Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет4/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ВУЛЬГАРИЗМ – дөрекі сөйлеу.
Г
  
ГАГАУЫЗ  ТІЛІ  –  түркі  тілдерінің  бірі.  Негізінен  Молдова 
(Комрат,  Шадыр-Лунк,  Вулканешт,  Бессараб  аудандары)  және 
Украинаның  Измайл  облысында  тараған.  Екі  диалектісі  бар: 
шадыр лунк-комрат (орталық) және вулканешт (оңтүстік). Аралас 
говорлар  да  кездеседі.Г.т.-нің  лексикасында  араб,  парсы,  грек, 
славян, роман тілдерінен енген сөздер көп кездеседі. Г.т. халықтың 
ауызекі тілі ретінде қызмет етеді. Орыс графикасындағы жазу 1957 
жылы енгізілді.
ГЕНЕРАТИВТІ  ГРАММАТИКА    қар.:  генеративті  лин-
гвистика. 
ГЕНЕРАТИВТІ  ЛИНГВИСТИКА  (лат.  generativus  –  туын-
даушы) – ХХ ғ. 50-60 жж. Н.Хомский идеялары негізінде лингвис-
тикада  пайда  болған  формальді  бағыттың  бір  тармағы.  Г.л.-да 
тіл  формальді  модель  (үлгі)  ретінде  қарастырылыды.  Тілдегі 
формалдымоделдің негізгі – өзгеріс жасаушы (туындаушы) грам-
матикалар немесе өзгерістік грамматикалар. Бұл теория АҚШ-та 
американдық  дескриптивизмге  және  сөйлемді  құрамына  қарай 
синтаксистік  талдау  тәсіліне  жауап  ретінде  дүниеге  келді  (қар.: 
Дескриптивті лингвистика). 

36
ГЕНДЕР  (ағылш.  gender  –  род,  жыныс,  орыс.  гендер)  –  таза 
тілдік  категория  болып  саналғанымен  (кейде  мәдениет  концепті 
ретінде қарастырылады) тілдік формалар мен мағыналарда көріне 
алатын  әлеуметтік  (әлеуметтік-мәдени)  жыныс;  Г.  әлеуметтік 
философия, әлеуметтану, тарих, саясаттануда әлеуметтік жынысты 
биологиялық жыныстардан бөлектеу үшін қолданылады. 
Гендерлік  зерттеулер  тіл  білімінде  пәнаралық  мәнге  ие  (қар.: 
Гендерлект, Әйелдер тілі, Сексизм, Гендерлік лингвистика).
ГЕНДЕРЛЕКТ  (ағылш.  gender  –  род,  жыныс  +  (dia)  lektos  – 
диалект,  орыс.  гендерлект)  –  ер  немесе  әйел  тілі;  бір  этникалық 
тіл,  ұлттық  тіл  шегіндегі  әйел  немесе  еркектің  лексикалық, 
эмоционалдық-экспрессивтік,  грамматикалық,  стилистикалық 
ерекшеліктері. (қар.: Гендер, Гендерлік лингвистика, Сексизм).
ГЕНДЕРЛІК  ЛИНГВИСТИКА  (орыс.  гендерная  лингвис-
тика,  ағылш.  Gerder  Linguistics)  –  тілдің  жыныс  бойынша  түрлі 
тұтынушыларына  байланысты  тілдік  құбылыстарды  зерттейтін 
ерекше лингвистикалық пән (қар.: Әйелдер тілі, Гендер, Гендерлект, 
Сексизм).
ГЕНОЦИД (genos mer + лат. caederd – өлтіру, сөзбе-сөз алғанда 
тегін, тайпасын жою, құту, орыс. геноцид) – халықтың жекелеген 
тобын нәсілі, ұлты, этносы, тілі мен діні бойынша жою, сондай-ақ 
осы топтарды түгелдей немесе біртіндеп табиғи жоюға есептелген, 
ойластырылған  әрекеттер;  биологиялық  геноцид  –  бала  тууды 
болдырмауға  арналған  шаралар.  Апертеиданың  кейбір  актілері 
геноцид болып табылады. 
«Генецидтік  қылмыстың  алдын  алу  және  ол  үшін  жазалау 
туралы» халықаралық конференция (1948 ж) геноцидтік қылмыс 
жасаушыларға  халықаралық  жауапкершілікті  белгілейді.  Тілдік 
геноцид  мысалына  Франциядағы  Ұлы  төңкеріс  кезеңіндегі  «ұлт 
тұтастығы»  үшін  аймақтық  тілдер  мен  диалектілерді  толықтай 
жою  идеясын  атауға  болады.  Онда  барлық  ресми  құжаттар 
арнайы  декретке  (1794)  сәйкес  тек  француз  тілінде  жазылып, 
толықтырылған (қар.: Лингвоцид, Дискриминация, Сегреция).

37
ГЕРМАН  ТІЛДЕРІ  –  үндіеуропалық  тілдердің  батыс  ареа-
лына  жататын  туыстас  тілдер  тобы.  Г.т.  үш  топқа  бөлінеді: 
солтүстік,  (швед,  дат,  норвеж,  исланд,  фарер),  батыс  (ағылшын, 
неміс,  нидерланд,  люксембург,  африкаанс,  фриз,  идиш)  және 
шығыс  тілдері  (өлі  гот,  бургунд,  вандал,  гепид,  герул),  Г.т.-нің 
ерекшеліктері: бірінші буынға түсетін динамикалық екпін; екпінсіз 
буындардың  редукциясы  (әлсіреуі);  дауыссыздардың  жылжуы; 
аблаутты  кең  пайдалануы.  Қазіргі  Г.т.-де  жалпыгермандық 
вокализм жүйесі (і,u,a,i,u,ae,j,eu,ai,au) өзгеріске ұшыраған. Г.т.-не 
қысқа  және  созылыңқы  дауыстылардың  оппозициясы  (қарама-
қарсылығы) тән. Барлық Г.т.-де (швед тілінен басқа) дифтонгтар 
кездеседі. 
Г.т.-нің грамматикалық қатарына аналитизм тенденциясы тән. 
Оның айқын көрнісін есімдіктердің септелуінен байқауға болады. 
Септеу категориясы Г.т. жалпы септік пен ілік септіктердің қарама-
қарсылығымен сипатталады (ағылш, дат, швед, норвеж, нидерланд, 
фриз). 
Төрт септіктен тұратын жүйе тек неміс, исланд, фарер тілдерінде 
сақталған, ал африкаанс тілінде септеудің көрінісі жоқ. Г.т.-де септік 
қатынастар сөз тәртібі мен префикстік құрылыс арқылы беріледі. 
Род  категориясы  Г.т.-нің  бесеуінде  ғана  бар  (неміс,  норвеж,  дат, 
нидерланд, фриз тілдері) Ал швед, дат, нидерланд, фриз тілдерінде 
екі «род» түрі бар: жалпы және орта. Ағылшын және африкаанс 
тілдерінде род категориясы жоқ. Барлық Г.т.-де артикаль болады. 
Герман  етістігінің  септелу  жүйесінде  етістіктің  претират  жасау 
тәсіліне  байланысты  «әлді»  немесе  «қате»  етістіктер  дентал 
суффиксін қолданады. Шақ тұлғалар жүйесі – презене, претират, 
плюкс-вамперфект,  келер  шақтың  І  және  ІІ,  өткен  шақтық  келер 
шақтың  І,  ІІ  біріктіреді.  Исланд  тілінде  –  келер  шақ  тұлғасы, 
африкаанста – флективті претират болмайды. Тек ағылшын тілінде 
ғана шақтық ерекше ұзақ тұлғалары бар. Ең көп шақ тұлғалардың 
түрі  16,  ең  аз  –  дат  және  африкаанс  (6)  тілдерінде  кездеседі. 
Жай  сөйлем  құрылымында  сөз  тәртібі  қатаң  сақталады  (ағылш, 
африкаанс). Г.т.-нің лексикасындағы кірме сөздердің ең алғашқы 

38
қатпарларында  кельт,  латын,  грек  сөздері,  ал  кейінгі  қабатында 
латын, француз тілдерінен енген сөздер бар. Лексиканың таза (ол 
бастағы) германдық негізі исланд тілінде сақталған. Бұл тілде кірме 
сөздер жоқтың қасы. Ағылшын тілінің сөздік құрамында скандинав, 
латын, француз, сөздері көп кездеседі. Аффикс арқылы жасалатын 
есімдіктің  сөзжасамында  суффикс,  ал  етістік  сөзжасамында  – 
префикс  пайдаланылады.  Конверсиялық  сөзжасам  ағылшын 
тілінде ғана жақсы дамыған. Г.т.-нің даму тарихын шартты түрде 
үш кезеңге бөлуге болады. 1. Көне кезең (жазудың пайда болуынан 
– ХІ ғ. дейін) – тілдердің қалыптасуы. 2. Орта кезең (ХІІ-ХV ғғ.) 
–  Г.т.-де  жазудың  дамуы  және  тілдердің  әлеуметтік  қызметінің 
өрісі кеңеюі; 3. Жаңа кезең (ХҮІ ғ. бастап қазіргі уақытта дейін) 
– ұлттық тілдердің қалыптасуы мен нормаға түсуі. Ұлттық тілдің 
қалыптасуы Англияда – XVI–XVII ғғ., скандинав елдерінде – XVI 
ғ., – Германияда – XVIII ғ.-да аяқталған. Норвегияда әдеби тілдің 
екі түрі бар: риксмол (1929 ж. бастап букмол) және лнасмол (1929 
ж. бастап нюнер). Ағылшын тілінің әдеби түрі Канадада, АҚШ-
та, Австралияда пайда болды. Австрияда неміс тілінің австриялық 
түрі,  ал  Шведцарияда  -  шверцар  диалектісі  бар.  Люксембургте 
люксембург тілі ұлт тілі статусын иеленді. (1984 ж.) Герман жазба 
ескерткіштері «руналық» жазумен жазылған: үлкен руналар (VIII 
– IХ ғғ.), кіші руналар (ІХ – ХІІ ғғ.) пунктуальды руналар (ХІ – ХІІІ 
ғғ.)  және  гот  алфавиті  (ІVғ.)  Латын  грфикасы  христиан  дінімен 
бірге Англияға – VII ғ., скандинав елдеріне – ХІ ғ., Германияға – 
VIII ғ. келген.
ГЕОСАЯСИ  САНА-СЕЗІМ  –  жеке  адамның  суперэтносқа 
жататынын ұғынуы, жете түсінуі.
Қара:Ұлттық сана-сезім, Мәдени сана-сезім, Суперэтнос
ГЕТЕРОМОРФ ТІЛДЕР (грек. hetero – өзге, басқа + morphe 
–  форма  (түр)  сөзбе-сөз  алғанда  алуан  құрылымды,  орыс. 
гетероморфные языки, ағылш. hybrid language) – әр түрлі тілдер 
типіне  жататын  тілдер,  яғни  типологиялық  (құрылымдық)  әр 
алуан тілдер. Мыс., орыс (флективті) және қазақ (аггюнатинативті) 
тілдер Г.т. ретінде классификацияланады (топтастырылады) (қар.: 
Гемоморф тілдер. Тілдік жағдаят, Тілдер классификациясы).

39
ГЕТЕРОГЕНДІ  ЭТНОС  (орыс.  гетерогенный  этнос,  ағылш. 
Heterogencous) – тілдік жағынан әр алуан этнос ,мыс., Қазақстан 
халқы – (салыст: Гемогендік этнос) 
ГЕТРЕРОГЕНДІ ТІЛДЕР (грек. hetero – өзге, басқа + genes 
біркелкі  емес,  орыс.  гетерогенные  языки,  ағылш.  heterogencous 
language)  –  туыстас  емес,  сондықтан  жақын,  ұқсас  тілдер  емес. 
Мыс.,  орыс  (словян)  және  қазақ  (түркі)  тілдері  гетрерогендік 
тілдер  ретінде  классификацияланады.  (қар.:  Гомогендік  тілдер, 
Гетероморф тілдер, Тілдік жағдаят) 
ГЛОССАРИЙ  (лат.  glossarium  –  сөздік,  орыс.  глоссарий, 
ағылш. Glossary) – қандай да бір мәтіннің немесе оның үзіндісінің 
түсіндірме  сөздігі.  Мыс.,  жазба  ескерткіштің  Г.,  Екінші  тіл 
оқулығының мәтіннің Г.
ГЛОТТОГЕНЕЗ (грек. glotta – тіл, сөйлесу + genesis – пайда 
болу, орыс. глоттогенез, ағылш. Gllottogenesis) – 1. Өзге таңбалар 
жүйесінен ерекшеленетін адамзаттың табиғи дыбыс тілінің пайда 
болу процесі. Г. теориясы антропологтар мен паленеверолгтардың 
бірлесуімен ХХ ғ. бойында жасалды. (А. Тромбетти, Б. Розенкранц) 
1984  ж.  Г.  зерттеу  бойынша  халықаралық  қоғам  Парижде 
құрылды.  Г.  зерттеу  нәтижесінде  ғалымдар  табиғи  дыбыстық 
тілдің пайда болуына, оның алғашқы адамдар мен бүгінгі адамдар 
арасындағы  дыбыстауларына  жақын  екендігіне  мақсатты  түрде 
жатқызады. (Home sapiens шамамен 100 мың жыл бұрын). 2. Тілдің 
диахрониялық  әлеуметтік  лингвистиканың  пәні  ретінде  пайда 
болуы  (құрылуы).  Г.  мынадай  факторлар  сипатталған:  тарихи-
гендік  (қар:  Дивергация),  тілдік  қатынас  (қара:  Билингвизм, 
Интерференция),  тіл  кодификациясы  +  стандартталуы  (қара:  Тіл 
саясаты,  Тілдік  жоспарлау),  диалектілердің  бөлінуі  (миграция, 
изоляция, басып алу), пиджиндердің, креол тілдердің қалыптасуы, 
ұлттың  қалыптасуы,  этникалық  тұтастық  +  сәйкестілік,  діни 
ағымдар,  жаңғырту,  жеке  адам  қызметінің  нәтижесі  (Дамге, 
Лютер,  К.Ататүрік  т.б.)  сауда  қатынасы,  құлдық,  плантациялық 
шаруашылық,  сондай-ақ  халықаралық  жасанды  тілдері  жасау 
жоспары (қар.: Тілдің пайда болуы, Тіл моногенезі, Тіл Онтогенезі, 
Тіл филогенезі).

40
ГОВОР  (ағылш.  subdialeet)  –  тілдің  шағын  аумақтық  түрі, 
селолық типтегі бір немесе бірнеше елді-мекендегі тұрғындарының 
тұрмыстық  қатынас  құралы.  Белгілі  бір  тілдегі  Г.  жиынтығы 
диалектіні құрайды (қар.: Наречие, Тілдің дивергентті дамуы)
ГОМЕГЕНДІК  ТІЛДІК  АХУАЛ  –  туыстас  тіллдер  компо-
ненттерін қамтитын тілдік ахуал, сысалыс., Воронеж облысында 
–орыс  және  украин  тілдері;  Мордва  республикасында  –мордва 
мокшасы мен мордвалық эрзя тілі.
Қара: Гетерогендік тілдік ахуал, Тілдік ахуал.
ГОМЕГЕНДІК ТІЛДІК  ҰЖЫМ – қандай да бір әлеуметтік 
лингвистикалық  белгілерінің  (немесе  олардың  жиынтығының) 
бөліп-жаруға  болмайтын  ұжым  түрі.  Мыс.,  бір  сыныптың  оқу-
шыларын  жасы,  білімі,  этникалық  тегі  жағынан  бірдей  деп 
сипаттауға болады. 
Қара:Гетерогендік тілдік ұжым, Тілдік ұжым.
ГОМОГЕНДІК ТІЛДЕР (грек. homogenes – бірдей, бірыңғай, 
орыс.  Гомогенные  языки)  –  туыс  және  сондықтан  типологиялық 
ұқсас  тілдер.  Мыс.,  қазақ  және  қырғыз  тілдері  түркі  тілдеріне 
жатады.  Г.т.  ретінде  қарастырылады.  (қар.:  Гетерогендік  тілдер, 
Гомоморфтік тілдер, Тілдік жағдаят).
ГОМОГЕНДІ ЭТНОС (грек. homo-бірыңғай, бірдей, бірыңғай, 
орыс. гомогенный этнос) – тілдік жағынан бірыңғай этнос / халық. 
Мыс. Венгрия Г.э. (қар.: Гетерогенді этнос).
ГОМОМОРФ  ТІЛДЕР  (грек.  homo  –  бірыңғай,  бірдей  + 
mophe – құрылым, орыс. гомоморфные языки) – бір типологиялық 
кластағы тілдер, мыс., қазақ және қырғыз тілдері агглютинативті 
типтегі  тілдерге  жатады.  Г.т.  ретінде  қарастырылады  (қар.: 
Гетеорморф  тілдер,  Гемогенді  тілдер,  Тілдік  жағдаят,  Тілдер 
классификациясы). 
ГРАММАТИКАЛЫҚ  МИНИМУМ    оқушылардың  оқу 
мерзімінің белгілі бір аралығында міндетті түрде меңгеруге тиісті 
гамматикалық  материалдар.  Г.  м.екі  түрі  бар:  активті  (сөйлеу 
әрекетінің  барлық  түрінде  грамматикалық  метериалды  қолдану 
қабілеттілігі) және пассивті (грамматикалық материалды оқылым 

41
мен жазылымда тану қабілетілігі). Г. м. іріктеудің негізгі белгісіне 
қандай  да  бір  грамматикалық  құбылыстың  қолдану  жиілігі, 
ерекше  мағыздылығы,  синонимдері,  формалары,  грамматикалық 
құрылыстың  үлгілігі  мен  типтілігі  жатады.  Актив  Г.  м.  төменгі 
сыныптарда, пассив Г.м. жататын біршама күрделі грамматикалық 
құбылыстар жоғары сыныптарда оқытылады.
Қара: Лексикалық минимум
ГРАФФИТИ (итал. Graffiti / graffito – тырналған, орыс. графи-
фити, ағылш. Graffiti) – 1. Тұрмыстық сипаттағы көне жазбалар, 
мыс., ыдыстар, кесе, табақ т.б. қабырғаларына тырналып салынған 
суреттер.  2.  Аэрозолдық  бояулар  арқылы  қабырға,  қақпаларға 
салынған жазбалар.
ГРЕК  ЖАЗУЫ  –  алфавтитік  жазу.  Бастауын  финиеиялық 
жазудан  алады.  Б.э.д.  ІХ–ҮІІІ  ғғ.  пайда  болған.  Гректер  алфавит 
жазуына дейін тізбелі буынды жазуды қолданған (крит жазуы). 27 
әріптен тұратын классикалық грек алфавиті б.э.д. Ү–ІҮ ғғ. иония 
(милет)  жазуынан  тарайды.  Жазу  бағыты  –  солдан  оңға  қарай. 
Шығыстың  Г.ж.  копт,  гот,  славян,  армян,  грузин,  этруск,  латын 
жазулары тарайды.
ГУМБОЛЬДТ ІЛІМІ – жалпы тіл білімі мен тіл философия-
сының негізін қалаушы В.Гумбольдтың философиялық, лингвис-
тикалық  бағдарламасы  негізінде  қалыптасқан  тілге  деген  көз-
қарастары  мен  тілді  зерттеу  тәсілдерінің  бірлігі  (жиынтығы). 
Бұл  бағдарламаның  теориялық  методологиялық  негізінде  тілді 
зерттеудің  антропологиялық  негізі  жатыр.  Осыған  сәйкес  тілді 
зерттеу адамның ой-санасымен, ойлау қабілетімен, мәдениетімен 
және  рухани  өмірімен  тығыз  байланысты  болуы  қажет. 
Гумбольдтың лингвистикалық концепциясы ХVII–XVIII ғғ. – дағы 
тілдің тарихқа қайшы және механикалық концепцияларына жауап 
ретінде дүниеге келді. Г.і. И.Гердердің тілдің табиғаты мен шығу 
тегі, тіл мен ойдың, ой мен «халық рухы» байланыстылығы туралы 
идеяларына,  сонымен  қатар  Шлегеледің  тілдердің  типологиялық 
(морфологиялық)  жүйесі  теориясы  негізінде  жасалған.  Гум-
больдтың  философиялық  көзқарастары  неміс  классикалық 

42
философиясынан  туындайды.  (И.Кант,  И.В.Гете,  Ф.Гегель, 
Ф.Шиллер, Ф.В.Шеллинг, Ф.Г.Якоби т.б.). Гумбольдтың пікірінше, 
тіл – адам рухының қызметі, адам жанының тереңінен шығатын 
және оның бүкіл болмысына тарайтын халық энергиясы.
Тіл – аяқталған іс немесе зат емес, ол – қызмет. Тілде рухани 
өмірдің нәтижелері ғана емес, өмірдің өзі де көрініс табады. Тілдің 
шынайы  анықтамасы  тек  генетикалық  анықтама  болуы  мүмкін. 
Тіл  –  адамның  бүкіл  іс-әрекетінің  негізі  болып  табылатын  адам 
рухының басты қызметі. Адамды адам ететін күш – тіл. Адам өзінің 
тілдік қабілетін оята отырып, басқалармен тілдік қарым-қатынас 
жасай отырып, әр уақытта өз күшімен өзінің тілін жасайды. Тіл 
– өлі жеміс емес, ол тудырушы процесс, туынды. Тілдің дүниеге 
келуі, Гумбольдтың пікірінше, ұғым мен дыбыстың тұтастығынан 
шығатын,  дыбысты  ойдың  тірі  көрінісіне  айналдыратын 
синтетикалық процеске байланысты. 
Синтез  екі  логикалық  жүйелі  байланысы  бар  кезеңнен 
тұрады: 1) тұлғаланбаған дыбыс пен ойды бөліп қарастыру және 
артикуляцияға түскен дыбыс пен тілдік ұғымды қалыптастыру; 2) 
осы екеуін тұтас бірлікке айландыру. 
Тілдік синтез және туындау (порождение) ұғымдарымен тығыз 
байланыста  болатын  ұғым-  тіл  тұлғасы  ұғымы.  Тіл  тұлғасы, 
Гумбольдтың  ойынша,  рухани  бірліктегі  жеке  тіл  элементтері-
нің  синтезі.  Кез  келген  тілдің  тұлғасы  –  сол  тілді  сөйлейтін 
адамдардың  рухани  қасиеттерімен  мызғымас  байланыста 
болатын,  қайталанбайтын  жаратылыс.  Гумбольдт  «ішкі»  және 
«сыртқы»  тілдік  тұлғаны  бөліп  қарастырған.  «Ішкі  тіл  тұлғасы» 
туындаудың түбегейлі принциптеріне байланысты болғандықтан, 
тіл құрылымының бүкіл ерекшеліктерін айқындайды, ал «сыртқы» 
тұлға (дыбыс, грамматика) ішкі тұлғаның көрінісі болып табылады. 
Тілдің қажеттілігі, Гумбольдттың пікірінше, мынадай: 1) «сырт» 
әлемді ой-санаға қондыру; 2) адамдар арасында түсінушілік болуы 
үшін делдалдық қызмет атқару, олардың ойы мен сезімін білдіру; 
3) адамның ішкі қуатын дамыту құралы болу, оның ойлау қабілетін, 
сезім-қуатын ынталандырып, дүниетанымын арттыру. 

43
Гумбольдың ойынша, тіл – ой тудырушы құрал. Ойлау қабілеті 
тілге тәуелді ғана емес, нақты тілдің ықпалында болады. Тілдер 
–  ұлттық  ой-сананың  өзіндік  құралы  болып  табылады.  Оның 
түсінігінше:  тіл  –  әлемнің  тікелей  айнасы  ғана  емес,  адам  тіл 
арқылы әлемді түсінеді. Әр түрлі тілдер әр түрлі дүниетанымдарға 
ие  болады.  Оларда  бір  заттың  әр  түрлі  атауы  ғана  кездеспейді, 
керісінше, сол заттың әр түрлі көрінісі таңбаланады. 
Сөз  –  заттың  тек  таңбасы  ғана  емес,  ол  осы  заттың  әсерінен 
адамның  ішкі  дүниесінде  пайда  болған  сезімдердің  бейнелік 
таңбасы.  Тіл  жасалу  нәтижесінде  сол  заттың  түсінігі  пайда 
болады. Жеке заттарды атау негізінде, кез келген тіл шын мәнінде 
шығармашылықпен айналысады. Сол тілде сөйлейтін халық үшін 
әлемнің  бейнесін  жасап  береді.  Гумбольдтқа  сүйенсек,  әр  тіл  өз 
халқы үшін белгілі шеңбер құрады, бұл шеңберден тыс кетсе басқа 
шеңберге түседі. 
Дүниетаным  жүйесі  ретінде,  тіл  адамның  жүріс-тұрысын  да 
реттейді; адамның заттарға деген көзқарасы тілге де байланысты. 
Гумбольдттың  пікірінше,  тіл-үнемі  қозғалыста  болатын  тепе-
теңдік.  Гумбольдт  тілдегі  мынадай  қарама-қарсылықтарды 
ажыратады:  әрекет-зат,  жекелік-бұқаралық,  қажеттілік-еркіндік, 
сөйлеу-түсіну,  сөйлеу-тіл,  тіл-ойлау  (адам  рухы),  тұрақтану-
қозғалу, логикалық-стихиялық, объективті-субъективті.
Гумбольдт  бағдарламасының  теориялық-методологиялық 
негіздерінің ерекшеліктері мынадай: 1) адам мен тілді зерттеудегі 
табиғи  және  әрекеттік  принциптердің  синтезі  (бірлігі)  –  тіл, 
ол-рухтың  организмі  және  рухтың  әрекеті;  2)  диалектикалық 
көзқарас;  3)  тілге  деген  жүйелі-  тұтастық  көзқарас;  4)  тіл 
сипатында құрылыстық-статикалық көзқарастан гөрі динамикалық 
процессуальды  генетикалық  көзқарастың  маңыздырақ  болуы;  5) 
тілді  өзін-өзі  тудыратын  (жасайтын)  организм  ретінде  түсіну;  6) 
нақтылы тарихи кезеңде тіл дамуының тарихи талдауынан гөрі тілге 
деген уақыттан тыс (панхроникалық) көзқарастың маңыздылығы; 
7)  тіл  организміне  қарағанда,  сөйлеуге  көбірек  көңіл  бөлу;  8) 
әлемдегі нақтылы тілдерді бағалаумен қатар, тілді жалпы адамзат 
мұрасы  деп  қарастыру;  9)  тілдің  тек  өзін  ғана  зерттеп  қоймай, 

44
адамның  басқа  да  рухани  әрекеттерімен,  ең  алдымен  өнермен 
байланыстыру;  10)  тілді  философиялық-абстрактылы  тұғыдан 
қарастырумен қатар, ғылыми тұрғыдан да зерттеу. 
Гумбольдттың  пікірінше,  ең  басты  лингвистикалық  пән  – 
салыстырмалы тіл тану, оның салыстырмалы тіл білімімен және 
тілдердің  типологиясынан  түбегейлі  айырмашылықтар  болуы 
қажет. Салыстырмалы тіл тану абстрактылы схема емес, «жалпы 
тіл» емес, немесе тіл мен ойлаудың арасындағы бірдеңе емес, ол 
– дүниені ойға айналдырудағы жалпы адами тілдік қабілет болып 
табылады. 
Ғ
ҒАЛАМДАСТЫРУ (нем. Globolition / лат. globus – шар, орыс. 
глобализация,  ағылш.  Globalstion)  –  ғаламдағы  өзгерулердің 
қоршаған  ортаға  және  қоғамға  әсер  етуі;  әлемдік  мәдениеттің 
пайда болуы және ұлттар арасындағы халықаралық қауымдастық 
пен бүкіләлемдік еңбек бөлінісінің күшейген фонындағы ұлттық 
ғұрыптардың  араласуы.  Ғ.  сауатты  қоғамның  пайда  болуымен, 
ғаламдық  ақпарат  жүйесі  таралуымен,  көп  санды  халықаралық 
ұйымдардың  өмір  сүруімен,  әлемдік  тілдердің  таралуымен,  аз 
санды  халықтар  тілінің  жоғалуымен  байланысты  ұзақ  болатын 
құбылыс  (қар.:  Тілдік  кедергі,  Миноритарлы  тіл,  Жойылушы 
тілдер, Тіл өлімі).
Д
ДАКТИЛОГИЯ  (грек.  dactilos  –  саусақ  +  logos  –  сөз)  –  қол 
саусақтары  арқылы  берілетін  алфавит.  Мыс.,  ағылшын,  орыс, 
поляк дактиологиясы; Д. көмегімен мылқаулардың қарым-қатынас 
жасау тәсілі жүзеге асады (қол әліппесі, қол тілі) (қар: Жест тілі). 

45
ДАРИ ТІЛІ (фарси-кабули, қабыл-парсы тілі) – иран тілдерінің 
оңтүстік-батыс  тобына  жататын  тіл.  Ауғанстанның  әдеби 
тілдерінің  бірі.  Сөйлеушілер  саны  5  млн.  жуық.  Д.  парсы  және 
тәжік тілдеріне өте жақын, өйткені олардың бәрі де классикалық 
тәжік-парсы  әдеби  тілінен  тараған.  Рудаки,  Фердауси,  Сағди, 
Хафиз, Омар Хайям, Жәми шығармалары классикалық Д. тілінде 
жазылған.
ДӘЙЕКСӨЗ (цытаты) – төл сөздің бір түрі. Д. басқа біреудің 
айтқан  пікірінен  үзінді  алынып,  өзгертілмей  беріледі.  Д.  алыну 
тәртібі  функционалдық  стильдің  түрлеріне  байланысты  әр  түрлі 
болады,  ғылыми  стильде  автордың  есімі,  еңбегінің  аты,  шыққан 
қаласы мен баспасы айқын көрсетіледі. Публицистикалық стильде 
мұндай деректердің тізілуі шарт емес, сол пікірді айтқан адамның 
аты-жөні дұрыс айтылса жеткілікті. 
ДЕКРЕОЛИЗАЦИЯ – сол тілді меңгеруге талпынған сөйлеу-
шілердің  жаңа  контингентінің  пайда  болуы  әсерінен  пиджиннен 
шыққан  креол  тілдің  грамматикалық  құрылысы  мен  сөздік 
құрамының  бұзылуы,  креол  тілдің  екінші  рет  пиджинденуі. 
Д.  нәтижесінде  тұрақты  грамматикалық  құрылысы  және  бай 
лексикалық  қоры  бар  креол  тіл  барынан  айырылып,  қайтадан 
пиджинге айналады. Термин 1968 жылы енген.
ДЕМОГРАФИЯ (грек. demos- халық + drapho - жазамын, орыс. 
демография) - халық пен оның даму заңдылықтарын (туу, көбеюі, 
санының  өзгеруі,  ұлттық  құрамы,  аумақтық  немесе  аймақтық 
орналасуы,  миграциясы  т.б.)  зерттейтін  қоғамдық  ғылым. 
Демография әр түрлі мемлекеттеріндегі халық саны мен тілдерінің 
таралу  қатынасын,  сондай-ақ  тілдер  мен  диалектілердің  даму 
динамикасын  есептейді.  Негізгі  демографиялық  көрсеткіштер 
мыналар болып табылады: жыныстық-жастық құрылым, халықтың 
табиғи  қозғалысы,  қалалық  және  селолық  тұрғындар,  тұрғын-
дардың  әлеуметтік  құрамы,  миграция  және  т.б.  Әрбір  тілдегі 
сөйлеушілер санына байланысты оның демографиялық теңсіздігі 
ажыратылып көрсетіледі. Мыс., Белгияда тілдік жағдаяттың тепе-
теңдігі байқалады: тұрғындардың 39,1 %- франкотілді валлондар 

46
және  50,7%  фламандықтар,  Қазақстандағы  тілдік  жағдаят 
демографиялық  теңсіздікте  (қар.:  Тілдік  жағдаят,  Қазақстандағы 
тілдік жағдаят, Халық санағы).

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал