Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет14/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ТІЛ  САЯСАТЫ  –  мемлекет,  қоғамдық  ұйымдар  тарапынан 
жүзеге  асырылатын  қоғамдағы  тілдік  жағдаятты  өзгертуге 
немесе  тұрақтандыруға  бағытталған  саяси,  әлеуметтік  және 
лингвистикалық шаралар жүйесі. Ел-елдегі тілдік жағдаяттың әр 
түрлі болуына байланысты тіл саясаты да әр алуан болып келеді. 
Тіл саясатының өзіндік сипатына қарай ана тілі тағдыры шешіледі. 
Демократиялық  бағыттағы  тіл  саясатын  ұстанған  мемлекет  әр 
этностың  ана  тілінің  өмір  сүруі  мен  дамуына  жағдай  туғызса, 
кертартпа  тіл  саясатқа  бой  ұрған  мемлекетте  бірді-екілі  тілдің 
дамуына  ғана  мүмкіндік  туғызылып,  қалғандарын  іс  жүзінде 
тежеп, азшылық этностардың ана тілін жойып, оларды бірыңғай 
мемлекеттік,  әкімшілік  тіліне  көшіруге  тырысады.  Осы  жолда 

143
қолда  бар  мүмкіншіліктің  баршасын  іске  қосып  бағады.  Олай 
болса, тіл саясаты екі түрлі бағытта жүргізіледі деп түюге болады. 
Бір бағыты – тілді тұншықтыру, екіншісі- тілдердің еркін дамуына 
жағдай  жасау.  Әлеуметтік  лингвистика  өз  мақсатына  қарай  кез 
келген  жүзеге  асырылып  отырған  тіл  саясатының  мәселелерін, 
олардың идеологиялық негізі мен практикалық нәтижелерін бірдей 
нысана етеді.
ТІЛ ТҰТЫНУШЫСЫ (орыс. носитель языка) – қандай да бір 
тілді ана тілі ретінде меңгерген жеке адам (индивид).
Қара:Ана тілі.
ТІЛ  ЭКОЛОГИЯСЫ  (орыс.  экология  языка)  –  этникалық 
қауымдастық пен оның тілінің тазалығын сақтауға қажетті таби-
ғи,  әлеуметтік  және  мәдени  жағдай:  аумақтық  бүтіндігі,  ұлттық 
мәдениеттің  сақталғандығы,  тіл  тұтынушыларының  дәстүрлі 
қатынас саласы, сондай-ақ ұлттық сана-сезімнің жоғары деңгейі.
ТІЛДЕРДІ  ДАМЫТУ  МЕН  ҚОЛДАНУДЫҢ  МЕМЛЕ-
КЕТТІК  БАҒДАРЛАМАСЫ  (орыс.  государственная  программа 
развития  и  поддержки  языка)  –  елдегі  тілдің  /  тілдердің  қызмет 
етуі  мен  дамуын  мақсатты  бағыты  және  жоспарлы  басшылық 
жасау  үшін  үкіметтің  қабылдаған  құжаты.  Мыс.,  Қазақстан 
Республикасындағы тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекттік 
бағдарламасы  (5  қазан,  1998ж.);  Қазақстан  Республикасындағы 
2001-210 жылдарда тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік 
бағдарламасы  (17  ақпан,  2001ж.);  Ресей  Федерациясының  «Рус-
ский  язык»  федералдық  мақсатты  бағдарламасы  т.б.  «Қазақстан 
Республикасындағы  2001-2010  ж.ж.  тілдерді  қолдану  мен 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» он жылға есептелген ұзақ 
мерзімді  бағдарлама  болып  табылады,  онда  Тілдік  құрылыстың 
стратегиялық мақсаты мен міндеттері анықталған, сондай-ақ оны 
жүзеге асырудың негізгі тетігі мен бағыттары көрсетілген. 
ТІЛДЕРДІҢ АРАЛАСУЫ - белгілі бір тарихи кезеңде екі тілдің 
қарым-қатынасқа түсіп, бір-біріне әсер етуі де, кейіннен бір-бірінен 
қайта ажырауы. Мыс., V II-XIII ғғ. арабтар маңайындағы елдердің 
бірсыпырасын  жаулап  алды.  Бұл  кезеңде,  бес  ғасырдай  уақыт 

144
аралығында,  араб  және  парсы  тілдері  бір-бірімен  айтарлықтай 
дәрежеде  араласты.  Қазіргі  кезде  парсы  тілінің  даму  жолын 
дәлірек, жете түсіну үшін араб тілін білу керек. Мұндай жағдай 
түрік  тілі  мен  болгар  тілдерінің,  корей  және  қытай  тілдерінің 
арласуында  да  болған.  Мыс.,  корей  лексикасының  75  пайызы 
қытай сөзі, ағылшын лексикасының 60-70 пайызы латын сөздері. 
Мұндай процесс қазаргі қазақ, орыс тілдерінен де байқалады. 
ТІЛДЕРДІҢ  ДИВЕРГЕНТТІ  ДАМУЫ  (лат.  divergo-бас 
тарту, кету; орыс. дивергентное развитие языков; ағылш. divergent 
evolution  of  languages)  –  немесе  глоттогоникалық  дивергенция, 
туысқан  тілдердің  немесе  бір  тілдің  диалектілерінің  айрықша 
әлеуметтік-тарихи  жағдайлар  (миграция,  тілдік  қатынастар, 
географиялық  немесе  саяси  ыдыраушылық,  т.б.)  салдарынан 
бөлектенуі.Т.д.д.  жалпы  жақындықтың  ыдырауы  нәтижесінде 
тілдер семьясының қалыптасуының жалпы көрінісі. Т.д.д. идеясы 
салыстырмалы  тарихи  тіл  білімінің,  тілдердің  генологиялық 
классификациясының  негізі  салынды.  Жақын  арадағы  Т.д..д-ң 
үлгісіне тіл варианттарының пайда болуын айтуға болады: АҚШ, 
Австралия т.б. – ағылшын тілі; Мексикадағы испан тілі т.б. Т.д.д. 
тілдердің  конвергентті  дамуына  қарама-қарсы  қойылады  (қар.: 
Вариативтық, Жартылай ұлттық тіл). 
ТІЛДЕРДІҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ ЖӘНЕ ӨЗАРА ӘСЕРІ 
 дүние жүзіндегі елдер, мемлекеттер бір-бірімен әр түрлі саяси, 
мәдени,  экономикалық,  тілдік  т.б.  қарым-қатынаста  болады.  Бұл 
халықтардың, олардың тілдерінің араласуына, бір-біріне әсер етуі-
не ықпал жасайды. Осыған байланысты лингвистер тілдер қарым-
қатынасының  негізінен  үш  түрлі  көрінісін  атап  көрсетеді.  (Тіл-
дердің қатар өмір сүруі, Тілдердің араласуы, Тілдердің тоғысуы).
ТІЛДЕРДІҢ ҚАТАР ӨМІР СҮРУІ  бір мемлекет аумағында 
өзара аралас өмір сүріп жатқан немесе көршілес жатқан тілдердің 
ұзақ  замандар  бойы  бір-біріне  үнемі  тұрақты  түрде  әсер  етуі, 
ықпал  жасауы.  Сондай  қарым-қатынас  нәтижесінде  ол  тілдердің 
дамуында,  олардың  жалпы  фонетикалық,  лексикалық  және 
грамматикалық құрылысына ортақ жайлар пайда болды. Бұлардан 

145
«туыстас тілдер» немесе «тілдер одағы» сияқты жақын, ортақтық 
мәселелері туындайды (қара: Туыстас тілдер, Тілдер одағы).
ТІЛДЕРДІҢ ТОҒЫСУЫ – екі тілдің қарым-қатынасқы түсу 
нәтижесінде  бір-біріне  әбден  сіңісіп  кетуі.  Тілдердің  тоғысуы 
этникалық топтардың, тайпалардың араласып-құраласып кетуіне, 
сондай-ақ бір халықтың екінші бір халықты жеңіп, бағындырып, 
өзіне  қаратып  алуына  байланысты  болады.  Тілдердің  тоғысуы 
туыстас  халықтар  тілдері  арасында  да,  туыстық  жоқ,  тілдері  о 
бастан-ақ бөлек-бөлек халықтар арасында да болуы мүмкін. Саны 
жағынан  көп  халық  аз  халықты  өзіне  қаратып,  қосып  алуы  да 
мүмкін. 
Тілдердің  тоғысуы  –  ұзақ  әрі  күрделі  процесс.  Екі  тіл  тоғыс-
қанда ол тілдердің құрылымы тоғысады: бірінің құрылымы бірте-
бірте  жойылып,  жоғала  бастайды.  Бірақ  соның  өзінде  жойылған 
тіл өзін жойған тілде азды-көпті дәрежеде өз ізін қалдырады. 
Тілдер  тоғысқанда  көп  уақыт  бойы  оларды  қолданушы 
халықтарда  қостілділік  жағдайы  сақталуы  мүмкін.  Қысқасы,  екі 
тіл тоғысқанда бірі жеңіп, бірі жеңіледі, яғни жеңген тіл, жеңілген 
тіл пайда болады. Осыған орай әлеуметтік лингвистикада үш түрлі: 
атстрат, субстрат, суперстрат терминдері қолданылады. 
ТІЛДІ МӘРТЕБЕЛІ ЖОСПАРЛАУ (орыс. статусное плани-
рование языка) – тіл мәртебесін мақсатты бағытталағн заңдылық 
тұрғыдан  реттеу  (қар.:  Мемлекеттік  тіл,  Тіл  саясаты,  Тілдік 
жағдаят).
ТІЛДІ  ЫҒЫСТЫРУ  (орыс.  вытеенние  языка)  –  күштеп  тіл 
ауыстыру,  ана  тілді  өзге  тілмен  алмастыру.  Т.ы.  мемлекеттің  тіл 
саясаты  қолданылуы  мүмкін,  мыс.,  Т.ы.  орыс  тілінің  пайдасына 
бұрынғы кеңестер Одағында ұлттың тілдерді ығыстыру жүргізілуі; 
Т.ы. Глотогенез процесінде, субстранттың пайда болуында жүзеге 
асырылуы  мүмкін.  (қара:  Тілдік  қатынас,  Тілдік  экспансия,  Тіл 
саясаты,  Тілдік  унификация,  Миноритарлы  тіл,  Тілді  жоғалту, 
Өліп бара жатқан тіл, Құрып бара жатқан тіл). 
ТІЛДІҢ  ЖАҢАРУЫ  (орыс.  возрождение  языка)  –  өлі 
тілдерді  қайта  жандандыру  бағытындағы  мемлекет,  лингвистер 

146
мен қоғамдардың шаралар жиынтығы. Т.ж. ең жарқын мысалына 
Иврит  жатады.  Т.ж.  ісінің  сәтті  болғандарына  Франциядағы  өлі 
тілге  айналып  бара  жатқан  окситан  және  гаксон,  британиядағы 
өлі мэн және корн тілдері жатады. Т.ж. –мен байланысты жағдаят 
қарапайым  проблема  болып  саналмайды,  айталық,  крон  тілінің 
үш вариантының біреуін таңдау проблемасы шешілмеген: а) крон 
тілінің орта даму кезеңі мен орта ғасырлық әдебиет негізінде қайта 
жаңартылған унифицировалық крон тілі; (1200–1500 ж.ж.); ә) ХVІІІ 
ғ.  жазбаша  құжаттар  негізінде  қайта  жаңартылған  қазіргі  крон 
тілі; б) ортағасырлық және қазіргі крон тілдері арасында өзіндік 
компромистік  вариант  ретінде  танылатын  жалпы  қолданыстағы 
крон тілі. 1990 жылдарда крон тілінде шамамен 2000 адам әр түрлі 
деңгейде  меңгерген.  Әдет  бойынша  олардың  барлығы  ағылшын 
тілі  мен  крон  тілінің  бір  түрін  меңгерген  билингвтер  еді.  Т.ж. 
туралы бұрынғы Кеңестер Одағындағы көптеген тілдерге қатысты 
айтуға болады (қар.: Тіл саясаты, Тілдік экспансия, Тіл ауыстыру). 
ТІЛДІҢ ӨМІРШЕҢДІГІ (лат. vitalis – өміршең; орыс. виталь-
ность  языка)  –  тілдің  өмір  сүруге,  дамуға  құштарлығы,  табан-
дылығы,  икемділігі.  Т.ө.  мынадай  обьективті  және  субьективті 
көрсеткіштер жиынтығымен өлшенеді. 
1.  Әлеуметтік-саяси  көрсеткіш,  оның  ішінде  тілді  мәртебелік 
жоспарлау мен тілді кешенді жоспарлаудағы мақсаты бағытталған 
тіл  саясатының  жүргізілуі,  тіл  дамыту  мен  оған  қамқорлық 
жасаудың нақтылы Мемлекеттік бағдарламасының болуы, тілдің 
толық  мәнде  қызмет  ететін  әлеуметтік  инфрақұрылымдарының 
дамуы,  (білім  беру  мекемелері,  баспасөз  органы,  радио  желі, 
телекомпаниялар мен телебағдарламалар, кітап басу ісі т.б.)
2.  Әлеуметтік  демографиялық  көрсеткіш,  оның  ішінде 
мемлекет  шегінде  өзге  тілдік  ұғымдарға  қарағанда  сол  тілдегі 
сөйлеушілер саны, сол этникалық топтың жалпы санының ішіндегі 
тіл  тұтынушылардың  (ана  тілі  ретінде  білетіндер  саны)  жастар 
арасындағы,  ол  тілдегі  монолингвистер  мен  билингвистер  саны, 
сол тілдегі қостілді білетіндер дәрежесі т.б. 
3.  Таза  лингвистикалық  көрсеткіштер,  оның  ішінде  әдеби 

147
тілдің болуы, тілдік норманың жасалуы мен тұрақтылығы, тілдік 
инновациялардың таралу жылдамдығы, шетелдік әсер етушілікке 
табандылығы,  салалық  терминдердің  барлығы,  сөздік  қордың 
даму динамикасы т.б. 
 4. Әлеуметтік – қызметтік көрсеткіштер – бұл тілдің әлеуметтік 
қызметінің  қоғамдағы  біршама  маңызды  өмір  салаларында, 
оның  ішінде  алдымен  ағарту  саласында  (тілдік  құзіреттіліктің 
негізгі  салаларында  қалыптасуы),  ғылымда  (гуманитарлық  және 
жаратылыс-техникалық),  бұқаралық  ақпарат  құралдары  тілі, 
әкімшілік қызметте және іс қағаздарын жүргізуде, сот ісін жүргізуде 
өнеркәсіп  органдарында  және  өндірістің  өзге  салаларында 
қолданылуымен өлшенеді. 
5.  Ұлттық-мәдени  көрсеткіштер,  оның  ішінде  ұлттық  өнерде, 
театр, кино, дінде, әдебиеттің аралуан түрлерінің (көркем әдебиет, 
лексиокография, діни-сезім іскерлік, оқулық, терминонологиялық 
т.б.)  ғұрыптық  дәстүрдің  барлығы  т.б.  (қар.:  Стандартты  тіл, 
Жоғалушы  тіл,  Миноритарлы  тіл,  Өлі  тіл,  Тіл  ауыстыру,  Тілдің 
жаңғыруы).
ТІЛДЕРДІҢ  ҚОЛДАНЫЛУ  АЯСЫ  (грек.  Sphaira  –  шар; 
орыс.  Сфера  использование  языка)  –  бірыңғай  коммуникативтік 
қажеттілікпен  сипатталатын  қоғамдық  қызметтің  белгілі  бір 
саласындағы  қарым-қатынас  түрі.  В.А.Аврорин  оның  мынадай 
түрлерін  атайды:  1)  шаруашылық  қызмет;  2)  қоғамдық-саяси 
қызмет; 3) күнделікті тұрмыс; 4) ұйымдастырылған білім беру; 5) 
көркем әдебиет; 6) бұқаралық қатынас; 7) эстетикалық әсер ету; 8) 
халық ауыз әдебиеті; 9) ғылым; 10) іс қағаздарын жүргізу; 11) жеке 
жазбалар; 12) діни мәдениет. 
ТІЛДЕРДІҢ  ҚОЛДАНЫЛУ  ОРТАСЫ  –  белгігі  бір  белгі-
лерімен  (туысқандық,  этникалық,  әлеуметтік,  аумақтық)  өзара 
байланысқан және тілдің белгілі бір өмір сүру формасын қолданатын 
адамдар қауымдастығы. В.А.Аврорин Т.қ.о.-ның мынадай түрлерін 
көрсетеді: отбасылық қатынас, ұжым ішіндегі қатынас, ауылдық 
немесе  белгілі  бір  аймақ  ішіндегі  қатынас,  адамардың  уақытша 
араласу  кезіндегі  қатынасы,  сандық  мөлшеріне  қарамастан 

148
бүтіндей  халық  ішіндегі  қатынас,  ұлтаралық  қатынас,  жалпы 
адамзаттық  қатынас  (қара:  Қоғамның  әлеуметтік  құрылымы,  Тіл 
социологиясы, Тілдің қолданылу салалары).
ТІЛДІҢ  ҚЫЗМЕТІ  1)  қоғамдағы  тілдің  рөлі  (қолданылуы); 
2)  бірліктерінің  бір-біріне  тәуелді  болуы  (мысалы,  түбір  мен 
афикс).  Тілдің  қызметі  тілдің  табиғатынан,  оның  қажеттілігі 
мен  қоғамдағы  орнынан  туындайды.  «Тіл  –  адамның  адамдық 
қасиетінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі (А.Байтұрсынов). Тіл 
-  адамзат  қоғамында  өмір  сүретін  әлеуметтік  құбылыс.  Демек, 
кез келген тіл қоғамда коммуникативтік (қарым-қатынас құралы), 
экспресивтік  (ойды  жарыққа  шығару  құралы),  конструктивтік 
(ойлау құралы), аккумулятивтік (тәжірибе мен білімнен жиналған 
дағды) т.б. қызметтер атқарады. Бұлар тілдің түрлі кезеңдеріндегі 
даму деңгейлеріне тән және өзіндік жүйесінде өзгермейтін туа бітті 
компоненттері болып табылатын негізгі қызметтері деп аталады. 
Ал тілдің қоғамдық қызметі бұл – тілдің сол негізгі қызметтерінің 
әр  түрлі  әлеуметтік  орталарда,  қоғамдық  өмір  салаларында 
және  әр  түрлі  мақсаттар  мен  жағдаяттарда  пайдалануы  мен 
қолданылуының көрінісі.
ТІЛДІҢ  ДАМУ  ЗАҢДАРЫ  (орыс.  законы  развития  языка; 
ағылш. Laws of laguage development) – ықтималдық және абсолют-
тік прогресс жолы бойынша бағытталған тіл дамуының тұрақты 
тенденциясы.  Ықтималдық  прогресс  көбіне  тілдік  техникадан 
көрінеді,  мыс.,  әр  түрлі  әлем  тілдеріндегі  аналитизмнің  пайда 
болуы мен таралуы. Абсолюттік прогресс тілдің қоғамдық өмірдің 
және қатынастың жаңа қажеттіліктерінің күрделенген формасына 
икемделуінен  көрінеді,  мыс.,  тілдің  сөздік  құрамының  өсуі  мен 
сөз  мағыналарының  кеңеюі.  Тілдің  дамуына  әсер  ететін  сыртқы 
(экстралингвистикалық) және ішкі (интерлингвистика) факторлар 
бар.  Сыртқы  (экстралингвистикалық)  факторлар  қоғамдық  өмір-
дегі  әр  алуан  оқиғалар  тарапынан  болса,  ішкі  (интерлингвисти-
калық)  факторлар  тілдің  өз  ішінде  дамиды,  олар  тілдің  өз 
мүмкіндігіне,  оның  даму  қуатына  байланысты  болады  (қар.: 
Глоттогенез, Тіл онтогенезі ). 

149
ТІЛДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУЫН ЖОСПАРЛАУ – (орыс. 
корпусное планирование языка) – тілдің құрылымына, яғни сөздік, 
терминологиялық  дамуына  қоғамның  саналы  әсер  етуі.  Мыс., 
Қазақстандағы  Т.қ.д.ж.  –  ның  басым  міндеттеріне  қазақ  тілінің 
орфографиялық,  орфоэпиялық  және  пунктуациялық  ережелер 
жүйесін  жетілдіру,  қазақ  терминологиясын  жүйелеу  мен  дамыту 
жатады.  Қазақтың  тіл  мәдениетін  жетілдіруде  орфографиялық, 
орфоэпиялық сөздіктер жасау күн тәртібіне қойылған (қар.: ҚР тіл 
саясатының тұжырымдамасы).
ТІЛДІК  БӨГЕТ  (орыс.  языковой  барьер)  –  толық  қарым-
қатынас жасауда жеке адамның тілді (тілдерді) білмеуінен (жете 
білмеуінен) болатын бөгет; көпэтносты мемлекет аумағындағы екі 
және  одан  да  көп  тілдің  қызмет  етуі;  әлемдегі  тіл  әралуандығы. 
Т.б. – ғаламдастыру және білім беруді интернациоландыру жолын-
дағы проблемалардың бірі.
ТІЛДІК ОДАҚ (орыс. языковой союз) – тілдердің ұзақ уақыт 
бойында  өте  тығыз  қарым-қатынаста  және  конгвергентті  даму-
дың  нәтижесінде  тарихи-ареалдық  құрылым  мен  материалдық 
жалпылыққа айналуы.
ТІЛДІК  ЖАНЖАЛ  (орыс.  языковой  конфликт)  –  тілдік 
қарым-қатынас жағдаятындағы ерекше өткір өзара әсер етушілігі. 
Т.ж.  негізінде  этнодемографиялық,  әлеуметтік,  идеологиялық, 
саяси  және  экономикалық  себептер  жатады,  сондықтан  Т.ж. 
көбінесе тілдердің түрлі мәртебелері бар және қоғамдық қызметі 
теңестірілмеген гетрегенді этносты елдерде пайда болады. 
ТІЛДІК ЖАҒДАЯТ – белгілі бір географиялық немесе саяси-
әкімшілік  құрылымдағы  бір  тілдің  немесе  бірнеше  тілдердің 
жергілікті-әлеуметтік  және  қызметтік  қатынасына  байланысты 
өмір  сүруі.  Әлеуметтік  лингвистикада  тілдік  жағдаят  негізгі 
ұғымдардың  бірі  болып  саналады.  Тілдік  жағдаяттың  мынадай 
негізгі  әр  түрлі  белгілері  болады:  сандық,  сапалық,  баға  беру. 
Сандық  белгілер:  1)  тілдер  саны;  2)  тілдерде  сөйлеушілер  саны 
(сөйлеушілердің  демографиялық  қуаты);  3)  қоғамдық  өмір  сала-
лары ішіндегі тілдердің қолданылу салаларының саны; 4) қолда-
нылуы басым тілдер саны. Тілдер санына қарай- монокомпоненттік 

150
және  поликомпоненттік  тілдік  жағдаят  түрлері  ажыратылады. 
Жалғыз  тілден  тұратын  тілдік  жағдаят  өте  сирек  кездеседі 
(мысалы, мұндай жағдай Исландияда бар). Демографиялық және 
қолданыс  қуаттылығына  қарай  қуаты  тең  және  қуаты  әралуан 
тілдік  жағдаят  болады.  Мысалы,  Белгияда  тепе-теңділік  тілдік 
жағдаят  қалыптасқан  (француз  және  нидерланд  тілдері).  Батыс 
Африка елдерінде теңестірілмеген тілдік жағдаят орын алып отыр 
(жергілікті  тілдерде  сөйлеушілер  саны  көп  болса  да,  еуропалық 
тілдердің байланыс қуаты жоғары).
Тілдік жағдаяттың сапалық белгілері: 1) тілдік жағдаятқа енетін 
тілдердің лингвистикалық сипаты – жеке тілдер немесе бір тілдің 
қосымша  жүйелері;  2)  тілдер  арасындағы  құрылыстық-тектік 
қатынастар  болуы  (ұқсас,  туыс,  бөтен-гемогенді  не  гетерогенді 
тілдер);  3)  тілдердің  атқаратын  қызметінің  маңыздылығы 
(үйлесетін не үйлеспейтін тілдер); 4) мемлекеттік деңгейде алғанда 
басым тілдің (метатілдің) сипаты – оның жергілікті не «сырттан 
келген» болуы (эндоглостық не экзоглостық тілдік жағдаят).
Тілдік жағдаяттың бағалану белгілері, яғни тұрғындардың тілге 
деген  көзқарастары  (қарым-қатынастық  қызметі,  қолайлылығы, 
эстетикалық  сипаты,  мәдени  құндылылығы  т.б.)  арқылы 
анықталады. Ішкі бағаны ана тіл иелері, ал сыртқы бағаны – бөтен 
тіл иелері береді. Тілдік жағдаятты зерттеудің тіл саясатын дұрыс 
жүргізу үшін маңызы өте зор. 
ТІЛДІК ЖОСПАРЛАУ ( ағылш. Language planning, Language 
maintenance, орыс. языковое планирование) – тіл дамуын саналы 
реттеу;  арнайы  мақсатпен  құрылған  немесе  өзіндік  уәкілеттілігі 
бар  саяси,  лингвистикалық  білім  беру  ұйымдарының  жоспарлап 
тілге саналы өзгертулер енгізуі (мысалы, КСРО-дағы Алфавиттер 
комитеттері);  әлеуметтік,  экономикалық,  саяси,  демографиялық 
және психологиялық өзгерулер мәнін, және соған сай тілдік ұжым 
мүддесін есепке ала отырып тілді реформалау. Т.ж. мынадай түрде 
жүзеге  асырылуы  мүмкін:  1)  қажеттік  саяси  шешім  қабылдай 
алатын  тілдік  саясатты  қалыптастыру  арқылы;  2)  нақтылы  іс 
шаралар  бағдарламасын  жасау  арқылы  (тілдің  қолданылу  аясын 
кеңейту  бойынша  нақтылы  әрекет,  орфоргафияны  реформалау, 

151
тілді  нормалау  мен  қалыпқа  түсіру  т.б.);  3)  белгіленген  бағдар-
ламалардың  тиімділігін  бағалау,  әрекет  пен  мақсаттың  аралық 
және соңғы кезеңдерін белгілеу. 
ТІЛДІК  ҚҰҚЫҚ  (орыс.  языковое  право)  –  белгілі  бір  тілді 
жеке  және  қоғамдық  өмірде  меңгеру  мен  қолдануды  таңдау 
құқығы. Т.қ.-ты (тілдік жоспарлау мен тіл саясатында) зерттеу – 80 
жж. ортасында жедел дамып келе жатқан әлемдік тіл біліміндегі 
жаңа  пәнаралық  бағыт.  Т.қ.  қалыптастыру  үшін  маңызды  негіз 
адам құқығы жөніндегі халықаралық құжаттар болып табылады. 
Оларда Т.қ. табиғи дамитын жағдай ретінде қарастырылады. Бұл 
БҰҰ  Адам  құқығының  баршаға  ортақ  декларациясының  (1948) 
өн  бойында  айтылған.  Азаматтық  және  саяси  құқық  туралы 
халықаралық  фактіде  (1960):  «әрбір  адам  ана  тілін  қолдануға 
құқылы»,  –  делінген  (27-бабы),  Аймақтық  тілдер  мен  азшылық 
этностар тілдері жөніндегі Европалық Хартияда (1992) аймақтық 
тілдер  мен  азшылық  этностар  тілдерінің  кейбіреулері  түгелдей 
жойылу қаупінде тұр. Сондықтан Европаның мәдени байлығы мен 
дәстүрін сақтап, дамыту қажеттігін айтады. 
ТІЛДІК ҚҰРЫЛЫС (орыс. языковое строительство) – бұл да 
тілдік жоспарлау. 
ТІЛДІК ҚАЛЫП ( ағылш. state of language; орыс. языковое состо-
яние) – тілдік жағдаяттың дамуындағы синхрондық (статикалық) кезең.
ТІЛДІК  ПАСПОРТ  (орыс.  языковой  паспорт)  –  тілдік  био-
графия,  тілдік  мәлімет,  тілдік  паспорттан  тұратын  Европалық 
тілдік  портфельдің  бөлігі  және  Европалық  Кеңестің  қабылдаған 
түрлі  тілдер  мен  мәдениеттерде  өзін-өзі  бағалауда,  тілдік 
құзыреттілікке сыртқы баға ретінде қолданылатын құжаттар. Т.п. 
үйренген  тілдегі  тілдік  дағдыны,  меңгерту  деңгейі  мен  қарым-
қатынас жасау тәжірибесін көрсетеді. Тілдік дағдылар «шет тілін 
меңгертудің  Жалпыевропалық  құзыретінің»  тілдік  деңгейлер 
негізінде  анықталады.  Т.п.-та  меңгерту  деңгейінің  көрсеткіштері 
(кестесі) бар. Т.п.-та жеке адамның тілді әр түрлі дәрежеде меңгерту 
дәрежелері  санамаланып  көрсетілген,  сондай-ақ  меңгерген  тілге 
берілетін дипломдар мен сертификаттар тізімі берілген (қар.: Тіл 
меңгерту деңгейі).

152
ТІЛДІК  РЕТТЕУ  (орыс.  языковые  регулирование)  –  қоғам-
дағы  тілдер  теңдігін  сақтау  процесі,  тіл  тұтынушылардың 
тілегіне сәйкес әрбір тілді сақтау мен дамытуды қамтамасыз ету 
процесі. Т.р. тікелей тіл саясатының ерекшелігімен сәйкестенеді, 
плюралистік  те  (азшылық  этнос  тілдерін  дамытуды  қолдауы) 
болуы  мүмкін,  кейде  тілдерді  жаңғырту  процесіне  араласады, 
кейде тілдік жоспарлаудың бір бөлігі болуы да мүмкін.
ТІЛДІК РЕФОРМА (орыс. языковая реформа) – тілді жетілдіру 
мен  дамыту  бойынша  мақсатты  бағытталған  әлеуметтік-тілдік 
шаралар (қара: Тілдік жоспарлау, Тілдік реттеу, Тілдік құрылыс). 
ТІЛДІК  САНА  (ағылш.  linguistic  thinking;  орыс.  языковое 
сознание)  –  ұлттық  сананың  маңызды  бөлігі;  сол  халықтың  тіл 
құзіретіне,  мәдениетіне  кеңістіктік,  себептік,  эмоционалдық  т.б. 
байланыстарымен  берілетін  әлем  бейнесі.  Т.с.  сол  мәдениетті 
тұтынушылардың  оны  негізгі  компоненті  ретінде,  этностың 
қоршаған ортаға бейімделу тетігі ретінде қарауы. 
ТІЛДІК  САНА-СЕЗІМ  (орыс.  языковое  самасознание)  –  тіл 
тұтынушылардың  өздері  қандай  тілде  сөйлейтіндігінен  және 
қандай  халық  екендігіннен  хабардар  болуы.  Т.с-с.-ге  сондай-ақ 
өз ана тілінін қандай тілдермен қатынаста екендігін білу де енеді. 
Т.с-с. білім алу тілін таңдау кезінде білінеді (қар.: Идентификация, 
Ана тілі, Этнос тілі).
ТІЛДІК  ҰЖЫМ  (орыс.  языковой  коллектив)  –  белгілі  бір 
тілдік белгілер тұтастығы мен олардың жүйелілік байланыстары 
аңғарылатын  әлеуметтік  қатынастағы  жеке  адамдардың  бірлігі 
(А.Д.Швейцер, Л.Б.Никольский).
ТІЛДІК ЭКСПАНСИЯ (лат. exponcio – кеңею, тарылу) – бір 
тілдің  тілдік  мәртебесін  өзгерту  жолымен  басқа  тілдік  қауым-
дастыққа  таралуы.  Мыс.,  орыс  тілінің  Т.э.  –  сы  КСРО-да  мақ-
сатты  лексикалық  қорын  жинау  идеясында  анық  көрінді)  бұл 
Т.э. идеологиясы мемлекеттік және тілдік сәйкестілік қажеттілігі 
үшін  жасалды.  Диахрониялық  әлеуметтік  лингвистикада  Т.э. 
субстраттардың  пайда  болуына  әкелетін  процесс  ретінде  ұғын-
дырылады. Мыс., латын тілінің Европаға таралуы.

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал