«тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің



жүктеу 5.2 Kb.
Pdf просмотр
бет6/17
Дата02.05.2017
өлшемі5.2 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

II.  Сәуле жарқылы  - ядролық   жарылыстың зақымдаушы   факторы,   
ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелерден түрады.
Сәуле   жарқылы   пайда   болғаннан   кейін   секундтың   алғашқы   үлесінде 
температура   миллиондаған   градусқа   жетеді   және   ультракүлгін   сәулелер 
басым   болады,   ал   отгы   шардың   суыну   дәрежесіне   қарай   көрінетін   және 
инфрақызыл сәулелер басым болады.
Жарықтың сәуле шығару көзі - жарылыстың жарық шығару бөлігі, бұл 
бөлік жарылыстың 8000-10000°С температураға дейін қызып, балқыған газ 
түріндегі өнімдерінен түрады.
Ол адамдар мен жануарлар терісінің ашық бөліктерін күйдіріп (I - IV 
дәрежелі күйік туындайды), көзді зақымдайды, өнеркәсіп нысандарда, елді 
мекендерде   және   ормандарда   өрт   тудырып,   түрлі   материалдарды 
тұтандырады.

Түрлі   заттардың   көлеңкелері   сондай-ақ   паналау   ғимараттары   мен 
паналау орындары қорғаныш бола алады.
III. Өткіш радиация  - ядролық жарылыс кезінде пайда болатын  гамма-
сәулелер   мен   нейтрондар   ағыны.   Өткіш   радиацияның   көзі   -   ядролық 
реакциялар. Өткіш радиацияның әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды.
Өткіш  радиацияның  зақымдау  әсерін  айқындайтын  негізгі   көрсеткіші: 
иондаушы сәуле дозасы. Иондаушы сәуле дозасы (радиация дозасы) дегеніміз 
белгілі   бір   ортада   иондаушы   сәуленің   әсер   ету   шегі.  Ол   төмендегіше 
бөлінеді:
ξ
жұтылған доза — сәулеленген ортанын масса бірлігі жұтқан  энергия, 
ол халықаралық (СИ) жүйе  бойынша грэймен (ГР) өлшенеді. 1ГР = 1 Дж/кг. 
Дозаның    жүйеде    жоқ    бірлігі   -   "рад"   болып    табылады   (рентгенің 
биологиялық эквиваленті). 1 ГР=100 рад ; 1 Р = 1 рад
ξ
экспозициялық доза  — ауанын иондалуы бойынша кл/кг (кулон кг-ға) 
өлшенетін   рентген   және   гамма-сәуленін   мөлшері.   Жүйеде   жоқ   бірлігі   - 
рентген (Р) қолданылады. Рентген - гамма-сәуленің мөлшері, оның әсерінен 
температурасы 0°С, қысымы сынап бағанасы бойынша 760 мм 1 см
3
   құрғақ 
ауада 2 млрд. жұп ион пайда болады.
ξ
эквиваленттік   доза  –   ағзадағы   радиациялық   қауіпінің   биологиялық 
әсер етуі мен дәрежесін анықтайтын және зивертпен ("ЗВ") өлшенетін доза. 
Жүйеде жоқ бірлігі - "бэр" (рентгеннің биологиялық эквиваленті). 1 бэр =1 Р; 
  1 ЗВ = 100 бэр
 Өткіш   радиацияның   зақымдаушы   әрекеті   адамдардың   сәулеленуін 
тудырады,   зақымдаушы   фактордың   мәні:   гамма-сәулелер   мен   нейтрондар 
жасушаның   молекулаларын   иондап,   олардың   қалыпты   тіршілік   қызметін 
бұзады.   Мұның   нәтижесінде   адамдар   сәулеленуіне   шалдығады,   көп   доза 
алған адамдар мерт болады.
Үсті жабылған жаралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа 
қорғаныс құрылыстары, сондай-ақ қорғаныс киімдер өткіш радиация әсерін 
күрт әлсіретеді.
Әр   түрлі   материалдардың   гамма-сәуле   жарқылын   әлсіретуін   сипаттау 
үшін   жартылай   әлсірету   қабатының   жарты   мөлшері,   яғни,   гамма-сәуле 
жарқылының   жиілігін   екі   есе   әлсірете   алатындай   материал   қабатының 
қалындығы пайдаланылады. 
IV.   Жердің   радиоактивтік   ластануы  -   ядролық   жарылыс   бұлтынан 
жауған радиоактивті заттар жерге түсіп жерді ластайды.
Радиоактивті заттардың көздері:
• ядролық зарядтың ыдырау өнімдері, сәуле шығаратын альфа-бета 
бөлшектері мен гамма-сәулелері;
•   ядролық   зарядтың   реакцияға   қатыспаған   бөлшектері   (уран,  
плутоний);

• бетабөлшектері мен гамма-сәулелері сәулелендірген топырақтағы  
нейтрондардың әсерінен пайда болған радиактивті заттар (топырақтағы 
радиоактивтілік).
Радиоактивтілік   -   бірқатар   химиялық   элементтердің   (уран,   радий, 
фторий және т.б) өзінен-өзі ыдырауы және көзге көрінбейтін сәулелер (альфа 
және бета бөлшектер, гамма-сәулелер) шығару қабілеті.
Бұл радиоактивті элементтер жартылай ыдырау кезеңімен, яғни барлық 
атомдардың   жартысы   ыдырайтын   уақытпен   өлшенетін   қатаң   белгілі   бір 
жылдамдықпен ыдырайды. Түрлі радиоактивті заттар үшін жартылай ыдырау 
кезеңі   секундтың   бірнеше   белігінен   миллиардтаған   жылдарға   дейінгі   кең 
шектің аралығында болады (цезий - 33 жыл, стронций - 28-30 жыл, плутоний 
- 24 мың жыл).
Ағзада   жайылуына   қарай   барлық   радиоактивті   изотоптар   4   топқа 
бөлінеді:
- сүйекте жиналатын (стронций, радий, кальций, уран).
- бауырда жиналатын (церий, плутоний);
- бірдей бірнеше мүшелерде (бауырда, бүйректе, бұлшық етте және т.б.) 
жиналатын (тритий, цезий).
- тек бір мүшеде (йод - қалқанша безде, цинк - ұйқы безде).
Радиация   деңгейі  —   бұл   радиоактивті   сәулелердің   қарқындығы, 
зақымданған   жерде   белгілі   уақыт   ішінде   адамның   сәуленуы   мүмкін   доза 
қуаты.  Жердің   радиоактивті   заттармен   ластануы   Р/сағ  өлшенеді. 
Радиацияның   деңгейі   0,5   Р/сағ   және   одан   да   жоғары   болған   кезде   жер 
зақымданған деп есептеледі. 
 Негізгі өзгешілігі: радиация дәрежесі "7-10" принцип бойынша бәсендей 
береді, яғни 7 мәрте уакыт өткен сайын радиация деңгейі кез келген нүктеде 
шамамен 10 есе төмендейді.
Киімге   және   теріге   қонған   радиоактивті   заттар,   сондай-ақ   гамма-
сәулелерімен сәулеленуы адамдар мен жануарларда сәуле ауруын тудырады.
Радиоактивті   зақымнан   қорғанудың   негізгі   әдістері   -   қорганыс 
құрылыстарына   (паналау   ғимараттарына,   радиациядан   қорғайтын   паналау 
орындарына,   қарапайым   паналау   орындарына)   адамдарды   паналату   және 
жеке құраддарын пайдалану.
V.   Электромагниттік   импульс.   Ядролық   жарылыс   кезінде   электрлі 
және магнитті өрістер пайда болады, өте қысқа мерзімде ғана болғандықтан 
оларды электромагниттік импульс деп атайды.
 Электромагниттік   импульс   байланыс   аппараттарына   зиян   келтіріп, 
сыртқы   желілірге   қосылған   электр   қондырғыларының   жұмысын   істен 
шығарады. Адамға әсері жоқ.
РАДИОАКТИВТІК ЛАСТАНУ АЙМАҒЫ
Түзілген радиоактивтік бұлт желдің екпінімен қозғалады.  Одан жауған 
радиоактивтік   заттар   жерде   көзге   көрінбейтін   радиоактивтік   тозаң   іздерін 
құрайды. Радиоактивтік заттар жауған аудандарда жер бірдей ластанбайды. 

Ең күшті ластану жарылысқа таяу манда болады, ал одан алыстаған сайын 
азая береді. Жазық жерде радиоактивтік бұлт ізі эллипс формаға йе болады.
Радиоактивтік ластану 4 
   айма
 
 ққа
    бөлінеді:
• А аймағы (баяу радиоактивтік ластану аймағы);
• Б аймағы (күшті радиоактивті ластану аймағы);
• В аймағы (қауіпті радиоактивті ластану аймағы);
• Г аймағы (төтенше қауіпті радиоактивті ластану аймағы) (2 сур.).
Аймақ   радиация   деңгейімен   (Р
1
)   және   экспозициялық   доза   (Д) 
мөлшерімен өлшенеді.
 
2 сурет - Радиоактивтік ластану аймағы
 
ЯДРОЛЫҚ ЗАҚЫМ ОШАҒЫ
ядролық   жарылыстың   зақымдаушы   факторларының   әсерінен   өрт, 
жаппай   қирау,   коммуналдық-энергетикалық   тораптарда   апаттар,   жердің 
радиоактивті ластануы және халық арасында едәуір шығын пайда болатын 
аумақ.
Ядролық зақым ошағының аумағы қолданылған қарудың мөлшері мен 
қуатына,   жарылыстардың   түріне,   құрылыстың   сипатына,   жер   бедеріне 
(акватория терендігі) және ауа райы жағдайларына байланысты.
Қирау сипатына қарай және құтқару жұмыстарының көлемін белгілеу 
үшін ядролық зақым ошағын 4 аймаққа бөледі:
•   толық қирау аймағы;
•   күшті қирау аймағы;
•   орташа қирау аймағы;
•   әлсіз қирау аймағы (3 сур.).
 

 3 сурет - Ядролық зақым ошағы       
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1.
Ядролық қару, зақымдаушы факторлары
2.
Радиоактивтік ластану аймағы
3.
Ядролық зақым ошағы
Дәріс №7. Химиялық қауіпті нысандардағы төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар
1.
Әсері күшті улы заттарға мінездеме. 
2.
Химиялық қауіпті нысандағы авариялар.
Әсері   күшті   улы   заттарға   мінездеме
.  
Мұндай   нысандарға,   бірінші 
кезекте,   қорғаныстық,   химиялық,   мұнай   өндейтін,   целлюлозза   –   қағаз 
өңдіретін   кәсіпорындар,   тамақ   өнеркәсібі   және  басқа  бірқатар   салалар 
жатады.
Қатты  әсер  ететін химиялық заттар  деп шаруашылық мақсатында 
қолданлатын  және  әртүрлі   бұзылған  немесе  зақымданған   технологиялық 
сыйымдылықтардан,   қоймалардан   және   кұрылғылардың   шығуы   кезінде 
адамдардың  жаппай  зақымдануын   тудыратын   токсинді   химиялық  заттар 
аталады.
Өздерінің зақымдау құрамдарына  қарай  ҚӘУЗ  (қатты әсер  ететін улы 
заттар) бір текті емес.
Олардың негізгі топтастырушы белгісі ретінде адамның қатты улануы 
кезіндегі жиналатын ерекше синдромының белгісі көбіне жиі қолданылады. 
Осыған қарап шартты түрде, барлық ҚӘУЗ мынандай топтарға бөлінеді:
ξ
ерекше тұншықтырушы күші бар заттар (хлор, фосген, хлорпикрин);
ξ
ерекше жалпы уландырушы  күші  бар заттар  (көміртек  тотығы,  ніл 
қышқылы және т.б);

ξ
тұншықтырушы  және   жалпы   уландырушы  күші  бар   заттар 
(акрилонитрил, күкіртті сутек, азот қышқылы және азот тотықтары, 
күкіртті ангидрит және т.б.);
ξ
нейротропты   улар  (күкірт   көміртегі,   тетаэтил-қорғасын,  фосфор 
органикалық қоспасы);
ξ
тұншықтырушы және нейротропты күші бар заттар (аммиак, гептил, 
гидразин және т.б.);
ξ
метаболикалық улар (этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.)
Химиялық  қауіпті   кәсіпорындардағы   аварияның  зақымдаушы 
факторларының таралу ауқымына қарай мынандай болып бөлінеді:
ξ
бір   жердің   шеңберінен   аспайтын   (жеке)  –  егер   олар   санитарлы-
қорғанысты аймақ шекарасынан шықпаған болса;
ξ
жергілікті – олар жақын арадағы тұрғындық құрылыстың жекелеген 
учаскесін қамтиды;
ξ
аймақтық – халқы тығыз орналасқан қала, аудан, облыстағы көлемді 
ауданды алады
ҚӘУЗ – дің аудан немесе бүкіл елге ғаламдық таралуы екі талай.
Өрт   қауіпті   заттарды   топтастыруға   сәйкес  жану   мүмкіндігіне  қарай 
ҚӘУЗ – ді жанбайтын, ауыр жанатын, жанатын деп бөлуге болады. ҚӘУЗ – 
дің  көп   мөлшері  оларды   өндіретін  немесе  пайдаланатын   кәсіпорындарда 
болады.   Химиялық  қауіпті   кәсіпорындарда   ҚӘУЗ   негізгі   шикізат,   аралық, 
жанама   және   соңғы   өнім   болып,   сондай   –   ақ   ерітінді   және   өңдеу   құралы 
болып   табылады.   Бұл   заттардың  қоры  сақтау   қоймаларында  (70   –   80   % 
дейін),   технологиялық   аппаратураларда,   транспорттық   құралдарда 
(құбырлар, цистерналар және т.б.). Кең таралған ҚӘУЗ – ға хлор мен аммиак 
жатады.  Өндірістің   көлемі  мен  концентрациясы   есебінен   үлкен   шамадағы 
ҚӘУЗ – дің жиналуы болады, бұл – айтарлықтай ықтимал қауіп   төндіреді.
Қауіпті химиялық нысандағы -  авария  кезіндегі үлкен қауіпті әртүрлі 
токсинді   заттардың   төгілуі  алып   келеді.  Авария  салдарының   ықтималды 
көлемі ҚХН – ның түріне, ҚӘУЗ – дің түріне, олардың құрамына, мөлшері 
мен   сақтау   мерзіміне,  авария  сипатына,  ауа  райы  және  т.б.  байланысты 
болып  келеді.   Мұңдай  авария  кезіндегі   басты   зақымдаушы  фактор   болып 
химиялық зақымдану және ондаған километрге жетуі мүмкін аймақ тереңдігі 
жатады. Авария кезіндегі туындайтын бір ерекшелік уландырушы заттардың 
жоғарғы концентрациясы кезінде адамдардың қысқа уақыт ішінде зақымдану 
мүмкіңдігі   болып   табылады.   ҚХН   –   ға  авариялар  жарылыстар   және 
өрттермен қатар жүруі мүмкін.
Химиялық авариялардың саны транспорттық оқиғалардың салдарынан 
көбейіп   келеді.   Бүгінгі   таңда   сұйытылған   хлордың,   тұзды   және   күкіртті 
қышқылын темір жол арқылы тасымалдау көлемі артып отыр.
Ерекше қауіпті жоғарғы токсинді заттармен су көздерінің зақымдалуы 
тудырып отыр.  Ағатын  канализация  суының төгілуі  үлкен  қауіп тудырады. 
Олардың     улылығы   ҚӘУЗ   қалдықтарына  қарағанда  анағұрлым  төмен, 

өздерінің  көлемі  мен  жиілігіне  қарай  олар үлкен  зиян  келтіруге  қабілетті. 
Әдетте
 канализациялық   қалдықтар   адамдардың   қысқа   мерзімде 
зақымдануына   алып   келмейді,   бірақ   мутацияны   тездетіп  және  адамның 
имундық жүйесін әлсіретуге қабілетті.
Адамзат пен қоршаған табиғи ортаға үлкен қауіпті төгілген мұнай мен 
мұнай   өнімдері  төндіреді.   Төгілген   мұнай   өнімдерінің   жұқа   қабаты   одан 
ауаның өтуіне кедергі жасайды. Егер мұнай өнімдерімен зақымданған қабат 
көп   мөлшерде   болса,   онда   оның   астындағы   бүкіл   тіршілік   өлімге   душар 
болады.   Сондықтан  зақымданған   аумақты   залалсыздандыру   жұмыстарын 
кешіктірмей жүргізу талап етіледі.
Табиғаттағы   экологиялық   тепе   –   теңдіктің   бұзылуын   алып   келетін 
өндірістік   қалдықтар   және   басқа  да   улы   заттармен  ауаның,  судың  және 
топырақтың ластануы мен улануының қауіпі кем емес.
Химиялық   авария  –  қауіпті  химиялық  заттардың   шығуы  немесе 
төгілуімен қатар жүретін, адамдардың өлімін немесе зақымдануын,      азық – 
түліктің,   тағамдық   шикізаттың   және   ауылшаруашылық   малдары   мен 
өсімдіктерінің,  немесе  қоршаған   табиғи   ортаның   химиялық   зақымдануын 
туғызуға мумкіндігі бар химиялық қауіпті нысандағы авария.
Химиялық  зақымдану  -  белгілі   бір   уақыт   ішінде   адамдарға, 
ауылшаруашылық   малдары   мен  өсімдіктеріне   қауіп   тудыратын,   қауіпті 
химиялық  заттардың  қоршаған табиғи  ортада  концентрация немесе  мөлшер 
түрінде таралуы.
Қауіпті химиялық заттар – адамға тікелей немесе жанама әсері ауыр 
немесе  созылмалы  ауру  туғызатын  немесе  олардың   өліміне   алып   келетін 
химиялық зат.
Қауіпті   химиялық   заттың   шыгарылуы  –  герметикалау   кезінде 
техникалық   құрылғылардан,   қауіпті  химиялық  заттардың  немесе  өнімнің 
сақтайтын  немесе  тасымалдайтын   сыйымдылықтардан  химиялық   авария 
тудыруы мүмкін мөлшерде қысқа мерзім ішінде шығуы.
Қауіпті  химиялық  заттардың   төгілуі  –   герметикалау  кезінде 
техникалық  құрылғылардан,   қауіпті   химиялық   заттардың  немесе  өнімнің 
сақтайтын   немесе   тасымалдайтын   сыйымдылықтардан   химиялық   авария 
тудыруы мүмкін мөлшерде төгілуі.
Қауіпті  химиялық   нысан  –  қауіпті  химиялық   заттарды   сақтайтын, 
өндіретін,  пайдаланатын   немесе   тасымалдайтын   нысан,   ондағы   авария 
немесе   қирау  кезінде   адамдардың   өлімі  немесе   ауылшаруашылық 
малдарының, өсімдіктердің, сондай – ақ қоршаған табиғи ортаның химиялық 
зақымдануы мүмкін.
Химиялық зақымдану аймағы – белгілі уақыт ішінде адамдардың өмірі 
мен   денсаулығына,   ауылшаруашылық   малдары   мен  өсімдіктеріне   қауіп 
тудыратын  мөлшерде  немесе  концентрацияда   қауіпті  химиялық   заттар 
жайылған немесе алып келінген аймақ.

Химиялық   қауіпті   нысандағы   авариялар.
 
Қатты  әсер  ететін   улы 
заттар – бұл химиялық зат немесе қоспалар, олар қоршаған ортаға төгілген не 
болмаса  шашылған  кезде,  адамдардың  не  жануарлардың   жаппай 
зақымдануына, сонымен қатар ауаның, құмның, судың, өсімдіктердің және әр 
түрлі объектілердің зақымдануы.
Химияландырудың   қарқындылығы   шаруашылық   қызметте   ҚӘУЗ 
қолданудың   кеңінен   тарауына   жағдай   жасады.   Соған   сәйкес,   көптеген 
шаруашылық объектілері,  ең алдымен өнеркәсіп кәсіпорындары  химиялық 
қауіпті болып табылады.
Химиялық  қауіпті  объектілер  (ХҚО)  болып  авария  немесе  қирау 
кезінде халықтың, жануарлар мен өсімдіктердің жаппай зақымдануы мүмкін 
объектілер   ұғынылады.   Улы   заттардың   ірі   қорына  химиялық  өндіріс 
орындары, целлюлоза – қағаз, мұнай өндейтін және мұнай            химиялық 
кәсіпорындары,  қара  және   түсті   металургиялар,   жер               тыңайтқышын 
шығаратын кәсіпорындар жатады. ҚӘУЗ – дің айтарлықтай қоры сондай – ақ 
тамақ   объектілерінде,   ет   –   сүт   өнеркәсібінде,                               азық   –   түлік 
базаларында, тұрғын үй – коммуналдық  шаруашылықта шоғырланған. ХҚО 
– ге  ҚӘУЗ санатына негізгі шикізат, екі ортадағы және негізгі өнім, жанама 
өнім сондай – ақ өңдеулердің еріткіші және құралы  жатады.  Бұл  заттардың 
қоры   базистік   және   негізгі   қоймаларда,   технологиялық   аппаратураларда, 
көлік құралдарында (құбыр өткізгіштер, цистерналар) болады.
ҚӘУЗ   сақтауға   арналған   жер   бетіндегі   сұйық   қоймалар  топпен 
орналасады  немесе   жеке   тұра   алады.  Сұйық   қоймалардағы   әрбір   топта 
немесе  үлкен  жеке  қоймаларда периметрі  бойынша  бекітулі опырылымдар 
немесе  оқшаулағыш қабырғалар (тұғыр сирек қойылады) орнатылады. Олар 
төгілетін   ҚӘУЗ   –   ді   жергілікті   шағын   участкеде  ұстап   тұруға   мүмкіндік 
береді, яғни булану алаңын қысқартады.
ХҚО   базистік   және   негізгі   қоймаға   жіберер  алдында  ҚӘУЗ   -   ді 
уақытша   сақтау   үшін,   тұрғын   және   коғамдық   ғимараттардан   300   м 
қашықтықта   орналасқан   тұйықтағы   тежіржол   қоймалары  қолданылады. 
ҚӘУ3   –   ді   темір   жол   қоймаларында  сақтау,  ереже  бойынша,   арнайы 
цистерналарда жүзеге асырылады. Сақтау мерзімі 2-3 тәуліктен аспау керек. 
Алайда,  мұндай қоймаларда  сақталған ҚӘУЗ – дің рұқсат етліген мөлшері 
белгіленбейді,   ол   уақытша   қойма   ретінде   пайдаланылатын   темір   жол 
станциясындағы цистернаға бақылаусыз, ретсіз жинала береді.
Темір жол көлігі ҚӘУЗ тасымалдаудың негізгі әдісі болып    табыла-
ды.   Сонымен   қатар,  40т   –   дан  –  60т   дейінгі   сиымдылықтағы   ҚӘУЗ 
тасымалдау  үшін  әр  түрлі  0,1  -0,8м
3
  дейінгі сиымдылықтағы контейнерлер 
және 0,016-0, І5м3 сиымдылықтағы баллондар пайдаланылады.
ҚӘУЗ тасымалдаудың кең таралған әдісі – құбыр өткізгіштік әдіс   бо-
лып табылады. Алайда көп жағдайларда ол шағын ғана қашықтықта (цех пен 
қойма арасында) қолданылады.

Автомобильді   көлікпен   ҚӘУЗ  2   –   6т   жүк  көтергіш  цистерналармен 
тасымалданады.
Аварияның   нәтижесінен
  қоймалардың,
 цистерналардың, 
технологиялық  сиымдылықтардың  және   құбыр  өткізгішзердің  зақымдануы 
және   қирауы  ҚӘУЗ   –   дің   ауаға  тарауына,   содан  кейін  сол  аймақтың 
зақымдануына алып келеді. Желдің бағыты бойынша қозғалған ҚӘУЗ бұлты 
он  шақты  километр  тереңдікке дейін  зақымданған  аймаққа  орныға отырып, 
ол  қорғанбаған  адамдардың,  жануарлардың  және  өсімдіктердің  зақымдану 
қаупін тудырады. Зақымданған аймақ дегеніміз – ҚӘУЗ – дің зақымдаушы 
әсері байқалатын аймақ, ал аймақтың терендігі           дегеніміз – зақымдалған 
аймақ көзінен аймақ шекарасына дейінгі сиымдылықтың, коммуникацияның 
зақымдануы немесе қирауы болып табылатын арақашықтығы.
ҚӘУЗ   төгілуімен  байланысты  авариялардың  жалпы  ерекшелігі 
-құрылымның   жоғары   жылдамдығы   және   ҚӘУЗ   бұлтының  зақымдаушы 
әрекеті,  ол   адамдарды  қорғау   және   зақымдау   көзін   жою  бойынша 
кешіктірмей  шара  қабылдауды талап етеді. Бұл міндеттердің жедел шешімі 
тек  қана алдымен өзі қамтитын аймақтың тереңдігі мен аумағын кіргізетін 
зақымдану  аймағының  масштабы  көрсеткішінің   дер   кезінде   және   анық 
болжамының нәтижесінен табылады.
Химиялық қауіпті заттардың организмге әсері бойынша жіктеу
Топ
саны
Организмге әсерінің сипаты
Заттардың атаулары
1
Тұншықтырғыш әрекеті басым 
заттар
Хлор, фосген, хлорпикрин
2
Жалпы  улағыш   әрекеті  басым 
заттар
Көміртек   тотығы,   цианды   сутек, 
қышқыл және т.б.
3
Тұншықтырғыш   және   жалпы 
улағыш әрекетіне ие
заттар
Акрилонитрил,   күкіртсутек,  азот 
қышқылы  және азот  оксиді,  күкіртті 
ангидрид және т.б.
4
Нейтропты улар
Күкіртті 
көміртек,
 тетраэтил 
-қорғасын,
 фосфор 
органикалық 
қосылыстар
5
Тұншықтырғыш және  нейтропты 
әрекетке ие
Аммиак, гептил, гидразин және т.б.
6
Метаболиялық улар
Этилен окисі, дихлорэтан және т.б.
Химиялық зақымдану ошағына сипаттама
Химиялық   зақымдану   ошағының  мөлшері  химиялық  қауіпті  заттың 
төгілу   көлеміне,   төгілу  сипатына  (еркін,   түбіне  немесе  үйілу), 
метеожағдайға,  заттардың  уландырғышына  және   адамдардың  қорғану 
дәрежесіне байланысты.

Химиялық  зақымдану  аймағы  химиялық   зақымдану  ошағын 
құрайтын  бөлім  болып табылады. Ол зақымданған ауа  бұлтының  алғашқы 
және қайталама таралу масштабымен сипатталады. Химиялық зақымдануы 
мүмкін   аймақты  және  іс   жүзіндегі  химиялық   зақымдану   аймағын 
ажыратады.
Алғашқы бұлттар тек қысыммен ҚӘУЗ құрайтын газгольдерлер және 
сиымдылықтар   қираған   (зақымданған)   кезде   ғана   пайда   болады.   Ол   аз 
уақыттағы  әрекеті   кезінде   өлтіретін   дозаның   бірнеше   ретімен   артатын 
жоғары   концентрациялармен  сипатталады.   Улы  заттардан   құралған   бұлт 
ауаның   тығыздығын   арттыратын   тығыздықпен   жарым   –   жартылай 
алқаптарды, ойпаттарды, тұрғын үй ғимараттарын және т.б. жайлайды.
Қайталама   бұлтының
 зақымдау   әрекетінің   алғашқымен 
салыстырғандағы ерекшелігі ондағы ҚӘУЗ бұлтының концентрациясы   бір – 
екі   ретке  төмен.  Қайталама   бұлт   әрекетінің   жалғасуы   булану   көзінің 
уақытымен және жел бағытының тұрақты сақталу уақытымен анықталады. 
Өз   кезегінде   заттың   булану   жылдамдығы   оның   физикалық   қасиетіне 
(молекулалы  масса, булану  температурасы кезіндегі қаныққан бу қысымы) 
төгілу алаңына және желдің жылдамдығына байланысты.
Химиялық   зақымдану  ошағы  ХҚО  химиялық  аварияның 
нәтижесінде қалай пайда болса, өрт кезінде де солай пайда болады. Мұндай 
жағдайда   термиялық   ыдыраулары   улы   газдар   бөлетін,   күрделі   химиялық 
қосылыстар  (хлор, аммиак, азот  окистерін, күкіртті ангидридтер  және  т.б.) 
пайда болатын ірі қоймаларда болған өрт аса үлкен қауіп тудырады.
Атмосфераға   улы   газдардың   бөлінуі   синтетикалық   әрлеуіш 
материалдардың   жануы   кезінде  де   болады,  мұны   құтқару   жұмыстарын 
жүргізу   кезінде   ескерген   жөн.   Қолда  бар  ҚӘУЗ   және   олардың 
концентрациясы   әртүрлі   қорғаныс   құралдарын   және   құтқарушыны 
жабдықтау қажеттілігін анықтайды.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> 3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым

жүктеу 5.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет