Тіл – тірегіміз бұл, әрине, еліміздегі халықтар достығын ту еткен Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысына берілген баға екені даусыз. Кеше Астанада ассамблеяның XV сессиясы өтті



жүктеу 0.74 Mb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6

Ерлан ҚАРиН, 

саясаткер:

Қазақтың әрбір жері 

таңбаланып тұруы керек. Жас ұрпақ 

ертең осы жерге келгенде тек қана 

уақыт өткізіп, демалып қайтатын 

жер емес, сонымен қатар талай 

тарихтың куәсі екенін де білетін 

болады. 

Астана

Сұлу сәнімен баршаны 

баурап алатын көрікті 

Бурабай демалыс аймағы 

тағы бір құнды жәдігермен 

толықты. Бейнелеп 

айтсақ, Хан Абылайдың 

аруағы бір аунап түсердей 

игі шара іске асты. 

Себебі қазан айының 

24-інде Оқжетпестің оң 

қапталындағы Хан Абылай 

алаңының дәл түбінде 

хан бабамызға арналып 

«Бурабай» мемлекеттік 

ұлттық табиғи паркінің 

экспозициялық кешені 

ашылды. 

Қазақстанның 

Тәжікстандағы елшілігінің 

баспасөз қызметінің 

хабарлауынша, Душанбеде 

«Айни-Абай» деп аталатын 

әдеби-музыкалық кеш өтті.

аталған мәдени-көпшілік шараны Қа-

зақстанның  Тәжікстандағы  елшілігі  Та-

тарстан  мәдениет  министрлігімен,  ұлттық 

кітапханасымен,  «Тәжікстан-Қа зақстан» 

дос тық ұйымымен және «Бәйтерек» қазақ 

мәдени орталығымен бірлесіп өткізді.

Тәжікстанның  көрнекті  өнер  қай рат-

керлері,  зиялы  қауым  мен  БаҚ  өкілдері 

қатысқан  әдеби  кеште  ұлтымыздың  ұлы 

ақыны  жайлы  Қазақстанның  Тәжікстан-

дағы Төтенше және өкілетті елшісі Әбутәліп 

ахметов  кең  көлемді  баяндама  жасады. 

Баяндамасында  абай  Құнанбаев  пен 

Садрид дин  айнидің  ортақ  қырлары 

туралы  айта  келіп,  дипломат  олардың 

шығарма шы лығында  халық  тағдыры 

терең орын алғанын айрықша атап өтті.

екі елдің әдебиет және аударма, театр 

және  кино  өнері  салаларындағы  тығыз 

байланыстары туралы Тәжікстанның халық 

жазушысы, Татарстан республикасы мем-

лекеттік  сыйлығының  лауреаты  Саттор 

Турсун,  Тәжікстан  мемлекеттік  өнер  инс-

титутының ректоры, өнертану ғы лымының 

докторы,  профессор  аслид дин  низомов 

өздерінің  сөйлеген  сөздерінде  кеңінен 

тоқталды.

Кеште  абай  мен  айнидің  әдеби  және 

музыкалық  шығармалары,  тәжік  пен 

қазақтың  ұлттық  билері  мен  ән-күйлері 

орындалды.



Кегенбек МҰРАТҰЛЫ

КӨрме


ӨМіРДЕРЕК 

Садриддин Саидмурадович 

Айни – (1878-1954 жж.) тәжік 

халқының талантты жазушысы, 

қоғам қайраткері, КСРО 

мемлекеттік сыйлығының иегері. 

Тәжік ғылым академиясының 

тұңғыш президенті.

Кеше Астанада балалар 

шығармашылығына арналған 

«Балбөбек» атты байқау 

шымылдығын ашты. Биыл 

бесінші жыл өткізіліп отырған бұл 

байқау біртіндеп болса да 

керегесін кеңейтіп келеді. 

«Балбөбектің» бесінші 

өткізіліміне еліміздің барлық 

өңірінен дерлік әнші, биші 

бөбектер келіпті.

«Балбөбек»  байқауы  астана  қаласы 

әкімдігінің  қолдауымен  өткізіліп  жүр. 

Қатысушылар өнердің екі түрінен бәйгеге 

түседі.  Вокалдық  ән  және  хореография. 

Жас  айырмашылықтарына  орай  да  екіге 

бөлінеді. атап айтқанда, бес-он жас ара-

лығындағы  кішкентай  өнерпаздар  өзара 

сайысады. ал 10-14 жастағы ересек бала-

лардың  өнерін  қазылар  алқасы  бөлек 

сараптайды.  Байқаудың  бас  жүлдесі  ас-

тана  қаласы  әкімі  иманғали  Тасма-

ғамбетов  тағайындаған  арнайы  кубок 

болып  табылады.  Сонымен  қатар  вокал-

дық  ән  бойынша  және  хореография 

бойынша  бір-бір  Гран-при  жүлдесі  бар. 

Ол 50 мың теңгені құрайды. Бірінші орын 

иеленгендер – 40 мың теңге, екінші орын 

–  30  мың  теңге,  үшінші  орын  20  мың 

теңгені құрайтын ақшалай сыйлықтармен 

және  арнайы  дипломдармен  марапат-

талады. 


Бүлдіршін  әншілердің  өнерін  сарап-

тайтын  қазылар  алқасының  сапында  Қа-

зақстанның  еңбек  сіңірген  әртісі  Гүлнәр 

Хамзина,  белгілі  сазгер  марат  Омаров, 

эстрада әншісі маржан арапбаева, таны-

мал  «Бәйтерек»  тобының  мүшесі  Сайлау 

Кәмиев  қатарлы  өнер  дүлдүлдері  бар. 

Бишілерді де осал мамандар қарамайды: 

өнердің  бұл  түрі  бойынша  қазылардың 

арасында  талай  халықаралық  сахнада 

өзінің  өнерін  паш  етіп  үлгерген  белгілі 

балет  бишісі  Гүлфайрус  Құрманқожаева 

бар.

Сонымен,  биыл  бес  жасқа  толған 



«Балбөбек»  байқауы  үш  күнге  ұласады. 

ертең  кешке  қарай  еліміздің  кішкентай 

өнер  жұлдыздарының  қатысуымен  өтетін 

гала-концерт пен марапаттау сәті қорытын-

дылайтын болады.

Бесбоғда АЛТАЙ, Астана

Бес жасар «Балбөбек» 

шақырады

БайҚау 


шаңнан  қорғайтын  картон  немесе  крафт 

секілді  арнайы  қағаздар  жапсырып 

қойған  жөн.  майлы  бояумен  салынған 

суреттерді 

әйнектің 

астына 


қоюға 

болмайды. Картинаңыз алтын жалатылған 

жиекпен  көмкерілсе,  жиегі  уақыт  өткен 

сайын  қараюы  мүмкін.  Сон дықтан 

картинаның  жиегін  аз  мөлшерде  спирт 

қосылған  құрғақ  фланель мен  сүртіп 

тұрған  дұрыс.  Тағы  бір  есте  сақтайтын 

жайт,  картина  көзге  жақсы  көріну  үшін 

оның  жоғары  жақ  бөлігін  сәл  еңкіштеу 

етіп ілген жақсы. 

м

ансұр  


Х

ами


Т 

(фо


то)

РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№189 (189) 



27.10.2009 жыл, сейсенбі            

www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

алаш азаматы

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

ДАТ!


әділбек СМАҒҰЛОВ, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-дің профессоры, 

Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері:

Еліміздің Денсаулық сақтау министр лігі 

мамандарының хабарлауынша, әзірше Қа­

зақ  станда  тамыз­қыркүйек  айларында 

аны қ   тал ған  17  адамнан  басқа  шошқа  тұ­

мауы   ның  жа ңа  дерегі  тіркелген  жоқ.  Ал 

Дүниежүзілік  де н  саулық  сақтау  ұйымының 

мәліметіне сүйе н сек, қазіргі уақытта әлем де 

414  945  адам  шошқа  тұмауынан  жапа 

шегу  де. Бүгінге дейін бес мыңға жуық адам 

осы індеттен көз жұм ған көрінеді. А/Н1N1 

ви ру сын ең көп жұқ тырған – Аме ри ка хал­

қы.  Онда  аталған  дерт ке  шал дық қан  160 

мың   адам  тіркелсе,  оның  3539­ы  қайтыс 

болып ты.  Одан  бөлек,  Тынық  мұхи ты ның 

ба тыс  бөлігінде  –  455,  Азияның  оңтүстік­

шығы сын да – 573, Еуропада – 261, Же рор­

та теңі зінің шығысында – 96, Афри када 75 

адам осы қауіпті індеттің құрбаны бол д ы. 

Қалалық Табиғи ресурстар және таби ғат ты 

пайдалануды  реттеу  басқармасының  мә лі­

метіне  сүйенсек,  оңтүстік  астананы  көгал­

дандыру  бойынша  қолға  алынған  жұмыстар 

ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр екен. Атап 

айтсақ, мұнда жыл басынан бері 9000­нан ас­

там жапырақты және қылқан жапырақты ағаш 

көшеттері  отырғызылыпты.  Негізгі  бөлігі  әл­

Фараби  даңғылы  мен  Фурманов  көшелеріне 

егілген ағаштардың қатарында жөке, талшын, 

емен  және  қайыңның  бірнеше  түрі  бар.  Сол 

сияқ ты, биыл шаһарға еуропалық шырша жә­

не  канадалық  үйеңкі  жаңадан  әкелінген  көрі­

неді.  Айта  кетейік,  аталған  басқарма  Алмалы 

және  Жетісу  аудандарына  ағаш  егу  туралы 

Қазақ саңыраулар қоғамымен келісімге отыр­

ған екен. Соған сәйкес, оқу­өндірістік меке ме­

сі нің  өкілдері  өткен  аптада  қала  көшелеріне 

160­қа  жуық  сәндік  бұта,  40  емен  және  20 

жөке ағашын отырғызды. 

Атадан мал қалғанша, тал қалсын!

Әлемде қанша адам шошқа 

тұмауымен ауырады? 



Елімізде күз және қыс мезгілдерінде қайталануы мүмкін деген шошқа тұмауы 

жайлы жаңа деректер бар ма? Жалпы, бұл індетті әлемде қанша адам жұқ ты-

рып ты?

Шынар ҚҰТЖАНҚЫЗЫ, Қарағанды

Алматы қаласын көгалдандыру бағытында биыл қала көшелерінде он мыңға жуық 

ағаш көшеттері отырғызылады деп естіген едім. Жыл болса аяқталып қалды, кө шет егіп 

жүргендерді көрмейміз, осы жоспар орындалып жатыр ма?

Марат РАМАЗАНҰЛЫ, Алматы

Лизинг саласын оңалту үшін, 

салықтық жеңілдіктерді қайтадан 

қалпына келтіру керек

ҚұҚыҚ пЕН ҚұрыҚ



Банкомат 

тонап, байымақ 

болыпты

ОҚиғА


Тоққа түсіп, 

жантәсілім берді 

АуА рАйы


Елорданы қар 

басып қалды

–  Қазақстан  индустриалды-инно-

вация лық  кезеңге  аяқ  басты.  Осы  ба-

ғы т тағы  жұмыстарда  ұзақ  жылдар 

бойы өзіңіз айналысып жүрген лизинг 

саласы қандай орын алады?

–  иә,  қазіргі  заманда  индустриалды­

инновациялық Стратегияны жүзеге асы ру­

дың бірден бір құралы лизинг болып табы­

лады. Соңғы кездерге, 2000 жылға дейін 

лизингтің  экономикалық  мәні  мен  маңы­

зын  біздің  билік  орындары,  билік  жүйесі 

дұрыс тани алмай келді. Көбінесе лизингті 

қарапайым «жалға алу» деп бағалап келді. 

Ал  2000  жылы  5  шілдеде  Қазақстан  рес­

публикасының «Қаржылық лизинг туралы» 

Заңы  қабылданғанда,  лизингтің  анықта­

масы  өзгерді.  «Лизинг  –  инвестициялық 

қызметтің түрі» деп белгіленді. Сөйтіп, ли­

зин гке  көзқарас  та  біртіндеп  өзгере  бас­

тады.  Экономикасын  дамытуға  тырыс қан 

әлемдегі кез келген ел инвестицияны көп­

теп тартуға тырысады. Оған қолайлы жағ­

дай  туғызуға  ұмтылады.  Осының  бәрін 

есеп ке алғанда, инвестиция дегеніміз, эко­

номиканы көтерудің, оны ары қарай дамы­

тудың пәрменді құралы болып табылады. 

Ол  –  өндірісті  көтерудің  құралы.  импорт 

алмастыру,  сондай­ақ  өнеркәсіптік  саясат 

жүргізу бағдарламаларын кезінде қабыл­

даған болатынбыз. Қазір шикізаттық емес 

салаларды, қайта өңдеу салаларын дамы­

ту, инновациялық­индустрияландыру жос­

парын жүзеге асыру міндеті қойылып отыр. 

Міне, соларды жүзеге асыру үшін техника 

мен технологияларды жаңарту қажет. Мә­

селен,  Қазақстанның  ауылшаруашылығы, 

өнеркәсіп, құрылыс және көлік секілді са­

ла ларын  алатын  болсақ,  ондағы  негізгі 

капитал  –  машиналар,  құрал­жабдықтар 

ұзақ жылдар бойы дер кезінде жаңар тыл­

маған.  Олардың  физикалық  тозу  деңгейі 

70­80  пайызға  жеткен.  Олар  моральдық 

жағынан  да  ескіріп  қалды.  Тоқетерін  айт­

қанда, негізгі капитал тоқыраудың алдында 

тұр деген сөз. Ал ондай жағдайда біз қалай 

сапалы өнім шығара аламыз? Біздің кәсіпо­

ры ндар бәсекелестікке қалайша төтеп бе­

ре ді?  Егер  аталған  салаларға  көңіл  бөле 

алмасақ, экономикамыз әлемдегі бәсекеге 

қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қалай 

қосылады?  Сондықтан  Қазақстан  эконо­

ми ка сындағы  негізгі  капитал  –  машина, 

құрал­жабдықтарды түбегейлі өзгерту ке­

рек,  түбегейлі  жаңғырту­жаңарту  қажет. 

Ал мұндай өзгерістің бірден бір құралы – 

ли зинг болып табылады.



– Сіз өз сөзіңізде еліміздің өнеркәсіп 

пен  өндіріс  ошақтарындағы  техника 

мен  құрал-жабдықтар  тоқырау  ал-

дын да тұр деп атап өттіңіз. Демек, ли-

зинг  бизнесі  бұл  ретте  қандай  да  бір 

кө мек  көрсете  алмай  жатқан  болып 

шық ты ғой...

– Лизингтің өзі қазір жаңа ұғым, кәсіп­

керліктің  жаңа  түрі.  Оның  әлемдік  эконо­

микадағы  тарихы  жарты  ғасырдан  ас­

пайды.  Қазіргі  заманғы  лизингтің  Отаны 

– Америка Құрама Штаттары. Ал ТМД ел­

дерінде, соның ішінде ресейде, Қазақ стан­

да, ол 1989 жылдан бастап дами бастады. 

Қазір  біздің  елдегі  лизингтің  20  жылдық 

тарихы бар. Оны әрбір кезеңге бөліп, же­

ке­жеке  қарастыруға  болады.  Бірақ  та 

осын ша уақыт ішінде лизинг мәселесі елі­

мізде әлі де дұрыс жолға қойылмай келеді. 

Қазіргі әлемдік қаржы және экономикалық 

дағдарыс  жағдайындағы  лизингтің  жай­

күйі маман ретінде мені қатты алаң да та ды . 

2008  жылы  еліміздің  президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Салық 

ко дексі жаңартылды. Сол кодекстегі лизинг 

мәселелері  бойынша,  тамыз­қараша  ай­

лары аралығында Мәжілістің Қаржы және 

бюджет  комитетінің  Жұмыс  тобына  қа ты­

суға  мүмкіндік  алдым.  Сол  кезде  Үкімет 

«Кор поративтік табыс салығын 2009 жылы 

30­дан 20 пайызға, 2010 жылы 17,5 па­

йы з ға,  ал  2011  жылы  15  пайызға  дейін 

тө мендетеміз,  яғни  пайыздық  ставкасын 

екі  есеге  дейін  қысқартамыз»  деген  ұста­

нымда болды. Сөйтіп, билік кәсіпкерлерге 

осындай  жеңілдік  жасай  отырып,  басқа 

салық түрлері бойынша осыған дейінгі бар 

жеңілдіктерді  алып  тастайтынын  айтты. 

Бірақ  бұл  қате  ұстаным  еді.  Өйткені  бұл 

өзгеріске  сәйкес,  жаңа  Салық  кодексінің 

жо басында  қосымша  құн  салығына  және 

құрал­жабдықты импорттауға байланысты 

лизингке  берілетін  жеңілдіктер  алынып 

тас талып,  лизингтік  келісімшарт  жасауға 

да кедергі келтіретін баптар пайда болды. 

Ол  баптар  лизингтің  дамуына  кедергі  ту­

дыратын еді. Сондықтан лизингтік биз нес­

ке  байланысты  осыған  дейінгі  Салық  ко­

дексінде беріліп келген салық жеңілдіктерін 

қорғап қалуға, соны өз қалпында қал ды­

руға бар күшімізді жұмсадық. «Атамекен» 

ұлттық­экономикалық палатасы, Қазақстан 

қаржыгерлер қауымдастығы және ли зин г­

тік  компаниялар  өкілдерімен  бірігіп,  осы 

бағытта біршама тер төктік. Жеке өз басым 

негізінен, жеті бап бойынша өз ұсыны сы м­

ды  кодекске  енгізуге  тырыстым.  Оның 

үшеуі толықтай, ал екеуі жартылай қабыл­

данды.  Қалған  басты  екі  ұсыныс  өтпей 

қалды. Өкінішке қарай, олар өте маңызды 

баптар еді. 

– Бұл арадағы қауіп неде?

–  Енгізілген  осы  ұсыныстардың  өмі р­

шеңдігі 2012 жылға дейін болуы ықтимал. 

Яғни, 2012 жылы аталған баптар бойынша 

енгізілген  өзгерістердің,  жеңілдіктердің 

алы  нып тасталу қаупі бар. Сондықтан бо ла­

шақ та  да  осы  бағытта  көп  жұмыс  жасауға 

тура  келеді.  Қазіргі  кездегі  лизингтік  би з­

несті дамытамыз десек, 2010 жылдан бас­

талатын  бесжылдық  индустрияландыру 

бағдарламасын толық іске асырайық де сек, 

кәсі пкерлерді  бизнес  жүргізуге  ын талан­

дыратын салықтық жеңілдіктер беру керек. 

–  Салық  бойынша  жеңілдіктер  бе-

руде Үкімет қатты ұтылып отыр ма?

–  Жоқ.  Қазір  Қазақстан  бойынша  40­

50 шақты лизингтік компания жұмыс істеп 

жатыр. Сондықтан оларға салықтан жеңіл­

дік  жасалса,  ол  мемлекетке  көп  салмақ 

түсірмейді. Оның өзінде сол компаниялар 

2007 жылы бір жарым миллиард дол ла р­

дың  техникасы  мен  құрал­жабдықтарын 

еліміздің  тауар  өндірушілеріне  жеткізіп 

бер ді.  Сондықтан  лизингке  кең,  даңғыл 

жол ашуымыз керек. Нақтырақ айтқанда, 

лизингтік  бағдарламалардың  орын да­

луын да,  оларды  қаржыландыруда  және 

жеңілдіктер  беруде  үлкен  мүмкіндіктер 

жасалуы тиіс. Жаңа салық кодексі, өкінішке 

қарай, лизингтік бизнеске қолайлы жағдай 

туғызудың орнына, кедергі келтіріп отыр. 

–  Жаңа  салық  кодексін  қолға  ал-

ған да кәсіпкерлікке жағдай жасау бас-

ты міндет ретінде қарастырылды емес 

пе?  Яки,  жаңа  кодекс  осы  бағытта  өз 

міндетін орындай алмағаны ма?

–  Жалпы,  бизнеске  қолайлы  жағдай 

туғызу  бойынша,  Қазақстан  бұрынғы  ор­

ны нан 12 сатыға жоғарылаған. Бұл – жақ­

сы көрсеткіш. Осы жағынан алғанда, жаңа 

Салық  кодексінде  белгілі  бір  салалар 

бойын ша  ілгерілеулер  бар.  Оны  жоққа 

шы ғара  алмаймыз.  Алайда  жаңа  кодекс 

лизингтік бизнеске қысым жасап отыр. 

–  әлемдік  қаржы  дағдарысы  жағ-

дайындағы  лизингтік  бизнестің  жай-

күйі қандай? Нақты цифрлармен айту-

ға бола ма?

– Әрине болады. Қазақстан республи­

касы  статистикалық  Агенттігінің  мәліметі 

бойынша, 2008 жылы еліміздегі лизингтік 

бизнестің көлемі төмендемеген. Бірақ ме­

нің ойымша, бұл нақты жағдайды көрсет­

пейді. Демек, біздің статистика есебі дұрыс 

жолға  қойылмаған.  Сол  себепті  сала  бо­

йын ша  лизингтік  компанияларға  сауа л­

нама  жүргіздік.  Бұл  мониторинг  нақты 

талдау  жасауға  мүмкіндік  береді.  Соның 

нәтижелеріне жүгінсек, мынандай екі тен­

денцияны анықтауға болады. Оның бірін­

шісі мемлекеттік лизингтік компанияларға, 

екіншісі  коммерциялық  лизингтік  ком па­

нияларға қатысты. 

Елімізде  мемлекеттік  және  жартылай 

мемлекеттік үш ірі лизингтік компания бар: 

«КазАгро»  холдингінің  «ҚазАгроҚаржы» 

АҚ, Қазақстан даму банкінің еншілес кәсі п­

орны  –  «БрК–Лизинг»  АҚ  және  «Астана­

Қаржы» лизингтік компаниясы АҚ. Олар­

дың  әрқайсысының  лизингтік  қоржыны 

150­300 миллион долларды құрайды. Бір 

сөзбен  айтқанда,  олар  –  Қазақстанның 

лизингтік бизнесінің көшбасшылары. Мұ­

ның  ішінде  «Астана­Қаржы»  лизингтік 

ком паниясының  қаржылық  жағдайы  бас 

компаниядағы қиындықтарға байланысты 

төмендеп  кетті.  Ал  қалған  екеуі  толықтай 

мемлекеттің еншісінде болғандықтан, қар­

жылық  жағдайы  жақсы.  Қазір  еліміздегі 

басымдыққа  ие  сектор  –  агроөнеркәсіп 

саласы, индустриалды­инновациялық жо­

балар.  Міне,  бұл  салалардағы  ірі  жоба­

ларды, мемлекеттік бағдарламаларды жү­

зеге асыру – мемлекеттің 100 пайыз үлесі 

бар  аталған  екі  компанияның  міндетінде. 

Сондықтан  оларға  қазір  Үкімет  қомақты 

қаржы  бөліп  жатыр.  Соның  арқасында 

«ҚазАгроҚаржы»  АҚ  мен  «БрК–Лизинг» 

АҚ­да  лизингтік  операциялар  көлемі  49 

пайызға артқан. 

Сөз еткен мемлекеттік компаниялардан 

басқасы  банктік  лизингтік  компаниялар, 

ал қалғандары өндірушілер, яғни машина 

жасау  саласының  кәсіпорындары  құрған 

компаниялар. Осы жеке кәсіпкерлік, ком­

мер циялық  лизингтік  компаниялардың 

бү гін дері жағдайы мәз емес. 2009 жылдың 

бірінші  жартыжылдығындағы  мәліметтер 

бойынша,  яғни  жылдың  басы  мен  шілде 

айындағы аралықта коммерциялық ли зи н г­

тік  компаниялардың  лизингтік  операц ия­

сының көлемі 25 пайызға төмендеген. Ал 

2008 жылы 2007 жылмен салыстыр ғанда, 

тағы  да  осындай  25  пайыздық  төмендеу 

болған еді. Сонда коммерциялық лизингтік 

компаниялардың  лизинг  нары ғының  кө­

ле мі  қаржылық  дағдарыс  кезе ңін дегі  екі 

жылдың ішінде 50 пайызға тө мен деген. 

– Оның себебі неде?

–  Оған  біріншіден,  лизингтік  опера­

цияларды  қаржыландыру  мен  несиелеу 

көлемінің төмендеуі себеп. Мәселен, 2007 

жылмен  салыстырғанда  2008  жылы  эко­

номиканы қаржыландыруға бөлген банк­

тердің  несие  көлемі  38  пайызға  төмен­

деген.  Оның  ішінде  несиенің  бөлінуі 

құ ры лыста  –  99%,  саудада  –  99,5  %, 

ауыл шаруашылығы  саласында  –  94,6  %, 

көлік саласында 91 %­ға төмендеген. Яғ­

ни, коммерциялық банктер осы сала ларға 

несие бөлуді мүлде доғарды деп айтсақ та 

болады.  Соған  байланысты  өндіріс  сала­

сының кәсіпорындары өзінің өндіріс көле­

мін қысқартқан. Ал ол өз кезегінде лизин г­

тік  операцияларға  деген  сұранысты  күрт 

төмендеткен. Бұл – екінші фактор. Жылдың 

басында  ұлттық  валютаның  25  пайызға 

девальвациялануы  үшінші  фактор  болып 

табылады.  Төртіншіден,  жаңа  Салық  ко­

дек  сіндегі  лизингке  қатысты  баптардың 

«Қар жылық  лизинг  туралы»  Заңмен,  Ха­

лықаралық қаржы есебі стандарттарымен 

сәйкес  келмеуі  себеп.  Осы  үш  заңдық­

нормативтік актілердің бір­біріне қарама­

қайшы  болуы  лизингтік  бизнестің  ары 

қарай дамуына кедергі келтіріп отыр. 



–  Салық  кодексінен  нақты  қандай 

жеңілдіктер алынып тасталды, ол ата л-

 ған салаға қандай шығын әкеп отыр?

–  Қазақстанда  машина  жасау  саласы 

дұрыс  дамымаған.  иә,  бізде  ауыл шаруа­

шылығын дамыту үшін машина жасау са­

ласы аздап көтеріліп келеді. Көлік саласына 

әртүрлі  жүк,  жеңіл  машиналар  құрастыру 

бойынша  жұмыс  жасалынып  жатыр.  Мұ­

най өндіру және оны өңдеу саласына бай­

ланысты машина жасау да біртіндеп дамып 

келеді.  Бірақ  Қазақстан  өзіне  қажетті 

құрал­жабдықтардың, техниканың, маши­

налардың 95 пайыз көлемін сырттан әке­

леді.  ресейден  және  өзімізге  жақын  ор­

наласқан  дамыған  елдерден  басты 

ере к шелігіміз  міне,  осында.  Сондықтан 

Қазақстан  экономикасының  негізгі  са ла­

лары  бойынша  құрал­жабдықтарды  жа­

ңартқымыз,  жаңғыртқымыз  келсе,  біз  ең 

алдымен  импорт  бойынша  келетін  тех­

никаға қолайлы жағдай туғызуымыз керек. 

Салық  кодексіне  2004  жылы  енгізілген 

түзетулер  мен  қосымшалар  негізінде  ли­

зингке берілетін импортталған құрал­жаб­

дықтарға қосымша құн салығы бұрын са­

лынбайтын.  Соған  байланысты  тауар 

өн дірушіге  жеткенде  техника  мен  құрал­

жабдықтар 14­15 пайызға арзанға түсетін. 

Енді  2009  жылдың  басынан  бастап  қол­

данысқа енгізілген жаңа Салық кодексінде 

осы жеңілдіктер алынып тасталды. Сөйтіп, 

біздің тауар өндірушілерге импорт арқылы 

келген  техника  мен  құрал­жабдықтар  12 

пайызға  қымбаттады.  Кезінде  кедендік 

жеңілдіктер көп берілетін. Үкімет өзімізде 

өндірілмейтін  қажетті  тауарларға  арнайы 

қаулысымен  баж  салығынан  толықтай, 

кей бір  кезде  жартылай  босатып,  лизинг 

саласына белгілі бір деңгейде жағдай жа­

сап отырды. Міне, осындай жеңіл дік тердің 

бәрі  жаңа  Салық  кодексінде  бір  баптар 

бойынша толықтай алынып тасталса, тағы 

бір  жерлерінде  жартылай  ғана  қал ды­

рылған. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал