Тіл және қОҒам альманах №1 (43) / 2016 Құрылтайшы



жүктеу 3.78 Kb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата09.09.2017
өлшемі3.78 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 Мағынасына қарай:
                           а) Жалпы есім. Себебі...
                           ә) Жансыз. Себебі...
                           б) Дерексіз... 
                           в) Нақты емес... 
 
Ақыл-ойы 

65
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Қорыта келгенде, «Сатылай кешенді оқыту» технологиясында білім алу­
шы ның  ізденушілік,  зерттеушілік  әрекетін  ұйымдастыру  басты  назарда 
ұсталады. Ол үшін білім алушы өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, 
тә сілдерінің  жаңа  мәселені  шешуге  жеткіліксіз  екенін  сезінетіндей  күйге 
түсуі керек. Содан барып, оның оқуға деген ынта­ықыласы артады, өздігінен 
ізденіп,  білім  алуға  әрекеттенеді.  Ондай  жағдайда  таңдау  курсы  арқылы 
алған  білімдері  негізгі  пән де гі  алатын  білімдерін  толықтырып,  кеңейтіп, 
қосымша мәлімет алуға көмегін тигізеді. 
Біздің пікірімізше, таңдау курстарының өз дәрежесінде жүргізілуі үшін 
жоға рыда көрсетілген талдау үлгілері бойынша жан­жақты ойластырылып 
жасалған оқу кешендері дайындалуы қажет.
Әдебиеттер:
1.  Қазақстан  Республикасы  “Білім  туралы”  Заңы  (баптары  бойынша 
түсіндір мелерімен)  және  оны  жүзеге  асыру  жөніндегі  негізгі  құжаттар.  –  
Алматы, 2006. –97 б.
2. Қазақстан Республикасы “Білім мемлекеттік бағдарламасы” // Қазақстан  
мұғалімі: –2000.  –№ 33­34.– 3­4­б.
3.  Оразақынова  Н.А.  Қазақ  тілі  сабағында  сатылай  комплексті  талдау 
жүргізу (әдістемелік көмекші құрал). –Алматы: РБК,  1997. –64 б.
4. Оразақынова Н.А. Сатылай комплексті талдау (фонетика, лексика). Оқу 
құралы..  –Алматы:  Ы.Алтынсарин  атындағы  қазақ  білім  академиясының 
Республикалық баспа кабинеті, 1999. – 75 б.
5. Оразақынова Н.А. т.б. Фонетикалық материалдарды сатылай комплексті 
талдау (Оқу құралы).  –Алматы: РБК, 2001. –72 б.
6. Оразақынова Н.А. т.б. Қазақ тілі (оқу құралы). –Алматы, 2003. –174 б.
7. Оразақынова Н.А. т.б. Синтаксистік материалдарды сатылай комплексті 
талдау. –Алматы: Телеарна, 2005. –112 б.
8.  Оразақынова  Н.А.  т.б.  Қазақ  тілі:  әдістемелік  нұсқау.  Жалпы  білім 
беретін  мектептің  жаратылыстану­математика  бағытындағы  10­сынып 
мұғалімдеріне арналған оқу құралы. –Алматы: Мектеп, 2006. –152 б.
9. Оразақынова Н.А. т.б. Сатылай комплексті талдау (фонетика, сөзжасам, мор­
фология, лексика, синтаксис). Оқу құралы. –Алматы: Телеарна, 2006. – 302 б.
10. Оразақынова Н.А.Сатылай кешенді талдау технологиясының ғылыми 
әдістемелік негіздері. Монография. Алматы, Дайыр баспасы, 2007 – 289 бет.
Әдістеме аясында

66
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
ЕРБОЛ  ТІЛЕШОВ
Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді
дамытудың республикалық үйлестіру - әдістемелік                                                                                                                                      
     орталығының директоры,
филология ғылымдарының кандидаты
               
Қазақ тілін үйретудің лексикалық және 
грамматикалық минимумдары
Тіл дегеніміз – белгілі бір сөздердің өзара тіркесу комбинациясы. Тілдегі 
сөздік  қордың  бірліктері  кейде  атау  тұлғада  тұрып,  кейде  түрленіп  өзара 
байланысқа түсетіні де, әр тілдің табиғатына сай байланысу тәсілдері бола­
тыны да белгілі. Сол сияқты әр тілдің грамматикалық заңдылықтары да әр 
алуан. Әлбетте, жалпы сөздік қордағы тілдік бірліктердің қолданылу жиілігі, 
соған  орай  олардың  белсенділігі  бірдей  емес.  Мұның  тіл  үйретуге  тікелей 
қатысы  бар.  Қазіргі  таңда  қазақ  тілін  мемлекеттік  тіл  ретінде  үйретуде 
әлгіндей  белсенді  лексика  толығымен  айқындалмай  жүр  деуге  болады. 
Бастапқыда қандай сөздерді үйрететінімізді іріктеп  алмай, тіл үйрету   де­
ген сөз, ол барар бағытыңды, аялдар бекетіңді болжамай сапарға шығумен 
бірдей сияқты. Дәл осындай жағдай тіл үйрету әдістемесін жетілдіре алмасы 
түсінікті. Сондықтан ширек ғасырдай уақыт қазақ тілін үйрету нәтиже бер­
мей келсе, оған тіл саласында жүргендердің де «үлесі» бар деп ойлаймыз. Тіл 
үйренушінің күнделікті қарапайым қолданысына ең қажетті белсенді лекси­
каны таңдау сияқты маңызды бастаманы бірлесе атқарудың қамына кіріскен 
жөн дер едік. 
Бұл аса маңызды жұмыстың негізі тікелей болмаса да 2011­2020 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламада көрініс тапқан. Оның «Қазақ тілін оқыту­
дың  үздіксіз  моделі»  атты  бағытында  балабақша­мектеп­орта  арнаулы  оқу 
ор ны­жоғары оқу орны­жоғары оқу орнынан кейінгі дайындық деп ұласатын 
тізбе сінде тіл үйретудің жалпымемлекеттік жүйесі қарастырылған. Өкінішке 
қарай, осы мақсат та  мемлекеттік тілге қатысты өзге де маңызды шаруалар 
сияқты  орын далмай  жатыр.  Егер  мемлекеттік  бағдарламадағы  осы  бағыт 
орындалмайтын болса, онда елімізде тіл үйретуді жүйелеу әлі де қисапсыз 

67
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
сан жылдарға созыла бермек. Ол қоғамда қазақ тіліне қатысты жағымсыз 
үш мәселені қалыптастырады. Біріншіден, мемлекеттік тілді үйрету әдіс те­
ме сінде жүйелілік сақталынбайды; екіншіден, тіл үйрету нәтиже бер мей ді; 
үшіншіден, қоғамдық ортадағы «қазақ тілі ­ қиын тіл, оқулықтары нашар, 
әдістемесі әлсіз» деген жаңсақ пікір көбеймесе, азаймайды. 
Мемлекеттік бағдарламада қарастырылған тіл үйретудің жоғарыда айтыл­
ған тізбесінің әр бөлігі бойынша лексикалық минимумдар қабылдануы тиіс 
деп ойлаймыз. Қазіргі кезде біз алдымен ең болмаса қазақ тілін білмейтін 
азаматтар  үшін  бастапқы  деңгейдің  осындай  қажетті  минимумын  дайын­
дауымыз керек. Бұл қазіргі қалыптасқан жағдайда мектептің бастауыш сы­
ныптарында, орта, жоғары оқу орындарының бірінші курсында және ересек 
адамдарға арналған тілдік курстардың бастапқы деңгейінде үйретілуі керек. 
Мұндай тәжірибе әлемде баршылық. Айталық, Жапондарда «Дзёё кандзи», 
«Кейку  кандзи»  деген  сияқты міндетті тілдік, иероглифтік  міндетті мини­
мумдары  бар.  Білуге  тиісті  тілдік  минимумдарды  бекіту  Ресейде  де  қолға 
алынды. РФ Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі  «Ше­
тел тілі ретінде орыс тілін меңгерудің деңгейлері және оның талаптары» атты 
№  255  бұйрығы  бұл  елге  сырттан  келіп  жұмыс  істейтіндердің  орыс  тілін 
білуін міндеттейді. Осы бойынша олар 780 сөз білуі тиіс. Қазіргі халықаралық 
тәжірибеде,  оның  ішінде  Қазақстанда  да  танымал  болған  ағылшын  тілін 
меңгерудің американдық TOEFL және британдық IELTS жүйелері де белгілі 
бір тілдік минимумды білуді талап етеді. Атап айтқанда, осы екі танымал 
жүйе ауқымында 650­1000 сөзден тұратын мәтінді білу қажет. 
Тіл  үйретуде  аса  қажетті  лексиканы  таңдаудың  ғылыми­әдістемелік 
дәстүр лері  ХХ  ғасырдың  алғашқы  жартысынан  басталады  екен.  Мәселен, 
1921 жылы «Teachers Word Book» атты сөздігінде Ф.Л.Торндайк ағылшын 
тілінің жиі кездесетін 10 мың сөзін 4 миллион сөздік қолданыстан тұратын 
әр алуан мәтіндерден жинақтаған екен. 1930 жылы ағылшын жазушысы әрі 
лингвисі Ч.К.Огден Лондон қаласында ағылшын тілінің негізгі лексикасын 
қамтыған «Dictionary of Basic English» атты сөздігін шығарады. Бұл сөздік 850 
сөзді құраған. Автордың ойынша, осы сөздер қарапайым деңгейде тілдесуге 
жет кілікті  екен.  Бұл  логикалық  және  философиялық  қағидаттар  негізінде 
құрылған сөздікке 200 нақты зат атауы, 400 жалпы атаулар, сынды білдіретін 
150  сөз, автордың қолданысы бойынша «100 сөз ­ оператор» енгізілген.  «100 
сөз ­ оператор» ішіне 18 етістік және басқа сөз таптарының сөздері енгізіліпті. 
Бір қызығы ­ Ч.Огден сөздігін зерделеу мақсатында 1943 жылы сол кездегі  
Ұлы британия Премьер­Министрі  Уинстон Черчилль мен АҚШ  Президенті 
Франк лин Рузвельт арнайы комитет те құрыпты. Егер соғыс жағдайында қос 
империя басшылары осындай шараға барса, онда лексикалық минимумның 
Әдістеме аясында

68
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
тіл үйре ту дегі маңызының айрықша болғандығы. Ағылшын тілінің маман­
дары бұл сөздіктің бүгінде маңызын жоймағандығын жазып жүр. Бастапқы 
сөздік  қорды  қалыптастыруға  бағытталған  дәл  осындай  сөздіктер  1930 
жылдардан бері әртүрлі авторлар тарапынан дайындалып келеді. Солардың 
ішіндегі аса танымал болған тәжірибелердің бірі – ағылшын тілін үйренуге 
арналған  Эрих Вайс сөздігі. Ол ағылшын  тілін үйрену үшін бастапқыда 
ең басты 107 сөз қажет деп есептейді. Оның пікірінше, осынша мөлшердегі 
сөз күнделікті ауызекі тілдің 50 пайызын қамтиды екен. Дегенмен, Ресейлік 
А.В. Петроченков өзінің Эрих Вайспен келіспейтінін айтып, ауызекі тілде 
қолданатын сөздердің 50 пайызын қамту үшін 135 сөз керек деп санайды. 
Оның  «135  основных  слов  английского  языка»  деген  кітабы  көрші  елде 
үлкен сұранысқа ие. Сонымен бірге Ресей ғалымдары, әдіскерлері ағылшын 
тілімен бірге неміс, француз, итальян, жапон, қытай, корей, фин, португал 
және тағы басқа тілдерді үйренудің лексикалық минимумдары негізінде оқу 
құралдарын жарыққа шығарды. Осындай мақсатты һәм жүйелі жұмыс біздің 
елімізде  де  атқарылмағы  керек.  Әлбетте,  тіл  үйрету  әдістемесінің  өзіндік 
бағыттары, тәсілдері бар екендігі белгілі. Олардың қай­қайсы да өз орнында 
маңызды һәм қажетті. Солардың ішінде қазақ тілінің лексикалық миниму­
мына құрылған бұл бағыт ­ қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдірудің бас­
ты бағыттарының бірі. 
Ғалымдардың айтуынша, белгілі бір тілде ең қарапайым деңгейде сөйлеу 
үшін адамға 400­500 сөз білу қажет екен. Мәселен, 500 сөз дейік. Енді сөздік 
қоры аса мол қазақ тілінен осы көлемдегі сөзді қалай іріктеп аламыз соған 
келейік. Осы арада сөз іріктеудің қағидаттары жөнінде келісіп алғанымыз 
жөн. Енді осы қағидаттарға келейік. 
Біріншіден,  әрбір  тіл  өзінің  семантикалық  жағынан  белсенді  лексика­
ны қалыптастырады. Адам бір тілде сөйлеп ойын білдіру үшін соған орай 
сөздерді  таңдайды.  Яғни,  сөздердің  семантикалық  мәні  алдыңғы  қатарға 
шығады. Мұны сөз таңдаудың семантикалық құндылық қағидаты делік.
Екіншіден, әрбір тілдің өз табиғатына сай тіркесу заңдылықтары болады, 
демек, бұл арада біз сөздердің өзара байланысу ретіне мән беруіміз керек. 
Оны сөздердің тіркесу қағидаты дейміз.
Үшіншіден,  бастапқы  деңгейде  тіл  үйретуде  ауыспалы  мағынадағы 
сөздердің,  архаизмдердің,  неологизмдердің,  терминдердің,  диалектілердің 
алынбағаны жөн. Яғни, баршаға, әсіресе, өзге тілді тіл үйренушіге біз номи­
налды мағынадағы сөздерді ұсынамыз. Осыны тура мағыналы сөздерді ғана 
таңдау қағидаты деп атаймыз.
Төртіншіден,    белсенді  лексика,  әлбетте,  күнделікті  өмірде  ең  жиі 
қолданы ла тын  сөздерден  тұрады.  Мұны  сөз  қолданудың  жиілік  қағидаты 
деп атадық.

69
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Бесіншіден,  тілдің сөзжасамдық арсеналы да ескерілуі тиіс, өйткені әрбір 
тілдің сөзжасамдық ерекшеліктері бар. Мұны сөзжасам мүмкіндігі қағидаты 
деп атаған жөн.
Алтыншыдан,  күнделікті  өмірде  адам  әйтеуір  бір  ортада  әрекет  етеді, 
соған орай сөз таңдаудың тақырыптық қағидаты шығады.
Жетіншіден, тілдегі жекеленген сөздер тіркесуі және сөйлемге айналып 
қажетті ойды білдіруі үшін грамматикалық минимум да қажет. Сондықтан 
сөз  іріктеуде  грамматикалық  қағидат  та  ескерілгені  жөн.  Біздің  ойымыз­
ша,  қазіргі  таңда    жоғарыда  келтірілген  қағидаттарға  сәйкес  қазақ  тілін 
үйретудің бас тапқы деңгейіне арналған лексикалық минимумдарды анықтау 
қажеттілігі  туындайды.  Егер  мұндай  минимум  анықталмаса,  тілімізді 
үйретудің әдістемесі тиіс ті жолға қойылады деп айту қиын. Сондықтан қазақ 
тілін үйрету саласында еңбек етіп жүрген оқытушылар, әдіскерлер, ғалымдар 
осындай лексикалық минимумды айқындау бағытында ізденгендері жөн деп 
ойлаймыз. Ол үшін сала мамандарының өздері де, тіл үйренушілер де осы 
бастапқы  минимумға  енетін  сөздердің  тізбесін  жасауы  қажет.  Жүздеген, 
тіпті мыңдаған адамдардан жиналған мұндай тізбе сараланып, сарапталып, 
қазақ тілінің ең белсенді қолданылатын алғашқы 100, 200, 500, 700, 900  сөзі 
тиянақталуы керек. Осы сөздерді қолданып оқу құралдары мен оқулықтар 
әзірленуі тиіс. Лексикалық минимумға енетін жекеленген сөздерден алды­
мен сөз тіркестері, сөйлемдер, содан соң мәтіндер дайындалуы қажет. Егер 
біз қазақ тілін үйренуді енді бастаған тыңдаушыға алғашқы 100 сөзден бас­
тап,  700­900  сөзге  дейін  жүйелі  үйрете  алсақ,  онда  оларды  ауызекі  тілде 
еркін сөйлеу дағдысына жеткізе аламыз.  
Лексикалық  және  грамматикалық  бірліктердің  сөйлеу  әрекетіндегі 
тұрақты лығы, қайталанушылығы ол бірліктердің жиілігін қалыптастырады. 
Тіл үйрету барысында мұғалімдер мен әдіскерлер әр деңгейге тән осындай 
жиіліктің жүйе сін оқу үдерісінде пайдалануы қажет. Бұл тіл мен сөйлеудің 
арасындағы өзін дік ерекшеліктерді аңғартуға үлкен мысал бола алмақ. Жал­
пы тілдік жүйе бар да, сөйлеу жүйесі бар. Әлгіндей жиілік ­ сөйлеу жүйесінің 
көрінісі. Осыдан сөй леудің семантикалық жүйесі жасалмақ. Лексикалық ми­
нимум қалыптастыру ба ры сын да біз осыларға айрықша назар аударғанымыз 
жөн.  Ол  үшін  ілгеріде  атал ған  сөздер  тізбесін  жасаудың  тәжірибелері 
жинақталуы қажет. 
Тіл үйренушіге сол тілдің он мыңдаған, жүз мыңдаған сөздерінен бірнеше 
жүз, бірнеше мың сөз ғана іріктелініп алынып ұсынылады. Бұл ­ тіл үйретудегі 
ең алғашқы, ең маңызды әдістемелік әрекет. Яғни, мұғалім ең алдымен нені 
және  қаншалықты  көлемде  ұсынуды  біліп  алуы  қажет  болса,  екіншіден, 
сол  көлемді  қалай  үйретуді  түйсінуі  керек.  Осы  екеуін  жетік  меңгерген 
Әдістеме аясында

70
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
адам ғана жақсы оқытушы, үздік әдіскер бола алады. Қазіргі кезеңде осын­
дай  лексикалық  минимумдар  анықталмағандықтан,  күнделікті  ауызекі 
тілде  мүлдем  қолданылмайтын  немесе  аса  сирек  қолданылатын  сөздер 
оқулықтарымыз  бен  оқу  құралдарымызда  көптеп  кездеседі.  Лексикалық 
минимумға  мән  бермегендіктен  де  сол  оқулықтыр  мен  оқу  құралдарында 
қажетсіз грамматикалық материалдар, қазақ халқының салт­дәстүрі, тарихы­
на қатысты материалдар шамадан тыс кездесіп жатады. Бұл тіл үйренушінің 
күнделікті қажетті лексикалық сұранысын ескермегендіктен туындайды. Біз 
міндетті лексикалық минимумды қалыптастыра алмасақ, қазақ тілін үйрету 
саласындағы олқылықтарға бұдан кейінгі уақыттарда да жол беретін бола­
мыз. Сондықтан осыны болдырмау үшін  төл әдістемемізді жүйелі арнаға 
бұратын уақыт келді.  
Тілдің байлығы бар да, оның қызметі бар. Біз сол байлықтың белгілі бір 
мөлшерін ғана алып тіл үйренушіге ұсынамыз. Тіл үйренуші біз үйреткенді 
күнделікті өмірде қолдана алса, ол сол тілдің қызметін пайдалана алғаны.  
Егер оқытушылар мен әдіскерлер қазақ тілін үйретуде ең жиі қолданылатын 
бастапқы  лексикалық  минимумға  баса  назар  аударып,  оны  күнделікті  жұ­
мыстарына негіз етсе, тіл үйретудің де сапалық деңгейі артар еді. Біз осы жо­
баны жүзеге асыруда ең алдымен ғалымдардың, әдіскерлердің, мұ ға лімдердің 
назарын осыған аударғымыз келді. Әрине, бұл әдістеме са ла сын дағы бұрын 
белгісіз болып келген беймәлім мәселе емес. Біздің мақсатымызды белгіліні 
нақтылау, барды ұқсату деп ұғынған жөн. Күнделікті қажетті лексиканы әр 
сабақта оқытушылар да ұсынып жүргенін білеміз. Оған қоса, «ҚАЗТЕСТ» 
мамандары да лексикалық минимумдар дайындаған. Бұл жұмыс үстіміздегі 
жылы Білім және ғылым министрлігінің тапсырысымен орыстілді мектептер­
ге арналған кешен ауқымында да орындалыпты. Десек те, бұл жұмыстарды 
орындаған  авторларға    құрметпен  қарай  отырып,  әр  бастаманың  өзіндік 
ерекшелігі болатындығын айта кеткіміз келеді. 
Бұл  жобаның  негізгі  мақсаты  ­  қазақ  тілін  үйренушілерге  ең  қарапайым 
деңгейде білуге тиісті бастапқы сөздік қорды ұсыну. Осы арқылы мынадай 
нәтижелерге қол жеткізуге болады деп ойлаймыз: 
­ белсенді лексикаға тіл үйренушілердің жіті назарын аударады;
­ тіл үйренудегі жүйелілікті қалыптастырады;
­ тілді игерудің нәтижелі болуына бағыт береді;
­ тек қажетті лексикалық бірліктерді меңгертеді;
­ қазақ тілін үйрету әдістемесін жетілдіруге үлес қосады.
Әрине, әр бастаманың толықтырар тұстары боларын түсінеміз. Мұндай бас­
тамашылық жұмыстар көпке ортақ, сондықтан бұл бағытта болашақта атқарылар 
жұмыстарға ғалымдардың, әдіскерлердің, мұғалімдердің атсалысқаны жөн. 
Адам  санасында  жекеленген  сөздер  емес,  өзіндік  тілдік  семантикалық 

71
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
жүйелер сақталады. Ең алдымен, біздің санамызда күнделікті ең жиі қол­
данатын  сөздердің  бастапқы  қоры  тұратыны  белгілі.  Оны  «семантикалық 
ядро» деп атайық. Осы семантикалық ядроға сандаған ұғымдарды білдіретін 
сөздер  жал ғасады.  Оны  «семантикалық  өріс»  деп  атадық.  Әлбетте,  бұл 
ұғынықты болу үшін алынған шартты атаулар. Ойымызды осы ұғымдардан 
өріс тетсек,  онда  бұл  жобаның  ішкі  құрылымы  түсінікті  болар  еді.  Атап 
айтқанда, қазақ тілін үйретудің ең қарапайым қолданыстағы сөздер ретінде 
се мантикалық  ядроға  137  сөз,  семантикалық  өріске  500  сөз  енгізілді.  Дәл 
осындай көлемді таңдауға  ағылшын, француз және басқа тілдерді үйретудің 
әдістемелері  әсер  етті.  Ғалымдардың  айтуынша,  400­500  сөз  білген  адам 
сол тілде қарапайым ойын жеткізе алады екен.  Осы лексикалық минимум 
бірліктерін таңдау, іріктеу барысында  алынған 137 сөздің валенттілігі жоғары 
екені байқалады. Яғни, бұл сөз дердің басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері 
мол.  Іріктелініп алынған осы сөздердің лексика­семантикалық мазмұнына 
келсек, онда мынадай көрсеткішті на зарларыңызға ұсынамыз: зат есім – 31, 
сын есім – 11, сан есім – 10, есімдік – 25, етістік – 15, үстеу – 18, көмекші 
есімдер ­ 7, көмекші етістік ­ 1, шылау – 14, модаль сөз – 4, қыстырма сөз 
– 1. Осыдан ең жиі кездесетін белсенді сөздердің грамматикалық топтары 
жөнінен де ой қорытуға боларлық.
Бұл  әдістемелік  жобаның  өзге  еңбектерден  ең  басты  айырмашылығы  – 
әдісте мелік  қағидаттар  негізінде  сөздердің  іріктелініп  алынуымен  байла­
нысы десек, қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихында дәл осындай мақсатты 
түрде лексикалық минимум мұқият таңдалынған жұмыстың жасалмағанын 
айтуға  тиіспіз.  Осы  арада  137  сөздің  де,  500  сөздің  де  қазақ  және  орыс 
тілдеріндегі  сөздігі  туралы  да  осыны  ескерте  кеткіміз  келеді.  Өйткені 
әртүрлі көлемдегі және мазмұндағы сөздіктерге енгізілген сөздер олардың 
күнделікті  сөйлесімде  маңыздылығын  көрсете  алмайды.  Осыдан  барып 
қазақ  тілін  оқыту  әдістемесінде  арнайы  оқу  сөздігін  дайындау  қажеттілігі 
туындайды.  Бұл  ­  халықаралық  әдістемеде  кездесетін  тәжірибе.  Мұндай 
оқу сөздіктері, осы тәжірибелер көрсетіп отырғандай, деңгейлер бойынша 
да, салалар бойын ша да дайындалуы қажет. Оқу сөздіктерінде  жекеленген 
сөздердің, сонымен бірге сөз тіркестерінің аудармасы беріледі және олардың 
мағыналық қатары да қоса ұсынылады. Бұл тіл үйрету сабақтарында негізгі 
оқулықпен бірге жүріп тіл үйренущілердің маңызды құралына айналады.
Қазақ тілінің ең жиі қолданылатын сөздерінен құрылғандықтан, «Қазақ 
сөзі» деп атау берілген бұл оқу­әдістемелік құрал өзінің мақсатына орай осы 
нұсқаулықтан,  «тірек  сөздер»  деп  аталынған  137  сөздің  қазақша­орысша 
тізбесінен, осы сөздерден жасалған үлгі сөйлемдер мен сөз тіркестерінен, 
күнделікті  өмірде  жиі  қолданылатын  тақырыптарға  жіктелген  500  сөзден, 
Әдістеме аясында

72
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
«үлгілер» деп ұсынылған өткен шақ, осы шақ, келер шақ тұлғаларындағы 
сөйлемдерден,  тілек  және  қалауды  білдіретін  сөйлемдерден,  өте  қажетті 
грамматикалық  материалдан  және  адамның  өмір  сүру  аясындағы    негізгі 
орталарға құрылған мәтіндерден тұрады. Біздің ойымызша, осындай құрылым 
жобаның мақсатына сай келіп, тілдік білімді игеруге қолайлы болмақ. Атап 
айтқанда, бастапқы 137 сөз аудармасымен бірге жатталады, ал осы сөздердің 
негізіндегі  үлгі  сөйлемдер  мен  сөз  тіркестері    ол  сөздерді  қолдана  білуге 
бейімдейді. Тақырыптық негізде ұсынылған ең жиі қолданылатын 500 сөз тіл 
үйренушінің қарапайым деңгейде  нені білуге тиісті екенін аңғартады. Егер 
ғалымдар мен әдіскерлердің белгілі бір тілді ең қарапайым деңгейде игеруі 
үшін 500 сөз қажет болатынын айтып жүргенін ескерсек, онда  қазақ тілін 
осы  көлемде  білу    тіл  үйренудің  тиімділігін  арт тырады.  Бұл  сөздер  адам, 
есімдік, тұрмыс, орта, табиғат, қимыл, қасиет, эти кет, сан, байланыс сияқты 
тақырыптар  аясында  ұсынылып,  лексикалық  минимум  қалыптастырудың 
жоғарыда айтылған қағидаттары негізінде жасалынды. Адамның күнделікті 
әрекеті  мен  ортасының  ерекшеліктерін  мұқият    талдаудан  таңдалынған 
сөздер  үйренушінің  тілді  қарапайым  деңгейде  меңгеруіне  негізделген. 
Құралда берілген шақ категорияларындағы сөйлемдер оның ойын қарапайым 
деңгейде жеткізе алуына және  екінші сөйлеушінің сөзін түсінуіне мүмкіндік 
береді. Тілек және қалауды білдіретін сөйлемдердің  берілуі де құрал да осын­
дай  мақсатпен  ұсынылды.    Берілген  мәтіндерді  құрастыруда,  ең  алдымен, 
137 сөздегі, одан соң 500 сөздегі лексикалық бірліктер алынды. Әдетте, біз 
танысып шыққан ағылшын және басқа тілдердің  100, 200, 300, 400, 500 сөз­
дік үлгілерінде мұндай мәтіндер ұсыныла қоймайды. Белгілі бір тақырыпқа 
құ рылған  мәтіндерді  меңгеру  арқылы  тіл  үйренуші  сол  тақырып  аясында 
өзінің ойын толық жеткізе алады. Сонымен қатар мәтіндер ұсынудағы біздің 
негізгі мақсатымыз – үйренушінің тілдік дағдысын бекіту және дамыту.  
Бұл еңбекті өзінің сипаты жағынан әрі нұсқаулық, әрі оқу құралы дегенді 
жөн көрдік. Себебі оның мазмұны мен құрылымы тіл үйренушілердің қол­
дануымен бірге оқытушыларға да қажет деп ұғындық. Осындай мақсат тан 
оның  құрылымы  қалыптасты.  Алдымен  күнделікті  лексикада  көп  қолда­
нылатын тірек сөздер және олармен жиі тіркеске түсетін сөздер сұрыпталып 
алынды. Осы сөздерді үйрену арқылы әрбір тіл үйренуші қазақ тілінің ең 
қарапайым  лексикасымен  танысады.  Жеке  сөздерден  тіркес  жасау,  сөйлем 
құрау,  одан  шағын  мәтіндерге  бару  арқылы  ойын  жеткізе  алады.  Себебі 
оған  ұсынылған  сөздер  ­  қарапайым  ойын  беруге  қажетті  ең  маңызды 
лексикалық  бірліктер.  Осы  арада  қарапайым  лексикалық  минимуммен 
бірге  бастапқы  грамматикалық  тұлғалардың  да  қажеттілігі  туындайды. 
Сондықтан біз «Қазақ сөзінде» тиісті грамматикалық минимумды да бердік. 
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет