Тілеубаев шамек баянҧЛЫ


 Отаршыл жҥйе кӛтерілістің ҧйымдастырушысы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/10
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

1.2 Отаршыл жҥйе кӛтерілістің ҧйымдастырушысы 
Кӛтерілістің  шығуына  негіз  болған  отаршыл  жүйенің  ӛлкеде  жүргізген 
отаршылдық саясаты салдары болатын. Осы саясаттың шиеленісуі нәтижесінде 
1916  кӛтеріліс  шыққан  еді.  Оның  әлеуметтік-экономикалық,  саяси,  рухани 
себептері  тереңде  жатты.  Ол  жер  мәселесі,  отарлық  жағдайда  қанауға  түскен 
елдің  әл  –  ауқаты,  экономикалық  күйзеліс,  саяси  құқықсыздық,  рухани 
отарлану т.б., мәселелер.  
Бұл  жӛнінде  жергілікті  жағдаймен  жақсы  таныс  патша  әкімшілігінің 
Жетісудағы  жандармериясы  жеке  корпусының  ротмистры  Юнгмейстер 
кӛтерілістің  барысына  шолу  жасай  келіп  оның  себептерінің  бірнешеуін  атап 
кӛрсетіп былай дейді:  
–  ....  «ПРИЧИНЫ  ВОССТАНИЯ:  1)  Земельные  отношения:  у  киргиз 
были  отобраны  лучшие  земли,  они  были  оттеснены  к  горам  и  принуждены 
были  арендовать  землю  у  крестьян,  которые  сдавали  еѐ  испольно.  Если 
взглянуть  на  карту  Пржевальск[ого]  уезда,  издания  Переселенч[еского] 
управл[ения], то видно, что русские поселки сгруппировались в долинах вокруг 
озера  Иссык-Куля  и  в  богатых  долинах  на  восток  от  него,  а  киргизам  были 
оставлены безлесные горы и т[ак] наз[ываемые]  Сырты. 
2)  Отношение  русских  переселенцев  к  киргизам:  сюда  пришли  всякие 
отбросы из европейской России. При всяком удобном случае отбирали у киргиз 
киргиз,  якобы  за  потраву,  а  затем  сами-же  взыскивали  за  это  деньги,  грозя  не 
выпускать его, не давая ему пищи и питья. В то время, как киргизы никому не 

 
 
41 
отказывали  в  гостеприимстве,  новоселы  по  отношению  к  киргизам  этого  не 
делали. 
3)  Отношение  местных  русских  властей  к  киргизам:  Они  смотрели  на 
киргиз,  как  на  источник  постоянн[ых]  доходов  "Чигин"  /незаконный  сбор 
между киргизами для подкупа нач[альни]ка  постоянно увеличивался [113]. 
Отаршыл  жүйенің  ӛкілі  кӛтерілістің  түп-тӛркінінде  не  жатқанын  жақсы 
түсініп  білгені  байқалады.  Қалыптасқан  мұндай  жағдайда  қазақ  және  қырғыз 
халықтарының  кӛтеріліске  шыққаннан  басқа  амалы  қалмаған  еді.  Кӛтерілістің 
алғышарттары  жан-жақты  пісіп-жетіліп  тұрған  тұста  1916  жылғы  25  маусым 
жарлығы  шықты.  Патша  бұл  шығарған  жарлығы  кӛтеріліске  тек  түрткі  ғана 
болды. Маусым жарлығы «қурап тұрған шӛпке» от тастағандай болды. 
Бұл  жарлықтың  жергілікті  жерлерде  халық  тарапынан  күшті  қарсылыққа 
тап  болары  анық  еді.  Ондай  қарсылықтың  болатынын  кей  жерлердегі  жоғары 
билік  ӛкілдері  жақсы  сезіп-білген  екен.  Патша  ӛкіметінің  мұндай  ұшқары, 
үстірт  шешімдер  отар  аймақтарындағы  халыққа  қатты  әсер  ететіні,  сондықтан 
бірқатар дайындық пен  уақыт  керектігін жақсы түсінген.  Мысалы, Кавказдағы 
наместник,  патшаның  бауыры  Николай  Николаевич  патшадан  бұл  жарлықтың 
ӛзіне сеніп  тапсырылған ӛлкеде  іске асырылмай ӛзгертілуін талап еткен. Онда 
ол:  «...мұсылман тұрғындарына қатысты кез-келген шара, оны іске асырғанған 
дейін  бірқатар  дайындық  шараларын  және  белгілі  бір  уақытты  талап  етеді»-
деген уәж айтқан [114]. Оның айтқан уәжі орынды болатын, ӛйткені 25 маусым 
жарлығы жер-жерлерге телеграф арқылы жіберіліп тез арада орындалуы талап 
етілген.  Мұндай  күрделі  де  қауырт  шараны  тез  арада  орындап  іске  асыру 
мүмкін емес еді. Онсызда отарлық жүйенің жүргізген  озбыр саясатынан әбден 
запы  болған,  әлеуметтік-экономикалық  күйзеліске,  саяси-рухани  езгіге  түсіп 
сіңірі  шығып  қаналған  халықтың  мынадай  жарлық  жарияланғанда  кӛтеріліске 
шыққаннан басқа амалдары қалмаған еді, жарлық тек соған түркі болды. 
1916  жылғы  кӛтеріліс  тарихынан  құнды  еңбек  жазып  қалдырған  Тұрар 
Рысқұлов оның шығу себептеріне қатысты: «....Түркістанның жергілікті халқын 
патшалық  отаршылдық  ӛктемдікке  қарсы  кӛтеріліске  итермелеген  ең  басты 
себептердің  әлдеқайда  елеулі  негіздері  бар  еді.  Бұл  негіздер  патша  ӛкіметі  ӛзі 
билеп-тӛстеген  50  жыл  ішінде  Түркістанды  отаршылдық  қанауы  салдарынан 
орын  алған  терең  экономикалық,  саяси  қайшылықтарында  жатқан  еді. 
Сондықтан, әбден шыдамы таусылған жергілікті халықтың жан тӛзгісіз езгісіне 
жаппай қарсы шығуынан басқа амалы қалмады» -деп кӛрсетеді [115]. 
Осы  айтылған  терең  қайшылықтардың  Жетісудағы  қазақ  пен  қырғыз 
халықтарының  да  кӛтеріліске  шығуына  негіз  болып,  кӛтеріліс  қарсаңында 
ӛзінің  шарықтау  шегіне  жеткен  саяси  және  әлеуметтік-экономикалық 
мәселелерінің  бірі  отаршыл  биліктің  жергілікті  жерлердегі  әкімшілігінің 
қызметіне де қатысты еді. 
Жетісудағы  қазақ  пен  қырғызды  кӛтеріліске  итермелеген  басты 
себептердің бірі – патшалық Ресейдің ӛлкені жаулап алған  кезден бастап 1916 
жылғы  кӛтерілістің  шығып  және  оның  шиеленісуі  тұсында  отаршыл 
әкімшіліктің  жергілікті  халыққа  қатысты  жүргізген  ӛте  дӛрекі,  келеңсіз 

 
 
42 
әрекеттері мен саяси ұстанымдары болатын. Бұл жӛнінде сол отаршыл жүйеге 
қызметкері,  Жетісуда  болып  жатқан  барлық  жағдайлардан  жан-жақты  түрлі 
мәліметтер  алып  отырған  Верный  қаласы  және  Жетісу  облысы  бойынша 
жандарымдық  жеке  корпустың  бастығы  ротмистр  Владимир  Железняковтың 
1916  жылғы  кӛтеріліске  байланысты  берген  кӛрсетуінде  былай  дейді:  -  «... 
Русская  власть  в  области  в  лице  администрации  и  участковых  начальников 
управляла  своими  районами  при  посредстве  нагайки  и  вообще  физического 
воздействия...»  [116].  Бұл  пікір  облыстағы  жағдайларды  жеті  бақылап 
халықтың  тыныс-тіршілігінен  жақсы  хабардар  болып  отырғын  жандармерия 
бастығының ӛлкедегі орыс билігінің жергілікті халыққа қатысты кӛзқарасы мен 
ұстанымдарына  берген  әділ  бағасы  еді.  Орыс  билігінің  мұндай  озбырлығын 
Жетісудағы 
қазақ 
пен 
қырғыз 
халықтарының 
кӛтерілісін 
басып 
«тыныштандыруға»  Самарқаннан  келген  6  -  құрама  жасақ  корпусының  Штаб 
бастығы  да  кӛтерілісті  басуға  қатысқан  аз  уақыт  ішінде  байқап  үлгерген  екен. 
Ол  кейінірек  Түркістан  генерал-губернаторы  А.  М.  Куропаткинге  кӛтеріліске 
қатысты  1917  жылы  4  қаңтарда  жазған  құпия  мәлімдемесінде:  «...одной  из 
главных причин восстания, на сколько я мог разобраться, было и не нормальное 
отношения между местной администрации и киргизским населением. Киргизы 
по моему народ крайне мирный, чуждый фанатизма...»- деп жазады [117]. 1916 
жылы  кӛтеріліс  кезінде  Жетісудағы  оқиғалардың  куәгері  болған,  осында  біраз 
жылдар  сот  саласында  қызмет  жасаған  Г.  И.  Бройдо  1916  жылдың  3 
қыркүйегінде  Ташкент  сот  палатасының  прокурорына  кӛтерілістің  шығу 
себептерін  талдай  келе  берген  жауабында:  «...кӛтеріліс  барлық  отарлық  билік 
орындарының  арандату  жұмыстарының  нәтижесінде  туындады,  отарлық билік 
орындары  кӛтерілісте  қазақ  -  қырғыз  халқын  қырып-жойып  және  үкіметтің 
жерді  босату  үшін  одан  әрі  отарлау  әрекеттеріне  бағытталды»  -деген  пікір 
айтады  [118].  Осыған  ұқсас:  «...Қырғызбен  соғыста  орыс  әскерінен  де  тышқан 
мұрын  қанапты:  3  әскер  басы,  53  әскерлік  ӛліпті,  77-сі  дерексіз  жоғалыпты. 
Осындай  соғыс  бола  ма?  Бір  жағы  жасаулы  әскер,  екінші  жағы  қарусыз  ел. 
Патша  ӛкіметі  қарусыз  елді  жеңеді,  Батыстан  кӛрген  қорлықтың  ӛшін 
қырғыздан  алады.  Қырғызды  құртып  тастап,  келімсек  орысқа  жерді  босатпақ 
болады...»-деген  пікірді  1926  жылы  кӛтерілістің  10-жылдығына  орай  жазған 
мақалаларында А. Шестаков пен Ә. Бӛкейхановта айтады [119]. 
Т.  Рысқұлов  кӛтерілістің  10-жылдығына  орай  жазған  «Қазақ  және  қара-
қырғыздардың  1916  жылғы  кӛтерілісі  туралы»  атты    мақаласында:  «Самый 
факт мобилизации казак-киргизских рабочих, при, том без надлежащей к тому 
подготовки, явился одним из эпизодов обычной провокационно-угнетательской 
деятельности  царизма  на  окраинах;сам  по  себе  этот  случай  не  мог  еще  не 
вызвать  такого  серьезного,  по  своему  политическому  значению,  восстания 
населения.» - деп жазады [120].  
Мұндай пікірлердің айтылуында жеткілікті негіз бар еді. Ӛйткені,   жалпы 
жоғары  деңгейдегі  отаршыл  билік  кӛтерілістің  шығатынынан  жақсы  хабардар 
болған,  біле  тұра  әдейі  арандатушылық  саясат  ұстанғаны  байқалады.  Олай 
дейтініміз  жоғары  билікке  әркез  жергілікті  халықтың  кӛңіл-күйі,  оларды 

 
 
43 
мазалайтын,  алаңдататын  мәселелерге  қатысты  түрлі  мәлеметтер  жинап 
жеткізіп отырды. Жергілікті билік орындары, полиция, жандармерия тарапынан 
да түрлі тыңшылар арқылы да мәліметтер алынып, оның барлығы да тексеріліп, 
жоғары жаққа хабарланып отырған. Бірақ, жоғары билік тарапынан кӛтерілісті 
алдын-алуға, оны болдырмауға ешқандай әрекет жасалмағаны байқалады. Оған 
байланысты  қызмет  дәрежесі  жоғарыда  айтылған  ротмистр  Железняков  1917 
жылғы  Ақпан  тӛңкерісінен  кейін  қамауға  алынып,  оның  қызметіне  қатысты 
тергеу  жұмыстары  жүлгізіліп  түрмеде  отырған  тұсында  Ресей  Мемлекеттік 
Думасының  әскери  фракциясына  19  сәуірде  жолдаған  хатында:  «...принял  все 
меры  для  предотвращения  мятежа  туземцев  и  последствия  его,  по  случаю 
набора  рабочих  от  них,  который  считал  и  считаю  по  его  условию  провокации 
сверху»-деп  жазады  [121].  Ӛлкедегі  жағдайдан  жақсы  хабардар  жергілікті 
чиновниктер  мен  кӛтерілісті  басуға  келген  жазалаушы  отряд  басшыларының 
ӛздері  қызмет  еткен  отарлық  жүйенің  іс-әрекетіне  қатысты  айтқан  сыни 
пікірлері  ӛте  орынды  деп  ойлаймыз.  Ӛйткені,  жергілікті  жердегі  патша 
шенеуніктерінің  Железняков  сияқты  кейбіреулерінің  жергілікті  халыққа  деген 
кӛзқарастары  дұрыс  болғанын  байқаймыз.  Олай  дейтініміз  олардың  айтқан 
пікірлері  және  оған  байланысты  Жетісу  облыстық  қазақ  комитетінің  1917 
жылғы  қыркүйектегі  №  106  қаулысында  Железняковтың  тергеу  ісіне  қатысты 
мынадай  пікірлер  айтылады:  «...некоторыми  гражданами  киргизами,  как  из 
состава  членов  областного  киргизского  комитета  вопрос  о  нежелательности 
выражения доверия бывшему заведываещему Розыскным Пунктом в Верном и 
Семиречинской области ротмистру В. Ф. Железнякову в благодарность за то в 
высшей  степени  справедливые  и  гуманные  отношения  его  к  киргизскому 
населению,  которые  проявлялось  им  с  самого  прибытья  его  на  службу  в 
Верный и особенно – же во время и после прошлогодних печальных событии» 
[122].  Жоғарыда  айтылған  мәліметтерге  қарағанда,  патша  әкімшілігі 
кӛтерілістің шығатынынан жақсы хабардар болды, бірақ оның алдын алуға, оны 
болдырмауға еш әрекет жасамаған. 
Патша  әкімшілігінің  кӛтерілістің  шығатынынан  алдын-ала  хабардар 
болғанын  және  оны  біле  тұра  алдын-алуға  еш  әрекет  жасамағаны  Жетісу 
облысының  әскери  губернаторы  генерал  Фольбаумның  кӛтеріліс  басып-
жаншылғаннан 
кейін 
Түркістан 
генерал-губернаторына 
жіберген 
мәлімдемесінен де кӛруге болады: «...ашық кӛтеріліске алып келетіндей  халық 
бұқарасының негізгі кӛңіл-күйі ретінде, қазақтардың риза еместігі бұрыннан-ақ 
байқалды...»  [123].  Осындай  «кӛңіл-күйді»  біле  тұрғанымен  кӛтерілісті 
болдырмау  мақсатында  алдын-алмай,  керісінше  оны  одан  әрі  шиеленістіре 
түскен.  Осы  мақсатта  Ташкенттегі  жоғары  басшылықтан  кӛмекке  әскер  сұрап, 
ӛңірде  бар  әскерді  кӛтеріліс  шыға  қалған  жағдайда  тез  арада  басатындай  етіп 
орналастыруға 
тырысқан. 
Жетісу 
облысының 
губернаторы 
аталған 
мәлімдемесінде  былай  деп  кӛрсетеді:  «Необходимо  отметить,  что 
администрация,  предвидя  возможность  недоразумении  и  волнений  на  почве 
призыва  рабочих,  просила  военной  помощи  из  Ташкента  еще  в  июле,  а 
имеющиеся  незначительные  военные  силы  распределила  по  области  в 

 
 
44 
определенных  центрах,  откуда  было  удобно  оказывать  помощь  при 
возникновении  безпорядков;  поэтому  на  Каркаре  к  началу  мятежа  была  рота 
дружины  под  командой  Нарынкольско-Чарынского  учаскового  начальника 
ротмистра Кравченко, и скоро прибыла сотня казаков из Джаркента; этот отряд 
затем  энергично  стал  восстановлять  порядок  в  районе  Иссыккуля  и  Текеса.  К 
Нарыну прибыли войска из Андижана, а в Пишпек и Токмак – 20-21 августа из 
Ташкента, после чего началось усмирение мятежников военной силой...» [124]. 
Жетісу облысының сол кездегі бірінші  басшысы кӛтерілістің болатындығынан 
хабардар  болған,  оның  алдын-алуға  еш  шара  қолданбаған,  керісінше  оны 
ушықтырып, басып-жаншуға әрекетіне кіріскен.  Соған қарағанда империяның 
жоғары  билік  ӛкілдері  кӛтерілістің  шыққанына  қарсы  болмағаны  байқалады. 
Оның ӛзіндік есептері болған сияқты. Ол туралы «Қазақ» газетінің 1918 жылғы 
1  қаңтардағы  санында  жарияланған  «Орынбор,  1  январь»  атты  редакциялық 
мақалада  былай  деп  кӛрсетеді:  «1  январь  Россия  мемлекетінде  ескі  жыл  ӛтіп, 
жаңа жыл кіргенге есептелетін күн. Бүгін 1917 жыл ӛтіп 1918 жыл кірді.» - дей 
келіп  ӛткен  жылдарға  қысқаша  шолу  жасай  келіп,  «...Европа  соғысы  дүние 
жаратылғаннан  берлі  жер  жүзінде  болып  кӛрмеген  зор  соғысы  болды.  Дүние 
жүзіндегі  мемлекеттер  екі  жарылып,  екі  жағына  я  кӛріне  кірісті,  я  кӛрінбей 
кірісті. Зор соғыстың салмағыда зор. Оны кӛтеруге күш керек. Романов үкіметі 
састы.  Жайшылықта  керек  қылмайтын  халық  күшін,  халық  ісін  керек  қыла 
бастады.  Әншейінде  ауылда  таласып  жүрсе  де,  қасқыр  шапса  ауылдағы  иттің 
бәрі қосыла кететіні сияқты арадағы ӛшін, ӛкпесін, партиялық алалыған тастап 
үкімет  демей,  жұрт  демей,  бір  жағадан  бас,  бір  ауыздан  сӛз,  бір  жеңнен  қол 
шығарғандай, күшін қосып жауға қарсы жұрт жұмыла  іс қылмақ болды. Қару-
жарақ,  киім-кешек  сияқты  соғысқа  керек  қандай  зат  болса,  бәрін  жұрт  бӛліп 
жұмыла  істеп,  тауып  беріп  тұрды.  Сондай  халық  тауып  беріп  тұрған  керек-
жарақты да Романов үкіметі ұқсатып орындай алмады. Асылында орындағысы 
да  келмеді.  Соғыс  ісінің  кӛбін  земстволар  қолға  алып,  үкімет  далада  қалып 
қоятын  болды.  Мұны  кӛріп,  тіпті  керексіз  болып  босқа  қалармын  деген 
үкіметке қауіп кіре бастады. Халықты соғыс жұмысына қатыстырмаймын десе, 
соғыс керек-жарағын үкімет ӛзі үлгіре алмайтын болды, қатыстырмаймын десе, 
жұрт  жұмыстың  бәрін  қолына  алып  кетіп,  үкімет  далада  қалып  қоюдан 
қорықты.  Үкімет  былай  тартса,  ӛгіз  ӛледі,  былай  тартса,  арба  сынатын  күйге 
түсті.  Халықты  керек  қылып  отырғаны  соғыстан  болған  соң,  үкімет  соғысты 
тоқтатпақ  ниетке  кірісті.  Бірақ,  соғысты  тоқтату  оңай  бола  қоймады.  Соғыс 
басталған  жылы  август  ішінде  Англия,  Франция  һәм  Россия  араларында 
жасалған, онан кейін Жапония мен  Италия қол  қойған  уағда бойынша аталған 
патшалардың еш қайсысы жаумен бӛлініп шығып бітім жасамасқа тиіс, ішінен 
бүліншілік  шыққан  патша  ғана  одақтарынан  бӛлек  ӛз  бетімен  бітім  жасауға 
ықтиярлы. 
Ол  уағда  тұрғанда  Романов  үкіметі  елінен  бүліншілік  шықпай  тұрып, 
қанша  бітіскісі  келсе  де  неміспен  бітісе  алмайтын  болды.  Уағданы  бұзса, 
Одақтары  Россиямен  соғысып  кетуі  ықтимал  болды.құтылмайын  дегені  соғыс 
болған  соң,  уағданы  бұзып  неміспен  бітім  жасауға  болмады.  Сүйтіп  бітім 

 
 
45 
жасайтын жалғыз-ақ шарасы болды. Ол мемлекет ішінен бүліншілік шығарып, 
соның сылтауымен бітім жасау. Соғысты тоқтатуға олай да, былай да жол қарап 
Романов  үкіметінің  ақырында  тоқтаған  шарасы  іштен  бүліншілік  шығару 
болды.  Бүліншілік  ӛте  зор  болып  кетсе,  басу  қиын  болар  деп  ол  жағынан  да 
қорықты. Ептеп шамалап бүліншілік шығару  жаһұтымен бұратаналарды соғыс 
жұмысына  алмақ  болып,  25  июнь  жарлығын  шығарды.  Ол  есептері  бұртана 
соғыс  жұмысынан  қорқып,  жарлыққа  кӛнбейміз,  адамдарын  бермейміз  деп, 
бунт шығарып, бүліншілік жасар дегені еді. Бұратаналар ол ойынан табылмады. 
Басында  шошынып  аз-маз  мінез  шығарса  да,  соңына  кӛбі  кӛніп,  соғысты 
тоқтатуға  дәлел  болғандай  жарытымды  бүліншілік  шықпады.  Романов 
үкіметінің  ылажы  құрып,  не  қыларын  білмей,  олай  да,  былай  да  соғысты 
тоқтатуға жол қарап жүргенде, ол сыры сезіліп қалды. 
Германияны мұқатпай соғысты  қоймау  керек деген пікірдегі орыстың бас 
адамдары  Романов  үкіметінің  сырын  сезген  соң,  мемлекет  ісінің  тізгінін  ӛз 
қолдарына  алып,  соғыстан  шыққысы  келген  үкіметті  шығарып  тастау 
бағытында  іс  қылып,  пікір  тарата  бастады.  1917  жыл  Россия  былтыр  сондай 
күйде тұрған шақта кірген еді...» [125].  
Бұл  жағдайлар  ӛлкедегі  отарлық  биліктің  дағдарысқа  ұшырағанын 
кӛрсетсе  керек.  Олай  дейтініміз  Түркістан  ӛлкесіне  1916  жылғы  оқиғалардың 
себеп-салдарларын  зерттеп  тексере  келген  Ресей  Мемлекеттік  дума 
депутаттарының биік мінбесінен айтқан пікірлері де нақтылай түседі. 
1916  жылы  қыркүйек  айының  ортасында  Мемлекеттік  думаға  түсірілген 
депутаттық  сауалға  сәйкес  патша  жарлығын  орындау  барысында  жіберілген 
заңсыздықтарды,  кӛтеріліске  байланысты  туындаған  оқиғалармен  болған 
жерінде  танысу  үшін  Дума  мүшелері  А.Ф.Керенский  мен  Қ.Тевкелев, 
мұсылман фракциясының бюро мүшесі Ш.Мұхаммедияров, бюроның хатшысы 
М.Шоқай  Түркістан  ӛлкесіне  келіп  жергілікті  жерде  кӛтерілістің  шығу 
себептерімен, оның салдарымен жан-жақты танысып қайтады [126]. 
Тӛртінші  шақырылымдағы  Ресей  Мемлекеттік  думасының  5  сессиясының 
16  отырысының 
1916 
жылғы 
13-15 
желтоқсанында  ӛткен  жабық  мәжілісінде 
Түркістан 
ӛлкесінде  болған  кӛтеріліс  мәселелерін  талқыға 
салады.  Дума 
м
әжілісінде  бұл  мәселе 
бойынша  депутаттар  А.Ф.Керенский,  Джафаров,  князь 
Мансыров  т.б., 
баяндамалар  жасады.  Депутаттар  1916  жылғы  25  маусым 
жарлығының  заңсыз  екендігін,  сол  кездегі  ресей  заңдарының  патша  ӛкіметі 
тарапынан  ӛрескел  бұзылғандығын      атап  айтып,  отаршыл  жүйенің  жергілікті 
халыққа кӛрсеткен озбырлықтарын ашық баяндады.
  
Мұсылман фракциясының атынан сӛйлеген депутат Джафаров: «...позволю 
себе от имени мусульманской фракции изложить наш взгляд на эти события и 
указать  попутно  на  те  причины,  на  те  обстоятельства,  которые  вызвали  эти 
события. Высочайшее повеление, опубликованное 6 июля открыло целую эру в 
жизни  инородческого  населения  восточных  окраин  России  -  Кавказа, 
Туркестана,  Сибири  и  Степных  областей.  В  процесс  великой  мировой  войны 
оказались  втянуты  непосредственно  сотни,  тысяч  инородческого  населения, 
живущего  до  сей  поры  особым  экономическим  укладом,  занимающего  и 

 
 
46 
общегосударственном  строе  особое  положение  граждан,  ограниченных  в 
правах. Казалось, это должно было заставить правительство отнестись к этому 
акту  поголовного  призыва  инородцев  с  особой  осторожностью  и 
вдумчивостью.  Однако,  в  действительности  мы  видим  обратное:  призыв 
инородцев  состоялся  в  порядке,  нарушающем  Основные  Законы  Империи  и 
воплощен  был  в  жизнь  и  форме,  вызвавшей  ничем  не  оправдываемые 
потрясения  хозяйственной  жизни  инородческого  населения.  Незакономерные 
действия  агентов  высшей  власти  сорпровождались  безграничным  произволом 
местных  властей.  Незакономерность  как  самого  акта  издания  повеления  о 
призыве  инородцев,  так  и  незакономерность  проведения  этого  акта  в  жизнь  - 
прямой результат выработанной веками и традициями инородческой политики, 
политики  игнорирования  как  мнения  самого  населении,  так  и  его  жизненных 
интересов.»-деп,  бұратаналарды  алу  туралы  жарлықтың  заңсыздығын,  мұндай 
жарлықтың  іске  асырылуы,  жергілікті  халықтың  пікірімен  және  олардың 
ӛмірлік  мүдделерімен  санаспаудың  ӛзі  империяның  бұратаналарға  қатысты 
ғасырлар  бойғы  және  дәстүрлі  саясатының  тікелей  нәтижесі  екендігін  атап 
кӛрсетеді [127].   
Князь  Мансыров  кӛтерілістің  шығу  себептеріне  тоқталып,  ӛлкенің  бір 
кездері  ӛлкенің  жағдайы  жақсы  болғандығын,  ал  орыс  ӛкіметі  үстемдік 
құрғанға  тұста  жағдайдың  нашарлап  кеткендігін:  «...
Итак,  первое  впечатление 
было  то,  что  за  много  веков  до  присоединения  края  к  России  этот  край  уже 
обладал 
большими 
и 
прекрасно 
оборудованными 
ирригационными 
сооружениями,  которые  оказались  заброшенными  при  господстве  русского 
правительства. Край, когда-то бывший житницей Средней Азии, край, когда-то 
производивший  громадное  количество  хлеба  и  всяких  других  продуктов 
земледельческих,  оказался  заброшенным  и  вымершим;»-деп  кӛрсетіп,  отарлық 
жүйенің ӛлкеде жасаған келеңсіз әрекеттерін «...Когда я туда приехал, через 30 
лет слишком после присоединения края к России, то я на месте чиновничества 
тамошнего застал касту, касту отдаленную как от русского чиновничества, так 
и от местного населения и даже от пришлых чиновников, командируемых туда 
со  специальными  какими-либо  поручениями,  касту  замкнутую  в  самой  себе, 
самодовлеющую и самодовольную, которая смотрела на себя как на настоящих 
и единственных хозяев в крае, перед коими край должен трепетать и воздавать 
почести и мзду. Взяточничество развито было до архи-возможных пределов, и 
под  всяким  благовидным  или  неблаговидным  предлогом,  натурой  или 
деньгами, оно всюду и везде практиковалось, как необходимое подспорье к по-
лучаемому  содержанию  и  зачастую  превышая  его.  Поборы  производились  по 
всякому поводу всякого административного исправления обязанностей. Наряду 
с  этим,  признаком  хорошего  административного  тона  считалось  постоянное 
крайнее  отчуждение  от  местного  населения,  выражение  всяческого  ему 
презрения  и  недоверия,  взгляд  на  туземное  население  как  на  низшую  расу,  не 
способную ни мыслить, ни чувствовать...»-әшкерелеп кӛрсетеді [128]. 
А.Ф.Керенский  Түркістан 
ӛлкесінде  1916 
жылғы  кӛтерілістің  шығуына 
негіз қалаған ӛлкеде жүргізілген отарлық саястттың салдары екенін, ең негізгісі 

 
 
47 
шиеленіскен  жер  мәселесінде  жатқанын,  сонымен  қатар  отарлық  биліктің 
жергілікті билікке қатысты ұстанымының дұрыс еместігі, т.б., мәселеріді айтып 
1916  жылдың  ойранын 
ұйымдастырған  да  және  болған  бүкіл  жағдайға  кінәлі 
орыс  билігі  екенін,  ар-ожданында
  кінәсіз 
ондаған  мыңдаған  адамдардың  ӛлімі 
бар  қылмыскерлердің  жауапқа  тартылуы  қажет  айтып:  «Мы  должны,  сказать, 
что  вся  вина  за  события  падает  исключительно  на  русскую  власть, 
совершившую не допустимое, невероятное беззаконие. Мы должны сказать, что 
кроме  возмездия,  которое  должны  понести  преступники,  на  совести  которых 
десятки  тысяч  невинно  убитых,  мы  должны  еще  немедленно  потребовать  и 
поставить на очередь проведение новых форм управления Туркестана и других 
наших  окраин»-деп  тұжырымдап,  отарлық  жүйені  ӛзгертіп  Түркістан  ӛлкесі 
мен  империяның  басқада  шет  аймақтарында    жергілікті  халықтың  мүддесімен 
санасатын жаңа басқару жүйесін енгізу қажеттігін ұсынады [129]. 
Депутаттардың жасаған 
бұл 
мәлімдемелері  Түркістан  ӛлкесіндегі отарлық 
билік 
жүйесінің  терең 
дағдарысқа 
ұшырағандығын  Мемлекеттік  дума 
мінбесінен 
ашық мойындауы
 
болатын. 
Осылайша,  тек  Түркістан  ӛлкесінде  ғана  емес  жалпы  Ресей 
империясындағы 
саяси биліктің дағдарысы 
1917 жылға 
қарай ӛзінің 
шарықтау 
шегіне  жетіп,  күйреу  қарсаңында  тұрды.  Ал,  1917 
жылы 
Ақпан 
революциясының  нәтижесінде  патша  ӛкіметінің  құлауын 
қазақ  пен  қырғыз 
қоғамы  қуанышпен 
қарсы 
алды.  Қазақ-қырғыз  елін  тәуелділікке 
ұстаған 
отаршыл  жүйенің  тарих  сахнасынан  ығысуы  ұлттың  кӛзі  ашық  азаматтары 
мемлекеттік бостандыкқа қол жеткізетін сәт ретінде қабылдады.  
Жоғарыда  айтылған  пікірлерге  сүйене  отырып  қазақ  және  қырғыз 
халықтарының    1916  жылы  ұлт-азаттық  кӛтеріліске  шығуының  алғышартын 
отаршыл  жүйе  ӛзі  қалыптастырып  кӛтерілістің  негізгі  «ұйымдастырушысы» 
болды деген ой түйеміз. 
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет