Топқа бөлу мен топтық жұмыс істеу әдістері



жүктеу 1.62 Mb.
Дата18.04.2022
өлшемі1.62 Mb.
#19060
1 тақырып

Топқа бөлу мен топтық жұмыс істеу әдістері

Пән:Білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдері

Топ: ҚТӘ-41

Орындаған: Қабыкен А., Камелбай Д.


Павлодар педагогикалық университеті
Топ – бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. «Топтық жұмыс» термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топтық жұмыста топқа бөлу шартты түрде төрт деңгейден тұрады:
Бірінші деңгей мұғалім топқа бөледі, мұғалімнің айтқан материалын тыңдап, берілген тапсырмаларды орындауды қамтиды.
Екінші деңгейде алған білімін жаңа жағдайда мұғалімінің көмегімен, жартылай өзі орындауы арқылы іске асырады.
Үшінші деңгейде оқулық бойынша берілген тапсырманы өздігінен іздене отырып, орындайды.
Төртінші деңгейде шығармашылық тапсырмалар орындай отырып, өзі талдау жасайды.

Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары
  • Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
  • Жаппай оқытуға қарағанда,ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады
  • Жұмыс атмосферасын қалыптастыру
  • Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады
  • Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады
  • Өзіне сын көзбен қараушылық артады,құрбылармен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай және жақсы бақылай алады
  • Өмірге қажетті дағдыларды үйренеді

Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшіліктері
  • Топ мүшелерінің көп болуы;
  • Енжар адамдардың көптің көлеңесінде қалып қоюы;
  • Бір топтың шуылының екінші топқа әсері;
  • Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындап үлгермеуі;
  • уақытты белгілеу жекебастың берекесіздігіне әкеліп соғуы;
  • Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалады;
  • Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады
  • Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы;
  • Жақсы оқитын оқушылардың нашар үлгеретін оқушылардан жоғары тұруы;

Топқа бөлудің түрлері мен тәсілдері




Түрлері

Шарты

1

Жыл мезгілдері

*4 жыл мезгілдерінің суреттері жасырын қойылады,
*Әр оқушы бір-бірден жасырын қағазды алады
*Сурет бойынша топқа бөлінеді

2

Конфеттер арқылы топқа бөлін

Оқушыларға конфеттер таратылады.Оқушыларды конфет түрлеріне қарай топтастыруға болады.Конфеттерге «Сәттілік» немесе «Бүгінгі сабақта 5-тік баға алуыңа тілектеспін» деген сияқты әдемі сөздер жазып қыстырып қоюға болады.

3

Ұқсас ерекшеліктер арқылы топқа бөліну

Мұғалім оқушыларға қандай да болмасын бір ерекшелікті айтып (мысалы; туған айы,жұлдызнамалық белгісі,шашының түсі,киімінің өлшемі,есімінің бас әрібі т.б) сол бойынша топқа бөлуіне болады.

Көшбасшылық пен оқуды басқару ерекшеліктері

Көшбасшы – жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға. 

Көшбасшының негізгі қызметі топтың мақсатына жетуге жәрдемдесу, әрі оны нығайта түсу. Ол сарапшы ретінде қызмет етеді, топ ішіндегі қарым-қатынасты реттейді және көпшілікті соңынан ерте біледі, өз тәжірибесімен бөлісе біледі.

Көшбасшының орындайтын функциялары.

Егер көшбасшы төменде көрсетілген үш функцияны орындап жүрсе, онда оны көшбасшы деп толығымен атауға болады:

● Бағыттаушы;

● Ұйымдастырушы;

● Ынталандырушы.

Білім беруде көшбасшылық маңызды рөл атқарады. Мұнда мұғалімкөшбасшының қабілеті оқушылардың тұлғалық қалыптасуына және әріптестерінің тұлғалық-кәсіби қалыптасуына жағымды ықпал етуін көрсетеді. Мұғалім көшбасшы ынтымақтастық пен өзара шығармашылықтың жағымды психологиялық

ахуалын сақтап, оларды конструктивті іс-әрекетке, міндеттерді өнімді шешуге және

мақсатқа жетуге бағыттауға қабілетті.


жүктеу 1.62 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет