Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет3/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

ӘЛЕУМЕТТІК  БАҒЫТ  –  тілді  адамдардың  қарым-қатынас 
құралы  және  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  танитын  ағымдардың, 
тұжырымдардың  (концепциялардың),  мектептердің  жиынтығы. 
Әлеуметтік  лингвистикалық  мектептердің  барлығын  Ә.б.-
қа  кіргізуге  болады.  Бүгін  «Ә.б.»  термині  көбінесе  шетелдік 
лингвистикаға байланысты қолданылып жүр. Батыстық лингвис-
тикада  тіл  –  әлеуметтік  құбылыс  ретінде  қарастырылады.  Ә.б. 
Францияда,  Шведцарияда,  АҚШ-та,  Ұлыбританияда,  Чехияда 
т.б.  елдерде  қалыптасқан.  Бұл  бағыттың  өкілдері  тілді  алдымен 
байланыс (коммуникация) құралы деп білген, ал тілдің ойлаудағы 
рөлі екінші орынға қойылады. 
Тілдің  жүйе  екенін,  тілдік  тілдік  бірліктердің  таңбалық 
табиғатын,  тілдің  негізгі  қызметін  байланысты  екенін.  Ә.б. 
мойындайды.  Францияда  Ә.б.  өкілдері  тілдегі  әлеуметтік  құбы-
лыстарды  қоғамын  тыс  қарастырған  (Э.Дюркгейннің  социа-
логиясы).  Олар  тілдегі  өзгерістердің  себебін  қоғамдағы  өзгеріс-
терден (А.Мейе) немесе байланыстың күрделенуінен және тілдік 
құралдарды үнемдеуден іздеген. АҚШ-та тіл – ұжымның тарихтан 

25
қалған  мұрасы  ретінде  танылған.  Э.Сепирдің  сөзімен  айтсақ: 
«Мәдениет – қоғамның нені ойлап, немен айналысқанын көрсетсе, 
тіл – қалай ойлайтынын көрсетеді».
Осындай  идеялар  этнолингвистика  теориясының,  антропо-
логиялық  лингвистикалық  негізіне  алынады.  Ә.б.  идеяларын  тіл 
философиясының кейбір ұғымдарымен ұштасады. Ә.б. идеяларын 
Н.Я. Марр қолданған. 
ӘЛЕУМЕТТІК  ПСИХОЛИНГВИСТИКА  (лат.  socictos  – 
қоғам  +  psyche  –  жан  +  lingua  –  тіл)  –  тілді  қоғамдық  құбылыс 
ретінде  тіл  білімі,  әлеуметтану  және  психология  ғылымдары 
қосылған жерден зерттейтін шекаралық пән. 
ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  ӘДІСТЕРІ  (ағылш.  So-
ciolinguistic  metod)  –  әлеуметтік  лингвистиканың  теориясы 
мен  методологиясына  байланысты  зерттеулер  тәсілдері,  проце-
дуралары,  операция  және  әдістер  жинтығы.  Ә.л.ә.  пәнаралық 
сипатта  болады,  олардың  көмегімен  әлеуметтік  және  тілдік 
құбылыстар өзара байланыста зерттеледі Ә.л.ә. әр түрлі негіздер 
бойынша  топтастырылады:  а)  материал  жинау  әдісі  (Бақылау, 
Жасырын қосылған бақылау, Сауал алу, Эксперимент, Сауалнама 
жүргізу, Тестілеу т.б.), материалды өңдеу әдістері, бағалау әдістері, 
әлеуметтік  лингвистикалық  мәліметтер  дұрыстығы,  синхрондық 
және  диахрондық  әлеуметтік  лингвистика  әдістері;  ә)  зерттеуші 
белгілі бір дәрежеде белсенді әрі жиі түрде қолданылатын әдістер 
(Интервью, Сауалнама жүргізу, Эскперимент т.б.) және зерттеуші-
нің рөлі мәтіндерді таңдау тілдік фактілерді саралауға құрылатын 
сирек қолданытлатын әдістер (жазба мәтіндерді зерттеу, әр алуан 
бақылаулар  т.б.)  (қар.:  Қолданбалы  әлеуметтік  лингвистика, 
Пилотажды эксперимент, Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер 
бағдарламасы. Статистикалық талдау, Сандық талдау). 
ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  МӘЛІМЕТТЕР 
ДҰРЫСТЫҒЫ  (орыс.  достоверность  социолингвистических 
данных)  –  дәлдігімен  және  анықтылығымен  өлшенеді.  Алғашқы 
мәліметтерді жинауда және өзге зерттеушіден алынған мәліметті 
талдағанда  сондай-ақ  мәліметтің  дұрыстығын,  анықтылығын 

26
қамтамасыз  етуде  қандай  әдісті  таңдау  қажет  екендігін  анықтау 
керек. 
ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  МӘЛІМЕТТЕР 
ЖИНАҒЫ  (фр.  bangue  /  banko  деген  сөзі,  орыс.  банк  социо-
лингвистических данных) – арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік 
лингвистикалық  зерттеулер  нәтижелерінің  жиынтығы,  олардың 
эмпиривтік және теориялық талдаулар қорытындысы.
Ақпараттар  хронологиялық,  аумақтық,  пәндік  және  авторлық 
тәртіпте сақталуы мүмкін. Толық мәндегі Ә.л.м.ж.-сіз тілдер мен 
диалектілерді сипаттау мүмкін емес. Ресейдің аз санды халықтары 
тілдерінің (ЯМАЛ) Ә.л.м.ж. Ресей Ғылым Академиясы Тіл білімі 
институтының  ұлттық-тілдік  қатынастар  бойынша  ғылыми 
зерттеу  орталығы  арқылы  құрылған,  оған  мынадай  мәселелер 
енеді:  тіл  туралы  жалпы  мәлімет,  туыстық  және  құрылымдық 
классификациясы,  таралу  аумағы,  диалектілік  жіктелістері, 
грамматикалық  сипаттамасы,  сөздіктері,  оқулықтары  туралы 
мәлімет,  бір-біріне  әсер  етуші  тілдер,  жазу  мәдениеті,  этнос 
өкілдерінің  тіл  меңгеру  дәрежесі,  қостілділік  дәрежесі,  тілдің 
әлеуметтік қызметтері, көркем, ғылыми және басқа да әдебиеттері 
жөніндегі  мәліметтер.  Ә.л.м.ж.  РҒА  Тіл  білімі  институтының 
халықаралық  жобалары  мен  Лавал  атындағы  Университетінің 
Тілдік  жоспарлау  бойынша  Халықаралық  зерттеу  орталығы 
(Канада, Квебек) мынадай көптомдық-әлемнің жазба тілдері атты 
басылымды  шығаруға  негіз  салынды:  Ресей  федерациясының 
тілдері. Әлеуметтік лингвистикалық энциклопедия 1-кітап. М., А 
cademia, 2000; The Written Languages of the World A survey of the 
Degree and Modes of Use, Vol І-ІV, 1998–1995; Vol, V, 1978–1998 
(қар.:  Әлеуметтік  лингвистикалық  мәліметтердің  дұрыстығы, 
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеулер бағдарламасы).
ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НОРМА (сөйлеудегі 
этикалық  ережелер)  –  соның  көмегімен  жеке  адамдар  тілді, 
тілдік жүйені таңдауды немесе әлеуметтік мәдени биязы, сыпайы 
сөйленімді құру үшін жүзеге асыратын ережелер жиынтығы.
Қара: Тілдік норма 

27
ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  НЫСАНЫ  (орыс.  объект 
социолингвистики)  –  қоғамды  қамтамасыз  ететін  тілдің  немесе 
тілдердің  қызмет  ету  тетіктері,  олардың  әлеуметтік-комму-
никативтік  жүйедегі  өзара  қарым-қатынасы.  Ә.  л.  тілдің  ішкі 
құрылымын  зерттемейді,  бірақ  көптеген  тілдің  бірліктердің 
қоғамның әлеуметтік құрылысының элементтерімен себепті бай-
ланыстарын зерттейді.
ӘЛЕУМЕТТІК РӨЛ (лат. soialis – қоғамдық) – жеке адамның 
әлеуметтік  мәртебесіне  қатысты  мүмкін  болатын  жалпыға  тән 
стандарттар комплекісі. Жеке адамдар бір-біріне қатысты әр алуан 
мәртебелік  Ә.р.  (жұмыс  беруші-жұмысшы,  әке-бала,  сатушы-
сатып  алушы,  басытқ-қызметкер  т.б.),  сондай-ақ  жағдаятты 
(ситуациялық) Ә.р. (қонақ-үй егесі, клуб президенті-клуб мүшесі 
т.б.) атқаруы мүмкін. 
ӘЛЕУМЕТТІК ШАРТТАР (лат. socialis – қоғамдық) – халық 
өмір  сүретін  нақтылы-тарихи  жағдай.  Ол  әрқашан  этностың, 
ұлттың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және саяси деңгейімен 
бірлікте болады. 
Б
БАЗИЛЕКТ – креоль тіл мен оның базалық тілінің араласуы 
нәтижесіндегі  посткреолдық  континуумдағы  тіл  варианты.  Б. 
посткреолдық  континуумдағы  тілдер  вариантының  әлеуметтік 
лингвистикалық  иерархиясында  акролект  пен  мезолекттен 
кейінгі  «төменгі  сатыны  иемденеді.  Ол  креолтілді  қоғамдағы 
білімі деңгейі төмен әлеуметтік жіктер арасында пайдаланылады. 
Кейде  акролектіге  –  «сарай  тіліне»  қарама-қарсы  «қарапайым», 
«бұхаралық», «алаң тілі» деп те анықталады.
Қараңыз:  Акролект,  Мезолект,  Тілдік  континуум,  Тілдің 
креолденуі

28
БАЛА ТІЛІ – тілдің даму онтогенезінің ерекше кезеңі. Сәбилер 
мен 8-9 жасар балалардың тілі. Б.т.-ін зерттеу психалингвистикада 
қарастырылған. Б.т.–не өзіндік синтаксис тән. Алғашқы кезеңдерде 
жай  сөйлем  көп  қолданылады,  олар  қимылмен,  интонациямен, 
мемикамен бірігіп, тілдің мағыналы болуын қамтамасыз етеді.
БАЛҚАН ТІЛДЕР ОДАҒЫ (орыс. Балканский языкой союз) 
– біртұтас географиялық кеіңістік шегіндегі ұзақ та үнемі тілдік 
байланыс  (контакт)  нәтижесінде  қалыптасқан  тілдік  бірлестіктің 
ерекше типі. Б.т.о.-тілдердің өзара жақындасуының типтік үлгісі. 
Б.т.о.-дағы  тілдердің  ортақ  грамматикалық  белгілері,  сондай-ақ 
сөздік  қорында  маңызды  сәйкестіктер  бар  (Б.Говранек).  Балкан 
тілдеріне бір грамматика және әр алуан лексика тән (Ф.Миколшич). 
Б.т.о.-ға  мынадай  тілдер  жатады:  болгар,  македон,  серб,  хорбат, 
румын,  молдаван,  албан,  жаңа  грек,.  Б.т.о.-ға  мынадай  жалпы 
конвергентті белгілер тән: артикуляциялық базасының ұқсастығы 
(әсіресе  а,  е,  і,  о,  и  дыбыстары),  экперираторлық  екпін,  ұзақ 
дауыстылар  болып  бөлінбейтіндігі,  дауыстылар  бір  әуенмен, 
дауыссыздар ұзақ айтылатындығы, ілік және жатыс септіктерінің 
сәйкестенуі, деректі және дерексіздік категорияларының болуы т.б.
БАКТРИЯ ТІЛІ – иран тілдерінің бірі. Шығыс топқа жататын 
орта  ирандық  өлі  тіл.  Амударьяның  жоғары  ағысындағы  Гиссар 
шыңы мен Гиндукуш аралығында (ежелгі Бактрия, ортағасырлық 
Тохарстан) жерінде тараған. Құшан патшалығы (І-ІІІ ғғ. аяғы) мен 
Эфталит мемлекетінің (V-VІ ғғ.) ресми тілдерінің бірі болған. 
БАҚЫЛАНЫЛАТЫН  ТІЛ  (орыс.
  контроли́руемый  язы́к  – 
оңайлатылған,  жеңілдетілген  табиғи  тіл,  ағыл.  controlled  natural 
language,  CNL 
)  –  белгілі  бір  міндетті  шешуге  байланысты 
жасалған  табиғи  тілдің  шектелген  түрі.  Б.  т.  –  көпмағыналығын 
және күрлелілігін азайту мен жою тәртібі арқылы грамматикасын, 
терминологиясын, және сөйленімдерін пайдалануды шектеулікпен 
алған табиғи тілдің қосымша түрі. Әдетте Б. т. екі топқа бөлінеді: 
бірінде  барлық  күш  адам  үшін  оның  ыңғайлы  оқылуын  (мыс., 
кімге  мәтін  тілі  таныс  болмаса)  арттыруға  арналса,  екіншісінде 
бұл  іс-шара  автоматты  мағыналық  талдауға  құрылған  сенімді 

29
тіл  жасауға  бағытталады.  Бірінші  типтегі  тілдер  (оларды  көбіне 
«жеңілдетілген»  немесе  «техникалық»  тіл  деп  атайды),  мыс., 
ASD  жеңілдетілген  техникалық  ағылшын  тілі  (бағдарламалауда 
қолданылады),  қарапайым  ағылшын  тілі 
IBM
  өндірістегі 
техникалық құжаттамалардың сапасын арттыру және құжаттарды 
автоматты  аударуды  оңайлату  мүмкіндіктерін  қарастыру  үшін 
қолданылады. Екінші типтегі тілдер формалды логикалық негізге 
ие,  соған  сәйкес  олар  формалды  синтаксис  пен  семантикадан 
тұрады және оларды логиканы бірінші орынға қоятын кез келген 
формалды тілмен салыстыруға болады. Демек оларды қайта білім 
алу  тілі  ретінде  пайдалауға  болады  және  бұл  тілде  жазылған 
нәрселер  бүтіндігі  мен  артық-кемдігі  толықтай  автоматты 
тексеруден өтеді, сұрауға жауап беріледі т.б.
БАЙҚАУДЫ  КІРІСТІРУ  (орыс.  включенное  наблюдение, 
ағылш. included position) – бақылау, яғни зерттеуші өзі бақылайтын 
іріктелген  ақпарат  берушілер  жиынтығының,  микроәлеуметтік 
бірліктің  мүшесі  бола  отырып  бақылау  жүргізеді.  Б.к.  белгілі 
дәрежеде бақылаушы парадоксын жеңуге жәрдемдеседі. 
БАЙЫРҒЫ  СӨЗ  (орыс.  исконное  слово,  ағылш.  vernacular 
word) – бастапқы лексикалық мағынасында сақталған белгілі бір 
тілдің сөзі. (қар.: Сөз ауысу, Кірме сөз)
БАЛТЫҚ  ТІЛДЕРІ  –  үндіеуропалық  тілдер  тобы.  Б.т.  көне 
үндіеуропа  тілінің  жүйесін  толық  сақтаған  деп  есептеледі. 
Б.т.  славян  тілдеріне  жақындығы  бар  және  балқандық  көне 
үндіеуропалық тілдермен (иллирия, француз т.б.) байланысы бар. 
Қазіргі Б.т. литван және латыш тілдері жатады. Жоғалған Б.т.-не 
прусс, ятвяж, курш, селон (селия), галинд (голяд) тілдері жатады. 
БАСК ТІЛІ - генетикалық жағынан шектеулі тіл. Испанияның 
автономиялық провинциясында ресми тіл қызметін атқарады. Б.т.-
де сөйлеушілердің саны 0,5 млн. адамдай, Б.т.-де Испания, Франция, 
Аргентина,  Бразилия,  АҚШ,  Канада  тұрғындары  сөйлейді.  Бұл 
тілдің  иберия  тілімен  туыстығы  жөнінде  болжам  дәлелденген 
жоқ. Қазіргі уақытта ғалымдар Б.т.-ін кавказ тілдерімен, олардың 
ішінде картвел тілдерімен тегі бір деген тұжырымға келіп отыр. 

30
БАШҚҰРТ ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Башқұртстан мен Ресей 
Федерациясында тараған. Екі диалектісі бар: шығыс (куақан) және 
солтүстік  (ұрмат).  Татар  тілімен  ұқсастығы  бар.  Түркі  тілдеріне 
ортақ көне сөздерде *һ (>с) фонема жоқ, сөз және буын басында 
өзіне тән арнайы – һ. сөз ортасында –с,з дыбыстарын пайдаланады. 
Әдеби Б.т. ХХ ғ. басында қалыптасты. Жазуы – 1928 ж. дейін араб, 
1929 ж. бастап бастап орыс графикасында.
БЕЙСИК  (ағылш.  Basic-сөздің  бас  әріптері.  Beginners  – 
алғашқы  үйренушілер  үшін  +  all  –  purpose-әмбебап+symbolie- 
символикалық  +  instruction-оқулық  +  code-код)  –  ақпараттық 
тілдердің  бірі,  бағдарлама  тілі  (язык  программированная)  Б. 
қарапайым  құрылымға  ие  және  компьютерді  пайдаланудың 
бастапқы кезеңінде бағдарламалау үшін қолданылған. 
БЕЙСИК  ИНГЛИШ  (ағылш.  Basic  –  сөздің  бас  әріптері. 
Beginners- алғашқы үйренушілер үшін + all – purpose – әмбебап 
+ symbolie – символикалық + instruction – оқулық + code – код + 
English – ағылшын, ағыл. Basic English, орыс. бейсик инглиш) – 
халықаралық  жасанды  тілдердің  бірі,  британдық  жазушы  және 
лингвист  Чарлз  Кее  Огден  (1926–1930)  жасаған,  жетілдірілген 
ағылшын  тілі.  Б.и.  атауын  ол  BASIC  –  British American  Scintific 
Internatioal Commercial деп түсіндіреді. Б.и. халықаралық көмекші 
тіл  ретінде  қолдануға  арналған,  алайда  кең  қолданыс  таппады. 
Б.и.  лексикалық  құрамы  грамматикасы  шектеулі,  ондағы  сөздік 
бірліктерді: 600 зат есімдерді, 150 сын есімдерді, 100 операциялық 
сөздерді (can, do, aross, after, to, the, all, if, not, very), 18 етістікті, 
яғни өзге сөзбен комбинациялау көмегімен 4000 жалпыға танымал 
ағылшын  етістігін  ауыстыра  алатын  сөздерді  құрайды.  Көптік 
мағынаны  беруде  бірнеше  ережелер,  сын  есімнің  салыстырмалы 
дәрежелері  перефикс  пен  суфикстерді  жалғау  қолданылады. 
Б.и.  әлі  де  болса  ағылшын  тілін  үйренудің  бастапқы  кезеңінде 
ғана  қолданылады.  Б.и.  Ч.К.Огденнің  «Бейсик  инглиш»  (1930), 
«Бейсиктегі  сөздер»  (1932)  және  «АВС  Бейсик  инглиш»  (1932) 
кітаптарында сипатталған. 
БЕЛУДЖ ТІЛІ (балучи) – иран тілінің солтүстік-батыс тобына 

31
жатады.  Пәкістан,  Ауғанстан,  Үндістан  және  Түркіменстанда 
тараған.  Екі  диалектісі  бар:  шығыс  және  батыс.  Пәкістан  мен 
Ауғанстанда араб графикасын қолданады. 
БЕНГАЛ ТІЛІ (бенгали, бангло, банга-бхаша) – Үнді тілдеріне 
жатады.  Бангладеш  және  Үндістанның  батыс  Бенгал  штатында 
тараған. Екі диалектісі бар: батыс және шығыс. Б.т.-нің төл жазуы 
бар.
БИЛАБИА́ЛДЫ  (латынның  «bi»  екі  және  «labiālis»  еріндік 
деген сөзі), Сөз тіркесінде: еріндік (билабиа́лды) дауыссыз – ерін 
мен еріннің түйісуі жолымен жасалатын дауыссыз дыбыс, мысалы, 
«б», «п», «м». Б. еріндік дауыссыз дыбыстарға тән қасиет. 
БИЛИНГВИЗМ (лат. bi, bis – қос+ lingua – тіл, орыс. билингвизм, 
ағылш. Bilingualism) – бұл да қостілділік (қар.: Көптілділік).
БЛОГОСФЕРА  (ағыл.  Blogosphere  деген  сөзі)  –  «неосфера» 
және  соған  ұқсас  сөздерден  жасалған  термин,  ол  бірлестік 
немесе  әлеуметтік  желі  сияқты  барлық  блогтардың  жиынтығын 
белгілейді.  Әлемде  ондаған  миллион  блогтар  бар  (2006  жылғы 
мәлімет бойынша), әдетте олар өзара тығыз байланыста болады, 
блогерлер бірін-бірі оқиды және түсініктемелер береді, бір-біріне 
сілтеме жасайды, сөйтіп өзіндік субмәдениет жасайды. Б. әдеттегі 
веб-парақшалар  мен  интернет-форумдардан  ерекшеленетін 
айырмасы  бар.  Бір-бірімен  байланыстағы  блогтар  белсенді 
түрдегі  бүкіләлемдік  ақпарататтық  кеңістік  құруы  мүмкін.  Б. 
қоғамдық пікір мен мәдени 
мемдерді
 зерттеудің маңызды ортасы 
болып табылады. Ол көбінесе осы заманғы жаһандық әлеуметтік 
тенденцияларды зерттеудегі академиялық және академиялық емес 
еңбектерде жиі есепке алынады. Ағылшын тіліндегі «blogosphere» 
сөзін алғашқыда әзіл ретінде Брэд Грэхэм ойлап тапқан. Одан кейін 
бұл  терминді  2002  жылдың  басында  У.Квик  қайта  ойластырып, 
қолдануға  енгізді.  Алғашқыда  бұл  термин  Ауғанстандағы 
америкалық  операциялардан  мәлімет  беретін  әскери  блогтар 
бірлестігі  дегенді  білдірді.  Одан  кейін  жылдам  әрекет  ететін, 
біршама  тәуелсіз  және  күрделі  бақыланатын  жаңа  ақпараттық 
кеңістік ретінде ұғынылатын болды.

32
БИХЕВИОРИЗМ (ағылш. Behfviour – мінез-құлық, тәртіп) – 
тіл білімінде психологияның бір бағытына негізделген тілдің мәні 
мен  қызметі  туралы  көзқарастар  жүйесі.  Сыртқы  қоршаған  орта 
мен адам мінез-құлқының байланысынан Б. теориясы туындайды. 
Сөз – иммутция сол әсерге қайтарылған жауап (реакция) ретінде 
қарастырылады.  Ал  сананың  қызметі  жоққа  шығарылады.  Б. 
теориясы АҚШ пен Батыс Европада дүниеге келген. Б. әдістемелік 
негіздерінің  позивитизм,  прогматизм  және  операционализммен 
байланысы бар. Тіл білімінде Б. ықпалында болған Л.Блумфельд 
бихевиористік теория жасаған. Бұл теория бойынша тіл – адамды 
қоршаған орта әсеріне бейімделудің бір түрі ретінде қарастырылды. 
Блумфельд  арқылы  Б.  идеялары  дисериптивті  лингвистикада 
орын алған. Б. Американдық тіл біліміне үлкен әсерін тигізді. Бұл 
идеялар психолингвистика арқылы енді. ХХ ғ. 80-жж. Б. ықпалы 
тіл білімінде біршама азаяды. Бірақ оның кейбір теориялық және 
методологиялық  ұғымдары  американдық  лингвистикада  даму 
үстінде. 
БӨГДЕ СӨЗ (орыс. вкрапление) – код ауыстыруда, билингвтер 
мен монолингвтердің сөйлеуінде өзінің «шетелдік» екенінен хабар 
беретін,  әдетте  өзгермеген  түрде  қолданылатын  шетелдік  бірлік 
(сөз). 
БУРЯТ ТІЛІ – маңғол тіліне жатады. Төрт аймақтық диалектісі 
бар: батыс (бұлағат-эхирит), аралық (алар-тұнкің), шығыс (хорин), 
оңтүстік (цонгол-сартұл). Лексикасында: орыс, тибет, қытай, түркі, 
тұңғұс-манжур сөздері бар. ХҮІІ ғасырдың аяғында буряттар көне 
моңғол жазуын білген. 1931 жылдан бастап – латын, 1939 жылдан 
бастап орыс графикасында жазады. Қазіргі әдеби тілінің негізі – 
хорин диалектісі.
БҰҚАРАЛЫҚ  СИПАТТАҒЫ  ҚОСТІЛДІЛІК  (орыс.  мас-
совая  двучзычие)  –  мемлекеттік-әкімшілік  құрылым  халқының 
басым  бөлігі  қостілді  болып  саналатын  билингвизм  типі. 
Әдетте  оның  бір  сыңары  мемлекеттік  тіл  болатын  болса,  ол  сол 
мемлекеттегі  барынша  бұқаралық  билингвизм  болып  табылады. 

33
Мысалы, Ресейде бұқаралық сипаттағы қостілділікке ұлттық-орыс 
қостілділігі жатады.
Қара: Билингвизм, Қостілділік
БҰЛҒАР ТІЛІ – түркі тілдерінің ішіндегі өлі тіл. ҮІІ ғасырда 
Ұлы Бұлғар мемлекеті ыдырағаннан соң, тайпалардың бір бөлігі 
Дунай  мен  Еділ  өңіріне  қоныстайды.  Тайпалардың  біразы  Азау 
маңына көшіп барады. Сондықтан осы тайпалардың тілін – дунай, 
еділ, кубан-бұлғартілі деп атайды. Б.т. туралы мәліметтер өте аз.
БІРІНШІ  ҚОЛДАНЫСТАҒЫ  ТІЛ  (орыс.  функционально 
первый  язык)  –  билингв  меңгерген  қолданылуы  ең  жиі  екі 
(немесе одан да көп) тілінің бірі. Бірінші қолданыстағы тіл рөлін 
билингвтің  ана  тілі  атқаруы  да,  керісінше,  егер  сөйлеушінің 
өмірлік  қажеттіліктеріне  сәйкес  ең  жиі  қолданатын  екінші  тілі 
орындауы да мүмкін. Қатынастың түрлі салаларында бірінші тіл 
рөлін  әртүрлі  тілдер  атқарады,  мыс.,  бейресми  қарым-қатынас 
салаларында, отбасылық қатынаста, билингв ана тілін пайдаланса, 
ресми  салаларда  (кәсіби  қызмет  т.б.)  Б.  қ.  т.  екінші  тіл  болып 
табылады.
Қара: Билингв, Билингвизм, Ана тілі, Екінші тіл, Меңгерілген 
тіл
БІРІНШІ  ТІЛ  (орыс.  первый  язык):  1.Билингвтің  ана  тілі. 
2.Билингвтің бірінші қолданатын тілі (оған ана тілі сәкес келі де 
келмеуі де мүмкін.
Қара: Екінші тіл, Ана тілі, Бірінші қолданыстағы тіл
В
ВАЛИДТІЛІК  (ағылш.  Validity  –  маңызды,  қолданыстағы)  – 
ғылыми сипаттамалармен зерттелген нәрсеге сәйкестілік; талапқа 
сәйкестілік. В. нақтылығы әлеуметтік лингвистикалық мәліметтің 
дұрыстығын көрсетеді. 

34
ВАРВАРИЗМ (грек. barbaros – бөтен жерлік, орыс. варваризм, 
ағылш. Barbarism) – фонетикалық жатық дыбысталудан өтпеген, 
тіл тұтынушыларға бөтендік, өгейлік ретінде сезілгенмен көбірек 
қолданылатын,  алайда  тілдің  лексикалық  жүйесіне  енбеген  шет 
елдік сөз немесе тіркес (қар.: Кірме, Байырғы сөз).
ВАРИАНТТЫЛЫҚ (лат. variantis – өзгеруші, орыс. вариант-
ивность, ағылш. Variantion) – тілдің қызмет етуі мен коммуника-
тивтік  қажеттілігін  қамтамасыз  ететін  тілдік  бірліктердің 
фундаменталды  және  әмбебаптық  қасиеті.  Тілдің  әрбір  бірлігі 
өзі  білдіретін  мағынада  қала  отырып,  көптеген  варианттарда 
да  жұмсала  алады.  Ол  перифазалық  әмбебаптық  икемділікті 
жүзеге  асырады,  тілдің  аумақтық,  әлеуметтік,  стилистикалық, 
функционалдық, ұлттық т.б. түрде өмір сүреді. 
ВЕДА ТІЛІ – (ведикалық тіл) – көне үнді тілінің ежелгі түрі. 
Индуизм дінінің тілі. В.т. екі түрі белгілі: мантралық (поэзиялық) 
және  прозалық  тіл.  Мантралар  4  ведадан  құралған,  олардың  ең 
көнесі  –  «Ригведа».  В.т.  –нің  прозасында  ведаларға  жасалған 
түсініктемелер  мен  ведалардан  туындайтын  философиялық 
тұжырымдар  беріледі.  Ведалық  проза  тілі  санскрит  тіліне  өте 
жақын. 
ВЕНГЕР ТІЛІ – фин-угор тілдерінің угор тармағына кіретін тіл. 
В.т.-де Венгрия, Югославия, Австрия, Чехия, Словакия, Румыния 
елдері сөйлейді. Венгрия Республикасының ресми тілі. В.т.-нің 8 
диалектісі бар. В.т. агглютинативті тілдеге жатады. Грамматикалық 
құрылымында род категориясы жоқ. 20-дай септігі бар, етістіктің 
3 жақ, 3 рай түрі бар. Сөзжасамында суффиксация мен сөз тіркесі 
кең пайдалынылады. Венгер әдеби тілі ХҮІ ғ. бастап қалыптасқан. 
Жазуы латын графикасында. 
ВЕРИФИКАЦИЯ  (фр.  verification,  лат.  ver  us  –  шындық 
+facere – істеу, жасау) –фактілер мен нақтылы істің сәйкестігінен 
тұратын  әлеуметтік  лингвистикалық  жорамалдардың  бағалану 
процедурасы;  теориялық  болжамдардың  шынайлығын,  олардың 
дұрыстығын тәжірибе жолымен белгілеп тексеру; жорамалдардың 
шынайлығын эмпирикалық қуаттау.

35
ВОЛЯПЮК – 1879 жылы Йоганн Мартин Шлейер (Германия) 
жасаған  халықаралық  жасанды  тілдердің  бірі.  Бұл  -  лексикалық 
қорында  формасы  өте  қатты  өзгеріске  түскен  табиғи  тілдің 
сөздері (ағылшын, неміс, француз, латын және т.б.) бар априорно-
апостериорлық аралас типке жататын тіл. Емлесінде фонетикалық 
қағидат басым. В. 1879-1889 жылдар аралығында өзінің қолданылу 
шыңына  жетті  де,  одан  соң  барынша  жетілген  жасанды  тіл  – 
эсперантоның пайда болуына байланысты құлдырауы басталды.
Қараңыз: Жасанды тіл, Эсперанто, Жоспарлы тіл

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал