Тіл және қОҒам альманах №1 (43) / 2016 Құрылтайшы



жүктеу 3.78 Kb.
Pdf просмотр
бет12/12
Дата09.09.2017
өлшемі3.78 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

99
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
болғанда қазақша оқығанның үстіне керек. Қазақша оқи жаза білген соң, шама 
келсе орысша білу қажет» – деп, алдымен қазақша оқып, орыс тілін содан 
кейін игеру керектігін атап көрсетеді. Мемлекет қайраткерінің бұл пікірінің 
өте орынды айтылғанын уақыт өзі дәлелдеп берді. Қазақ – кеңестік кезеңде 
қалада  тұратын  ұл­қызының  көпшілігін  алдымен  орысша  оқытып,  орыс­
ша тәрбиелеп алып, тәуелсіздігін алғанына ширек ғасыр өтсе де солардың 
бетін бері бұра алмай отырған халық. Қазақ арасынан «орыстілді қазақ» де­
ген қауымды қолдан жасап алдық. Бір қазақты «таза қазақ», «шала қазақ», 
«ада қазақ» (қазақы қасиеттен мүлде жұрдай болған) деп жіктейтін болдық. 
Қазақтың жазғанын қазақ оқи алмай, қазақтың айтқанын қазақ түсінбей, енді 
бір­бірімізге «қазақша сөйлесейік» деп үгіт­насихат айтатын халге жеттік. 
Өзге мәдениет бойына әбден сіңіп, өзге тіл санасын билеп алған мыңдаған 
бауырларымыз қанша жерден тамағымызды жыртсақ та үйірін табуға асығар 
емес. Өйткені, адам қай тілде тәрбие мен білім алса, ол – сол тілдің жемісі. 
Басқа бақшада өсіп, басқа топырақтан нәр алған жемісті тамырымен қопарып 
жұлып алып, өз бақшаңа қайта егіп жерсіндіру оңай емес. Адамның бала­
сы қандай ұлттың өкілі екендігіне қарамастан қай тілде тілі шықса, тәлім­
тәрбие мен білім алса, қандай тілдік ортада өссе сол тілдің өкіліне айналады. 
Сол тілде жасалған құндылықтарды бойына сіңіру арқылы ол тіл иесі болып 
табылатын  халықтың  дүниетанымын,  мінезін,  стеротиптерін,  психология­
сын, дағдыларын да қабылдайды. Бұл үрдіс ұрпақ алмасқан сайын жалғаса 
берсе, онда өз ата­бабасының мұраларынан қол үзіп өзге мәдениет, өзге тіл 
бесігінде тербелгендер біртіндеп өзге халықтың өмір­салтымен ғұмыр кешу­
ге көшіп, өз халқынан тамырын үзіп, алшақтап кетеді. Мұндай жолға түскен 
жұртта туған халқының тілін, дінін, дәстүрін, өнерін жатсынатындар, қораш 
көретіндер қатары өсе береді. «Мәмбет», «қазақбай» деген кемсітуші атаулар 
солай пайда болған. Өз ұлтын менсінбеушілер арта бастаған сайын аралас 
некелер  көбейеді.  Ұлттардың  ассимилияцияға  түсуі  осылай  жүзеге  асады. 
Ал бұған үстемдік етуші мәдениет пен тіл өкілдері осы үрдістің тоқтаусыз 
жалғаса  беруіне  қашанда  мүдделі  болады.  Сондай­ақ  өзге  жағалауға  өтіп 
кеткендер де сол мүддеге қызмет етіп, біртіндеп өз балалары мен бауырла­
рын, қандастарын солай қарай тарта береді. Тәуелсіз елдің ұл­қыздары әлі 
күнге дейін өзге тілде оқып тәрбиеленуді жалғастырып отыруы соның айқын 
көрінісі. «Қазақ болайық, қазақша өмір сүрейік, қазақ тілін меңгерейік» деп 
күндіз­түні    қаншама  уағыз,  қаншама  үгіт­насихат  айтылып  жатса  да,  біз 
күткендей  нәтижеге  қол  жеткізе  алмай  отырмыз.  Тәуелсіздігіміздің  ширек 
ғасырға жуық мерзімінде біз әлі тілі бір, ділі бір біртұтас ұлтқа айнала алған 
жоқпыз. 
Қазір біз қазақ, ағылшын,  орыс тілдерін меңгерген  үштілді ұлт  болуды 
мақсат етіп отырған елміз. Жөн­ақ. Әлемге кең тараған ағылшын тілі мен 
Мере
йто
й

100
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
іргелес көр шіміздің өз тіліміздей меңгеріп алған тілін ұмытып қалмай шет 
тілдерінің бірі ретінде сақтау маңызды. Оларға қоса біздің қабілетті жаста­
рымыз  алып  көршіміз  Қытай  мен  дамыған  елдердің  немістің,  испанның, 
француздың, жапонның және басқа да халықтардың тілдерін де білсе көптік 
етпейді.  Бірақ  бұл  тілдердің  бәрін  біз  алдымен  ана  тілімізді,  мемлекеттік 
тілімізді меңгергеннен кейін оқып­білуіміз қажет. Қазақтар үшін тәрбие мен 
бастауыш білім беру тілі тек қазақ тілі болғанда ғана қазақтың ұлт ретінде 
өркендеуіне негіз қалаймыз. Басқа тілде тілі шығып, тәрбие алған өркен сол 
тілдің жетегінде кетіп қалады. Ұлт боламыз десек, мұны ұмытуға қақымыз 
жоқ.  Мал  екеш  мал  да  оттаған  жеріне,  су  ішкен  құдығына  қарай  қашады 
да  тұрады.  Адам  да  саналы,  бейсаналы  түрде  өзі  сусындаған  мәдениетке, 
дүниені  таныған  тіліне  қарай  тарта  береді.  Қазақ  қоғамында  өмір  сүріп 
жатқан адамға оны дәлелдеп жату, мысал келтіру  артық болар деп ойлай­
мыз.  Айналамыз  толған  мысал.  Міне,  сондықтан  осыны  жан­тәнімен  де, 
білім­парасатымен де сезіп­біле отырып айтылған алаш көсемінің орыс тілін 
білу «...қазақша оқығанның үстіне керек» деген пікірі құнын еш жойған жоқ. 
Керісінше, қазіргі қазақ қоғамы үшін тіпті маңызды болып отыр. Мыңдаған 
қазақтар орысша оқығанның үстіне, қазақша оқып, қазақша жазып, қайтадан 
қазақ болуға бет бұра алмай жүр. Өйткені, олардың іргетасы баяғыда балалық 
шағында  қаланып,  миында,  санасында  басқа  тіл  берік  орнығып  алған. 
Олардан  қазақжанды  қазақ  жасау  салынып  қойған  үйді  бұзып,  күреп  тас­
тап қайтадан үй салғанмен барабар. Біздің ересектерді оқытуға жұмсалған 
қыруар  қаржымыздың  ақталмай,  оқытушыларымыздың  еңбегі  мен  жазған 
оқулықтарымыздың  нәтижеге  жеткізе  алмай  жатуының  түпкі  сыры  сонда 
жатыр.  Енді  бірқатарының  қазақтануға  мүлде  құлқы  да  жоқ.  Себебі  олар 
дәл бүгін­ертең оған айтарлықтай сұраныс пен қажеттілік болады деп ойла­
майды. Өзі жүрген сүрлеумен ұрпағын да сүйреп, баласын орысша оқытып, 
ағылшынша үйретіп өзге мәдениеттер мен тілдердің жетегіне еріп барады. 
Аюдың апанына өзің барып кіру – ажалыңнан үш күн бұрын өлуге ұмтылумен 
бірдей.  Бұл  –  ұлт  тағдыры  үшін  қауіпті  құбылыс.  Әлихан  бастаған  қазақ 
зиялылары  Ахмет,  Міржақып,  Мұстафа,  Халел,  Мағжан,  Жүсіпбек  сын­
ды  алаш  ардақтылары  ұрпағын  осы  жолға  түсіп  кетпеуден  сақтандырды. 
Сол үшін күресті. Қазақтың елдігі мен ұлттық болмысын жоғалтпау үшін 
ақырына дейін аянбай алысып­тартысып жүріп құрбан болды. Сондықтан 
да біз оларға мың мәрте қарыздармыз. Алаш зиялыларының алдына қойған 
мұраты, көздегені – қазақтың мүддесі, қазақтың арманы болды. Бізге зама­
науи білім­ғылымды, технологияны  өзгеден үйренуге болады. Бұл орайда 
қазаққа ағылшын мен немістен де, американдықтар мен үндістандықтардан, 
жапондар мен кәрістерден де, қытай мен орыстан да үйренетін нәрселеріміз 
көп­ақ. Өркениет көшінің алдыңғы легіне шығып кеттік деп лепіруге бізге 
Мере
йто
й

101
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
әлі тым ерте. Алайда, Отанға, ұлтқа адал қызмет етудің, мемлекетшілдіктің 
үлгісін  алыстан,  өзге  жұрттардан  іздеп  қажеті  жоқ.  Оның  жарқын  үлгісі 
өзімізде де бар. Ол – алаш өнегесі, алаш мұрасы. Алаш тағылымы дегенді 
олардың  осы  өсиетіне,  мұрасына  адалдық  деп  түсінуіміз  керек.  Абай  мен 
Махамбеттен  сусындап,  Әлиханды,  Ахметті,  Мағжан  мен  Міржақыпты 
оқып, көкейіне тоқып өскен ұрпақ, елшіл ұлтжанды болмауы, қазаққа қызмет 
етпеуі мүмкін емес. 
Ә.Бөкейхан өзі бастаған алаш зиялылары жасап, 1917 жылы Орынборда 
«Қазақ» газетінің № 251 санында жарияланған «Алаш» партиясының бағдар­
ламасының жобасында «Би һәм судия жергілікті жұрттың тілін білу. Қазақ 
көп жерде сот тілі қазақ тілі болуы. Присяжныйлар қазақтан алынуы» («Билік 
һәм  сот»  бөлімінде),    «Бастауыш  мектептерде  ана  тілінде  оқуы:  қазақ  өз 
тілінде орта мектеп, университет ашуы» («Ғылым­білім үйрету» бөлімінде) 
анық жазылған. Осы бағдарламадан алаш көсемінің қазақ тілінің болашағы 
жөнінде алдына қандай мақсат қойғанын көруге болады. Саяси қайраткердің 
қазақ тілінің заңды мәртебесін орнықтыру жолындағы күресі әрі қарай да 
жалғаса береді. Алаш көсемі өмірінің ақырына дейін ұлт тілінің мүддесі мен 
оның дамуы, қолданысының жайын бір сәт те есінен шығармаған. Қайраткер 
мұрасымен танысқан сайын оған анық көзіңіз жетеді. 
Ә. Бөкейхан қазақтың тілі мен өмір­салтын жетік білген нағыз ұлт зия­
лысы.  Оны  айналасындағы  алаш  зиялыларымен  қатар  онымен  қызметтес 
болған мәскеулік әріптестері де атап айтады. 1922 жылдың 14 желтоқсанынан 
1927 жылдың 1 қазанына дейін Мәскеудегі КСРО халықтары Орталық бас­
пасының  Қазақ  секциясында  әдеби  қызметкер  болып  жұмыс  істегені  бел­
гілі.  Орталық  баспа  бас  редакторының  орынбасары  Великовский  мен 
хат шысы  Дурасс  ол  жөнінде  «Өзінің  ғылыми  және  әдеби  жұмысында...                                            
Ә.Н. Бөкейханов қазақтардың тілін, шаруашылығы мен тұрмысын білумен 
қатар  өзіне  артылған  міндетке  барынша  ынта­ықыласымен  қарады»  деген 
пікір білдіреді. 
Үшіншіден,  Ә.  Бөкейхан  қазақ  тілі  дыбыстық  жүйесінің  бұзылмауы, 
сөздердің этимологиясы, кісі есімдерінің ұлттық үлгіде жазылуы, сөздердің 
аударылуы  мен  дұрыс  қолдануы,  қазақ  тілін  оқыту  әдістемесін  жетілдіру 
мәселелерін  де  көтеріп,  ұсыныстарын  білдірген  ғалым.  Сонымен  қатар 
ол  өз  мақалаларына  қазақ  тіліндегі  білім  берудің,  қазақ  тілін  пән  ретінде 
оқытудың  сапасы  мен  мұғалімдердің  кәсіби  дайындығын  жетілдіру,  ауыл 
мектептеріндегі  оқыту  кемшіліктерін  жою  мәселелерін  де  арқау  етті. 
Мәселен, «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 14­санында жарияланған «Қазақша 
оқу  жайынан»  деген  мақаласында  былай  деп  жазады:  «Мен  жүздесіп, 
сөйлесіп көргендерімде қазақ мұғалімдері түгел ноғай мұғалімдерінің көбі 
дыбыс айыру  жағына шорқақ көрінеді. Дыбысты  жақсы білмей сол  сотие 
Мере
йто
й

102
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
жолымен жақсылап бала оқытуға болмайды. Менің көргендерімде медресе 
Ғалие, медресе Хасейнеден шыққандардың өзі болмаса, көбі қазақ тілінде 
қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін жақсы білмейді. Көбі қазақ тіліндегі 
дыбысты араб хәрпіне есептеді. Араб хәрпіне дұрыс келмейтін дыбыс, қазақ 
тілінде  бар  болса  да,  жоққа  санайды.  Қазақ  тіліндегі  дыбысты  жақсылап 
білмей, қазақ балаларын сол сотие жолымен жақсылап оқытуға болмайды. 
Екінші кемшілігі – қазақ мұғалімдері де, қазақ ішінде бала оқытатын ноғай 
мұғалімдері  де  –  оқуды  дыбыспен  жаттықтырудан  бастамайтын  көрінеді. 
Ол  дыбыспен  жаттықтырудың  оқуды,  жазуды  жеңілдетуге  пайдасы  көп 
екенін иә білмегендік иә білсе де істеп көрмегендік. Дыбыспенен балаларды 
жаттықтыру оқу мен жазу үйретудің негізі. Істің басы түзу басталса, барысы 
да түзу болмақшы.
Осы айтылған кемшіліктерін түзету мұғалімдерге қиын емес. Қазақ тіліндегі ды­
бысты қазақ сөздерінің ішіндегі дыбыстарды айырып байқаумен білуге болады». 
Қайраткер­ғалымның  бұл  жазғандарынан  оның  қазақ  тілінің  дыбыстық 
жүйесін  де  жақсы  білетіндігі  аңғарылып  тұр.  Мәскеуге  жер  аударылған 
алғашқы  жылдары  ғалым  қазақ  мектептеріне  арналып  жазылған 
оқулықтарды сараптап, іріктеуден өткізетін комиссия құрамына кіріп, осы 
комиссияның «Құрметті төрағасы» болып сайланады. Қазақ тілінде жазылған 
оқулықтарды қарауға, олар дың сапасын жақсартуға өзі басшылық етеді. Ол 
А. Байтұрсынұлына жазған хатында оның әліппесі мен М. Жұмабайұлының 
еңбегі туралы да пікірлерін білдіреді. Ғалым­ағартушы  қазақ тілінде шыққан 
оқулықтарға ғана емес, өзге де кітаптарға пікір жазып, олардың жетістіктері 
мен кемшіліктерін көрсетіп отыруды өзіне міндет санаған деуге болады.    
Ә.  Бөкейхан  «Примечания  к  пообщинным  таблицам»  деп  аталған  жаз­
басында  ғалым  «жайлау»,  «жерошақ»,  «жұрт»,  «енші»,  «ерулік»  «қазы», 
«қонақасы», «қыстау», «киіт», «қотан», «онбасы», «соғым», «тебін», «тоқал», 
«шошала»,  «шойынтіс»  сынды  54  сөздің  мағынасына  орысша  түсініктеме 
береді.  Кей  атау лардың  (киік  –  сайгак,  құл  –  раб,  құдық  –  колодец)  орыс 
тіліндегі баламасын көрсетеді. Оның бұл еңбегі ұлттық ұғымдардың шағын 
түсіндірме сөздігі іспетті. Ғалым бірқатар мақалаларында «алаш», «қазақ», 
«анда»,  «құда­анда»  сияқты  сөздердің  этимологиясы  жөніндегі  пікірлерді 
ортаға салып, оларға қатысты өз тұжырымдарын айтады. 
1924 жылы Орынборда өткен «Қазақ білімпаздарының тұңғыш сиезінде»                
Ә. Бөкейхан қазақ аты­жөнін жазғанда орыс тіліндегі ­ов, ­ев қосымшаларын 
алып тастап, ұлттық үлгіде әкесінің атына «ұлы», «қызы» сөздерін қосып 
жазуды  ұсынды.  Оның  ұсынысы  делегаттар  тарапынан  талқыланып, 
мақұлданды. Съезде қабылданған бұл шешім қазақша пән сөздері (термин­
дер) жөніндегі съезд қаулысына қосымша енгізілді. 
ХІХ  ғасыр  мен  өткен  ғасыр  басында  татарша  оқығандар  татарша  ара­
Мере
йто
й

103
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ластырып  сөйлеп,  татар  тілінде  жазуды  енгізуге  ұмтылғаны  белгілі.  Бұл 
мәселеде де алаш қайраткерінің ұстанымы айқын. Ол қазақ ісқағаздардарын 
татарша емес, қазақша жүргізуі керек деп санайды. Ресми іс қағаздарының 
басым бөлігі әлі орыс тілінде жүргізіліп, қазақ тіліндегі құжатайналым үлесін 
ұлғайтып көрсету үшін ғана қыруар орысша құжатты аудармашылар қолымен 
қазақшалап,  өзімізді­өзіміз  алдап  отырған  біздің  жағдайымызда  оның  бұл 
пікірі өте өзекті болып тұр. Кейбір өз тілін өзекке теуіп, қазақ тілінен басқа 
тілдің бәрін оқып­үйренуді, жазып­сөйлеуді зор жетістік санап, құлдық сана 
құрсауынан босай алмай жүргендер мемлекет қайраткерінің жүз жыл бұрын 
айтылған мына пікірлеріне ден қойса, ұйықтап қалған ұлттық санасы оянар 
ма еді деп ойлайсың. Қайраткер тұлға былай деп жазады: «Мұсылман сиезі 
закон жобасында жазылған екен, рухани мекемелерде қағаз татарша тілмен 
жазылсын деп. Бұл біздің қазақ жұр тына ыңғайсыз екені көзге көрініп тұр. 
Түрік затты халықта біздің қазақтай бір жерде тізе қосып, қалың отырған 
іргелі ел жоқ. Біздің тілді біздің қазақ жерін араламаған мұсылман бауырла­
рымыз қайдан білсін, біз кітап жазып, журнал, газет шығара бастағанымыз 
осы 3­4 жылдың ғана арасында. Анық түрік затты қазақ тілі біздің қазақта. 
…Осылардай ақыны бар, бір жерде тізе қосып отырған 5 миллион қазақтың 
тілі қалай жоқ болады. 
Біздің қазақ осы тілін тастап татарға мінгескені адасқандық болар, біз – 
қазақ татар тіліне шорқақпыз, татар  тілі деген тіл тағы біреу емес; Кафказ, 
Қырым ауылындағы татарды Қазақ татарымен сөйлестірсе, бірін­бірі ұға ма? 
Жұртқа ыңғайлы болу үшін рухани мекеме қағазы һәр облыста һәр жұрттың 
өз тілімен жазылсын дедік Жаһаншаһ екеуміз». 
Басқа тілдің артына мінгескендердің бөтен тілдің бөктергісінде кететінін 
біздің халық Тәуелсіздігімізге ширек ғасыр болса да әлі толық түсіне қоймаған 
сыңайлы. Бүгін бізге туысқан татар тілінен қауіп жоқ. Керісінше, қазір түбі 
бір бұл екі тілдің мұңы мен мүддесі ортақ болып отыр. Қазір бізге өздері 
үрім­бұтағымен орыс тіліне мінгескені аздай оған бүкіл қазақты мінгестіріп 
жібергісі келетіндер қауіпті болып тұрған кезеңді кешудеміз. 
Ұлт  көсемі  қазақ  тілінің  мәртебесі  үшін  күресумен  қатар,  тіліміздің 
байлығын бағалап, оның әлеуеті мен мүмкіндігін де көре білді, болашағына 
кәміл сенді.  Қайсар рухты қайраткер тұлғаның төмендегі мына пікірі соның 
айқын дәлелі емес пе? Ол былай деп жазады: «Қағаз тілі бір болса, мұсылман 
бірігуіне жақсы, законда татар тілі болсын деп көріне сөйлеген хазірет Хасан 
ғата, өзге хазіреттер де Хасан ғата пікірін қабылдайтын көрінді. Бақытжан 
ағамыз қазақта тіл жоқ деді. Көп таластан кейін сиез рухани мекеме қағазы 
«татар­түрік»  тілімен жазылсын деді. Біз қазақ тілі законға жазылған деп 
қарыса  алмадық.  Бүктемеде  қалатын  болған  соң,  «түрік»  дегеннің  ішіне 
кірдік қой деп тоқтадық. Түбінде біздің қазақ тілі, бізбен тіл тұқымы бір, өзге 
мұсылманды байытпаса, біз бірімізге қоңсы қоймаймыз ғой! 
Ғұмыр жүзінде 
Мере
йто
й

104
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
біздің қазақ тілі өз бәйгесін алар: Абай, Ахмет, Мір Яғқұп, Шаһкәрім, Тар­
ғыннан  һәм  өзгелерден  бұл  көрініп  тұр  ғой!»    (Ғали  хан.  Мұсылман  сиезі. 
«Қазақ», 1914. № 88. Самар қаласы.).
Бұл пікірдің ар жағында өз жұртын, ұлт зиялыларын айрықша құрметтейтін, 
асылдарын ажырата білетін, ұлт мәдениеті мен тілін шын сүйетін,  үлкен білім­
парасат иесі тұрғанын пайымдамау мүмкін емес. Кеше де бүгін де арамыздан 
шыққан талай оқығандарымыз қазақ тілінің болашағына сенбей  «қазақта тіл 
жоқ», «қазақ тілі ғылым тілі, заң тілі, ісқағаз тілі бола алмайды» деп жүргенде 
оның  осыдан  бір  ғасыр  бұрын  айтқан  бұл  сөзін  көсемнің  көрегендікпен 
айтқан пікірі десек, еш әсірелеушілік болмайды. Жалпы кешегі кеңестік за­
манда қазақ тың Лениннен басқаға қимаған «көсем» деген сөзі ұлтымыздың 
маңдайына біткен марқасқа ұлы Алаштың Әлиханына қатысты қолданылса, 
сөзіміз жүйесін де, иесін де тауып орнымен жұмсалып тұрғандай көрінеді. 
Халықтың ең қасиетті де қымбат қазынасы тілі десек, осы баға жетпес ру­
хани  құндылығымызды  көзіміздің  қарашығындай  сақтап,  ол  үшін  күресте 
алаштың  ардақтылары  Әлихан  мен  Ахаңдардан  өнеге  алсақ,  ұлтымыздың 
рухы асқақ, тіліміздің тұғыры биік боларына күмән жоқ. Бұл аталғандармен 
бірге аса көрнекті мемлекет қайраткері, жан­жақты энциклопедиялық білім 
иесі болған ғалымның ұлттық баспасөз тілінің қалыптасуына сіңірген еңбегі 
мен аудармалары да қазақ тілінің дамуына елеулі үлес болып қосылды. Оның 
қазақ журналистикасы мен баспасөз тілін, ұлттық аударматануды дамытуға 
сіңірген  ерен  еңбегі  өз  алдына  жеке­жеке  қарастыруды,  арнайы  зерттеуді 
қажет етеді. Қыр баласының қыруар мұрасын неғұрлым терең зерттеп, зерде­
леген сайын ғалымның ұлт тілін өркендету, өрісін кеңейту жолындағы еңбегі 
еселене түсетініне еш күмән келтірмейміз. 
Үлкенді­кішілі атқамінерлер мен мемлекеттік басқару жүйесінде қызмет 
етіп  жүрген  лауазымды  тұлғалардың  көпшілігі  бүгін  мемлекеттік  тілдің 
Ата заңымызда белгіленген мәртебесі мен Тілдер туралы заңымызға сәйкес 
қолданысын  қамтамасыз  етуге  атсалысып,  оның  мүддесі  үшін  күреспек 
түгілі,  елінің  тілін  қызметтік  міндетін  атқаруға  қажетті  деңгейде  білуге  де 
асықпай  отыр.  Сондай­ақ  орысша,  ағылшынша  оқығандарды  айтпағанда 
қаланың  қазақ  мектептерінде  оқыған  қазақтың  ұл­қыздарының  көбі  ана 
тілінен алшақтап, үйренген тілдерінің жетегінде кетіп қалатын, оны кәсіби 
қызметінде,  күнделікті  өмір­тіршілігінде  пайдаланғысы  келмейтін  өзгеге 
бейімделгіштік дертіне ұшырады. Солар Омбының техникалық училищесін 
және Петербор Орман технологиялық инсти ту тынының экономика факульте­
тін орысша бітіріп, орыс тілін жетік меңгеріп, еркін жазып­сөйлей білсе де, 
Мәскеуде он бес жылға жуық тұрса да өмірінің соңына дейін қазақ мүддесіне, 
қазақ  тіліне  қалтқысыз  қызмет  еткен  алаштың  Әлиханындай  болмаса  да, 
оның өнегелі өмірі мен халқына еткен адал қызметінен үлгі алуға жараса ғой. 
Онда қазақ тілінің еліміздегі мәртебесі биік, мерейі үстем тіл болатындығы 
еш күмән туғызбас еді. 
Мере
йто
й

105
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Мазмұны
Оқырманға арнау........................................................................................................ 3
Салиқалы сұхбат
Т. Әбдік. Мемлекеттік тіл – міндетті тіл...................................................................4
Терминдер әлемі
Ө. Айтбайұлы. Терминдену принципі хақында......................................................7
С. Әлісжан. Түркі тілдеріндегі лингвистикалық терминдер................................12
Түбі бір түркі тілі
М. Сабыр. Орта түркі жазба мұраларының қазақ тілімен   тілдік­мәдени сабақ­
тас тығы......................................................................................................................21
Ә. Ыбырайым. Түркі халықтарының ортақ жазу проблемасы...........................31
Жеріңнің аты – еліңнің хаты
А.  Пангереев.  Атаулар  құпиясы  немесе  байырғы  жер­су  атауларының  тари­
хы...............................................................................................................................37
Ә. Аманжолов. Жер­су, елді мекендерге кісі есімін беру мәселелері.................43
Әдістеме аясында
Н.  Оразақынова.  «Сатылай  кешенді  оқыту»  технологиясы  және  тәжірибелік   
алаң.............................................................................................................................50
Е. Тілешов. Қазақ тілін үйретудің лексикалық және грамматикалық минимум­
дары............................................................................................................................66
Әлеуметтік лингвистика 
Б. Хасанов. Көне ру­тайпа сөйленімдері ­ халықтық тілдің бірме­бір негізі.....75
Әлемдік ақыл-ойдан
В. Гумбольдт.............................................................................................................87
Маржан сөз
Сырым Датұлы........................................................................................................90
Қазыбек би...............................................................................................................91
Қалтарыста қалған қазына
Мемлекет тілдері.......................................................................................................93
Мерейтой
Ш. Құрманбайұлы. Алаштың  Әлиханы және қазақ тілі....................................94

РЕДАКЦИЯНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ
Авторлардың стилі,
Орфографиялық  хақы сақталады.
Альманах Ш. Шаяхметов атындағы
тілдерді дамытудың республикалық
үйлестіру­әдістемелік орталығында
теріліп, беттелді.
Дизайнын жасап, компьютерлік нұсқасын дайындаған
Баубекова С.
Редакцияның мекенжайы:
Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы,
Сауран көшесі, 7 А,
Тел.: 8 (7172) 40­83­97
Tilortalyk@mail.ru
Теруге берілген күні 24.06.2016 ж.
Басуға қол қойылған күні 27.06.2016 ж.
Пішімі 70х100
 
1/16
. Шартты баспа табағы 8,0
Таралымы 2000 дана.
Тапсырыс № 1623
Тапсырыс берушінің файлдарынан Қазақстан Республикасы
"Полиграфкомбинат" ЖШС­нде басылды.
050002, Алматы қаласы, М. Мақатаев көшесі, 41.

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет