Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет11/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

ӨТКІНШІ (АРАЛЫҚ) ТІЛ (лат. inter – ара, аралық + тіл; орыс. 
интерь  язык)  –  ана  тілі  белгісін  өзіне  жинақтаған  және  мақсат-
тіл  элементін  меңгерген,  алайда  оларға  құрылымдық  тәуелсіз 
аппроксимативтік  жүйе.  Өтпелі  тіл,  делдал  жүйе,  векторлық 
жүйе,  жақындасқан  жүйе,  тіларалық  жүйе  –  тілдік  жүйе  ретінде 
сипатталады.  Ө.т.  автономиялыққа  (құрылымдық,  тәуелсіздікке), 
біртұтастыққа  (бірыңғай  даму  кезеңі  мен  сатылықты), 
жұпынылыққа  (құрылымдық  жағынан)  және  фоссилизацияға  ие. 
Ө.т.  қалыптасуы  ана  тілінің  трансференциясы  және  мақсат  –  тіл 
ережелерінің  жалпылануы  (обобщение)  (генерализация),  қарым-
қатынас стратегиясы мен оқыту стратегиясы нәтижесінде жүреді. 
Ө.т. сингналына құрылымдық қателік жатады (қар.: Аралас тіл).
П
ПАЛЕОАЗИАТ ТІЛДЕРІ – генетикалық байланысы жоқ чукот, 
камшат, эскимос, алеут, енисей, юкагир, чуван тілдерінің шартты 
атауы. Л.И.Шренк бұл топқа айн тілін де жатқызады.
ПАЛЕОГРАФИЯ (грек. palaios – көне және grapho – жазамын) 
– жазу таңбаларының пайда болуын және олардың дамуын зерт-
тейтін  тарихи-филологиялық  пән.  П.  жеке  пән  ретінде  дипло-
матикадан  бөлінген.  Дипломатика  көне  құжаттарды  тексеріп, 

110
олардың  шындығын  анықтаумен  айналысқан.  П.-ның  негізгі 
мақсаты  жазбаның  хронологиялық  және  локалдық  (қай  жерде 
жазылғандығын)  ерекшеліктерін  анықтау.  П.  жазу  белгілерін 
(әріптерді) зерттейді.
ПАРАДИГМА  (грек.  paradeigma  –үлгі,  мысал)  –  1)  кең 
мағынада: бір-біріне қарама-қарсы қойылған, бірақ ортақ белгісі 
бар немесе ұқсас ассоциация тудырушы кез келген лингвистикалық 
бірліктер  тобы;  Парадигмалық  қатынастар  арқылы  байланыста 
болатын тіл бірліктерінің жиынтығы; 2) осындай жиынтық немесе 
топтың  жасалу  (құрылу)  моделі  мен  кестесі;  3)  тар  мағынада: 
«морфологиялық  П.»  терминінің  синонимі  (бір  сөздің  тұлғалану 
жүйесі) болады. Бірліктер тобы қай жүйеге жататындығына қарай: 
морфологиялық,  синтаксистік,  лексикалық,  сөзжасамдық  П. 
болады. Бір обьектіге не болмысқа (мағынаға, жағдайға, сөзге, сөз 
тобына және т.б.) сай келетін тілдегі бірліктер бір П.-ны құрауы 
мүмкін.
ПАРАЛИНГВИСТИКА  (грек.  para  –  қасындағы  маңындағы 
және лингвистика) – 1. Сөйлеуде қолданылатын, мағыналы хабар 
жеткізуші, бірақ тілге жатпайтын құралдар; 2. Тілдік байланысқа 
қатысатын тілдік емес (вервальды емес) құралдардың жиынтығы. 
П.-лық  құралдардың  үш  түрі  белгілі:  фонациялық  (тембр,  темп, 
дауыстау,  кідіріс,  әуен,  диалектілік  айтылу  ерекшеліктері), 
кинетикалық  (қимыл,  поза,  бет  қимылы)  және  графикалық 
(әріптерді  жазу,  почерк,  символдар  және  т.б.).  Сөйлемдегі  сөзге 
қатысты П. құралдары үш түрлі қызмет атқарады: қосымша хабар 
жеткізеді, сөз орнына қолданылады. П. терминін 1940 ж. А.Хилл 
енгізген болатын. 
ПАРСЫ ТІЛІ (фарси немесе парсы) – иран тілдерінің (оңтүстік.-
батыс тобы) бірі. Иран (ресми тіл), Ауғанстан, Пакистан, Үндістан, 
Ирак,  БАЭ,  ТМД  (Кавказ,  Орта  Азия)  елдерінде  тараған,  ең  көп 
зерттелген  диалектілердің  бірі.  Тегеран  диалектісі  –  қазіргі  П.т.-
нің негізгі қайнары. П.т.-не ең жақын тұрған тілдер – тәжік тілі, 
дарий (Фарси-кабули) тілі. П.т. әдеби мұраларға өте бай. Ең көне 
жазба ескеркіштері ІХ ғ. жатады. Жазуында араб әрпін қолданады. 

111
ПАРЦЕЛЛЯЦИЯ (фр. parceiie – бөлік) – тұтас бір сөйлемнің 
бірнеше  дербес  фразаларға  бөлшектенген  көрінісін  жасаудағы 
тәсіл. Мысалы, «Ол ... үйде жоқ. Таза ауада серуендеп жүр» деген 
фразаларды бір сөйлемге сыйдырсақ, былайша айтуға болады: «Ол 
үйде  жоқ,  таза  ауада  серуендеп  жүр».  Сөйлеудегі  П.  Интонация 
арқылы, ал мәтінде тыныс белгілер арқылы беріледі. П.-ға түскен 
бөліктерді (сегменттерді) парцеллят деп атайды. П.сөйлеу кезінде 
экспрессия құралы ретінде де пайдалынылады.
ПАЦИЕНС  (лат.  Patiens  –  шыдаушы)  –  сөйлемдегі  пассив 
тыңдаушының  симантикалық  мінездемесі  (рөлі).  П.  термині 
жағдайға араласпайтын пассив қатысушыны белгілейді. 
ПИДЖИН (ағыл. business – іc) – тілдердің араласуынан пайда 
болған  құрылымдық  –  қызметтік  тілдердің  бір  түрі.  П.-табиғи 
дамудың  нәтижесі  емес,ол  екінші  тіл  жасаудың  нәтижесі.  П.-нің 
елу шақты түрі бар, олар Оңтүстік-Шығыс Азия, Океания, Африка, 
Латын Америкасында таралған. Ең көп тараған П. түрі ағылшын 
тілі  негізінде  жасалған  (П.-инглиш).  Сонымен  бірге  Француз, 
Португал тілінен шыққан П.-де бар. 
ПИДЖИН-ИНГЛИШ  (PIGIN-ENGLISH)  (ағылш.  business  – 
іс,  іскер  +  English  –  ағылшын  тілі)  –  шығыс  елдер  порттарында 
(Жапония,  Калифорния,  Оңт.  теңіз,  Гонконг)  қолданылатын 
аралас  тілдердің  бірі.  П.-и.  сөздігі  бойынша  ағылшын  тілі  және 
грамматикасы бойынша қытай тілі болып табылады (қар.: Пиджин, 
Тілдік қатынас, Тілдердің араласуы).
ПОЛИЛОГ (грек. polis – көп және lodos - әңгіме) – бірнеше 
адамның әңгіме құруы.
ПОЛОВЕЦТЕР  ТІЛІ  (құман  тілі)  –  түркі  тілдерінің  бірі. 
Ертеде  өмір  сүрген  қышпақтардың  тілі.  Қыпшақтар  туралы  ең 
алғаш дерек Қытай жылнамаларында (б.э.д. І ғ.) кездеседі, кейін 
(YІІІ ғ.) құлпытаста (Елетміш Білге-Қаған тасы) «қыпшақ» атауы 
кездеседі.  Оларды  әр  түрлі  атаған.  Мұсылман  жазбаларында: 
қыпшақ,  қыфшақ,  европалық  жазбаларда:  куман,  коман,  кун; 
орыстардың  жазбаларында;  половец,  печенег.  П.т.  Кодекус-
Куманикусте (шамамен 1294 ж.) Каменец-Подольск армяндардың 

112
сот  қағаздарында  (ХYІ  ғ.)  т.б.  сақталған.  П.т.  қарашай-балқар, 
қарайым,  қырым-татар,  құмық,  қазақ  тілдеріне  өте  жақын  тіл. 
Лексикасында араб, парсы, грек сөздері кездеседі. 
ПОСТКРЕОЛДІ  КОНТИНУУМ  (орыс.  посткреольский 
континуум)  –  нәтижесінде  көптеген  аралық  варианттар  пайда 
болатын суперстратты тілдің (базистік тілге жақын) креол тілмен 
белсенді түрде бәсекелесе бастау жағдаятында дамитын контктілі 
континуумның  түрі.  П.  к.  пайда  болуының  әлеметтік  уәждемесі 
суперстраттық  тілдің  беделдігі  және  оны  креол  тілді  тұтыну-
шылардың  мақсатты  тіл  ретінде  танып,  меңгеруге  құлшынуы 
болып табылады. Креол тіл біртіндеп акролектілі және базилектілі 
түрлерге  бөлініп,  олардың  әрқайсысы  мақсатты  тілдің  әсеріне 
ұшырап, креолденуден ада бола бастайды. Егер суперстратты тіл 
түрлі  әлеуметтік  себептерге  байланысты  мақсатты  тіл  болудан 
қалса, креолдену үдерісі қайта жалғасады.
Қара:  Аролект,  Базилект,  Котактілі  тілдер  Контактілі 
континуум, Креолдену, Мезолект 
ПРАКРИТ  –  қазіргі  үнді  тілдерінің  негізіне  алынған  орта 
кезеңдегі  көне  үнді  тілдері  мен  диалектілері.  Алғашқы  жазу 
үлгілері б.э.д. ІІІ ғ. жатады. 
ПСИХОЛИНГВИСТИКА    сөйлеу  процестерін  зерттейтін 
ғылым.  П.  психологиялық  эксперимент  арқылы  сөйлеу  қызметі-
нің үлгісін жасап, тексереді. Бірқатар практикалық мәселелердің 
теориялық мәнін түсіндіру үшін дәстүрлі лингвистикалық тәсілдер 
жеткіліксіз, ол үшін П.-ның тәсілдерін қолдану қажет. П. мынадай 
мәселелерді шешеді: шет тілдерін үйрену, логопедия мәселелері, 
ми  қызметіне  байланысты  сөйлеудің  бұзылуы,  бұқаралық 
ақпарат құралдарындағы сөйлеудің рөлі, авиация мен космостық 
психология, криминалистика мен машиналық аударма мәселелері, 
ЭВМ-ге хабарды енгізу т.б. 
П.  термині  1954  ж.  бастап  қолданылып  келеді  (АҚШ).  П.-нің 
нейролингвистикалық негіздерін А.Р.Луриа (1930 ж.) қалаған. 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  БАҒЫТ  (лингвистикалық  психоло-
гизм)  –  тіл  білімінде  тілді  адамның  психологиялық  жағдайына 

113
және  психологиялық  қызметіне  байланысты  құбылыс  ретінде 
қарастыратын  мектептердің,  ағымдардың  және  жеке  тұжырым-
дардың жиынтығы. 
П.б. әр кезеңдегі мақсаттары, зерттеу пәні, бастапқы ұғымдары 
өзгеріп  отырған,  бірақ  олардың  бәріне  ортақ  негізгі  сипаттары 
көрсетуге  болады,  олар:  1.  Тіл  ғылымындағы  логикалық  және 
формальды бағыттар мен мектептерге қарсы болу (қара: Логикалық 
бағыт);  2.Психологияны  әдістеме  ретінде  тану;  3.  Тілдің  нақты 
қызметтері мен жұмсалуын зерттеу.
П.б. ХІХ ғ.-дың 50 жж. да В.фон Гумбольдт философиясының 
әсерінен  пайда  болды.  Бұл  кезеңде  тіл  білімінде  логикалық 
көзқарастар  басым  болған.  П.б.  негізін  қалаушы  –  Г.Штейнталь, 
Ресейде  П.б.  өкілі  –  А.А.  Потебня  (қара:  Харьков  лингвистика 
мектебі) болған. 
П.б. өкілдерінің ойынша логика жалпы адами ғылым, ол жеке 
халықтың жеке тіл ерекшеліктерін аша алмайды. (Г.Штейнталь), 
екіншіден, логика- гипотетикалық ғылым. Ал тіл білімі генетикалық 
білім,  яғни  «сөйлеу  процесін»  зерттейді.  Штейнталь  тілді 
«Халықтың,  рухтың»  көрініс  ретінде  таныған,  сондықтан  тілдің 
әлеуметтік табиғатының болуы заңды құбылыс деп есептеген. 
П.б. тілді тарихи және үнемі дамуда болатын құбылыс ретінде 
қарастырған, ерте замандарда тілдің ішкі мағынасы өте бай болған, 
даму  барысында  ол  мағына  бірте-бірте  азаяды.  Тілдің  пайда 
болуына үлкен мән беріп, П.б. тілдік бірліктердің пайда болуын 
психологиялық  тұрғыдан  негіздеп  ассимиляция,  ассосация, 
апперцепция сияқты психологиялық заңдарға сүйенген. 
П.б.-тың  әлсіз  жақтарының  болуы  ХІХ  ғ.-дың  70  жж.-дағы 
младограмматизм  бағытының  қалыптасуына  себеп  болды.  (қара: 
Младограмматизм).  Младограмматиктер  бірінші  орынға  жеке 
тілді (сөйлеушіні) қойды, өйткені психологиялық фактордан бөлек 
физикалық және физиологиялық қырларды ескеру қажет болды. 
П.б.-ның идеяларын Қазан лингвистикалық мектебінің өкілдері 
қолданды.  ХХ  ғ.-дағы  П.б.-тың  орнына  әлеуметтік  бағыттағы 
құрылымдық  лингвистикалар  келді.  Қазіргі  кезеңде  П.б.-тың 

114
идеяларын  психолингвистика  дамытып  отыр.  Лингвистикалық 
психологизм идеялары неолгумбольдт ілімінде, этнолингвистикада 
әлеуметтік лингвистикада т.б. қолданылып жүр. 
ПУРИЗМ (лат. Puris – таза; ағылш. Purism) – ана тілін кез келген 
өзге тілдік, сондай-ақ нормаланбаған тіл элементтері әсерлерінен 
тазалау  және  бөгет  болуға  ұмтылу  (тілде  интернациональдық 
лексиканың  пайда  болу  процесіне  қарсы  тұру).  П.-нің  жағымды 
тұстары да (тұрмыстық ұлттық мәдениет пен тілді дамыту туралы 
қамқорлық,  ана  тілінің  байлығы  мен  оның  сөзжасамдық  қорына 
көңіл  бөлу),  жағымсыз  тұстары  да  (тіл  дамуына  сыртқы  әсерді, 
тарихилықты  түсінбеушілік,  біржақтылық)  бар.  П.  көбінесе 
қоғамдығы  үлкен  қайта  құруларға  байланысты  тілдегі  маңызды 
және жылдам өзгерулер кезеңінде көрініс береді. 
ПУШТУ  (ауған  тілі,  пашто)  –  иран  тілдерінің  (шығыс  иран 
тобы)  бірі.  Ауғанстан  (Қандыағар,  Желалабад,  Газмин,  Хост, 
Қабыл,  Фарах),  Пакистан  (Вазиристан,  Белуджестан,  Дир,  Суат, 
Баджуар, Пешавар) елдерінде тараған. Сөйлеушілер саны 25 млн. 
адамға  жуық.  Ауғанстандағы  әдеби  тілдің  бірі.  Жергілікті  және 
тайпалық диалектілер екі топқа жатады: шығыс немесе пешабар-
желалабад  және  батыс  немесе  қандыағар.  Оңт.  топқа  Гантиф 
провинциясының  диалектісі  кіреді.  Әдеби  П.  тілі  екі  диалект 
негізінде қалыптасқан. П. тілінде араб жазуы қолданылады. Жазба 
ескерткіштері ХYІ ғ. белгілі. 
Р
РЕГИОЛЕКТ    жергілікті  говорлар  мен  қарапайым  тілдің 
іздерінің әсері бар орталау және кішілеу қалалар тұрғындарының 
тілін белгілеу үшін А.С.Герд ұсынған термин. Жергілікті аумақтық 
диалектілерден Р. айырмасы олар кең аумаққа – бір-бірінен қашық 
емес орналасқан шағын қалалар тобына таралған.

115
РЕИНТЕРПРЕТАЦИЯ (лат. re – қайталау мағынасын білдіру 
+ лат. interpretation-аралық) – әлеуметтік лингвистика әдістерінің 
бірі; бұрын зерттелген материалды қайталай (екінші рет) талқылау, 
түсіндіру  Мыс.,  Р.  бір  мемлекеттің  әр  түрлі  өмір  кезеңіндегі 
жүргізілген  халық  санағындағы  мәліметтерін  қайта  қарастыруы 
мүмкін.  Мыс.,  «Әлемнің  жазба  тілдері:  Ресей  федерациясының 
тілдері» атты халықаралық әлеуметтік лингвистика энциклопедиясы 
үшін  1989  ж.  Бүкілодақтық  халық  санағының  мәліметтерін 
талдауда Б.Сильвераның санақ мәліметтерінің талқылау варианты 
пайдаланылды. 
РЕПРЕЗЕНТАТИВТІК (фр. Representant – өкіл) – қандай да 
бір  үлкен  жиынтық  бөлігінің  өкілетті,  маңызды  сипаттамасы; 
типі.  Мыс.,  әлеуметтік  лингвистикалық  сауалнама  жүргізудің  Р. 
таңдамасы (Выборка) – бұл зерттеудің барлық жиынтық обьектісін 
толық және обьективті көрсете алатын, зерттеліп отырған обьек-
тіні  толық  қамтитын  жекелеген  тұжырымдар  жасауға  мүмкіндік 
беретін  дәлелденген,  дұрыс  берілген  таңдама  (выборка)  (қар.: 
Әлеуметтік лингвистикалық мәліметтер дұрыстығы).
РЕСМИ ТІЛ (лат. Officialis – қызметтік; орыс. официальный 
язык) – белгілі бір аумақта (территорияда) таралған және белгілі 
құқықтық  (заңдылық)  мәртебесі  бар,  барынша  кең  қоғамдық 
қызмет атқаратын тіл. Ұғымдық мәні бойынша бұл да Мемлекеттік 
тіл.  Алайда  құқықтық  жағдайына  байланысты  кейбір  елдерде 
мемлекеттік тілден ерекшеленеді. Мыс., ағылшын және француз 
тілдері  Канадада  Р.т.  болып  табылады  және  бірыңғай  мәтебеге 
ие,  Канада  Парламенті  мен  Үкіметтік  мекемелерде  қолданылу 
жағынан тең дәрежелі, тең құқылы. Қазақстанда орыс тіліне Р.т. 
мәртебесі  берілмеген,  бірақ  Қазақстан  Республикасындағы  тіл 
туралы (ҚР заңының 11 шілде, 1997 ж.) 5-бабында «Мемлекеттік 
ұйымдар  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарына  орыс  тілі 
қазақ тілі мен ресми түрде тең қолданылады» деп көрсетілген. 
РЕСПОНДЕНТ  (ағылш.  respondent  +  лат.  respondens-жауап 
беруші)  –  анкета,  интервью  сұрақтарына  жауап  беруші,  сынақ-
талушы адам. 

116
РЕЦИПИЕНТ (лат. resipiens/ recipientis-қабылдаушы) – хабарды 
немесе мәліметтерді қабылдаушы адам, тыңдаушы, оқушы; адресат.
РИТОРИКА (грек. rhetorike – шешендік өнер) – прозалық қара 
сөз және ауызекі көркем сөздің жасалуын зерттейтін филология-
лық пән. Поэтикамен, стилистикамен тығыз байланыста болады. 
Р.  тарихы  екі  кезеңге  бөлінеді:  б.э.д.  Y  ғ.  Сиракус  қаласында 
Р.  оқулығы  жарық  көрген.  Р.-ның  дамуы  Аттика,  Кіші  Азия 
қалаларында, Родос аралында дамыған. Афина қаласында Горгий 
деген софист (б.э.д. Y–ІY ғғ.) және Тарсимах, Протогор Р. негізін 
қалаушылар  болып  есептеледі.  Р.-нің  дамыған  түрін  Сократ, 
Аристотель, Феопомп, Дионисий Галикарнас қолдаған. б.э.д. ІІ ғ. 
Римде  әйгілі  шешен-ораторлар:  Цицерон  мен  Квинтиллиан  өмір 
сүргені белгілі. 
Қазақ  тілінде  Р.  өте  көне  замандардан  бастау  алып  дамыған, 
дамудың  нағыз  шыңына  жеткен.  Шешендік  өнердің  ірі  иелері: 
Майқы  би,  Қаздауысты  Қазыбек,  Төле  би,  Әйтеке  би,  Байдалы, 
Бөлтірік, Досбол, Едіге, Байзақ, Шорман, Құнанбай т.б. 
С
САБИР  (лат.  sapere  –  түсіну;  ағылш.  Sabir)  –  крест  жоғары 
кезеңінде шыққан. Лингва франкаға айналған тіл. С. лексикасында 
оның  қолданылу  салаларын  кеңейтуге  ықпал  ететін  испан,  грек, 
түрік,  араб  тілдерінің  көптеген  сөздері  бар  (қар.:  Аралық-тіл, 
Креоль, Пиджин).
САНА-СЕЗІМ  (орыс.  самосознание)  –  индивидтің  өз  тілін 
физикалық интеллектуалдығын, жекелік ерекшелігін, әлеуметтік-
этникалық және кәсіби жағдайын сезіне білуі; қоғамдық қатынастар 
жүйесінде  өз  орнын  білуі,  өзінің  дүниетанымын,  мақсатын, 
мүддесі мен өзін-өзі ұстауы. Мыс., класс, топ, қауымдастық С.-с. 
туралы айтуға болады. (қара: Этникалық сана-сезім, Тілдік сана).
САНДЫҚ  ТӘСІЛДЕР  (Тіл  білімінде)  –  тіл  мен  сөйлеуде 
қолданылатын  өлшеулер  мен  есептеулер.  Оларды  статистикалық 

117
тәсілдер  деуге  де  болады.  Көбіне  лексикада  (сөздердің  этимо-
логиялық  қорларын  зерттеу,  сөзжасам  процестері,  полисемия 
түрлері), ал негізінен С.т. сөйлеуді мәтінді зерттеуде қолданылады. 
САНДЫҚ  ТАЛДАУ  (орыс.  количественный  анализ;  ағылш. 
quantitative  analysis)  –  бұл  да  Квантитативтік  талдау,  әлеуметтік 
лингвистикалық  мәліметтер  бланкісін  жинастырудың  біршама 
дұрыс  жолдарының  бірі.  С.т.  әлеуметтік  лингвистикалық  зерт-
теудің  барлық  кезеңдерінде  пайдаланылады  (қар.:  Әлеуметтік 
лингвистикалық  мәліметтер  дұрыстығы,  Әлеуметтік  лингвис-
тикалық зерттеу бағдарламасы. Әлдеуметтік лингвистика әдістері). 
САНДЫҚ  ТАКСОНОМАНИЯЛАР  ӘДІСІ  (орыс.  метод 
численной  таксономаний)  –  орталық  белгісі  негізінде  біріккен 
таксономанияларды  –  топ,  тип,  кластарды  бөлектеп  көрсетудегі 
әлеуметтік  лингвистиканың  бір  әдістерінің  түрі.  С.т.ә.  мыс., 
тілдерді  меңгеру  деңгейі  бойынша  информанттардың  түрлі 
топтарын  (таксономанияларын)  немесе  билинговтардың  бірінші 
не екінші тілді қолдану жиілігін көрсетуде қолданылады. 
САНСКРИТ  –  көне  үндітілдерінің  бірі.  Б.э.д.  1000  ж.  бастап 
Солтүстік  Үндістанда  тараған,  ведалық  тілден  бөлек  қарастыры-
лады.  С.-тің  бірнеше  түрлері  бар:  эпикалық  («Махабхарата»  мен 
«Рамаяна» тілі), классикалық, буддалық, джайна, ведалық. С. тілінде 
көптеген діни, философиялық ғылыми әдебиеттер жазылған. 
СЕГРЕГАЦИЯ  (лат.  cegregatio  –  бөлімше)  –  ұлттық  мәселе-
лерді  шешуде  унитаризмге  қарама-қарсы  тұратын  нәсілдік 
дискриминацияның  түрі.  С.-ны  жақтаушылар  ұлттық-нәсілдік 
проблемаларды  шешуде  тұрғындардың  нәсілдік-этникалық 
топтармен  араласуды  доғару  немесе  барынша  азайтуды  көздейді 
(әр түрлі кварталдарда тұру, бөліп оқыту, демалыс орындарының 
бөлек болуы т.б.) Оңт. Африкалық С. варианты – Аппортейд БҰҰ 
тарапынан адамзатқа қарсы қылмыс деп танылды. С. мемлекеттің 
тілдік жағдаятына әсер етеді. 
СЕКСИЗМ (ағылш. sexism-sexus – жыныс) – жыныстық жағ-
дайы бойынша адамды шеттету, дискриминациялау. Ол тілдік С. 
түрінде  де  көрінуі  мүмкін.  Мыс.,  әйелді  сипаттауда  ерлерге  тән 
сөздерді қолдану немесе ерлерді сиапттауда әйелдерге тән сөздерді 

118
айту  (қар.:  Линвоцид,  Әйел  тілі,  Гендер,  Гендерлект,  Гендерлік 
лингвистика).
СЕМИЛИНГВ  (ағылш.  Semilingual)  –  ана  тілінде  де, 
екінші тілде де толық тілдік құзыреттілігі жоқ, яғни екі тілде де 
күрделі  құрылымдарды  айтуда  қиналысты  сезінетін  адам  (қар.: 
Семилингвизм, Интертіл, Тілдік құзырет, Пиджин).
СЕМИЛИНГВИЗМ  (лат.  semi  –  жартылай  +  lingua  –т  іл) 
–  ана  тілінде  де  екінші  тілде  де  толық  тілдік  құзіреттілік  жоқ 
жартытілділік  ана  тіліне,  сондай-ақ  екінші  мәдениет  пен  тілге 
деген  келеңсіздік,  немқұрайлық  болуы  мүмкін.  Мыс.,  Суржик 
(украин  және  орыс  тілдерінің  араласу  нәтижесінде  шыққан  тіл) 
(қар.: Амбилингвизм, Билингвизм, Интертіл, Пиджин). 
СЕПИР-УРОФ  БОЛЖАМЫ  (орыс.  гипотеза  Сепира–
Уорфа)  –  бұл  да  лингвистикалық  ықтималдық  болжамы;  С-У. 
б.  сәйкес  тіл  адамның  шындық  өмірді  тануы  мен  ойлауына 
маңызды  әсер  бар.  Болжам  авторлары  –  амеркандық  ғалымдар 
Э.Сепир  мен  Б.Л.Уорфтар  өз  болжамдарының  көпшілігін  В.фон 
Гумбольдтың  көзқарастары  мен  американдық  этнолингвистика 
идеяларымен  байланыстырады.  Аргументтері  С-У.  б.  дәлелдеме 
ретінде  қолданылды:  тілдер  шындық  өмірді  әр  түрлі  жіктеп 
көрсетеді  (заттар,  кеңістік,  уақыт  т.б.)  және  оларды  әрбір  тілдің 
ұғымында қайталанатындай, арнаулы етіп көрсетеді; Тіл адамның 
жүріс-тұрысын  реттейді;  тілдердің  әр  алуандығы  шындық 
өмір  туралы  түсініктің,  логикалық  тіпті  ойлау  нәтижесінің  әр 
түрлілігін анықтайды. Тілдің халыққа, оның мәдениетіне әсерінің 
дәрежесі  мен  сипаты  туралы  мәселе  пікірталас  күйінде  қалуда 
және  этнолингвистикада,  әлем  тілдері  туралы  ережелерде, 
лингвамәдениетте санада сипатталуда (қар.: Неогумбольдтинство).
СИНГАРМОНИЗМ  (грек.  syn  –  бірге  және  harmonia  –  қос 
үнділік,  үндесу)  –  морфонологиялық  құбылыс;  морфологиялық 
бірлік ретіндегі сөздің вокалдық (кейде консонаттық) түрленуінің 
нәтижесі.  С.  құбылысы  бар  тілдерде  сөз  құрылысы  тәуелсіз 
(басым  болатын)  бөліктен  (әдетте  бұл  түбір)  және  тәуелді 
бөліктен  (аффикстен)  тұрады.  Фонологиялық  белгінің  С.  негізі 

119
болғандықтан:  тембрлі  С.  (орынға  байланысты),  лабиальды 
С.  (тілдің  таңдайға  жақындауынан)  деп  бөлінеді.  Негізінен 
С.  агглютанивті  тілдерге  тән  құбылыс.  Бұл  түркі  тілдеріне 
тән  аса  күшті  заң.  Оны  дауысты  дыбыстардың  үндесуі  деп  те 
анықтайды.  С.-нің  басты  фонологиялық  қызметі  –  қазақ  сөзінің 
өн  бойында  біркелкі  тембрдің  сақталуында.  Фонеманың  мағына 
айқындаушылық қызметін түркі тілдерінде С. атқарады.
СИНТАГМА  (грек.  syntagma  –  қосылған,  бірге  қаланған) 
–  1)  контексте  берілген  бір  ұғымды  білдіретін  интоноциялық-
мағыналық бірлік. С. бір сөзден, сөздер тобынан және сөйлемнен 
тұруы  мүмкін.  Л.В.Щерба  С.-ны  тұтас  мағынаны  беретін 
фонетикалық  бірлік  ретінде  қарастырады.  С.-ға  бөлудың  негізгі 
құралы - пауза. Ол сөйлеу әуенімен (мелодика), ырғақпен (темппен), 
күштілікпен  (интенсивность)  қоса  жұмсалыды.  С.-ның  соңғы 
тұрған сөзіне ең күшті екпін түседі; 2) белгілі байланыс түрімен 
жалғанған екі не одан да көп тіл бірліктерінің тізбегі (сөздер, сөз 
тіркестері, сөйлемдер) (Ф.де Соссюр).
СИНХРОНДЫҚ  ӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  –  тіл 
және қоғамға байланысты қатынастар (статика) мен процестерді 
(динамика),  соның  ішінде  тілдің  әлеуметтік  процесін  зерттейтін 
әлеуметтік лингвистиканың саласы. 
СИНХРОНИЯ  (грек.  synchronos  –  бір  мезгілде  болатын)  – 
1.  Өзара  байланыста  және  бір-біріне  ықпал  ететін,  бір  мезетте 
болатын  элементтер  жүйесі  ретінде  қарастырылатын,  белгілі  бір 
даму  кезеңіндегі  тілдің  жағдайы,  «жалғыз  ғана  және  шынайы 
нақтылық» болатын тіл фактілерінің жиынтығы (Ф.де Соссюр); тіл 
дамуындағы өзгеріссіз кезең. 2. Белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын 
зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын 
қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Соған байланысты «синхронды 
лингвистика»  термині  «статистикалық»  (өзгермейтін)  терминіне 
пара-пар  болады.  С.  түсінігін  Соссюр  ұсынған.  С.  түсінігіне 
диахрония  (динамика)  түсінігі  қарама-қарсы  қойылады.  Мұндай 
көзқарас, әрине қате, өйткені тіл даму үстінде (қозғалыста) болатын 
обьект (Р.О.Якобсон).

120

1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал