Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет13/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ТІЛ  БІЛІМІНІҢ  ФИЛОСОФИЯЛЫҚ  МӘСЕЛЕЛЕРІ  – 
тілдің  жалпы  қасиеттеріне  байланысты  тілдегі  болмыстың  көрі-
ністеріне,  табиғат,  қоғам,  таным  дамуының  заңдылықтарына 
қатысты мәселелер. Т.б.ф.м. – тілдің табиғаты туралы (әлеуметтік 
табиғаты),  тіл  мен  ойлаудың  арақатынасы,  тіл  мен  қоғам,  тілдің 
құрылысы  мен  жүйесі,  тілдің  белгілеу  қызметі  туралы,  сөз 
мағынасы, тілдің пайда болуы, дамуы, тіл философиясының дамуы 
және т.б. жатады.
Т.б.ф.м.-ін екі үлкен тармаққа бөліп қарауға болады: 1) тілдің 
пайда болуы туралы мәселе (онтология); 2) тіл зерттеудегі мәселе 
– тіл білімінің әдістемелік мәселесі.
ТІЛ  ВАРИАНТЫ  (орыс.  вариант  языка;  ағылш.  variant  of 
language)  –  ареалдың  шегінен  тысқары  шыққан  ұлттық  тілдің 
немесе  диалектінің  аймақтық  түрі  (кейде  әдеби  тілдің).  Мыс., 
АҚШ,  Ұлыбритания,  Жаңа  Зелландиа,  Канада,  Индиядағы 
ағылшын  тілінің  варианты,  Австрядағы,  Шведцариядағы 
неміс  тілі  варианты,  Канада,  Монако,  Бельгия,  Ұлы  Герцогтік, 
Люксембург,  Шведцариядағы  француз  тілі  варианты,  Испания 
және  Латын  Америкасындағы  көптеген  елдердегі  испан  тілі 
варианты, Португалия және Бразилиядағы португаль тіл варианты 
т.б.  Т.в.  өзара  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  лингвистикалық 
қатынастағы теңдік ретінде бағалануы мүмкін (қар.: Стандарт тіл, 
Тіл кодификациясы, Тілдің нормалануы)
ТІЛ  ВАРИАНТЫ  (орыс.  разновидность  языка)  –  тіл  түрі, 
модификацияланған  (түрі  өзгерген)  инвариант  ретінде  ұғыны-
латын  тілдің  өмір  сүру  формаларының  бірі,  ол  мыналарды 
қамтиды:  1)  тілдің  жүйесі  мен  құрылысы;  2)  тіл  нормасы.  Т. 
в.  түрлі  экстралингвистикалық  факторлардың  әсерінен  тілдің 
диференцциациялануы нәтижесінде пайда болады. Т. в. сөйленім 
түрлері жағынан бөлектеуге болады (жекелік, әдеби стилдер), алайда 
тілдік  және  сөйленім  түрлерін  қарама-қарсы  қоюға  болмайды. 

133
Пайда болу себептеріне байланысты Т. в. мынадай типтерге бөліп 
көрсетуге болады: 1) ұлттық Т. в. – тіл тұтынушыларының аумақтық 
жекеленуі  және  түрлі  аумақтық-мелекеттік  құрылымдардың 
дамуы  нәтижесінде  пайда  болады  (мыс.,  Англия,  АҚШ,  Канада, 
Австралия  т.б.  елдердегі  ағылшын  тілінің  ұлттық  варианты);  2) 
этникалық Т. в. (этнолектілер) – сол тілдің өзге тілмен байланысқа 
түсетін аумағында жүйелілік интерференцияның тұрақты әсерінен 
кейбір  ерекшеліктерді  қабылдау  нәтижесінде  пайда  болады;  3) 
аумақтық  Т.  в.  (аумақтық  диалектілер)  –  тұтынушылар  бөлігінің 
аумақтық жекелену нәтижесінде пайда болған тілдің бір түрі; 4) 
әлеуметтік  Т.  в.  (әлеуметтік  диалектілер,  социолект)  –  қоғамның 
түрлі  әлеуметтік  жіктерінде  қызмет  ету  үрдісінде  пайда  болған 
тілдің бір түрі (мыс., кәсіби жаргондар, копоративтік жаргондар, 
қарапайым сөйлеу тілі).
ТІЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КЛАС-
СИФИКАЦИЯСЫ (орыс. социолингвистическая классификация 
языков) – тілдердің түрлі әлеуметтік лингвистикалық өлшемдеріне 
негізделетін типологиялық классификация түрлерінің бірі. Т. ә. л. к. 
бірнеше түрлері бар: 1) жазу жүйесінің барлығы/жоқтығы бойынша: 
көнежазулы,  ескіжазулы;  2)  жазу  жүйесінің  жасалу  уақытына 
байланысты:  жасжазулы,  жаңажазулы;  3)  құқықтық  мәртебесіне 
қарай: мемлекеттік/ресми тілдер, түпкілікті аз санды халық тілдері, 
мәртебесі анықталмаған тілдер; 4) атқаратын қоғамдық қызметінің 
көлемі  бойынша:  көпқызметті  (халықаралық  қатынастағы  тілдер, 
ұлтаралық қатынастағы тілдер, ұлтаралық қатынастағы аймақтық 
тілдер, халық тілдері) және моноқызметті тілдер. 
ТІЛДЕРДІҢ  ҚАЙТА  ТІРІЛУІ  (орыс.  «
возрождение  язы-
ков»,  сондай-ақ  «оживле́ние»  немесе  «восстановле́ние  языков») 
 
–  екі  мағынаны  білдіретін  үдеріс:  1)  біржолата  өлген  (бірде  бір 
сөйлеушісі қалмаған) тілді қайта қалпына келтіру, ең болмағанда 
аздаған  ғана  адамдар  тобы  сөйлейтін  тілге  айналдыру;  2)  әлі  де 
болса  тірі,  жойылмаған  тілдің  өлу  процесін  азайту,  яғни  оның 
сөйлеушілерінің санын көбейту, сөйтіп тілді сақтау үшін арнайы 
күш  жұмсамау  деңгейіне  дейін  жеткізу.  Бұл  мәселені  шешуде 

134
қолданылатын  амалдар  әр  алуан  болуы  мүмкін.  Мыс.,  мемлекет 
қайта  тірілетін  тілді  ресми  тіл  деп  жариялап  оның  мектепте 
оқытылуын міндеттейді. 
ТІЛДІК  БІРЛЕСТІК  (орыс.  языковая  общность):  1.  Бір  не 
бірнеше  әлеуметтік  немесе  әлеуметтік-демографиялық  белгілер 
негізінде  (жасы,  жынысы,  білім  деңгейі  және  т.б.)  біріккен 
сөйлеушілердің тұрақты жиынтығы. Т. б. өз мүшелерінің міндетті 
әлеуметтік өзара қатынаста болуын талап етпейді. Т. б. белгілі бір 
тілдік белгілермен сипатталады. Т. б. саны жағынан әртүрлі болады 
–  жеке  тілді,  диалектіні,  говорды  тұтынушы  тілдік  бірлестіктер; 
ТМД  елдеріндегі  орыстілді  тілдік  бірлестіктер;  астаналық  сту-
денттердің  тілдік  бірлестіктері.  Т.  б.  әлеуметтік  лингвистикалық 
талдаудың бастапқы түсінігі ретінде қолданылады. 
Қараз: Бірлестік, Әлеуметтік топ, Тілдік ұжым
ТІЛДІК/ДИАЛЕКТІЛІК  АРЕАЛ:  1.Тілдің  немесе  диалек-
тілік құбылыстардың не сондай құбылыс жиынтықтарының таралу 
шекарасы. 2.Тілдердің немесе туыстас тілдердің таралу шекарасы, 
мыс., шығыс славян ареалы, түркі тілдер ареалы. Бұлар ареалдық 
лингвстиканың негізгі ұғымдарына жатады.
ТІЛДІК ЖАЙЛЫЛЫҚ (орыс. языковой комфорт) – қандай да 
бір тілді қолданбау шектеулігінің жоқтығы. Т. ж. негізінде сол тілді 
не  оның  өмір  сүру  формаларының  бірін  сөйлеушінің  жеткілікті 
деңгейде  меңгергендігі,  сондай-ақ  сол  тілге  қоғамның  бейтарап 
не жағымды қатынаста болуы мүмкін. Т. ж. жеке адамның тілдік 
құқықтары сақталған кезде, ұлттық-тілдік саясатта шектетушілік 
пен тілдік дау-жанжал тумаған жағдайда болады.
Қара: Тілдік жайсыздық
ТІЛДІК ЖАЙСЫЗДЫҚ (орыс. языковой дискомфорт) – тілді 
қолданудың  орынсыздығын  сезіну.  Т.  ж.  субьектілік,  сондай-ақ 
обьектілік сипаттағы себебі болуы мүмкін. Айталық, Т. ж. сол тілді 
немесе  оның  өзге  өмір  сүру  формаларын,  қызметтік  стилдерін 
т.б.  жеткілікті  жақсы  білмеуінен  сөйлеушінің  өзін-өзі  төмен 
бағалауынан  тууы  мүмкін.  Екінші  жағынан,  меңгеру  деңгейіне 
қарамастан  сөйлеушінің  қоғамның  ол  тілге  жағымсыз  қарауын 

135
сезінуінен Т ж. болуы мүмкін. Т. ж. әлеуметтік маңызды себебіне 
көбінесе тілдік заңнамалар саласында немесе тіл саясатын жүзеге 
асыру барысында жеке адамның тілдік құқығының бұзылуы, тілдік 
шектеуліктің белең алу жатады. Т. ж. нәтижесінде тілдік жанжал 
шығады.
Қара: Тілдік шектеу, Тіл саясаты, Тілдік бөгет
ТІЛДІК ЖҮЙЕ – кез келген табиғи тілдің бір-бірімен қатынас-
та, байланыста тұрып, белгілі бір тұтастықты, бірлікті тудыратын 
тілдік элементтерінің жиынтығы. Жүйе құрамындағы бөлшектер, 
тұлғалар жүйе элементтері деп аталады. Т. ж. құрамындағы әртүрлі 
бөлшектердің өзара жымдасып, берік бірлікте, шартты қатынаста 
болуын талап етеді.
ТІЛДІК  ИМПЕРАЛИЗМ  –  көпұлтты  мемлекеттегі  тілдердің 
қызмет  аясын  шектеуге  бағытталған  тіл  саясатын  айыптау  үшін 
қолданылатын публицистикалық әдебиеттердегі экспрессивті сөз 
қолданысы.
Қара: Тілдік шектеу
ТІЛДІК  КЕҢІСТІК  (қарым-қатынас  кеңістігі,  этнотілдік 
кеңістік):  1.Қостілді  немесе  көптілді  топ  мүшелері  арасындағы 
байланыс өзара әлеуметтік қатынастың жиілігі пен қанықтығына 
негізделетін әлеуметтік біртілділік (Дж.Гамперецтің термині). Бұл 
да сол әлеуметтік топ сияқты. 2.Әкімшілік және ұлттық құрылымда 
қолданылатын тілдік кодтардың жиынтығы. Бұл да сол тілдік ахуал 
сияқты. 3. Белгілі бір тілдің немесе оның өмір сүру формалары-
ның географиялық таралу кеңістігі – тілдік ареалы.
Қара: Әлеуметтік топ, Этникалық топ, Тілдік ахуал, Тілдік ареал
ТІЛДІК  КОНТАКТ  (лат.contact;  а,ыл.  linguistic  in  contacs)  – 
біреуінің не көпшілігінің әртүрлі құрылымдық деңгейлеріне әсер 
ететін  екі  не  одан  да  көп  тілдің  бір-біріне  ықпалы.  Т.  к.  әртүрлі 
этникалық және тілдік топ өкілдерінің бір-бірімен қажетті өзара жиі 
шаруашылық, саяси, мәдени байланыстарға түсуінің нәтижесінде 
пайда болады. Мыс., қазақ және орыс тілдерінің өзара байланысы 
немесе қатынасы.
Қара: Адстарат, Субстарат, Суперстрат, Тілдерді араласуы

136
ТІЛДІК  ҚАБІЛЕТ  (орыс.  языковая  способность)  –  адамның 
тілді  ішкі  когнитивтік  құрылымы  ретінде,  белгілі  бір  ережелер 
бойынша әрекет ететін психофизикалық қызметтік тетік ретінде, 
иерархиялық  қағидат  бойынша  ұйымдасқан  және  қарым-
қатынасты  қамтамасыз  ететін  қызметтік  жүйе  ретінде  білуі.  Т.қ. 
белгіленген сипатқа ие және субьект ретінде танылмауы мүмкін. 
Т.қ.  ұғымы  төмендегіше  түсініледі:  а)  адамның  homo  loouens 
ретіндегі даму деңгейіне сай жинақталған «табиғи қалыптасқан» 
генетикалық тұрғыдан берілетін туабітті қабілеттілігі (Н.Хомский, 
Е.Леннеберг),  «филогенетикалық  мұрасы;  ә)  қарым-қатынастың 
әртүрлі  жағдайларындағы  интенцияларды  тарату  және  тұлға-
ның  әлеуметтену  барысында  қалыптасатын  әлеуметтік  қабілет-
тілігі  (Л.С.Выготский,  А.Н.Леонтьев,  А.Р.Лурия),  адамның 
онтогенетикалық  когнитивтік  даму  нәтижесі  (А.А.Леонтьев, 
А.М.Шахнарович, Е.Ф.Тарасов, Л.В.Сахарный т.б.). Т. қ. мағынаға 
бірігетін барлық тілдік жүйені қамтиды. Т. қ. баланың когнитивтік 
озық дамуының негізінде қалыптасады. Т. қ. когнитивті жүйе ретінде 
тілдік  қабілет  базасында  дамитын  өзге  когнитивті  жүйелерден 
(математикалық ойлау, музыкалық қабілет) ерекшеленеді.
Қара: Когнитивті лингвистика, Тілдік тұлға.
ТІЛДІК  ҚҰЗІРЕТТІЛІК  (языковая  компетенция,  знание 
языка)  –  тілді  грамматикалық  және  сөздік  жағынан  білу  мен 
меңгеру  деп  ұғынылатын  тіл  меңгерудің  таза  лингвистикалық 
деңгейі. Н.Хомскийдің адамның тілдік қабілеті мен сөйлеу әрекетін 
түсіндіруге ұсынған термині. Мұнда ол тіл меңгерудің таза тілдік 
жағын ғана есепке алды да, ондағы әлеуметтік, жағдаяттық және 
басқа факторларды ескермейді. Сөйлеушінің таза лингвистикалық 
дағдысына Ю.Д.Апресян мыналарды жатқызады: берілетін ойды 
әртүрлі  тәсілмен  айта  алу;  айтылғаннан  ойды  ұғына  алу;  тілдік 
тұрғыдан дұрыс айтылған мен бұрыс айтылғанды айыра алу. Мыс., 
тілдік құзіреттілік саласына омонимдерді тани алу, өзгертіп қайта 
айта алу қабілеттілігі т.б. жатады. 
Қара: Тіл меңгеру, Қарым-қатынас құзіреттілігі
ТІЛДІК  ҚҰҚЫҚТЫ  ШЕКТЕУ/ТІЛДІК  ШЕКТЕУ  (орыс. 
ущемление языковых прав/языковая дискриминация) – аумақтағы 

137
сандық немесе әлеуметтік басымдықтағы этностың тілін білмеуі 
не  нашар  білу  себебінен  жеке  адамның  (этникалық  топтың) 
азаматтық және экономикалық құқының бұзылуы.
Қара: Тіл саясаты, Жеке адамның тілдік құқығы, Тілдік талап
ТІЛДІК ОРТА – аясында қарым-қатынас жүзеге асырылатын 
адамдар қоғамының түрі.
Қара: Тілдік ахуал
ТІЛДІК ӨМІР – қоғамдағы этноәлеуметтік үдерістердің тілдік 
бейнесі.  Бұл  терминмен  көбіне  халықтың  (этностың)  немесе 
көпэтносты  адамдар  ұжымның  (мемлекеттің)  түрлі  салалардағы 
әрекетінде  тікелей  тілді  (тілдерді)  қолдануымен  байланысты 
болатын барлық әлеуметтік-мәдени факторларды белгілейді.
ТІЛДІК  ӨМІР  СҮРУ  МЕКТЕБІ  (орыс.  школа  языкового 
существования)  –  ХХ  ғасырдың  40-50  жылдары жапон  лингвис-
тикасында қалыптасқан бағыт. Оның көрнекті өкілдеріне М.Нисио, 
Э.Ивабути,  Т.Сибата,  О.Хаяси  жатады.  Бұл  бағыт  аясында  тіл 
мақсатты бағытталған адамзат әрекеті, адамзаттың өмір сүруінің 
бір  формасы  ретінде  қарастырылады.  Т.  ө.  с.  м.  қағидатты  эм-
пиризм,  сөйлеу  мәліметтерін  барынша  толық  жинауға  ұмтылу, 
тілдің  әлеуметтік  қызмет  етуіне  қызығушылық,  статистикалық 
әдістерді  кеңінен  пайдалану,  тілдік  тәжірибе  проблемасымен 
тығыз байланыста болу тән.
ТІЛДІК ТАЛАП (орыс. языковые требования) – титулды этнос 
болып табылмайтындар өкілдерінің (мемлекетте өмірге келгеннен 
бастап  тұратын  немесе  жаңадан  келген  иммигранттардың) 
азаматтық алу не қандай да бір мамандық бойынша жұмыс істеу 
құқығына ие болу үшін сәйкесті емтиханда мемлекеттік тілді білу 
деңгейіне қойылатын талап. Кейбір жағдайларда бұл жеке адамды 
немесе жекелеген топ адамдарын тілдік және әлеуметтік шеттету 
құралы болады. 
ТІЛДІК  ТАҢБА  –  тіл  бірліктерінің  затты,  оның  қасиетін, 
болмысқа  қатыстылығын  білдіретін  материалдық-идеялық  (екі 
жақты) құрылымы. Т. т. жиынтығы ерекше таңбалар жүйесі – тілді 
жасйды. Т. т. мазмұн мен дыбысталудың, яғни таңбаланушы мазмұн 
мен таңбалаушы дыбыстардың бірлігінен тұрады. Т. т. осы екі жағы 

138
сананың жанама түрде қатысуымен тұрақты тіл бірлігін жасайды. 
Т.  т.  жасалу  тәсіліне,  айтылған  пікірдің  аяқталған-аяқталмағаны 
т.б белгілеріне қарай топтастырыланады. Т. т. танымдық қызметіне 
байланысты  тілдің  құрылымдық  бірліктерін  (фонема,  морфема, 
сөз, сөз тіркесі, сөйлем) білдіреді.
ТІЛДІК  ТӨЗІМДІЛІК  (тілдік  толеранттылық)  –  этнос-тың 
белгілі  бір  аумағында  сандық  немесе  әлеуметтік  басымдық-
тағылардың,  сондай-ақ  биліктегілердің  сол  аумақта  өмір  сүретін 
этникалық топтар (әдетте азсанды немесе түпкілікті еместер) тіліне 
құрмет тұта қарауы, олардың тұтынушыларының азаматтық, тілдік 
құқығы  мен  экономикалық  мүдделерін  сақтауы,  кейбір  қатынас 
салаларында ана тілдерін қолдануларына мүмкіндік жасауы. 
Қара: Ксенофобия, Тілдік шектеу, Тіл саясаты
ТІЛДІК ТҰЛҒА (орыс. языковая личност) – тұлғаның лингвис-
тикалық,  әлеуметтік,  интелектуалдық,  этикалық,  эмоциялық 
және т.б. бірліктерінің тілде, сөйлеуде, дискурста, мәтінде жүзеге 
асырылуы.  Т.  Т.  ұғымына  тілдік  сана-сезім,  сөйлеу  мәдениеті, 
тіл  және  ойлау,  тіл  және  сөйлеу,  тіл  және  мәдениет  арасындағы 
байланыстарды,  тілдің  өмір  сүру  формаларын  және  т.б.  жатады. 
Т. Т. құрылымы (Ю.С.Караулов бойынша) үш деңгейден тұрады: 
а)  вербалді-семантикалық,  яғни  тілді  білу  деңгейі;  ә)  әлемнің 
тілдік  бейнесіндегі  ұғым,  идея  концептісін  қоса  алғандағы 
когнитивті  деңгейі;  б)  мақсат,  уәж,  қызығушылық,  интенциямен 
анықталатын прагматикалық деңгейі. Қазіргі кезде ғалымдардың 
(А.Байтұрсынұлы), тарих тұлғалардың (Абай Құнанбаев), әртүрлі 
әлеуметтік  деңгейлердегі  ауыл  және  қала  тұрғындарының  т.б.с 
тілдік тұлғалары сипатталып, жинақталуда.
ТІЛДІК ҮДЕРІСТЕР (орыс. языковые процессы) – этностың, 
этникалық  топтың  сөйлеу  репертуарында  болып  жатқан 
өзгерістер. Тілдік үдерістердің түрлері: тілдік ассимиляция (тілдік 
қозғалыс, тілдік араласу), тілдің ревитализация (тілдің жаңаруы), 
билингвизм,  көптілділік,  жартытілділік  т.б.  Азсанды  халыққа 
тілдік ассимиляция, яғни этнос тілін жоғалту тән.
Қара: Ассимиляция, Билингвизм

139
ТІЛДІК ШЕКТЕУ (орыс. языковая дискриминация), 
Қара: Тілдік құқықты шектеу
ТІЛДІҢ  БЕДЕЛДІ  ҚЫЗМЕТІ  (орыс.  престижная  функция 
языка)  бір  жағынан,  тілдің  өмір  сүруінің  өзге  формаларымен 
салыстырғанда стандартты (әдеби) тілдің біршама жоғары әлеуметтік 
бағасымен, екінші жағынан сол тілдің тұтынушыларының өзін-өзі 
бағалауымен  және  өзге  тілде  сөйлеушілердің  берген  бағасымен 
анықталады.  Мұндағы  өзін-өзі  бағалау  мен  сыртқы  бағалардың 
дәл келуі немесе дәл келмеуі де мүмкін.
ТІЛДІҢ  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҚ  ҚЫЗМЕТІ  –  адамзат 
қатынасының  құралы  болу  –  тілдің  ең  маызды  базалық  қызмет-
терінің бірі
Қара:Тіл қызметі, Тілдің когнитивтік қызметі.
ТІЛДІҢ  ҚОҒАМДЫҚ  ҚЫЗМЕТІ  (орыс.  общественные 
функции  языка)  –  тілдің  адамның  қызмет-әрекетінің  тиісті  сала-
ларында мыс., ғылым, өндірістегі бұқаралық қатынас, транспорт, 
ісжүргізу т.б., қызмет етуі. Демек, тіл қолданылатын қарым-қатынс 
салаларының  саны  сол  тілдің  қоғамдық  қызметінің  жиынтығын 
анықтайды.  Т.  қ.  қ.  саны,  алдымен,  тілдің  қызметтік  жүктемесін 
құрайды  және  тілдің  қызметтік  тұрғыдан  дамығандығын  көрсе-
теді.  Т.  қ.  қ.  аясының  кеңеюі  оның  ішкі  құрылымдық  өзгеріске 
түсуіне әкеледі, өйткені тілдің қызметтік дамуы ойды білдірудің 
қажетті тілдік құралдары болуын керек етеді.
Қара.: Қатынас салалары, Тілдердің қызметтік-типологиялық 
топтастырылуы,  Идомның  қызметтік  қуаттылығы,  Тілдің 
қызметтік мәртебесі. Қызметтік стилдер, Тіл қызметі.
ТІЛДІҢ  ҚҰҚЫҚТЫҚ  МӘРТЕБЕСІ  (тілдің  заңдылық 
мәртебесі)  ел  аумағында  қолданылатын  тілге  немесе  тілдерге 
мемлекеттің  қатынасымен  анықталады.  Т.  қ.  м.қажетті  заңнама-
лармен  қамтамасыз  етілгенмен,  іс  жүзінде  нақты  жағдайына 
кепілдік бермейді. Х.Клосс (АҚШ) үкіметтің тілге қатысты алты 
сатысын  көрсетеді:  1)  бір  ғана  ресми  тіл  (мыс.,  Франциядағы 
француз тілі); 2) бірлескен ресми тіл (мыс., Комерундағы ағылшын 
және  француз  тілдері);  3)  федералдық  мемлекеттегі  штаттың 

140
немесе  аумақтың  аймақтық  ресми  тілі;  4)  ресми  мәртебесі  жоқ, 
бірақ мемлекеттік мекемелерде қолданылатын қолдау көрсетілген 
тіл (мыс., Комерундағы пиджин); 5) төзімді тіл (мыс., иммигранттар 
тілі); 6) дамуына қолдау көрсетілмейтін шыдамды тіл. 
ТІЛДІҢ  МЕТАТІЛДІК  ҚЫЗМЕТІ  (орыс.  метаязыковая 
функция  языка)  –  тілдің  өз  ішіндегі  терминдерді  зерттеу  мен 
сипаттау құралы болуға қабілеттілігі.
ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ (орыс. язык и общества, ағыл. Language 
and Society) – тілдің пайда болуының қоғамдық сипатын, дамуы 
мен  қызмет  етуін,  оның  қоғаммен  байланысты  табиғатын, 
қоғамның  кластарға,  жіктер  мен  топтарға  бөлінуіне  сәйкес 
тілдің  әлеуметтік  саралануын,  тілді  пайдаланудағы  әлеуметтік 
әртүрлілікті,  қолдану  салаларының  көптігімен  байланысты  тіл-
дің алуан түрлі қызметін, екі және көптілді қоғамдағы тілдердің 
өзара  қарым-қатынасын,  бір  тілдің  ұлтаралық  қатынас  тіліне 
айналуының  жағдайларын,  қоғамның  тілге  саналы  түрде  әсер 
етуінің  түрлерін  зерттейтін  қазіргі  заман  лингвистикасындағы 
өзекті мәселелердің бірі.
Қара: Әлеуметтік лингвистика
ТІЛ  ЖӘНЕ  ҚОҒАМ  –  қазіргі  тіл  білімінің,  оның  ішінде 
әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселесі. Тілдің пайда болуы, 
дамуы  мен  қызмет  етуі,  әлеуметтік  топтарға  қатысы,  тілдің 
қолданылуы  мен  басқа  тілдермен  арақатынасы,  қоғамның  тілге 
деген  саналы  көзқарасы  –  бәрі  де  тілдің  қоғамдық  табиғатынан 
туындайды.
ТІЛ МӘДЕНИЕТІ – әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын 
(екпінді  дұрыс  қою,  сөз  қолдану,  грамматика,  стилистика 
ережелерін  сақтау,  т.б.)  игеру,  сондай-ақ  әртүрлі  қарым-қатынас 
жағдайында  айтайын  деген  ойдың  мақсаты  мен  мазмұнына  сай 
келетін тілдің мәнерлеу тәсілдерін қолдану.
ТІЛ  МӘРТЕБЕСІ:  1.Тілдің  құқықтық  мәртебесі  –  сол 
әлеуметтік-коммуникативтік  жүйеде  қолданылатын  тілдің 
заңнамалық  тәртіппен  бекітілуі,  мыс.,  тілге  мемлекеттік  мәртебе 
беру.  2.Тілдің  нақтылы  мәртебесі  –  тілдің,  оның  қызметтік 

141
жүктемесінің шынайы қолданылуы. Тілдің нақтылы мәртебесінің 
заңнамалық  тұрғыдан  рәсімделуі  міндетті  емес,  мыс.,  КСРО-да 
орыс  тілі  мемлекеттік  тіл  ретінде  заңдастырылмаса  да  шынайы 
түрде оның рөлін орындады.
ТІЛ  ЖӘНЕ  ОЙЛАУ  –  адамның  өзара  тығыз  байланысты 
әлеуметтік  қызмет  түрлері.  Ойлау  –  танымның  ең  жоғарғы 
сатысы, нақтылы болмысты бейнелеу процесі. Түсінік, пайымдау, 
категория,  пікір,  теория  арқылы  ойлау  процесі  жүзеге  асады. 
Адамзаттың  әлеуметтік-тарихи  және  танымдық  тәжірибесі  түрлі 
ұғымдарда, түсініктерде, теорияларда сақталады. Ойлау процесі үш 
жағдайдан  тұрады:  тәжірибелік-әлеуметтік,  бейнелілік-көріністік 
және сөздік-қисындық. Тіл және басқа да белгі-жүйелер ойлаудың 
құралы болып табылады. Тілдің таңбалылық қызметі – ойлаудың 
материалды  көрінісі.  Тіл  мен  ойлаудың  байланысы  туралы 
проблема – теориялық тіл біліміндегі және тіл философиясындағы 
ең маңызды мәселе болып табылады.
ТІЛ КОДИФИКАЦИЯСЫ (лат. codieicatio жүйеленген; орыс. 
кодификация  языка;  ағылш.  сodieication  of  language)  –  бұл  да 
тілдің нормалануы, тілдік норманы сақтау, жетілдіру мен кеңінен 
таратуға,  қалыптасқан  ғылыми  негіздемелерге  сәйкес  келетін 
негіздемелер  мен  анықтамаларды  мақсатты  бағытта  жасау.  Т.к. 
құрылымына  сәйкес  келуін,  қарым-қатынаста  жиі  қолданылуы 
мен жаппай сөйлеуін, қоғамдық «қуаттаудан өтуін» керек етеді.
ТІЛ МОНОГЕНЕЗІ (грек. monos – бір + genesis – пайда болу, 
туу; орыс. моногенез языка; ағылш. – monogenes) – әлем тілдері бір 
түптен пайда болады дейтін тілдің шығуы туралы лингвистикалық, 
философиялық, діни және мифологиялық пайымдаулар; Т.м. тілдің 
шығуын  Homo  Sapiens-тің  пайда  болуымен  байланыстырады, 
сөйтіп, әлем тілдері бір негізден пайда болады деп дәлелдейді. 
ТІЛ ТАҢДАУ (орыс. выбор языка) – Қостілділік жағдайында 
екі  тілдің  бірін  қолдануға  ерік  беру.  2.  Код  ауыстыру  кезінде 
белгілі  бір  сөйлеу  жағдайында  бір  тілді  қолдануға  ерік  беру 
(қара: Тіл ауыстыру). 3. Диглоссия жағдайында тілдің өмір сүру 
формаларының бірін қолдануға ерік беру. 

142
ТІЛ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР (орыс. языковая законадательство) – 
тіл саясатының заңдылық формасы; белгілі бір мемлекет шегіндегі 
тілді/тілдерді  қолдануды  реттейтін  заңдар,  конституцияның 
жекелеген  баптары  т.б.  Контитуция  белгілі  бір  тілді  қолдануға 
жалпы нұсқау және кепілдік береді, ал заңдылық актілер оларды 
нақтылай  жүзеге  асырады.  Парламент  және  Үкімет  жанынан 
арнайы  комссиялар  құрылады,  мыс.,  Түркия  лингвистикалық 
Қоғамы,  Индия  Парламенті  жанындағы  ресми  тіл  мәселері 
бойынша  Комиссия,  ФРГ  сыртқы  істер  министрлігі  жанындағы 
неміс  тілі  жөніндегі  Жұмыс  тобы,  Франциядағы  француз  тілі 
жөніндегі  Жоғары  комитет,  Ресей  Федерациясы  Президенті 
жанындағы орыс тілі бойынша Кеңес т.б. 
Қазақстанда  заңдылық  негізде  (Конституция,  тіл  саясатының 
тұжырымдамасы, тіл туралы заң т.б.) мемлекеттік тілдің қолданыс 
аясын кеңейте отырып, жаңа тілдік жағдаят қалыптасуда, сонымен 
бірге  тілді  жаңғырту  мен  нормаландыру  бойынша  іс-шаралар 
жүргізілуде.  Тіл  саясаты  бағытын  реттейтін  Қазақстандық  тіл 
туралы  заңдардың  және  басқа  да  мемлекеттік  құжаттардың 
негізгі  ерекшелігіне  олардың  полисубьектілік  сипатта  болуы 
жатады, өйткені бұл заңдар тек титульдық ұлт тілінің ғана емес, 
Қазақстандағы  орыс  және  өзге  тілдердің  дамуы  мен  өркендеуін 
реттейді. 

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал