Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет8/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

КӨПТІЛДІЛІК  (мультилингвизм,  полилингвизм)  –  бір 
мемлекет ішінде бірнеше тілді пайдалану. Бір адамның (адамдар-
дың) бірнеше тілде сөйлеуі. К. Ірі, көп ұлтты елдерге тән (ТМД, 
АҚШ,  Үндістан,  Нигерия  т.б.)  К.  жағдайында  байланыс  түрлері 
(тіл,  диалект,  говор,  жаргон  т.б.)  бір-біріне  бағынышты  қызмет 
атқарады:  1)  тар  қолданыстағы  топ  ішінде  ғана  қолданылатын 

78
тіл («отбасы» тілдері); 2) топаралық, тұрмыстық шағын қатынас 
құралдары  («базар»  тілі  –  Азия  мен  Африкада);  3)  Ұлттық 
(әкімшілік) облыс тілі; 4) көп ұлтты аймақ тілі; 5) мемлекеттік тіл; 
К. көбінесе қостілділік (билингвизм) түрінде кездеседі. 
КРЕОЛЬ  ТІЛ    бұл  шындығында  лексикалық  қоры  бай, 
өзіндік жүйеленген грамматикасы бар, өзіндік ішкі даму заңдары 
бойынша кез келген тірі тілдер сияқты дами алатын толыққанды 
тіл.  Креоль-тілдерде  бүгінде  әлемде  шамамен  10  млн.  адам 
сөйлейді. Жалпы креоль-тіл пиджинге өте ұқсас. Креоль-тіл өзінің 
пайда  болуын  пиджиннен  бастап,  біртіндеп  өздігінен  дамып 
жетіледі, бірақ ол құрылымдық жағынан екінші қосалқы тіл болып 
табылмайды. Пиджин-тіл ешқашан белгілі бір этностың ана тілі 
болмайды,  ол  тек  әр  түрлі  тілдік  ортадағы  қарым-қатынасты 
қамтамасыз ету қажеттігінен пайда болған қосалқы (көмекші) тіл 
ғана. Ал креоль-тіл ана тілі дәрежесіне (көпшілігінде пиджин-тілді 
тұтынушылардың екінші ұрпағы үшін) көтерілуі мүмкін. Сондай-
ақ әр түрлі тілдік ортада этносаралық, тіпті ұлтаралық тіл қызметін 
атқаруы да мүмкін.
Бүгінгі  таңда  креоль-тілде  сөйлеушілер  саны  күн  санап 
өсуде.  Өйткені  креоль-тілдің  негізі  ағылшынтілді,  французтілді, 
испантілді және португалтілді пиджиндер болып табылады.
КРЕОЛДЕНУ/КРЕОЛИЗА́ЦИЯ  (орыс.  креолизация  языка, 
нативизация  языка)  –  әлеуметтік  лингвистикалық  үдеріс,  оның 
нәтижесінде  пиджин  социумның  барлық  коммуникативтік 
мұқтаждықтарын,  оның  ішінде  күнделікті  отбасылық  қатынас 
саласының өзін қамтамасыз ете бастайды да, көбіне жаңа буынның 
жеке дара ана тіліне айналады. 
Қара: Контакт тілі, Тілдің креоленуі, Пиджин, Креол
КРЕОЛИСТИКА  (контактология)  –  қарым-қатынастағы  тіл-
дердің құрылымдық типтерін, пайда болуын, эволюциясын зерт-
тейтін тіл білімінің саласы. Мұндай тілдердің өзіндік ерекшелігі 
олардың пайда болуының әлеуметтік жағдаятына бүтіндей тәуелді 
болады. К. ХІХ ғасырда пайда болғанымен, лингвистикадағы жеке 
бағыт ретінде 1950 жылдан бері айқын көріне бастады, ол негізінен 
әлеуметтік лингвистиканың құрамдас бөлігі болып табылады.

79
КРЕОЛ ТІЛ – пиджин негізінде, оның ана тіліне айналуынан 
пайда болған тіл, Пиджиннен тұтынушыларының саны жағынан 
ғана  емес,  бай  сөздік  қоры,  тұрақты  грамматикасы,  сан-салалы 
қызметі  жағынан  ерекшеленеді.  Мыс.,  ағылшын  тілі  негізді 
пиджиннен қалыптасқан «сранан» тілі, ол Суринам халқының 1/3 
бөлігінің ана тілі болып табылады.
Қара:Контакт тілі, Тілдің креоленуі, Пиджин.
КІРМЕ  СӨЗДЕР  –  бір  тілден  басқа  тілге  енген  бөтен  тілдің 
элементі (сөз, морфема, синтаксистік құрылыс т.б.). Сөздің басқа 
тілге кіруі - тілдің қатынас нәтижесінде болатын тарихи құбылыс. 
Кірме  сөздердің  тек  қана  этимологиялық  талдаудың  көмегімен 
анықтауға болады, өйткені ол сөзді пайдаланып жүрген тілде оның 
бөтендігі білінбейді. Мыс., орыс тіліндегі түркі сөздері: башмақ, 
шаровары, ватага, қазақ, атаман, очаг, алтын, қазна, сапог, казан, 
сабля, стакан, зима, бревно, было, бык, буран, башка, дурак, город, 
ералаш, рот, гора, т.б. Қазақ тілінде кейбір парсы сөздері: нұр, сүт, 
нан т.б. 
КІРМЕ, СӨЗ АУЫСУ (орыс. заимствование; ағылш. borrowing) 
– 1. Бір тілдің элементтерінің екінші тілге өту, ауысу процесі. 2. Өзге 
тілден белгілі бір тілге енген сөз, сөз тіркесі, сөзжасамдық афикстер 
мен  құрылымдар.  Мыс.,  орыс.  тіліндегі  семинар,  почтальон, 
курорт, джип, бутерброд, интервокальный, қазақ тіліндегі: ғалым, 
жәрмеңке,  совхоз,  әлем,  әсемпаз,  университет,  деканат,  магистр 
(қар.: Варваризм, Калька, Экзотизм, Этнографизм). 
КІСІ ЕСІМІ (орыс. 
ли́чное и́мя
) – әлеуметтік лингвистикалық 
бірлік, жалқы есімдердің түрі, адамды тілдік дербес бірегейлеудің 
басты  бір  түрі.  Алғашқыда  адамның  жеке  есімі  ретінде  сол 
адамның  тағы  бір  қырын  танытатын  лақап  есімі  қолданылған. 
Қыздардың  аты  үшін  олардың  нәзіктігін  ерекшелейтін  лақап 
есімдер  таңдалған:  әдетте  бұл  гүл,  жеміс  немесе  жануарлардың 
атаулары болған. Ал ер балаларға олардың батылдығы мен күшін 
ерекшелейтін  лақап  есімдер  берілген.  Қойылған  есім  баланың 
болашақтағы тағдырын анықтайды деп есептеген. Өмір ағысында 
лақап  есімдер  қандай  да  бір  жағдайларға  байланысты  өзгеріп 

80
отырған.  Көбіне  ересек  кезінде  берілген  лақап  есімдер  сол 
адамның қандай да бір ерекшелігін көрсетіп тұрады. Кейде мұндай 
лақап есімдердің бастапқы мағынасы күңгірттеніп, уақыт өте келе 
дәстүрге айналып ол тек К.е. ретінде бекітілген.
КІШІ  ӘЛЕУМЕТТІК  ТОП  –  бұл  да  микроәлеуметтік 
қауымдастық.
КӨШІ-ҚОН (лат. – migratio – қоныс аудару; орыс. миграция; 
ағылш. – migration) – адамдардың ел ішінде немесе одан тысқары 
қоғалысы,  орын  ауыстыруы,  кетуі,  көшіп-қонуы;  адамдардың 
ел, аудан, мемлекеттер арасында қоныс аударуының жиынтығын 
көрсететін  әлеуметтік  экономикалық  және  демографиялық 
процестері;  урбанизацияның  маңызды  тетігі  (механизм).  Көші-
қон процестерін, қоныс аударушылардың (мигранаттардың) тілдік 
ақуалын  зерттеу  –  әлеуметтік  лингвистикалық  жұмыстардың 
негізгі бағыттарының бірі. Көші-қонды эпизодикалық, маятниктік, 
маусымдық және түпкілікті (безвозвратный) көші-қон; табиғи және 
жасанды,  кіріптарлық  (вынужденный)  көші-қон  деп  бөлушілік 
бар.  Кіріптарлық  көші-қон  себептері:  ұлтаралық  қақтығыстар, 
әскери  әрекеттер,  экологиялық  апаттар,  ұлтшылдық  саясат, 
лингвоцид, геноцид т.б. Көші-қон нәтижесінде тіл ауыстыру, тілді 
ығыстырушылар байқалуы мүмкін (қар.: Диаспора). 
Қ
ҚАЗАН  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  МЕКТЕБІ  –  ХІХ  ғ.  екінші 
жартысындағы орыс тіл білімінің бір бағыты, Қ.л.м. – нің өкілдері: 
И.А.Бодуэн де Куртуне, В.А.Крушевский, В.А. Радлов, С.К.Булич, 
К.Ю.Аппель, Қ.л.м. – не мынадай принциптер тән – дыбысты және 
әріпті бөлек қарастыру; тілдің синхрониялық және диахрониялық 
қырларын  жеке  қарастыру;  көне  ескерткіштердегі  деректерден 
гөрі, тірі тілдегі нақты деректерге мән беру. 

81
Бодуэн  де  Куртене  тіл  мен  тіл  ғылымын  психологиялық-
әлеуметтік  құбылыс  ретінде  таныған.  Бұл  мектептің  идеялары 
қазіргі  тіл  біліміндегі  структуралық  (құрылымдық)  лингвистика, 
фонология,  морфонология,  тілдердің  типологиясы  тәрізді 
пәндердегі идеялардың дамуына түрткі болды. 
Бодуэн  де  Куртененің  еңбектері  психолингвистика  саласын 
дамытуға  ықпал  етті.  В.А.Крушевскийдің  еңбектері  қазіргі 
артикуляциялық  және  акустикалық  фонетиканың  негіздеріне 
алынды. Крушевскийдің ойынша, тіл ғылымының негізгі қызметі 
тілдегі  заңдылықтарды  анықтау  болып  табылады.  Қ.л.м.  тілдің 
тарихын  зерттеуге  үлкен  мән  берген.  Бодуэн  де  Куртене  тілдің 
тарихы  мен  тілдің  дамуын  жеке  қарастырған,  ол  тілдердің 
типологиялық классификациясының негізін қалаған. 
ҚАЗАҚ  ТІЛІ  –  түркі  тілдерінің  бірі.  Қазақстан  Респуб-
ликасының  мемлекеттік  тілі.  Қазақ  тілінде  сөйлеушілердің 
саны  10  млн.  асады.  Бұл  тілде  сөйлеушілер  Қазақстаннан  басқа 
Өзбекстанда,  Қырғызстанда,  Түркменстанда,  Ресейде,  Қытайда, 
Монғолияда,  Түркияда  т.б.  мемлекеттерде  тұрады.  Қазақ  тілі 
–  өзіндік  көне  тарихы  бар  ежелгі  тілдердің  бірі.  Диалектілік 
ерекшеліктері  жоққа  тән,  монолиттік  тіл.  Қазақ  әдеби  тілі  ХV–
XVI  ғғ.  бастап  қалыптасып  дамыған.  Қазақ  тілі  түркі  тілдерінің 
Батыс  ғұн  тармағының  қыпшақ  тілдік  тайпалық  бірлестігінің 
құрамында  қалыптасқан.  Тарихи  тағдыры  жағынан  қарақалпақ, 
ноғай тілдеріне жақын.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ТІЛДЕР  –  Қазақстан  аумағында  128 
тілдің  сөйлеушілері  тұрады.  Ол  тілдер  әр  алуан  Алтай  (түрік, 
монғол  т.б.)  Үндіевропа  (славян,  иран  т.б.)  т.б.  семья,  топ, 
тармақтарына, сондай-ақ агглютинативтік, флективтік, түбір тілдер 
типтеріне жатады. Қазақстандағы тілдік жағдаят теңестірілмеген 
экзоглостық,  демографиялық  әр  алуан  диглоссияны  құрайды. 
Қ.т.  ішінде  мемлекеттік  тіл  мәртебесі  қазақ  тілінде  берілген. 
Қ.т.-ге  қатысты  тіл  саясаты  мен  тілдік  жоспарлау  қазіргі  таңда 
мемлекеттік  бірнеше  құжаттар  мен  актілер  негізінде  реттеледі 
(қар.: Тіл мәртебесі, Тілді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы).

82
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  ТІЛ  САЯСАТЫ  Қазақтанның  бүгінгі 
шындығында өмір сүріп, қызмет етіп отырған генетикалық және 
типологиялық ерекшеліктері бар тілдердің арасында (елімізде 130-
дан астам этнос тұрады) қатар қызмет ететін екі үлкен тіл (қазақ 
және  орыс  тілдері)  бар,  бұл  елдің  көпэтносты  тұрғындарының 
барлық  қажеттілігін  және  тілдік,  демографиялық  және  саяси 
жағдаят  ерекшеліктерін  есепке  алатын  тіл  саясатын  керек  етеді. 
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттегі 
жаңа  саяси  бағыт»  атты  халыққа  Жолдауында  Н.Ә.Назарбаев: 
«Тіл  туралы  жауапкершілігі  жоғары  саясат  біздің  қоғамымызды 
одан  әрі  ұйыстыра  түсетін  басты  фактор  болуға  тиіс»,  –  деді. 
Мемлекеттің  қалыптасу  жылдарында  қабылданған  Қазақстан 
Республикасындағы  тіл  саясатын  реттеу  мен  қалыптастырудағы 
заңнамалық-құқықтық,  нормативтік-құқықтық  актілер  тіл 
саясатының  мақсатын,  бағытын,  міндеттері  мен  кезеңдерін 
анықтайды.  Бұлар  –  Қазақстан  Республикасындағы  Тіл  туралы 
Қазақстан Республикасының заңы (11 шілде, 1997 ж.), Қазақстан 
Республикасы  Президентінің    2001  жылғы  7  ақпандағы  №  550 
Жарлығымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасында  Тілдерді 
дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 
жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан 
Республикасында  Тілдерді  дамыту  мен  қолданудың  2011-2020 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы,  Қазақстан 
Республикасы  Президентінің  1996  жылғы  4  қарашадағы  № 
3186  Өкімімен  мақұлданған  Қазақстан  Республикасындағы  тіл 
саясатының  тұжырымдамасы.  Қазақстан  Республикасының 
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 20 қаңтар, 1998 жылғы қаулысымен 
бекітілген,  барлық  қазақстандықтардың  мерекесіне  айналған 
–  Қазақстан  халқы  тілдерінің  күні  мерекесі  қыркүйек  айының 
үшінші жексенбісінде атап өтіледі. Этникалық тегіне қарамастан 
Қазақстан халқының теңдігін нығайтуға бағытталған бұл мерекенің 
өзіндік маңызы бар. 
«Қазақстан  Республикасындағы  тіл  саясатының  тұжырымда-
масында»  мемлекеттің  тіл  саясатының  мынадай  мақсаттары 

83
анықталды:  «Осы  тұжырымдаманың  мақсаты  –  өтпелі  кезеңде 
тілдердің  сақталу  және  қызмет  ету  саласындағы  мемлекеттік 
саясат  стратегиясын  әзірлеу,  мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ 
тілін  дамытуға  жағдай  туғызу  жөніндегі  мемлекет  міндеттерін 
айқындау».  Тіл  саясаты  тұжырымдамасының  негізгі  міндеті 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясына  сай  тілдік 
дамудың  басым  бағыттарын,  тілдердің  қызмет  ету  тетіктерін 
айқындау болды. Сондай-ақ тұжырымдама бойынша тіл «ұлттық 
мәдениеттің  негізі»  ретінде  анықталса,  Қазақстандағы  тіл 
саясаты «жекелеген этностардың үйлесімді әрі тұрақты дамуына 
бағытталуы  керек»  делінді.  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың 
2001-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының 
басым бағыттағы міндеттері қазақ тілінің нормативтік-құқықтық 
дамуын қамтамасыз ету, терминологиялық және лингвистикалық 
базасын  кеңейту,  жетілдіріп  жүйелеу  болып  табылатындығы 
анықталды. Аталған бағдарлама алдына қойған барлық міндеттерін 
орындады.  Одан  кейінгі  елдің  тіл  саясаты  стратегиясын  орын-
дауды  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылдады. Ол елдегі тілдік 
жоспарлауды жүзеге асыруға бағытталған. Бағдарламада мақсатты 
индикаторлар мен нәтиже көрсеткіштері, алға қойылған мақсатқа 
жету нәтижелерінің жолдары және әр кезеңде жүзеге асырылатын 
қажетті  шаралар  белгіленген.  Мемлекеттік  бағдарламада  қазақ 
тілін сапалы оқытудың мәселелері бойынша нақтылы ұсынымдар 
берілген және оны ғылыми негізде іске асырудың қажеттіліктері 
көрсетілген.  Тіл  дамытудың  негізгі  мәселелері  анықталған  және 
оларды шешудің жолдары көрсетілген. Бірінші мәселе – қоғамдық 
сұранысты  қалыптастыру,  екінші  –  тілдік  қоғамдық  орта  жасау, 
үшінші  –  тілді  оқытудың  сапалылығын  қамтамасыз  ету.  Қазір 
мемлекеттік  бағдарламаның  мақсаты  мен  міндеттерін  жүзеге 
асыруға байланысты жоспарлы жұмыстар жүргізілуде: мемлекеттік 
бағдарламаны  кезеңдік  жоспар  бойынша  жүзеге  асырудың 
шаралары  жасалынды.  Жоғарыда  айтылғандарды  негізге  алсақ, 
бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы тіл саясатының заңнамалық 

84
және нормативтік-құықтық базасы қалыптасқан және тіл дамыту 
саласындағы  мақсат  пен  міндеттері  айқындалған  және  оларды 
жүзеге асыруға бағытталған негізі бар деп айтуға толық негіз бар.
Қара: Тіл саясаты
ҚАЗАҚ-ОРЫС  ҚОСТІЛДІЛІГІ  –  Ресей  империясы  және 
КСРО заманында жүргізілген орыстандыру саясатына байланысты 
Қазақстандағы және Ресейдегі қазақтар арасында кеңінен тараған 
біржақты  қостілділік  құбылысы.  Қазіргі  Қазақстанда  ресми 
деңгейде  халықтың  бұл  қостілділігі  жағымсыз  сипатталмайды. 
Мұны елбасы Н.Назарбаев «ұлттық байлық» санайды, сондай-ақ 
елде үштілділікті (казақ-орыс-ағылшын) дамыту саясатын ұсынды. 
ҚАНАТТЫ  СӨЗДЕР  –  фольклор,  әдебиет,  публицистика  не 
ғылымнан  енген  және  тарихи  қайраткерлердің  айтқан  тұрақты, 
образды, қысқаша сапталған сөйлемдері. Қ.с. деген ұғымды Гомер 
қолданған.  Термин  ретінде  1864  ж.  жарық  көрген.  В.Бюхман 
кітабынан  кейін  қолданыс  тапты.  Қазақ  тілінде  билер  мен 
шешендердің айтқан қанатты сөздері ерекше орын алады. 
ҚАРАИМ ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Қырым, Батыс-Украина, 
Литва,  Польша  тұрғындары  сөйлейді.  Қ.т.  –де  үш  диалекті 
бар:  Қырым,  Таракай  және  Галица,  Әдеби  тілі  қалыптаспаған. 
Қараимдер  көне  еврей,  латын,  орыс  алфавиттерін  пайдаланған. 
Інжіл  қолжазбасы  (аудармасы)  сақталған.  Баспадан  шыққан 
кітаптар ХІХ-ХХ ғғ. жатады. 
ҚАРАҚАЛПАҚ ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Қарақалпақстан, 
Өзбекстан,  Қазақстан  тұрғындары  сөйлейді.  Екі  диалектісі  бар: 
солтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс. 
ҚАРАПАЙЫМ  СӨЙЛЕУ  –  ұлттық  тілдердің  бірі.  Қ.с. 
(просторечие)  диалект,  жаргон  және  халық  говорларымен  бірге 
халықтың ауызекі тіліне жатады. Қ.с. диалектіге тәуелді болмайды. 
Қ.с.  тек  орыс  лингвистикасында  ғана  бар  ұғым,  сондықтан  Қ.с. 
басқа басқа тілдерде болмауы мүмкін. 
ҚАРАПАЙЫМ ТІЛ (ағыл. popular dialectism language)- әдеби 
тілді меңгермеген бүтіндей қала тұрғындарының сөйлеуі немесе 
сөйлеу элементі. Орыс тілінде бұл «просторечие», француз тілінде 

85
Langue populaire деп аталады. Онда арго, жаргон элементтері көп 
қатысады және ол кейде француз тілінің стилистикалық бір түрі 
деп те аталады; қарапайым тіл ағылшындарда nonstandard illierate 
speech – ағылшын тілінің функционалды-стилистикалық бір түрі, 
сленгі; немістерде – Halbmundart, Umgangssprache деп аталады, ол 
неміс тілінің күрделі функционалдық және әлеуметтік белгілерін 
көрсетеді. Қазақ тілінде қарапайым тіл тек ауызша формада және 
көбінесе  тұрмыстық  жағдайларда  қолданылады,  кейде  көркем 
шығармаларда стилдік мақсатта пайдаланылуы мүмкін.
ҚАРАШАЙ-БАЛҚАР  ТІЛІ  –  түркі  тілдерінің  бірі.  Қабарда-
балқар,  Қарашай-Шеркеш,  Қазақстан,  Өзбекстан  тұрғындары 
сөйлейді.  Қ.-б.  т.  әдеби  тілі  1917  ж.  кейін  «ч-ж»  диалектісінде 
қалыптасқан.
ҚАТЕЛЕРДІ  ТАЛДАУ  (грек.  analysis  –  талдау,  бөлшектеу; 
ағылш.  –  error  analysis)  –  тіл  үйренуші  сөйлеуіндегі  меңгеріліп 
отырған тіл нормасы мен жүйесінен ауытқушылықты түзету, түсіну 
үшін  талдау.  Қ.т.  қателіктер  иерархиясын  жасауға  және  оларды 
түзеу  мен  болдырмаудың  тактикасын  игеруге  жәрдемдеседі.  Қ.т. 
өзіндік бағыттары бойынша (қатені талдау – қателерді салыстыру 
және  қарама-қарсы  тілдерді  айту)  контрастивтік  лингвистикада 
қолданылады. 
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  ЖАҒДАЯТЫ  (орыс.  коммуникативная 
ситуация;  ағылш.  communicative  situation)  –  қарым  –  қатынасты 
жүзеге асыратын жағдаят, оны өзгертуге міндеттелген жағдаятты 
сөйлесулерден  құралады.  Сөйлеуші  (қар:  Адресант),  тыңдаушы 
(қар: Адресат), қатынас мақсаты, қатынас сипаты (ресми-бейресми-
достық), қатынас құралы (тіл, диалект, жестілер, мимикалар т.б.), 
қатынас тәсілі (ауызша, жазбаша, интернет т.б.). Қ.-қ.ж. қоғамның 
даму дәрежесіне байланысты, мыс., қатынас салалары әр алуандық 
тән, қарым-қатынас тығыз, ақпарат ағыны күшті урбанизировалық 
қоғамдағы  Қ.-.қ.ж.  (Татарстан,  Башқұртстан,  Чувания)  біршама 
гомогенді  әлеуметтік  құрамды  ауылдық  тұрғындардан  тұратын 
елдердегі (Алтай, Тува, Хакасия). Қ.-қ.ж. маңызды айырмашылыққа 
ие (қар.: Ана тіл, Паралингвистика, Тілдік жағдаят, Тіл саясаты).

86
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС  ОРТАСЫ  (орыс.  коммуникативная 
среда) – салыстырмалы түрде ішкі қарым-қатынастық байланыс-
тары  тұрақты  әрі  жүйелі  және  белгілі  бір  аумақтық  шектен 
шықпайтындығымен  сипатталатын  тарихи  қалыптасқан  этно-
әлеуметтік-тілдік  бірлестік.  «Қарым-қатынас  ортасы»  деген 
таза  әлеуметтік  лингвистикалық  терминнің  «әлеуметтік  топ» 
терминінен мағынасы кең. Қарым-қатынас ортасы бірнеше әлеу-
меттік топтарға бөліне алады. Қарым-қатынас ортасының «әлеу-
меттік топ», «әлеуметтік ұжым», «әлеуметтік бірлестік» сияқ-
ты  бірліктерден  ерекшелігі  ол  қоғам  шегінде  емес,  халық  шең-
берінде қалыптасады. Бұл терминнің мәні сондай-ақ «этникалық 
бірлестік»  ұғымымен  де  сәкес  келмейді:  өйткені  қарым-қатынас 
ортасы этникалық ортамен сәкес келуі міндетті емес.
Қара:  Әлеуметтік  топ,  Әлеуметтік  ұжым,  Әлеуметтік 
бірлестік
ҚОЛДАНБАЛЫ ЛИНГВИСТИКА – тіл қолдану мәселелері-
нің  практикалық  әдістерін  жасаумен  айналысатын  тіл  білімінің 
бағыты. Тіл білімінің дәстүрлі қолданыс мәселелері төмендегідей: 
Жазуларды  жасау  мен  оларды  дамыту,  ауызекі  сөйлеудің 
транкрипциялық жүйесін құру, шетел сөздерінің транслитерация 
жүйесін  жасау,  стенография,  зағиптарға  арналған  жазу  жүйесін 
жасау,  ғылыми-техникалық  терминалогияны  қалыптастыру, 
жаңа  тауар  мен  өнім  атауларының  ережесін  жасау,  аударманы 
жүйелеу,  арнайы  лингвистикалық  сөздіктерді  шығару,  жасанды 
тілдердің пайда болуы мен дамуын зерттеу. ХХ ғ. Қ.л. жоғарыдағы 
мәселелерді  ЭВМ  көмегімен  шешуді  қарастырады.  Осыған  орай 
«Есептік  лингвистика»,  «Инженерлік  лингвистика»  атаулары 
қолданылады. Қ.л.-ның жалпы мәселелері теориялық тіл біліміндегі 
және  алгоритмдік  және  математикалық  лингвистикада  шешімін 
табуға тиіс. Қ.л.-қазіргі бағыттары: тілдің автоматикалық танылуы 
мен  талданылуы,  мәтіндегі  хабарды  автоматикалық  тәсілдердің 
көмегімен  өңдеу,  информатикалық  жұмыстарды  автоматтандыру, 
автоматикалық түрде жасалған сөздіктерді шығару, автоматикалық 
аударма,  реферат  және  аннотациялар  жасау.  АБЖ  (автоматты 

87
басқару  жүйесі)  лингвистикалық  құралын  жасау,  ғылыми-техни-
калық терминологияны стандартқа сай келтіру.
ҚОСТІЛДІ (Билингв) (лат. bi. қос + lingua –тіл; орыс. билингв; 
ағылш. Bilingul) – екі (одан да көп) тілді меңгерген адам (салыс. 
біртілді  (Монолингв).  Қостілді  меңгеру  деңгейі  әр  алуан  болуы 
мүмкін. Екі тілді күллі салаларда тең дәрежеде қолданыла алатын 
қостілділер үшін амбилингв термині (қар: Амбилингвизм), екі тілді 
толық  емес  тілдік  құзіреттіліктегі  қостілділер  үшін  Семилингв 
термині пайдаланады (қар.: Семилингвизм, Билингвизм, Полиглот, 
Қостілділік, Диглоссия).
ҚОСТІЛДІЛІК (орыс. двуязычие; ағылш. bilingualism) – бұл 
да  билингвизм,  яғни  жеке  адамның  немесе  қоғамның  екі  тілді 
қолдануы.  Қостілділіктің  мынадай  түрлері  ажыратылады:  жеке 
адамдық қостілділік – белгілі бір этностың жекелеген мүшелерінің 
екі  тілді  білуі  мен  қолданылуы  және  жаппай  қостілділік  –  екі 
тілді  этностың  басым  қөпшілігін  білуі  мен  қолданылуы;  жеке 
адам тудырған қостілділік және ұжымда өмір сүретін қостілділік; 
аймақтық  қостілділік  –  елдің  белгілі  бір  аудан  тұрғындарының 
екі  тілді  білуі  мен  қолдануы  және  ұлттық  қостілділік  –  елдегі 
сол  этностың  екі  тілді  білуі;  табиғи  қостілділік  –  сол  тілдің 
тұтынушыларының  тікелей  өзара  қатынасының  нәтижесінде  екі 
тілді  білуі  мен  қолданылуы  және  жасанды  қостілділік  –  екінші 
тілді  үйренуге  арнайы  бейімделу  және  әлеуметтік  жағдай  жасау 
нәтижесінде екі тілді білу мен қолдану т.б. Сондай-ақ егер әрбір 
екі тіл биливгте жеке жүйе ретінде өмір сүрсе таза (Л. В. Щерба) 
немесе  үйлестірмелік  (координированное)  қостілділік  (Ч.  Осгуд. 
У. Вайнраих. С. Эрвин т.б.); егер екі тіл бір жүйеге біріксе, аралас 
қостілділік;  және  екінші  тілді  меңгертудің  ерте  дәрежесіндегі 
субординативтік (У. Вайнрайк) қостілділік деп те бөлінеді. Қосымша 
қостілділік (билигв бірінші тілдік құзіретін жоғалтпай екінші тілді 
қолданады) және ауыстырмалы қостілділік (қар: Функционалдық 
қостілділік)  және  этникалық  қостілділік  (этникалық  қостілділік) 
деп  бөлінеді.  Жер  шарының  барлық  тұрғындарының  жартысына 
жуығы қостілді екендігі анықталған. Кейбір елдер үшін қостілділік 

88
өте  аз  кездесетін  феномен  болса  (АҚШ,  Франция,  Ұлыбритания 
т.б.) өзге елдер үшін бұл норма (Индия, Батыс Африка, Тайланд, 
Папуа, Жаңа Гвинея, Колорун т.б.) (қар.: Билингвизм, Көптілділік
Амбилингвизм, Семилингвизм).

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал