Тұрсынова Г. Т. Рыскелдиева Г. Д



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата22.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


 
Тұрсынова Г.Т. 
Рыскелдиева Г.Д. 
Карамендина М.Ӛ. 
Итемирова А.С. 
 
 
 
 
 
 
 
 
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2012 


 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ 
МИНИСТРЛІГІ 
 
Қ.И.СӘТБАЕВ атындағы 
 ҚАЗАҚ ҦЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 
 
 
 
 
Тұрсынова Г.Т. 
Рыскелдиева Г.Д. 
Карамендина М.Ӛ. 
Итемирова А.С. 
 
КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІ  
 
(050506, 050509050723, 050608,050805-экономика –бизнес, техникалық 
физика, экология, су ресурстары 
бойынша оқитын студенттер үшін) 
 
 
 
 
Университеттің Ғылыми-әдістемелік кеңесі 
оқу құралы ретінде ұсынған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматы 2012 
 


 
ЖОК 811.512.122 (0.75,8) 
 
К 26         Тҧрсынова Г.Т.,Рыскелдиева Г. Д., Карамендина М.Ӛ.,       
Итемирова А.С.   Кәсіби қазақ тілі: (Оқу құралы). – Алматы: ҚазҰТУ, 2012. - 
153б 
 
ISBN 978-601-228-349-5 
 
Ұсынып отырған «Кәсіби қазақ тілі» оқу құралы техникалық жоғары оқу 
орындарының  экономика  –  бизнес,  техникалық  физика,  экология,  су 
ресурстары мамандықтары бойынша оқитын студенттерге арналған. 
Оқу құралының басты мақсаты – мемлекеттік тілді техникалық жоғары 
оқу  орындары  студенттеріне  бағдарлы  оқыту  арқылы  техникалық 
терминдердің мән-мағынасын түсіндіріп, меңгерту және оларды тәжірибеде 
еркін  қолдану  дағдысын  қалыптастыру.  Сонымен  қатар,  кәсіби  бағдарлы 
мәтіндердің мазмұнын түсініп оқуға машықтандыру.  
 
 
ЖОК 811.512.122 (0.75,8) 
 
 
Пікір жазғандар: Г.А.Қажығалиева – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры, 
педагогика ғылымдарының докторы. 
З.К.Сабитова  – фил. ғыл. докторы, профессор, 
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 
жоспары бойынша басылды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ISBN 978-601-228-349-5                                            © Тұрсынова Г.Т. 
                                                                                           © Рыскелдиева Г.Д. 
                                                                                        © ҚазҰТУ, 2012 


 
Кіріспе 
 
Бүгінгі білім беру саласында кӛкейтесті мәселелерінің бірі – мемлекеттік 
тілдің ӛрісін кеңейту, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін жасау болып 
табылады.  Осыған  орай  жоғары  оқу  орындарында  мемлекеттік  тілдің 
қолданылу  деңгейін  жоғары  дәрежеге  жеткізу  міндеті  кӛзделіп  отыр. 
Мемлекеттік  тілде  оқулықтар  мен  оқу  құралдары,  сӛздіктер,  тілашарлар 
кӛбейіп, әр түрлі бағыттағы әдістемелер ұсынылып отыр. 
Ұсынылып  отырған  оқу  құралы  экономика  –  бизнес,  техникалық  физика, 
экология,  су  ресурстары  мамандықтары  бойынша  білім  алатын  техникалық 
жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. 
Оқу  құралының мазмұны мен құрылымы келесі шарттарға сай жазылған.  

 
Студенттің  мемлекеттік  тілде  оқытудың  қатысымдық  жағын 
күшейту арқылы түсінуіне ықпал ету. 

 
Студенттің рухани, танымдық ӛресінің кеңеюіне мүмкіндік жаау. 
Оқытудың  кредиттік  жүйесіне  сай  жаалған  оқу  құралының  мазмұны 
ӛзектілігімен,  түсініктілігімен,  берілген  материалдардың  жүйелілігі  және 
танымдылығымен ерекшеленеді. 
Оқу құралды пайдалану студенттерге оқу уақытын дұрыс ӛткізуге, ӛздік 
жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыруға, сонымен қатар, танымдық және 
шығармашылық белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ оқу 
құралында экономика –бизнес, техникалық физика, экология, су ресурстары 
мамандықтарына  қатысты  негізі  мәтіндер,  тапсырмалар,  сұрақ-жауап  үлгілері, 
танымдық 
-тәрбиелік 
бағыттағы 
материалдар, 
термин 
сӛздердің 
түсініктемелері, аудармалары, оларға қатысты нақты тапсырмалар берілген.  
Танымдық-тәрбиелік  бағытта  ғибратты,  қанатты  сӛздер, ұлы  тұлғалардың 
ой толғамдары, шешендік сӛздерге мән берілген.  
Ұлттық болмысты ұлықтау мақсатында студенттерге мамандығына сәйкес 
материалды  меңгерумен  қатар,  оларды  жалпы  дүниетанымын,  рухани  әлемін, 
логикасын  қалыптастыру  жұмыстарына  да  кӛңіл  бӛлінді.  Студенттердің 
ғылыми  білімге  деген  құштарлығын  арттыру  мақсатында  «толық  адам  болу» 
концепциясынан да мәлімет берілген. 
Қазақ  тілінің  оқу  құралында  берілген  жаттығулар  студенттердің  экономика  –
бизнес,  техникалық  физика,  экология,  су  ресурстары  саласындағы 
мамандықтарына  қатысты  білімін  жетілдіреді,  сӛздік  қорларын  байытады, 
терминдермен  жұмыс  істеуге,  оларды  түсініп  меңгерулеріне,  болашақта 
мамандықтары  бойынша  пікір  алмасып,  тілдік  қарым-қатынас  жасауларына 
бағыт береді.  
 
 
 
 
 
 


 
 
ФОНЕТИКА 
 
1.
 
Сӛйлеу  тілінде  дыбыстау  мүшелері  арқылы  айтылып,естілетін 
тілдік  құбылысты  дыбыс  дейді.  Дыбыс  –  сӛздің  ең  кішкене  бӛлігі.  Дыбысты 
айтады және естиді.  
2.
 
Дыбысты  таңбалау  үшін  алынған  белгіні  әріп  дейді.  Яғни  әріп  – 
дыбыстың жазбаша таңбасы. Әріпті жазады жән кӛреді.  
3.
 
Әріптердің  рет-ретімен  тізілген  жиынын  алфавит  (әліпби)  дейді. 
Қазақ  тілінің  алфавиті  42  әріптен  тұрады  және  олардың  тізбектелген  қатары 
мынадай : а, ә, б, в, г, ғ, д, е, ѐ, ж, з, и, й, к, қ, л, м, н, ң, о, ӛ, п, р, с, т, у, ұ, ү, ф, х, 
һ, ц, ч, ш, щ, ь, ы, і, ъ, э, ю, я.  
4.
 
Қазақ тіліне тән әріптер (9): ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.  
5.
 
Қазақ  тілінде  дыбыстар  ӛкпеден  шыққан  ауаның  шығуына  қарай 
дауысты дыбыс және дауыссыз дыбыс болып 2-ге бӛлінеді.  
 
Дауысты дыбыс 
1.
 
 
2.
 
Дауысты  дыбыс  ӛкпеден  шыққан  ауаның  ауыз  қуысына  еш 
кедергіге ұшырамай, еркін шығуынан жасалады.  
3.
 
Дауысты дыбыс буын жасауға қатысады.  
4.
 
Дауысты дыбысқа екпін түседі. 
5.
 
Тіліміздегі дауысты дыбыстар: а, ә, е, и, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, э. 
6.
 
Дауысты  дыбыс  тіл,  жақ  және  еріннің  қатысына  қарай  жуан  – 
жіңішке, ашық – қысаң, еріндік – езулік болып жіктеледі.  
Жуан: а, о, ұ, ы, у 
Жіңішке: ә, ӛ, ү, і, е, и, (у), э 
Ашық: а, ә, о, ӛ, е, э 
Қысаң: ы, і, и, у, ү, ұ 
Еріндік: о, ӛ, ұ, ү, у 
Езулік: а, ә, е, ы, і, и, э 
 
Дауыссыз дыбыс 
 
1.
 
Дауыссыз дыбыс ӛкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге 
ұшырап шығуынан жасалады. 
2.
 
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, 
ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у). 
3.
 
Дауыссыз  дыбыстар  үн  мен  салдырдың  қатысына  қарай  ұяң,  үнді 
және қатаң болып 3-ке бӛлінеді.  
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з, һ 
Үнді: й, л, м, н, ң, р, (у)  
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ  
 


 
 
Буын 
Буын – сӛзді айтқан кездегі дауыс толқыны. 
Буын сӛздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сӛзде қанша дауысты 
болса, сонша буын болады.  
 
 
Мысал  
Ереже  
 
 
Ашық буын  
1.
 
Дауыссыз 
дыбыстан 
басталып, 
дауысты 
дыбысқа 
бітеді. 
2.
 
Тек 
дауысты 
дыбыстан тұрады. 
А-ға, ба-ла, қа – ла, ша 
– на – ны, бо – са – ға  
 
Тұйық буын  
Дауысты 
дыбыстан 
басталып, 
дауыссыз 
дыбысқа бітеді.  
(Кӛбінесе 
бірінші 
буында кездеседі) 
ат, ант,  
ки –ік,  
тұңғи –ық,  
ақи –ық, 
әдеби – ет  
Бітеу буын  
Отасындағы 
дауыстыны 
екі 
жағынан 
дауыссыз 
дыбыс қоршаған буын.  
1.
 
бал  
2.
 
тарс,  
3.
 
класс 
4.
 
мек - теп 
 
 
Тасымал 
 
Тасымал –  сӛзді  жазған  кездегі оның жолға сыймай  қалған бӛлігін  келесі 
жолға кӛшіру. 
Тасымал  буынға  негізделеді.  Яғни,  сӛздер  тек  буын  жігімен 
тасымалданады.  Мысалы,  «Кереге»  сӛзін  екі  жолмен  тасымалдауға  болады:      
ке –реге, кере – ге.   
 
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:  
1.
 
Тек  бір  дауысты  дыбыстан  тұрған  ашық  буынды  тасымалдауға 
немесе жолда қалдырып кетуге болмайды. ( а – та, ә –ке, арми – я.) 
2.
 
Бір  буыннан  тұратын  сӛзді  тасымалдауға  болмайды.  (қант,  тӛрт, 
бұлт.) 
3.
 
Қысқарған  сӛздерді  тасымалдауға  болмайды.  (ТМД,  ҚазҰУ,          
Қаз МУ, ҚР) 
4.
 
Адам  атының  қысқартылып  алынған  әрпін  фамилясынан  айырып 
бірінші жолда қалдыруға болмайды. (А.Қ.Жабаев, М.О.Әуезов, Қ.С. Мусин) 
5.
 
Қысқарған ӛлшем бірлігін саннан айырып тасымалдауға болмайды. 
(15 см, 20кг, 100га) 
 


 
 
Екпін 
 
Екпін  –  сӛйлеген  кездегі  белгілі  бір  сӛздің,  буынның  және  дыбыстың 
ерекше кӛтеріңкі дауыспен айтылуы. 
Екпіннің түрлері: сӛз екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні, тіркес екпіні. 
Сӛз  екпіні  –  сӛздегі  бір  буынның  кӛтеріңкі  дауыспен  айтылуы.  Қазақ 
тілінде  бұл  екпіннің  орны  тұрақты,  кӛбінесе  сӛздің  соңғы  буынына  түседі. 
Сӛзге  қосымша  жалғанғанда,  екпін  қосымшаға,  яғни  соңғы  буынға  ауысып 
отырады. Мысалы, Еңбек, Еңбекші, Еңбекшілер, еңбекшілерді 
Ой екпіні – сӛйлемдегі бір сӛздің кӛтеріңкі дауыспен айтылуы. 
Дыбыс екпіні – сӛздегі бір дыбыстың кӛтеріңкі дауыспен айтылуы.  
Тіркес екпіні – сӛйлемдегі бір тіркестің кӛтеріңкі дауыспен айтылуы.  
 
Ҥндестік заңы 
 
Үндестік  заңы  дегеніміз  –  сӛз  ішіндегі  дыбыстардың  бір-бірімен  үндесіп, 
біркелкі болып қолданылуы.  
Үндестік заңының 2 түрі бар: буын ҥндестігі және дыбыс ҥндестігі. 
   
Буын ҥндестігі 
 
Буын  үндестігі  –  сӛз  ішіндегі  дауысты  дыбыстардың  бірыңғай  жуан  не 
жіңішке болып үндесуі. 
Түркі  тілдері,  оның  ішінде  қазақ  тілі  буын  үндестігіне  негізделеді,  яғни 
қазақтың тӛл сӛздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді.  
Буын  үндестігі  сӛз  бен  қосымша  арасында  да  сақталады,  яғни  сӛзге 
жалғанатын қосымша сӛздің соңғы буынының жуан  - жіңішкелігіне қарай жуан 
не жіңішке  жалғанады.  
 
Дыбыс ҥндестігі 
 
Дыбыс үндестігі дегеніміз – қатар келегн екі дыбыстың бір-біріне ықпал 
етіп үндесуі. Оның 2 түрі бар: 
ілгерінді ықпал  
кейінді ықпал Ілгерінді ықпал 
Ілгерінді  ықпал  –қатар  тұрған  екі  дыбыстың  біріншісінің  ӛзінен  кейінгі 
дыбысқа ықпал етіп, ӛзіне ұқсатуы. 
Ілгерінді ықпалдың кездесетін орындары:  
1)
 
сӛз бен қосымша арасында: қаш – са (қашша) 
2)
 
екі сӛз арасында: ақ балық (ақ палық)  
3)
 
күрделі сӛздерде:  
а) біріккен сӛз: кӛзқарас (кӛзғарас) 
ә) тіркескен сӛз: ала кел (ала гел) 

10 
 
б) қос сӛз: құрбы-құрдас (құрбы-ғұрдас) 
Кейінді ықпал 
Кейінді  ықпал  –  қатар  тұрған    екі  дыбыстың  соңғысының  ӛзінің 
алдынғы дыбысқа ықпал етіп, ӛзіне ұқсатуы. 
Кейінгі ықпалдың кездесетін орындары: 
1.
 
 Түбір мен қосымша арасында: бас + шы – башшы; 
2.
 
 Екі сӛз арасында: ақ лақ (ағ лақ) 
3.
 
 Күрделі сӛздерде: 
а) біріккен сӛз: Есенгелді (Есеңгелді) 
ә) тіркескен сӛз: он бес (ом бес) 
б) қос сӛз: астан – кестен ( астаң- кестен). 
 
ЛЕКСИКА 
 
 Лексика ( грек. «сӛздік қор») мына тақырыптарды зерттейді: 
1.
 
жалпы қоллданыстағы сӛздер; 
2.
 
қолдану аясы шектеулі сӛздер; 
3.
 
кӛркем әдебиетте жиі қолданылатын қанатты сӛздер; 
4.
 
сӛздің лексикалық мағыналары; 
Олардың жіктелуін тӛмендегі кестеден кӛруге болады:  
 
1.
 
жалпы 
қолданыстағы 
сӛздер 
күнделікті  ӛмірде  қолданылатын  сӛздер:  
бар, кел, есік, туысқан, соғыс, т.б. 
 
 
2.
 
қолдану  аясы  шектеулі 
сӛздер 
1.
 
архаизм 
2.
 
историзм 
3.
 
неологизм 
4.
 
диалект сӛз 
5.
 
термин сӛз 
6.
 
кәсіби сӛз 
7.
 
табу сӛз 
8.
 
кірме сӛз 
9.
 
эвфемизм 
10.
 
дисфемизм  
 
 
3.
 
қанатты сӛздер 
1.
 
тұрақты сӛз тіркесі  
2.
 
идиома (лық тіркес) 
3.
 
мақал –мәтел 
4.
 
афоризм (нақыл сӛз) 
4.
 
сӛздің 
лексикалық 
мағыналары  
 
 
1.
 
тура мағына 
2.
 
ауыспалы мағына 
3.
 
кӛп мағына 
4.
 
синоним 
5.
 
антоним 
6.
 
омоним 
 

11 
 
 
Сӛз мағынасы 
Сӛзді лексикалық мағынасына қарай мынадай түрлері бар: 
Сӛздің тура мағынасы – сӛздің бастапқы мағынасы. 
Сӛздің  ауыспалы  мағынасы  –  сӛз  мағынасының  ауысып,  бастапқы 
мағынасынан  ӛзге  мағынада  қолданылуы.  Сӛздің  ауыспалы  мағынасы  екінші 
сӛзбен тіркескенде ғана пайда болады. 
Мысалы: 
Тура мағына 
 Ауыспалы мағына 
терең кӛл 
ашық терезе 
ӛткір қайшы 
домбыра шерту 
майлы тӛстік 
терең ой  
ашық мінез 
ӛткір кӛз 
сыр шерту 
майлы дастархан 
 
Сӛздің  кӛп  мағыналығы  (полисемия)  –  бір  сӛздің  басқа  сӛздермен 
тіркескен кездегі әр түрлі мағынаға ие болуы. Мысалы: 
Адамның басы 
Судың басы (бұлақ) 
Сӛздің басы (сәлем) 
Таудың басы (шың) 
Антоним – мағыналары бір-біріне қарама –қарсы сзӛздер. Мысалы: Аласа 
– биік, Ұзын – қысқа, Ақ – қара, Жақын – алыс, Су жүрек – жүрек жұтқан. 
Омоним – дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары әр түрлі сӛздер. 
Мысалы: «Жақ» омоним сӛзінің мағыналары: 
Адамның жағы/ От жақ / Оң жақ / Маған жақ бол / Қара бояу жақ 
Омонимдердің жасалу жолдары: 
1.
 
Жұрнақ арқылы: шығыс ( шық +ыс), жастық ( жас + тық); 
2.
 
Кірме сӛз арқылы: бақ (парсы. «бақт»), сап (араб «саф»); 
3.
 
Сӛздің дыбыстық ӛзгеріске ұшырауы: біз (бігіз); 
 
Синоним  –  айтылуы  әр  түрлі, бірақ  мағыналары бір-біріне  жақын  сӛздер. 
Мысалы: сабырлы, байсалды, тӛзімді, ұстамды, салмақты.  
 
МОРФОЛОГИЯ 
Морфология сӛз құрамы, қосымша және сӛз таптарын зерттейді. 
Сӛз құрамының 2 түрі бар: дар сӛз және күрделі сӛз. 
  
Дара сӛз 
Кҥрделі сӛз 
1)
 
түбір сӛз 
2)
 
туынды сӛз 
1)
 
қос сӛз 
2)
 
біріккен сӛз 
3)
 
қысқарған сӛз 
4)
 
тіркескен сӛз 
  

12 
 
 
Қосымшаның 2 түрі бар: жалғау және жұрнақ.  
Жалғау  
Жұрнақ  
1.
 
Кӛптік ж. 
2.
 
Септік ж. 
3.
 
Жіктік ж. 
4.
 
Тәуелдік ж. 
1)
 
Сӛз тудырушы 
2)
 
Сӛз түрлендіруші 
 
Сӛз табының 9 түрі бар: 
1.
 
Зат есім 
2.
 
Сын есім 
3.
 
Сан есім 
4.
 
Есімдік 
5.
 
Етістік 
6.
 
Үстеу 
7.
 
Шылау 
8.
 
Еліктеу сӛз 
9.
 
Одағай 
 
Сӛз қҧрамы 
 
Сӛз құрамына қарай 2-ге бӛлінеді: дара сӛз және кҥрделі сӛз. 
 
Дара сӛз 
Дара  сӛз  –  бір  түбірден  тұратын  сӛз.  Оның  екі  түрі  бар:  тҥбір  сӛз  және 
туынды сӛз. 
Тҥбір сӛз 
Түбір сӛз – сӛздің мағынасына бар  ең бастапқы бӛлшегі. (ән, дос, бӛл, біл, 
тау, жақсы, қала) 
 
Туынды сӛз  
Туынды сӛздің  жасалу жолдары тӛмендегідей: 
1)
 
Түбір сӛзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады. ( әнші, достық, 
бӛлім, білгір, таулы, жақсылық, қалашық) 
2)
 
Лексикалық жолмен жасалуы («ақ» сӛзінің негізгі мағынасы түсті 
білдіреді. Бұл сӛздің лексикалық мағынасының ауысуынан «сүт тағамдары» 
деген ұғым пайда болған).  
3)
 
Бірігу арқылы (кӛзқарас, тасбақа т.б.). 
4)
 
Тіркесу арқылы (он бес, қар торы т.б.) 
 
Кҥрделі сӛз 
 
Күрделі  сӛз  –  кемінде  екі  түбірден  жасалдып,  бір  мағынаны  білдіретін 
сӛз. Оның 4 түрі бар: 

13 
 
Біріккен сӛз 
Қос сӛз 
Қысқарған сӛз 
Тіркескен сӛз 
 
Біріккен сӛз 
Біріккен сӛз  - екі немесе одан кӛп сӛз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және 
бір  сұраққа  жауап  беретін  сӛз.  Мысалы:  тасбақа  (тас+бақа),  Талдықорған 
(Талды+қорған), қарқұрт (қара+ құрт), Екібастұз (Екі+бас+тұз). 
 
 Кіріккен  сӛз  –  құрамындағы  сӛздердің  ең  кемінде  бір  дыбысы  ӛзгертіп 
біріккен сӛз.  
Мысалы:  
 
биыл 
бұл жыл  
бүгін 
бұл күн 
әкел 
алып кел 
апар 
алып бар 
ендігәрі 
ендігіден әрі 
жаздыгүні 
жаздың күні 
білезік 
білек жүзік 
қарлығаш 
қара ала құс 
 
 
Қос сӛз 
Қос  сӛз – сӛздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған 
сӛз. Қос сӛздің екі түрі бар: қайталама қос сӛз және қосарлама қос сӛз. 
Қайталама  қос  сӛз  –  сыңарлары  бір  түбірден  жасалатын  қос  сӛз. 
Мысалы: кӛре-кӛре, кӛзбе-кӛз, ӛз-ӛзінен, тау-тау. 
Қайталама қос сӛздің 4 түрлі жасалу жолы бар: 
1.
 
Қосымшасыз  бір  түбірдің  қайталануынан  жасалады.  Мысалы, 
үлкен-үлкен, су-су, тікен-тікен, қора-қора, қарқ-қарқ, ұсақ-ұсақ т.б. 
2.
 
Қосымшалы  бір  түбірдің  қайталануынан  жасалады.  Мысалы,  бара-
бара,  айтып-айтып,  үйдей-үйдей,  сӛйлей-сӛйлей,  бір-біріне,  кӛзбе-кӛз,  келер-
келмесін, орынды-орынсыз, қолды-қолына, он-ондап, т.б. 
3.
 
Түбірдің  бір  сыңары  дыбыстық  ӛзгеріске  ұшырап  жасалады. 
Мысалы, кісі-місі, қағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-құлт, жалт-жұлт, тас-
мас,  тіс-міс,  мәре-сәре,  кемпір-семпір,  нан-пан,  сатыр  –  сұтыр,  салдыр-гүлдір, 
қараң-құраң т.б. 
4.
 
Бір  сыңары  ықшамдалып  жасалады.мысалы,  теп-тегіс,жап-жасыл, 
ап-ащы, сұп-сұр т.б. 
 
Қосарлама  қос  сӛз  –  сыңарлары  әр  түрлі  түбірден  жасалатын  қос  сӛз: 
үлкен-кіші, алыс-жақын, қысы-жазы, бала-шаға, кӛйлек-кӛншек. 

14 
 
 
Қысқарған сӛз 
Қысқарған сӛз – күрделі атаулардың қысқартылып жазылған түрі. 
Мысалы: 

ТМД 
Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достығы 

ҚазҰМУ 
Қазақ Ұлттық медицина 
университеті 

Ұжымшар  Ұжымдық 
шаруашылық 

кг 
Килограмм 

ГАЗ-33 
Машина, трактор, ұшақ 
маркалары 
 
Тіркескен сӛз 
 
Тіркескен сӛз – екі немесе одан кӛп сӛздер тіркесіп келіп, бір ұғымды 
білдіретін күрделі сӛздің түрі. Мысалы: 
Күрделі зат есім 
Алматы қаласы, мәдениет сарайы 
Күрделі сын есім 
Қара кер, бидай ӛңді, ұзын бойлы 
Күрделі сан есім 
Он бес, екі жүз сексен 
Күрделі етістік 
Келіп отыр, деп айтты 
Күрделі үстеу 
Күні бойы, ала жаздай 
 
Қосымша 
Қазақ тілінде қосымшаның екі түрі бар. Олар: жҧрнақ және жалғау. 
 
Жҧрнақ 
Жұрнақ ӛзі жалғанған сӛзге жаңа мағына беріп, туынды сӛз жасайды.  
 Жұрнақтығ  екі  түрі  бар:  сӛз  тудырушы  жұрнақ  және  сӛз  түрлендіруші 
жұрнақ. 
Сӛз  тудырушы  жҧрнақ  түбірдің  негізгі  мағынасын  ӛзгертіп  оған  жаңа 
мағына  береді.  (Қой+шы  –қойшы, ӛнер+паз  – ӛнерпаз,  ой+ла  –ойла,  тау+лы  – 
таулы) 
Сӛз  тҥрлендіруші  жҧрнақ  екі  жалғанған  сӛздің  бастапқы  мағынасын 
ӛзгертпей,  сәл  түрлендіреді.  (Үй+шік  –  үйшік,  сандық+ша  –  сандықша, 
алаң+қай – алаңқай, қала+шық-қалашық.) 
 
Жалғау 
Жалғау сӛздерді байланыстырады. Оның 4 түрі бар:  
1.
 
Кӛптік жалғауы 
2.
 
Тәуелдік жалғауы  
3.
 
Септік жалғауы 
4.
 
Жіктік жалғауы 

15 
 
 
Кӛптік жалғауы 
 
Сӛздер жекеше түрде және кӛпше түрде қолданылады. Кӛптік 
мағынаны білдіру үшін сӛздерге кӛптік жалғауы жалғанады. Мысалы: кӛше-
лер, қыз-дар, ағаш-тар.  
Кӛптік жалғауы мыналар: -лар, -лер, -дар,-дер, -тар, -тер. 
 
Тәуелдік жалғауы 
 
Тәуелдік  жалғауы  заттың  біреуге  немесе  бір  нәрсеге  тәуелді  (меншікті) 
екенін білдіреді.  
Тәуелденетін  зат  3  жақтың  біріне  меншікті  болып  тұрады.  Сол  себепті 
тәуелдік жалғауының 3 жағы және әр жақтың ӛзіне тән жалғаулары болады:  
 
Жекеше түрі 
І жақ  
ІІ жақ 
 
ІІІ жақ 
-м, -ым, -ім 
-ң, -ың, -ің 
-ыңыз, -іңіз, - ңыз, -ңіз 
-сы,-сі,-ы,-і 
 
Кӛпше түрі 
І жақ  
ІІ жақ 
 
 
 
ІІІ жақ 
-мыз,-ымыз,-міз,-іміз 
-тарың,-терің,-дарың,-дерің 
-ларың, -лерің,-тарыңыз,-теріңіз, 
-дарыңыз,-деріңіз, 
-ларыңыз,-леріңіз 
-сы,-сі,-ы,-і 
 
 

Каталог: download -> version -> 1473138657 -> module
version -> Сабақтың тақырыбы: Векторлар. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Векторларларға амалдар қолдану
version -> Сабақ: №1 Пән: алгебра Сынып: 10
version -> Құрастырғандар
version -> "Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің
version -> Сабақтың тақырыбы: Пайыз және күнделікті пайыздың есептері
version -> Абай Құнанбаев атындағы орта жалпы білім беру мектебі
module -> ҚҰрастырушылар: Г. Т. Тұрсынова, Г. Д. Рыскелдиева
version -> Презентация; мультимедийный проектор; Ход мероприятия I. Организационный момент. Как бы мне хотелось

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет