Тіл және қОҒам альманах №1 (43) / 2016 Құрылтайшы



жүктеу 3.78 Kb.
Pdf просмотр
бет1/12
Дата09.09.2017
өлшемі3.78 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ТІЛ ЖӘНЕ ҚОҒАМ
альманах
№1 (43) / 2016

Құрылтайшы:
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт 
министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-
саяси жұмыс комитеті
Редакциялық алқа:
альманах
Қазақстан 
Республикасының 
Мәдениет және ақпарат 
министрлігінде тіркеліп, 
№ 516-ж куәлігі берілген 
(14.06.2004)
Бас редактор
Қонысбай Әбіл
Марат Әзілханов
Қазақстан Республикасы Мәдениет және 
спорт вице-министрі 
Өмірзақ Айтбайұлы
ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық «Қазақ тілі» 
қоғамының президенті
Қойшығара Салғараұлы
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы 
Сұлтан Оразалинов
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген 
қайраткері, жазушы
Асылы Осман
«Мемлекеттік тілге құрмет» бірлестігінің 
төрайымы
Дихан Қамзабекұлы
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің проректоры, ҚР ҰҒА
корреспондент мүшесі
Дархан Қыдырәлі
ҚР Білім және ғылым министрлігі
Халықаралық түркі академиясының
президенті, тарих ғылымдарының докторы
Дос Көшім
«Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы

3
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
Оқырманға арнау!
Еліміздің тәуелсіздікке ие болуы, қоғамның барлық саласының ты-
нысын ашқан еркіндік самалы, азаттық мұраттарының жаңғыруы 
– ең басты рухани қазынамыз, хатталған тарихымыз, бабалар ама-
наты сақталған тіліміздің өрісін ашып, Алаш баласын тұтастырар 
тірек  болуымен  бірге,  қазақтың  атымен  мемлекет  құрған  елдің 
негізгі тіліне де айналды. Қазақ тілінің Конституциямен бекітілген 
осындай  мемлекеттік  мәртебесі    тілдің  қолданыс  аясын  кеңейту 
жұмыстарында насихаттық шараларды да жүргізуді қажет етеді. 
Елі міздегі  тіл  саясатын  жүзеге  асыратын  мемлекеттік  орган  – 
Мәдениет  және  спорт  министрлігінің  басылымы  болғандықтан,  
«Тіл және қоғам» журналы алғаш жарық көрген кезден бастап  тіл 
саласына қатысты  басым бағыттарды негізге алып келеді. Жур-
налдың биылғы жылғы алғашқы санында да осындай дәстүрлі ба-
ғыт жалғасын тауып, сонымен бірге бұрынғыларға қоса, жаңадан 
«Маржан  сөз»,  «Әлемдік  ақыл-ойдан»,  «Қалтарыста  қалған  қа-
зы на» сияқты айдарлар енгізілді. Мұндағы мақсат – қазақ тілінің 
байлығы мен бейнелілігін таныту, тілдің адам мен қоғам өміріндегі 
айрықша маңызын ашқан әлемдік деңгейдегі тұлғалардың ойлары-
мен қазақ оқырмандарын қауыштыру және тарихи кезеңдерде тіл 
туралы жазылған, бүгіндері әлі де өзектілігін сақтаған  көпшілікке 
беймәлім  еңбектерді  таныстыру.  Әлбетте,  журнал  ономасти ка, 
терминология және әдістеме мәселелері туралы мақалалар жария-
лауды жалғастырып, «Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы 
болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына ойдың шеберлігі ке-
рек. Ұнамды орынды, дәмді болуына сыншылдық керек; мағыналы, 
маңызды болуына білім керек» деп ұлттық тіл біліміміздің атасы 
Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, авторлардан жаңашыл мазмұн-
дағы еңбектер күтеміз.
 

4
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ТӨЛЕН ӘБДІК
ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреты
ҚР еңбек сіңірген қайраткері, жазушы
  
Мемлекеттік тіл – міндетті тіл
Ел егемендігін тілге тиек етсек тіл мәселесінен бастаймыз, олай бо-
луы заңды да. Өйткені барлық істің бастауында қашанда тіл тұрады. 
Қазақ ті лін дамытудың бүгінгі жағдайы туралы не айтасыз?
Тәуелсіз ұлт болу үшін ең алдымен екі нәрсе керек: бірі – тіл, екіншісі 
– жер. Жер мәселесі өз алдына жеке әңгіме, оның да проблемасы аз болып 
жатқан жоқ. Ал тілге келетін болсақ, оның дауы тәуелсіздік алған кезден бас­
тап, әлі күнге дейін толастаған емес. Басты себептерінің бірі – тіл мәселесі 
төңірегіндегі  пікірлердің  бір  жерге  тоғыспауы,  шашыраңқылығы.  Тілді 
дамытудың жолдары, тәсілдері, қиыншылықтары шаш етектен. Оның бәрін 
бір күнде шешу мүмкін емес. Сондықтан проблемалардың ең маңыздысын 
бірінші орынға қоя білуіміз керек. Қазақ тілінің екі статусы бар – ана тілі 
және  мемлекеттік  тіл.  Ана  тілін  үйрену,  оқыту  ­  заң  тұрғысында  міндетті 
түрде  деп  айта  алмайсың,  адамның  өз  еркіндігіне,  перзенттік  парызына, 
азаматтық жауапкершілігіне байланысты. Ал мемлекеттік тіл – міндетті тіл 
болып есептеледі. Өйткені мемлекеттік тіл ­ мемлекеттік органдардың тілі, 
мемлекеттік  басқару  жүйесінің  тілі,  мемлекет  қауіпсіздігінің  кепілі.  Оны 
Президенттен бастап бүкіл мемлекеттік қызметкерлер білуге міндетті. Алай­
да  бұл  заңның  орындалмай  отырғаны  баршаға  аян:  бізде  билік  жүйесінде 
мемлекеттік  тілді  білмейтіндер,  білгісі  де  келмейтіндер  жеткілікті. 
Сондықтан мемлекеттік тіл туралы арнайы заң керек. Ресей бұл заңды 2006 
жылы қабылдады. Біздің неден қорқып отырғанымыз түсініксіз.
Мемлекеттік тіл өзінің заңды тұғырына қонса, дамудың жаңа сатысына 
көтерілеміз. Қазағы да, қазақ емесі де оны білуге мүдделі болады. Өйткені 
қызметке тұру, карьера жасау, қоғамнан лайықты орын табу әркімнің өмірлік 
мақсаты.  Өз  күшінде  тұрған  мемлекеттік  тілді  олар  үйренбе  десең  де, 
үйренеді.  Осыдан  кейін  мемлекеттік  деңгейдегі  ұлт  қалыптасады.  Ұлт  де­
Салиқалы сұхбат

5
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ген этникалық топ емес. Өзіндік мәдениет жасаушы, сол арқылы өркениет 
көшіне  қосыла  алатын,  дамудың  жоғарғы  сатысына  іліккен  үлкен  халық. 
Ол өзге ұлт өкілдерін де өзінің аясына тарта алады. Яғни ұлтты ұйытатын, 
қалыптастыратын мемлекеттік тіл.  
Оқытудың  бастапқы  деңгейінде  тіл  күнделікті  қарым-қатынас  құ-
ра лы ретінде үйретіледі. Сонда мемлекеттік тіл тұрмыста ғана қол-
данылып, әдеби тіл ғалымдардың, ақын-жазушылардың тілі болып қал-
май ма?
Қазақ тілі күнделікті қарым­қатынас тілі ғана болып қала алмайтын шы­
ғар. Өйткені мектептерде қаншама гуманитарлық, ғылыми пәндер бар. Бірақ 
соңғы кезде айтылып жүрген даулы мәселелер көңілге қорқыныш ұялатады. 
Ол – ғылыми пәндер жоғарғы сыныптарда тек ағылшынша жүреді екен де­
ген әңгімелер. Бұл біріншіден, тіл туралы заңға және Президент қол қойған 
тілдерді дамыту туралы үлкен бағдарламаға қайшы келеді. Онда мемлекеттік 
тілдің қолдану аясын кеңейту, яғни оны ғылым, медицина, бизнес саласына 
енгізу, сөйтіп толыққанды мемлекеттік тіл жасау деген концепция басы ашық 
айтылған. Мемлекеттік тілдің дамуын тежеу арқылы  ағылшын тілін үйрету 
жақсы нәрсе емес, бірақ түбі дұрыс шешім табатын шығар деген үміттемін.
Балалар тілді теледидардан үйренеді. Сонда «бес» деген сөзді «без» деп 
айтатын шоумендерден тіл үйренгендер болашақта кім болып шығады?
Өз басым балалар тілді тек теледидардан үйренеді деп ойламаймын. Рас 
ықпалы болады. Бірақ негізінен отбасы мен мектептің әсері көбірек. Әлгіндей 
шала қазақтар қоғамдық өмірдің бар саласында бар. Олармен күресу үшін 
мемлекеттік тілдің рөлін көтеру керек. Сонда шала сауаттылар, дүмшелер 
өзінен өзі қажетсіз мүліктей ысырылып қалады.
Аралас мектептер туралы көзқарасыңыз қандай?
Аралас мектеп туралы көзқарасым жақсы емес. Бұл кешегі кеңес үкіме­
тінен қалған мұра. Одан құтылу керек деп ойлаймын.
Жас  жеткіншектер    арасында  қатыгездік,  мейрімсіздік  белең  алып 
келеді. Бұл індеттен қалай құтылуға болады?
Оның себебі көп болуы мүмкін. Қоғамда әлеуметтік проблемалар көбей ген 
сайын, тұрмыс төмендеген сайын, жастарға адамгершілік тәрбиесін бе ре тін 
өнер, әдебиет құнсызданған сайын өзіңіз айтып отырған кеселді құ былыстар 
одан  әрі  де  етек  ала  беруі  ғажап  емес.  Жастар  тәрбиесі  өте  қиын  мәселе. 
Құрғақ  ақыл  тәрбие  бола  алмайды.  Аға  ұрпақ  өзінің  жүріс­тұрысымен, 
істеген ісімен оларға үлгі бола білуі керек деп ойлаймын. Өзің орындамай­
тын ақылды біреуге айтудың қажеті жоқ. Яғни, ең алдымен, мына өзіміз (аға 
ұрпақтың  өкілі  ретінде  айтып  отырмын)  өтірік  айтпауымыз  керек,  ұрлық 
жасамауымыз керек, жағымпаз болмауымыз керек, ел мүддесін қорғайтын 
Салиқалы сұхбат

6
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
кезде  жалтақтамай  табандылық  көрсетуіміз  керек,  т.с.с.  Өркениеттің  бас­
ты  көрсеткіші  –  салынған  қалалардың  үлкендігі  де,  қоймадағы  астықтың 
молдығы да, тіпті ғылым мен техниканың жетістігі де емес, басты көрсеткіш 
– сол мемлекет өсірген адамның кісілік келбеті болып табылады.
Жаһанданудың  құйынына  қалай  қарсы  тұруға  болады?  Осы  орайда 
ұлттық құндылықтарымызды құндай алмай жүрген жоқпыз ба?
Жетілген ұлттардың тәжірибелерін пайдалану керек.
Мәселен, жапондар өздерінің ұлттық сипатын сақтай отырып, бүгінгі за­
ма нның талабына сай ұлт бола білді. Біз де өркениет көшіне қазақ болып 
енуіміз  керек.  Алайда  бүгінгі  күннің  адамына  орта  ғасырлық  қазақтарды 
үлгі қылып, жаңа заманға тек үрке қарайтын болсақ, одан ештеңе ұта алмас­
пыз. Заман өзгереді. Халық та өзгереді. Өзгеріс тек ізгілік, әділдік, тазалық, 
адамгершілік бағытында болуы керек. 
Төлен аға, Кеңес империясының қылышынан қан тамып тұрған кезде 
де, Қызыл қырғынды суреттеген «Өліара» романын, астары терең «То-
зақ оттары жымыңдайды» повесін өмірге әкеліп едіңіз. Тағы қандай тың 
туындыларыңызбен қуанта аласыз?
Қазір «Өліараның» екінші кітабын жазу үстіндемін.  Оның үстіне аяқ асты­
нан тағы бір повестің идеясы келіп, суып кетпей тұрғанда жазып қалайын 
деп, оны да әурелеп жатқан жайым бар.  
Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан – Қ. Баев

7
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ӨМІРЗАҚ  АЙТБАЙҰЛЫ
ҚР  Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 
ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, 
филология ғылымдарының докторы, профессор
Терминдену принципі хақында
Қазақ әдеби тілі әр алуан лексикалық арналардан құралатынын лингвист­
ғалымдарымыздың көбі мойындайды. Бірақ оны қазбалап зерттеп, қадағалап 
қа рас тырып, әрқайсысына тән өзгеше сипатын тануда істелетін жұмыс әлі де 
баршылық. Сол тарамдана толысып, сөз байлығын молайтып жатқан салалар­
дың  мүмкіншілігі  мен  ауқымын  анықтап  алмай  тұрып,  әдеби  тіл  жайын­
да әңгіме қозғау қиын. Неге десеңіз, қоғам өміріндегі әлеуметтік өзгерістер 
әсерінен,  бел гілі  дәрежеде,  тілде  де  әрқилы  құбылыстар  болып  жататынын 
біздің  қоғамдық  өмір  дәлелдеп  отыр.  Әсіресе,  ғылымның,  техника,  өнердің 
т.т.  тарихта  бұрын­соңды  болмаған  сапада  жандануына  байланысты  ана 
тіліміздің қолданыс өрісі кеңейіп, әлеуметтік мәні арта түскені мәлім. Осы 
тұрғыдан алып қарағанда, әдеби тіліміздің ауқымын аумақтандырып, оның 
ғылыми өрісін нақтыландырып отырған терминологиялық лексиканың жөні 
мүлде бөлек. 
Тіліміз  дамыды,  жетілді,  қызметі  артты  дегенде  ойға  алдымен  оралар 
арна лардың бірі – осы термин сөздер жүйесі. Қазақ тілі терминологиясының 
мәселе лері түбегейлі зерттеліп, салалары сараланып бітті деп әзір айта ал­
маймыз.  Тіп ті,  керек  десеңіз,  термин  деген  сөздің  өзінің  мән­мағынасын 
түсіндіруде  әлі  күн ге  ала­құлалық  кездеседі.  Мұның  бер  жағында  әрбір 
ғылым саласының өзіне тән терминдер жүйесін тұрақтандырып, сұрыптауға 
байланысты қарастырар қаншама әңгіме бар. 
Бүгінгідей арқалы жиында «Термин дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз?» де­
ген мәселені тағы бір тәптіштеп алудың артығы жоқ. Ғылыми түсініктеме беретін 
көптеген сөздіктер мен сұраулық, сондай­ақ осы саланы қазбалап қарастырып 
жүрген мамандар пікіріне жүгінсек, бұл сөздің түп төркіні латын тіліне барып 
тіреледі екен. Әдепкіде «шек», «шекара» деген мағынаны білдіріпті. Олай бол­
са, терминдер басқа сөздердің барлығынан өзіне тән шектеулі мағыналық сипа­
тымен ерекшеленеді. Талап бойынша ол контексте осы қасиетін бұзбай сақтауы 
тиіс. Қай ғылымның саласында қандай мағына тұрақталса, бір ғана сол қатып 
ұс та  лу ға тиіс. Қолданыстың ыңғайына қарай сан құбылып, әр алуан өріс ашатын 
Терминдер әл
емі

8
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
өзге сөздер бойындағы құбылмалылық бұларға жат. Яғни сөз мағынасының дәл­
дігі, жалқылығы, нақтылығы және тұрақтылығы терминдердің басты белгіле рі, 
міне, осы тектес.
Олар құрамы, құрылысы жағынан түрлі болып келе береді. Жеке сөз, сөз 
тір ке сі немесе біріккен сөз т.с.с. термин сөздердің өзіне тән тағы бір қасиеті 
сол, олардың көбі қолдан жасалады, не өзге тілдерден аударылады, не сол 
бөг де  тұлғадағы  күйі  өзгеріссіз  сақталып,  қабылданады.  Тілдегі  байырғы 
сөздерге терминдік мағына телініп, жаңа қызметке жұмсалып жатқан сөздер 
қаншама  (А.  Байтұрсынұлы).  Терминдік  мағына  теліну  деп  отырғанымыз 
мағынасы көмес кілеу сөздерге қосымша қызмет жүктеп, оларды жеке­дара 
мағынада қолдану деген сөз. Екі сөзді біріктіру арқылы жасалған терминдер 
де тілімізде жетерлік. 
Термин жасауда жалғау, жұрнақтардың рөлі зор (анықтауыш, пысық та уыш, 
толықтауыш,  етістік,  есімдік  т.т.),  сондай­ақ  сөздерді  тіркестіріп  ба рып, 
оларға терминдік сипат беру ( зат есім, сын есім, сан есім, сөз тіркесі, жақ ты 
сөйлем, жақсыз сөйлем т.т.) болып табылады. Мұның бәрі негізінен ұлт тық 
тіліміздің өз сөз байлығын сарапқа салу нәтижесінде өріс алған тілдік құбылыс. 
Термин  жасаудағы  екінші  бір  өнімді  тәсіл  өзге  тілдің  лексикалық  байлы­
ғын қабылдауға байланысты көрінеді. Бұл қабылдау күні кешеге дейін екі түр лі 
принцип негізінде, екі ыңғайда жүріп жатты. Бірі калька жолымен, яғни тіке ау­
дару арқылы, екіншісі – дүниежүзі халықтары тілінің көбіне ортақ халықаралық 
терминдерді және социалистік елдер тілінің ортақ сөз құра мына енген кешегі 
сове тизмдерді сол қалпында қабылдау принципі. Жасалу жол дарының әрқай­
сысын жеке­жеке қарастырып, талдағанда біраз мәселенің беті ашылды. 
Жалпы  бір  есте  болатын  ақиқат,  жасалу  жолдары  да  алуан­алуан, 
осы  процестің  бәрінде  ана  тілінің  ежелден  қалыптасқан,  сыннан  өткен 
заңдылықтары сақталып отыруға тиіс. Ол сақталмаған жерде термин тілге 
сіңбейді. Ондай термин уақыт сынынан өте алмай, керексіз элемент есебінде 
қолданыстан шығып қалады. 
Сонымен, арнаулы ұғымдар мен арнаулы заттар және нәрселерді білдіретін 
мағыналы сөздер тобын терминдер деп тану керек.
Әдеби тіліміздің даму, қалыптасу жолын бағдарласақ, Кеңес өкіметі тұсын­
да дамып, қалыптасып отырмаған, яғни сөздердің терминдену сипаты әр ал­
уан. Оның да бастау көзі, шарықтау шағы болған. Қазақ тілі терминдері Қа­
зан  төңкерісінен  кейінгі  алғашқы  кезеңде,  яғни  20­жылдарда  елді  жаппай 
сауат тандыру шараларымен қанаттаса жасала бастайды. Ал сауаттану үшін 
жазу дың тиянақтылығы керек. Міне, сондықтан да ә дегеннен­ақ әліпби мен 
орфография мәселесі күн тәртібіне қойылып, бұлармен қатар термин жасау 
принциптерінің сөз болуы тегіннен­тегін емес. Бұлар, бейнелеп айтқанда, бі­
рін сіз­бірі өмір сүре алмайтын, бірін­бірі қатты қажет ететін мәселелер. 
Қазақ халқының сауат ашу тарихында үш түрлі жазу болғаны мәлім (араб, 
латын, орыс графикасына негізделген). Мұның әрқайсысының өзінше пай­
Терминдер әл
емі

9
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
далы жақтары мен кемшіліктері болды. Қай­қайсысы да кезінде сауат ашуға 
қыз мет етті, алайда жаңа өмірдің даму қарқыны араб пен латын жазуының 
кем  шіліктерін  көрсетпей  тұра  алмады.  Ол  кездегі  жағдайды  жетік  білетін 
және өз халқының мәдени болашағын алдын ала болжай алатын зиялылар 
үкі мет пен пар тияның қолдауының арқасында біртіндеп орыс графикасына 
не гізделген жазуды қолайлырақ деп танып, осыған ойысты. Сөйтіп 42 әріптен 
тұратын қазақ әліпбиі ұлттық жазуымызды жөнге келтіріп, халқымызды про­
греске жетелегендей болды.
Әрине араб жазуының да, латын жазуының да қазақтардың табиғатына 
жақын  дайтын тұстары болды. Тіпті А. Байтұрсынұлы негіздеген төте араб 
жазуымен  қала  беруге  болатын  еді.  Алайда  саясат  салқыны  мұны  бас қа ­
ша  арнаға  тартып  кеткені  мәлім.  Дегенмен  бұл  жазудың  кемшілігін  атап 
көрсеткендер  де  болды.  Соның  қайсыбірін  еске  алалық.  Мәселен,  араб 
әліпбиінің құрамындағы небәрі үш дауысты дыбыстың негізінен әуез ді, үнді, 
ашық дауыстылардан тұратын қазақ сөздерін жазуға келгенде жетімсіз ді гі, 
кемшілігі байқала берді. Өйткені онда қазақ тілінің 9 дауыс тысына сайма­
сай келетін дыбыстар жоқ еді. Ал, латын жазуына келетін болсақ, алғашқыда 
қалтқы сыз қызмет еткенмен, көптеген сөздерді, әсіресе, өзгертпей қабылдап, 
жа зуда талап ете бастаған сол заманда халықаралық терминдерді дұрыс таң­
ба лау да мұның да олпы­солпы тұстары жетерлік болатын. Мәселен, физика, 
химия, хлор, фабрика, цемент тәрізді, терминдерді пизика, қыймия, қы лор, 
пабіріике, семент деп жазатын болдық. Ал енді бұлардың қазіргі кейпін де 
жа  зып қалыптастыруға дейін қаншама талас­тартыс, дау­дамайдың болға нын 
білеміз. Әсіресе, ана тілін өзге тілдер «шабуылынан» таза ұстауды көз де  ген 
патриотизм бой көрсеткені рас. Мұны пуристік ағым деп таныдық. Осын дай 
пуристік ағымды қатты ұстанған топ сол кезде халықаралық және ке ңестік 
ұғым  терминдерін  жобасы  келсін­келмесін,  қалайда  қазақшалауды  мақ сат 
еткен.  Кезінде  қара  айғырдың-паравоз,  отарбаның­поезд,  бибауырмашы-
лық тың­интернационалист,  орданың­институт,  ортақшылдың­коммунист 
мағы на сын да алынуы осыған дәлел. Тілдің даму заңдылығы бұл әрекеттердің 
дәйек сіз болғанын дәлелдеп шықты. 
Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуында 1933 жылы құрыл­
ған  мемлекеттік  терминология  комиссиясының  рөлі  ерекше  болды.  Оның 
ал ғаш қы председателі профессор Құдайберген Жұбановтың басшылығымен 
комиссия мүшелері аз ғана жылдың ішінде қыруар жұмыс істеген. Басқасын 
былай  қойғанда,  1935  жылы  мәдениет  қызметкерлерінің  Бүкілқазақстан­
дық    І  съезі  өткі зілер  қарсаңда  жұртшылыққа  ұсынылған  Мемтерминком 
«Бюл ле те нінің» төрт санының өзі­ақ осы кезде істелген шаруалар жайында 
біраз мағ лұмат береді. Термин жасау, қабылдау принциптері ғылыми заңды­
лық тарға  негіз де ліп,  талас  туғызып  жүрген  біраз  мәселенің  беті  ашылды. 
Бірыңғай ғы лы ми жүйеге көшті. 
Съезде профессор Қ. Жұбанов ұсынған жоба талқыланды. Ол жобада қа­
зақ терминологиясын жасаудың, халықаралық терминдерді қабылдау, олар­
Терминдер әл
емі

10
«Тіл және қоғам» №1 (43) /2016
ды қолдану, тұрақтандырудың ғылыми принциптері жан­жақты қамтылған 
бола тын. Міне, содан бері Мемлекеттік терминология комиссиясы аракідік 
үзі ліс тен  болса  да  қазақ  тілі  терминологиясын  бірізге  түсіруде  үлкен  жұ­
мыс ат қарып келеді. Ғылым мен техниканың сала­саласы бойынша сан түр­
лі термин дер сарапқа түсіп, мамандардың талқысынан өтіп, күнделікті қол­
данысқа жолдама алды. Олардың көбі ана тіліміздің сөздік құрамына еніп, 
әсіресе,  ғылыми  ой­пікірді  өрнектеуге  жұмсалатын  лексикалық  байлық 
есебінде  арнайы  қызмет  атқарып  келеді.  Терминология  шаруашылығында 
күн де лікті жүргізілетін осындай шаралардың нәтижесінде қазір қазақ тілінің 
терминдік жүйесі біршама қалыптасып қалды деп айта аламыз. Қай ғылым 
саласын қарасаңыз да өзіндік терминдер жүйесі бар. Бұлар әдеби тіліміздің 
өрісін кеңейтіп отырған лексикалық байлығымыз. 
Термин жасау мен қалыптастыруда күнделікті баспасөз бен баспа орын да­
рының, радио мен телевидениенің қызметі айрықша. Қазір әдеби тілімізге сіңісіп, 
байырғы сөздер қатарына қосыла бастаған қаншама термин о баста көпшілікке 
қызмет ететін осы органдар арқылы іске жаратылып, жүйеленген болатын.   
Қазақ тілі терминологиясының даму көздерінің бірі ретінде аударма ісі­
нің жандануы да зор қызмет атқарады. Әсіресе, марксизм–ленинизм клас­
сиктері  де  шығармаларын  қазақ  тіліне  аударуға  да  байланысты  қаншама 
сөздер қайта електен өтіп, бұрын бұйығы жатқан мағыналық белгілері қайта 
жаңғырып, тер мин  дік мәнге ие болды. Сөйтіп қоғамдық, саяси терминология­
ны жинақтап, жүйе леп алдық. Бұл процесте қазақ тілінің төл сөздері, тіпті 
байырғы көне лек сикалық арабизмдер мен парсизмдерге дейін сарапқа түсті. 
Қарап отырсақ, осылай саналы түрде реттеу, жүйелеу барысында тіліміздің 
бүгінгі болмысында зор мүм кіншіліктер көзі ашылған екен.
Кейде  терминдер  тасқынынан  тіксініп,  «тіліміз  бейнелі  қасиетінен,  өз 
таби ға тынан айырылып бара жатқан жоқ па?» деп қауіп ойлайтындар да та­
былып  қалады.  Егер  әдеби  тілдің  қоғам  өміріндегі  даму  заңдылықтарына 
саналы көзбен қарасақ, «бұзып­жарып» бұра тартатын пәлендей өрескелдік 
жоқ.  Жоғарыда  ескерткеніміздей,  тілдің  даму  өзгешілігіне  орай,    түзілген 
принциптер негізінде терминологиялық лексика әдеби тіліміздің бір үлкен 
тармағы – арнасы есебінде бой көрсетіп отыр.  
Принциптер  дегенде  оның  ең  басты  түріне  назар  аудару  қажет.  Бір 
тер мин  жасауда  төл  сөздерді  кеңірек  тарту,  яғни  өз  байлығымызды                                                  
А. Байтұрсынұлынша айт қанда, сарқа пайдалану принципі болса, екіншісі 
–орыс және интертерминдерді сол күйінде бұлжытпай  қабылдау болатын. 
Мұ ның өзі екі ыңғайда бой көрсетті. Аударуға келетіндерін аударып, калька 
жасау жолымен тілімізге сіңген көптеген терминдер бар. Мәселен, өнеркәсіп, 
жем шөп,  бесжылдық,  міндеттеме,  қызыл  бұрыш,  үндеу  шешім,  бұйрық, 
шығар ма  және  тағы  басқа.  Толып  жатқан  термин дер  тіл  байлығына  айна­
лып кетті. Егер ана тілінде толық мағынасын беруге болмайтын жағдайда, 
терминдердің сол түпнұсқадағы қалпын сақтап алу бірден–бір дұрыс тәсіл 
деп танылады. Мәселен, коммунизм, ленинизм, марксизм, совет, космос, ре-
Терминдер әл
емі

Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 3.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет