Тілді шығарған да, қолданатын да халық



жүктеу 2.7 Kb.

бет10/16
Дата08.09.2017
өлшемі2.7 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

МЕНТАЛИТЕТ (лат. mentalis – ақылды, рухани – mens – ақыл; 
орыс.  металитет)  –  адамдардың  жекелік  (индивидуалдық)  және 
қоғамдық санасының ерекшелігі, олардың әлеуметтік орта, ұлттық 
дәстүр  және  т.б.  арқылы  көрінетін  өмірлік  ұстанымы,  мәдениеті 
өзін-өзі ұстау үлгісі, ойлау қалпы, ділі, танымы.
МЕҢГЕРІЛГЕН ТІЛ (орыс. усвоеный язык) – жеке адамның 
әлеуметтену  нәтижесінде  отбасы  мүшелерінен  (ана  тілі)  немесе 
өзге тілдік ортадан, сол тілдің тұтынушыларымен жанды қатынаста 
табиғи  жолмен  меңгерген  тілі.  Әдетте  арнайы  оқып-үйрену 
жолымен  (мектепте  және  т.б.  оқытушыдан)  білетін  «үйренген 
тілге» қарама-қарсы қойылады.
Қара: Үйренген тіл, Табиғи билингвизм, Жасанды билингвизм

99
МЕТАТІЛ (грек. meta – соңы; орыс. метаязык; ағылш. Metalan-
guage) – «екінші қатардағы тіл». Бұл тілде адамның табиғи тілі «тіл – 
обьект» ретінде қабылданады, яғни зерттеу нысанасы болады. «М» 
термині алғашқыда математика мен логикада пайда болған. М.-ді 
метелингвистика зерттейді. Лингвистикалық М. – күрделі құбылыс. 
Оның  негізінде  бір  жағынан  терминаралық  қатынастар  жатса, 
екінші жағынан – жалпы ғылыми лексика жатады. М. – ғалымдар 
арасында қолданылатын тіл. Мысалы, «мағына» терминімен қатар 
мынадай сөз тіркестері қолданылады: «сөз мағынасы», «ауыспалы 
мағына» т.б. Тіл біліміндегі ұғымдардың жүйесі методологиялық 
бағытқа  тәуелді  болады.  Бір  терминнің  әр  түрлі  түсінігі  болуы 
мүмкін.  Мысалы,  фонема  –  «сөз  бен  морфемалардың  дыбыстық 
қабығын  айқындай  алатын  дыбыстық  тілдің  ең  кіші  бірлігі» 
(Мәскеу  фонологиялық  мектебі),  «дифференциалды  белгілердің 
жиынтығы»  (Прага  фонологиялық  мектебі),  «функциялар 
торындағы қиылысу нүктесі (глоссемантикада) т.б.
МИКРОӘЛЕУМЕТТІК  ЛИНГВИСТИКА  (грек.  mіcros  – 
кіші; ағылш. Mіcrosociolinguistics) – микро/кіші деңгейдегі, яғни 
кіші  әлеуметтік  топтардағы,  микроәлеуметтік  қауымдастықтағы 
(отбасы, басқа да кіші топтар, ұжымдар т.б.) тілдік процестер мен 
құбылыстарды  зерттейтін  әлеуметтік  лингвистиканың  саласы 
(қар.: Макроәлеуметтік лингвистика).
МИКРОӘЛЕУМЕТТІК  ҚАУЫМДАСТЫҚ  (грек.  mіcros 
–  кіші)  –  бұл  да  кіші  әлеуметтік  топ  (отбасы,  мектептегі  класс, 
өндірістік  бригада,  студенттер  легі,  спорт  командасы  т.б.).  Ол 
демографиялық және әлеуметтік қауымдастық көрсеткіштерімен, 
сондай-ақ күнделікті қатынас ортасындағы үнемі коммуникативтік 
қатынастармен  сипатталады.  М.-ә.қ.  аз  болған  сайын  тілдік 
бірыңғайлық жоғары болады, М.-ә.қ. бір топ түріне жақын болған 
сайын  тілдік  қатынас  үлгісі  де  бірыңғайлық  жоғары  болады. 
Мыс.,  тілдік  құралдар  саны,  оларды  қолдану,  сөйлеу  қатынасы 
стандартты бола береді. 
МИНОРИТАРЛЫҚ ТІЛ (фр. miboritaire – азшылыққа қатысты, 
лат. minor – азшылық; орыс. миноритарый язык) – азшылық ұлыс-

100
тар  тілдері.  1992  мәлімет  бойынша  М.т.-ге  сөйлеушілері  100-ге 
жуық болып келетін 155 тіл жатады. Олар дүние жүзіндегі 6604 
тілдің 7 пайызын құрайды. 1215 тілдің (әлем тілдерінің 18 пайызы) 
сөйлеушілер  саны  қиындықпен  анықталады.  Жер  бетіндегі  М.т.-
нің  жоғалу  жылдамдығының  өсуі  өркениеттің  және  жаһандану 
процестерінің  таралуымен  байланысты  болып  отыр.  Соңғы 
жылдарда  тілдердің  жартысының  10000  тұтынушысы  азайса, 
тілдердің 4/1 бөлігінің 1000 – нан астамының сөйлеушісі кеміген. 
Австралияда түркілікті халықтың 250 М.т.-нің 100 тілі өлі тілдерге 
айналса, 100-і апат алдында тұр. 1926 ж. КСРО-да 1994 тіл болса, 
бүгінгі  таңда  ТМД  елдерінде  120-150  тіл  жөнінде  ғана  мәлімет 
бар. Сөйлеушілері 100 адамға жуық тілдер бір-екі ұрпақтан кейін 
жойылады. Кейбір ғалымдар ХХІ ғ. соңына қарай барлық тілдердің 
тек 10 пайызы ғана қалады деп есептейді (қар.: Өлі тіл, Тіл өлімі, 
Тіл ауыстыру). 
МЛАДОГРАММАТИЗМ  –  ХІХ  ғ.  70-жж.  Германияда  пайда 
болған Европалық тіл білімінің бір бағыты. Бұл бағыттың өкілдері: 
А.Лескин,  Г.Остхоф,  К.Бругман,  Б.Дельбрюк,  Г.Пауль  (лейпциг 
мектебі), А.Фик, А.Бецценбергер, Г.Коллиц, Ф.Бехтель, (гетинген 
мектебі),  И.Шмитд,  В.Шульце  (берлин  мектебі).  Скандинав 
елдерінде М.өкілдері болғандар: С.Бугге, К.Вернер; «М.» терминін 
алғаш рет қолданған Ф.Царнке. 
М.  ХІХ  ғ.  1-ші  жартысындағы  тілдердің  аморфты  (түбірлі) 
жағдайдан  агглютинативті  жағдайға  одан  флективті  қатарға  өтуі 
туралы гипотезаға В.фон Гумбольтың тілдің ішкі тұлғасы туралы 
теориясына, А.Шлейхердің тілді табиғи организм ретінде қабылдау 
теориясына қарасты шықты. 
М.сөйлеуші  адамды  зерттеуді  ұсынып,  тіл  құбылыстарын 
зерттеуде  позитивистік  жолды  таңдап,  тікелей  бақылау  мен 
индуктивті тәсілді негізгі тәсіл етіп қабылдады. 
М.-нің  теориялық  өзегі  тілді  жеке  психологиялық  құбылыс 
ретінде қарастыру (қара: Психологиялық бағыт); Тілдегі ұғымдар 
«адам  жанының  түкпірінде  пайда  болды»  (Пауль).  Адамдардың 
психикасының бірдей болуы тілдің көмегімен байланыс жасауға 

101
мүмкіншілік  туғызады.  Сондықтан  тіл  табиғи  емес,  әлеуметтік 
құбылыс  болғандықтан  мәдениеттану  ғылымында  зерттелуі  тиіс 
болады. 
М.-нің  практикалық  зерттеулердегі  жетістіктері,  тіл  біліміне 
біршама жаңалықтардың ашылуына себепші болды. 
МОНОЛИНГВ (грек. monos – бір, біртұтас, жалғыз + лат. lingua 
– тіл; орыс. монолингв; ағылш. Monolingual) – бір тілді меңгерген 
адам (қар.: Билингвизм, Билингв, Монолингвизм, Полиглот).
МОНОЛИНГВИЗМ  (орыс.  монолингвизм;  ағылш.  –  mono-
lingualism)  –  қоғамның  немесе  жеке  адамның  бір  тілді  меңгеруі 
мен қолдануы. 
МОНОГЕНЕЗ ТЕОРИЯСЫ(грек. monos – дара және genesis 
–  шығу  тегі)  –  адамзат  тілдерінің  пайда  болуы  туралы  теория. 
Ғылыми емес әр түрлі аңыздық және діни ілімдерге айтылғандай, 
әуелде адамзат бір тілде сөйлеген. 
МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ  елдегі ең ірі автохтонды 
халық тілдерінің бірі. Моңғолияда 100 мыңнан аса қазақ тұрады, 
олардың басым бөлігі Баян-Өлгей аймағында қоныстанған. Олар 
осы жердің түпкілікті тұрғындары болып саналады және барлық 
халықтың басым бөлігін құрайды. Моңғолия астанасы Улан-Батор 
мен оның айналасында шамамен 10 мың этникалық қазақ тұрады. 
Баян-Өлгей  аймағында  тұратын  қазақтармен  салыстырғанда 
Моңғолияның  ішкі  аудандарында  қоныстанған  қазақтар  асси-
миляциялану қаупін сезінуде. Алайда Улан-Батордың қазақ инте-
легенциясы  бұл  қауіптің  алдын  алудың  барлық  мүмкіндіктерін 
қарастыруда. Этникалық қазақтар Моңғолияның 21 өлкесі мен 181 
елдімекен аумағында тұрады. Моңғолияда қазақ тілін, мәдениетін 
сақтауға  мүмкіндік  жасайтын  «Арулар»  атты  ұлттық  орталық 
жұмыс  істейді.  2008  жылдың  қыркүйек  айында  Улан-Баторда 
бірінші  рет  Қазақстанның  мәдени  күндері  өтті.  Бұл  көршілес 
отырған  екі  халықтың  мерекесі  болды.  Көші-қон  бағдарламасы 
аясында  90-жылдары  Моңғолиядан  20  000  қазақ  отбасы  келді. 
Моңғолиядағы қазақтардың кирилицаны пайдалануы, орыс тілімен 
таныстығы Қазақстанға сіңісіп кетуіне көп әсер етті. Моңғолияда 

102
қазақ мектептері саны жағынан аз, қазақ тілі негізінен отбасында 
оқытылады. Қазақтардың шашырай қоныстанған жерлерінде аздап 
моңғолдану  үрдісінің  жүруі  байқалуда.  Моңғолиядағы  қазақтар 
ислам дінінің сунит бағытын ұстанады, алайда жергілікті моңғол 
халқымен ассимиляцияға түскендері будданы ұстанады.
МУЛЬТИЛИНГВИЗМ  (лат.  –  multum-көп;  орыс.  мульти-
лингвизм; ағылш. Multilingueism) – бұл да Көптілділік. 
МІНДЕТТІ ШВЕД ТІЛІ – Финляндияның мемлекеттік білім 
беру  жүйесіндегі  міндетті  пәндердің  бірі.  Бірлестіктің  тілдік 
мәртебесіне (финтілді, шаведтілді немесе қостілді) қарамастан 7- 
9-сынып аралығында үш жыл оқытылады. Конституция бойынша 
швед  тілі  Финляндиядағы  екі  мемлекеттік  тілдің  бірі  болып 
табылады. Алайда оның көпшілікке танымалдығының әлсіреуіне 
потриоттық  көңіл-күйдің  өсуі  әсер  етіп  отыр.  Елде  швед  тілінің 
міндетті  оқытуға  фин  потриоттары,  әсіресе  жастардың  «Суомен 
Сису»  ұйымы  мен  «Истиные  фины»  париясы  күмән  тудырып, 
қолданыс аясын қысқарту бойынша шаралары жасауда. 
Н
НАРЕЧИЕ (орыс. наречие; ағылш. dialect) – тілдің өмір сүру 
формаларының  диалекті,  говорларымен  қатар  сөйлеу  ерекшелік-
терімен ерекшеленетін аумақтық формасы. 
НАТИВИЗМ  (ағылш.  nativism,  innaleness  –  nativе  –  табиғи, 
туа  бітті,  innate  –  туылған;  орыс.  нативизм;  ағылш.  Nativism)  – 
генеративтік лингвистиканың негізгі мәселелерінің бірін құрайтын 
тілдің  тууы  туралы  тұжырымдамасы.  Оған  сәйкес  тілдік  қабілет 
және  тілдік  құрылым  адамның  биобағдарламасына  енеді.  Мыс.: 
қан айналу жүйесі сияқты. 
НАТУРАЛИСТІК  БАҒЫТ  (тіл  біліміндегі)  –  ХХ  ғ.  салыс-
тырмалы тіл білімі шеңберінде пайда болған бағыт. Бұл бағытта 
жаратылыс  ғылымдарының  әдістері  мен  принциптері  тілді 

103
зерттеу  үшін  қолданылады.  Н.б.  өкілдері  тілді  табиғи  құбылыс 
деп  таныған,  өйткені  тіл-материалдық  құбылыс,  ол  өсімдік  не 
жануар тәрізді эволюция жолымен дамиды. Сондықтан тіл білімін 
жаратылыстану  ғылымдарына  жатқызып,  филологияға  қарама-
қарсы  қоюға  болады  деген.  Бұл  бағыттың  негізін  қалаушылар: 
А.Шлейхер,  М.К.Рапп,  М.Мюллер,  А.А.Овелак,  Н.б.  ілімін  кей 
жақтары:  тілдің  дамуын  тек  қана  биологиялық  факторлармен 
түсіндіру, үндіевропа тілдерін ең жақсы дамыған тіл деп көрсету, 
тілдің тарихы мен дамуын оның атқаратын қызметінен бөлек және 
қоғам тарихынан тыс қарастыру. 
НЕГІЗГІ ТІЛ (гректің basis – негізгі, негіздеме деген сөзі; орыс. 
базовый язык) – екінші тіл, мақсатты тіл, оқушының алғашқы (ана 
тілі болуы міндетті емес) тілі. 
НЕЙРОЛИНГВИСТИКА  неврология мен лингвистиканың 
түйіскен жерінде пайда болған ғылыми пән. Н. тіл жүйесі мен мидың 
қарым-қатынасын  зерттейді.  Ми  жарақатынан  пайда  болатын 
сөйлеудің бұзылуы ортағасырлық медицинада да белгілі болатын. 
Оларды жүйелі түрде зерттеу ХІХ ғ. 2-ші жартысында басталды. 
Тілдік  потологиямен  айналысқан  лингвистер:  И.А.Бодуэн  де 
Крутене, В.А. Вогородский, Л.Б.Шерба және т.б. Ал Р.О. Якобсон, 
А.Р.Лурия,  Л.С.  Выготский  афазияда  байқалатын  фонолгиялық 
жүйенің құрылысын зерттеген. Н. пәніне афазия түрлері кіреді. 
НЕМІС  ТІЛІ  –  герман  тілдерінің  бірі  (батыс  герман  тобы). 
Алмания,  Австралия,  Швейцария,  Белгия  елдерінің  ресми  тілі. 
Сөйлеушілердің жалпы саны 177 млн. асады. Н.т. негізінен батыс-
герман тайпаларының-франк, сакс, туринг, алеман, бавар-диалек-
тілері  құрайды.  Қазіргі  Н.т.  фонология  жүйесінде  моно  және 
дифтонгтар  (16  дауысты  3  дифтонг)  саны  45  пайызды  құрайды. 
Грамматикалық құрылысында аналитикалық-синтетикалық етістік 
сөзжасам  жүйесі  жақсы  дамыған,  сөйлемнің  негізгі  түрі  етістік 
арқыла жасалады. Лексикасында латын, француз, итальян, ағыл-
шын сөздері кездеседі. Ең көне жазба ескерткіші VIII ғ. жатады. 
НОҒАЙ  ТІЛІ  –  түркі  тілдерінің  бірі.  Ресейдегі  Қарашай-
Шеркеш автономия облысында, Краснодар аймағында тараған, 3 

104
диалектісі бар: ақ ноғай, ноғай және қара ноғай. Фонетикалық және 
грамматикалық ерекшеліктері қазақ және қарақалпақ тілдеріне өте 
жақын. Жазуы 1924–1928 жж. дейін араб, латын жазуында болған. 
1938 ж. бастап орыс графикасына көшкен. 
НОРМА (тілдік норма) – қоғамда байланыс жасау барысында 
іріктеліп  тұрақталған  тілдік  жүйе.  Н.  тұрақты  тіл  құралдары 
мен  оларды  қолдану  дәрежелерінің  жиынтығы  ретінде  ұлттық 
әдеби  тілдің  ерекше  белгісі  болып  табылады.  Кең  мағынада:  Н. 
тілдің барлық даму кезеңдерінде де негізгі нышан деп танылады. 
Н.  –  лингвистикалық  және  тарихи-әлеуметтік  категория.  Н.-
ның  әлеуметтік  аспектісі-тіл  құбылыстарының  сұрыпталуы  мен 
бағалану  жүйесінен  көрінеді,  бұған  эстетикалық  компонент 
(бөлік) те кіреді. Н.-ның тұрақтылығы мен дәстүрлігі анықтайды. 
Әдеби  Н.  мен  тілдің  нақтылы  қолданылуы  арасында  үлкен 
алшақтықтың болуы заңды құбылыс, ол алшақтық қоғамның даму 
сатысына,  оның  әлеуметтік  құрылысына  және  тілдік  жағдайдың 
ерекшелігіне байланысты болады. Білім беру дәрежесі мен ақпарат 
құралдарының  дамуы,  әдетте  тілдік  тәжірибенің  қалыптасуына 
алып келеді. Нормативті бөлінудің негізгі түрлері: жазбаша және 
ауызекі тілдің бөлектенуі; тілдің әр түрлі қызметтік-стилистикалық 
салаға бөлінуі; әдеби тілдің бірнеше жергілікті (ұлттық) түрлерге 
бөлінуі. 
Тілдегі Н.-ның жазба және ауызекі деп бөлінуі күрделі құбылыс, 
өйткені, осы екі тіл түрлерінің арасында үлкен алшақтық болуы 
мүмкін. Әдеби норманың өзегін стилистикалық бейтарап, ең көп 
қолданатын  сөздер  құрайды,  оның  перифериясында  (шетінде) 
архаизмдер мен жаңа сөздер жатады. Қазіргі әдеби тіл номасының 
қалыптасуы кезінде, әдетте, белгілі бір қаланың не аймақтың тілі 
негізге алынады, мыс., Париж, Мәскеу, ал Қазақстандағы осындай 
аймақ-Орталық  Қазақстан  болып  есептеледі.  (С.Аманжолов). 
Әдеби тілдер тарихында жазба тіл нормасы ауызекі тіл нормасынан 
бұрын қалыптасатыны белгілі. Қазіргі әдеби тілдердің көпшілігіне 
жазба  тіл  нормасы  мен  ауызекі  тіл  нормасының  жақындасуы 
тән  болады.  Н.  түсінігі  ХХ  ғ.  тіл  білімінде  теориялық  жағынан 

105
негізделіп, жалпы тіл білімінде, тіл мәдениетінде, әдеби тіл тарихы 
мен теориясында, коммуникация теориясында зерттеліп келеді. 
НОСТРАТИКАЛЫҚ  ТІЛДЕР    афразия  (семит-хамит), 
үндіеуропа,  картвел,  урал,  дравид,  алтай  тілдері.  Бұл  тілдердің 
синонимі болған «борей», «бореалды», «еуразиялық» терминдері 
қолданыс таппады. Н.т. шығыс ностратикалық (урал, дравид, алтай) 
және батыс ностратикалық (афразия, үндіеуропа, картвел) деп екіге 
бөлінеді.  Ностратикалық  топтың  шеңбері  толық  анықталмаған, 
бұл топқа эскимос-алсут тілдері енуі мүмкін. Н.т. басқа топтармен 
байланысы анықталмаған, мыс., «палеоеуразиялық» (сино-кавказ) 
және «америдин» (индеец) топтарымен. Бірақ бұл үш топ арасында 
түйісу болғаны белгілі, оны кірме сөздерден аңғаруға болады. Ал 
Н.т.-дің  «нигер-конголық»  және  «австроазия»  тілдерімен  қатысы 
әлі  шешілмеген  мәселе.  Н.т.  генетикалық  байланысы  олардың 
туысқан  мофемалары  (1000  жуық)  арқылы  анықталады.  Ортақ 
түбірлі  мофемалар  негізгі  элементарлы  ұғым  мен  болмыстың 
нақтылықтарын бейнелейді (дене мүшелері, туыстық байланыстар, 
табиғаттың  негізгі  құбылыстары,  жануарлар  мен  өсімдіктердің 
атауы, іс-әрекет пен процестер, негізгі қасиеттер). Әуелгі тілдерден 
тараған 6 топқа кіретін тілдерде тұрақты грамматикалық (сөзжасам 
мен сөзді өзгерту) морфемалардың жақындығы дәлелденген. 
Н.т.кіретін  тілдердің  ажырауы  8-11  мың  жыл  бұрын  сияқты. 
Зерттеушілер  бұл  тілдердің  шыққан  ортасы  Таяу  Шығыс  болуы 
мүмкін дейді. «Н.т.» терминін 1903 ж. Х.Педерсон ұсынған (noster 
– біздің). Алтай тілі білімінде (1920-50жж.) Н.т.-дің салыстырмалы 
грамматикасын  жасаған  ғалымдар  О.Совяжо,  А.Рясянен, 
К.Г.Менгес,  Б.Коллиндер.  Ежелгі  ностратикалық  тілді  қайта 
жасау  мақсатында  зерттеулер  жүргізілуде.  Алғашқы  Н.т.  туралы 
материалдар мен қайта құрылған Н.т. туралы еңбекті В.М.Иллич-
Свитыч жазған. 
НЫСАНА  ТІЛ  (орыс.  язык-цель)-  оқыту  (немесе  оқу  пәні 
тілі)  тілі  болып  табылатын  тіл.  Ана  тілі  мен  Н.т.  арасындағы 
айырмашылық оқып-үйрену нәтижесінен көрінеді. 

106
О
ОНОМАСТИКА (грек. оnomastike – ат қою өнері) – кез келген 
жалқы есімді (онимді) зерттейтін лингвистика саласы.
ОРФОГРАФИЯ (грек. orthographia orthos – дұрыс және grapho 
–  жазу,  жазамын)  –  1.  Хатта  қолданылатын  тарихи  қалыптасқан 
жазу  жүйесі,  2.  Жазудың  бірыңғайлығы  үшін  ережелер  жүйесін 
жасайтын  тіл  білімінің  бір  саласы.  Қазақ  тіл  білімінде  О.-ның 
негізгі теорияларын Қ.Жұбанов жасаған. 
ОРФОЭПИЯ (грек. orthoepeia orthos – дұрыс және epos – сөйлеу) 
–1. Бірқалыпты дыбысталуды қамтитын ұлттық тіл нормаларының 
жиынтығы. 2. Дұрыс сөйлеуді зерттейтін лингвистика саласы. О. 
түсінігіне  фонемаларды  қолдану  ережелері,  аллофондарды  айту 
ережелері кіреді. Қазақ орфоэпиясының негізгі – үндестік заңында. 
Қазақ  тілінің  орфоэпиялық  нормасы  мен  маңызы  туралы  алғаш 
пікір  айтушы  М.Балақаев,  кейін  М.Дүйсебаева,  Х.Қожахметова, 
Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбеков, М.Серғалиев т.б. зерттеген.
ОРЫСТАНДЫРУ (орыс. русификация): 
1.  Өзгетілді  халықты  тілдік  ассимиляциялауға  бағытталған 
патшалық  және  кеңестік  Ресейдің  саясаты.  Патшалық  Ресейдің 
тіл саясатының орыстандыру бағытының басталуы ХІХ ғасырдың 
екінші жартысына тән. Ақсүйектік білім беру барлық жерде орыс 
тіліне ауыстырылды, ұлттық тілдерде кітап басуға, латып қарпін 
(әдеби  тілдің  негізі  ретінде)  пайдалануға  шектеулер  қойылды 
және  т.б..Бұл  шаралардың  барлығы  империяның  өмір  сүруіне 
қауіп  төндіретін  сеператистік  тенденцияларды  басу  мақсатында 
жүргізілді.  Поволжья  мен  Сібірдегі  орыс  емес  халықтардың 
сауатын  ашу  алғашқыда  ана  тілдерінде,  сосын  орыс  тілінде 
жүргізіліп,  біртіндеп  ресейлік  халықтарды  шоқындыру  міндеті 
қойылды. 
КСРО-да  ұзаққа  созылмаған  тілдік  құрылысты  дамыту  мен 
тілдік  теңдікті  сақтау  кезеңінен  кейін  30-жылдардан  бастап 
ұзақ  уақыт  бойында  қатынастың  барлық  әлеуметтік  маңызды 
салаларында  орыс  тілінің  рөлін  күшейту  басталды.  Біртіндеп 

107
ұлттық мектептер жабыла бастады, ұлттық тілдерде кітап шығару 
ісі бірден қысқартылды. Кеңес үкіметінің ұлттық саясаты алғаш-
қыда түрі мен мазмұны біртұтас орыс мәдениетін қалыптастыруға 
(И.В.Сталин  кезінде),  одан  кейін  жаңа  тарихи  қоғам  –  біртұтас 
социалистік идеологиядағы, яғни ұлттық түрге енген, оның ішінде 
ұлттық тілде сөйлейтін көпұлтты кеңес халқын жасауға ұмтылды. 
Алайда мемлекетте шындығында орыс мәдениеті дамып, орыс тілі 
басым тілге айналды.
2.  Орыс  тілінің  әсері  мен  ықпалына  түскен  қандай  да  бір 
тілдің  сөйленімінде  немесе  грамматикалық  жүйесінде  болатын 
өзгерістер,  яғни  ұлттық-орыс  қостілділігіндегі  интерференция 
құбылысы.  Орыстандыру  билингвтің  сөйлеуінде  орыс  сөзін 
және лексикалық кірмелерді пайдалануы, сондай-ақ аралас грам-
матикалық  формалардың  пайда  болуы;  синтакситік  байланыс-
тарда  аналитикалық  тәсілдердің  дамуы,  фонетика  мен  тілдің 
интонациялық бейнесіндегі өзгерістердің болуы дегенді білдіреді.
 
Ө
ӨЗАРА  ТҮСІНІСТІК  (орыс. 
взаимопонятность
)  –  бұл  екі 
әртүрлі,  бірақ  ортақ  белгілері  бар  тілдердің  (бір  тілдік  әулетке 
жататын  тілдердің)  тұтынушылары  бірін-бірі  тілдерін  арнайы 
үйренбей-ақ,ссол тілде сөйлеуге дайындықсыз-ақ түсінісе алатын 
өзара байланысы. Өзара түсністік дәрежесі кейде тіл және диалект 
ұғымдарын айырып көрсетудің белгісі ретінде де қолданылады.
ӨЗБЕК ТІЛІ – түркі тілдерінің бірі. Өзбекстан, Қазақстанның 
оңтүстігі,  Қырғызстан,  Түркменстан,  Тәжікстан,  Ауғанстан, 
Қытайдың Шыңжан-Ұйғыр ауданында тараған. 3 тілдің негізінде 
(қыпшақ-оғыз,  қарлұқ,  шығыл-ұйғыр)  қалыптасқан.  Ө.т.-де 
диалектілер,  говорлар  (Ташкент,  Самарқант,  Бұқар,  Ферғана, 
Хорезм) бар. Ө.т. фонетикасына сингорманизм құбылысы тән емес. 
Бірақ  кейбір  говорларда  оның  кездесуі  мүмкін.  Лексикасында 

108
парсы, тәжік тілдеріне енген сөздер көптеп кездеседі. Көне өзбек 
тілінің қалыптасуын ХY ғ. жатқызады. (А.Новой). 1927 ж. дейін 
араб графикасы болған, 1939 ж. орыс графикасына көшірілген. 
ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ – елдегі ең ірі автохтонды 
халық  тілдерінің  бірі.  Қазақстанға  жаппай  қоныс  аударуға  дейін 
1990  жылдары  Өзбекстанда  ТМД-дағы  ең  ірі  және  дүниедегі 
екінші (ҚХР-дағы қазақ диаспорасынан кейін) қазақ диаспорасы 
тұрды.  Өзбекстандағы  қазақтар  көбіне  Қазақстанмен  шекаралас 
аймақтарда  қоныстанған.  Қазақтар  Ташкент  (13,7%),  Навоий 
(10,2%), Жизақ облыстарындағы (6,6%), сондай-ақ Қарақалпақстан 
Республикасындағы (24,8%) халықтың маңызды бөлігін құрайды. 
Өзбекстан астанасында, Ташкент қаласында, барлық қала халқының 
2 % құрап, сандық үлесі жағынан (өзбек, орыс және татарлардан 
кейінгі) төртінші орынды алады. Өзбекстанда оқуы қазақ тілінде 
жүргізілетін  522  мектеп  бар,  оның  234-і  біртілді  қазақ  мектебі, 
қалғандары аралас мектептер. Қазақ тілінде жоғары кәсіптік білім 
алу  үшін  Нүкіс  мемлекеттік  университетінде,  Ташкент,  Навоий, 
Ангерен  және  Гүлстан  педагогикалық  институттарында  қазақ 
тілі мен әдебиеті кафедралары құрылған. ТашМУ-да, Мырзашол 
ауылшаруашылық колледжінде, Жизақ медицина техникумында да 
оқыту қазақ тілінде жүргізіледі. Қарақалпақстанда республикалық 
қазақ театры, Мырзашөл мен Навоий облыстарында музыкалық-
драма  театры  жұмыс  істейді.  1989  жылдан  бастап  Қазақ  мәдени 
орталығы  ашылған.  Ұлттық,  фольклорлық,  жастар  ансамлдері 
бар. Қазақ тілінде «Нұрлы жол»республикалық мемлекеттік газеті 
шығып тұрады, республикалық радио және теледидар «Замандас», 
«Дидар»  және  «Достық»  сияқты  бағдарламалар  тұрақты  түрде 
беріліп тұрады. Ташкентте, сондай-ақ Ташкент, Сырдария, Жизақ 
облыстарында  қазақ  теледидары  мен  радиохабарлары  үнемі 
беріліп тұрады.
ӨЛІ  ТІЛДЕР  –  қолданыстан  шыққан  тілдер.  Ө.т.  жазба 
ескерткіштер арқылы ғана белгілі болып отыр. Тілдердің жойлуы 
қазіргі  уақытта  АҚШ,  Австралия,  Ресей  Федерациясында  жүріп 
жатыр.  Ерте  заманда  тілдердің  жоғалуы  үлкен  имеприяның 

109
құрылуымен байланысты болған. Мыс., Көне Парсы, Эллин, Араб, 
Рим  ипериялары.  Отар  болған  халықтың  қырғынға  ұшырауы, 
тіліінің жоғалуы даусыз. Ө.т. – ді сақтап қалған – дін. Мыңдаған 
жылдар  бойы  өлі  тілде  сөйлеген  халық  жер  бетінен  кетсе  де, 
олардың  сөздері  діни  дәстүрлерде  қолданылып,  Құдай  мен 
әулиелер, қасиетті заттардың атуында сақталған, мыс., арабтардағы 
копт  тілі,  Месопотамдағы  шумер  тілі  және  т.б.  Көнеден  жеткен 
санскрит  тілін  Үндістанда  брахман-жерецтері  сақтап  қалған, 
латын тілі орта ғасырлық Евроапда шіркеу тілі болғандықтан ғана 
сақталып қалған. 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал