«тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» ПӘнінің


қауіпті, әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде. Альфа – ыдырау және бета – ыдырау, ереже бойынша,                 гамма



жүктеу 5.2 Kb.
Pdf просмотр
бет5/17
Дата02.05.2017
өлшемі5.2 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

қауіпті, әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде.
Альфа – ыдырау және бета – ыдырау, ереже бойынша,                 гамма 
сәулесімен қоса жүреді. Ол жарық жылдамдығының кеңістігімен жайылатын 
өте   үлкен   жиіліктегі  электромагнита  тербеліске  ие;   ядро  түрінде   жеке 

мөлшерде түседі ол гамма – квант немесе фотондар деп аталады. Гамма – 
кванттар өте үлкен түсу қабілетгілігіне ие. Әртүрлі материалдармен гамма – 
сәулеленудің   әлсіздену   сипапамасы   үшін  жартылай  әлсіздену  (d   1/2) 
қабатының кеңдігі қолданылады. Бұл         гамма – сәулеленудің қуатын екі 
есеге   әлсірететін   материалдың   сондай   қабаттағы   қалыңдығы.  Жартылай 
әлсіз   қабат   материалдарды   қорғау   қасиетінің   сипаттамалық   шарасы 
болып табылады.
Адамдардың  ионды  сәулеленумен  зақымдану   қауіптілігінің   дәрежесі 
ренгентте  өлшенетін   (Р)   экснозиционды   сәулелену   мөлшерімен   (Д) 
анықтталады.   Радиоактивті   сәулеленудің   қарқындылығы   (Р)  сәулелену 
мөлшерінің   күштілігімен   бағаланады.  Сәулелену  мөлшерінің   қуаттылығы 
доза  жиналуы   жылдамдығын   сипаттайды   және   рентгенде   бір   сағат  (Р/с), 
милли – рентгендерде бір  сағат  (мР/с)  немесе  микрорентгендерде бір сағат 
(мкР/ с) көрсетіледі.
Халықаралық бірлік жүйесінде СИ  экспозиционды сәулелену  мөлшері 
кулонда  килограмға   (Кл/'кг)  өлшенеді   және   оның   күштілігі       кулонда 
секундына килограмға (Кл/кгс) өлшенеді. 1 кг ауада иондау нәтижесінде 1 Кл 
тең бір бөлгідегі барлық иондардың жиынтық электрондық заряды, 1кг ауада 
түзілетін кулон килограмның экспозиционды мөлшерімен тең.
Сәулеленуді   иондармен   қанықтырушы
 адамдар
 сәулеленудің 
салдарларын бағалау кезінде,  сәулеленудің экспозициялық дозасын емес, 
сәулеленудің жұтылу дозасын,  яғни адам организмі ұлпаларына жұтылған 
сәулеленуді иондау энергиясының мөлшерін білуі маңызды.  СИ жүйесінде 
сәулеленудің  жұтылу  дозасын  өлшеу  бірлігі  ретінде  грэй  (Гр),  ал  мұндай 
дозаның   қуатын  -  секундттағы  грэй  (Гр/с)   деп   қабылданған.   Тәжірибеде 
жұтылған дозаның жүйеден тыс бірлігі – рад (сәулеге шалдыққан заттың бір 
грамында,  100   эрг.  тең  энергия  жұтылады)  пайдаланылады.  Жұтылған 
дозаның қуаттылығының жүйеден тыс       бірлігі – бір сағаттағы рад немесе 
бір секундтағы рад (рад/ч, рад/с).
Экспозициялықпен   жұтылған   дозалар   аралығындағы   сәулеленудің 
бағыныштылығы:
Дпог=Дэкс х К, бұл жерде К – пропорционалдықтың коэффициенті 
(адам организмінің жұмсақ ұлпасы үшін К=0,877).
Қолдағы бар дозиметриялық құралдардағы өлшеу кемшілігі 15-30%-ды 
құрайтынын   ескере  отырып,  пропорционалдық  коэффициенте  тең   бірлік 
қабылданады. Сондықтан  дозиметриялық құралдардың көмегімен өлшенген 
адамдар  алған   сәулелердің   салдарларын   бағалау   кезінде   рентгендердегі 
экспозициялық   дозалардың   маңызы   мен   радтардағы   жұтылған   дозалар 
шамамен бірдей.  
Рентген  –  бұл  1   см
3
  ауа   физикалық   қалыпты   шарттарда   (ауа 
температурасы  0°   С  және   қысымы  760   мм  рт.ст.)  электр  санының   бір 
электрлік бірлігін құрайтын  2,08x10 ион  буы түзіледі. Сәулеленудің алуан 
түрімен   сәулеленген   адам   организмін   бағалау   үшін,   сондай   –   ақ   ауамен, 

сумен  және   тамақпен   адам   организміне   радионуклидтер   түскен   кезде 
сәулеленудің   эквиваленттік   дозасын   өлшейтін  арнайы  бірлік  –  бэр 
(рентгеннің биологиялық эквиваленті) қолданылады.
Радиоактивті ластанумен байланысты төтенше жағдай, ереже         бо-
йынша,   атом   электр  станцияларында,   атомдық   өндіріс   кәсіпорындарында, 
радиоактивті  заттарды  таситын және  пайдаланатын қондырғылар мен көлік 
құралдарында, сондай – ақ ядролық жарылыс нәтижесінде орын алады.
Радиациялық
 зақымдану   дәрежесі.
 Жергілікті   жердің 
радиоактивтілікпен   ластануы   кезінде   адамдарды   сәулеленуден   қорғау 
жағдайын   жасау   өте   қиын.   Сондықтан   радиоактивті   заттармен  ластанған 
аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген  сәулелену 
мөлшері   орнатылады,  олар  ережеге  бойынша,   адамдарды   сәулелену 
(радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.
Радиациямен зақымдану  дәрежесі  қабылданған  сәулелену дозасы 
мен уақытына тәуелді  болатыны белгілі. Сәулелену мөлшерінің барлығы 
дерлік қауіпті  емес.  Егер ол  50  Р аспаса,  онда ол тіпті сәулелену ауруын 
айтпағанда еңбекке қабілеттілікті де жоғалтпайды. Қысқа уақыт   аралығында 
қабылданған  200-300  Р мөлшері  ауыр  радиациялы  зақымдануды  болдыруы 
мүмкін.  Бірнеше   ай   ішінде   қабылданған   мұндай  доза   немесе  бір  қалыпты 
сәулелену кезінде қабылданса, ауруға алып келмейді. Адамның сау организмі 
осы  уақыт   ішінде  сәулеленуден  өлген   жасушаның  орнына  жаңа   жасуша 
туындатуға қабілетті.
Рұқсат   етілген   сәулелену   мөлшерін  анықтау  кезінде   оның   бір   рет 
қайталануы немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін екенін ескеру қажет. Бір 
peт қайталанатындар, оған алғашқы 4 тәулікте қабылданған   сәулеленулер 
саналады. Бұл кезеңнен асып  кеткен  уақыт ішінде  қабылданған сәулелену 
бірнеше  peт  қайталанатын  болып   саналады.  Адамдардың   бір  рет 
қайталанатын  мөлшермен;  100   Р   сәулеленуі  және  одан   көбірек   дозаларды 
кейде өткір сәулелену деп аталатын сәулеленуді қабылдауы мүмкін.
Дозалар және зақымдану белгілері
Сәулелену 
дозасы, Р
Зақымдану белгілері
50
Зақымдану белгілерінің жоқ болуы
100
Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен 10-30 тәулік 
ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. Өткір (бір рет 
қайталанатын) сәулелену кезінде сәулеленгендердің 10% -лоқсу 
және құсу, еңбекке қабілеттілігін оншалықты жоғалтпай шаршау
200
Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен         3 
тәулік ішінде жұмысқа қабілеттілік төмендемейді. 100-250 Р 
дозалы өткір (бір рет қайталанатын) сәулелену кезінде 
-зақымданудың әлсіз белгілері – бі рінші дәрежелі сәулелену 
ауруы

300
Бірнеше рет қайталанатын сәулелену кезінде шамамен бір жыл 
ішінде жұмысқа қабілетгілік төмендемейді. 250-300 Р өткір 
сәулелену кезінде екінші дәрежелі сәулелену ауруы. Ауру көп 
жағдайда жазылып кетеді.
400-700
Үшінші дәрежелі сәулелену ауруы. Бастың қатты ауруы, 
температураның көтерілуі, әлсіздік, шөлдеу, лоқсу, құсу, іш өту, 
ішкі мүшелерге, теріге және шырышты қабықтарға қан құйылу
қан құрамының өзгеруі. Уақытылы және тиімді ем алған жағдайда 
сауығып кетуі мүмкін. Емделмеген жағдайда өлім қаупі 100% 
жетеді.
700 көп
Ауру көп жағдайда өлімге алып келеді. Зақымдану бірнеше 
сағаттан кейін білінеді, төртінші дәрежелі сәулелену ауруы
1000 көп
Сәулелену ауруының кенеттен болған түрі. Зақымданғандар 
жұмысқа   қабілегтілігін   бірден жоғалтады және сәулеленуді
алғаннан кейін алғашқы күндерден бастап    біртіндеп өле 
бастайды.
Дозиметрлік   бақылау   аспаптарының   жұмыс   істеу   принцптері. 
Радиациялық  барлау.  Радиациямен  ластанған   аймақта   ІҚЖ   жүргізудің 
тиімділігі   көбінесе   сол   жерде   болған   радиациялық   жағдайдың   нақты 
мәліметтеріне  байланысты.   Осы  мақсатпен  келесі   міндеттерді   шешетін 
радиациялық барлау жүргізіледі:
ξ
жергілікті  жерде  және   ауаның   жерге   жақын   қабатының 
радиоактивті   затпен   ластануын  табу   және   бұл   туралы   жұмыс 
басшысына ақпарат беру;
ξ
құрылым  жылжитын  бағыттағы  гамма   –   сәулелену  мөлшерінің 
күштілігін  анықтау   және  радиоактивтілікпен   ластанған   аймақтың 
шекарасын белгілеу;
ξ
ластанған участкелерді  игеру  үшін  айналып  өту  жолдарын (қажет 
болған жағдайда) іздеу;
ξ
радиациялык жағдайдың өзгеру динамикасына бақылау жасау;
ξ
судан,
 азық   –   түліктерден,   өсімдіктерден,   топырақтан, 
объектілерден, техникалардан, мүліктерден сынама алу және оларды 
зертханаға жіберу;
ξ
метрологиялық бақылау;
ξ
радиоактивтіліклен ластанған аймақтан шыққаннан кейін     
құрылымның жеке құрамына дозиметриялық бақылау жүргізу.
Радиациялық  барлауды   ұйымдастыру   кезінде  жұмысты  жүргізетін 
ауданда   ішкі   жағдайдың   өзгеруін   (желдің   бағыты  және   т.б.)   немесе 
радиоактивтік  ластанудың   қайталануы   мүмкін   екенін   есепке  алу  қажст. 
Құрылым   орналасқан   аудандағы  радиациялық  жағдайды  бақылау  үшін, 
сонымен қатар жұмысты жүргізетін объектідерде радиацияны бақылайтын 
күзет орны құрылады, олардың негізгі міндетіне:

ξ
дер   кезінде   радиоактивті   ластануды  табу   және  хабарландыру 
дабылын беру;
ξ
радиоактивті зат бұлтының қозғалыс бағытын анықтау;
ξ
күзет ауданында радиоактивті затпен ластанған участкелерді барлау, 
сонымен қатар метеорологиялық бақылау жатады.
Радиациялық бақылау орны  тәртіп  бойынша үш адамнан тұрады. Ол 
сәулелену мөлшерінің ДП-5 (А,Б,В), ДРГ- 01Т және т.б. өлшеуіштерімен, №3 
метеокомплектпен, ИД-11 (ДКП-02 және т.б.) сәулелену  мөлшерінің қуатты 
жеке  өлшеуіштерімен,  ИД-1 сәулелену  мөлшерінің               өлшеуіштерімен, 
секундомермен, хабарландыру және байланыс құралдарымен, радиациялық 
жағдайдың параметрін  жазатын журналмен, ауа сынамасын алатын жабдық 
жиынтығымен жабдықталған.
Дозиметриялық   бақылау.
 Дозиметриялық   бақылауды
 ІҚ 
құрылымның   жеке  құрамы               радиоактивті   ластану   аймағындағы   іс   – 
қимылы   кезінде  сәулелену  мөлшері  туралы  мәліметтерді  дер  кезінде  алу 
мақсатында   жүргізеді.   Алынған  ақпарат   бойынша  құрылымның   жұмыс 
тәртібі   анықталады.  Дозиметриялық   бақылау   топтық   және   жеке   болып 
бөлінеді.
Топтық бақылау ІҚ құрылымның жеке құрамының жұмысқа         қаб-
леттілік деңгейін бағалау  мен анықтау  үшін  және орташа сәулелену дозасы 
туралы  мәліметтерді  алу  мақсатында жүргізіледі.  Бұл  үшін  құрылым ИД-1 
сәулелену  дозасының   өлшеуішімен   қамтамасыз   етіледі   (ДКП-50-А   ДП-24, 
ДП-22В   жинақтарынан)  1   -   2  дозиметрлік   есептеу  бойынша  радиациялық 
жағдайда бірдей әрекет ететін топтағы адам саны 14-20.
Жеке  бақылау  радиациялық  зақымданудың   ауырлық   деңгейіне 
алғашқы   кезеңде  диагностика   жасау   керек   және   әр  құтқарушының  доза 
туралы  мәліметті  алуы   мақсатында  жүргізіледі.  Бұл   мақсат  ушін   ІҚ 
құрылымның жеке құрамына доза қуатын өлшейтін ИД-11 өлшеуіші беріледі.
Радиоактивті   ластанудың   деңгейі   техниканың,   көліктің,   киімдердің, 
саймандардың, қорғау құралдарының, аяқ – киімдердің  және  т.б. дәрежесі 
бойынша  анықталады.   Аталған   жұмыс   құрылымға   қойылған   міндеттерді 
орындағаннан   кейін,  құтқарушылардың  ластанған  аудандардан   шығуы 
кезінде,  арнайы  өңдеулерді   толық   жүргізгеннен   кейін   жүзеге  асырылады. 
Радиоактивті ластануға душар  болған  және  арнайы  толық өндеуді жүргізу 
үшін   келген   құрылымның   жеке  құрамы,  техникалары   және   көлігі 
бақылап   бөліп   тұратын   күзет   орны  арқылы  өтеді,   мұнда   құрылымның 
ластанған  дәрежесін   белгілейді  және   арнайы  өңдеу  бойынша  шараларды 
ұйымдастырады. Күзет орнының біреуі шығатын  жерде  ал келесісі  арнайы 
өндеу алаңының шығатын жерінде тұрады. Ластану дәрежесін ДП-5, КРБ-1 
және т.б. аспаптардың көмегімен анықтайды. Құрылымның жеке құрамының 
және техникасының бақылап – бөліп тұратын күзет орны арқылы өтуі кезінде 
дозиметристің  ластанған жұмыс орны  анықталады;  қажет болған жағдайда 
оған қатерсіздендіру жүргізіледі немесе тұрған орыны ауыстырылады.

Радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау аспаптарының 
сипаттамасы
Атаулары
Сипаттамалар 
және өлшеуіштің 
мөлшері
Тағайындалуы         
Далалық радиометр-
рентгенометр
ДП-5А,(ДП-5Б,ДП-5В)
Гамма-сәулелену
бойынша
50мкР/с-200Р/с
Гамма-сәулелену мөлшерінің 
күштілігін өлшеу және гамма, 
бета-сәулелену бойынша 
жергілікті жердің ластануы
Дозиметр 
ДРГ-01Т
10мкР/с-10Р/с
Ішкі гамма-сәулеленудің 
экспозиционды дозасы қуатын 
өлшеу (ЭМК)
ДП-22В дозиметр 
жинағы
2-50 Р/с
Сәулелену дозасын өлшеу
ДП-24 (аналог ДП-
22В)
2-50 Р/с
Сәулелену дозасын өлшеу
ИД-1 дозиметр 
жинағы
20-500 рад
Гамма- нейтронды 
сәулеленудің жұтылған 
дозасын өлшеу
Жеке мөлшерді өлшейтін 
ИД-11 ИУ 
құрылғысының 
өлшеуішімен
50-80О Р
Радиациялық зақымданулын 
бастапқы диагностикалау 
мақсатындағы сәулеленуді 
жеке қадағалау
ДП-70 
(ДП-70М)
10-1500 рад
10-1500 рад
50-800 Р
химиялық дозиметрлері 
ДКП-50-А қосымша 
беріледі
50-800 Р
медициналық зақымдану 
дәрежесі диагностикасына 
арналған өлшеу 
ДК-0,2 дозиметр жинағы
10-200мР
Гамма – сәулелену мөлшерінің 
күштілігін зертханалық 
жағдайда өлшеу
Радиациялық   қорғау.
 
Радиоактивті   заттармен   ластанған   аймақта 
жұмысты   жүргізу,         жұмысшылардың   сыртқы   және   ішкі   сәулеленуінің 
төмендетуге және таза қалалар мен тұрғын үйлерге радиоактивті ластануды 
апармауға бағытталған, радиациялық қауіпсіздік шаралар кешенін жүзеге 
асыруды   талап   етеді.  Радиациялық  қауіпсіздік  бойынша   шаралар  кешені 
мыналарды қамтиды:
ξ
радиациялық әсерлерді қатаң түрде нормалау; 
ξ
радиоактивті ластану жағдайында жұмысқа жұмылдырылған барлық 
тұлғаларды дәрігерлік куәландыру және рұқсат алу;
ξ
радиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша нұсқаулық;

ξ
радиациялық  жағдайымен   оның   өзгерістеріне   жүйелік   бақылау, 
соның   негізінде   нақты   участкелердегі   жұмыстың   ұзақтығын 
анықтау;
ξ
жеке   дозиметриялық   бақылау   және  ластанған   жергілікті   жердегі 
барлық жұмысшылардың сәулеленуін есепке алу;
ξ
ластануды жою;
ξ
барлық жұмысшылардың жеке қорғаныстарын ұйымдастыру;
ξ
жұмыс   жасап   жатқан   участкелердегі   ластанудың   таралуына   жол 
бермейтін санитарлық – рұқсаттама режимін ұйымдастыру;
ξ
санитарлық   өңдеуді   және   жүйелі   түрде   қатерсіздендіруді,   қажет 
болған   жағдайда  жұмысшылар   пайдаланатын  арнайы  киімдерді, 
арнайы аяқ – киімдерді және басқа да ЖҚҚ жоюды ұйымдастыру.
Радиациялық   авария  жағдайында   ЖҚҚ   қолдану   қажеттілігін 
анықтайтын негізі зиянды әсерлер, адам организміне және тері жамылғысына 
түскен   радиоактивті,   әртүрлі   объектілер  мен  ауа   қабатының  ластануы, 
жергілікті   жердің   радиоактивті   ластануының   негізі  болып   табылады. 
Сондықтан   жеке   қорғанысты   ұйымдастыру  бойынша  кешенді   шараларды 
авариялық жағдайларда жүргізудің негізгі мақсаты мыналардан тұрады:
ξ
адам   ағзасына   радионуклидттердің   түсуін,  сонымен  қатар   тері 
жамылғысының радиоактивті ластануын нормативті құжаттармен 
бекітілген, рұқсат етілген мөлшерден азайту немесе болдырмау;
ξ
авария  аймағында   ластанған   киімнен,   аяқ   –   киімнен,   қорғаныс 
құралдарынан  және  т.б.   радиоактивті   ластанудың   таралуының 
алдын алу.
ЖҚҚ   қолданумен   адамды   ішкі  гамма   –  сәулеленуден   қорғауды 
қамтамасыз   ету   мүмкін   емес   екенін   есте   сақтау   қажет.   Бұл   міндет  тек 
инженерлік қорғаныс ғимараттары мен құралдарын (баспана және қорғаныс 
экрандары),   жұмысты   дистанциялық   жүргізуге   арналған   механизімдерді 
қолдануымен  және   жоғары  деңгейдегі   гамма   –   сәулеленуі  бар  жергілікті 
жерде   адамдардың  болу  уақытын  қатал  шектеумен   ғана   шешіледі.   ЖҚҚ 
қолдану   міндетті   түрде  радиациялық  қауіпсіздік   шараларының   басқа  да 
кешенімен, соның ішінде йодттық алдын алу және басқа дәрі – дәрмектерді 
қолданылуымен (дәрігерлік қорғаныс құралдары) жүргізілуі тиіс.
Радиациялық   авария  жағдайында  және  олардың   зардаптарын   жою 
кезінде қолданылатын жеке қорғаныс құралдарына:
ξ
негізгі арнайы киім (комбинезондар, костюмдер, халаттар, шәпкілер, 
мақта – матадан және аралас маталардан тігілген шұлықтар)  және 
қосымша  (алжапқыштар,   жартылай  халаттар,  пленкалы   және 
резиналанған материалдардан жартылай комбинезондар);
ξ
тыныс  алу  мүшелерін   қорғайтын   жеке   құралдар   (ТМҚЖҚ) 
(респираторлар,   сүзгіш   газқағарлар,   оқшаулағыш  тыныс  алу 
аппараттары,   пневмомаскалар,   пневмошлемдер,   пневмокурткалар 
және т.б.);

ξ
оқшаулағыш  костюмдер,   арнайы  аяқ   –   киімдер   (негізгі  және 
қосымша);
ξ
қолды   қорғайтын   құралдар   (резеңкелі,  пленкалы,  мақта   –   маталы 
саусақты биялай немесе қолғаптар);
ξ
көзді қорғайтын құралдар (қорғайтын көзілдіріктер, қалкандар және
т.б.);
ξ
қорғайтын   құрылғылар   (қолмен   ұстайтын,   белбеулер  және   т.б.) 
жатады.
Радиациялық   авария   болған   кезде   радиометриялық   бақылауды   және 
радиациялық   жағдайды  бағалау   нәтижесіне   негіздеп,  авария  аймағын   екі 
аймаққа бөлу орынды.
Бірінші  аймаққа  (қатаң   тәртіптегі  аймаққа)  жоғарғы   қабат   пен 
ауаның   радиоактивті   ластануының   белгіленген   деңгейден   жоғарлауы 
байқалған ғимараттар мен аумақты жатқызады. Бұл аймаққа келгенде ЖҚҚ 
негізгі  арнайы  киімдермен   қоса   бірқатар   қосымша   киімдерді   қолдану 
(мысалы;   ТМҚЖҚ,  пленкалы   немесе  резеңкелі   материалдардан   жасалған 
қосымша арнайы киімдер, қосымша арнайы аяқ – киімдер және оқшаулағыш 
костюмдер және т.б.) талап етіледі.
Екінші  аймаққа  (радиациялық  қауіпсіздік   тәртібіндегі  аймақ)  ауа 
мен   жоғарғы  қабаттардың   радиоактивті  ластану  деңгейі  авариялар 
жағдайымен   шартталған,  рұқсат   етілген  көлемде   болатын   ғимараттар   мен 
аумақтарды жатқызуға болады. Адамдарды бұл аймақта қорғау  үшін  және 
радиоактивті ластанудың таралуын болдырмау үшін авария зардабын жоюға 
қатысқан  тұлғалар   респираторларды   пайдаланып   немесе   олар   сыз  негізгі 
арнайы  киім  жиынтығын  кию  жеткілікті. Ластанған  аумаққа  кіру  міндетті 
түрде  киімін  толық  ауыстырып  кию  және  санитарлық   рұқсатнама  арқылы 
ұйымдастырылады,   ал   ғимаратқа   және   бірінші   аймақтағы   аумаққа   кіру 
санитарлық  шлюз   немесе  санитарлық  барьер   арқылы   қосымша  ЖҚҚ 
қолданумен ұйымдастырылады.
Авария   зардаптарын   жою  жұмыстарын   жүргізу   кезінде,   ЖҚҚ  дұрыс 
таңдаудың негізгі критериі ретінде сол немесе басқа аймақтағы келесідей:
ξ
жұмыс   жүргізу   кезінде   ауадағы   радиоактивті   заттардың   күтілген 
немесе өлшенген концентрациясы туралы;
ξ
жоғарғы қабаттардың радиоактивтілікпен ластану деңгейі туралы;
ξ
ластанған   ерітінділерді   құю   (соның   ішінде   қатерсіздендіретін) 
немесе   пароэжекциялық   бүркігіштерді   қатерсіздендіру   үшін   булы 
қоспаны қолдану мүмкіндігі туралы:
ξ
ауырлық (қиындық) категориясы және жұмысты орындау ұзақтығы 
туралы;
ξ
жұмыс  орнындағы  микроклимат және  ауадағы  газ  құрамы  туралы 
(температура, ылғалдық,   ауада  оттектің  болуы,  улы  және  жарылу 
қаупі бар газ қоспалары және т.б.) мәліметтерді пайдалану керек.

ТЖ зардабын жоюдағы барлық жағдайда да жоғары концентрациялы 
(50%   көп)   бу   шығаратын   улы   заттар   бар   ғимараттарға,   боксқа, 
сиымдылыққа,  цистерналарға,  құдықтарға   кұтқарушылардың   кіруі   кезінде 
ТМЖҚҚ ретінде оқшаулағыш демалатын аппараттар немесе шлангалы ЖҚҚ 
қолданылуы керек. ТЖ сипатына, оның ауырлығына орай,         сондай – ақ 
түріне   және   алда   тұрған   жұмысқа  байланысты   құтқарушылар   авария 
орынына   келгеннен   кейін   штаттық  авариялық  жиынтықпен   ЖҚҚ   қалай 
қамтамасыз етілсе, сол объектінің ЖҚҚ қорымен солай қамтамасыз етіледі 
(мысалы, шлангалы ЖҚҚ және т.б.).
Өзін өзі тексеру сұрақтары 
1. Радиоактивті заттар, ядролық реакторлар. 
2. Радиациялық қорғау шаралары
3. Сәулелену дозалары, Өткір сәуле ауруы. 
4. Дозиметрлік бақылау аспаптарының жұмыс істеу принцптері
№ 6 дәріс. Соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар
Жалпы сұрақтар
1.
Ядролық жарылыстың зақымдаушы факторлары
2.
Ядролық зақымдану ошағының зонасы
3.
Қарапайым зақымдау құралдары
ЯДРОЛЫҚ ЖАРЫЛЫСТЫҢ ЗАҚЫМДАУШЫ ФАКТОРЛАРЫ:  
I. Соққы толқыны, түрлері: ауа соққы толқыны; су соққы толкыны; 
сейсмо толқындар (грунттағы). 1 сурет - Ядролық жарылыс түрлері
Ауа соққы толқыны - жарылыс орталығынан жан-жақка дыбыстан тез 
жылдамдықпен
 
тарайтын 
күшті   сығылған   ауа   аймағы. 
Ауа   соққы   толқынының   қуат 
көзі - жарылыс орталығындағы 
миллиард   атмосфераға   дейін 
жететін   жоғарғы   қысым. 
Ядролық   жарылыстың   жанған 
өнімдері   тез   таралып, 
төңірегіндегі
 
ауа 
қабаттарындағы
 
қысым 
туғызады.   Тығыздалған   ауа 
массасы   одан   әрі   ұлғаяды   да, 
қысым келесі қабаттарға өтеді. 
Осылайша   қысым   тез   бір 
қабаттан   екінші    қабатқа   өтіп 

ауа соққы  бөлігі ауа соққы толкынының аймағы деп аталады. Сығылған ауа 
массаның ұлғаю есебінен оның кабатының қалыңдығы өсе түседі де өзінің 
жолындагы құрылыстар мен басқа да объектілерді қиратып, ашық жердегі 
адамдарды зақымдайды. Ауа соққы толқынының қирату күші мен әсер ету 
радиусы   жарылыстың   түрі   мен   қуатына,   жер   бедеріне,   ауа   райы 
жағдайларына байланысты болады. Ауа соққы толқынының зақымдау әсерін 
айқындайтын негізгі көрсеткіштері:
•   артық қысым;
•   ауа ағынының жылдамдыгы (жоғарғы ауа екпіні);
•  артық қысымының әсер  ету уақыты.
Ауа   соққы   толқыны   әсер   еткен   кезде,   сондай-ақ   оның   қосалқы 
зақымының үйлер мен ағаштардың және басқадай заттардың ішкі органдары 
зақымдануы, контузия және әртүрлі зардапты жарақаттар артық қысым 20-40 
кПа (0,2-0,4 кг/см
2
) болғанда, мұнда адам мертігеді, естуі нашарлап, контузия 
алады (жеңіл жарақат). Артық қысымның мелшері 40-60 кПа болған кезде 
адам  орташа   жарақат  алады:   ол   ауыр   контузия   алады,   есту   мүшелері 
зақымданады, мұрын мен құлақтан қан кетеді, аяқ пен қол буыны шығады. 
Ауыр   жарақаттану  артық   қысым   мелшері   60-100   кПа   болған   кезде 
байқалады. Ол ауыр контузия алумен, аяқ-қолдардың сыныуымен, құлақ пен 
мұрыннан   күшті   қан   кетуімен   сипатталады.  Өте   ауыр   жаракат  артық 
кысым   100   кПа-ден   жоғары   болған   кезде   байқалады.   Өте   ауыр   жарақат 
адамның өліміне келдіреді.
Соққы   толкынының   әсерінен  қорғанудың   негізгі   құралдары:   паналау 
ғимараттары,   радиациядан   қорғану   орындары,   адамдардың   паналауына 
ыңғайлап жасалынған  метрополитендер  мен шахталар, қарапайым паналау 
орындары (ор, жыра).
Үйлер   мен   ғимараттарды   қирату   дәрежесіне   қарай   ядролық   зақымдау 
ошагын   мынадай   төрт   аймаққа:   толық,   күшті,   орташа   және   әлсіз   қирау 
аймақтары деп бөлу қабылданған.
Каталог: ebook -> umkd
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 119/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Математиканы оқыту теориясы 5B010900-Математика мамандығына арналған студенттерге арналған пәннің ОҚу бағдарламасы
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік
umkd -> 3 деңгейлі смж құжаты поәК Е поәК 042-14-4-05. 20. 24/03- 2009 ж. ПoәК ««Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар»
umkd -> Оқу-әдістемелік материалдар «Математиканы оқыту теориясы және әдістемесі»
umkd -> Бағдарламасы «Дискретті математикалық логика»
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 113/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым 107 беттің 1
umkd -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы
umkd -> ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым

жүктеу 5.2 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет