Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет12/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

СКИФ  ТІЛІ    скиф-сармат  тілдерінің  жалпы  атауы.  Бұл 
тілдерде  сөйлеген  тайпалар  б.э.д.  VIII–VII  ғғ.  бастап,  б.э.  IV–V 
ғғ. дейін Солт. Қара теңіз жерінде өмір сүрген. С.т.–де екі диалект 
болған,  ежелде  –  скиф,  ал  кейін  –  сармат  диалектісі.  С.т.  иран 
тілдерінің  шығыс  тобына  жатады  деген  болжам  бар.  С.т.  қазіргі 
мұрагері – осетин тілі. С.т.-де жазылған мұралар сақталмаған. 
СОҒДЫЛАР  ТІЛІ  –  иран  тілдерінің  солтүстік-шығыс  тіліне 
кіретін өлі тіл. Көне соғды (Согдиана), Зеравшан өзенінің тарихи 
аймағында (орталық Самарқант) болған. «Соғды» топонимі иран 
тілінде  жазылған  «Авеста»  ескерткішінде  кездеседі.  VІІІ–ІХғғ. 
қытай жылнамалары Соғды еліне Қашқандария, Шаш (Ташкент), 
Жетісу жерлерін кіргізеді. Кейін бұл тілді парсы және түркі тілдері 
ығыстырған деген болжам бар. Соғды жазуы өз бастауын арамей 
жазуынан алады. Ең көне С.т. жазулары ІІ-ІV ғғ. жатады.
СЛЕНГ (ағылш. slang) – ағылшын немесе американдық ауызекі 
сөйлеу тілі лексикасы қамтылған көбінесе жастар жаргоны (қар.: 
Арго).
СЛОГАН (ағылш. Slogan – ұран, девиз) – (ұран тілі) – шаблон-
ды  сөйлеу  оралымы,  үйреншікті  ұрандық  клише:  тауар  жарна-
масын  көрсететін  қысқаша  ұран,  жарнамалық  идеяның  қысқаша 
нұсқасы (қар.: Тілдің қолданылу саласы).
СОЦИОЛЕКТ (лат. socil (etas) – қоғам (dia) lektos – диалект; 
ағылш.  Sociolect)  –  қандай  да  бір  әлеуметтік  топқа  (кәсіби,  жас 
мөлшерлік,  жіктік  т.б.),  микроәлеуметтік  қауымдастыққа  тән 
болып  келетін  тілдік  ерекшеліктер  жиынтығы.  С.  өз  алдына 
жеке  қарым-қатынас  жүйесін  құрай  алмайды.  Оған  тек  нақты 
лексикалық,  морфологиялық  және  синтаксистік  ерекшеліктер 
тән.  С.-ге  жаргондар,  арго,  сленктер  жатады.  ХХ  ғ.  соңында 
жалпы  қолданыстағы  тілге  түрлі  С.-ді  енгізушілік  көбейді. 
(мыс.,  В.Тучковтың  «Танцор»,  «Танцор  –  2»,  «Танцор  –  3» 
шығармаларындағы  көптеген  компьютерлік  жаргондарды 
(сленктер) айтуға болады).
СОЦИОМЕТРИЯ (лат. societas – қоғам + грек metreo) – өлшеу, 
кіші топтардың, микроәлеуметтік қауымдастықтың құрылымы мен 

121
қызмет етуін сандық тұғыдан зерттейтін пән (қар.: Статистикалық 
талдау, Әлеуметтік лингвистика әдістері).
СОЦИУМ (лат. socium – бірге, жалпылай) – бұл да сол қоғам; 
өмір сүру әрекеті, мәдениеттің орталығының бірлігімен сипатта-
латын  адамдардың  үлкен  тұрақты  әлеуметтік  қауымдастығы. 
С.түрлері: рулық және отбасылық-туысқандық, әлеуметтік-жіктік, 
ұлттық-этникалық, аумақтық-қоныстық қауымдастықтар.
СӨЗ  МӘДЕНИЕТІ    1.  Ауызекі  және  жазба  әдеби  тілдің 
нормаларын  (айтылу,  екпін,  сөз  саптау,  грамматика,  стилистика 
ережелерін) игеру. Сөйлеудің мақсаты мен мазмұнына байланысты 
тілдің  көркемдік  құралдарын  пайдалана  білу;  2.  Тілді  мәдениет 
ретінде  қарастырып,  оны  дамыту  үшін  нормаларды  қарастыру 
мәселерімен  айналысатын  тіл  білімінің  саласы.  Шетелдік 
лингвистикада жалпы мағынасында «Тіл мәдениеті» деген термин 
қолданылады.  Әдеби  тілді  игеруді  екі  сатыға  бөліп  қарастырған 
жөн:  дұрыс  сөйлеу,  яғни  әдеби  нормаларды  ұстану  және 
шешендік  өнер,  яғни  бірнеше  варианттан  мағынаны  дәл  беретін 
стилистикасы мен айтылуы орынды болатын сөздерді таңдай білу. 
Жоғары  С.м.-ін  игеру  үшін  адамның  жалпы  мәдениеті  де,  тілге 
деген сүйіспеншілігі де жоғары болуы шарт. 
СӨЙЛЕУ  –  бір  мезгілде  болатын  нақтылы  сөйлеу.  С.-дің 
дыбыстық  және  жазба  түрлері  бар.  С.-ге  сөйлеу  қызметі  және 
сөйлеу нәтижесі де (жатта сақталған және жазылған шығармалар) 
жатады. Әдетте, С.-мен тіл қарама-қарсы қойылады. Тіл – араласу 
құралы болса, С.-осы құрал арқылы араласуды жүзеге асырады. С. 
арқылы тіл қолданыс табады. С. әрқашан нақтылы болады, ал тіл 
абстрактілі болып қайталануы мүмкін. С. – кеңістік пен уақытта 
жасалады.  Оныңі  шегі  болмайды.  С.  –  материалды  құбылыс,  ол 
есту мүшелері арқылы қабылданады. С. – субстанционалды, ал тіл 
– формальды құбылыс. С.- құбылмалы, қозғалыста болады. Сөйлеу 
процесіне  тән  қасиеттер:  темп,  ұзақтық,  тембр  ерекшеліктері, 
дауысталуы,  артикуляциялық  анықтылығы,  акцент  т.б.  С.-
дің  эстетикалық  (статистикалық)  және  этикалық  (нормативті) 
бағалануы болады. С.-дің авторына көп нәрсе байланысты болады. 

122
Автордың  ойы,  сезімдері,  сөз  саптауы,  сөйлем  құрауы  –  бәрі  де 
С.-дің  субъективтілігін  айқындайды.  Сөйлеуші  не  жазушы  адам 
белгілі стильді таңдайды (ресми, менсінбей сөйлеу, құрмет көрсету, 
жағыну,  тіке  сөйлеу,  жанама,  қаратпа  сөйлеу  т.б.).  С.  түрлері 
субъективтіліктің  әр  түрлі  дәрежесіне  ие  болады.  С.  әр  түрлі 
әлеуметтік  қызмет  атқарады.  С.-ді  жасайтын  тіл,  сонымен  қатар 
тілдің өзі С.-де жасалады. «Тіл сөйлеудің құралы және нәтижесі» 
(Соссюр).
СӨЙЛЕУ АКТІСІ – қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері 
мен  ережелеріне  сай,  белгілі  бір  мақсатта  жүзеге  асырылатын 
сөйлеу  әрекеті;  С.а.-ның  негізгі  белгілері:  әдейі  және  белгілі 
мақсатта  айтылуы.  С.а.-ның  қатары  «Дискурс»  деп  аталады. 
Зерттеушілер С.а.–ның адам өмірінде алатын орнын саралай келе 
былай  дейді:  «Сөйлеу  –  адамдардың  арасындағы  іс-әрекеттің 
бір  түрі»  (Гегель).  С.а.-не  байланысты  мәселелерге  В.Гумбольд, 
Ш.Балли,  С.Карцевский,  Э.Бенвенист,  М.Бахтин  т.б.  өздерінің 
лингвистикалық тұжырымдамаларында тоқталған, бірақ С.а.-ның 
толық  идеяларының  әсерімен,  тек  лингвистикалық  философия 
шеңберінде  жасалған.  С.а.  теориясының  негізін  ағылшын 
философы  Дж.  Остинь  қалаған.  С.а.-не  қатысатындар  сөйлеуші 
және  адресант  (тыңдаушы),  бұлардың  әрқайсысының  әлеуметтік 
рөлі  (қызметі)  болады.  С.а.  құралына:  қоршаған  орта  және 
әңгіменің арқауы болатын болмыстың бөлігі де енеді.
СӨЙЛЕНІМ  (орыс.  говорение;  ағылш.  speaking)  –  сөйлеу 
қызметінің жемісті түрлерінің бірі. Сөйленім естілінніммен бірге 
ауызекі  қатынасты  құрайды  (қар.:  Сөйлеу  актісі,  Тыңдаушы, 
Сөйлеуші). 
СӨЙЛЕУШІ  (орыс.  говоряший)  –  сөйлеу  актісінің  белсенді 
қатысушысы, субъекті ауызекі сөйлеу қатынасы шегіндегі сөйлеу 
қызметінің жемісті түрі ретіндегі сөйленім субъектісі (қар.: Сөйлеу, 
Қарым-қатынас, Тыңдаушы).
СӨЙЛЕУ  ЭТИКЕТІ  –  қоғамда  қабылданған  ресми  не  бей-
ресми  жағдайда  әңгіме  құрушылардың  әлеуметтік  рөліне  сай 
болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі.

123
СТАНДАРТТЫ  ТІЛ  (ағылш.  Standard  –  үлгі,  эталон)  –  бұл 
да  сол  әдеби  тіл;  нормаланған,  кодификацияланған  тіл.  Оның 
нормалары  жалпыға  міндетті  және  дұрыс  болып  табылады,  ол 
диалекті, ауызекі сөйлеу тілі, койне т.б. қарама-қарсы қойылады. 
СТИЛЬ  –  1)  лексикасы,  граматикасы,  фонетикасы  ерекше 
болатын  тілдің  түрі  (тілдік  стиль);  2)  функционалды  стиль;  3)
жапыға  бірдей  сөйлеу  мәнері:  шешендік  сөз,  газет  мақаасы, 
ғылыми лекция, тұрмыстық диалог, эпистолярлы жанр (хат) т.б.; 4) 
жеке адамның сөйлеу мәнері; 5) дәуірдің тілдік парадигмасы.
СТРУКТУРАЛЫҚ ЛИНГВИСТИКА (құрылымдық лингвис-
тика) – тілді структуралық элементтерден тұратын жүйе ретінде 
танудан  туындайтын  ілім.  С.л.  тілді  формальді  заңдылықтары 
бар  ғылым  деп  қарастырады.  Тіл  құрылысына  үлкен  мән  беріп 
структураның тіл элементтерінің қатынас жүйесі деп анықтайды. 
С.л. ХХ ғ. 20-30 жж. пайда болды. Көне үнді ғалымы Паниниден 
бастап,  ортағасырлық  грамматистер  (Аристотель,  Әль-Фараби, 
М.Қашқари), философиялық-лингвистикалық мектептер (Р.Декард, 
Г.Лейбнис)  болғаны  белгілі.  С.л.  дамуына  көп  еңбек  сіңірген 
ғалымдар:  Бодуэн  де  Крутене,  Ф.Ф.  Фартунатов,  О.Есперен, 
Э.Сепир,  Л.Блумфельд,  Ф.де  Соссюр.  20-40  ж.  С.л.  мектептері 
болған:  прагалық,  копенгаген  (глоссемантика),  американ  (дис-
криптивистер) және лондон лингвистикалық мектебі. 
СУБКУЛЬТУРА  (лат.  sub  –  асты  +  культура)  –  біршама  ірі 
мәдени  қауымдастықтың  ішіндегі  топ  мәдениеті.  Олар  өзіндік 
мәдени элементтерін қарастыруы да мүмкін. Мыс., Хиппи, Панктер 
т.б. мәдениеті.
СУБСТРАТ (лат. Cyb – астыңғы + stratum - қабат, тұтынушы; 
ағылш.  Cybstratum)  –  екі  тіл  тоғысқанда  жеңген  тілдің  жеңілген 
тілдің  қалдырған  ізі  деген  мағынаны  білдіреді  (қар.:Тілдердің 
қарым-қатынасы, өзара әсері, Тілдердің тоғысуы).
СУПЕРСТРАТ (лат. Super – үстіңгі, жоғарғы + stratum – қабат, 
тұтынушы;  ағылш.  Superstratum)  –  екі  тіл  тоғысқанда  шамалы 
уақыт  аралығында  тілде  жеңілген  тілдің  қалдырған  ізі  деген 
мағынаны  білдіреді.  С.  терминін  алғаш  рет  Романистер  конгре-

124
сінде  В.Вартбруг  қолданған  (қар.:  Тілдердің  қарым-қатынасы, 
өзара әсері, Тілдердің тоғысуы). 
СУРЖИК (украин. бастапқы мағынасы: бидай мен арпа және 
арпа  мен  сұлы  т.б.  тұқымдарының  қосындысы)  –  украин-орыс 
қостілділігінің  негізінде  өзінен-өзі  ұйымдастырылмаған  түрде 
пайда болған украин тілінің орыстанған варианты (Н.П.Мечковская) 
(қар.: Креоль, Пиджин, Семилингвизм).
СҰРАУ  ЖҮРГІЗУ  (орыс.  анкетирование)  –  респондентпен 
анкета  көмегімен  тікелей  қатынас  жасау  жолымен  жүзеге 
асырылатын  сауалдың  негізгі  түрлерінің  бірі.  Сауал  жүргізудің 
кемшіліктеріне  онда  информанттың  сөйлеу  әрекеті  емес,  сөйлеу 
әрекеті туралы есебі (пікірі) айтылатындығы жатады, сондықтан 
сауал  жүргізуді  алғашқы  әлеуметтік  лингвистикалық  мәлімет 
жинау  әдісі  деп  есептеген  жөн.  Сауал  жүргізу  микроәлеуметтік, 
сондай-ақ  макроәлеуметтік  лингвистикалық  зерттеу  жүргізуде 
қолданылады  (қар.:  Информант,  Әлеуметтік  лингистика  әдістері, 
Эксперименттік  әлеуметтік  лингвистика,  Макроәлеуметтік  лин-
гвистика,  Микроәлеуметтік  лингвистика,  Әлеуметтік  лингвис-
тикалық мәліметтер дұрыстығы) 
Т
ТАБИҒИ  ТІЛ  (орыс.  естественный  язык;  ағылш.  natural 
language) – субститутивтік немесе аналогтік тұрғыдан жасалаған 
жасанды  тілдерден  бөлек  ойды  білдірудің  табиғи  қаруы  және 
қатынас құралы ретіндегі адамзат тілі, мыс., қазақ тілі, орыс тілі, 
ағылшын тілі т.б. (қара: Жасанды тіл, Ақпараттық тіл).
ТАБУ (полинезия сөзі) – кейбір сөздерді, есімдерді, сөйлемдерді 
атауға  тыйым  салу.  Т.  құбылысы  тілдің  магиялық  қызметімен 
байлынысты, яғни сөз арқылы қоршаған әлемді өзгертуге болады 
деген  нанымнан  туындайды.  Т.  барлық  тілдерде  бар.  Ең  көп 
тараған  Т.  адам  есімімен  баланысты:  туыстардың  атын  айтуға 
тыйым салынған, сонымен қатар құдайдың, патшаның (иудизмде) 

125
атын атауға болмайды. Т. эвфемизм түсінігімен тығыз байланысты 
болады. Түркі тілдеріндегі табу сөздерді Ә.Ахметов зерттеді.
ТАВТАЛОГИЯ  (грек.  tautologia,  tauto  –  бірдей  және  logos-
cөз)  –  мәтін  мағынасы  бірдей,  басы  артық  сөздерді  қолдана 
сөйлеу.  Т.  плеоназмға  жақын  тұрса  да,  тілдік  норам  мен  жүйеге 
енбейді.  Т.  қолдану  –  тіл  сауаттылығы  мен  логикалық  ойлаудың 
төменгі дәрежеде екенін көрсетеді. Ғылыми және ресми стильде Т. 
сөйлемдерді қолдануға болмайды. 
ТАЗА ТІЛ – өзінің алғашқы табиғи даму қалпын сақтаған, өзге 
тілдермен араласуға түспеген тіл. Бұл күнде таза тілді кездестіру 
өте сирек құбылыс, ол түгелдей томаға-тұйық, өзімен-өзі ғана өмір 
сүретін этностарға тән.
ТАКСОН (лат. taxare - бағалау) – қандай да бір қасиеті мен өзіндік 
белгілерінің  бірлігімен  байланысатын  топ  обьектісі,  Мысалы,  Т. 
әлеуметтік лингвистикада бұл – қандай да бір белгілерімен микро-
әлеуметтік  қауымдастыққа  біріккен  информанттар  (респондент-
тер)  тобы  (қар.:  Әлеуметтік  лингвистикалық  зерттеулер  әдістері, 
Таксономия).
ТАКСОНОМИЯ  (грек.  taxis  –  ретімен  орналасқан  +  nonos  – 
заң) – өзіндік иерархиялық құрылыс тәртібі бар обьектілерді топ-
тастыру  (классификациялау)  және  жүйелеу  теориясы.  Мысалы, 
микроәлеуметтік  қауымдастық  шегіндегі  таксономия  (қар.: 
Таксон).
ТӘЖІК ТІЛІ – иран тілдерінің оңтүстык-батыс тобына жататын 
тіл. Солтүстік (Бұхара, Самарқанд, Пергана, Уратобе, Пенджент), 
орталық (Зеравшан), оңтүстік (Қаратегін, Кульяб, Рох, Бадахшан), 
оңтүстік-шығыс  (Дерваз)  диалектілері  бар.  Фонетикалық  жүйесі 
6  дауысты  және  24  дауыссыз  дыбыстын  тұрады.  Род,  септік 
категориялары  жоқ,  есім  изафет  арқылы  байланыс  жасыйды. 
Етістіктердің  аналитикалық  түрлері  көп  кездеседі.  Т.т.  9-15  ғғ. 
класискалық парсы-тәжік тілінде болған. Араб жазыумен жазылған 
ең көне ескерткіштері 9 ғасырға жатыды.
ТЕЗАУРУС  (грек.  thesauros  –  қазына)  –  1.  Тілдегі  барлық 
сөздерді  қамтитын  және  олардың  мәтінде  қолданылуын  мысал-

126
дар арқылы көрсететін сөздік. 2. Лексикалық бірліктердің семан-
тикалық қатынастары көрсетілген идеографиялық сөздік. 
ТЕОРИЯЛЫҚ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  (орыс. 
Теоротическая  социолингвистика)  –  тіл  мен  қоғамның  өзара 
байланысын  зерттейтін  әлеуметтік  лингвистиканың  саласы;  тіл 
дамуының  маңызды  заңдылықтарын  анықтау  және  олардың 
әлеуметтік  табиғатын  дәлелдеу,  тілдің  қызметін  әлеуметтік  және 
жағдаятты өзгерістерге байланысты зерттеу. 
ТИТУЛДЫ ТІЛ – қараңыз – титулды ұлт тілі.
ТИТУЛДЫ ҰЛТ ТІЛІ (орыс. язык титульной нации) – бұл да 
сол  титулды  тіл,  белгілі  бір  мемлекет,  ұлттық  мемлекет  немесе 
ұлттық-аумақтық  бірлік  аты  берілген  ұлт  (этнос)  тілі.  Мыс., 
Қазақстанда Т.ұ.т. – қазақ тілі. Грузияда Т.ұ.т. – грузин тілі. 
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ (лат. tolerania – төзімділік) – өзгенің өмір 
салтына, тіліне, ғұрпына, сезіміне, идеясына, сеніміне төзімділік.
ТРАЙБАЛИЗМ (ағыл. tribal – тайпалық – лат. Tribe- тайпа) – 
рулық-тайпалық  бөлінушіліктің  сарқыншағы  ретінде  сақталған 
қоғамдағы тайпалық немесе этностық сепаратизм.
ТРАНСКРИПЦИЯ  (лат.  transcriptio  –  көшіріп  жазу)  –  сөз 
дыбыстарын  хатқа  түсіру  (жазу)  әдісі.  Қағазға  түсетін  дыбыс 
түріне  байланысты  дыбыстық  Т.  (сегмент)  және  интонациялық 
(суперсегмент) деп бөлінеді. Дыбыстың ерекшелігіне байланысты 
фонематикалық  Т.  және  фонетикалық  Т.  бөлек  қарастырылады. 
Дыбыс  бірліктерін  сипаттау  әдісіне  байланысты  аналитикалық 
ассоциацияның  (ХФА)  Т.-сы  кең  қолданылады.  Бұдан  басқа 
Щербаның Т. (латын әрпінде) бар.
ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ (лат. trans – арқылы және littera – әріп) 
–  қайсыбір  тілдегі  мәтіндерді  не  сөздерді  басқа  графикалық 
жүйе  арқылы  жазу.  Халықаралық  стандарт  ұйымы  (ХСҰ)  –  ISO 
(International Standart Organisation) Т. үлгілерін жасайды. 
ТРАСЯНКА (белорус. бастапқы мағынас: мал житін шөптердің 
қосындысы)  –  белорус-орыс  қостілділігі  жағдайында  өзінен-
өзі  ұйымдастырылмаған  түрде  пайда  болған  белорус  тілінің 
орыстанған варианты (қар.: Креолдық тіл, Пиджин, Семилингвизм). 

127
ТҰЛҒАЛЫҚ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  (орыс.  со-
циолингвистика  личности)  –  нақтылы  субьектінің  әлеуметтену 
нәтижесіндегі тілдің әлеуметтік саралану ерекшелігін, тілдік қабі-
летін,  тілдік  құзіретін,  ана  тілін,  код  ауыстыруын  т.б.  зерттейтін 
әлеуметтік лингвистиканың салаларының бірі.
ТҮПНҰСҚАЛЫ  МӘТІН  (грек.  authentes  –  жетілген,  өз 
қолымен,  түрнұсқа)  –  алғашқы,  түпнұсқалы  мәтін,  Әлеуметтік 
лингвистикада  тілді  оқыту  әдістемесінде  Т.м.  –  адаптацияға 
түспеген  мәтін;  заң  ғылымында  Т.м.-бұл  өзге  тілде  жазылған 
мәтінмен  ресми  түрде  тең  деп  танылған  және  онымен  бірдей 
заңдылық күші бар құжаттар мәтіні.
ТҮРІК ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Түркия мен Кипрде (грек 
тілімен бірге) ресми тіл. Әзербайжан тілімен көп ұқсастығы бар. 
Әдеби Т.т. ХІХ ғ. ортасында қалыптасқан деген болжам бар.
ТҮРКІМЕН ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Негізгі диалектілері 
– теке, йомуд, эрсары, салыр, сарық, човдур. Т.т. батыс оғыз тай-
паларының  негізінде  қалыптасқан.  Т.т.  10  дауысты,  21  дауыссыз 
дыбыс бар. Езу үндестігі басым. Қосымшалардың қатаң тұлғалары 
қолданылмайды.
ТІГІНЕН  ОРНАЛАСҚАН  ТІЛДІК  КОНТИНУУМ  (орыс. 
вертикальный  языковой  континуум) 
–  бір  әкімшілік-аумақта 
бір  мезетте  бірнеше  тіл  пайдаланылатын  күрделі  тілдік  ахуалды 
сипаттауда  қолданылатын  әлеуметтік  лингвистикалық  ұғым. 
Көптеген  тілдік  жағдаятта  тілдер  (немесе  бір  тілдің  әртүрлі 
өмір  сүру  формалары)  Т.о.к.  құрайды,  оның  жоғары  деңгейінде 
әдеби  тіл  немесе  ресми  тіл  орналасса,  ортаңғы  деңгейінде  – 
топтар  аралық  бейресми  қатынастағы  тілдер  (немесе  карапайым 
сөйлеудегі  койне),  төменде  –  отбасылық  қатынастағы  немесе 
достар арасында не ұжымда қолданылатын тілдер (көбінесе бұл – 
тар шеңберде ғана сақталған, тек аға буын арасында қолданылатын 
дәстүрлі говорлар) орналасуы мүмкін. Осы әрбір деңгейге қатысты 
«акролект-мезолект-базилект» деген үшем термин қолданылады. 
ТІЛ – тіл білімінің негізгі зерттеу нысанасы. Т. деп адамның 
табиғи тілін атайды (жасанды және жануарлар тілінен бөлек). Т.-

128
дің  пайда  болып,  өмір  сүруі  ең  алдымен  адамның  пайда  болып, 
өмір сүруімен байланысты. «Т». терминінің өзара байланысты екі 
мағынасы бар: 1) Т. – жалпы алғанда таңбалар жүйесі; 2) нақтылы 
Т. яғни, этникалық немесе «идиоэтникалық» Т. – нақтылы белгілер 
жүйесі  ретінде  уақыт  пен  кеңістікте  өмір  сүретін,  белгілі  бір 
қоғамның Т.; Қоғамның даму барысында пайда болып, белгілі бір 
заңдылықтар бойынша дамитын семиотикалық (таңбалық) жүйе. 
Бұл жүйе жеке аам үшін емес, қоғам үшін қажет болады. Т. бірқатар 
қызмет атқаратын жүйе, оның қызметтерінің ішінде ең бастылары 
–  информация  (хабарды)  жасау,  сақтау  және  тарату.  Т.  –адамды 
қоршаған  орта  туралы,  адамның  өзі  туралы  білімді  сақтау  үшін 
қажет (эпистемиялық қызмет). Бұдан басқа жаңа білім игеру де Т. 
арқылы  жүзеге  асады  (танымдық  немесе  когнитивті  қызмет).  Т.- 
адамдардың  негізгі  байланыс  құралы  (коммуникативтік  қызмет). 
Нақтылы  тілдердің  мынадай  негізгі  әлеуметтік  түрлері  бар: 
идиолект – жеке адамның тілі; говор - шағын топтың Т.; диалекті-
говорлар  жиынтығы;  Қалыптасқан  көзқараста  Т.-дің  ең  жоғарғы 
түрі  –  әдеби  тіл  деп  саналады.  Әдеби  тілде  қызметтік  стилдер, 
тұрақты нормалар болуы қажет деп есептелінеді.
Жер бетінде 5000-7000 Т. бар деп айтылады. Т.-дің көп болуы 
әрине  кездейсоқ  нәрсе  емес,  өйткені  тілдің  табиғаты  туралы 
мәселе әлі өз шешімін тапқан жоқ, сонымен қатар Т. лексикалық 
жүйесі жылдам өзгеріске ұшырайтын құбылыс екені де белгілі. Т.-
ді арнайы сақтап тұратын жүйе жасалмаса (мысалы, классикалық 
араб тілі), ол өзгеріске түседі. Өзгерудің себептері әлі де ашылған 
жоқ,  болжам  деңгейінде,  ол  Т.-дің  табиғатына  байланысты 
делінеді. Ғылыми –техникалық прогресс дәуірінде жалғыз, бәріне 
ортақ тілдің қажеттілігін қоғамның әлеуметтік дамуы керек ететіні 
де рас. Бірақ қазірде көптеген Т.-дер қайта жаңарып, өз дәрежесіне 
лайық даму үстінде. Бұл үрдіс ортаршылдық саясаттың күйреуінің 
салдары  екені  сөзсіз.  Барлық  әлем  Т.-ін  туыстығына,  яғни  шығу 
тегіне қарай бірнеше топқа жатқызуға болады. Сөзжасам мәселесі 
анықталатын  жағдайда  Т.-дер  туыстығы  туралы  қағиданы  қайта 
қарастыруға тура келеді.

129
ТІЛ  БЕДЕЛІ  (орыс.  престиж  языка)  –  жеке  адамның  не 
топтың  жоғары  мәртебесіне  қарай  сол  тілді  меңгеруге  ұмтылуы 
немесе  немқұрайлы  қарауының  ара  қатынасымен  берілетін 
тілдің әлеуметтік психологиялық бағасы. Миноритарлық тілдерді 
тұтынушылар үшін беделді тіл әдетте мемлекеттің басым көпшілік 
азаматтары  сөйлейтін  мемлекеттік  тіл  болып  табылады.  Т.  б. 
миноритарлық  топтардағы  лингвистикалық  өзгешелікті  сақтау 
ісінде негізі рөлді ойнайды.
Қараңыз:Мемлекеттік тіл, Әлеуметтік мәртебе
ТІЛ БІЛІМІ (лингвистика) – табиғи тіл туралы ғылым. Т.б. 
әлеуметтік ғылымдармен байланысты. 
Тіл – қоғамның ең маңызды байланыс құралы және ой-санамен 
байланысты болғандықтан әлеуметтік (гуманитарлық) пән ретінде 
адам мен қоғамды зерттейді. Гуманитарлық ғылымдар ішінде Т.б. 
-мен  тығыз  байланысты  болатындар:  этнография,  әлеуметтану, 
филология,  герменевтика,  лингвистикалық  поэтика,  мәтін 
лингвистикасы,  грамматология,  тарих,  психология.  Этнология 
салалары әр түрлі қоғамдағы тіл қызметін зерттеумен айналысады 
(мысалы,  табу,  эвфемизм,  атау  мәселесі).  Әлеуметтану  –  тіл 
арқылы байланыс жасауды зерттейді. Қоғамдағы араласу түрлерін 
коммуникация  теориясы,  мәдени  антропология,  семиотика 
зерттейді. Табиғи тіл – ең маңызды таңбалық жүйе болғандықтан 
Т.б.  семиотикалық  пән  ретінде  қарастырылады.  Мәтіндерді 
зерттеу  үшін  (мифологиялық,  діни,  философиялық  т.б.)  Т.б.  – 
мәтінді зерттейтін филология пәніне, мәтін мағынасын зерттейтін 
герменевтикаға сүйенеді. Тілдің жаңадан пайда болатын әлеуметтік 
қызметін  зерттеу  қажет  болады.  Мәтін  лингвистикасы-  мәтін 
жасаудағы тіл заңдарын зерттейді. Грамматология – семиотикалық 
пәнге  жатады,  яғни  бұл  жазуға  байланысты  ғылым  болып 
табылады.  Тарихи  Т.б.  тәсілдері  тарихпен  өте  жақын  болады, 
өйткені қоғамның, әдебиеттің, мәдениеттің, өнердің тілсіз дамуы 
мүмкін емес. ХІХ ғ. психологиялық тәсілдер мен идеялар Т.б.-де 
өте көп қолданылды. ХХ ғ. 50 жж. бастап психолингвистика деген 
пән  қалыптасты.  Т.б.  мен  психолингвистикада  қарастырылатын 

130
тіл және ойлау қатынасы туралы мәселелер қазіргі логикада, тіл 
философиясында, лингвистикалық семантикада да зерттеледі.
А.Шлейхер ұсынған тарихи-салыстырмалы Т.б. мен дарвиндық 
эволюциялық  ілім  арасындағы  ұқсастық  қазіргі  ғылымда  да 
құпталып келеді. Генетикалық кодтың ашылуына Т.б. тәжірибесіде 
көмегін тигізді. Т.б. мен биология арасындағы байланыс – негізгі 
тіл  қабілеттерінің  тұқым  қуалауы  мүмкін  деген  болжамнан 
көрінісін  табады,  оны  глоттогнез  және  моногенез  теориясынан 
байқауға  болады.  Нейролингвистикада  –  орталық  нерв  жүйесі 
мен  тіл  арасында  болатын  байланыстар  зерттеледі.  Сонымен 
қатар  эксперименталды  фонетикада  неше  түрлі  электронды-
акустикалық  приборлар  қолданады,  бұл  -  Т.б.-нің  физика  мен 
физология пәндерімен байланысы бар деген сөз. ЭВМ тілін жасау, 
информатика  теориясында  Т.б.  жетістіктерін  пайдалану,  физика-
математикалық тәсілдерді Т.б.-де қолдану, есептік лингвистиканың 
дамуы  –  Т.б.  мен  жаратылыс  ғылымдары  байланысты  екенін 
көрсетеді.
Жалпы  және  жеке  Т.б.  деп  бөлу  дәстүрге  айналған.  Жалпы 
Т.б.  –  кез  келген  тілдердің  қасиеттерін,  мысалы,  түркі  тілдері 
–  түркология,  орыс  тілі  –русистика  не  географиялық  жерге 
байланысты  Мысалы,  балканистика,  кавказоведение  т.б. 
зерттейді. Жалпы Т.б. барлық тілдердің жалпы (ортақ) қасиеттерін 
эмпирикалық  (индукцияарқылы)  не  дедукция  арқылы  (тіл 
қызметінің  заңдылықтары  арқылы)  зерттейді.  ХХ  ғ.  50-жж. 
бастап  жалпы  Т.б.  лингвистикалық  теорияның  тілін  зерттейтін 
саланың даму басталды, оны - Т.б.-нің метатеориясы деп атайды. 
Жалпы  Т.б.-ін  салаларға  бөлу  тілдік  деңгей  мен  тілді  мәтін  мен 
сөзге  бөлуге  байланысты  болады.  Фонетика  дыбыстық  деңгейді 
бейнелейді,  оның  пәніндегі  дыбыстарды  зерттейді.  Зерттеудің 
нәтижесінде дыбыстардың артикуляциялық (физологиялық) және 
акустикалық сипаттары анықталады. Фонетикада әлем тілдерінің 
дыбыстарын  әмбебап  халықаралық  фонетикалық  транскрипция 
арқылы  қағазға  түсіруге  болады.  Фонология  пәні  дыбыстарды 
қызметтік  және  жүйелілік  тұрғыдан  зерттейді.  Ол  үшін  зерттеу 

131
нысанасы  ретінде  фонема  жеке  қарастырылады.  Кейбір  тілдерде 
мысалы,  тибет  тілінде  фонема  орнына  буын  немесе  силлабема 
алынады. Морфонология пәні ерекше морфонологиялық деңгейде 
морфтардың  (сөзтұлға  бөлігі)  фонологиялық  құрылысын 
зерттейді.  Фонетика,  фонология,  морфонология  салалары 
тіл  дыбыстарын  зерттесе,  семантикалық  сала  сөз  мағынасын 
зерттеумен  айналысады.  Грамматика  саласы  белгілі  мағынасы 
бар  және  белгілі  топқа  жататын  сөздерді,  морфемаларды, 
морфтарды,  сөздердің  морфологиялық  бөліктерін  зерттейді. 
Грамматикада морфология мен синтаксис бөлек қарастырылады. 
Бұл  екі  деңгей  сөздерді  морфтарға  жіктейтін  тілдерде  болады, 
ал  таза  аналитикалық  тілдер  (қытай  тілі)  грамматикасында 
синтаксистік  деңгей  ғана  болады.  Морфологияда  мағыналық 
тұрғыдан  алғанда  сөзжасам  және  сөз  өзгерту  жеке  сала  ретінде 
қарастырылады.  Т.б.-нің  жеке  саласы  ретінде  семантика  тілдің 
сөз  қорын  зерттейді.  Семантикадан  тарайтын  фразеология  және 
семантикалық синтаксис те тіл қорымен айналысады. Лексикалық 
семантика  (лингвистикалық  семантика)  сөздердің,  сөйлемдердің 
грамматикалық  мағынадан  басқа  мағыналарын  зерттейді. 
Лексикология  саласы  тілдің  лексикасын  (сөз  қорын),  сөздердің 
және  фразеологиялық  тіркестердің  лексикалық  мағынасын, 
парадигмалық  байланыстарды,  лексиканың  жүйелілігін  (өріс, 
тақырыптық топтар т.б.), сөздіктерді қарастырады.
Т.б.-ін тұтас ғылым ретінде қабылдау үшін оның салаларын жеке 
жүйелер қатынасы деп білген жөн. Кез келген зерттеуде тіл белгілі 
жалпы  лингвистикалық  үлгімен  (этолонмен)  салыстырылады. 
Көп  жылдар  бойы  Т.б.-де  уақыт  негізгі  фактор  болып  есептеліп 
келді. ХІХ ғ. және ХХ ғ. басында тарихи-диахрондық зерттеулер 
көп  жүргізілді.  Семасиология  сөздердің  мағынасының  өзгеруін 
зерттесе, фонетика дыбыстардың өзгеруін зерттеп келді. Дүәстүрлі 
этимология  жеке  сөздердің  тарихын  зерттеумен  айналысты. 
Тек  қана  ХХ  ғ.  аяғына  қарай  тіл  тарихымен  тығыз  байланыста 
болатын материалды және рухани мәдениет де зерттеле басталды. 
Әлеуметтік лингвистикада нақтылы бүгін өмір сүріп келе жатқан 

132
тілдер  мен  диалектілер  зерттеледі.  Диалектілердің  жергілікті 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  диалектология  мен  аймақтық 
(ареалдық) лингвистика тілдерге ортақ заңдылықтарды анықтайды.

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал