Тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы №1353 Қаулысы «Электр энергетикасы туралы»


Электр өлшегіш тістеуіктермен және өлшегіш штангалармен жұмыс



жүктеу 5.14 Kb.
Pdf просмотр
бет10/13
Дата22.04.2017
өлшемі5.14 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Электр өлшегіш тістеуіктермен және өлшегіш штангалармен жұмыс 
  
485. Кернеуі 1000 В жоғары электр қондырғыларында электр ӛлшегіш тістеуіктермен 
жұмысты  екі:  біреуі  IV  топтағы  (жедел  персонал  ішінен),  екіншісі  - III  топтағы  (жӛндеу 
персоналы  ішінен  рұқсат  беріледі)  жұмыскер  орындайды.  Ӛлшеу  кезінде  диэлектрлік 
қолғаптар  пайдаланылады.  Аспаптың  кӛрсеткішін  санау  үшін  аспапқа  қарай  еңкеюге 
рұқсат берілмейді. 
486. Кернеуі 1000 В дейінгі электр қондырғыларында электр ӛлшегіш тістеуіктермен 
жұмыс  істеуге  III  топтың  бір  жұмыскеріне  диэлектрлік  қолғаптарды  қолданбай  жұмыс 
істеуге жол беріледі. 
Электр ӛлшегіш тістеуіктермен ӘЖ тірегінде тұрып жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 
487. Ӛлшегіш штангалармен жұмысты кемінде екі: біреуі - IV топтағы, қалғандары II 
топтағы  жұмыскер  орындайды.  Конструкцияға  немесе  телескопиялық  мұнараға 
штангасыз кӛтерілу, сондай-ақ одан штангасыз түсу талап етіледі. 
Тіректі  конструкциялар  немесе  телескопия  мұнарасын  пайдалана  отырып  бірлікті 
ӛлшеу жұмысын жүргізу кезінде, жұмыс наряд бойынша орындалады. 
Штангамен диэлектрлік қолғаптарды пайдаланбай жұмыс істеуге жол берілмейді. 
  
  
Желілерді импульстік өлшегіштермен жұмыс 
  
488. Желілердің импульстік ӛлшегішін ажыратылған және жерге тұйықталған ӘЖ-мен 
ғана қосуға жол беріледі. Қосу мынадай тәртіппен орындалады: 
1)  жалғағыш  сымды  алдымен  импульстік  ӛлшегіштің  жерге  тұйықталған  сымына 
(қорғаныс  құрылғысынан  шығатын),  одан  кейін  -  оқшаулағыш  штангалардың  кӛмегімен 
ӘЖ  сымына  жалғанады.  Жалғағыш  сымды  ӘЖ-не  жалғайтын  штангалар  ӛлшеу  кезінде 
желі  сымында  қалуға  тиіс.  Штангалармен  жұмыс  кезінде  диэлектрлік  қолғаптарды 
пайдалану қажет; 
2) жерге тұйықтау құралы ӘЖ-нен импульстік ӛлшегіш жалғанған ұшынан алынады. 
Қажет болғанда жағдайда жерге тұйықтау құралдарын жерге тұйықтаушы ӘЖ-нің басқа 
ұштарынан  да  түсіруге  жол  беріледі.  ӘЖ-нен  жерге  тұйықталған  құралдар  алынғаннан 
кейін  жалғағыш  сымға,  қорғаныс  құрылғысына  және  оның  сымына  кернеу  берілген  деп 
есептелінеді және оларға жанасуға рұқсат берілмейді. 
3) импульстік ӛлшегіштің сымынан жерге қосу құралы алынады. 
489.  Импульстік  ӛлшегіштің  сымын  ӘЖ  оқшаулағыш  штангалардың  кӛмегімен  IV 
топтың  жедел  персоналы  немесе  зертхана  персоналы  жедел  персоналдың  бақылауымен 
орындайды. 
Импульстік  ӛлшегішті  орнықты  коммутация  аппараты  арқылы  ӘЖ  бұрын  жалғанған 
орнықты  сымға  қосуды  жӛне  ӛлшеуді  жедел  қызмет  персоналы  немесе  ӛкім  бойынша 
зертхана  персоналы  ішінен  электр  қауіпсіздігі  бойынша  IV  топ  жұмыскерлерінің  жеке 
ӛздері орындайды. 
490.  Ӛлшеу  аяқталған  соң  ӘЖ  қайтадан  жерге  қосылады  және  одан  кейін  ғана 
жалғаушы  сымдарымен  оқшаулағыш  штангаларды  ең  алдымен  ӘЖ-нен,  одан  кейін 
импульстік ӛлшегіш сымнан алуға жол беріледі. 
Жоғары кернеу импульстарының генераторы жоқ импульстық ӛлшегіштермен ӛлшеу 
жұмыс істеп жатқан бригадаларды ӘЖ-нен алыстатпастан орындауға жол беріледі. 
  
  
Мегаомметрмен жұмыс 
  
491.  Пайдалану  барысында  мегаомметрмен  ӛлшеуді  электр  техникалық  персонал 
арасынан  оқытылған  жұмыскерлер  орындайды.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр 

қондырғыларында  ӛлшеу  жұмыстары  наряд  бойынша,  ал  кернеуі  1000  В  дейінгі  электр 
қондырғыларында - ӛкім бойынша жүргізіледі. 
Мегаомметрмен ӛлшеу жүргізілетін жұмыстардың мазмұнына енгізілген жағдайларда, 
мұндай ӛлшеулерді нарядта немесе ӛкімде атап кӛрсету талап етілмейді. 
Оқшау  кедергісін  мегаомметрмен  ӛлшеуді  электр  қауіпсіздігі  бойынша  III  топтағы 
жұмыскер орындай алады. 
492.  Оқшауламаның  кедергісін  мегаомметрмен  ӛлшеу,  заряды  алдын  ала  жерге 
тұйықтау  жолымен  түсірілген,  токтан  ажыратылған  ток  ӛткізгіштерде  орындалады.  Ток 
ӛткізгіш  бӛліктерден  жерге  тұйықтау  құралдарын  мегаомметрді  жалғағаннан  кейін  ғана 
түсіріледі. 
493.Ток  ӛткізгіш  бӛліктердің  оқшауламасының  кедергісін  мегаомметрмен  ӛлшеу 
кезінде  жалғағыш  сымдарды  оларға  оқшаулағыш  ұстағыштардың  (штанга)  кӛмегімен 
жалғау  керек.  Кернеуі  1000  В  жоғары  электр  қондырғыларда,  одан  ӛзге,  диэлектрлік 
қолғаптарды пайдалану қажет. 
494. Жұмыс кезінде ток ӛткізгіш бӛліктерге жалғанған мегаомметрге жанасуға рұқсат 
берілмейді. Жұмыс аяқталғаннан кейін ток ӛткізгіш бӛліктерден қалдық зарядты аз уақыт 
жерге тұйықтау жолымен түсіру қажет. 
495. 1000 В дейінгі кернеу беріліп тұрған құрылғылардың электр параметрлерін ӛлшеу 
талап  етілген  жағдайда,  тасымалды  аспаптың  корпусын  жерге  тұйықтау  керек  және 
арнайы  қалқандарды  немесе  оқшаулағыш  тұтқалары  бар  жалғағыш  ӛткізгіштерді 
пайдалану қажет. 
  
  
31. Байланыс, диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары 
  
496.  Осы  бӛлімдегі  қауіпсіздік  шараларын  сақтау  тәртібі  мына  жұмыстарды 
орындаған кезде: 
1) байланыстың кәбіл және әуе желілерінде; 
2)  аппарат  залдарында,  кростарда,  энергетикалық  кәсіпорындардың  үй-жайларында 
орналастырылған  диспетчерлік  және  технологиялық  басқару  құралдары  жабдығы  мен 
байланыстың радио тораптарында; 
3)  байланыс  құрылғыларында,  ӘЖ  бойымен  байланыстың  жоғары  жиілікті 
қондырғыларында,  ӛндірістік  реле  қорғанысы  мен  телемеханика  қондырғыларында, 
телевидение және есептеу құрылғыларында жұмыстарды орындау кезінде сақталуға тиіс. 
497.  Жұмыстарға  жауапты  басшы  осы  Қағидалардың 
35-тармағына
  сәйкес 
орындалатын жұмыстарда: 
1) діңгекті ӛтпе жолдар құру, шеткі бұрыштық тіректерді ауыстыру бойынша
2) КБЖ бойынша; 
3)  КҚП  (ҚРП)  және  қызмет  кӛрсетілмейтін  күшейткіш  пунктінің  аппараттарына 
қатысты жұмыстар кезінде; 
4) қосылым сүзгілерінде жерге тұйықтағыш пышақты жалғамайтын (сүзгілерді ашпай 
тексеруді қоспағанда) жұмыстар кезінде тағайындалуға тиіс. 
Наряд  берушінің  жұмыстарға  жауапты  басшыны  жоғарыда  аталған  жұмыстардан 
басқа жұмыстарды орындаған кезде де тағайындауына рұқсат беріледі. 
498.  Жауапты  басшының  немесе  жұмыс  жүргізушінің  диспетчерлік  және 
технологиялық  басқару  құралдары  құрылғыларында  рұқсат  берушінің  міндеттерін  қоса 
атқаруына,  жұмыс  орнын  дайындау  үшін  коммутация  аппаратын  пайдалану  талап 
етілмеген жағдайда рұқсат етіледі. Бұл ретте рұқсат берушіге сақтандырғыштарды алуға 
және  бригада  мүшесімен  бірлесіп  тасымалды  жерге  тұйықтау  құралын  орнатуға  рұқсат 
беріледі. 
499.  Диспетчерлік  және  технологиялық  басқару  құралдары  құрылғыларында  ӛкім 
бойынша осы Қағидалардың 4-тарауында кӛрсетілген: 

1)  электр  беру  желісі  және  1-кластық  фидерлі  радиотрансляциялық  желілердің 
ықпалына түспеген, токтан ажыратылған ӘБЖ және КБЖ; 
2)  ТҚ  орналастырылған  жоғары  жиілікті  байланыс  құрылғыларын,  оның  ішінде 
байланыстың  жиілікті  арналарын  ӛңдеу  және  жалғау  элементтерін  жӛндеу,  құрастыру 
және ретке келтіру бойынша жұмыстарды жүргізуге рұқсат етіледі. 
500.  Байланыстың  кәбілдік  немесе  ӘЖ  кернеуі  750  кВ  ӘЖ-мен  қиылысқан  және 
жақындасқан  учаскелеріндегі  жұмыстар  кезінде,  персоналды  жұмыскерлерді  және 
байланыс пен радиоландыру құрылыстарын байланыстың кәбілдік немесе ӘЖ кернеуі 750 
кВ  ӘЖ-мен  қиылысқан  және  жақындасқан  учаскелерінде  қорғау  бойынша  талаптары 
орындалады. 
501. ТҚ аумағында орналасқан диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары 
құрылғыларындағы жұмыс осы Қағидалардың 
64-тармағына
 сәйкес ұйымдастырылады. 
ӘЖ  ТҚ  аумағынан  тыс  жерде  орнатылған  жоғары  жиілікті  бӛгеулердегі  жұмыс  ӘЖ 
қызмет ететін персонал беретін нарядтар бойынша жүргізіледі. 
  
  
Кәбілдік байланыс желілері. Электр кәбілдері 
  
502.  КБЖ  жоғары  кернеумен  сынақтан  ӛткізу  кезінде  сыналатын  учаске  шектеледі. 
КБЖ-нің  сынауға  жатпайтын  учаскелерінде  сынақ  кернеуінің  пайда  болуын  болдырмау 
үшін олардың арасындағы барлық қосылымдар алынуға тиіс. 
503.  Оқшауламаның  электр  тоғына  беріктігін  сынақтан  ӛткізу  кезінде  КБЖ  әр  басқа 
учаскелерінде жүрген жұмыскерлердің ӛзара байланысы орнатылуға тиіс. 
504.  КБЖ  ең  шеткі  ұшындағы  телефон  аппараты  сынақ  ӛткізудің  алдында  телефон 
байланысы  үшін  бӛлінген  қос  талсымдардың  әрқайсысына  жалғанған  бӛлгіш 
конденсаторлар  (сыйымдылығы  0,1  мкФ  және  жұмыс  кернеуі  5-6  кВ)  арқылы  қосылған 
болуы  керек.  Телефон  аппараты  мен  конденсаторларды  қазандықтан  немесе  резеңке 
диэлектрлік  кілемше  тӛселген  ағаш  табандығы  бар  құдықтан  тыс  орналастыру  қажет. 
Телефонмен сӛйлесулер кәбілде сынақ кернеуі жоқ болғанда және  жұмыстарға жауапты 
басшыдан шақыру алғанда жүргізілуге тиіс. Сынақ жүргізіліп жатқанда телефон аппараты 
мен жалғағыш сымдарға қол тигізуге рұқсат берілмейді. 
505. Сынақ кезінде жауапты басшыдағы телефон аппараты желіден қосулы жағдайда 
болады. Оны сынақтар аяқталғаннан және кәбілден заряд алынғаннан кейін қосу керек. 
506.  Кәбілге  сынақ  жасау  кернеуін  берудің  алдында  жұмыстарға  жауапты  басшы 
телефон арқылы бригада мүшелеріне сынақтардың басталатыны туралы ескертеді. 
507.  Оқшаулағыш  орындарда  (бокс)  және  ӛңделіп  жұмыс  қалпына  келтірілген 
кәбілдің  ұштарында  қандай  да  бір  ауыстырып  қосу  жұмыстарын  жүргізуге,  сондай-ақ 
сынақ барысында кәбілге жанасуға рұқсат берілмейді. 
508.  Ӛлшегіш  аспаптардың  және  құрылғылардың  металл  корпустары  жұмыс 
басталмастан  бұрын  жерге  қосылуға  тиіс,  ал  жерге  қосу  құралдарының  түсірілуі, 
аспаптармен және құрылғылармен жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін, қорытынды 
әрекет ретінде орындалуға тиіс. 
509.  Электр  жеткізу  желілерінің  және  электрленген  теміржолдардың  айнымалы 
тоғының  қауіпті  әсеріне  ұшыраған  КБЖ  электрлік  ӛлшеулерін  электрден  қорғау 
құралдарын пайдаланып жүргізу керек. 
510. Кәбілдерді тотығудан қорғау құрылғысына және қорғаныс құрылғыларын  кезбе 
(немесе орнықсыз) токтар кӛзіне қосу, сондай-ақ катод қондырғыларындағы қондырғыдан 
кернеуді  түсірмей  жүргізілетін  жұмыстарды  диэлектрлік  қолғаптарды  киіп  орындау 
қажет. 
Құрғату қондырғысын жӛндеу жұмысын оны түйіспе желісі жағынан және кәбіл мен 
құрғату  кабелінің  жерге  тұйықтау  құралдарын  электрлендірілген  теміржолдары  мен 
трамвайдың түйіспе желісі жағынан ажыратқаннан кейін орындауға рұқсат беріледі. 

511.  Ауа  қысымы  артық  кәбілді  күтіп  ұстауды  қамтамасыз  ететін  жабдықты 
пайдалану қолданылып жүрген  «Қысым астында жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысы 
және оларды қауіпсіз пайдалану қағидаларына» сәйкес келуге тиіс. 
Кептіру  және  автоматика  блогынан  электр  қалқанының  бӛлігін  (панель)  алуға  және 
жұмыстарды орындауға жабдықтан кернеуді түсірген соң 15 минуттан аспайтын уақытта 
кірісуге рұқсат етіледі. Жұмыс кезінде диэлектрлік кілемшені пайдалану керек. 
КБЖ қызмет етуге электр қауіпсіздігі бойынша біліктілігі үшінші топтан тӛмен емес, 
кәбілді  байланыс  қондырғысының  құрылысын  және  оны  пайдалану  ережелерін  жақсы 
білетін тұлғаларға рұқсат беріледі. 
КБЖ-ның үй-жайлары желдеткішпен жабдықталуға тиіс. 
КБЖ-дағы  барлық  жұмыстар  (сыртқы  жұмыстардан  басқа)  қондырғыны  токтан 
ажыратқаннан және кернеуді түсіргеннен кейін жүргізілуге тиіс. 
Кернеу  ажыратқышты  немесе  қоректендіру  қалқанындағы  және  қондырғының 
ӛзіндегі іске қосқыштарды ажырату арқылы түсіріледі. Қалқанға: «Токқа қоспа! Адамдар 
жұмыс істеп жатыр» деген плакат ілінеді. 
КБҚ  металл  конструкцияларының  корпустары,  сондай-ақ,  оқшауламаның  бүлінуі 
салдарынан  оларға  кернеу  беріліп  кетуі  мүмкін  іске  қосқыш  құрылғылардың 
қаптамаларын жерге тұйықтау керек. 
Кептіргіш және таратқыш стативтер жанында диэлектрлік кілемше болуы тиіс. 
Алдын  алу-сақтандыру  (профилактикалық)  жұмыстарын,  жӛндеу  жұмыстарын 
жүргізуге, қысым түсіп тұрған ауа компрессорларының, ресиверлердің, стативтер мен ауа 
жүргізгіштердің  ақауларын  жою  жұмыстарын  орындауға  жол  берілмейді.  Кӛрсетілген 
операцияларды орындау кезінде қысымды атмосфералық күйге дейін тӛмендету қажет. 
512.  Қызмет  етілмейтін  күшейткіш  пунктін  (ҚКП)  тұрақты  және  айнымалы  токпен 
қашықтықтан қоректендіру КБЖ келесі жұмыстарды: 
1) кәбілді монтаждау, бӛлшектеу және қайта салу; 
2) байланыстың бүлінген телефон желілерін жӛндеу; 
3) кәбілде ӛлшеу. 
513.  ҚКП  қызмет  етілмейтін  регенерациялық  пункті  (ҚРП)  қашықтан  қоректендіру 
қызмет  етілетін  күшейткіш  пункті  (ҚКП)  басшысының  немесе  кезекшінің  атына 
диспетчерлік  және  технологиялық  басқару  құралдарының  кезекшісі  берген  ӛтінім 
бойынша  алынып  тасталады.  Ӛтінімде  магистральдің  атауы,  қашықтан  қоректендіру 
тізбегінің нӛмірі, жұмыстың учаскесі мен сипаты, жұмыстың басталатын және аяқталатын 
уақыты, қашықтан қоректендірудің түрі, жұмыстарға жауапты басшының тегі кӛрсетіледі. 
514.  ҚКП  (ҚРП)  қашықтықтан  қоректендіру  ҚКП  кезекшісі  немесе  бастығы  соған 
уәкілетті қызметкердің рұқсатын алғаннан кейін алып тасталады. 
Қашықтықтан  қоректендіруді  беру  тізбегінде  тиісті  ілмектерді,  сақтандырғыштарды 
немесе аппараттардың конструкциясына байланысты басқа да бӛліктерін түсіру жолымен 
үзіктер жасау қажет. Бұл ретте диэлектрлік қолғаптарды пайдалану керек. 
515. ҚКП (ҚРП) жұмыс жүргізуге рұқсат алғаннан кейін жұмыстарға жауапты басшы 
жӛнделуге  жататын  кәбілді  анықтауға,  онда  кернеудің  жоқтығын  тексеруге  және  оны 
разрядтауға тиіс. Бұл әрекеттерді ол қорғаныс кӛзілдірігін және диэлектрлік қолғаптарды 
киіп орындауға тиіс. 
516.  ҚКП  (ҚРП)  кабеліндегі  жұмыс  үшін  бригадаға  рұқсаттама  берудің  алдында 
қашықтан қоректендіруді қабылдау тізбектерінде қосымша үзіктер жасалынуға тиіс. 
517.  ҚКП  (ҚРП)  кабеліндегі  жұмыс  үшін  бригадаға  рұқсаттама  беруді  жұмыстарға 
жауапты басшы барлық қауіпсіздік шараларын орындағаннан кейін жүзеге асыра алады. 
Ұйымда  қашықтан  қоректендіру  құрылғыларының  тізбесі  болуға  тиіс.  Мұндай 
құрылғыларда қызмет ететін персонал бұл тізбемен танысып шығуға тиіс. 
518.  КБЖ  жерасты  құрылыстарындағы  жұмыстар  осы  Қағидалардың 
333-349 
тармақтарының
 талаптарына сәйкес орындалуға тиіс. 

КЖ  қалпына  келтіру  үшін  жүргізілетін  жӛндеу  жұмыстары  кәбілден  кернеу 
түсірілгеннен  және  КЖ-нің  екі  ұшындағы  қорғағыш  жерге  қосу  құралы  орнатылғаннан 
кейін орындалуы керек. 
  
  
Оптикалық талшықты кәбілдер 
  
519.  Оптикалық  кәбілдерді  салу  және  құрастыру  жұмыстарын  орындауға  КЖ-де 
жұмыс  істеген  тәжірибесі  бар  және  арнайы  дайындықтан  ӛткен  байланыс  монтаждаушы 
рұқсат беріледі. 
520.  Оптикалық  талшықтарды  дәнекерлеуге  арналған  құрылғылармен  жұмыс  істеу 
барысында тӛмендегі шаралар орындалуға тиіс: 
1)  электр  тізбектерін  үзуді  немесе  құрылғының  жоғары  вольттық  тізбектерімен 
жалғауды  қажет  ететін  аспаптарды  қосу  және  ажырату  бойынша  барлық  жұмыстарды 
кернеу толық түсірілгенде орындау керек; 
2) құрылғы жерге тұйықтауға тиіс
3)  оптикалық  талшықтарды  дәнекерлеу  үшін  құрылғымен  жұмыс  істеуге  электр 
қауіпсіздігі бойынша біліктілігі III топтан тӛмен емес тұлғаларға рұқсат беріледі. 
Құрылғыны  электродтар  блогының  қорғаныс  қаптамасын  алып  тастап  пайдалануға 
рұқсат берілмейді; 
521.  Оптикалық  кәбілдің  жалғағыш  муфталарын  монтаждау  жұмыстарын  арнайы 
жабдықталған  монтаж-ӛлшеу  машиналарында  немесе  тікелей  кәбіл  кәрізінің 
құдықтарында орындауға болады. 
Жалғағыш  муфталарды  монтаждау  және  монтаждау  процессінде  бақылап  ӛлшеуді 
құрамында: 
1) ӛлшеуші инженер; 
2) ӛлшеуші техник; 
3) 6-разрядты байланыс монтаждаушы; 
4) 5-разрядты байланыс монтаждаушы бар кешенді бригада жүргізеді. 
522.  Станциялар  аралығындағы  учаскелерде  және  станцияларда  орларды  дайындау 
және  құбырларды  орларсыз  салу,  сондай-ақ  теміржол  жолдары  астынан  қорғаныс 
құбырлары  үшін  ӛтпе  жолдар  жасауға  кірісуге,  жұмыс  бастау  үшін  жол 
арақашықтығының  сигнализация,  байланыс,  электрмен  жабдықтау  арақашықтығымен 
келіскен  жазбаша  рұқсаты  және  станция  бойынша  күзетшінің  және  пойыз  диспетчері 
кезекшісінің рұқсатын алғаннан кейін ғана, рұқсат беріледі. 
523. Теміржолдың жер тӛсемі шегінде жұмыстар теміржол бағытында машиналармен 
(құбырларды орсыз жабу үшін ор қазғыштармен кәбіл салғыштармен) орындау құрылыс-
монтаж  ұйымдарының  жол  бӛлімшесінің  бастығына,  ал  бӛлінбейтін  құрылымды 
жұмыстарда  -  теміржол  басшылығына  берген  тапсырыстары  бойынша  «бос  жерде» 
орындалуға тиіс. 
524.  Құбырлар  мен  түтіктерді  орсыз  салу  жұмыстары  кезінде,  сондай-ақ  оларды 
теміржол  бағытында  машиналармен  салу  үшін  теміржол  жолдарының  электрленген 
учаскелерінде  ор  қазу  кезінде,  сондай-ақ,  түйіспелі  желі  тірегінің  ауқымында  салынған 
электр  жеткізу  желілері  бар  дербес  тарату  учаскелерінде  тӛмендегі  шараларды  орындау 
қажет: 
1)  егер  ор  қазу  және  құбырлар  мен  түтіктерді  салу  жұмыстары  «бос  жерде»  түйісу 
желісінде  және  түйісу  желісінің  тіректері  ауқымында  орнатылған  тіректердегі  электр 
жеткізу  желісінде  кернеуді  ажыратып  орындалатын  болса,  онда  осы  «бос  жерге» 
кернеудің  түсірілген  кезінде,  ор  қазғыш  немесе  құбыр  салғыш  теміржол  бағытымен 
ӛткенге  дейін,  рельске  немесе  жолдық  дрюссель-трансформаторлардың  орта 
шықпаларына  жалғанған  түйісу  желісі  тіректерінің  электр  жеткізу  желілері  тіректерінің, 

және кӛпір конструкцияларының жерге тұйықтағыш ӛткізгіштері уақытша ажыратылады 
және құбыр салынатын жолдан шеткері әкетіледі. 
Түтіктер мен құбырларды салғаннан кейін осы  «бос жерге» түйісу желісі мен электр 
жеткізу  желісіңде  кернеудің  түсірілген  күйінде  бұрын  ажыратылған  жерге  қосқыш 
ӛткізгіштер жалғанады. 
2)  ор  қазу  және  құбырлар  мен  түтіктерді  салу  жұмыстары  түйісу  желісі  мен  түйісу 
желісі  тіректерінің  ауқымында  орнатылған  тіректердегі  электр  жеткізу  желісінде  кернеу 
түсірілмей  жүргізілген  кезде,  машина  мен  түтіктің  (ордың  ішіне  жайма  платформада 
немесе  мотор  тасығыш,  теміржол  бойымен  жүргізілетін  кішкене  арба  платформасында 
орнатылған  барабаннан  салынатын)  жұмыс  органының  артына  шунттаушы  бӛгет  орнату 
қажет,  ал  содан  кейін  жерге  қосқыш  ӛткізгішті  ажыратып,  жол  бойынан  шеткері  әкету 
керек. 
Ор қазғыш пен құбыр салғыш ӛткеннен кейін жерге қосқыш ӛткізгішті  жалғау және 
шунттаушы бӛгетті ажырату жұмыстары жүргізіледі. 
525.  Шунттаушы  бӛгет  ретінде  оқшауланған  жалғағыш  қысқыштары  бар  солқылдақ 
мыс сымдарды пайдалану қажет. Айнымалы токтың электр күші және жеке күші бар кезде 
шунттаушы бӛгеттің қимасы 50 мм
2
, ал тұрақты токтың электр күші бар кезде  - 120 мм
2
 
болуға  тиіс.  Құбырларды  салу  кезінде  шунттаушы  бӛгеттерді  орнату,  жерге  қосқыш 
ӛткізгіштерді  ажырату  және  жалғау  бойынша  жұмыстар  электрмен  жабдықтау 
арақашықтығының және сигнализация мен байланыс арақашықтығы (жерге тұйықтағыш 
құрылғылардың  осылардың  қайсысына  жататынын  байланысты)  ӛкілінің  бақылауымен 
орындалуға тиіс. 
526.  Құбырлар  салу  үшін  жолды  әзірлеу  жұмыстарын  жүргізу  барысында  СЦБ-нің 
негізгі  және  резервті  қоректендіру  құрылғыларын  токтан  ажыратқан  жағдайда,  жерге 
қосқыш сымдар рельстерден ажыратылады және құбыр салынып жатқан жолдың бойынан 
шеткері әкетіледі. Құбыр салынып болғаннан кейін, негізгі және резервті қоректендірудің 
ажыратылған жағдайында, жерге тұйықтағыш ӛткізгіштер рельстерге жалғанады. 
527.  Автобұғаттау  желілерін  негізгі  және  резервті  қоректендіруді  ажыратпай  құбыр 
салу  кезінде,  орларды  дайындау  жұмыстарын  осы  Қағидалардың 
524-тармағының  1) 
тармақшасының
 және 
525-тармағының
 талаптарына сәйкес шунттаушы бӛгеттерді орната 
отырып, жүргізу қажет. 
528.  Металл  элементтері  жоқ  оптикалық  кәбілдері  пайдаланылған  талшықты-
оптикалық  байланыс  желілері  найзағайдан  және  жоғары  кернеу  желілерінің  әсерінен 
қорғауды талап етпейді. 
Металл  элементтері  (сауыт  жабын,  қабықтар,  қашықтан  қоректендірудің  мыс 
талсымдары)  бар  оптикалық  кәбілдер  пайдаланылған  талшықты  оптикалық  байланыс 
желілері найзағайдан және жоғары кернеу желілерінің әсерінен қорғалуға тиіс. 
  
  
Қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттер аппаратурасы 
  
529. ҚРП (ҚКП) жұмыстары наряд немесе жарлық бойынша жүргізілуге тиіс. 
Газға  қауіпті  саналмайтын  жер  асты  кәбіл  құрылыстарын  аралап  тексеру  жене  онда 
жұмыс істеу кем дегенде екі жұмыскерге жүктеледі. 
Зиянды  газдар  пайда  болуы  мүмкін  жер  асты  кәбіл  құрылыстарындағы  жұмыстарды 
наряд  бойынша  кемінде  үш  жұмыскер,  оның  екеуі  -  сақтандырғыш  орындайды.  Жұмыс 
жүргізушінің біліктілік тобы IV, ал қалғандарынікі III топ болуға тиіс. 
530.  Жер  асты  кәбіл  құрылыстарында,  ҚРП  (ҚКП)  камераларында  табиғи  және 
мәжбүрлеп желдету қамтамасыз етіледі. 
Мәжбүрлеп желдетілмейтін ҚРП (ҚКП) камераларын  жұмыс басталар алдында және 
жұмыс кезінде желдетіп отыру қажет. Жұмыс жүріп жатқанда камера ашық болуға тиіс. 

Мәжбүрлеп  желдету  желдеткіштің  немесе  компрессордың  күшімен  10-15  минут 
ішінде  қамтамасыз  етіледі.  Жер  асты  құрылысында  ауаны  толық  алмастыру  үшін  тӛмен 
түсірілген  және  түбіне  0.25  м  жетпейтін  шланг  кӛмегімен  желдету  шарасы  іске 
асырылады. 
531.  III  топтың  бір  жұмыскеріне  сақтандыратын  арқаны  бар  сақтандырғыш  белдігін 
пайдаланып, құдықта жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 
532.  Қашықтан  қоректендірілетін  аппараттарды  сынау  алдында  барлық  ҚРП  (ҚКП) 
және оларды қоректендіретін ҚКП арасында телефон байланысы қамтамасыз етіледі. 
533.  Аппараттардан  жекелеген  жолақтарды  қашықтан  қоректендіру  кернеуін 
түсіргеннен  кейін,  жұмыстарға  жауапты  басшы  рұқсат  берген  соң  ғана  алуға  болады. 
Кернеу беріліп тұрған аппараттарды жӛндеуге рұқсат берілмейді. 
534. ҚРП (ҚКП) контейнерінің қақпағын ондағы кернеуді атмосфера деңгейіне дейін 
тӛмендетпей тұрып, ашуға рұқсат берілмейді. 
  
  
Әуе байланыс желілері 
  
535.  Электрленген  теміржолдардың,  трамвайлар  мен  троллейбустардың  түйісу 
желісінің  сымдарымен  түйісетін  қиыспаларын  құру  және  әуе  байланыс  желісінің 
сымдарын  жӛндеу  дайындалған  жұмыс  жүргізу  жобасына  сәйкес  түйісу  жүйесі  жұмыс 
орнында  ажыратылған  және  жерге  қосылған  жағдайда,  түйісу  жүйесі  дистанциясы 
(ауданның) ӛкілінің қатысуымен жүзеге асырылуға тиіс. 
536.  Елді  мекендердің  кӛшелеріндегі  сымдарды  қайта  тарту  кезінде  кӛшеде 
жүргіншілер  мен  кӛліктерге  ескерту  беру  үшін  жалаушалар  ұстаған  белгі  бергіштерді 
тұрғызу керек. 
537. Электр жеткізетін желілердің астынан (үстінен) ӛтетін байланыс сымдары тарту 
және  ретке  келтіру  кезінде  осы  Қағидалардың 
16

390-тармақтарының
  талаптары,  осы 
Қағидалардың 28-тарауының талаптары есепке алына отырып, орындалуға тиіс. 
538. Жұмыс бастаудың алдында әуе байланыс желісі сымдарында (сымдар мен жердің 
арасынан) 25 В асатын кернеудің жоқтығы тексерілуге тиіс. 
Әуе  байланыс  желісі  сымдарында  25  В  асатын  кернеу  барлығы  белгілі  болған 
жағдайда,  кернеудің  пайда  болу  себептерін  анықтағанға  және  оны  25  В  дейін 
тӛмендеткенге дейін жұмысқа кірісуге рұқсат берілмейді. 
539.  Әсерден  пайда  болған  кернеу  беріліп  тұрған  әуе  байланыс  желісінде  жұмыс 
жүргізгенде,  әсерден  пайда  болған  кернеу  берілген  ӘЖ  жұмыстарға  қатысты  осы 
Қағидалардың 
385-417-тармақтарының
 талаптары орындалуға тиіс. 
540. Кернеу беріліп тұрған әуе байланыс желісі сымдарын жерге тұйықтау жұмыстары 
тасымалды  жерге  қосу  құралдарын  құрғату  орағыштары  арқылы  штанга  кӛмегімен 
орындалуға тиіс. 
541.  Кернеу  беріліп  тұрған  әуе  байланыс  желісінде  жұмыс  жүргізгенде,  тегістеліп 
жазылып  құрастырылатын  сымдар  аралықтың  басында  және  тікелей  жұмыс  орнында 
жерге  тұйықтауге  тиіс.  Жерде  жатқан  сым  желі  сымдарымен  және  келесі  учаскелерде 
тегістеліп жазылған сымдармен жанаспауға тиіс. 
Салбырау  жебесін  ретке  келтіруді  және  учаскедегі  сымды  бекемдеуді  келесі 
учаскедегі  сыммен  жалғаудың  алдында  орындау  қажет.  Жұмыс  орнында  жекелеген 
учаскелерді жалғаудың алдында сымдар жалғанатын орынның екі жағынан жерге қосуға 
тиіс. 
  
  

жүктеу 5.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет