Тілеубаев шамек баянҧЛЫ



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата03.05.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 
 
 
 
 
ӘОЖ 94 (574+575) «1916»                                                Қолжазба  құқығында 
 
 
 
 
 
 
ТІЛЕУБАЕВ ШАМЕК БАЯНҦЛЫ 
 
 
 
 
Жетісу облысындағы қазақ және қырғыз халықтарының  
1916 жылғы ҧлт-азаттық кӛтерілісі 
 
 
07.00.02 – отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) 
 
 
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми  
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация 
 
 
 
 
 
 
                                                                                       Ғылыми  жетекші  
                                                                                                    тарих ғылымдарының  
                                                                                                    докторы, профессор                        
                                                                                                    Қойгелдиев М.Қ.                                                                           
 
 
 
 
 
 
 
 
Қазақстан Республикасы 
Алматы, 2010 

 
 

МАЗМҦНЫ 
 
 
ҚЫСҚАРТУЛАР  .............................................................................. 

 
КІРІСПЕ   ........................................................................................... 

 
 
 

КӚТЕРІЛІСТІҢ  АЛҒЫШАРТТАРЫ.  ТАРИХИ  ДЕРЕКТЕР 
КӚТЕРІЛІСТІҢ  ШЫҒУЫ  ЖӘНЕ  ҦЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 
ЖӚНІНДЕ....................................................................................... 
 
 
21 
1.1  Жаңа  тарихи  деректер  кӛтерілістің  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
және мәдени-рухани алғы шарттары жӛнінде......... 
 
21 
1.2  Отаршыл жүйе кӛтерілістің ұйымдастырушы………......................... 
40 
 
 
 

ЖЕТІСУ  ОБЛЫСЫНДАҒЫ  КӚТЕРІЛІСТІҢ  БАСТАЛУЫ 
ЖӘНЕ БАРЫСЫ.......................................................................... 
 
48 
2.1  Жетісу уездеріндегі кӛтерілістердің басталуы және барысы ............. 
48 
2.2  Жетісулық зиялылардың кӛтеріліс тұсындағы қызметі....................... 
62 
 
 
 

ОТАРШЫЛ 
ЖҤЙЕНІҢ 
КӚТЕРІЛІСШІЛЕРДІ 
РЕПРЕССИЯЛАУ 
ШАРАЛАРЫ. 
КӚТЕРІЛІСШІ 
ХАЛЫҚТАРДЫҢ  БОСҚЫНШЫЛЫҚҚА  ҦШЫРАУЫ  ЖӘНЕ 
ОЛАРДЫҢ ТАҒДЫРЫ................................................................. 
 
 
 
81 
3.1  Оккупациялық  режим  мен  қоныс  аударушылардың  кӛтерілісті  басу 
шаралары……………………………........................................................... 
 
81 
3.2  Кӛтерілісші 
халықты 
тарихи 
атамекендерінен 
кӛшіру 
шаралары....................................................................................................... 
 
87 
3.3  Кӛтерілісшілердің  Қытай  жеріне  асуы  және  оларды  тарихи  Отанына 
қайтару шаралары............................................................................... 
 
99 
 
 
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................... 
113 
 
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ................................... 
115 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

ҚЫСҚАРТУЛАР 
 
ҚР ПМ – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты 
ҚР ОММ – Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты 
ҚР  ҰҚКМ  –  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетінің 
мұрағаты 
ӚР ОММ – Ӛзбекстан Республикасы Орталық  мемлекеттік мұрағаты 
РМ ӘТМ – Ресей мемлекеттік Әскери тарих мұрағаты  
РФ ММ – Ресей Федерациясының мемлекеттік мұрағаты 
РМӘСТМ – Ресей мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих мұрағаты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 

 
КІРІСПЕ 
 
Жҧмыстың жалпы сипаттамасы.  
Зерттеу    жұмысында  Түркістан  генерал-губернаторлығы  Жетісу  облысы 
құрамындағы  ортақ  тағдырлы  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  1916  жылғы 
ұлт-азаттық  кӛтерілісінің  тарихы  талданып,  олардың  кӛтеріліске  шығу 
себептері  мен  барысы,  билік  жүйесінің  бұл  оқиғаға  байланысты  ұстанымы, 
кӛтерілістің  басып-жаншылуы,  босқыншылыққа  ұшыраған  халықтың  жағдайы 
және Отанына қайтып оралғаннан кейінгі тағдыры талдауға алынады. 
Зерттеу жҧмысының ӛзектілігі.  
Еліміз ғасырлар бойы аңсаған мемлекеттік егемендігін алған уақыттан бері 
оны 
нығайту 
жолында маңызды мәселелерді шешіп, күрделі ӛзгерістерді бастан 
ӛткеруде.  Осындай  жағдайларда  ӛткен  тарихымыздың  күрделі  кезеңдерінен 
сабақ  алып  осы  заманның  проблемаларын  шешудің  жолы  қарастырылуда. 
Қоғамда  ақиқаты  айтылып  әділ  бағасы  берілетін  тарихқа  деген  қызығушылық 
арта  түсуде.  Осы  тұста  еліміздің  жүріп  ӛткен  тарихи  жолын  объективті, 
идеологиялық  конъюктурадан  тыс  кӛрінісін  жасау  тарихи  жадымызды  қайта 
қалпына  келтірудің  негізі,  ұлттық  сананы  қалыптастырудың,  ӛскелең  ұрпақты 
отаншылдық рухта тәрбиелеудің аса маңызды факторларының бірі. Сондықтан 
да  отандық  тарих  ғылымының  қазіргі  кезеңдегі  міндеті  кезінде  идеологиялық 
шектеулер  сәйкес  біржақты  баяндалған  тарихи  оқиғалар  мен  құбылыстарды 
тың  деректік  материалдар  негізінде  ұлттық мүдде  тұрғысынан  қайта  зерделеу. 
Бұл 
ретте
 
ұлт-азаттық қозғалыстарды талдауға алып, одан тиесілі тұжырымдар 
жасаудың  теориялық  және  практикалық  маңызы  зор.  Оның  ішінде  ұлттық 
бостандық  пен  тәуелсіздік  жолындағы  күрестерінің  бір  белесі  саналатын  1916 
жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілістің  мәселелерін  де  объективті  тұрғыдан  зерттеу 
назардан тыс қалмағаны абзал.  
Кеңестік  кезеңдегі  зерттеулерде  кӛтерілістің  жергілікті  ерекшеліктері 
толық  ескерілмеді,  сипатын,  жетекшілері  мен  ұлттық  қайраткерлердің 
қызметін,  ұлтаралық  қайшылықтарды  түсіндіруде  таптық,  интернациоланизм 
принциптері  тұрғысынан  біржақты  бағалауға  жол  беріліп,  оқиғалардың  нақты 
кӛрінісі күңгірттеу қалып отырды.  
Тәуелсіздік жылдары елімізде ұлт-азаттық қозғалыстарға қатысты бірқатар 
тың  еңбектер  жарияланғаны  белгілі.  Дегенменде,  Түркістан  ӛлкесіне  қарасты 
Жетісу  облысындағы  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  1916  жылғы  ұлт-
азаттық кӛтерілісі тұтас күйінде қарастырыла қойған жоқ. Оның шығуына негіз 
болған  мәселелер,  отарлық  әкімшіліктің  кӛтерілісшілерге  қарсы  қолданған 
репрессиялық  шаралары,  шиеленіскен  ұлтаралық  қатынас,  босқыншылыққа 
ұшыраған  халықтың  тарихи  тағдыры,  осы  тарихи  кезеңдегі  қазақ-қырғыз 
қайраткерлерінің  қызметі   сияқты  т.б.  аспектілер  әліде  зерттеуге  мұқтаж.  Осы 
тұрғыдан біздің зерттеу тақырыбымыз ӛзекті мәселеге арналғанын байқатады.  
Академик  М.  Қозыбаев  аталған  мәселені  ескі  ұлы  державалық  мүдде 
тұрғысынан емес, ұлттық ерекшеліктер мен ұлттық мүддеге, жалпы адамзаттық 

 
 

қасиеттерге  негізделген  жаңа  әдістемелік  және  теориялық  деңгейде  зерттеу 
қажеттігін атап кӛрсетеді [1].  
Осылай қарағанда аталған  кӛтерілісті зерттеу оның алғышарттарын, орын 
алған  ұлтаралық  қақтығыс  мәселелерін,  отарлық  әкімшіліктің  ұстанымын, 
тағдыры  ортақ  қазақ  пен  қырғыздың  жағдайын,  сол  тұстағы  ұлттық  саяси 
қайраткерлердің  ел  мүддесін  қорғаудағы  қызметін  терең  түсінуге  септігін 
тигізбек.  Ұлттық    тарихымызды    оқып-үйренудің  аясын  кеңейтуде  ӛзектілігі 
арта  түседі.  Сондықтан  оны  жүйелі  түрде  осындай  бағытта  зерттеу  бүгінгі  
таңда  отандық тарих ғылымының сұраныстарына сай келеді деген ойдамыз.  
Осы  тұрғыдан  қарастырғанда  Жетісудағы  1916    жылғы  ұлт-азаттық 
кӛтерілістің тарихын  қайта зерделеу арқылы қорыта отырып сұраныстарға сай 
әділ бағасын беру қажеттілігі туындайды.   
Тақырыптың зерттелу деңгейі. 
Жалпы алғанда, 1916   жылғы  Орта   Азия  мен  Қазақстандағы   кӛтеріліс  
мәселесінің   түрлі  кӛзқарастар  мен   пікірлер   тӛңірегінде  жазылған біршама  
тарихнамасы  бар.  
Мәселеге  қатысты  осы  уақытқа  дейін  жарық  кӛрген  тарихи  әдебиеттерді 
тарихнамалық  шолуда  кезеңдері  мен  ерекшеліктеріне  қарай  жүйелеп  беруге 
тырыстық. 
Кӛтеріліс  туралы  пікірлерді  кезінде  отарлаушы    жүйенің    чиновниктері  
ресми  құжаттарында,  рапорттарында,  есептері  мен   жазбаларында  баяндай 
бастаған.    Олар    1916    жылғы    оқиғаларды    ӛздерінің    отарлық    саясаты  
негізінде    кездейсоқ    болған    құбылыс    дейді.    Сонымен    бірге,    олардың 
пікірінше  1916  жылғы   кӛтеріліс  Ресейге  жау   кейбір  шет  мемлекеттердің  
жансыздарының, «түрік және герман тыңшыларының»   арандатушылығы  деп 
кӛрсеткен.  Жетісудағы Нарын бӛлімшесінің бастығы И.Д. Колосовский Жетісу  
облысының    әскери    губернаторына  жазған  мәлімдемесінде    «бұл    кӛтеріліс  
кӛрші  мемлекеттермен  тығыз  байланыс  жасап  отырған  ірі  бай-манаптардың  
іс-әрекеттерінің    салдарынан,    сырт    күштердің    ықпалынан    болған»-  деп  
топшылайды  [2].  Түркістан    генерал-губернаторы    Куропаткин    1916    жылғы  
оқиғаларды «үлкен  қайғы» -деп  атайды [3].  Патша  чиновниктері   ӛздерінің 
ӛлкеде  іске  асырған  саясатының  салдарынан  негізі  қаланған  кӛтерілістің  
тереңде    жатқан    саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  рухани        тамырын    жоққа  
шығарып,  Ресей империясының отарлық  саясатын   ақтауға  тырысады.  
1916  кӛтерілістің  мәселелерін  ұлт  зиялылары  алғашқылардың  бірі  болып 
қарастыра  бастаған.  «Қазақ»  газетіне  топтасқан  зиялылардың  бастамасымен 
1916  ж.  7  тамызда  Орынборда  Ақмола,  Жетісу,  Семей,  Орал  және  Торғай 
облысы  қазақтары  ӛкілдерінің  25  маусымдағы  патша  жарлығына  байланысты 
туындаған  мәселелерді  талқылаған  кеңесі  ӛткізілді.  Кеңес  Ә.  Бӛкейхановтың 
тӛрағалығымен, М, Дулатов және О. Алмасовтың хатшылығымен ӛтті. Кеңеске 
қатысушылыр  патша  жарлығының  алдын-ала  жарияланбай,  тосыннан 
берілгенін,  оған  халықтың  дайын  еместігін,  жергілікті  әкімдердің  қиянатын 
атап  кӛрсетті.  Кеңеске  қатысушылар  қалыптасқан  жағдайды  талқылай  келе 
Ресей үкіметіне 17 тармаққа негізделген талап-тілектерін ұсынды [4].
 
 

 
 

Ал негізінен 1916  жылғы  кӛтерілістің тарихын кең түрде қарастыру, оның 
шығу  себептері  мен  салдарын,  сипатын,  т.б.,  мәселелерін  ғылыми  тұрғыдан  
зерттеу  1920 – 30 жылдары белсенді жүргізілді.  Осы кезеңде бұл  тақырыпқа  
байланысты бірқатар  еңбектер  жарық  кӛрді.  Т. Рысқұлов: «Бұл қатыгездікпен 
басып-жанышталған  жүздеген  және  мыңдаған  қаналған  халық  бұқарасының 
отарлық қанауға қарсы кӛтерілісі» деп оның шығу себептері мен салдарларына, 
сипаты на тоқтала отырып салмақты ой   айтады [5].   
А. Миклашевскийдің  1924  жылы  «Былое»  журналында  жарық  кӛрген  
«Социальное    движение    1916  года    в    Туркестане»    деген    кӛлемді  
мақаласында  «1916  жылғы  кӛтеріліс  сипаты  жағынан  ұлттық  күрес  түрінде  
патша  әкімшілігіне  қарсы» бағытталған  деген  қисынды  пікір  білдіреді [6]. 
 
Г.И.Бройдо    ӛзінің    «Материалы    к    истории    восстания    киргиз    в    1916  
году»    атты    еңбегінде  «...кӛтеріліс    жоғарғы    патша    әкімшілігінің  
арандатуымен    қырғыздарды    жойып,  жерін    тазарту    арқылы    үкіметтің  
отарлауын  одан  ары  жалғастыру  үшін  жасалған  әрекет...» - деп бағалайды 
[7].  Ф.Божко    ӛзінің    «Восстание    1916    года    в    бывший    Туркестане»    деген  
шағын    еңбегінде    «Қырғыздар    мен    түркімендердің    бай-манаптары,    ру  
кӛсемдері,  кедейлердің  ықпалымен  халық  арасына  ӛздерінің  беделін  кӛтеру  
үшін    кӛтеріліске    басшылық    жасады»-деген    пікір    айтады  [8].    Бірақ    ол  
кӛтеріліске    халықтың    мүлік    жағдайына    қарамай    шыққанын,    мұндай  
азаттық    күреске    халықтың    әлеуметтік  жіктеліске  қарамастан  мүдделі  
болғанын  ескермейді. 
Онымен    салыстырғанда    Чеканинскийдің    1926    жылы    жарық    кӛрген  
1916    жылғы    Жетісудағы    кӛтеріліске    байланысты    еңбегінің    маңызы    зор.  
Чеканинский    кӛтерілістің    шығуы    себептеріне,    сипатына,    салдарына    жан-
жақты    ашып  кӛрсетіп,    онда    кӛтерілістің    әлеуметтік  экономикалық,    саяси,  
рухани  мәселелеріне  мүмкіндігінше  тоқталуға  тырысқанын  байқатады [9].  
Сондай-ақ,  А.В.  Шестаков  пен  Ә.  Бӛкейхановтың  «1916  жылғы 
кӛтерілістің он жылдығына (1916 – 1926)» атты мақаласында атты мақаласында 
кӛтерілістің ӛзегінде жер мәселесі  жатқанын сипаттай келе:  «...Ресейде жердің 
бәрі байлардың, алпауыттардың қолында болған. Жерсіз мұжық алпауыттардың 
қолындағы  жерді  тартып  алмақ  болып  неше  қабат  бас  кӛтерген.  Алпауыттың 
ӛзін  айдап,  ӛлтіріп,  жерін  тартып  алып,  отарын  жағып  жібере  бастаған.  Міне, 
осы  қауіп-қатерден  байларды,  алпауыттарды  сақтап  алып  қалмақшы  болған, 
патша  ӛкіметі  ішкі  Ресейдегі  мұжықты  қазақ-қырғыз  жеріне  қойдай  айдаған... 
Бұл  сықылды  қозғалысты  қорлықтағы  ӛзге  жұрттар  құлағына  сырға  қылып 
таққаны  оң  болды.  Жер  үстінде  бай  мен  жарлы  табының  тартысы  күн  санап 
ӛрттей  дулап  келеді.  Ӛрт  қиырға  жайылып  барады.  1916-шы  жылғы  қазақ-
қырғыздың  кӛтерілісі  осындай  ӛрттің  тамызғысы  болып  шығады.  Алыспаған, 
жұлыспаған  бостандық  атына  мінбейді,  бұғаудан  босамайды  ер  құлдықтан, 
әйелі  күңдіктен  шықпайды,  малына  да,  басына  да  ие  болмайды!»  -  деп 
кӛрсетеді [10]. Алаш зиялылырының бірі М. Дулатов «Еңбекші қазақ» газетінде 
кӛтерілістің  он  жылдығына  орай  жазған  мақаласында  қазақ  даласындағы  1916 
жылдың  мәселелеріне  тоқтала  келіп:  «..."Сайланған  сары  әскер"  қарсылық 

 
 

қылған елдерге лек-легімен аттанып, қазақ-қырғыз даласын қызыл қанға бояуға 
кірісіп  еді.  Он  айға  жетпей  патша  ӛкіметі  құламаса,  Ресейдегі  ұлы  тӛңкеріс 
болмаса, не болар еді?!» - деп жазады [11].  
Қ.  Сарымолдаев:  «қазақтардың  жерден  ығыстырылуы,  су  пайдаланудағы 
келеңсіз  құбылыстар,  кӛш  жолдарының  бұзылуы  т.б.  әр  қазақтың 
шаруашылығына  әсер  етіп,  оларды  бұл  қанаудан  құтылуға  ойландырып 
кӛтерілістің шығуына алып келді» деген орынды ой айтады [12]. 
 
Т.  Жүргенов  1926  жылы  «Еңбекші  қазақ»  газетінде    жариялаған  «1916 
жылғы  қазақ  кӛтерілісінде  қала  мен  ауыл  арасындағы        наразылық»  атты  
мақаласында:  «...1916  жылғы  қазақ  кӛтерілісі  –  ұлт  /бӛлек  ел/  кӛтерілісі  еді. 
Ӛйткені жоғарыда айтылған наразылықты тудырған үкімет озбырлығы, капитал 
құлдығы бүкіл қазақ еліне батты, бүкіл қазақ елі  зорлық кӛрді.»  - деп орынды 
атап кӛрсетеді [13].
  
 
А.В.Шестаков    1916    жылғы    оқиғаларға    байланысты  «Кейбір  
жағдайларда    кӛтерілісті    манаптардың,    хандардың    басқаруы    феодалдық-
рулық  қатынастың  күні  ӛткендіктен  қозғалысты  артқа  тартты» деп таптық 
тұрғыдан  баға  беруге  тырысады  [14].  Оның  айтқан  ойымен  келісе  беруге 
болмас,  кӛтеріліске  шыққан  халықтың  ауқатты  топ  ӛкілдері  де,  қарапайым 
шаруалары да отарлық қанаудан құтылуға мүдделілік танытқан болатын.   
1920-шы  және  30-шы    жылдардың    басындағы  зерттеу  еңбектерде  16 
жылғы  кӛтерілісті  ұлтаралық  қақтығыс  ретінде  қарастыру  байқалды.  Мәселен, 
1916  жылғы  кӛтеріліс  тарихынан  құнды  еңбектер  жазып  қалдырған  қайраткер 
Т.  Рысқұлов:  «...16  жылғы  оқиғалар  кей  жерлерде  шиеленіскен  сипат  алып, 
жергілікті  халықтың  ашу-ызасы  оқиғаға  кінәлілерге  ғана  емес,  ӛлкеге 
қоныстандырылған  шаруа  бұқарасына  да  қарсы  бағытталды»-деп  кӛрсетеді 
[15].  Қырғыз  халқының  қайраткері  Ж.  Абдрахманов  мақаласында  «кӛтеріліс 
орыстарға қарсы бағытталды» деген пікір айтты [16].  
Мұндай  тұжырым  ресми  идеологияға  ұнай  қойған  жоқ.  Сондықтан-да, 
мұндай  «ұшқары»  пікірлерді  шектеу  мақсатында  1931  жылы  БК(б)П-ның 
Ортаазия  Бюросы  мен  Революцияның  Орта  Азиялық  ғылыми  зерттеу 
институтының  насихат  бӛлімінің  даярлауымен  Орта  Азиядағы  1916  жылғы 
кӛтерілістің тарихын қай бағытта  жазу керектігі айқындалған тезистері жарық 
кӛрді.  Онда:  «Успехи  социалистического  строительства  республик  Средней 
Азии  были  завоеваны  в  результате  многолетней,  упорной  революционной 
борьбы трудящихся масс – с империалистами, феодалами, местной буржуазией, 
байством,  кулачеством,  под  руководством  и  поддержке  российского 
пролетариата.  Восстание  1916  г.  было  важнейшим  этапом  на  этом  пути.»-деп 
кӛрсетіліп,  кӛтерілістің  алғышарттары,  сипаты  мен  қозғаушы  күштерін 
баяндаудың «басым бағыттары» анықталды [17].  
Осы  тұста  1931  жылы  кӛтерілістің  15  жылдығына  орай  Қазақстанда 
Голощекин  атындағы  Комвузда  ӛткен  пікірталас  ӛтті.  Ол  пікірталас  ӛзінің 
қарама-қайшылықты, күрделі ерекшеліктерімен сипатталады. Онда кӛтерілістің 
шығу  себептері,  сипаты,  маңызына,  зиялылардың  ролі  мен  қызметі  т.б., 
мәселелерге  қатысты  С.  Меңдешев,  И.  Қабылов,  І.  Құрамысов,  Ж.  Арыстанов, 

 
 

Тәжібаев,  Д.  Смирнов,  Савинский,  Слесарев,  Павлов,  т.б.,баяндамалар  жасап, 
қызу  талас  болады.  Біздің  қолымызға  осы  пікірталастың  ҚР  Президенті 
мұрағатының  қорында  сақталған  20,  24  тамыздағы  және  7  қазандағы 
стенограммалық нұсқасы түсті және ол алғаш рет ғылыми айналымға тартылып 
отыр. 
Бұл  пікірталаста  негізгі  баяндаманы  С.  Меңдешев,  қосымша  баяндаманы 
И.  Қабылов  жасайды.  С.  Меңдешев  баяндамасында  қара  жұмысқа 
алынғандардың  кейінгі  тағдыры  белгісіз,  олар  туралы  деректер  тапшы 
екендігін, сонымен қатар жергілікті материалдардың зерттелмей жатқанын айта 
келіп  кӛтерілістің  сипатына  тоқталып  былай  дейді:  «Поэтому  восстание 
казахского  населения  в  1916  году  необходимо  отнести  к  движению 
национально-освободительному 
от 
колониальной 
политики 
царской 
империалистической  России.  С  этой  точки  зрения  это  восстание  следует 
считать составной частью назревавшей в России революции.                                                                                                                   
При  оценке  событий  1916  года  имеет  место  оценка  велико-державно-
шовинистических  элементов  и  элементов  националистических.  Шовинисты 
оценивают восстание 1916 года как  восстание несознательной казахской массы 
против своих обидчиков, местных верхушечных элементов, которое для общей 
революционной  борьбы  никакого  значения  не  имеет.  Такова  оценка 
шовинистов. Местные националисты  наоборот – они даже противопоставляют 
восстание  1916  года  пролетарской  революции,  говоря,  что  пролетарская 
революция  никаких  освободительных  целей,  никаких  целей  освобождения 
национальностей не имела, а 1916 год – это было исключительно национально-
освободительное движение. Такова оценка этих уклонистов. Неправильно и то, 
и другое. Это нужно окончательно отвергнуть и сегодня, в дискуссии  по этому 
поводу  товарищи  должны  высказаться.  Я  думаю,  что  такие  оценки  ничего 
общего не имеют с большевистской оценкой событий 1916 года. Я уже сказал, 
как надо рассматривать события 1916 года. Это национально-освободительное 
движение  –  это  составная  часть  назревавшей    революции.  Это  восстание 
возникло в период кризиса империалистической России» [18].
 
 
Қосымша баяндамашы Қазақстанда большевизмді насихаттаушы марксшіл 
жастардың  бірі  И.  Қабылов  кӛтерілістің  сипатына  байланысты:  «Восстание 
1916  года,  в  свою  очередь,  являлось  подготовкой  Октября  в  Казахстане.... 
Восстание  1916  года  было  генеральной  репетицией  на  этом  пути  к  победе.  В 
1916 году впервые за всю историю национально-освободительного движения в 
Казахстане поднялись широкие трудящиеся массы против российского царизма 
и  империализма  и  их  системы  угнетения  и  местной  предательской 
средневековой,  до  средневековой  знати,  байства  и  их  идеологов  –  алаш-орды. 
Восстание  1916  года  не  увенчалось  успехом,  но  подготовило  победоносный 
казахстанский    октябрь  и  переход  трудящихся    казахов  на  путь 
социалистического  развития,  минуя  мучительную  стадию  капитализма»-  деп 
кӛрсетеді [19].
 
 
Пікірталасқа қатысқандардың бірі Ж. Арыстанов: «Поэтому я считаю, что 
восстание  1916  года,  во-первых,  восстанием  национально-освободительным, 

 
 

во-вторых,  оно  было  восстанием,  направленным  против  остатков  до 
средневековья  и  средневековья  в  самом  крае,  -  следовательно,  оно  было 
буржуазно-демократическим,  в-третьих,  поскольку  оно  содержало  внутреннее 
классовое  противоречие,  это  было  движением,  перерастающим  из  буржуазно-
демократической революции в пролетарскую.» -деген пікір айтады [20].  
Бұл  баяндамашылардың  да,  олардан  кейін  жарыссӛзге  қатысқан 
басқалардың    пікірлерінен  де  ұлт-азаттық  кӛтерілістің  сипатын,  алаш 
зиялылары мен кӛтеріліске жетекшілік жасаған ауқатты топ ӛкілдерін біржақты 
бағалауға  басымдық  берілуі  сол  кезеңдегі  үстемдік  ала  бастаған  кеңестік 
идеологияның  тар  таптық    ұстанымын  байқау  қиын  емес.  «Капитализмді 
айналып  ӛтіп,  социалистік  даму  жолына»  қалай  түскенімізді  кейінгі  тарих 
кӛрсетіп бергені белгілі... Олардың айтқан мұндай біржақты пікірлерінің дұрыс 
еместігін  тәуелсіздік  жылдары  жарық  кӛрген  жаңа  кӛзқарастағы  зерттеулер 
айқын кӛрсетіп отыр. Қазақ және қырғыз халықтарының 1916 жылғы кӛтерілісі 
1917 жылы большевиктердің жасаған Қазан тӛңкерісіне еш қатысы жоқ еді. Бұл 
кӛтеріліс  Ресей  империясының  ӛлкеде  жүргізген  отаршылдық  саясатының 
салдарынан  әбден  қаналып,  езілген  елдің  ішінен  буырқанып  қайнап  шыққан, 
алғышарттары пісіп-жетілген, орыс отаршылдығына қарсы бағытталған ұлттың 
азаттығы жолындағы кӛтерілісі болатын. 
Пікірталасқа  қатысқан  Слесарев  болса  кӛтерілістің  кейбір  аймақтық 
ерекшеліктеріне  тоқтала  келіп,  Жетісудағы  кӛтеріліске  қатысты:  «Если  взять 
вторую сторону оценки восстания, то  характер  восстания в отдельных местах, 
хотя  он  и  носил  националистический  характер,  имеет  известную  разницу.  В 
Тургайской  области,  где  имели  места  репрессии  со  стороны  правительства, 
восстание шло против представителей царской власти. Там, где царская власть 
действовала при помощи крестьян колонизаторов, - это восстание выражалось в 
форме противодействия  против самого крестьянства, и эта форма была ужасна. 
Из донесения Куропаткина видно, что  была беспощадная резня как с той, 
так и с другой стороны. 
Интересен  сам  факт,  если  со  стороны  русского  населения  в  Семиречье 
погибло около 3 тысяч человек, то со стороны казахского населения погибло 30 
тысяч  человек.  Если  посмотреть  во  что  это  вылилось  по  разным  участкам,  то 
количество  кибиток,  которые  или  просто  ушли,  или  пропали  без  вести, 
достигало 150  тысяч. Таким  образом, результаты восстания  в этой  части были 
ужасны  для  казахов,  еще  и  тем,  что  та  часть  казахов  которая  направилось  в 
Китай,  была  встречена  и  ограблена  калмыками  и  выгнана  обратно.  Это  было 
ужасное  истребление,  напоминавшее  истребление  калмыков.»  -деп  кӛтеріліс 
барысындағы  кӛтерілісші  қазақ-қырғызбен  келіссек  орыстардың  арасында 
ұлтаралық  шиеленістің  орын  алғанына  кӛңіл  бӛліп,  кӛтерілістің  асқан 
қатыгездікпен  басып-жаншылғанын  айтып  оны  «қалмақтардың  жойылып 
кетеуімен»  салыстырып  дұрыс  пікір  білдіріп,  сонымен  қатар  кӛтеріліс 
барысында ӛлкеде ұлтаралық қақтығыстың орын алғаны мойындайды [21]. 
 
Келесі  сӛз  алған  баяндамашы  Павлов:  «Это  звено  одной  все  нараставшей 
волны буржуазно-демократического, национально-освободительного движения, 

 
 
10 
угнетенных  колониальных  и  полуколониальных  народов  Востока.  Это 
движение  усугублялось  еще  и  внутренними  порядками...»  -  деп  1916  жылғы 
қозғалыс  шамамен  1905  жылы  басталған  отарлық  езгіден  қаналған  Шығыс 
халықтарының  ұлт-қозғалысымен  ортақ,  ниеттес  болған,  ішкі  тәртіптермен 
шиеленіскен қозғалыс екендігіне кӛңіл бӛледі [22].  
Одан  кейін  сӛз  алған  Тәжібаев:  «Восстание  1916  года  действительно 
послужило  на  пользу  тому,  что  трудящиеся  осознали  свои  классовые 
интересы...»-деп үстемдік еткен таптық мүдде сарынында сӛйлейді [23].  
1931  жылдың  7  қазанында  болған  пікірталаста  жарыссӛзге  қатысып  1916 
жылғы кӛтерілістің сипаты мен қозғаушы күштері туралы баяндама жасаған Д. 
Смирнов  бастапқы  баяндамашылар  мен  қосымша  сӛйлегендердің  пікірлеріне, 
жалпы кӛтерілістің сипатына тоқтала келе: «Это восстание по-своему характеру 
и  целям  было  национальной          революционной  войной  против  царизма  с  той 
характерной  особенностью,  что  это  была  крестьянская  национальная  война  по 
преимуществу,  при  явно  предательской  роли  национальной  буржуазии  и 
интеллигенции, поступивших на службу русскому империализму. 
2.    Восстание  1916  года  было  одним  из  звеньев  в  цепи  гражданских  и 
национально-освободительных  войн  в  эпоху  империализма  и  пролетарской 
революции.  Следовательно,  как  субъективно,  так  и  объективно  это  движение 
было  глубоко  прогрессивным  и  революционным  по  существу...»  -  деп  1916 
жылғы  кӛтеріліске  «революциялық»  сипат  беріп,  кӛтерілісті  қолдамаған  ұлт 
зиялыларын  таптық  партиялық  ұстаным  тұрғысынан  айыптай  сӛйлейді.  Бұл 
«кӛсемсӛзшінің»  пікірінің  дұрыс  еместігін  бүгінгі  таңдағы  тың  зерттеулер 
кӛрсетіп отыр белгілі  [24].  
Дискуссия материалдарында 16 жылғы  кӛтеріліс ұлтаралық қайшылықтар 
кӛрінісі  емес,  басым  түрде  әлеуметтік-таптық  мүдделер  қақтығысы  ретінде, 
соған сәйкес Октябрь социалистік революциясына қоғамды даярлаушы фактор 
есебінде қарастырылды. 
1930-шы  жылдары  16  жылғы  кӛтерілісті  ұлтаралық  қақтығыс  ретінде 
қарастырған  авторлардан,  әрине  М.  Шоқайды  атаған  жӛн.  Ол    «1916  жылғы 
кӛтерілістер,  «Қоқан  автономиясы»  және  «басмашылар  әрекеттерімен» 
қосылып, орыс тепкісіне қарсы бағытталған ұлттық қозғалыс тарихымыздың ең 
маңызды  құбылыстарының  бірінен  саналады.  ...«16-жылғы  қозғалыс  жалпы 
алғанда ұлттық қозғалыс еді» деп жауап беруге болады. Онда таптық күрестің 
елесі  де  жоқ  еді.»-дей  келіп  «...нағыз  большевиктердің  ӛздері  де  16-жылғы 
кӛтерілісті қанша зерттесе де, Түркістан халқы арасынан таптық күрестің елесін 
де  таба  алмаған  болатын.  …Большевиктік  пердесінің  ар  жағынан  кейде 
түркістандық  рухы  есіп  тұратын  Тұрар  Рысқұлов  қана  емес,  осы  кӛтерілісті 
зерттеген  орыстың  нағыз  большевиктерінің  ӛздеріде  бұл  қозғалыстың  Ресейге 
және  орыстыққа  қарсы  жалпы  халықтық  сипатта  ӛрістегенін  теріске  шығара 
алмаған еді»- деп  кӛрсетеді  [25]. М. Шоқай айтпақшы шыныменде кӛтерілісте 
ешқандайда  таптық  сипат  жоқ  еді,  бұл  кӛтеріліс  отарлық  езгіден  құтылуға 
ұмтылған қазақ пен қырғыз ұлтының азаттық жолындағы арпалысы болатын. 

 
 
11 
Ыстықкӛл  ӛңіріндегі  кӛтеріліске  жетекшілік  жасаған  тұлғалардың  бірі, 
кезінде Белек Солтонаев  «Қызыл қырғыз тарыхы» атты кітабында кӛтерілістің 
себептері  мен  салдарын,  барысын,  босқыншылыққа  ұшыраған  елдің  тағдыры 
туралы құнды пікірлер айтады [26].      
1936 жылы кӛтерілістің 20-жылдығына орай тағы бірқатар еңбектер жарық 
кӛрді.  1936  жылы  С.  Брайнин    мен    Ш.  Шафироның  «Восстание  казахов 
Семиречья  в  1916  году»  шағын    еңбегі  шықты.  Бұл  еңбекте:  «Что  касается 
байства  и  манапства,  то  их  позиции  сразу  же  определились,  как  позиции 
союзников  самодержавия  в  подготовке  и  проведении  мобилизации. 
...Колониальная администрация и их преспешники внутри аула не могли скрыть 
от  масс  того,  что  крепнет  во  всей  стране  революционное  движение, 
руководимое  большевисткой  партией,  ...  сочувственное  отношение  к  ним 
передовых революционных элементов русского населения области.»-деп  орыс 
пролетариаты  мен  большевиктер  партиясының  «жетекшілік»  ролін  баса 
кӛрсетіп,  біз  қарастырып  отырған  1916  жылдың  мәселелерді  баяндауға 
байланысты  кеңестік  тарихнаманың  негізгі  бағыттары  мен  тұжырымдарын, 
кӛтеріліске  жетекшілік  жасаған  ауқатты  топ  ӛкілдері  мен  ұлттық  зиялыларға 
қатысты «ұстанымдарын»  бекітіп берді деуге болады  [27].   
1940 – 1960   жылдары  да  1916  жылғы  кӛтеріліс мәселесі  назардан  тыс  
қалған  жоқ. Орта  Азия  мен  Қазақстандағы  кӛтерілістің  тарихын зерттеуде  
біршама   жұмыстар  істелді.   Олардың қатарына   Б.Сүлейменовтың, О. Кулиев 
пен  А.  Якуниннің,  Т.  Елеуовтың  еңбектерін  арнады.    Бұлардың    барлығы    да  
1916  жылғы  оқиғалардың  зерттелу  шеңберін  кеңейтіп,  ӛзіндік  үлес  қосты  
[28].  
1954    жылы    30  қаңтар    мен    6  ақпан    аралығында    КСРО    Ғылым  
Академиясының    ықпалымен    Орта    Азия    мен    Қазақстан    тарихының    Қазан  
тӛңкерісіне  дейінгі   кезеңге  арналған,  біріккен  ғылыми  сессиясы  ӛтіп, онда  
ұлттық  қозғалыстардың  сипаты мен ерекшеліктері  тӛңірегінде  пікірталастар  
болады.    Бұл    пікірталастарға    белгілі    кеңестік  тарихшылар    А.В.Пясковский   
«1916    жылғы    Орта    Азиядағы    кӛтерілістің    сипаты    туралы»    баяндама  
жасады.    Сондай-ақ    әртүрлі    аймақтардағы    кӛтеріліс    сипатына    байланысты  
Т.Тұрсынов,  А.Г.Зима,    О.К.Кулиев,    С.Н.Покровский  сияқтылар    баяндама  
жасады.  Осы    сессияда    1916    жылғы    кӛтеріліске    «отарлық    езгіге    қарсы  
болған  ұлт-азаттық  қозғалыс»  деп  дұрыс  баға  берді [29].  
1960  –  1980  жылдарда    1916    жылғы    кӛтеріліске    байланысты    бірталай  
еңбектер  шықты.  Атап  айтқанда,  Х.Тұрсыновтың  «Восстание  1916  года  в  
Средней    Азии    и    Казахстане»,    К.Үсенбаевтың    «Восстание  1916    года    в  
Киргизии»,    Б.Сүлейменовтың    және    В.Басиннің    «Восстание    1916    года    в  
Казахстане»  деген    еңбектері.    Аталған    еңбектерде    авторлар    кӛтерілісті 
кеңестік тарихнама шеңберінде тоқталып,  талдауға  әрекет  жасайды [30]. 
 
1986  жылы  Т.Н.  Омурбеков  Жетісудағы  халықтардың  ХХ  ғасырдың 
басындағы  ұлт-азаттық  қозғалыстарға  қатысуы  туралы  кандидаттық 
диссертация қорғап, онда 1916 кӛтерілістің мәселелеріне тоқталады [31].  

 
 
12 
Жоғарыда  аталған  еңбектерде        1916    жылғы    кӛтеріліс    туралы    әртүрлі  
кӛзқараста  пікірлер айтылды.  Олардың  бірі  қисынды  болса,  екіншісі  оған  
қарсы    болды,  дегенменде  олар    мәселені  кеңестік  тарихнама  шеңберінен 
шығармай баяндауға тырысты 
1990  жылдары кӛтеріліс  тарихына туралы  жаңа кӛзқарастағы зерттеулер 
жүргізу    қолға    алынды.    1990  жылы    Қазақ    ССР    Ғылым      Академиясының   
тарих,  археология  және  этнография  институты  «Национальные  движения  в  
условиях    колониализма    (Казахстан,      Средняя    Азия,    Северный    Кавказ)»   
деген  тақырыпта   «дӛңгелек  үстел» ұйымдастырып    ӛткізді.  Онда  да  осы  
1916    жылғы    кӛтеріліс    мәселесі    туралы  К.Г.  Шаймерденова  «Ұлт-азаттық  
кӛтерілістердің    себептеріне»,  А.Г.  Сармурзин      «Об    участии    национальной 
интелегенции  в  национально-освободительном  движении  Казахского  народа  
1916  года»  деген  тақырыптарда  баяндамалар жасады [32].  
Біз 
қарастырып 
отырған 
мәселеге  объективті  баға  беріп  зерттеуге  деген 
талпыныс  қазақ  пен  қырғыз  елі  егемендік 
алғаннан 
кейінгі  кезеңде  жандана 
түсті. 
Тарих 
ғылымының  маркстік-лениндік  методологиясынан  арылып, 
партиялық  принциптен 
бас 
тартуы 
зерттеушілерге  патша  ӛкіметінің  отарлық 
билік орындарының 
құрылуы 
мен қызметіне, ұлт азаттық қозғалыстар тарихы, 
т.б., мәселелерге жаңа 
қырынан 
қарауға мүмкіндік берді. 
1991  жылы  17-18  қазанда  Бішкек  қаласында  1916  жылғы  кӛтерілістің  
75    жылдығына    арналған  аймақтық    ғылыми    конференция    ӛтіп,    бұл  бас 
қосуда      қазақ  және  қырғыз  елдерінің  тарихшы-  ғалымдары  тың  пікірлер 
баяндады.  Конференцияда      К.Қаракеев,    Қ.Үсенбаев    сияқты  қырғыз  елінің 
кӛрнекті  тарихшылары    «отарлық    езгіге    қарсы    бағытталған    ұлт-азаттық  
кӛтеріліс»  десе,  Қ.А.Тоқтамышев   «орыстарға  қарсы»  болған  кӛтеріліс  деп  
кӛрсетеді.  Ал    Уәлиханов    атындағы    тарих    және    этнология    институтының  
ғылыми    қызметкері    Н.Т.Кенжебаев    Россияның    протетарлық    емес  
партияларының    кӛтеріліске    қатысы    туралы    біраз    жаңа    пікірлер    айтады.  
Осы    институтының    ғылыми    қызметкері    А.К.Бисенбаев    кӛтерілістің    кең  
әлеуметтік    базасына,    басқару    органдарына,    жалпы    ұлттық    идеяларына  
сүйене    отырып    «ұлт-азаттық    революция»    деп    кӛрсетеді.    Г.А.  Байболова  
ӛзінің    тақырыбын    Мемлекеттік    Думадағы    мұсылман    фракциясының  
қызметіне    арнайды.    Ол    мұсылман    депутаттарының    «патша    әскерлерінің  
және  казак-орыстардың кӛтерілісшілерді  жазалаудағы қатыгез  әрекеттеріне»  
ашық  сын  айтуын  ерлік  деп  бағалайды [33].  
Қазақ  пен  қырғыз  елдері  тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі  уақыттарда  1916 
кӛтерілістің тарихы жаңа қырынан зерттеліп, бұрындары белгісіз болып келген 
немесе  айтуға  мүмкіндік  берілмеген  кейбір  мәселелер  ашық  айтыла  бастады. 
Оның  ішінде  әсіресе  ұлт  зиялыларының  ұстанымы  мен  қызметі  туралы  жаңа 
концептуалды тұрғыдан зерттеулер жүргізілді.  
Қазақ  пен  қырғыздың  егемен  ел  ретінде  даму  кезеңінде  1916  кӛтерілістің 
тарихы  жаңа  қырынан  зерттеліп,  бұрындары  белгісіз  болып  келген  немесе 
айтуға мүмкіндік берілмеген мәселелер ашық айтыла бастады.  М.Қозыбаев, К. 
Нұрпейіс, Ә. Тәкенов, М. Қойгелдиев,  Н. Мұхаметханұлы, Д. Аманжолова, М. 

 
 
13 
Тӛлекова,  А.  Махаева,  т.б.,  жатады.  1916  жылғы  кӛтеріліске  арнап  жазған 
мақаласында  М.  Қозыбаев:  «...ұлттық  интеллегенцияның  1916  жылғы  ұлт-
азаттық  кӛтеріліске  қатысты  ұстанымы  ерекше  қызығушылық  туғызды»  деп 
кӛрсете  отырып,  қазақ  зиялыларының  Бірінші  дүниежүзілік  соғыс  тұсындағы 
ұстанымына  және  соғыс  тылындағы  «қара  жұмыстарға»  алынған  қазақ 
жұмысшыларына кӛрсеткен қызметін арнайы зерттеу қажеттігіне орынды кӛңіл 
бӛледі [34].
 
Сонымен қатар, М.Қозыбаев: «1916 жыл оқиғаларына байланысты 
жаңаша  ойлау  және  «ақтаңдақтарды»  жою  тұрғысынан  қайта  қарастыруды 
талап  ететін  кӛптеген  мәселелер  бар  екенін  ӛмірдің  ӛзі  кӛрсетіп  отыр»-деп 
кӛтерілістің зерттелмей жатқан мәселелеріне назар аударады [35].  
Ұлт  зиялыларының  қайраткерлігін  тәуелсіздік  жағдайындағы  тарихтану 
тұрғысынан  қайта  қарап,  концептуалдық  тұжырымдар  жасап,  қоғамда  жаңа 
қӛзқарас  қалыптастырған  ғалымдар  К.  Нұрпейіс  пен  М.  Қойгелдиевтің 
еңбектерін  ерекше  атап  ӛткен  жӛн.  Олар  1916  жылғы  кӛтеріліс  тұсындағы 
зиялылардың ролі мен қызметін тарихи обьективтілікпен бағалап, әділеттілікті 
қалпына  келтіріп,  ұлт  зиялылары  туралы  таным-түсінікке  ұлттық  концепция 
бағдарына сәйкес жаңа сипат берді [36].
 
Аталған ғалымдармен қатар, тарихшы-
ғалым  Д.  Аманжолованың  да  ұлт  зиялыларына  арнап  жазған  еңбегінің  зор 
екенін атап айта кеткен жӛн [37].
 
 
Белгілі  тарихшы-ғалым  Ж.  Қасымбаев  кӛтерілістің  80  жылдығына  арнап 
жазған  проблемалық  мақаласында  1916  жылғы  25  маусым  жарлығының 
шығуына  байланысты  мәселелерге  жан-жақты  тоқтала  отырып,  оның  заңсыз 
жарлық  екендігін  делелдеп  «...маусымның  25-індегі  ІІ  Николайдың  жарлығы 
заңға қайшы шешім болған»-деп кӛрсетеді [38].
 
 
Кӛтерілістің  80  жылдығына  орай  1996  жылы  Алматыда  Халықаралық 
ғылыми-теориялық  конференция  ӛтіп,  онда  қазақ-қырғыз  елінің  танымал 
тарихшылары М. Қозыбаев, К. Нұрпейісов, Қ. Үсенбаев, Н.Е. Бекмаханова Ф.Н. 
Мийманбаева  сынды  т.б.,  ғалымдар  мәселенің  сипаты,  қозғаушы  күштері, 
сабақтарына,  т.б.,  байланысты  тың  баяндамалар  жасады  [39].
 
Тәуелсіздік 
жылдары  1916  жылғы  кӛтерілістің  аймақтық  ерекшеліктеріне  арнап  жаңа 
кӛзқарас  тұрғысынан  Е.  Ермұқанов,  Е.  Құрманбеков,  Ж.  Ибрагимов,  Ӛ. 
Бекмағанбетов, т.б., бірқатар диссертациялар да жазды [40].
  
Тарихшы  М.  Тӛлекова  монографиялық  еңбегінде  Жетісу  ӛңіріндегі 
халықтардың  әлеуметтік-демографиялық  ахуалын  қарастырып,  жан-жақты 
тоқталған  [41].
 
Танымал  тарихшы-ғалым  М.  Қойгелдиев  Жетісуда  үстемдік  құрған  Ресей 
билігінің  тарихын  жазған  монографиясында  отарлық  биліктің  1916  жылғы 
кӛтеріліс тұсындағы қызметіне де тоқталады [42]. 
Ал    қазіргі    уақыттарға  дейін    бұл    тақырып    күн    тәртібінен    түспей,   
зерттеушілердің    назарын    аударуда.  Белгілі  қытайтанушы  тарихшы-ғалым  Н. 
Мұхаметханұлы  Қытайдағы    қазақтардың    қоғамдық  ӛмірін  зерттеуге  арнаған 
монографиялық  еңбегінде    отаршыл  жүйенің  репрессиялық  шараларына 
шыдамай, жазалаушы әскердің салған ойранынан бас сауғалап   Қытай жеріне 
ӛткен  кӛтерілісшілерге  байланысты  мәселелерді  зерттей  отырып:  «1916  жылы 

 
 
14 
Қазақстанда  бұрқ  ете  қалған  оқиға  кездейсоқ  емес,  керісінше  ол  қордаланып 
қалған  тарихи  қайшылықтардың  заңды  жарылысы  еді  деуге  болады.  Ұлт-
азаттық қозғалысы теңдік болмаған елде орын алатын қоғамдық құбылыс.»-деп 
кӛтерілістің  шығуы  туралы  дұрыс  пікір  айтып,  босқыншылыққа  ұшырап  адам 
айтқысыз  қиындықтар  кӛрген  халықтың  ӛмірін  жан-жақты  баяндайды.  Ал, 
Қытайдағы қазақтардың әлеуметтік дамуына арналған еңбегінде  Қытай  жеріне 
ӛткен  кӛтерілісшілердің  аянышты  жағдайын  бейнелейтін  түпнұсқалық  қытай 
деректерін  жариялай  отырып:  «Тӛменде  сұрыптап  аударған  деректер  1916 
жылғы қызыл қырғыннан жан тасалап Қытай асып кеткен қазақтардың ол жақта 
кӛрген жан түршігерлік жағдайын және Қытай мен Ресей үкіметтерінің оларға 
қолданған  саяси  шараларын  еш  боямасыз,  қаз-қалпында  жайып  салады.»-деп 
оның  құндылығын  атап  кӛрсетеді  [43].
 
Бауырлас  қазақ-қырғыздың  ХҮІІІ  ғ. 
екінші  жартысымен  ХХ  ғ.  басындағы  саяси  байланыстарының  тарихына  жаңа 
кӛзқарас  тұрғысынан  ғылыми  монография  жазып,  докторлық  диссертация 
қорғаған  тарихшы-ғалым  А.  Махаева:  «Жетісудағы  1916  жылғы  қазақ-қырғыз 
кӛтерілісі  –    ХІХ  ғасырдағы  орыс  отаршылдығына  қарсы  күрестің,  азаттық 
жолындағы  бабалар күресінің жалғасы іспетті болды. 
1916  жылғы  кӛтеріліс  кезінде  қазақтар  мен  қырғыздар  дәстүрлі  хандық 
билікті  жаңғыртты,  патшалық  Ресей  үкіметінің  басқару  жүйесін  жоюға 
ұмтылды. 
Хан  сайлауда  меритократиялық  принцип  сақталынды,  яғни  хан  сайланар 
кісінің  ақсүйектілігі  емес,  жеке  кісілік,  қол  бастаушылық қасиеттері  ескерілді. 
Санасында  дәстүрлі  билік  туралы  ұғым  сақталған,  таза  кӛшпелілік  дамыған 
аудандарда кӛтерілістің негізгі ұйымдастырушы күші ру басылары мен хандар 
болды»-деп  1916  жылғы  қазақ-қырғыз  кӛтерілісінің  орыс  отаршылдығына 
қарсы  болған  одан  бұрынғы  кӛтерілістердің  заңды  жалғасы  екенін  орынды 
кӛрсетіп,  кеңестік  тарихнама  тұсында  біржақты  бұрмалауға  түскен  кӛтеріліс 
басшыларының  еңбегін  ақтай  отырып,  олардың  қызметіне  оң  баға  беретін 
құнды ой айтады [44].
  
 
Бүгінгі  таңда  да  Жетісудағы  қазақ  және  қырғыз  халықтарының  1916 
жылғы  ұлт-азаттық  кӛтерілісі  әліде  болса  терең    зерттеуді    талап    етіп,  
тарихшылардың  назарын  ӛзіне  аудартып  отырған  ӛзекті  проблема. 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет