Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет15/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

 

153
У
 
 
УНИТАРИЗМ ( фр. unitarisme – лат. unitas – тұтастық) – орта-
лықтануға,  тұтастыққа,  оның  ішінде  әмбебаптық  тілге  бірігуге 
құлшыну тенденциясы. Ұлттық проблемаларды шешуде унитаризм 
мен сегрегация бір-біріне қарсы тұрады. Унитаризм ұлттық бөлек-
теушілікті  қаламайды  және  ұлттық  проблемаларды  шешуден 
жаппай  өзара  ассимилияцияға  жетуді  –  халықтар  арасындағы 
мәдени, психологиялық, мемлекеттік-ұйымдастырушылық, тілдік 
т.б.  бөлектенушілікті  жоюды  көреді  (қар.:  Тіл  саясаты,  Тілдік 
унификация).
УРБАНИЗАЦИЯ  (фр.  urbanisation  –  лат.  urmanis  –  қалалық) 
1.  тұрғындардың  тұрақтану  және  қаладағы  экономикалық  өмір 
процестері. 2. қалалық өмір салтының жаппай белең алуы (қар.: 
Глобализация).
Ұ
 
ҰҒЫМ  –  1)  болмыс  заттары  мен  құбылыстарын  жалпылама 
түрде белгілейтін ой; 2) грамматикалық немесе семантикалық кате-
гория ретінде ұғым сөз мағынасына ұқсас құбылыс, бірақ мағына 
тіл жүйесінде болады, ал ұғым – логикалық қатынастар жүйесінде 
болады.  Ұғымның  құрылысы  күрделі  болады:  1)  сигнификат  – 
заттың (құбылыстың) дұрыс аталуы үшін маңызы бар белгілердің 
жиынтығы;  2)  интенсионал  –  ұғымның  заттық  «негізімен» 
байланысты  дұрыс  аталуы.  Интенсионал  заттың  (құбылыстың) 
«негіз» категориясымен байланысты болады; 3) денотат – белгілі 
бір сөзбен атауға болатын нақтылы заттар; 4) компрегенсия – белгілі 
бір сөзді қолдануға болатын бүкіл заттардың тобы. Заттар бар не 
жоқ  болуы  мүмкін.  Сөз  болған  жерде  ұғым  болады.  Мағынамен 
тікелей байланысып, оймен, ойлаумен ұштасады. Ұғым түсініктен 
басталады. Сырттағы зат адам түсінігіне әсер еткенде, адам ойлай 
бастайды. Ұғымды сөзбен бейнелейді. Ұғым категориялары дүние 

154
жүзіндегі тілдердің бәріне ортақ. Ұғымның мәні – сөз мағынасынан 
гөрі кеңірек әрі жалпылау. Жаңа ұғым бұрыннан бар белгілі сөздің 
байланысы арқылы дамып, көбейіп отырады.
ҰЙҒЫР  ЖАЗУЫ  –  Шығыс  Түркістанда  болған  әріптік-
дыбыстық  жазу.  Соғды  жазуының  негізінде  пайда  болған,  ал 
негізінде – арамей жазуынан бастау алады. Ең көне ескерткіштері 
ҮІІІ  ғасырдан  белгілі.Ұйғыр  жазу  жоғарыдан  төмен  (вертикаль) 
жазылған. Хаттың жолдары солдан оңға қарай бағытталған. Түркі 
тайпалары арасына ІХ–ХІІІ ғғ. ұйғыр жазуы буддизм дінімен бірге 
келген. Кейін ислам дініне кірген соң ұйғыр жазуының орнына араб 
жазуы келді. Ұйғыр жазуы ХҮІІІ ғасырға дейін қолданылған. ХІІІ 
ғасырда бұл жазуды маңғолдар мен манжурлар қаблыдап алған.
ҰЙҒЫР  ТІЛІ  (жаңа  ұйғыр)  –  түркі  тілдеріне  жататын  тіл. 
Қытайдың  Шынжан-Ұйғыр  автономиялы  аудандарында  және 
Қазақстанда тараған. 1921 жылға дейін Батыс Қытай татарларының 
тілі, Қытай мұсылмандарының тілі, Батыс Қытай түркілерінің тілі, 
Шығыс-Түркістандық  тіл  делініп  келді.  Ұйғыр  тілі  көне  ұйғыр 
тілінің жалғасы емес делінеді. Ұйғыр тілінде 3 диалекті бар. 
ҰЛТТЫҚ ТІЛ – ұлт ішінде қолданылатын (ауызша және жазба 
түрде)  тілді  белгілейтін  әлеуметтік-тарихи  категория.  Ұлттық 
тіл  ұлтпен  бірге  пайда  болады.  Ұлттық  тілдің  жағдайы  қоғамда 
қалыптасқан тілдік жағдаятқа және тіл саясатына тәуелді болады.
ҰЛТТЫҚ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ  ПІШІН 
(орыс. национальный социолингвистический профиль) – көптілді 
қоғамдағы тілдердің өмір сүру формалары мен қызметтері туралы 
нақты мәліметтерді алуға болатын символдар жүйесі. Р.Белл тілдің 
төрт түрлі әлеуметтік лингвистикалық пішінін (белгісін) ұсынады: 
1)  тіл  типі  (немесе  тілдің  өмір  сүру  формасы);  2)  тіл  мәртебесі; 
3)  тұтынушылар  пайызы;  4)  тіл  қызметі.  Тілдердің  әлеуметтік 
лингвистикалық пішіндерінің жиынтығы Ұ.ә.л.п. құрайды.
ҰЛТТЫҢ/ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ТІЛДІК ЕГЕМЕНДІГІ (орыс. 
языковой  суверенитет  нации  /  личности)  –  халықтың  және  жеке 
адамның  ана  тілін  сақтауы  мен  жан-жақты  дамыту  құқығының 
жиынтығы, қатынас тілін таңдау мен қолдану еркіндігі. Қара: Тіл 
саясаты, Жеке адамның тілдік құқығы, Халықтың тілдік құқығы

155
Ү
 
ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ – қараңыз: Сингорманизм.
ҮНДІЕУРОПА ТІЛ БІЛІМІ – үндіеуропа тілдерін, олардың 
шығу  тегінің  бірлігін  зерттейтін  салыстырмалы-тарихи  тіл 
білімінің  саласы.  Ғылыми  әдебиеттерде  үндіеуропа  тіл  білімі 
ұғымы – жеке, нақты үндіеуропалық тілдерді зерттеудегі арнайы 
саланың  атауы  ретінде  және  үндіеуропа  тілдері  жөнінде  жалпы 
әңгіме  болғанда  қолданылады.  Ү.т.б.-нің  негізі  ХІХ  ғ.-дың 
екінші жартысында қаланса да, тілдердегі ұқсас лексемалар мен 
тұлғалардың бар екендігі бұрын да мәлім болатын.Ү.т.б.-нің пайда 
болуына  санскрит  тілінің  ашылуы  зор  әсер  етті,  оның  алғашқы 
мәтіндерімен  танысу  көне  үнді  мәдениетін  зерттеудің  басы  еді 
(Ф.фон Шлегель, Ф.Бопп, Р.Раск т.б.). Ал тіл білімі саласы ретінде 
іргелі  орын  теуіп,  күрделі  әдістемелік  принциптері  қалыптасқан 
кезеңі ХІХ ғ. 70-жж. болды.
ҮНДІЕУРОПА  ТІЛІ  –  Еуразиядағы  ең  үлкен  тілдік  семья-
лардың бірі. Кейінгі бес ғасырда Солтүстік және Оңтүстік Амери-
ка,  Австрия,  Африканың  кей  жерлеріне  жайылды.  Үндіеуропа 
семьясына жататын тілдер топтары мынадай: 1) хеттлувий немесе 
анатолия тобы; 2) үнді тобы; 3) иран тобы; 4)тохар тобы; 5) армян 
тобы; 6) фригия тілі 7) фракия тілі; 8) илирий тобы; 9) албан тобы; 
10)вена тобы; 11) грек тобы; 12) италян тобы; 13) кельт тобы; 14) 
роман тобы; 15) герман тобы; 16) балтық тобы; 17) славян тобы.
ҮНДІИРАН ТІЛДЕРІ (арий тілдері) – үндіеуропа семьясының 
бір бұтағы. Бұл тіл үнді тілі мен иран тіліне және дард тілі мен 
нұристан тіліне бөлінеді. Сөйлеушілерінің жалпы саны – 850 млн. 
адам.  Қазіргі  үндіиран  тілінде  сөйлеушілер  Үндістан,  Пакистан, 
Бангладеш,  Неапл,  Шри-Ланка,  Мальдив  Республикасы,  Иран, 
Ауғаныстан, Ирак, Түркия, Тәжікстан т.б. елдерде бар.
ҮШТІЛДІЛІК  (орыс.  трехъязычие):  1.Аумақтық  бірлестік 
шегінде  (мемлекет,  аймақ,  қала,  ауыл)  үш  тілдің  қызмет  етуі. 
Әдетте бұл тілдердің әрбірі белгілі бір қатынас саласында өзара 
тоқайласады.  Мыс.,  Гунзиб  ауылында  (Дағыстан  Республикасы) 

156
гунзиб, авар және орыс тілдері қызмет етеді. Гунзиб тілі дәстүрлі 
шаруашылықта,  және  бастауыш  білім  беруде  көмекші  тіл 
ретінде,  дін  саласында  отбасылық  және  тұрмыстық  қатынаста 
қолданылады. Авар тілі бастауыш білім беруде, орыс тілі – орта 
мектепте  қолданылады.  Орыс  тілі  ресми  ісқағаздар  тілі  болып 
табылады.  Қарым-қатынас  жасаушыға  байланысты  ұлтаралық 
қатынаста  құралы  ретінде  авар  немесе  орыс  тілі  қолданылады. 
2.Жеке  адамның  қарым-қатынастық  қажеттігі  шегінде  үш  тілді 
меңгеруі.
Қара: Билингвизм, Көптілділік, Біртілділік
Ф
ФЕМИНИННОСТЬ (феминдік, әйелзаттық) әйел жынысына 
байланысты  сипаттамалар  немесе  сол  қоғамдағы  әйелдерден 
күтілетін қалыпты мінез-құлық түрі.
ФЕМИНИСТІК ЛИНГВИСТИКА (тілді феминистік сынау) – 
тіл біліміндегі жеке бір бағыт, оның негізгі мақсаты қоғамдық және 
мәдени өмірдегі тіл бейнесінде ер адамның үстемдігін әшкерелеу 
мен одан басым болуға құрылған. Бұл 1960 жылдардың аяғы мен 
1970 жылдардың басында пайда болды.
ФИЛОЛОГИЯ (грек. philologia – сөзді сүю) – гуманитарлық 
пәндердің  кешені.  Олар:  тіл  білімі,  әдебиеттану,  текстология, 
палеография  т.б.  Ф.  жазбаша  мәтіндерді  талдау  арқылы  адам-
дардың рухани мәдениетін зерттейді. Ф.-нің ішкі дүниесіне биік 
рухани әлем мен қарапайым жазу төңірегіндегі зерттеулер жатады. 
Мәдениетті зерттеп тануды мақсат етіп, Ф. өркениетпен қоса пайда 
болады.
ФИЛИЯ  (фила)  –  бір  тілдік  семьяға  жататын  тілдерден  де 
жақын,  өзара  бір-бірінен  алыс  туыстығы  бар  бірнеше  тілдік 
семьялардан тұратын тілдер бірлестігі. 

157
ФУНЦИОНАЛДЫ  ҚОСТІЛДІЛІК  (лат.  functio  –  қызмет 
ету) – бір халықта екі тіл қолданатын жағдаятта көрінеді. Мұнда 
бірінші  тіл  –  сол  халықтың  этникалық  тілі,  екіншісі  –  арнайы 
қызметте  немесе  ерекше  қатынас  жағдаятында  қолданылатын 
этносүстілік  тіл.  Мысалы,  Үндістанда  көне  үнді  тілі  –  санскрит 
культтық  тіл  ретінде, ал  хинди  халық  тілі  ретінде қолданылады. 
Қытайда ву, мин нан т.б. диалектілермен қоса қытай жазба әдеби 
тілі қолданылады (қар.: Диглоссия, Қостілділік, Тіл саясаты). 
ФРЕНГЛИШ (ағылш. frenglish – сөздердің қосылуы – French – 
француз тілі + English – ағылшын тілі) – көптеген француз сөздері 
мен  сөз  тіркестерінен  тұратын  ағылшын  тілінің  атауы  (қар.: 
Креоль-тіл, Пиджин, Аралас тіл, Франгеле). 
ФРАНГЕЛЕ  (  фр.  franglais  –  сөздердің  араласуы  –  francais 
–  француз  тілі  +  angiais  –  ағылшын  тілі)  –  көптеген  ағылшын 
сөздері мен сөз тіркестерінен тұратын француз тілінің атауы. Бұл 
П.Этьембланың термині (1960) (қар.: Креоль-тіл, Пиджин, Аралас 
тіл, Френглиш). 
ФРАНЦУЗ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  МЕКТЕБІ  – 
тілді әлеуметтік құбылыс ретінде танитын француз тіл ғылымының 
бір бағыты. Д.Дидро, Ж-Ж. Руссо, М.Бреаль, П.Лафарг осы бағыт-
тың идеяларын айтқан болатын.
Француз  әлеуметтік  лингвистика  мектебі  ХХ  ғ.  басында 
Париж-де  қалыптасты.  Алғашқы  кезде  бұл  бағыттың  өкілдері 
Д.Конт, Э.Дюркгейм сияқты социал-позитивистердің ықпалында 
болған.  Бағыттың  негізін  қалаушы  А.Мейе  тілдік  фактілерді 
зерттеуде  психологияға  жүгінуге  қарсы  шығады,  өйткені 
тіл  –  сөйлеу  құралы,  байланысу  (араласу)  құралы,  яғни  тіл  – 
әлеуметтік құбылыс. А.Мейе тілдегі өзгерістерді тек әлеуметтік 
себептерге  байланысты  түсіндіреді:  тілдердің  жіктелуін  – 
халықтардың  көшіп-қонуымен,  ал  бір  тілдің  басым  болуын 
отарлау саясатымен түсіндіреді. Ол тілдердің араласуына үлкен 
мән беріп, сөз мағынасының өзгеру себебін сөйлеушілер санымен 
байланыстырады.
М.Коэн  (А.Мейенің  шәкірті)  француз  әлеуметтік  лингвистика 

158
мектебінің  идеяларын  марксизм  тұрғысынан  қарастырып,  тілдік 
құбылыстардағы  диалектикалық  заңдардың  әсерін  анықтағысы 
келді.  Ол  тіл  жүйесін  ерекше  эволюциялық  құбылыс  ретінде 
танып, оны қоғамнан тыс зерттеді.
Тілдегі әлеуметтік факторлардың басымдылығын басқа бағыт 
өкілдері  де  мойындаған:  психологиялық  бағыт  (Ж.Дамурет, 
Э.Пишон  т.б);  лингвистикалық  география  (Ж.Жильерон,  А.Доза 
т.б.);  диалектология  (Г.Парис  т.б.);  әлеуметтік  диалектология 
(Л.Сенеан т.б.).
Француз әлеуметтік лингвистика мектебінің идеяларын швей-
цариялық  лингвистер  Ф.де  Соссюр,  А.Саше,  Ш.Балли  қолдаған 
(қар.: Женева мектебі). Сонымен қатар бұл идеялар А.Соммерфельд 
(Норвегия), И.Иордан, А.Граур (Румыния), Е.Курилович (Польша) 
т.б. ғалымдарға әсерін тигізді.
Қазіргі  тіл  білімінде  тілдің  әлеуметтік  аспектісі  назардан  тыс 
қалған жоқ (қар.: Әлеуметтік бағыт).
ФРАНЦУЗ  ТІЛІ  –  галл-роман  тобына  жататын  роман  тіл-
дерінің бірі. Франция, Белгия, Швейцар Конфедерациясы, Канада, 
Гаити,  Монако,  Люксембург,  Андорра  елдеріндегі  ресми  тіл. 
Ф.т.  Африканың  да  көптеген  елдерінде  ресми  тіл.  Сөйлеушілер 
саны  119  млн.  адам.  БҰҰ-ның  ресми  және  жұмыс  тілі.  Ф.т.-нің 
диалектілері:  франсийялық  (Иль-де-Франс  диалектісі);  солтүстік 
(норманд,  пикард,  валлон);  оңтүстік-шығыс(бургунд,  франш-
конт) және франко-провансаль диалектісі. Ф.т.-не аналитизм тән. 
Ф.т.-дегі ең көне жазба ескерткіш ҮІІІ ғ. жатады. Жазуы – латын 
графикасында.
ФУНКЦИОНАЛДЫ  ЛИНГВИСТИКА  (функционализм)  – 
тілдің қатынас құралы ретіндегі қызметіне басты назар аударатын 
құрылымдық  лингвистиканың  бір  тармағын  құрайтын  бағыттар 
мен мектептер. Функционалды лингвистиканың негізін қалағандар: 
И.А.Бодуэн де Куртенэ, Ф.де Соссюр, О.Есперсен. 

159
Х
ХАЗАР  ТІЛІ  –  түркі  тілдерінің  бірі.  Өлі  тіл  деп  саналады. 
ҮІІ–Х ғғ. болған Хазар мемлекетінің тілі. Қазіргі Дағыстан, Кубан, 
Азау, Қырым жерін мекен еткен көшпенділердің тілі.
ХАКАС  ТІЛІ  –  түркі  тілдеріне  жатады.  Екі  диалектісі  бар. 
Х.т. лексикасында моңғол, орыс тілдерінен енген кірме сөздер көп 
кездеседі. Жазуы орыс графикасында.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ТІЛДЕР  –  әр  түрлі  мемлекеттердің  ара-
сында байланыс құралы ретінде пайдалынылатын тілдер. Х.т. – 
табиғи және жасанды деп бөлінеді. Халықаралық табиғи тілдер 
ежелгі және ортағасырлық дәуірлерде аймақтық тіл болған, бұл 
тілді шектеулі әлеуметтік топ өкілдері ғана білген. Әлем тілдері-
нің дәрежесіне ие болу үшін белгілі экстролингвистикалық (саяси, 
экономикалық,  мәдени)  және  лингвистикалық  факторлардың 
болуы шарт. Дүние жүзінде дамыған Х.т. дәрежесі ресми түрде 
заңдастырылады.  Оларды  халықаралық  ұйымдардың  (БҰҰ, 
ЮНЕСКО)  «қызмет»  немесе  «ресми»  тілдері  деп  таниды. 
Мысалы, БҰҰ-ның ресми тілдері: ағылшын, араб, испан, қытай, 
орыс, француз тілдері. Жасанды тілдердің тарихы б.э.д. ІҮ–ІІІ ғғ. 
басталады, көне грек тілі негізінде Алексрах алғашқы жасанды 
тілді  ұсынғаны  белгілі.  ХҮІІ  ғ.  латын  тілінің  халықаралық 
қызметі  таралуына  байланысты  Р.Декарт  (1629)  жасанды  тіл 
жасау теориясын ұсынды. Бүгінде кеңінен таралған төрт жасанды 
тіл бар, олар: эсперанто (1887), идо (1907), окциденталь (1921) 
және интерлингва (1951).
ХАЛЫҚТЫҢ  ТІЛДІК  ҚҰҚЫҒЫ  (  орыс.  языковые  права 
народа) – миноритарлық тілдерді қатынастың әртүрлі салаларында, 
алдымен  білім  беруде  мәдениетте,  БАҚ-та,  сот  ісін  жүргізуде 
және жергілікті билік органдарында мемлекет тарапынан дамыту 
және қолдау көрсету. Х. т. қ. қолдау бойынша шаралар аймақтық 
немесе  миноритарлық  тілдердің  Еуропалық  Хартиясында  (1998) 
көрсетілген.
Қара: Тілдік заңнама, Жеке адамның тілдік құқығы

160
Ш
ШАҒАТАЙ  ТІЛІ  –  түркі  тілдерінің  қарлұқ  тобына  жатқы-
зылып жүрген тіл. ХҮ–ХҮІ ғғ. Мәуренахрда (Орта Азия) Ақсақ 
Темір  империясында  жергілікті  түркі  диалектілері  негізінде 
қалыптасқан  кітаби  тіл.  Ш.т.  негізінде  Қараханид  (Х–ХІІ  ғғ.) 
және Алтын Орда (ХІІІ–ХІҮ ғғ.) мемлекеттерінде болған әдеби-
тілдік дәстүр жатыр. Қарлұқ, оғыз, қыпшақ тілдерінің араласуы 
және араб, парсы тілдерінің әсері – Ш.т. өзіндік ерекшеліктері. 
Бұл тіл бүкіл түркі тілдес халықтарға ортақ тіл болған.
ШУМЕР  ТІЛІ  –  Оңтүстік  Қос  өзен  (қазіргі  Ирак)  жерінде 
б.э.д.  2000  ж.  бұрын  өмір  сүрген  халықтардың  тілі.  Ш.т.  басқа 
тіл-дермен туыстығы әлі дәлелденбеген. Бірақ О.Сүлейменовтың 
пікірінше Ш.т. түркі тілдеріне жақын тіл. 
І
ІШКІ  ФЛЕКЦИЯ  –  түбірдің  дыбыстық  құрамының  өзгеруі 
арқылы  грамматикалық  мағынаны  білдіру  тәсілі.  Ішкі  флексия 
әсіресе семит тілдеріне тән.
Орыс тілінде ішкі флексия бір «видті» екінші «видтен» ажырату 
тәсілі  ретінде  қолданылады.  Тіл  біліміндегі  «Флективті  тілдер» 
терминінің  қолданылуы  осы  ішкі  флексия  тәсіліне  тән  болуына 
негізделеді.
Э
  
ЭВФЕМИЗМ  (грек.  euphemismos  eu  –  жақсы  және  phemi 
–  сөйлеу)  –  эмоция  жағынан  бейтарап  сөздер.  Э.  құлаққа  ерсі 
есті-летін  сөздердің  синонимдері  ретінде  жұмсалады.  Мысалы, 
семіз-толық,  кәрі  –  егде,  өлді  –  қайтыс  болды,  қатын  –  әйел  т.б. 
Э – дисфемизмге керісінше, эмоциялы бейтарап сөз орнына әдейі 
тұрпайы сөздер қолданылады.

161
ЭЗОП ТІЛІ (көне грек мысалшысы Эзоп атымен байланысты) 
– цензурадан өткізу үшін қолданылатын жазу стилі. Э.т. көбінесе 
тоталитарлық  реакцияшыл,  демократиялық  емес  мемлекетте 
қолданылады.  Э.т.-ін  жасау  үшін  мынадай  тәсілдер  пайдалыны-
лады:  аллегория,  контекстік  және  ситуациялық  перифраза, 
аллюзия,  псевдоним,  ирония,  мысқыл,  фольклор  кейіпкерлерін 
кіргізу, көне шығыстық поэзияларды, діни сюжеттерді, аңыздарды 
қолдану.
ЭКЗОГЛОСТЫҚ  ТІЛДІК  АХУАЛ  (орыс.  экзоглоссная 
языковая ситуация) – әртүрлі тілдерден тұратын тілдік ахуал, мыс., 
Қазақстан Респуликасындағы тілдік ахуалда 120 тіл қызмет етеді. 
Қара: Эндоглостық тілдік ахуал, Тілдік ахуал
ЭЛЛИПСИС (грек. elleipsis – кемшілік, жетіспеу) – сөйлеуде 
не мәтінде тіл бірлігінің жетіспеуі, әдейі түсірілуі. Синтаксистік 
құрылымның  «толық  еместігі».  Э.  әдетте  ауызекі  сөйлеуде 
кездеседі.  Мысалы,  «Данабек  театрды  ұнатады,  ал  Бөгенбай  – 
киноны».
ЭНДОГЛОСТЫҚ  ТІЛДІК  АХУАЛ  (орыс.  эндоглоссная 
языковая  ситуация)  –  бір  тілдің  қосымша  жүйелерінен  тұратын 
тілдік  ахуал.  Мыс.,  Ресейдің  немесе  Өзбекстанның  орыстілді 
не  өзбектілді  жекелеген  деревнялары  мен  қышлақтарындағы 
эндоглостық  тілдік  ахуалда  әдеби  тіл  мен  қатар  орыс  не  өзбек 
тілінің диалектілері белсенді түрде пайдаланылады.
Қара: Экзоглостық тілдік ахуал, Тілдік ахуал.
 ЭСПЕРАНТО - халықаралық жасанды тілдердің ішінде ең көп 
тараған  жобалардың  бірі.  Бұл  жобаны  1887  ж.  варшавалық  врач 
Л.Заменгоф  (бүркеншек  аты  –  Эсперанто)  жасаған.  Эсперанто 
роман тілдерінің лексикасы негізінде жасалған. Эсперанто тілінде 
11 жалғау, 16000 түбір сөз бар. Бұл тілде көркем әдебиет, қоғамдық-
саяси әдебиеттер жазылған. Эсперантоның өзіндік лингвистикалық 
теориясы  бар.  Дүниежүзілік  эсперантистер  бірлестігі  құрылған. 
1987 ж. ЮНЕСКО эсперанто тілінің 100 жылдығын атап өтті.
ЭТНИКАЛЫҚ ТІЛ (грек. ethnos – тайпа, халық) – белгілі бір 
этносқа тиесілі ана тілінің екінші бір атауы (қараңыз: Екінші тіл, 
Этностық сана-сезім, Тілдік сана-сезім).

162
ЭТНИКАЛЫҚ ҚОСТІЛДІЛІК (грек. ethnos – тайпа, халық) 
бұл  белгілі  бір  тілдерде  сөйлейтін  халықтардың  өзара  әрекетіне 
байланысты  бір  социумда  екі  тілі  қолданатын  жағдаяттарда 
байқалады,  бұл  функционалды  қостілділікке  қарама-қарсы 
қойылады (қараңыз: Қостілділік, Тілдік қатынас).
ЭТНИКАЛЫҚ  САНА-СЕЗІМ  (грек.  ethnos  –  тайпа,  халық) 
–  белгілі  бір  этносқа  тән  өзін-өзі  анықтау,  өзіндік  бірлік  сезімі; 
нақтылы  бір  этникалық  байланыстардың  адамдар  арасындағы 
бейнесі.  Этникалық  сана-сезім  отбасылық  тәрбие  мен  қалыпты 
жағдайларда (сырттай ассимилияциялық қысымсыз) қалыптасады, 
өзін-өзі  бағалаудың  жағымды  жағымен  сипатталады,  ұлттың 
қалыптасуындағы  этникалық  сана-сезімнің  мәні  халықаралық 
құқықта – БҰҰ-ның  жарғысында бекітілген (қар.: Ұлт, Ана  тілі, 
Тілдік сана-сезім, Этникалық тіл).
ЭТНОЛЕКТ (этникалық диалекті, тілдің аймақтық варианты) 
–  тілдердің  бір-бірімен  түйісу  аймағында  және  билингвтің 
интерференция  арқылы  ана  тілінің  әсерінен  өзіндік  белгісі  бар 
тілдің  бөлшектенуі  нәтижесінде  пайда  болған  тілдің  бір  түрі. 
Ұзақ  уақыт  бойы  тоғысуда  болу,  бір  типтегі  интерференция 
құбылысының ұдайы әсер етуі сол аумақта қолданылатын тілдің 
жүйелік өзгерістерге ұшырауына, уақыт өте келе тілдің «жергілікті» 
вариантының  қалыптасуына  әкеледі.  Тілдік  өзгерістер  тілдің 
түрлі  деңгейлерін:  просодикасын  (интонациялық  құрылысының 
бейнесінің  өзгеруі),  фонетикасын  (дыбыстардың  айтылымы, 
акценттік  үлгісі),  синтаксисін,  лексикасын  қамтиды.  Ана  тілін 
халық этнолект формасында меңгеруі мүмкін. Э. тұтынушылардың 
қарым-қатынастық  қауымдастығының  демографиялық  базасын 
әртүрлі  этностар  құрауы  мүмкін.  Мыс.алы,  орыс  тілінің 
дағыстандық Э. түрлі халық өкілдері, оның ішінде орыс халқының 
ересектері де сөйлейді.
ЭТНОЛЕМА  –  ұлттық  тек  жүйе  құраушылық  фактор  болып 
табылатын тіл тұтынушылар ұжымы.
ЭТНОЛИНГВИСТИКА  (грек.  Еthnos  –  халық,  тайпа,  фр. 
Linguistigue-  lingua  –  тіл)  –  тілдің  мәдениетке  қатыстылығын, 

163
тілдің қызмет етуі мен дамуындағы тілдік, этномәдениеттік және 
этнопсихологиялық  факторлардың  өзара  байланысын  зерттейтін 
тіл  біліміндегі  бағыт.  Этностың  материалдық  және  рухани 
мәдениетін,  оның  менталитетін,  тарихы  мен  қазіргі  қалпын 
бейнелейтін тілдік элементтер Э. нысаны болып табылады. Халық 
мәдениеті мен тілінің өзара әрекеттестігі идеясы орта ғасырларда-
ақ Шығыста айтылған болатын. Алайда Э. дара бағыт ретінде ХІХ 
ғасырдың басында пайда болды және америка үндістерінің тілдері 
мен  мәдениетін  зерттеген  Ф.Боас  және  Э.Сепир  есімдерімен 
байланысты .
ЭТНОСАРАЛЫҚ  ТІЛДІК  ДАУ-ЖАНЖАЛ  (орыс.  меж-
этнический  языковой  конфликт)  –  әртүрлі  этностық  топтар 
арасында  пайда  болатын  тілдік  дау-жанжал.  Э.  т.  д-ж.  әрқашан 
тілдік  жағдаятты  құрайтын  тілдер  арасындағы  қызмет  ету 
салаларын бөлудегі күрестен шығады. Э. т. д-ж. өзінен өзі шығуы 
сирек. Әдетте ол жалпы ұлтаралық шиеленіс аясында пайда болып, 
дамиды.  Кейде  тілдік  дау-жанжал  жалпы  ұлттық  жанжалдың 
негізгі  себепшісі  болуы  да  мүмкін.  Этносаралық  жау-жанжал 
бүтіндей  бір  тілдік  бірллестіктің,  тіпті  бірнеше  бірлестіктің  де 
өмірлік мүддесіне зиян келтіру мүмкін. 
Қара: Тіл саясаты, Тілдік дау-жанжал, Тілдік талап
ЭТНОТІЛДІК  ЖАҒДАЯТ  (грек.  ethnos  –  тайпа,  халық)  - 
мемлекет,  саяси-әкімшілік  құрылым,  аумақтық  бірлестік,  аймақ 
шегінде  бір  тілде  сөйлейтін  этностар  иерархиясы  мен  жағдайы. 
Этнотілдік жағдаятқа обьективті талдау жүргізуде адамдардың тілге 
қатынасы, азаматтық деңгейі, этникалық тұтастығы, этносаралық 
қатынастарға қарсылық дәрежесі т.б. есепке алыну керек (қараңыз: 
Тілдік жағдаят, Этникалық сана-сезім, Тілдік сана).
ЭТАЛОН ТІЛ (үлгі тіл) (орыс. язык этолон) – екі немесе одан 
да  көп  тілдерді  өзара  салыстыру  үшін  пайдаланатын  бейтарап 
аралық-тіл.
 
 

164
Я
ЯКУТ ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Саха елі, Амур, Магадан, 
Сахалин,  Таймыр,  Эвенк  автономиялы  облысында  тараған  тіл. 
Бірнеше  говорлары  бар:  орталық,  вилюй,  солтүстік-батыс  және 
таймыр.  Я.т.-не  сингорманизм,  консонатизм  құбылыстары  тән. 
Морфологиясы  агглютинативті,  сонымен  бірге  аналитикалық 
тәсілдер  мен  флексия  да  кездеседі.  Лексикасында  моңғол, 
эвенк, орыс сөздері бар. Я.т. ең алғашқы мәтін 1705 ж. Н.Витзен 
Амстердамда  баспадан  шығарған.  1922  ж.  С.Новгородов  Я.т. 
алавитін  жасайды.  1929  ж.  бастап  латын,  1939  ж.  бастап  орыс 
графикасына көшірілді. 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал