Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет5/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ДЕСКРИПТИВТІ  ЛИНГВИСТИКА  (ағылш.  descriptive  –
бейнелеу)  –  құрылымдық  лингвистиканың,  глоссемантиканың 
және  Прагалық  лингвистикалық  мектептің  жалпы  ағымына 
жататын, ХХ ғ. 30-50 жж. пайда болған американдық тіл білімінің 
бір бағыты.
ДЕТЕРМИНИЗМ  (латынның  determinare  –  анықтаймын 
деген  сөзі)  –  тұрмыс  құбылыстарының  жалпыға  ортақ  себепті-
салдарының  анықтылығы  жөніндегі  ілім.  Д.  идеясы  ежелгі 
дүниеде пайда болып, одан бергі барлық ғылыми-жаратылыстану 
және  философиялық  оймен  бірге  келеді.  Демокрит  барлық 
нәрсе  қажеттіліктен  туындайды,  осыны  себептілік  деп  есеп-
теді. Аристотель себептіліктің төрт түрін анықтады: 1) ресми; 2) 
материалдық;  3)  қозғалысты;  4)  мақсатты.  Еуропалық  ғылыми- 
жаратылыстанулық және философиялық ой (Ф.Бэкон, Г.Галилей, Р.
Декарт,
И.Ньютон, Б.Спиноза және т.б.) Д. тұжырымын одан әрі дамытуға 
септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің 
ықпалымен механикалық Д. тұжырымы қалыптасты, оның мәнін 
Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің 
қолданылар  нүктелері  жайлы  бәрін  білетін  ақыл  болса,  онда  ол 
әлемнің өткені мен болашағы туралы да білер еді. Д. екі негізгі түрі 
бар: 1.Қатаң Д. оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған 
салдары,  яғни,  барлық  оқиғалар  алдында  болған  жағдайлардан 
шығады.  Осылайша,  осы  шақтағы  және  болашақтағы  оқиғалар 
өткендегі  оқиғалардай  тұрақты  әрі  өзгермейді.  Бұл  көзқарастың 
шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің 
еркін еркіне негізделген.
2.Жұмсақ немесе бірлескен Д. – Д. ерік еркіндігімен үйлестіріп 
қарастыратын  көзқарас.  Осы  тұрғыдан  алғанда  еркін  іс-әрекет 
моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі 
болып табылады.

47
ДЗЁЁ  КАНДЗИ  –  Жапония  білім  министрлігінің  1981  жылы 
мектепте  үйренуге  арналған  және  1946  жылы  енгізілген  «то:  ё 
кандзи» тізімін ауыстыратын жапон кандзиінің тізімі. Тізім жапон 
балаларының мектепте оқып-үйренетін барлық кандзин қамтыған 
– 1006 кёику кандзи бастауыш мектепте (6 жас) және қалған 1130 
кандзи  орта  мектепте  оқытылады.  1981  жылы  жасалған  тізім 
1945  иероглифті  (барлық  1006  кёику  кандзи  қосқанда)  құрайды. 
2010 жылдың 30 қарашасында білім министрлігі тізімге 196 жаңа 
кандзиді қосып, 5 кандзиді алып тастады. Сонымен тізім ұлғайып, 
осы  күнгі  2136  кандзиға  жетті.  Осы  тізімдегі  барлық  кандзиді 
білсе, ол күнделікті өмірде жапон адамына толық жеткілікті деп 
есептеледі.
ДИАЖҮЙЕ  (орыс.  диасистема)  –  қандай  да  бір  тілдің 
диалектілерін формалды сипаттау. Бұл жоғары деңгейлік (әдетте 
фонологиялық)  жүйе  екі  немесе  одан  да  көп  диалектілік  жүйені 
қамтиды. Бұл терминді У.Вайнрайх енгізген.
ДИАЛОГ  (грек.  dialogos  –  әңгіме,  екі  адамның  сөйлесуі)  – 
екі  немесе  бірнеше  адамның  сұрақ-жауап  ретінде  сөйлесіп,  тіл 
қатысуы.  Д.-тың  сөздік  құрамына  әсер  ететін  факторлардың 
негізгісі  сөзді  қабылдау  не  қабылдамау.  Д.-қа  сөйлемдердің 
мынадай  байланыс  түрлері  тән:  маңыздылық  (сұрақ-жауап, 
толықтыру-түсіндіру-пайымдау-келісу-қарсылық,  сөйлеу  этикеті) 
және  конструктивтілік.  Д.-тілдік  араласудың  табиғи  түрі.  Оның 
генетикалық тегі ауызекі сөйлеуден басталады. Д.-та ақпараттың 
толық  болуы  интонациямен,  ыммен,  мимикамен  де  қамтамасыз 
етіледі. Д.-қа сөз үнемдеу принципі тән болады. Көркем әдебиетте 
Д.-тің  стилистикалық  ерекшеліктерін  жазушының  жеке  стилі 
және  жанрдың  ақпараттық-эстетикалық  нормалары  анықтайды. 
Д.-тің  сыртқы  формасы  (сөйлемдердің  кезектесіп  жұмсалуы) 
философиялық-публицистикалық  жанрға  тән  болады.  Мыс., 
Платонның,  Галилейдің  диалогтары,  қазіргі  дискуссиялар  мен 
интервьюлер.
ДИАЛЕКТ  (грек.  dialektos  –  говор,  наречие)  –  аумақтық 
(аумақтық  Д.)  немесе  әлеуметтік  (әлеуметтік  Д.)  бірлестіктегі 

48
ұжымның  қатынас  құралы  болып  табылатын  тілдің  бір  түрі. 
Аумақтық Д – бұл тілдің аумақтық шектелген және әдеби тілмен 
қатар  қолданылатын  түрі;  тек  ауызша  формада  ғана  өмір  сүреді 
және қатаң нормалары жоқ, стильдік тарамдарға бөлінбейтін тіл. 
Әлеуметтік  Д  –  бұл  әлеуметтік  немесе  кәсіби  бірлескен  ұжым-
ның  қарым-қатынас  құралы;  негізінен  лексика,  семантикалық, 
фразеологиялық  тұрғыдан  ерекшеленеді  (қар:  Агро,  Жаргон, 
Құпия  тілдер),  алайда  фонетикалық  және  құрылысы  бойынша 
әдеби тілден онша алыс кетпейді. 
ДИАЛЕКТИЗМДЕР  –  әдеби  тілге  енбейтін,  аумақтық 
диалектілерге  тән  ерекшеліктер.  Д.-дер  тіл  нормасынан  ауытқу 
деп  есептеледі.  Д.-дің  түрлері:  фонетикалық,  грамматикалық, 
сөзжасамдық, лексикалық (этнографизмдер-тұрмыстық заттардың 
атаулары;  лексикалық  синонимдер,  симантикалық  Д.).  Д.-дер 
көркем әдебиетте стильдік құрал ретінде пайдаланады және әдеби 
тіл  нормаларын  сақтамай  сөйлейтін  адамдардың  ауызекі  тілінде 
кездеседі. 
ДИАЛЕКТОЛОГИЯ (грек. dialektos – говор, наречие + logos- 
ілім)  –  диалекті,  говор,  наречиелерді  зерттейтін  тіл  білімінің 
саласы. 
ДИАЛЕКТІЛІК  КОНТИНУУМ  –  тілдің  бір-біріне  үзілмей 
жалғасқан аумақтық саралануының түрі, көршілес говорлар немесе 
диалектілердің өзара ерекшелігі өте аз мөлшерде болғанымен, олар 
бір-бірінен  алшақ  орналасқан  сайын  арасындағы  айырмашылық 
та  ұлғая  береді.  Соған  сәйкес  түрлі  диалектілік  құбылыстардың 
изоглостары  да  сәйкестенбейді,  диалектілер  арасындағы  шекара 
да болмайды. Д. к. туыстас тілдердің таралу шекарасында тілдік 
континуумға  ауысуы  мүмкін,  нәтижесінде  ол  идеомаларды  бір-
бірінен айырып көрсетуде айтарлықтай проблемалар туындайды.
Қара:  Изоглосса,  Тілдік  континуум,  Тілдердің  аумақтық 
саралануы
ДИАСПОРА (грек. diaspora, орыс. диаспора) – тарихи отанынан 
тыс, жаңа қоныстану ауданында тұратын қандай да бір ұлт (халық, 
ұлыс,  этникалық  бірлік)  бөлігі,  мыс.,  Қытайда,  Монголияда, 

49
Ресейде,  Ауғаныстанда  т.б.  тұратын  қазақ  Д.  түпкілікті  таралу 
шекарасынан  тыс  жердегі  Д.  тілінің  қызметі  мен  қолданылу 
салалары маңызды түрде тарылады. Көбінесе Д. тілдері күнделікті 
(тұрмыстық)  қатынас  құралы,  мерзімді  баспасөз,  радио  хабар, 
көркем  әдебиет,  Интернет  сайттарының  т.б.  тілдері  ретінде 
өмір  сүреді.  Тарихи  отанынан  тыс  елдерде  тұратын  Д.  тілінде 
интерференттік  белгілер  (лексикалық  кірмелер,  фонетикалық 
өзгерістер т.б.) пайда болады, салыст: мыс., Қытайда, Монголияда, 
Түркияда тұратын Д. қазақ тілі; АҚШ немесе Европада тұратын 
Д.  бірінші  халқының  орыс  тілі.  АҚШ  немесе  Европада  тұратын 
интернационализация  процестерінің  және  Ғаламдастырудың 
кеңінен таралуына байланысты Д. тілінің негізгі тілден алшақтау 
процесі  төмендейтіндігі  жорамалданады.  (қар.:  Тілдердің  дивер-
генттік дамуы, Дивергенция). 
ДИАХРОНИЯ  (грек.  diachronos  –  уақыттың  өтуі)  –  тіл 
жүйесінің  тарихи  дамуын  зерттейтін  тіл  білімінің  аспектісі. 
Тіл  білімі  тарихында  Д.  ұғымы  синхрония  ұғымымен  тығыз 
байланысты болған және тіл талдаудағы екі қарама-қарсы аспекті 
мен  көзқарас  деп  түсіндіріледі.  Д.  проблемасын  диахрондық 
лингвистика зерттейді. Дихронды лингвистиканы салыстырмалы-
тарихи  тіл  білімінде  ХХ  ғ.  басынан  бастап  тарихи  фонетика  ал 
кейін тілдегі өзгерістер мен олардың себептерін зерттейтін салаға 
жатқызады. ХХ ғ. екінші жартысында диахрондық көзқарас тарихи 
көзқарастан  бөлек,  тіл  жүйесіндегі  диахрондық  өзгерістерді 
зерттеуге бағытталды. Бұл бағытта тілдегі негізгі заңдылықтарды 
қайта  құру  мен  тілдің  әр  түрлі  жағдайын  зерттеуі,  өз  тәсілдерін 
жасауы көзделген болатын. 
ДИАХРОНДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКА (грек. dia... 
+ chrohos уақыт, орыс. диахроническая социолингвистика, ағылш. 
diachronic sociolingustics) - тілдің пайда болуы мен тарихи дамуы 
заңдылықтарын оның табиғаты мен қызметтік және құрылымдық 
жағын бірдей қатыстырып зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың 
саласы.  Д.ә.л.  тілдің  пайда  болу  және  жоғалу  проблемаларын; 
әлеуметтік лингвистикалық аспектіде нақтылы тілдердің тарихын; 

50
тіл эволюциясының сыртқы және ішкі факторларын және олардың 
өзара  әсерін;  тіл  тарихындағы  стихиялы  және  саналылық  рөлін; 
диахрониядағы тіл саясатын және тілдік құрылысты т.б. зерттейді 
(қар.:  Синхрондық  әлеуметтік  лингвистика,  Глотогенез,  Тілдің 
пайда болуы, Субстрат, Суперстрат, Адстрат). 
ДИВЕРГЕНЦИЯ  (лат.  divergo-бас  тарту,  кету,  орыс. 
дивергенция, ағылш. divergence, divergent evolution) – 1. Жағдайын 
түзетуге  байланысты  олардың  варианттылығын  анықтайтын 
тілдік  бірлік  вариантының  жеке  бірлікке  айналуы.  2.  Тілдердің 
глоттогонияалық дамуы немесе тілдердің дивергентті дамуы (қар.: 
Варинаттылық, Жартылай ұлттық тіл, Тіл варианты). 
ДИВЕРСИФИКАЦИЯ (лат. diversus әр түрлі + fasere істеу, орыс. 
диверсификация)  –  тіл  мәдениетінің  көрінісі  ретіндегі  сөйлеудің 
лексикалық  құралының  әр  алуандылығы,  Д.  коффициенті  –  бұл 
әдеби тілдің даму кезеңіндегі жалпы сөздер санына қандай да бір 
автор мәтіні шегіндегі әр түрлі сөздердің қатынасын көрсетеді. 
ДИГЛОССИЯ  (грек.  di  екі  +  glossa  тіл,  орыс.  диглоссия) 
–  бір  ұлттық  тілдің  әр  түрлі  қосымша  жүйелерін  (әдетте 
кодификацияланған  әдеби  тіл  немесе  стандартты  тіл  VS  мен 
кодификацияланбаған  ауызекі  сөйлеу  тілі,  диалект,  жаргон) 
сол  тілдің  варианты)  меңгеру  және  оларды  жағдаятқа  және 
қатынас  салаларына  қатыссыз  қолдану  (бұл  ішкі  тілдік  Д.  деп 
аталады); тілдің қызметі мен қолданылу салаларына байланысты 
теңестірілмеген қостілділіктің ерекше түрі. Д. ұғымы мен терминін 
Ч. Фергюсон ұсынған болатын (араб, жаңа грек, швейцар, неміс 
Гаитидің  креолдық  аралдарындағы  тілдік  әр  түрлілікті  сипаттау 
кезінде),  оны  Дж.  Гамперц,  Дж.  Фишман,  А.В.  Исаченко, 
Б.А.Успенский,  Л.П.Красин  дамытты.  Д.  Кезінде  тіл  таңдау 
көбінесе  сөйлеушілердің  этникалық  шығу  тегіне  қарай  емес, 
қатынас  жағдаятына  байланысты  болады.  Д.  жарқын  мысалын 
араб елдерінен байқауға болады: араб тілі екі формаға ие: біреуі 
көркем әдебиет, баспа, радио,теледидар т.б. қызмет етсе, екіншісі 
(классикалық араб тілі, Құран тілі) дипломатияда және ғұрыптық 

51
мәдени сөйлеуде қолданылады (қар.: Қостілділік, Тілдік жағдаят, 
Көптілділік).
ДИМОТИКА́ (гректің ðimotiˈci – халықтық тіл деген сөзі) – 
грек  тілінің  қазіргі  халықтық  сөйлеу  тілі.  Термин  1818  жылдан 
қолданылып  келеді.  Д.  1976  жылға  дейін  грек  тілінің  ресми 
стандарты болған жасанды, көне кафаревуске қарсылықты түрде 
көне грек тілінен табиғи түрде дамып жетілген грек тілінің өмір сүру 
формаларының бірі болып табылады. Тілдік мәселе Д. пайдасына 
шешілгенге дейін грек тілінің осы екі өмір сүру формасы бірін-бірі 
толықтырып диглоссия үлгісінде қолданылып келді.
ДИСКРИМИНАЦИЯ  (лат.  discriminatio  –  бөлектеу,  орыс. 
дискриминация, ағылш. Discrimination) – ұлттық белгісі, әлеуметтік 
тегі,  саяси  және  діни  көзқарасы,  жынысы,  жасы  және  басқа  да 
белгілері бойынша елдің жекелеген адамын және тұрғындарының 
белгілі  бір  категориясын  теңдіктен  айыру,  құқықтық  шектеу.  Д. 
кейбір  тұрғындардың  азаматтық  алуына  қарсылық  білдіруден, 
этникалық  және  тілдік  белгісі  бойынша  қызметке  алудан  бас 
тартудан көрінуі мүмкін т.б. (қар.: Сегреция, Апартиед, Лингвоцид, 
Сексизм).
ДИСКУРС (фр. Discours – сөйлеу, айту, орыс. дискурс, ағылш. 
Discourse) – 1. Сәтті қарым-қатынас үшін тілден тыс факторларды 
(әлеуметтік,  мәдени,  психологиялық)  өзіндік  мақсатына  қарай 
барынша толық қарастыратын сөйлеу, нақтылы мәтін.  2. Әуеніне, 
интонациясына  және  т.б.  белгілеріне  сәйкес  мәтіндік  материал-
дарды ұйымдастыру.
ДИСКУРСИВТІК (фр. Discoursus – талқылау, пайымдау, орыс. 
дискурсивный)  –  1.  Өткенге  қатысты  және  кейінгімен  аралас, 
кезектес  келетін  логикалық  звеноларға  негізделген  талқылаулар.  
2. Дискурсқа жататындар. 
ДИСФЕМИЗМ  (грек.  dis…+  pheme  –  сөйлеймін,  орыс. 
дисфемизм,  ағылш.  Dysphemism)  –  орнына  эвфемизмдер  қол-
данылатын,  ғұрыппен  немесе  сыпайы  сөзбен  тиым  салу  (қар.: 
Табу, Обсцендік лексика, Инвектива, Вульгаризм).

52
Е
ЕВРЕЙ  ТІЛ  БІЛІМІ  ДӘСТҮРІ  –  Таяу  Шығыста  және 
Еуропада  қалыптасқан  (І-Х  ғғ.)  көне  еврей  тілін  зерттеудегі 
тәсілдердің  жиынтығы.  Көне  еврей  тілі  туралы  лингвистикалық 
мағлұматтар  мақталмаған.  Осы  тілде  жазылған  әдеби  мәтіндер 
Көне Өсиеттен (Ветхий Завет) белгілі болғандықтан, ІІ ғ. аяғында 
канондық  мәтіндерге  айналды.  Көне  Өсиеттен  соң  жазылған 
әдебиеттер  (Талмуд  әдебиеті)  оның  тілінен  ерекше  болады,  ал 
олардың  кей  бөліктері  арамей  диалектісінде  жазылғаны  белгілі. 
Осы жағдайда қасиетті мәтіндерді арамей тіліне аудару басталды. 
Дәстүрлі  мәтін  зерттеушілер  (масореттер)  Көне  Өсиет  мәтінінің 
дұрыс аударылуын қадағалап отырған, ол үшін сөздердің жазылуы 
мен оқылуын кітап беттерінің шетіне жазып белгілеп отырған. Х 
ғ. бастап Көне Өсиет мәтіні көне еврей тілін сипаттайтын негізгі 
кітап ретінде қабылданатын болды. Көне еврей тілінің ең алғашқы 
грамматикасын  жасаған  Саадия  Гаон  (Х  ғ.  басы)  философ  және 
филолог болған. Ол Көне Өсиетті арабшаға аударған, әріптердің 
барлығын 11 түбірлі және 11 көмекші деп бөлген. Араб үлгісімен 3 
сөз табын: есім, етістік және демеулік шылауларды белгіленген. С. 
Гаон көне еврей етістігінің парадигмасын ұсынады, түбірлі және 
каузативті сөзтұлға қатарын жасайды. Испан елінде Х ғ. ортасында 
зерттеуші Менахем бен Сарук түбірлердің сөздігін құрастырады. 
Араб  тілінде  жазатын  филолог  Йегуда  бен  Дауд  Хайюдж  ХІ  ғ. 
басында  көне  еврей  тілінің  ғылыми  зерттеулерін  бастайды.  Өз 
монографиясының  негізгі  категорияларын  бөліп  қарастырды, 
алғаш  рет  түбір  сөздің  құрамын  анықтады.  Хайюдждың  шәкірті 
Абуль Уалид Мерван ибн Жанах араб тілінде жазған, көне еврей 
тіліне толық ғылыми сипат беруге көңіл бөлді. Ол еврей тілін араб, 
арамей, мишна тілдерімен салыстыра зерттейді. 
ЕВРОПА  ТІЛ  БІЛІМІ  ДӘСТҮРІ  –  европалық  ғылым  және 
мәдениет  шеңберінде  тарихи  қалыптасқан  тіл  зерттеу  принцип-
тері мен тәсілдердің жиынтығы. Е.т.б.д.-дің бағыттары мен мек-

53
тептерінің көптігіне қарамастан өзіндік «батыстық» дәстүрлік тіл 
зерттеу  бағыты  бар.  Бұл  дәстүр  «шығыстық»  дәстүрге  қарама-
қарсы.  Негізінен  Е.т.б.д.-нің  өз  бастауын  антикалық  тіл  білімі 
дәстүрінен  алады.  Е.т.б.д.  тривий  (латын  тілі  грамматикасы, 
риторикасы, логикасы) негізінде қалыптасады. VI ғ.-да бұл жүйе 
«энциклопедия» немесе «еркін жеті өнер» бөлігі ретінде, тривий 
мен  кваривий  (музыка,  арифметика,  геометрия,  астрономия) 
негізінде қалыптасады. 
Антикалық білімді канондық білімге айналдырғандар Капелла 
мен  Боэций  деп  есептеледі,  ал  кейін  Эдин  Донат  пен  Присциан 
грамматикасы  да  қолданылады.  Боэций  Аристотельдің  негізгі 
мәтіндерін латын тіліне аударды. Бұл аудармалар бүкіл Еуропаның 
логикалық ілімінің даму негізін қалады. 
Батыс  Еуропадағы  Е.т.б.д.-де  мынадай  кезеңдер  болған.  1) 
VI–XII  ғғ.  схоластикалық  логиканың  пайда  болуы;  грамматика-
жазу, оқу үшін көмекші құрал ретінде қарастырылды; 2) ХІІ–ХІV 
ғғ.  Ренессанс  алдындағы  кезең.  Еуропа  ғалымдары  Аристотель 
еңбектерімен танысады; грамматика – философияның бөлігі болып 
табылады,  адамның  ойлау  қабілетін  зерттеуде  оның  маңызы  өте 
зор болды. Грамматиканың философиялық концепциясы жасалды. 
(Р.Бекон),  Петр  Испанскийдің  логикалық  идеялары  негізінде  ең 
ірі  «модистердің»  логика-грамматикалық  мектебі  дүниеге  келді. 
(ХІІІ  ғ.);  3)ХV–ХVІ  ғғ.  Ренессанс  кезеңі.  Ұлттық  тілдерге  назар 
аударылды.  Оларды  «байытып,  даңқын  арттыруға»  талпыныс 
күшейді,  оларды  «классикалық»  -  грек,  латын  тілдерімен  бір 
қатарға  қойғысы  келді.  Канондық  мәтіндер  әдеби,  халықтық 
тілдерге  аударылды,  сол  тілдердің  грамматикалары  жасалды. 
Италия, Франция, Испания елдерінде тіл зерттейтін академиялар 
ашылды;  4)  ХVІІ–ХVІІІ  ғғ.  немесе  «рационалдық»  кезең. 
Ғылымдағы «Декарт революциясы» филологияғада әсерін тигізді. 
Олар зерттеулерінде жаңа «ойға негізделген» логика-рациональды 
принциптерді  жасауға  кіріседі.  Соны  кезеңде  тілдер  туыстығы 
жөнінде  түсініктер  пайда  болды,  олар  өз  кезегінде  тарихи-
салыстырмалы  лингвистиканың  пайда  болуына  әсерін  тигізеді. 

54
Христиан шіркеулерінің батыс және шығыс шіркеулеріне бөлінуі, 
Еуропада  екі  ірі  мәдени  ошақтың  (грек  –  славян  және  роман  – 
герман) пайда болуына себепші болды. 
ЕВРОПАЛЫҚ  ТІЛДІК  ҚОРЖЫН  (орыс.  европейский 
языковой портфель) – жеке адамның әр түрлі құзіретін және өз тілі 
мен мәдениетіне қатынасын бағалауға көмектесетін құжаттар (тіл 
паспорты, тіл өмірбаяны, тілдік мәлімет) жинағы. Е.т.қ. Европалық 
Кеңес  қабылдаған  терминдердегі  тілдік  құзіретті  бағалауға 
жәрдемдеседі,  барлық  деңгейде  тілдерді  және  мәдениет  аралық 
қатынастарды  зерттеуді  қолдауға  үндейді,  сондай-ақ  Европаның 
осы  заманғы  тілдерін  меңгерудегі  біртұтас  білім  беру  кеңістігін 
қалыптастыруға  көмектеседі.  Е.т.қ.  үш  жоғары  жастағы  топтар 
үшін  жасалады.  Е.т.қ.  пайдалана  отырып  оқушылар  өздерінің 
тіл  меңгеру  деңгейлерін  европалық  нормамен  жетілдіруге 
мүмкіндік алады, білімі мен талабын жетілдіру, жеке жұмыстарын 
ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтайды. Әрбір елде Е.т.қ. 
варианттары  қабылдануда,  мыс.,  Е.т.қ.  құрамдас  бөлігі  болып 
табылатын  Ресейлік  тілдік  қоржын  версиясын  Европалық  Кеңес 
жобасы шегінде шведцарлық жоба бойынша Москва мемлекеттік 
лингвистикалық  университеті  жасаған  (қар.:  Екінші  тіл,  Тіл  – 
мақсат).
ЕГИПЕТ ЖАЗУЫ – көне египет тілінде (б.э.д. 4000 ж. – б.э. 
ІІ-ІҮ ғғ.) қолданған сөз-буын жазу жүйесі. Оның негізін 500-дей 
белгі-сурет құрайды. Олар әр белгі сөзді және дыбысты белгілейді. 
4000 ж. аяғында орфографиялық жүйе жасалды, оның мақсаты: 1) 
бір белгі бір сөзді белгілейді, ол үшін белгіге тік сызықша қосылып 
отырады; 2) басқа белгілер идеограмма ретінде бір немесе бірнеше 
сөзді белгілейді. Б.э.д. ҮІІ ғ.-дан бастап иератика негізінде жаңа 
жазу – демотика пайда болды.
ЕКІЖАҚТЫҚ/ТЕҢ ҚОСТІЛДІЛІК (лат. Paritas – тең, орыс. 
паритетное двуязычие) – қостілдіктегі екі тілдің әлеуметтік қызметі 
көлемінің бірдей теңдікте болуы.
ЕКІНШІ ТІЛ (ағыл. second language, орыс. второй язык) – 1. 
адамдардың  жас  кезінде  меңгеру  тәртібі  бойынша  (билингвтің 

55
тілдерді  меңгерудегі  жекелік  уақыты  бойынша)  екінші  үйренген 
тілі.  Е.т.  –  бұл  бірінші  тілден  кейін  меңгерілген  тіл.  Осыған 
қарағанда  Е.т.  ана  тілімен  сәйкес  келуі  де  келмеуі  де  мүмкін.  2. 
Қостілділік кезіндегі тілдік компетенция деңгейі бойынша Е.т. – 
бұл  басым  тілге  қатыстылығы  жағынан  қосымша  тіл.  Мұнда  да 
ол ана тілімен сәйкес келуі де келмеуі де мүмкін. 3. Оқу орнында 
үйрену тәртібі бойынша Е.т. – бұл екінші шет ел тілі, білім алудың 
мақсатты тілі (қар.: Базалық тіл). 
ЕКІНШІ ТІЛ (орыс. второй язык) – жеке адамның ана тілінен 
кейін  меңгерген  тілі.  Өмірдегі  жағдаяттаға  байланысты  бұл  тіл 
екінші  тіл  болып  қалуы  да,  қолданылуы  жағынан  бірінші  тілге 
айналуы да мүмкін.
Қара:  Билингв,  Билингвизм,  Ана  тілі,  Бірінші  қолданыстағы 
тіл. Меңгерілген тіл
ЕУРОПАНЫҢ  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  АТЛАСЫ  (халық-
аралық атауы Atlas Linguarum Europae (ALE) –Еуропада таралған 
барлық  тілдердің  лексикалық  және  грамматикалық  ерекшелігін 
картаға  түсіруге  арналған  зерттеу  жобасы.  Атлас  Исландиядан 
бастап  Ресейге  (Уралға)  дейін  51  елдің  аумағын  қамтиды. 
Лингвистикалық мәліметтер 2634 пункт бойынша жинастырылған. 
Зерттеу  аталмыш  аумақта  таралған  тілдердің  үндіеуропа,  орал, 
алтай,  баск  және  семит  әулеттерін,  сондай-ақ  кавказ  тілдерін, 
барлығы  90  тіл  мен  диалектіден  тұратын  22  тілдік  топты 
қамтыған. Бұл лингвистикалық картография тарихындағы бұрын 
қарастырылмаған аумақтар кеңдігі бойынша, сондай-ақ қамтылған 
тілдер саны жағынан ірі көлемдегі халықаралық зерттеу жобасы 
болып табылады. Жобаға 47 ұлттық (жалпымемлекеттік) комитет, 
сондай-ақ азшылық ұлыстар тілдері үшін арнайы құрылған төрт 
комитет  қатысады.  Жоба  нәтижесі  шолу  шығарылымдары  мен 
лингвагеграфиялық карта томдары енген «Atlas Linguarum Europae» 
атты көптомдық басылым болып саналады. 1975 жылдан 2002 жыл 
аралығында кіріспе, екі том сауалнама, бір шолу томы және алты 
том карта және оған берілген түсініктемелері жарияланды; жетінші 
томы баспаға әзірленуде. 1990 жылдардың басында басылымдар 

56
Ассенде,  одан  кейін  Римде  шығарылды.  Жобаның  ресми  тілдері 
(картаға жазылатын түсініктемелер тілі) француз, ағылшын және 
неміс тілі болып табылады. 
Ж
ЖАЗУ  –  графикалық  элементтер  арқылы  хабарды  (информа-
цияны)  сақтап,  белгілі  бір  қашықтыққа  жеткізілуін  қамтамасыз 
ететін белгілер жүйесі. Алғашында хабар жеткізу үшін басқа әдістер 
қолданылған, мыс., пиктография, бирка, керту, вампун, кипу т.б. 
Ж. жүйесіне белгілердің тұрақтылығы тән, мұнда әр белгі бір сөзді 
не  бірнеше  дыбысты  белгілейді.  Жазудың  негізгі  төрт  түрі  бар: 
идеографиялық,  сөздік-буындық  (лигографиялық-силлабикалық), 
силлабикалық және әріптік-дыбыстық (алфавиттік) жазу.
ЖАЗУЫ ЖОҚ ТІЛ (орыс. Бесписьменный язык) – жазу дәстүрі 
жоқ, жазуға ие емес тіл; Ж.ж.т.-де кең әлеуметтік-коммуникатив-
тік қызмет пен маңызды санды сөйлеушілерге ие болуы мүмкін, 
мыс., шугнан тілі (шығыс-иран тілдер бұтағы) Батыс және Шығыс 
Памирмен жалғас Пяндж өзенінің сол және оң жағалауларындағы 
жазықтар  мен  Аган  Бадахшанда  кеңінен  таралған;  Эвенкий 
(вепский) тілі т.б. (қар.: Жазба тіл, Жаңа жазулы тіл, Көне жазулы 
тіл). 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал