Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет9/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16

ҚОСТІЛДІ БІРЛЕСТІК (орыс. двуязычная общность; ағылш. 
bilingual  community)  –  ішкі  топтық  қатынастар  үшін  екі  және 
одан да көп тілдерді қолданатын тілдік бірлестік (қар.:Бірлестік, 
Біртілді бірлестік, Қостілділік, Көптілділік).
ҚОСТІЛДІК  БІЛІМ  (орыс.  двуязычная  образование)  –  екі 
тілде  жүргізілетін  білім  беру  жүйесі  (олардың  бірі  –  оқушының 
бірінші  тілі  болуы  мүмкін).  Қ.б.  М.Сигуану  мен  У.Макки  көз-
қарасы  бойынша  мақсатына  қарай  (екі  тілде  бірдей  тілдік 
құзіретке жетуне екі тілдің біреуінің ғана тілдік құзіретіне жету), 
қамтылатын  екі  тілдің  оқу  бағдарламасындағы  көлемі  бойынша 
(бірдей  көлемне  екі  тілдің  біреуі  басым  жағдайға  ие  болуы), 
оқушының  тілдері  арасындағы  және  оқушының  негізгі  тілдің 
арасындағы  қатынас  бойынша  (оқушы  тілі  оқудың  негізгі  тіліне 
сәйкес  немесе  сәйкес  келмеуі),  тілдер  арасындағы  әлеуметтік 
лингвистикалық  арақашықтықтық  бойынша  (бір  тіл  диалекті 
болуы мүмкін, тілдердің әр түрлі мәртебелілігі болуы мүмкін т.б.)
ҚОСЫМША  ТІЛ  (ағыл.  auxiliary  (accessory,  sudsiduary) 
language, орыс вспомогательный язык) – табиғи тілмен қосымша 
қатынас құралы ретінде қолданылатын табиғи тілдің аналогі (қар: 
Жасанды тіл, Эсперанто, Волапюк, Ақпараттық тіл, Халықаралық 
тіл).
ҚҰЗІРЕТ (орыс. компетенция)- қар: Тілдік құзірет.
ҚҰПИЯ ТІЛДЕР – (шартты тілдер) – жаргондардың шартты 
атауы: бұл жаргондар ерекше әлеуметтік топтардың – саудагерлер, 
кәсіпкерлер, қайыршылар арасында тараған. Қ.т. белгілі бір ұйымға 
тән ұжымдық ойын ретінде белгілі болған. Қ.л. деп бұл тілдердің 
жасырын түрде қолдануынан шыққан. Европада Қ.т. ХІІІ ғ. белгілі. 
Мыс...  Германияда  қайыршылардың  тілінің  сөздік  қорында  300-
400 түбір бар екен және сөзжасмында грек, латын, түркі, фин, угор, 
цыған, идыш және т.б. тілдер сөздерін пайдаланады. 

89
ҚЫРҒЫЗ ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Қырғызстанда, Қазақ-
станда,  Өзбекстанда,  Тәжікстанда  тараған.  Сонымен  бірге 
Қытайдың Шыңған – Ұйғыр ауданында, Монғол елінің батысында, 
Ауғанстан мен Пәкістанда тараған. Қ.т.-нің екі диалектикасы бар: 
солтүстік және оңтүстік. Ұлттық жазу 1924 ж. араб жазуы негізінде 
жасалған, 1926 ж. кейін латын, ал 1940 ж. кейін орыс графикасын 
қолданады. Қ.т. – Қырғызстанда мемлекеттік тіл.
ҚЫТАЙ ТІЛІ – Қытай – Тибет тілдерінің бірі. ҚХР-ның ресми 
тілі.  БҰҰ-ның  ресми  және  жұмыс  тілі.  Индонезия,  Малайзия, 
Вьетнам, Лаос, Мьянма, Таиланд, Сингапур т.б. елдерде тараған. 
Қ.т.-де жеті негізгі диалекті бар: солтүстік (сөйлеушілер саны 70 
пайыз),  у,  син,  ган,  хакка,  юэ,  минь.  Қытай  әдеби  тілі  солтүстік 
диалекті негізінде қалыптасқан. Қ.т.-де 4 тон бар. Жалпы Қ.т.-де 
путунхуада 1324 әр түрлі буын бар. Сөзжасам – сөздердің бірігуі 
арқылы  және  аффикс  пен  конверсия  арқылы  жасалады.  Б.э.д. 
1000  ж.  әдеби  көне  Қ.т.  –  вэньянь  қалыптасқан.  1000  ж.  бастап 
жаңа жазба, ауызекі тіл – байхуа қалыптасады. Солтүстік байхуа 
негізінде  ұлттық  Қ.т.-путухуа  қалыптасқан.  Қ.т.-де  иеролгиф 
жазуы  қолданылады.  Ең  көне  жазба  ескеркіш  –  б.э.д.  2000  ж. 
жатады. Ең көне әдеби ескеркіштер – «Шу цзинь» (Тарих кітабы) 
және «Шинзин» (Ән кітабы) – б.э.д. 1000 ж. жатады.
ҚЫТАЙДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ – қазақ тілінің шетелдегі ең ірі 
қазақ диаспорасының тілі. Қытайда ресми мәліметтер бойынша 1,4 
млн. қазақ тұрады. Олар Қытай халық республикасы халықының 
ішінде  16-орынды  алады.  Қытайдағы  қазақтар  түркі  тілінің 
қыпшақ  тобына  жататын  қазақ  тілінде  (830  мың  адам  солтүстік 
шығыс диалектісінде, 70 мыңы оңтүстік диалектісінде) сөйлейді. 
Қытайдағы  қазақ  тілі  қытай  тілінің  солтүстік  бұтағының  аса 
маңызды емес әсеріне ұшыраған. Сондай-ақ ұзақ уақыт бойында 
бір-бірінен  оқшаулана  өмір  сүруі  салдарынан  кейбір  сөздер  мен 
терминдердің  қолданысында  айырмашылықтары  бар.  Мектепте 
балалар бұрын қытай тілін 7-сыныптан бастап оқыса, бүгінгі күні 
3-сыныптан  бастап  оқуда.  Қазіргі  қазақ  мектептерінде  қазақ  тілі 
мен әдебиеті ғана ана тілінде оқытылса, қалған пәндердің барлығы 

90
қытай тілінде оқытылады. Жалпы шет елде тұратын қазақтардың 
басты  пролемасына  олардың  ана  тілінен  айырылу  қаупін  айтуға 
болады.
ҚЫТАЙ-ТИБЕТ  ТІЛДЕРІ  (сино-тибет  тілдер)  –  әлемнің  ең 
ірі тіл ұяларының бірі. Қ.-т.т. – не 100 ден астам тіл кіреді, қазіргі 
тіл  білімінде  Қ.-т.т.  екі  тармаққа  бөлінеді,  олар  –  қытай  және 
тибет-бирма  тілдері.  Қытай  тілінде  –  1200  млн.  адам  сөйлейді, 
бұл топқа қытай және дүнген тілдері кіреді. Тибет-бирма тобына: 
бирма, тибет, карен, хани, манипури, бодо (качари), гаро, цзинпо 
(качин),  лису,  таманг,  невар,  гурунг,  туцзя  тілдері  кіреді.  Қ.-т.т. 
буынды тілдерге жатады. Негізгі фонетикалық бірлік-буын. Қ.-т.т. 
үш негізгі жазу түрі бар: идеографиялық, үнді текті фонетикалық 
және латын алфавиті негізіндегі жазу. Бірінші топқа – қытай жазуы, 
екінші топқа – тибет, бирма алфавиті, үшінші топқа – Қытай және 
Мьянма тілдеріндегі алфавиттер кіреді
ҚЫТАЙ ТІЛ БІЛІМІ ДӘСТҮРІ – Қытайда пайда болған тіл 
зерттеу дәстүрі. Бұл дәстүр 2000 ж. бұрын болған, оның ерекшелігі 
– флективті емес, идеографиялық хатпен жазылатын тілдің бірегей 
дәстүрі болуында, қытай тілі – буынды тіл, бір морфема (сөз) бір 
иероглиф арқылы беріледі. Иероглиф, белгілейтін морфема және 
буын тұтас бір кешен құрайды. Сондықтан бұл кешенді зерттеу, 
иероглифтің жазылуы мен оның мағынасын білу – Қ.т.б.д. – нің 
екі  үлкен  саласының:  лексикография  мен  фонетиканың  пәндері 
болып  табылады.  Қытайдағы  тіл  білімі  саласының  ең  көнесі  – 
иероглиф беретін мағынаны зерттеу. Ең алғашқы сөздік – «Эр я» 
түсіндірме  сөздігі  болған,  ол  б.э.д.  III-II  ғғ.  жасалған.  Кейіннен 
Қытайда  фонетика  саласы  дамиды.  Қытай  жазуының  ең  кіші 
бірлігі – буын болғандықтан жеке дыбысты жазу, қолдану мүмкін 
емес.  Сондықтан  қытай  фонетикасында  өзгешеліктер  бар:  онда 
дыбысты бейнелеу орнына буындарды жүйеге келтіру кездеседі, 
қытайлықтар  буынды  екіге  бөледі:  инициаль  (шэн,  бастапқы 
дауыссыз)  және  финаль  (юнь,  буынның  соңғы  бөлігі).  Буынның 
үшінші бөлігі тон болады. XYII-XYIII ғғ.тарихи фонетика үлкен 
жетістіктерге жетті. Гу Яньу және Дуань Юйцая еңбектері шығады, 
олар көне қытай тілінің фонетикасын зерттеумен айналысқан. 

91
Л
ЛАКУНА  (лат.  Lacuna  –  тереңдеу,  түсіп  қалу)  –  1.  Мәтіндегі 
аралық, жетіспей тұрған орын, 2. Өзге тілдегі лексикалық мәндегі 
мағынаны беру үшін қолданылмай тұрған сөз. Ю.С.Степановтың 
бейнелеп айтуынша «Әлем картасы мағынасындағы ақтаңдақтар». 
Л.  тілдерді  салыстыру  және  түрлі  мәдениеттерді  бірлікте 
қарастырғанда байқалады (қар.: Салыстырмалы лингвистика).
ЛАПСУС  ЛИНГВА  (лат.  lapsus  linguae  –  lapsus  –  сүріну, 
ауытқу + linguae – тіл; орыс. Лапсус лингве; ағылш. Lapsus linguae) 
сөйлеу қабілеті, артық, ауытқи сөйлеу (қар.: Парафазия).
ЛЕКСИКАЛЫҚ МИНИМУМ – оқушылардың оқу мерзімінің 
белгілі бір аралығында міндетті түрде меңгеруге тиісті лексикалық 
бірліктері.  Л.  м.  сандық  және  сапалық  құрамы  оқу  мақсатына, 
оқу кезеңіне және тілді үйренуге бөлінген оқу сағатының санына 
байланысты  болады.  Әдістемелік  әдебиеттерде  Л.  м.  іріктеудің 
мынадай  қағидаттары  сипатталған:  статистикалық  қағидат 
(мұнда  сөздерді  іріктеу  белгісіне  оның  жиілігі,  кең  өрістігі, 
қолданылымдылығы,  қажеттілігі  немесе  даярлығы  жатады), 
әдістемелік  қағидат  (мұнда  оқыту  кезеңі,  қатынас  саласы  мен 
тақырыбы  есепке  алынады),  лингвистикалық  қағидат  (мұнда 
сөздердің  тіркесуі  қабілеттілігі,  сөзжасамдық  құндылығы, 
стилистикалық шексіздігі, т.б. негізге алынады). Қазіргі әдістемеде 
Л.  м.  тілді  меңгеру  деңгейіне  қарай  және  оларды  таңдап  алу 
қағидатына бағытталған. Қазақ тілін шет тілі ретінде қарапайым 
деңгейде меңгерудің Л. м. шамамен 800 бірлік, базалық деңгейіне 
– 1300, сертификаттау деңгейіне 2300 бірлікті құрайды.
Қара: Грамматикалық минимум
ЛЕКСИФИКАТОР  –  Пиджин,  Креоль-тіл  жасаудағы  негіз 
–  тіл.  Мыс.,  пиджин-инглиштің  Л.  ағылшын  тілі,  руссеюрска  Л. 
орыс тілі мен норвеж тілі (қар.: Жасанды тіл, Интерлингвистика).
ЛИНГВА  ФРАНКА  (итал.  Lingua  franca  –  франк  тілі)  – 
шектеулі  әлеуметтік  салалардың  әр  түрлі  тілде  сөйлеушілер 
арасында  қолданылатын  тілдердің  шартты  атауы.  Әуелде  «Л.ф.» 

92
термині нақтылы тілге айтылған еді, бұл құрама тіл француздың 
прованс және италияның лексикасы негізінде жасалған болатын. 
Христиандық жорықтар дәуірінде бұл тілдің маңызы зор болған. 
Бұл кезеңде Л.ф.-ға испан, грек, араб, түрік сөздері еніп, ол «собр» 
аталып, ХІХ ғ. дейін қолданылған. Әлуметтік лингвистикада Л.ф. 
ұғымы кез келген этносаралық ауызекі қатынаста қолданылатын 
тілді  айтады.  Мыс.,  Африкада  –  хауса,  бамана  тілі,  Европада  – 
пиджин тіл т.б.
ЛИНГВА  ФРАНКА  –  әлеуметтік  контактінің  (түйісудің) 
шектеулі  салаларында  түрлі  тілді  тұтынушылар  арасындағы 
қатынас  құралы  ретінде  қолданылатын  тілдің  функционалды 
типі.  Л.  ф.  әдетте  ауызша  түрде  қызмет  етеді.  Л.  ф.  ретінде  сол 
аймақ  халқының  біреуінің  тілі,  ешбір  этностың  ана  тілі  болып 
саналмайтын  бейтарап  тіл  немесе  жергілікті  не  еуропалық 
тіл  базасындағы  пиджин  қолданылуы  мүмкін.  Мыс.,  Батыс 
Африкадағы  хауса,  бамана,  Шығыс  Африкадағы  суахили  Л. 
ф..  Тарихи  тұрғыдан  алғанда,  бұл  термин  (сөзбе-сөз  алғанда 
«франкілер  тілі»)  жерортатеңізі  елдері  халқының  қолданған 
ортағасырлық пиджинін белгілеген.
ЛИНГВАЕЛТАНУ  (орыс. 
лингвостранове́дение
)  –  бір  жағы-
нан, тілді оқытуды қамтитын, екінші жағынан, үйретілетін тілдің 
қолданылатын  елі  туралы  белгілі  бір  мәлімет  беретін  ғылыми 
бағыт. Л. басты мақсаты – әңгімелесушінің тілін теңбе-тең ұғыну 
және  түпнұсқа  мәтіндерді  түсіну  арқылы  ұлтаралық  қатынас 
актісіндегі қарым-қатынастық құзіреттілікті қамтамасыз ету.
ЛИНГВЕМА – белгілі бір әлеуметтік бірлестіктегі (ру, тайпа, 
халық,  ұлт)  адамдар  қарым-қатынасын  қамтамасыз  ететін  кез 
келген  тіл  (идиом).  Л.  негізгі  конструктивті  белгісіне  ерекше 
лингвистикалық  құрылым  мен  ол  қамтамасыз  ететін  әлеуметтік 
бірліктегі  адамдар  жатады.  Терминді  В.К.Журавлев  ұсынған 
(1982).
ЛИНГВОНИМ (лат.Lingua – тіл + грек. anuma – ат) – этимоло-
гиясы  бойынша  тіл  атауы.  Мыс.,  қазақ  тілі,  орыс  тілі,  ағылшын 
тілі.

93
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ (орыс. лингвистическая 
география;  ағылш.  Linguistic  geography)  –  тілдік  факторлардың 
аумақтық  таралуын  және  картаға  түсірілуін  қарастыратын 
лингвистикалық  бағыт  (қар.:  Ареалдық  лингвистика,  Изоглос, 
Диалектология).
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  ДАУ-ЖАНЖАЛТАНУ  (орыс.  лин-
гвистическая конфликтология) – тілдік жанжал типтерін, олардың 
пайда  болуын,  сондай-ақ  оларды  болдырмау  мен  бейтарап-тан-
дырудың  жолдарын  іздеуді  зерттеумен  айналысатын  әлеуметтік 
лингвистика саласы.
Қара: Макросоциолингвистика, Тілдік жанжал.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СТАТИСТИКА (лингвостатистика) – 
1. Кең мағынада: тіл білімінде статистикалық тәсілдерде қолдану. 
2.Тар мағынада: лингвистикаға қатысы бар кейбір математикалық 
проблемаларды зерттеу.
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  ФИЛОСОФИЯ  (тіл  философиясы) 
– табиғи тілді ғылыми тәсілдер көмегімен талдауды мақсат еткен 
философияның бір бағыты.Л.ф.-ны аналитикалық философияның 
бір түрі деп қарауға болады (қар.:Логикалық бағыт).
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  ЫҚТИМАЛДЫҚ  БОЛЖАМЫ  – 
(орыс гипотеза лингвистической относительности) – бұл да Сепир-
Уорф болжамы.
ЛИНГВОЦИД (лат. Lingua – тіл+лат. caedere – өлтіру, тікелей 
айтқанда тілді құрту) - тіл қызметі салаларының тарылуына немесе 
мүлдем қысқаруына ықпал ету, соңында біртіндеп тілді құрту, жою 
(қар.: Жоғалып бара жатқан тіл, Тіл ауыстыру, Тіл жоғалту, Өлі тіл, 
Миноритарлық тіл, Тілдік экспонсия, Геноцид).
ЛИНГВОЦИД (орыс тілінен сөзбе-сөз алғанда 
«языкоубийство» 
немесе  глоттофагия,  қазақша  айтқанда  «тілді  жою,  өлтіру»
)  – 
тілдің,  әдетте,  ертеден  таралған  аймағында  оны  түп-тамырымен 
құртуға  бағытталған  саяси-әкімшілік,  сондай-ақ  экономикалық 
сипаттағы іс-шаралар кешені. Термин авторы Я.Б.Рудницкий оны 
алғаш рет 1967 жылы қолданған. Л. термині тілдің тұтынушысын 
геноцид жағдайындай физикалық тұрғыдан жоюды емес, алдымен 

94
оны тілдік ассимиляциялау саясатына әкелетін жағдаятты барынша 
толық  сипаттайды.  Л.  жағдайында  үстем  бюрократтық  машина 
тілді  тұншықтыруда  этникалық  мәдениет  пен  діни  элементтерді 
сақтауға  барынша  адалдықпен  қарайды.  Л.  саясатының  жеңіске 
жетуі тілдің жойылуымен, тілің өлімімен аяқталады. 
ЛОГИКАЛЫҚ  БАҒЫТ  (тіл  білімінде)  –  тілдің,  ой  мен 
білімге  (танымға),  философиялық  және  логикалық  мектептерде 
қарастылығын  зерттейтін  ағымдар  мен  тұжырымдардың  жиын-
тығы.  Л.б.  мазмұнын  құрайтындар  мыналар:1.  Гнеосеология 
мәселелерін талдау. 2. Ең алдымен тілдің униварсалды (барлығына 
ортақ) қасиеттерін анықтау. 3. Тіл таңдауда бірыңғай принциптерді 
жасау (сөйлем құрылысы, сөз табы жүйесі. 4. Диахронды талдауға 
қарағанда  синхронды  талдауды  жоғары  бағалау.  5.  Негізінен 
синтаксис  (сөйлем  теориясы)  пен  симантика  мәселелерімен 
айналысу. 6. Тіл категорияларын айқындауда, белгілеуде, топтас-
тыруда-қызметтік  (мазмұндық)  көзқарастың  басым  болуы.  7. 
Грамматикалық категорияларды зерттегенде, олардың универсалды 
(логикалық)  категорияларға  қарастылығын  (сөздің  ұғымға, 
(концептке), сөз табының – оның атқаратын логикалық қызметіне, 
сөйлемнің – пайымдауға, күрделі сөйлемнің – ой қорытындысына). 
8.  Сөйлемде  жасырын  (имплициттық)  бөліктердің  (логикалық 
модельден  туындайтын)  кездесуін  мойындау.  Тілдің  логикалық 
қырларын  зерттеу  –  грек  философтарына  (б.э.д.Y–І  ғғ.)  баьыс 
–  европалық  схоластикалық  ғылымға  (логика  мен  грамматика), 
ХYІІ–ХІХ ғғ. рационалдық тұжырымдарға ХІХ–ХХ ғғ. логикадағы, 
философиядағы,  лингвистикадағы  ағымдар  мен  мектептерге 
(талдау  философиясы,  лингвистикалық  философия,  табиғи 
тілдердің логикалық талдауы) тән. 
ЛОГОГРАММА (грек. logos – сөз және gramma – әріп, сурет, 
таңба) – бір сөзді не негізді белгілейтін белгі. 
ЛОНДОН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МЕКТЕБ – структуралық 
(құрылымдық) лингвистикалық бір бағыты ретінде ХХ ғ. 40-жж. 
қалыптасқан  мектеп.  Л.л.м.  –  нің  негізін  қалаушы  –  Дж,Р.Ферс. 
Мектеп өкілдері: У.Аллен, М.А.К.Халлидей, Р.Х.Роббинс, У.Хаас, 
Ф.Р.Палмер  т.б.  Л.л.м.  –  нің  мақсаты:  тілдердің  ерекше  болуын 

95
түсіндіре  алатын  жалпы  теория  жасау;  зерттеулерді  жүргізу 
үшін  структуралық-қызметтік  тәсілді  жасау.  Л.л.м.-нің  жалпы 
лингвистикалық  мақсатының  қалыптасуына  Э.Дюркгейм,  Ф.де 
Соссюр  және  бихевиоризм  теориясының  кейбір  идеялары  әсер 
етті. Л.л.м. тіл құбылыстарын зерттеу үшін техникалық тәсілдерді 
жасауды тіл білімінің міндеті деп түсінді. «Тіл» ұғымы негізгі үш 
мағынасында жұмсалады: 1. Адам табиғатындағы ішкі қажеттілік, 
2. Дәстүрлі әдет, яғни, тіл нормаларын үнемі үйрену және белсенді 
түрде қолдану. 3. Сансыз тілдік актілерді (сөйлемдеді) белгілейтін 
жалпы  термин.  Сонымен  Л.л.т.-нің  зерттеулері  төмендегідей 
мәселелерді  қамтиды:  тілдің  қоғамдағы  орны  мен  қызметі;  тіл 
және  мәдениет;  тіл  табиғаты  мен  тілдің  дамуы;  тіл  құрылысы; 
тіл деңгейлері мен бірліктері; лингвистикалық терминдер жүйесі; 
лингвистикалық  категориялардың  негізгі  қасиеттері;  тілдік 
мағына; жағдайға байланысты мағына теориясы; контекст ұғымы; 
контекст түрлері; тіл қызметі; просодикалық талдау.
М
МАҒЫНА  –  сөз  арқылы  айтушы  мен  тығдаушыға  ортақ 
түсінікті,  нақты  ұғымды  білдіретін  шындық  өмірдің  көрінісі. 
Сөздің  негізгі  мағынасы  –  заттың,  құбылыстың  атауы  болуымен 
байланысты. 
МАҒЫНА – сөздік ұғымнан туатын мән, мазмұн. Сөз мағынасы 
зат,  құбылыс,  әрекет  жайында  түсінік,  ұғым  пайда  болғаннан 
кейін  қалыптасады.  Белгілі  бір  зат  жайында  ұғым  болмаса, 
оның мағынасы да жоқ, демек, ұғым бар жерде мағына бар, бұл 
– сөз мағынасының ең маңызды шарты. Бірақ сөз мағынасының 
қалыптасуының ұғымнан басқа да себептері болады. Сөз мағынасы 
заттық-логикалық  ұғымнан  басқа  айтушының  ақиқат  дүниеге 
көзқарасын,  сезімін,  көңіл-күйін  де  білдіреді.  Сөз  мағынасының 
екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына.

96
МЕЗОЛЕКТ  –  тіл-лексификатор  (батыс  елдердегі  бұрынғы 
колонияның  ресми  тілі)  мен  креоль  тілдің  араласуынан  пайда 
болған посткреолдық континуумды құрайтын тіл варианттарының 
бірі. М. – бұл тіл-лексификаторға жақын акролект пен арғы негізі 
креол тіл болып табылатын базилект арасындағы тіл варианты.
Қараңыз: Акролект, БазилектТілдік континуум, Тілдің креолденуі
МАКРОӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  (грек.  macros  – 
үлкен;  ағылш.  Macrosociolinguistues)  –  әлеуметтік  факторлармен 
қатысты  болатын  және  қоғамды  бүтіндей  сипаттайтын  немесе 
адамдардың  үлкен  жиынтығындағы  процестер  мен  қарым-
қатынастарды  зерттейтін  әлеуметтік  лингвистиканың  саласы. 
М.л.  құзыретіне  тіл  тұтынушылардың  әлеуметтік  жіктелістері, 
жаппай  қостілділік  процестері,  тілдің  нормалануы  мен  тілдің 
кодификациялануы,  тілдік  саясат  және  тілдік  жоспарлау,  тілдік 
қақтығыстар проблемелары жатады. 
МАҚАЛ  –  ауызекі  тілдегі  қысқа  және  тұрақты  ритмикалық 
құрылысы бар халықтың ғасырлық тәжірибесі сақталған нақылды 
сөйлем.  Жай  не  күрделі  сөйлем  түрінде  келеді.  М.-дың  тікелей 
не  ауыспалы  мағынасы  болады.  М.  полисемияны  тудырмайды. 
М.-дың фразеологиялық жүйеге кіруі не кірмеуі әлі шешілмеген 
мәселе.  Мысалы,  «Оқу  –  инемен  құдық  қазғандай»,  «Ауруда  – 
шаншу жаман, сөзде қаңқу жаман» т.б.
МАРГИНАЛ (фр. Marginal- жол бойында жазылған) – қандай да 
бір тілдердің, мәдениеттердің, әлеуметтік топтардың аралығында, 
шекарасында  қалып,  бұрынғы  әлеуметтік  байланыстарын  үзген, 
жоғалтқан  және  жаңа  өмір  жағдайына  бейімделген  адам;  өмір 
аралығында  қалған  жан.  Көбінесе  М.  –  бұлар  мигранттар,  этни-
калық азшылықтың өкілдері, қалаға қоныс аударған ауыл тұрғын-
дары,  баспанасыздар,  кезбелер  (қара:  Маргиналдық,  Микро-
әлеуметтік бірлестік).
МАРГИНАЛДЫҚ  (фр.  Marginal  –  жол  бойында  жазылған) 
–  екінші,  тұрлаусыз  маңызды  емес  деген  мағынаны  білдіреді. 
Екі немесе бірнеше мәдениеттер, тілдердің қоғамдық дамуының 
аралығында қалып, олармен сол мәдениеттердің өзара бірлігімен 

97
араласатын,  бірақ  олардың  бірде-бірімен  толық  қосылмайтын 
адамдар тобының немесе жеке адамның жағдайы (қар.: Маргинал, 
Микроәлеуметтік бірлестік).
МАСС-МЕДИА (ағылш. Massmedia – mass – көпшілік, бұқара + 
media (medium) – құрал, байланыс) – бұл да сол бұқаралық ақпарат 
құралдары  (қарым-қатынас,  БАҚ):  баспасөз,  кино,  теледидар, 
аудио  және  бейнетаспалар,  плакаттар,  жарнама,  радио,  интернет 
және т.б.
МЕМЛЕКЕТТІК  ТІЛ  (орыс.  государственный  язык; 
ағылш.  official  language)  –  белгілі  бір  мемлекеттің  аумағындағы 
ерекше  саяси-құқықтық  (заңдылық)  мәртебеге  ие  тіл;  «мемле-
кеттік  және  қоғамдық  өмірде  барынша  мазмұнды  қызметті 
орындайтын  максималды  қоғамдық  қызметтегі  тіл»  (Қазақстан 
Республикасында  Тіл  саясатының  тұжырымдамасы);  Тәуелсіз 
мемлекеттің  лингвистикалық  егемендігінің  негізгі  белгісі. 
(Б.Х.Хасанов).  М.т.  өзге  мемлекеттік  рәміздерімен  (Ту,  Елтаңба, 
Әнұран)  қатар  Мемлекеттің  Конституциясы  мен  тіл  туралы 
заңда  заңмен  белгіленеді.  Мемлекет  мемлекеттік  тілді  дамыту 
мақсатында  арнайы  қамқорлық  жасайды.  (Мемлекеттік  және 
басқа  да  тілдер  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  қам-
қорлығында  болады.  Мемлекеттік  органдар  бұл  тілдердің 
қызмет етуі мен дамуына барлық қажетті жағдайларды жасайды. 
Қазақстан  Республикасындағы  тіл  туралы  Қазақстан  Респуб-
ликасы  заңының  23-б).  М.т.  түсінік  көлемі  бойынша-бұл  да 
Ресми  тіл,  алайда  құқықтық  жағдайы  бойынша  кейбір  елдерде 
бір-бірінен айырмашылығы бар. М.т. мемлекеттік және қоғамдық 
органдар  мен  ұйымдарды  басқару,  іс  жүргізу,  сот  ісін  жүргізу, 
елдің дипломатиялық өкілдіктер қызметі жүзеге асырылады. М.т. 
қоғамдық өмірдің алуан түрлі салаларында интеграциялық қызмет 
атқарады,  мемлекеттілікті  нығайтудың  маңызды  құралы  болып 
табылады,  елдің  мәдени  және  шаруашылық  дамуын  қамтамасыз 
етеді. Әлемдік тәжірибеде федеративтік мемлекеттерде екі, кейде 
үш  М.т.  бола  беретіндігін  көрсетеді.  Мыс.,  Швейцарияда  –  төрт 
М.т.  (неміс,  француз,  итальян,  ретроман);  Бельгияда  –  екі  М.т. 

98
(француз және фламанд); Финляндияда – екі М.т. (фин және швед) 
т.б.  Ресей  заңдарына  сәйкес  орыс  тілі  –  Ресей  Федерациясының 
мемлекеттік тіл (Ресей Федерациясының Коституциясы 68-б). Ол 
автономиялық  республикалардың  М.т.  бірге  тілдік  салалардағы 
федерализм  принципін  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  етеді,  Ресей 
Федерациясының  барлық  халықтарының  арасында  тарихи 
қалыптасқан  Ұлтаралық  тіл  қызметін  атқарады,  мемлекеттік 
басқару  тілі  болып  табылады,  заң  шығару,  атқарушы  және  сот 
органдарында,  білім  беруде,  ғылым  мен  мәдениетте,  бұқаралық 
ақпарат  құралдарында  ресми  ауызша  және  қатынастарда 
қолданылады. Қазақстанда М.т. қазақ тілі болып табылады, оның 
мәртебесі бірнеше құжаттармен белгіленіп, бекітілген: Қазақстан 
Республикасының Конституциясы. («Қазақстан Республикасында 
қазақ тілі мемлекеттік тіл болып табылады» 7-бап, 1 тармақ); 22 
қыркүйек1989 ж. «Қазақ ССР-дегі тіл туралы заңы»; 11 шілде, 1997 
ж. Қазақстан Респуликасындағы тіл туралы заң). Соңғы құжатта 
тілдік реттеудің негізгі бағыттары анықталған: қазақ тілінің М.т. 
мәртебесімен  белгіленген  қоғамдық-маңызды  салалардағы  және 
мақсатты жұмылдырылған жағдайлар жасау (қар.: Тіл мәртебесі, 
Титулдық тіл, Жергілікті тіл, Конституциялық тіл, Ассоциировтік 
тіл, Титулдық ұлт тілі, Жұмыс тілі, Тілді дамыту мен қолданудың 
мемлекеттік бағдарламасы, Тілдік заң шығару, Тілдік федерализм).

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал