Тіл және қОҒам альманах №1 (43) / 2016 Құрылтайшы


ІҮ.  Кеңес  дәуіріндегі  коммунистік  идеология  негізінде  қойылған



жүктеу 3.78 Kb.
Pdf просмотр
бет6/12
Дата09.09.2017
өлшемі3.78 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ІҮ.  Кеңес  дәуіріндегі  коммунистік  идеология  негізінде  қойылған 
есімдер:  Ленин  (е.м.  Жаңаарқа  ауданы),  Маркс  (е.м.  Қазіргі  Ералиев. 
Жаңаарқа ауданы.), 
Киров (е.м. Қазіргі Жаңаталап. Жаңаарқа ауданы.), Ча-
паев  (е.м.  Осакаров  ауданы),  Энгельс,  Дзержинский,  Гагарин,  Чкалово 
(е.м. Бұқар жырау ауданы ) т.б.
Ү. Ру атаулары: Керей (е.м. өзен.Нұра ауданы), Керней (е.м. Бұқар жы­
рау  ауданы),
  Қоңырат  (тау,  е.м.  Ақтоғай  ауданы.).  Қырғыз,  Матақ  (е.м. 
Қарқаралы ауданы), 
Кеңгір (өзен. Ұлытау ауданы), Қамбар (дөңес. Ұлытау 
ауданы), 
Сармантай (е.м. Шет ауданы) т.б.
ҮІ.  Бай-бағлан,  жер  иелері  секілді  ықпалды,  ауқатты  кісілердің 
есімдері: Алшынбай, Алшынбай сай (е.м.сай,тау. Ұлытау ауданы), Батық 
(е.м. Шет ауданы), 
Ескене (е.м. Жаңаарқа ауданы),  Қалабай (көл. Жаңаарқа 
ауданы), 
Сандыбай (тау. Ұлытау ауданы.), Шабан (өзен, е.м. Ақтоғай ауда­
ны),
 Нығман, Отарбай, Жараспай (е.м. Нұра ауданы), Есенкелді (е.м. Абай 
ауданы), 
Баймырза (е.м. Бұқар жырау ауданы) т.б. Халқымыздың көшпелі 
өмір тұрмысында әрбір жердің, жайылымның, қыстақтардың иелері болған. 
Тиісінше  ауқатты,  ықпалды  болған  сол  тұлғалардың  жерлерін  олардың 
есімімен атау заңдылық еді. Дегенмен, осындай атаулардың көпшілігі Пат­
шалы  Ресей  құрамына  енген  кезеңдер  мен  Кеңес  Үкіметі  жылдарындағы 
әкімшілік­аумақтық бірліктердің жаңадан құрылуы, отырықшылық саясаты 
кезінде және бай­манаптарды қуғындау шақтарында ел санасынан өшіріліп 
қалды.  Бүгінгі  кезде  осындай  тұлғалардың  бірен­саран  ұрпақтары  ата­
бабасының жеріне олардың есімін ресми түрде беру туралы мәселелерді жиі 
көтеріп тұрады.
Елдімекендер  мен  жер-су  атауларына  кісі  есімдері  берілуін  кезең-
кезеңмен алып қарасақ, төмендегідей деңгейлерге бөлуге болады.
ХҮ ғасырға дейін: Жалпы еліміздегі атаулардың тарихы есте жоқ ескі 
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты

46
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты
замандарға  жетелейді.  Ғалымдардың  пайымдауынша  көне  атаулар  жазба 
пайда болмай тұрып жасалған дейді. Дегенмен, кісі есімдерін қою одан бері 
деп айтсақ болады. Еліміз бойынша Еділ, Шу секілді атауларды ең көнелер 
қатарына  жатқызуға  болады.  Ал  Қарағанды  облысы  аумағында  Керей, 
Қыпшақ, Қамбар, Едіге, Балқаш атаулары ерте замандардан халықпен бірге 
жасасып келеді.
ХҮ-ХҮІІІ  ғасырлар:  Бұл  кезеңдерде  көбінесе  Ботақара,  Шешенқара, 
Ескене,  Батық  секілді  қазақ  батырларының,  жер  иелерінің  және  тарихи 
оқиғаларға қатысты кісілердің  есімдері көп қойылды. 
ХҮІІІ ғасыр мен ХХ ғасырлар: Ұлттық топонимияның сан ғасырлық 
біре гейлігі,  қаймағы  бұзылмаған  тұрақтылығының  сыртқы  күштер 
ықпалымен  өзгеріске  ұшырай  бастауы  осы  кезеңдерді  қамтиды.  Ұлттық 
атаулардың  дертке  ұшырауы  Ресей  империясының  жүргізген  отарлау  сая­
сатына  тікелей  қатысы  бар.  Елді  мекендерге  кісі  есімдерінің  ресми  түрде 
беріліп, карта бетіне түсе бастауы да осы шақтарда басталды десек те бола­
ды. Тұтас қазақ даласын шарпыған осы ақтаңдақтың әрине, Қарағанды облы­
сы аумағына да тікелей қатысы бар. Бүгінгі күнге дейін өңірімізде сақталып 
келе жатқан Осакаров, Петровка, Киевка, Ростовка секілді көптеген атаулар 
сол  отарлық  саясаттың  нәтижелері  және  дәлелі.  Өкінішке  орай,  осындай 
атаулар қойылған өлкелерде бірнеше буын ұрпақ өсіп­өнді. Сондықтан да, 
олардың санасында аталған атаулар жатталып, жүректеріне терең сіңіп алды. 
Атаулары моральдік тұрғыдан ескірген елді мекендерге тарихи не болмаса 
егемендігімізге  сай  атауларды  беру  ұсыныстарына  тұрғылықты  халықтың 
жата­жастана қарсы болуы да осының нәтижесі.
ХХ  ғасыр:  Бұл  кезең  қазақ  тарихы  үшін  ең  ауыр  да,  ең  маңызды  та­
рихи  бет бұрыстар  мен  оқиғаларға  толы  ғасыр.  Кеңестік  кеңістікке  енген 
қазақ  даласына  ең  көп  кісі  есімін  қою  кезеңін  жұрт  осы  шақта  бастан 
өткерді. Коммунистік идеологияның негізгі бағытына айналған атау беру, 
қайта атау шаралары талай ғасырлық тарихи атауларымыздың тамырына 
балта  шапты.  Нәтижесінде,  елі міз дің  оның  ішінде  Қарағанды  облысын­
да  Ленин,  Маркс,  Киров,  Чапаев,  Энгельс,  Дзержинский  секілді  атаулар 
үл кен  науқаншылдықпен  қойыла  бастады.  Елді  мекендердің  құрамдас 
бөліктеріне  (көше,  бульвар,  қиылыс,  даңғыл  т.б)  кісі  есімін  беру  де  ХХ 
ғасырдың басында басталды. Қазіргі кезде облысымызда мұндай атаулар 
әлі күнге дейін сақталуда. Дегенмен, қазақ халқының ақын, жазушылары, 
еңбек, қоғам қайраткерлерінің есімдері де осы жылдары көп қойыла баста­
ды. Олардың қатарына Сәкен, Аманкелді, Жамбыл секілді көп кездесетін 
атауларды жатқызуымызға болады.

47
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Тәуелсіздік алған жылдардан кейінгі қойылған кісі есімдері.
Тәуелсіздігімізді  ту  еткен  жылдарда  кейінгі  кезеңде  күңгірттеніп  кет­
кен қазақ ономастикасы қайта жанданып, өзінің тарихи атаулары қалпына 
келе  бастады.  Бұл  кезең  ұлттық  ономастиканың  деректік  қоры  ғылыми­
тұжырымдамалық және әдістемелік негіздері біршама жетіліп, әр алуандылық 
сипатқа ие болған, аса нәтижелі де жемісті болды. Бұл өзгеріс біздің де облы­
сымызда өз нәтижесін көрсетіп, бірнеше қалалар, аудандар, кенттер, ауыл­
дар қайта аталды. Мәселен, Мичурин ауданы – Абай ауданы, Ульянов ауда­
ны ­ Бұқар жырау ауданы, Совет ауданы ­ Қазыбек би ауданы, Никольский 
қаласы ­ Сәтпаев қаласы болып қайта өзгертілді. Облыс көлемінде Байдалы 
би,  Шашубай,  Нармамбет,  Кәрім  Мыңбаев,  Қасым  Аманжолов,  Тәттімбет, 
Ботақара, Жарылғап батыр секілді ауыл атаулары пайда болды.
Дегенмен,  жүргізілген  мониторинг  нәтижесіне  сүйенсек  облысымыздағы 
елді  мекендердің  13%­ы,  құрамдас  бөліктердің  35%­ы  ескірген  атаулар  са­
натына жатады. Оның ішінде еліміздің тарихына қатысы жоқ, саяси тұрғыда 
қажеттілігін жоғалтқан кісі есімдерімен қойылған атаулар әлі де болса өте көп. 
Осы секілді атаулар тәуелсіз елдің мүддесіне қарай неге толық өзгертілмей 
жатыр деген пікірлердің жиі айтылатынына да көңіл аудару қажет. Алайда, 
кісі  есімін  нысандарға  беру  жұмыстарында  тым  асығыстыққа  да  салынбау 
керек. Мұндай шешімге кей азаматтар қандай да бір елді мекен не болмаса 
басқа  да  жаңа  атауды  қажет  ететін  нысандарға  ат  беру  мәселесінде  ұлттық 
мүддеден гөрі жеке мүддесін жоғары қоя отырып, өз ата­бабасының не бол­
маса туған­туыстарының атын ұсынып жататын фактілер де кездеседі. Біз ең 
алдымен осыдан сақтануымыз қажет. Жаңа атау беру – ағайын туыс не бол­
маса белгілі бір ру өкілінің беделін арттыру емес, сол өлкенің тарихына деген 
жанашырлықпен жүзеге асырылуы тиіс. 
Кеңестік  кезеңге  дейін  кісі  атын  беру  жалпы  халықтың  өз  ықтиярында 
болса,  Кеңестік  кеңістікте  асқан  бюрократиялықпен,  саяси  бағытпен  тек 
қана билік тарапынан жүзеге асырылып келгені белгілі. Ел егемендік алған 
алғашқы жылдары шыны керек елімізде жаңа атау беру кезінде кісі есімдері 
өте көп қойылды. Есімдері ұсынылған тұлғалардың бір бөлігі шынымен де 
елге еңбегі сіңген, кеңінен танымал адамдар болса, бір бөлігі ешқандай атағы 
жоқ, қолында билігі бар, тамыр­танысы көп азаматтардың туған­туысы не 
болмаса руластары қатарынан болды. Тіпті көзі тірі азаматтарға да атаулар 
беріліп  жатты.  Орын  алған  олқылықтардың  ары  қарай  жалғасын  таппауы 
үшін  елімізде    ономастикалық  жұмыстар  жүргізудің  нормативті­құқықтық 
негіздері қалыптаса бастады. Бұл мақсатта тиісті заңнамаларға сүйене оты­
рып,  «Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  ономастикалық  жұмыс 
тұжырымдамасы»  бекітілді.  Осы  тұжырымдамада  бір  есімнің  көп  дүркін 
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты

48
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
қайталануына және көбейіп кетуіне жол бермеу мақсатында оларды респуб­
лика көлемінде үштен аспайтын және олардың қайтыс болған күнінен бастап 
бес  жыл  өткен  жағдайда  ғана  жүзеге  асыру,  нысандарға  есімдер  берілген 
күнінен бастап он жыл өткенде ғана қайта өзгерту, қалаларға, қала үлгісіндегі 
кенттерге, аудандарға адам аттарын бермеу секілді талаптар қойылды. Де­
генмен бұл тұжырымдаманың да тиімсіздігінен 2007 жылдан 2013 жылдар 
аралығында атау беру, қайта атау жұмыстарына бірнеше дүркін мораторий 
жарияланды. 2013 жылы ономастика мәселелеріне қатысты кейбір заңнама 
актілеріне  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізіліп,  біршама  жұмыстар 
жүргізілді.  Онда  негізінен  жасалған  өзгерістер:  республикалық  және 
облыстық ономастика комиссиялары ғана қалдырылып, аудандық, қалалық 
комиссиялар  жойылды. 
Атау  беру,  қайта  атау  жұмыстарын  іске  асыру-
да  жұртшылықтың  пікір-ұсыныстарын  ескеру  маңыздылығы  артты-
рылды. Сондай-ақ бір әкімшілік-аумақтық бірлік көлемінде бір атауды 
бір рет қана беру талабы енгізілді. Бұл өз кезегінде жергілікті деңгейде 
ғана  танымал  тұлғаларға  атау  беруді  бәсеңдетті.  Алайда,  нысандарға  кісі 
есімін беру бүгінгі күні әлі де болса үлкен мәселеге айналып отыр. Аса та­
нымал  емес  кісілердің  есімдерінің  нысандарға  қойылып  кету  оқиғаларын 
болдырмауға қолданыстағы заңнамалар әлі де болса дәрменсіз. Сондықтан 
да, оны жетілдіру мақсатында 2015 жылы атау беру, қайта атау жұмыстарына 
Үкімет тарапынан кезекті рет шектеу жарияланды. Бүгінгі күні кісі есімдерін 
беру мәселесіне қатысты төмендегі ұсыныстар қаралу үстінде:
1. Елді мекендер мен мемлекеттік мекемелерге кісі атын бермеу;
2. Кісі атын беруді мүлдем тоқтату. Оның орнына нөмірлік не болмаса та­
рихи атауларды қою;
3.  Мемлекеттік  деңгейде  еңбегі  сіңген  тұлғалардың  шектеулі  тізімін 
бекітіп, нысандарға солардың ғана атын беру;
4. Кісі қайтыс болғаннан кейін оның есімін нысандарға 10 жыл өткеннен 
кейін, тіпті болмаса шет елдік тәжірибеге сүйене отырып, (Жапония) 50 жыл­
дан кейін ғана беру;
5. Атау беру кезінде тек мемлекеттік деңгейдегі қызмет өтілі мен мемле­
кеттік марапатының болуын талап ету;
Бұл  ұсыныстардың  барлығы  заң  шеңберіне  сыя  қоюы  екіталай.  Мұның 
көбісі  Конституциямызда  белгіленген  адам  құқықтары  бостандықтарына 
қайшы  келеді.  Кісі  есімдерін  беру  кезінде  талас­тартыс,  дау­дамай  секілді 
мәселелер бұған дейін де болған және бола да береді. Оны шешудің екі жолы 
ғана  бар. 
Біріншісі:  жоғарыдағы  ұсыныстарда  көрсетілгендей  нысандарға 
кісі  есімін  беруге  мүлдем  тиым  салу,
  екіншісі:  билік  өкілдерінің,  атау 
беру,  қайта  атау  жұмыстарына  жауапты  тұлғалардың,  ономастика  комис­
сиялары  мүшелерінің  ой­санасы,  таным­қабілеті,  білімі,  біліктілігі  мен 
ұстанымдарының объективті, ашық және жоғары деңгейде болуы. 
Жеріңнің 
аты
е
ліңнің 
хаты

49
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Уақыт  өткен  сайын  қоғамның  ономастика  саласына  қоятын  талабы  да 
жоғары.  Бүгінгі  таңда  өткен  уақыттардағы  жетістіктеріміз  бен  жасаған 
жұмыс та рымыздың  мөлшерімен  шектелуге  болмайды.  Алдымызда  әлі 
көптеген  істелі нетін  іс­шаралар  бар.  Көне  тарихи  ескерткіштерге  бай 
еліміздің,  жеріміздің  та ри  хи  атауларын  зерттеп,  зерделеумен  қатар  кеңес 
үкіметі кезеңінде өзгеріске ұшыраған және жаңадан пайда болған атауларды 
қазіргі саяси және тарихи ұлттық көзқараспен  електен өткізіп, қажет болса 
атауларын өзгерту, ел тарихында елеулі істер атқарған ерен тұлғаларымыздың 
есімін өскелең ұрпақ санасында жаңғыртып, олардың еңбектерін барынша 
ұлықтау баршамыздың басты парызымыз болып қала бермек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Телғожа  Жанұзақ.  «Тарихи  жер­су  аттарының  түптөркіні»  Алматы. 
«Сөздік­Словар» ЖШС. 2010 жыл
2.  Иманбердиева  Сәуле.  «Тарихи  ономастикалық  кеңістік»  Алматы. 
«Сөздік­Словар» ЖШС. 2010 жыл
3.  Жартыбаев  Асылбек.  «Орталық  Қазақстан  аймақтық  топонимиясы» 
Қара ғанды. Болашақ­Баспа. 2008 жыл
4.  «Жер­су  атауларының  анықтамалығы»  Алматы.  Арыс  баспасы.  2009 
жыл.
5. Қарағанды облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш­анықта­
малығы. Қарағанды. Doffin. 2008 жыл.
6. «Жер шежіре» Қарағанды. Қарағанды мемлекеттік университеті.  2006 жыл.

50
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
НҰРША ОРАЗАҚЫНОВА
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика                                    
университетінің профессоры
педагогика ғылымдарының докторы
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы және 
тәжірибелік алаң
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей, 
жас ұрпаққа сапалы, мән­мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі 
күннің басты талабы. Қазіргі кезеңде жалпы білімнің міндеті – баланың жал­
пылама дамуын қамтамасыз ету ғана емес, ең бастысы, оларды жастай өз 
қабілеті мен қызығуына қарай белгілі бір мамандыққа арнайы әзірлей білу. 
Жасөспірімдердің шығармашылық тұлғасының белсенді бағытын оның тек 
сабақтарға  жалпы  қатынасы  және  оның  қажеттілігі  мен  мұқтаждығы  ғана 
емес,  сондай­ақ  білімді  тәжірибелік  іскерліктерді  қабылдау  мен  меңгеру 
үрдісінің өзі де анықтайды. Оның ішінде таңдау курстары – шығармашылық 
ізденістің  алғашқы  баспалдағы.  Қандай  да  бір  таңдау  курсына  қатысқан 
оқушының өзіндік талпынысы, ізденісі болары анық.
Қазіргі  кезеңдегі  оқытудың  негізгі  мақсаты  –  әрбір  балаға  болашақ 
мамандығына  байланысты  тереңірек  білім  беру,  білімді  өзгермелі  өмір 
жағдайларына пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Сондықтан қазіргі 
қоғамның  өзекті  мәселелерінің  бірі  –  әлеуметтік  экономикалық  өзгермелі 
жағдайларда  өмір  сүруге  дайын  болып  қана  қоймай,  сонымен  қатар  оны 
жақсартуға  игі  ықпал  ететін  жеке  тұлғаға  қойылатын  бірінші  кезектегі 
нақты  талаптар:  шығармашылық,  белсенділік,  әлеуметтік  жауаптылық, 
жоғары  интеллектілік,  терең  білімділік,  кәсіби  сауаттылық.  Жеке  тұлғаға 
бағдарланған  оқытудың  тұжырымдамасы  баланы  жан­жақты  дамытумен 
бірге жеке және жас ерекшелігіне қарай қоғамдағы өзгерістерге бейім даму 
мүмкіндігін  айқындауды  қарастырады.  Жеке  тұлғаға  бағдарланған  оқыту 
проблемалы бағыттағы шығармашылық сипатқа ие бола отырып жаңа білімді 
іздену арқылы тәжірибеде қолдана білуге ықпал етеді, мұндағы басты міндет 
– баланың жалпы және өзіне ғана тән қабілеттерінің даму мүмкіндігі мен 
білім, білік, дағдыларын қалыптастыру және қолдану. 
Әдістеме аясында

51
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының  5­тарауындағы 
41­баптың  1­бөліміндегі  «педагог  қызметкерлер  өз  біліктілігін  арттыруға 
мін дет ті» деп көрсетілуі, «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында 
Елба сының «біз балаларымызға өзіміздің жақын және алыс көршілерімізбен 
достық  қарым­қатынасымызды  мұра  етіп  қалдыруымыз  керек»  деген  сөзі 
бүкіл  ағартушы  қауым  алдында  оқу­тәрбие  үрдісіне  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  енгізу  арқылы  оқушылардың  білім  сапасын  арттыру, 
шығармашылық қабілетін дамытуды өзекті мәселелер етіп енгізіп отырғаны 
белгілі. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру жүйесінің күрделі тармағы. 
Еліміздің  жарқын  болашағы,  мек теп  болашағы  –  ұстаздардың  ізденісінде, 
балаларға  деген  сүйіспеншілігінде,  кәсіптік  деңгейіне  байланыс ты  екенді­
гінде. Шындығында мұғалімнің алдында оқушыларға білім мен тәрбие беру­
де үлкен жауапкершілік тұр. Әрбір оқушыны оқытып тәрбиелеуге байланы­
сты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті 
жаңашыл мұғалім керек.
2006­2007  оқу  жылында  Қазақстан  мектептерінде  жалпы  орта  білім 
берудің  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартын  біртіндеп  енгізудің 
маңызды  кезеңі  басталды.  Бейіндік  оқытуға  көшу,  «оқытуды  даралау  мен 
оқушылардың әлеу мет тенуіне бағытталған, жалпы білім беру мекемесінің 
жоғарғы сыныбы оқу шыларын арнайы дайындау жүйесі» құрылды. Бейіндік 
оқыту бір немесе екі ба ғыт бойынша жүзеге асырылады:
Бейіндік  оқытуды  жүзеге  асыру  үшін  мұғалімнің  төмендегідей  кәсіби 
білімі мен іскерлігі болуы керек:
•  оқытудың  тұлғалық­бағдарлық,  жеке­даралық  құзырлығының  әдісте­
мелік негізі мен оларды жүзеге асырудың механизмін меңгеруі қажет;
•  базалық  және  бейіндік  деңгейіндегі  пән  бойынша  білім  мазмұнын, 
элективтік курстарды әзірлеу мен ұйымдастырудың әдістемесін жете білуі 
керек;
• оқушылардың жобалық, ғылыми­зерттеушілік қызметін ұйымдастыру­
дың әдістемесін білуі тиіс;
• педагогикалық әдебиетердің жаңалықтарын, оқытатын пән бойынша қо­
сым ша  ғылыми  материалдарды  оқып­қарастыру,  жаңа  бағдарламалар  мен 
оқулық тарды  қарастыру,  оның  талаптары  мен  ерекшеліктерін  анықтауы 
қажет;
• жұмыс дағдыларын компьютерде қолдану, сабақта оқытудың техникалық 
құрал дарын пайдалану, ғылыми­зерттеу тақырыбымен жұмыс істей алулары 
керек.
Педагогтер мен оқушыларды базистік оқу жоспарының бейінді компоненті 
бойынша қазіргі оқу­әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету бейіндік оқы­
туға көшудің өзекті және тез шешуді талап ететін мәселесі болып табылады.  
Бейінді компонент мазмұны мен білім беру стандартының талаптар жүйесіне 
Әдістеме аясында

52
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Әдістеме аясында
сәйкес  келетін  курстар,  оқу  пәндері,  модульдер,  оқытылатын  элективтік 
курс тар жиын тығынан тұрады.
Элективтік курстарды оқытудың мақсаты – оқытуды дараландыру мен оқу­
шы ның әлеуметтенуіне бағдарлану, өзінің болашақ кәсіби қызметін таңдауға 
жауапты және саналы түрде дайындалу. Элективтік курстар әр түрлі функция­
лар орындай алады: қазіргі уақыттың негізгі мәселелерін зерттеу; болашақ 
кә сіби  қызметінің  ерекшелігіне  бағдарлану;  «кәсіби  сынама»,  танымдық, 
ұйым дастырушылық қызметінің дағдыларын жетілдіруге бағдарлану; база­
лық пәндік білімнің тереңдетілуі. Жасыратыны жоқ, элективтік курстар әлі 
де болса өз дә режесінде оқытылмай келеді. Оның өзіндік объективті және 
субъективті жағ дайлары бар. Сондықтан бүгінгі таңда  өткізілетін арнайы 
және таңдау курстары өзекті мәселеге айналуда. Ол курстар белгілі бір тех­
нологияны басшылыққа алып жүргізілсе оның нәтижесі жоғары болмақ.
Осыған орай Астана қалалық Білім басқармасының Білім беру мекемелері 
тә жірибелік алаңдарының жұмысы туралы 2013 жылғы 28 тамыздағы №478 
бұй рығы негізінде №71 «Мөлдір» балабақшасы, №4 мектеп­гимназия, №8 
орта мектеп, №66 мектеп­лицей, 2014­2015 оқу жылынан бастап №74 мек­
теп­гимназиясы және Алматы облысы, Талғар ауданындағы №49 жалпы білім 
беретін  орта  мектеп  «Сатылай  кешенді  оқыту»  технологиясы  тәжірибелік 
алаңына енгізілді. 
Тәжірибелік алаң төрт кезеңді қамтиды: 
 
2013­2014 жж. Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» тех­
но ло  гия  сын тәжірибеге енгізу жолдарын зерттеу (Дайындық кезеңі).

 2014­2015 жж. Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» техно­
логиясын тәжірибеге енгізу (Іс­әрекет кезеңі). 

  2015­2016  жж.  Н.А.Оразахынованың  «Сатылай  кешенді  оқыту» 
технология сын тәжірибеге енгізу  (Іс­әрекет кезеңі). 
  2016­2017 жж. «Сатылай кешенді оқыту  технологиясы – сапалы білім 
бе ру көзі (Қорытындылау кезеңі). 
Тәжірибелік алаң жұмысының негізі мақсаты: Балабақшаның мектепал­
ды даярлық топтарынан бастап тіл дамыту жұмыстары мен бастауыш және 
орта буында негізгі пәндерден бейіналды даярлықтың интеграциялық түрде 
оқыту курсын Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технология­
сы арқылы тиімді енгізу. 
Осы мақсатты негізге ала отыра, іс­әрекет кезеңінде бірнеше міндеттерді 
жү зе ге асыруды жоспарладық. Атап айтқанда: 
1. Сатылай кешенді талдаудың түрлі амал­тәсілдерін, әдістемесін меңгеру
2. Ана тілі негізінде екінші, үшінші тілдерді меңгерудің негізін қалау
3. Технология негізінде білім сапасын көтеру. 
4. Мұғалімдердің шығармашылық тобын құрып, әдістемелік кешен дайындау 
және тарату. 

53
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
5. Білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, әр пәннің ғылыми 
мазмұны мен жүйесін, талдап үйретумен қатар ойын дұрыс жеткізуге, әдеби, 
көркем сөйлеуге дағдыландыру.
6. Таңдау курстарының оқу­әдістемелік кешенде рін мұғалімдер ұжымымен 
бір лесе дайындап, оқу үрдісіне енгізу. 
Осы бағытта жазылған  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының оқу­
әдістемелік  кешендерінде  білім  алушылардың  теориялық  материалдарды 
ғылыми тілде баяндап жеткізуіне, ой ұшқырлығына, шешен сөйлеуіне  негіз 
қалайды. Тәжірибелік алаңның жоспарында белгіленгендей бірнеше пәннен 
оқу  кешендері  жасалып,  оқу  үрдісіне  енгізілуде.  Бір  мақаланың  көлемі 
көтермейтіндіктен тек қазақ тілі пәні бойынша жасалған кешенмен таныс­
тыра кетуді жөн көрдік.
Оларды атап айтар болсақ
қазақ тілі пәні бойынша:
• 1 сыныпта «Фонетикалық бірліктерді сатылай кешенді талдау»; екінші 
сыныпта «Фонетикалық, морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді тал­
дау»; үшінші сыныпта «Сөзжасамдық бірліктерді сатылай кешенді талдау»; 
төр тінші  сыныпта  «Синтаксистік  бірліктерді  сатылай  кешенді  талдау». 
Бұл таңдау курстарының мақсаты қазақ тілі пәні бойынша базалық білімді 
кеңейту,  терең дету,  оқушылардың  сөздік  қорын  байыту,  логикалық  ойлау 
қабілетін жетілдіру, танымдық дүниесін кеңейту.
• 5­11 сыныптарда «Тілдік бірліктерді ғылыми негізде сатылай кешенді 
талдау».    Бұл  курсты  алудағы  мақсат  –  білім  алушыларға  тіл  білімі  сала­
ларын ғылыми негізде меңгертумен қатар түрлі білім сайыстарына, пәндік 
олимпиадаларға және Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындау.
Бірінші сыныптан бастап қазақ тілінен жоғарыдағы аталған тақырыптар 
бойынша талдау үлгілері үйретіліп, сөздік қорын байытып, логикалық ой­
лауын жетілдіріп, танымдық көкжиегін кеңейту үшін  білім алушылардың 
жас  ерек шеліктерін  ескере  отырып  мол  лексикалық  материалдар  беріледі. 
Мақала ның көлемі көтермейтін болғандықтан мұғалімдерге, студенттерге, 
оқушыларға қажет болар деген оймен талдау үлгілерін толық беріп, лекси­
калық материалдарды ұсынбадық. Сондай­ақ, талдауға алынатын сөз де бі­
лім алушыға ой салатындай, күнделікті өмірде қажеттілігіне жарайтындай, 
ұлағатты сөздер болуы жағына да ерекше мән береміз. Төменде сондай үлгі­
де жасалған талдауларды беріп отырмыз.
Әдістеме аясында
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет