі. 
  
  
11. Бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыру 
  
115. Кернеуі 1000 В жоғары ТҚ бригаданы басқа жұмыс орнына ауыстыруды рұқсат 
беруші  жүзеге  асырады.  Мұндай  ауыстыруды  жауапты  жетекшіге  немесе  жұмыс 
ӛндірушіге (бақылаушыға) орындауға, егер наряд беруші оларға сондай тапсырма берген 
болса, нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолында осы Қағидаларға 
2-қосымшаға
  сәйкес 
жазбамен рұқсат беріледі. 
116.  Басқа  жұмыс  орнына  ауыстыру  нарядта  ресімделеді.  Жедел  персонал  санынан 
рұқсат беруші жүзеге асыратын ауыстыру нарядтың екі данасында ресімделеді. 
117.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  ТҚ-да,  сондай-ақ  бір  ӘЖ,  ӘБЖ,  КЖ-да  басқа  жұмыс 
орнына ауыстыру нарядта ресімдеусіз жұмыс ӛндіруші (бақылаушы) жүргізеді. 
118.  Жабдықтарды  ажыратусыз  жұмыстарды  орындау  кезінде  бригада  бір  ТҚ-дан 
екіншісіне ауыстырылғанда ғана нарядқа ресімдеу талап етіледі. 
  
  
12. Жұмыстағы үзілістерді және жұмысқа қайтадан рұқсаттама беруді ресімдеу 
  
119.  Жұмыс  күні  ішіндегі  үзілістер  (түскі  ас,  жұмыс  шарттары  бойынша)  кезінде 
бригада жұмыс орнынан шығарылады, ал ТҚ-ның есіктері құлыппен жабылады. 

Наряд  жұмыс  жүргізушіде  (бақылаушыда)  қалады.  Бригада  мүшелерінің  үзілістен 
кейін  жұмыс  жүргізушісіз  (бақылаушысыз)  жұмыс  орнына  келулеріне  тыйым  салынады. 
Үзілістен  кейін  жұмысқа  рұқсаттаманы  жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  наряд  ресімдемей 
жүзеге асырады. 
120. Жұмыс күнінің аяқталуына байланысты жұмыстағы үзіліс кезінде бригада жұмыс 
орнынан шығарылады. 
Қауіпсіздік  плакаттары,  қоршаулар,  жалаушалар,  жерге  тұйықтау  құралдары 
алынбайды. 
Жұмыс ӛндіруші (бақылаушы) нарядты рұқсат берушіге тапсырады. Жергілікті жедел 
персонал  жоқ  электр  қондырғыларында,  жұмыс  ӛндірушіге  (бақылаушыға)  жұмыс 
аяқталған соң нарядты ӛзінде қалдыруға рұқсат етіледі. 
Жұмыстың аяқталуын жұмыс ӛндіруші (бақылаушы) нарядтың ӛзіндегі данасында қол 
қойып, ресімдейді. 
121. Келесі күндері әзірленген жұмыс орындарына баруға қайта рұқсаттаманы рұқсат 
беруші  немесе  оның  рұқсатымен  жұмысқа  жауапты  жетекші  жүзеге  асырады.  Бұл  ретте 
рұқсаттама беруге жоғары тұрған жедел персоналдың рұқсаты талап етілмейді. 
Жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  рұқсат  берушінің  рұқсатымен  бригаданы  әзірленген 
жұмыс  орнына,  егер  оған  тапсырма  берілсе,  осы  Қағидаларға 
2-қосымшада
  келтірілген 
нарядтың «Жеке нұсқаулар» деген жолында жазумен жібереді. 
Келесі  күні  жұмыстар  қалпына  келтірілген  кезде  жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы) 
қалдырылған  плакаттардың,  қоршаулардың,  жалаушалардың  бүтіндігіне  және 
сақталғандығына,  сондай-ақ  жерге  тұйықтау  құралдарының  сенімділігіне  кӛз  жеткізеді 
және бригаданы жұмысты орындауын жібереді. 
Жедел  персонал  санынан  рұқсат  беруші  беретін  жұмысқа  рұқсаттама  нарядтың  екі 
данасында да ресімделеді. Жауапты басшы немесе жұмыс ӛндіруші (бақылаушы) жүзеге 
асырған  рұқсаттама  жұмыс  ӛндірушіде  (бақылаушыда)  бар  нарядтың  бір  данасын 
ресімдейді. 
  
  
13. Жұмыстың аяқталуы, жұмыс орнын тапсыру-қабылдау Нарядты, нұсқаманы 
жабу 
  
122.  Жұмыстар  аяқталғаннан  кейін  жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  бригаданы  жұмыс 
орнынан  шығаруға,  бригада  орнатқан  уақытша  қоршаулар  мен  тасымалданатын 
қауіпсіздік плакаттарын, жалаушаларды және жерге тұйықтау құралдарын алады, электр 
қондырғыларының  есіктерін  құлыптап  жабады  және  нарядқа  жұмыстардың  толық 
аяқталғанын  қол  қойып  ресімдейді.  Жұмысқа  жауапты  жетекші  жұмыс  орнын 
тексергеннен кейін жұмыстардың толық аяқталғанын нарядта ресімдейді. 
123.  Жұмыс  ӛндіруші  (бақылаушы)  кезекші  жедел  персоналға  немесе  наряд  берген 
жұмыскерге  жұмыстардың  толық  аяқталғандығы  және  оның  осы  Қағидалардың 
119-
тармағының
 талаптарын орындалғандығы туралы хабарлайды. 
124. Жұмыстардың толық аяқталғанын жазғаннан кейін жұмыс ӛндіруші (бақылаушы) 
нарядты  рұқсат  берушіге  тапсырады,  ол  жоқ  болғанда  -  сол  үшін  бӛлінген  орында 
қалдырады.  Егер  жұмыстар  толық  аяқталғаннан  кейін  нарядты  беруде  қиыншылықтар 
туса, онда рұқсат берушінің рұқсатымен немесе жедел персонал ішінен жұмыс ӛндіруші 
(бақылаушы)  нарядты  ӛзінде  қалдыра  алады.  Мұндай  жағдайда,  сондай-ақ  жұмыс 
жүргізуші  рұқсат  берушінің  міндеттерін  қатар  орындайтын  болса,  ол  келесі  күннен 
кешіктірмей,  жедел  персоналға  немесе  наряд  берген  жұмысқа  нарядты  беруі  тиіс,  ал 
шалғай учаскелерде - учаскенің әкімшілік-техникалық персоналына тапсырады. 
125.  Рұқсат  беруші  жұмыстардың  толық  аяқталғаны  кӛрсетілген  нарядты  алғаннан 
кейін,  жұмыс  орындарын  тексереді  және  жоғары  тұрған  жедел  жұмыс  персонал  ішінен 

жұмысшыға  жұмыстардың  толық  аяқталғаны  және  электр  қондырғысын  іске  қосуға 
болатыны туралы хабарлайды. 
126. Наряд немесе ӛкім бойынша жұмыстардың аяқталғаны жұмыс орнын қарағаннан 
кейін  осы  Қағидаларға 
3-қосымшада
  келтірілген  нарядтар  мен  ӛкімдер  бойынша 
жұмыстарды  есепке  алу  журналының  тиісті  бағанында  және  жедел  журналында 
ресімделеді. 
  
  
14. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін электр қондырғыларда іске қосу 
  
127.  Жұмыстар  толық  аяқталғаннан  кейін  жедел  персонал  арасынан  электр 
қондырғысын іске қосуға рұқсаттама (нұсқама) алған жұмыскердің электр қондырғысын 
іске  қоспастан  бұрын  оның  іске  қосуға  дайындығына  кӛз  жеткізеді  (жұмыс  орнының 
тазалығын,  құрал-саймаңдардың  жоқтығын  тексереді),  жұмыс  орнын  әзірлеу  кезінде 
жедел  персонал  орнатқан  уақытша  қоршауларды,  тасымалды  қауіпсіздік  плакаттарын 
және  жерге  тұйықтау  құралдарын  алып  тастайды,  тұрақты  қоршауларды  қалпына 
келтіреді. 
128.  Жедел  жӛндеу  персоналының  ішінен  рұқсат  берушіге  электр  қондырғысындағы 
жұмыс  аяқталғаннан  кейін  қосымша  рұқсат  немесе  нұсқау  алмастан,  оны  іске  қосу 
құқығы беріледі. 
Мұндай  іске  қосу  құқығын  беру  нарядтың  «Жеке  нұсқаулар»  деген  жолында 
жазылады. 
Мұндай  іске  қосу  құқығы  электр  қондырғыларындағы  немесе  оның  учаскелеріндегі 
жұмыстарға басқа бригадалар жіберілмеген жағдайда ғана беріледі. 
129.  Апатты  жағдайларда  жедел  персонал  немесе  рұқсат  беруші  бригада  жоқ  кезде 
жұмыс  толық  аяқталғанға  дейін  жӛндеуге  шығарылған  электр  жабдығын  немесе  электр 
қондырғысын  жұмысқа  қосады,  ондай  жағдайда  жұмыс  орындарына  жұмыс  жүргізуші 
келгенге  және  нарядты  қайтарғанға  дейін  жұмыс  жүргізушіге  және  бригаданың  барлық 
мүшелеріне электр қондырғысы қосылғаны және жұмыстарды қайта жалғастыруға тыйым 
салынғаны туралы ескерту жасайтын жұмыскерлер болуы тиіс. 
  
  
15. Электр қондырғыдағы кернеуді түсіре отырып, жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз 
ететін техникалық іс-шаралар Электр қондырғыны ажырату 
  
130.  Жұмыс  орнын  кернеуді  алуды  талап  ететін  жұмысқа  дайындау  үшін  мынадай 
техникалық іс-шаралар орындалады: 
1)  қажетті  ажырату  жүргізіледі  және  ажыратылған  коммутациялық  аппаратураның 
қате немесе ӛз бетінше қосылып кетуін болдырмайтын шаралар қабылданады; 
2) жұмыс орнына кернеу беріліп кетуін болдырмайтын тыйым 
салушы плакаттар ілінеді; 
3) ток ӛткізгіш бӛліктерде кернеудің жоқтығы тексеріледі; 
4) жерге тұйықтау реттеледі; 
5) жұмыс орнын қоршау бойынша жұмыстар жүргізіледі; 
6) «Жерге тұйықталды» деген кӛрсеткіш плакаттар ілінеді. 
Жұмыс орнын дайындау кезінде мыналар ажыратылады: 
1) жұмыс жүргізілетін ток ӛткізгіш бӛліктер; 
2)  осы  Қағидаларға 
10-қосымшаның  1-кестесінде
  кӛрсетілген  қашықтықтан  кем 
аралықта  адамдардың,  механизмдер  мен  жүк  кӛтергіш  машиналардың  кездейсоқ 
жақындауы мүмкін қоршалмаған ток ӛткізгіш бӛліктер; 

3) токтан ажыратылған ӘЖ осы Қағидаларға 
10-қосымшаның 1-кестесінде
 кӛрсетілген 
қашықтықтан  кем  қашықтықта  осы  ӘЖ  элементтерінің,  басқа  ӘЖ  кернеуде  тұрған  ток 
ӛткізгіш бӛлшектеріне жақындауы мүмкін жағдайда, соңғылар токтан ажыратылады. 
131.  Әрбір  жағынан  жұмыс  орнына  коммутация  аппараты  арқылы  кернеу  беріледі, 
кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларында  кӛзге  кӛрінетін  үзік  болады.  Кӛзге 
кӛрінетін  үзік  айырғыштардың  токтан  ажыратылуынан,  сақтандырғыштарды  алып 
тастаудан,  жүктеменің  бӛлектегіштері  мен  ажыратқыштарын  ажыратудан,  шиналар  мен 
сымдарды токтан ажыратудан пайда болады, олардың қатарына аппараттардың ӛздерінде 
қалдырылған,  автоматты  ажырату  серіппелерімен  іске  қосылатын  жүктеменің 
ажыратқыштары жатпайды. 
Құрама ажыратқышты тізбектерінде, ажыратқыштардың блокты немесе түйіспелердің 
ажыратылған  қалпына  кепілдік  беретін  сенімді  механикалық  кӛрсеткіш  болған  кезде 
элегазбен толтырылған ЖТҚ-да кӛзге кӛрінетін үзіктің болмауына рұқсат етіледі. 
Күштік  трансформаторлар  мен  электр  қондырғыларының  жұмыс  жүргізуге  бӛлінген 
учаскесіне  қатысты  кернеу  трансформаторлары  токтан  ажыратылады  және  басқа 
орамалары тарапынан ток күшінің қайта трансформациялар мүмкіндігін болдырмау үшін 
схемалары бӛлшектенеді. 
132.  Ажыратқыштарды,  айырғыштарды  (бӛлектегіштерді)  және  жүктеменің  қолмен 
басқарылатын  ажыратқыштарын  токтан  ажыратқаннан  кейін  сырттай  байқап  тексеріп, 
олардың ажыратылғанына және шунттаушы бӛгеттің жоқтығына кӛз жеткізу қажет. 
133. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында жұмыс орнына кернеу берілетін 
мүмкін  коммутациялық  аппараттардың  қателікпен  немесе  ӛздігінше  іске  қосылуын 
болдырмау үшін мынадай шаралар қабылданады: 
1)  жүктеменің  айырғыштарының,  бӛлектегіштерінің,  ажыратқыштарының  қол 
жетектері  токтан  ажыратылған  күйінде  механикалық  құлыппен  жабылады  (бір  полюсті 
айырғышы бар, кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында механикалық құлыптың орнына 
пышақтарға диэлектрлік қақпақ кигізуге рұқсат етіледі); 
2)  жедел  штанга  жүргізілетін  айырғыштардың  орнықты  қоршаулары  механикалық 
құлыппен жабылады; 
3) құрама ажыратқыштарының ажыратылған күйдегі жетектері механикалық құлыпқа 
жабылады; 
4)  қашықтан  басқарылатын  коммутациялы  аппараттар  жетектерінің  ток  беретін 
тізбектері  мен  басқару  тізбектері  токтан  ажыратылады,  ал  пневматикалық  жетектердің 
қысылған  ауа  ӛткізгіш  құбырларында,  ысырма  жабылады  және  механикалық  құлыппен 
бекітіледі, тығыз ауа шығарылады, бұл ретте тӛмен түсірілген клапандар ашық қалпында 
қалдырылады; 
5)  жүк  жеткізуші  және  серіппелі  жетектердің  іске  қосушы  жүгі  немесе  іске  қосушы 
серіппелері жұмыс істемейтін күйге келтіріледі; 
6) тиісті тыйым салушы плакаттар ілінеді. 
Итеріп  жылжытатын  арбалары  бар  ЖТҚ-ның  коммутациялық  аппараттарының 
қателікпен  іске  қосылуын  болдырмау  бойынша  шаралар  осы  Қағидалардың 
238,  239-
тармақтарына
 сәйкес қабылданады. 
134.  Кернеуі  1000  В  дейінгі  барлық  жағынан  ток  ӛткізгіш  бӛліктерінде  жұмыс 
жүргізілетін  электр  қондырғыларындағы  кернеу  қол  жетегімен  іске  қосылатын 
коммутациялы  аппараттарды  токтан  ажырату  арқылы  түсіріледі,  ал  схемаларда 
сақтандырғыштар болған кезде - соңғысы алынып тасталады. Схемада сақтандырғыштар 
болмаса,  коммутациялық  аппараттардың  қателікпен  іске  қосылуын  болдырмау 
тұтқаларды  немесе  шкаф  есіктерін,  бастырмаларды  жабу,  коммутациялық  аппараттар 
түйіспелерінің  арасына  оқшаулауыш  жапсырма  орнату  және  басқа  шаралар  арқылы 
қамтамасыз  етіледі.  Кернеуді  қашықтан  басқарылатын  коммутациялық  аппаратпен 
түсірген кезде орауышты іске қосатын екінші реттік тізбектерді ажыратып жіберу қажет. 

Жоғарыда  келтірілген  шаралар  кәбілді  коммутациялық  аппараттың  немесе  жұмыс 
жүргізілетін жабдықтың сымдарын шиналау немесе ажырату жұмыстарымен ауыстыруға 
жол беріледі. 
Тиісті тыйым салу плакаттары ілінеді. 
135. Тексеру үшін маңына жақындауға болмайтын, кернеуі 1000 В дейінгі коммутация 
аппараттарының  токтан  ажыратылған  күйі  сол  қысқыштарда  немесе  тарамдалатын 
шиналарда,  сымдарда  немесе  осы  коммутация  аппараттарымен  іске  қосылатын  құрал-
жабдықтың қысқыштарында кернеудің жоқтығын тексеру жолымен анықталады. 
  
  

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет