Түсінік хат «Биология» пәнінің мақсаты



жүктеу 42.26 Kb.
Дата21.06.2022
өлшемі42.26 Kb.
#20658
2 5325882729781269074
1тоқсан БЖБ №1 6кл, sabaq-kz attachment mzh.-algebraly-blshekterd-osu-zhne-azaytu


Түсінік хат
«Биология» пәнінің мақсаты – білім алушылардың бойында органикалық дүниенің көптүрлілігі туралы, ондағы болып жатқан процестер мен заңдылықтар туралы білім жүйелерін қалыптастыру, сонымен қатар адам оның ажырамас бөлігі екендігі туралы саналы түсінік қалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері: 1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың негізгі патшалықтары ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе, биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру – салауатты өмір салты негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология, экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны қорғау саласындағы практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәнінің төмендетілген оқу жүктемесіне арналған Үлгілік оқу бағдарламасында жаңартылған мазмұндағы әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында қарастырылатын бөлімдер толығымен қалдырылған, айырмашылық бөлімше бойынша оқыту мақсаттары мен 119 зертханалық жұмыстардың, модельдеу сабақтарының санына байланысты айырмашылықтар бар.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды: 1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері; 2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму; 3) ағза мен қоршаған орта; 4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар. 7-9-сыныптарда «Биология» оқу пәнінен өткізілетін зертханалық жұмыстар мен модельдеу 42-кестеде берілген. 42-кесте. Зертханалық жұмыстар мен модельдеу саны
Оқу мақсаттарының санында өзгерістер бар. «Биология» пәні тірі табиғат туралы ілімді үйрететін болғандықтан, тәжірибелік дағдыны дамытуға көбірек көңіл бөлінгені дұрыс, ұсыну арқылы эксперименттік жобаны нақтылауды білуі керек. Практикалық дағдылар биологиялық білім беру мазмұнының маңызды бөлігі болып табылады. Сабақта үлкейткіштерді қолдану, аспаптармен және препараттық инемен жұмыс, уақытша микропрепараттар дайындау, оларды микроскоппен қарап, анықтау сияқты іс-әркеттер де тәжірибелік дағдыларға жатады. Биологиялық білімнің мазмұнында зияткерлік дағдылар қамтылған. Мысалы, таным процесін жетілдіруге бағытталған атау, сипаттау, негіздеу, анықтау, салыстыру, жалпылау және т.б. сипаттамалар бар. Білім алушылар тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, деректерді өңдеу, нәтижелерді талқылау, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізу жұмыстарын үйренеді. Тәжірибе жұмыстарын орындау кезінде білім алушылар табиғаттағы заңдылықтарды өз бетімен табады, жоспарлау мен өз зерттеу сұрағына жауап іздеу үшін өзінің зерттеу жұмысын жүргізуді үйренеді. Алған деректердің негізінде жаңалықтар ашады, табиғаттағы құбылыстардың заңдылықтарын өз бетімен табады. Келесі қадамдар арқылы білім алушының бойында тәжірибелік және зерттеушілік дағдыларды дамытуға болады: – ғылыми тәжірибені жоспарлау (зерттеу мақсаттарын анықтау); – зерттеу сұрағын дайындау; – зерттеу әдісі мен материалдарды таңдау; 120 – деректерді жазу және өңдеу (кесте, статистикалық анализ қолдануымен диаграммалар түрінде); – қорытынды жасау (тәжірибе жүзінде болжамды дәлелдеу, бақылаудың негізгі нәтижелерін тұжырымдау); – алынған нәтижелерді талқылау жүршізіледі(кемшіліктер және зерттеу әдістерін жетілдіру бойынша нұсұаулықтарды іздеу).
жүктеу 42.26 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет