Тіл – тірегіміз бұл, әрине, еліміздегі халықтар достығын ту еткен Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысына берілген баға екені даусыз. Кеше Астанада ассамблеяның XV сессиясы өтті



жүктеу 0.74 Mb.

бет2/6
Дата09.01.2017
өлшемі0.74 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жарқын ТүСІПБЕКҰЛЫ

Ай

ЫП



Каддафи елі үшін 

кешірім сұрады

Ливия Президенті Муаммар Каддафи Sky News телеарнасы 

арқылы қастандықтан 25 жыл бұрын қаза тапқан Британия 

азаматының тағдырына өкініш білдіріп, кешірім сұрады.

ливияның  Британиядағы  елшілігінде 

күзетші  болып  қызмет  атқарған  Ивонна 

Флетчерді 1984 жылы 17 сәуірде болған 

митинг үстінде белгісіз біреулер атып кет­

кен.  Бұл  оқиғадан  саяси  астар  көрген 

Британия әкімшілігі ливиядағы өз елшілігін 

қайтарып алып, дипломатиялық қатына с­

тар  ды толығымен үзген болатын. Өмірінде 

алғаш  рет  ресми  түрде  кешірім  сұрап 

отыр ған  ливия  көшбасшысы  Муаммар 

Кад дафи  өзінде  қастандық  иесі  жөнінде 

мәлі мет  жоқ  екендігін  айтып,  екі  ел  ара­

сын дағы  дипломатиялық  қатынастарды 

қайта орнықтыруға үміт білдірді. 

 

Сәкен  КӨКЕНОВ

САПАр

Тоқаев Ресей 

депутаттарымен кездесті

Сапар аясында Қ.Тоқаев ресейдің Фе­

дералды  жиналысына  қатысып,  Фе дера­

ция кеңесінің төрағасымен және депу тат­

тарымен кездесті. 

«Қазақстан мен ресей арасындағы се рік­

тестіктің оң нәтижелі болуына қос мем лекет 

Парламентінің  жоғарғы  палаталары  ара­

сындағы қарым­қатынас тікелей әсер етті деп 

ойлаймын», – деді Сенат төрағасы Қ.Тоқаев. 

Ол  сапар  аясында  Орыс  Православ 

шір кеуінің және ресейдің Еуропалық бөлігі 

мұ сылмандары діни басқармасының бас­

шысымен  кездесті.  Сондай­ақ  ресей  Фе­

де рациясы  Сыртқы  істер  министрлігі 

Дипло матиялық  академиясы  тың даушы­

ла рының алдында лекция оқыды.

Сәкен  КӨКЕНОВ

Кеше  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Сенатының  төрағасы 

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми іссапармен Ресейге аттанды. 

Ал 


«Ауыл», 

«руха ният», 

Қазақстан 

патриоттар  партиясы  сая сат  сахнасынан 

көз жазып қалғалы қа шан? «Жауға жалғыз 

шабатын» Ғани Қасым ов тан өзгесінің «тәуір 

қойылым»  түсі ріп,  сүйікті  кейіпкерге 

айналғаны  да  шама лы.  Мандаттан  құр 

қалмау  үшін  бірі гу  тек  оппозицияға  ғана 

емес, басқа да пар тияларға аса қажет. 



ЭПИЛОг ОРНЫНА:

Қазақстанның партиялық 

жүйесінің ерекшелігі: партиялар-

дың қуаты саяси-әлеуметтік плат-

формасымен, күшті электора ты-

мен емес, жекелеген серкелерінің 

іс-әрекетімен өлшенеді. Алайда 

сол жекелеген серкелер саясат 

сах насында жалпыхалықтық «қа-

һарманға» айналған жоқ. Ал пар-

тиялардың «басты кейіпкерсіз» 

бұл дыр «қойылымдарының» кө-

рермені болуы мүмкін емес. 

Арабтарға арналған  

апта болады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қарашаның алғашқы үш күнінде 

Бі ріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барып қайтпақ. Әбу 

Да би әмірлігі тағының мұрагері әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің 

қа ру   лы күштері бас қолбасшысының орынбасары, шейх Мұхаммед 

бен Заид әл-Нахаян арнайы шақырған екен. Бұл туралы кеше 

Сыртқы іс тер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Ілияс 

Омаров хабар ла ды.

«Cапар  барысында  екі  елдің  саяси, 

сауда­экономикалық  салалардағы  ынты­

мақ  тастық  мәселелері  қарастырылып,  екі 

ел  арасында  бірқатар  келісімдерге  қол 

қою күтілуде», – деді ол кешегі өткен бри­

финг те. Сыртқы саясатқа қатысты осы ап­

тадағы маңызды шаралардың бірі – Азия­

дағы өзара іс­қимыл және сенім шаралары 

жөнін дегі  кеңестің  (АӨСШК)  арнайы  жұ­

мыс тобы және аға лауазымды тұлғалары 

Қы тай  астанасы  Бейжіңде  бас  қоспақ. 

Олар АӨСШК елдері мемлекеттері басшы­

лары  мен  үкімет  басшыларының  үшінші 

сам митін өткізу мәселелерін талқылайды.

Сәрсенбінің сәтті күні елімізге көптен бері 

қақтығыстан көз ашпай келе жатқан Палес­

тина  ұлттық  әкімшілігінің  сыртқы  іс тер  ми­

нистрі рияд Малеки екі күндік са пар мен ке­

леді. «Сапар барысында р.Мале ки елі міздің 

басшыларымен  кездесіп,  келіс сөз дер  ба­

рысында Таяу Шығыс мәсе ле лерін үйлес тіру 

және де екі ел арасын дағы саяси, сауда­эко­

номикалық,  мәдени­гу манитар лық  са ла­

лар дағы  ынтымақтас тық  жөнінде  пі кір  ал­

мас пақ», – дейді ілияс Омаров.



Бесбоғда АЛТАЙ,

Астана

 

? А л А ш т ы   А л А ң д А т Қ А н   с А у А л



А л А ш т ы   А л А ң д А т Қ А н   с А у А л

Ералы 

ТОҒЖАНОВ, 

Қазақстан халқы 

ассамблеясы 

төрағасының 

орынбасары:

Дос КӨШІМ, 

«Ұлт тағдыры» 

қоғамдық 

ұйымының 

жетекшісі:

Асылы ОСМАН, 

Әзірбайжан 

мәдени 

орталығының 

жетекшісі:

Ассамблеяның қазақ тілін насихаттаудағы рөліне көңіліңіз тола ма?

–  Елбасы  былтыр  Қазақстан  халқы  ассамблея­

сының  XIV  сессиясында  мемлекеттік  тілді  дамыту 

ту ралы  тапсырма  берген  болатын.  Яғни  өзге  ұлт 

өкіл деріне  қазақ  тілін  білу  мәселесін  бағдар ла­

масына ен гізуді жүктеген еді. Сол тапсырма бүгінгі 

таңда  жүр гізіліп  жатыр.  Ол  күн  тәртібінен  түскен 

жоқ.  Түс пейді  де.  Маңыздылығын  жоймайтын 

мәсе ле  болып  қала  береді.  Өйткені  тіл  ұлттың,  ха­

лық тың жаны, өзегі болып табылады. Оны дамытуға, 

өркен детуге елімізде тұратын 130 ұлт өкілдері мүд­

делі деп айта аламын. Ең қуантарлығы, бұл мәселеге 

өз ге  ұлт  өкілдері  де  қызығушылық  танытып  отыр. 

Елі міздегі  орыс  ұлтының  мәдени  орталығында  да 

бұл мәселенің қолға алынуы осының жарқын айға­

ғы бо ла алады.

– Көңілім толмайды, әрине. Біріншіден, 

менің  ойымша,  әлі  нақты  қазақ  тілін 

насихаттайтындай жұмыс бастала қойған 

жоқ. Екіншіден, ассамблеяның доктрина­

сын қарап шықтым, онда көп жерде қазақ 

тілі мен орыс тілін бірдей жағдайда қой­

ған. «Өгіз де өлмесін, арба да сынбасын» 

деген саясат бұл жерде де ұсталған сияқ­

ты.  Мен  өзім  практикпін  ғой.  Сон дықтан 

ма ған бұлардың ниеттері емес, нақты жұ­

мыстары қажет. Нақты жұмыс жоқ болса, 

ол  баяғы  партияның  қаулы ла ры  тәрізді 

болып  қалады:  көтереміз,  терең де теміз, 

асы рамыз,  өсіреміз,  дамытамыз  де ген 

сияқ ты.


– Қазақстандағы жетіспей жатқан ортақ мүддеміздің бәрін Қазақстан халқы 

ассамблеясы  да  көтеруі  керек.  Ал  оның  бірі  –  мемлекеттік  тілдің  өз  тұғырына 

қонбай  тұрғаны.  Мемлекеттік  тілді  тұғырына  қондыруға,  оны  өмірдің  барлық 

саласына  қолдануға  алдымен  ассамблея  мұрындық  болуы  керек.  Алайда 

ассамблея осы уақытқа дейін оған көңіл бөлген жоқ. Берік Әбдіғалидің айтуына 

қарағанда, ассамблеяның биыл қазақ тіліне байланысты көтерген ептеп болсын 

бастамасы  бар  екен.  Десек  те,  өз  басым  оны  әлі  көрген  жоқпын.  Қазақ  тілінің 

мәселесі осы сессияда көтеріле ме, жоқ па – оны білмей тұрмын. Егер көтерілетін 

болса,  онда  құба­құп.  Бірақ  айту  бар  да,  орындау  жоқ.  Ассамблеяның  қазақ 

рухының, қазақ тілінің өз дәрежесіне көтерілуіне құлықты болатынына күмәнім 

бар. 

Дайындаған  

Салтан СӘКЕН,

Астана

соқтырып 

кетпек. 

Сондықтан 

ал да 

Президент  сайлауы  мен  Парламент  сай­



лауының  қабаттастырылмайтынын  ес кер­

сек,  ондай  саяси  науқанға  қай  партия  да 

тас­түйін дайындалары анық. Мұндай жағ­

дайда  біріккен  оппозициялық  пар тиядан 

көп  жағынан  бәсі  кем  түсетін  билік шіл 

партияларға  бірігу  ауадай  қажет  бол мақ. 

Өткен аптада ОСК­ның Парламенттегі пар­

тияларға  бюджеттен  қаржы  бөлу  тура лы 

қаулысы  Парламенттен  тыс  партия лар ды 

мандаттан дәмелендіре түскендей. Алай да 

билікшіл  және  конструктивті  бағыт  ұстан­

ған партиялар «Нұр Отаннан» іргені аулақ 

сала  бастағандай.  Мәселен,  «Әді лет» 

партиясының  жетекшісі  Мақсұт  Нә рік баев 

ешбір  партиямен  «некелеспей ті нін»  кесіп 

айтты. «Ақ жол» партиясының 2010­2020 

жылдарға арналған «Қазақ стан ның ұлттық 

дамуы туралы» бағдар ла масы «Нұр Отан» 

партиясы төрағасының бірін ші орынбасары 

Дархан  Қалетаевқа  тіп тен  ұнамай  қалды. 



Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

2007 жылы 23 маусымда «Нағыз Ақ жол» партиясының III съезінде 

Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға қосылды. Ал 2007 

жылғы 20 қазанда «Нағыз Ақ жолдың» IV съезінде ЖСДП-дан қайта 

бөлінген болатын.

ЭПИЗОД:

Украинада саяси бәсекенің қалай жүретіні жалпақ әлемге жақсы 

таныс. Тұтас Украинаның ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, 

халықтың ішкі бірлігін көрсеткен бес жыл бұрынғы президенттік 

сайлау украиндердің саясатта қызуқанды екендерін аңғартқан еді. 

А

бай ОМА



рОВ (к

олла


ж)

ПРОЛОг

Саясат – жұмбақ образдарға толы, сюжеті шым-шытырық, ең күрделі 

сахна. Мүдделер мен ұстанымдар қайшыласқан, ықпыл-жықпылы көп, 

пейіл мен пиғылды ажыратып болмайтын саяси құбылыстарды ешбір 

театр бар болмысын ақтара сахналай алмайтын шығар. Есесіне әр пенде 

– күнделікті өмірде сиқырлы һәм сайқал саясат сахнасының еркінен тыс 

тұрақты көрермені, шынайы куәгері. Сахна төріндегі биліктің шат-ша-

дыман шымылдығының ар жағындағы оппозиция кейіпкерлері соңғы 

кездері өз «образдарын» көркемдей түсуге барынша тер төгіп бағады. 

Көрерменіне сәтсіз қойылымдар сыйлаудан аса алмаған, өткен-кеткен 

сайлаулардан оңбай жеңіле берген оппозиция өз ішін кадрлық һәм 

құрылымдық реформалауға кірісіп кетті. Қазанның 13-і күні бірігу туралы 

мәлімдеме жасаған «Азат» пен ЖСДП сенбі күні бірлескен құрылтайын 

өткізіп, енді мызғымайтын, «өз көкінәсында ыдыс-аяқ сылдырат пай тын» 

«Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясын құрды. 

Басы 1-бетте

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№189 (189) 



27.10.2009 жыл, сейсенбі

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz



? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Қайсысы басшы, қайсысы қосшы?

Ақша аударсам қанша ақы ұстайды?

Қазір ірі компаниялар туралы айтқанда басқарма 

төрағасы, директорлар кеңесі төрағасы деп жатады. Осы 

екі басшының қайсысының лауазымы жоғары? 

Ләйлә ӘУБӘКІР, Қызылорда

Балам Қытайға оқу түсіп еді. Оған 1000 доллар аударсам  

қанша ақы ұсталады? 

Берікбол ӘШІРБЕКОВ, Астана

Ал  лизингтік  компаниялар  Үкімет 

тарапынан қолдауға зәру. Қазір банктердің 

бізге  беретін  несиелері  құны  қымбат, 

шетелдік инвесторлар да, дәл қазір ақша 

құюға  әзір  емес.  Бұл  –  барлық  лизингтік 

компаниялар басындағы жағдай.

Биыл қаңтар айынан бастап күшіне ен­

ген өзгерістер кесірінен азғантай жеңіл ді­

гіміз бен артықшылығымыздан қағылдық. 

Сыйақыдан  корпоративтік  табыс  салығы 

мен қосымша құн салығын төлейтін бол­

дық. Осы уақытқа дейін елімізде өнді ріл­

мейтін құрал­жабдықтарды қаржы лизин­

гі  негізінде  импорттағанда  кәсіпкер  қо­

сым ша  құн  салығынан  босатылатын  еді. 

Ен ді  бұл  жеңілдік  жоқ.  5  пайыздық  баж 

са лығына 12 пайыздық қосымша құн са­

лығы қосылды. Бұдан кейін банк өнімінен 

еш  айырмашылығымыз  болмай  қалды. 

Қа зір  еңбеккерлердің  жалақысын  төлеу, 

ғи маратты  ұстап  тұру  сияқты  күнделікті 



Басы 1-бетте

Ой-КөКпар



Арман ЕСЖАНОВ, «БТА ORIX Лизинг» 

компаниясы клиенттермен жұмыс істеу 

департаменті директоры

Ілияс ИСАЕВ,

экономист

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар 

лизингті дамытудың көзі бола ала ма?

қажеттеріміз  үшін  жұмыс  істеп  жатыр­

мыз. 

Оның  үстіне  «Даму»  кәсіпкерлікті 



қолдау қоры арзан несиені тек банктерге 

берді.  Екінші  деңгейлі  банктер  ақша 

аудару,  есепшот  ашу  сияқты  қосымша 

қызмет  түрлерінен  табыс  көретіндіктен, 

өнімнің  ақтық  құны  біздегіден  арзан 

болып  шығады.  Банктер  ұсынатын  ли­

зинг құны 12,5 пайыздан басталса, біз­

дің бағамыз 16–25 пайыз аралығында. 

2006 жылы көп дегенде 18 пайыз болу­

шы еді. Бізді лизинг үшін қосымша кепіл­

дік  талап  етеді  деп  айыптаушылар  да 

бар.  Қосымша  кепілдік  –  тәуекел  үшін 

тө лене тін ақы. Біз қауіп­қатерді сақтан­

ды рып, ставка мөлшерін көтермеу үшін 

қол  данатын  амал.  Былтыр  тамыз­қыр­

кү йек  айларында  төлемі  кешіктірілген 

ли зинг үлесі 30 пайызға дейін көтеріліп 

кет кен соң, біздің акционерлеріміз жаңа 

клиент терге өнім сату ісін тоқтатты. Бұл іс 

тек биыл шілде айында қайта жанданды­

рыл ды. 

Сондықтан да елдегі лизинг нарығын 

да мытуды ірі, қабілетті әлеуметтік­кәсі п­

керлік корпорациялармен біріге отырып, 

кешенді жоспарлау мен нақты есептеулер 

ар қылы жүзеге асыру қажет.

 Қазір елдегі техника тозған, жаңартуды 

қажет етеді. Еккен егінді күтіп­баптап, шаш­

пай­төкпей жинап алу үшін лизинг тә різді 

қаржылық  қызметтің  керегі  анық.  Бірақ 

бюджеттің,  салық  төлеушілердің  қар жы­

сын  қолдан­қолға  өткізіп,  жолдағыларға 

жем қылмай, тиімді пайдалану жолын та­

буы мыз  керек.  Қазір  жұмыс  істеп  жатқан 

ли зингілік  компаниялар  да  банктердің 

жаны нан  енші  алып  шыққан,  ақшаны  сол 

банктен қарызға алып, өз пайдасын қо  сып, 

тұтынушыларға ұсынып отырған кә сіпорын. 

Бұл  да  делдалдардың  бір  түрі.  Олар дың 

16­25  пайыздық  ставкасы  шар уа лар  үшін 

өте  қымбат,  фермерлерге  4­5  пайыздық 

өсім қолайлы болар еді. Алайда инф ляция 

деңгейі  бұдан  жоғары  болған дық тан, 

мұндай несие беру нарық заңына қай шы. 

Несие  ұзақтығы  техниканы  пай дала ну 

мерзімінен  ұзақ  болмауы  тиіс.  Ли зингтік 

компаниялардың қауқары бұ ған да жетпей 

келеді. 


Сондықтан бюджет қаржысын берекелі 

жұмсаудың  жалғыз  жолы  –  елге  қажетті 

ауылшаруашылық  техникасын  мемлекеттік 

лизингтік компания атына сатып алып, шар­

уаларға жалға беру. Комбайнды фер мерлер 

жылына  екі­ақ  ай  қолданады.  Бас қа  уа­

қытта  қаңтарылып  текке  тұрады.  Бұл  әдіс 

өте  тиімді  болар  еді.  Мұндай  қадам ға 

Үкімет бара ма? Әзірге бармай отыр. 

К

ЕДЕН



 О

ДА

ғы



Нарық

Сонымен банктерге үлестірілген жіліктен лизингтік компаниялар да дәмелі. «Арзан ақша алсақ, 

төменгі сыйақы белгілеп, табыс табар едік», – дейді олар. Меморандумның орындалуына қарасақ

биыл лизингтік компаниялар қолына қаржы тиетінге ұқсамайды. «Ертіс» ӘКК» ҰК» АҚ бизнес 

жобалары департаменті директоры Азамат Тілеулесов біздің сауалымызға: «Теория жүзінде 

өркендете алады, бірақ оны жүзеге асыру өте қиынға түседі», – деп жауап берді. Ол корпорация үшін 

де, тұтынушы үшін де тиімді өсімақы деңгейі табыларына күмәні бар. Лизингтік компаниялардың 

бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалу үшін салық жеңілдігін қалдыра ма, әлде қарызға ақша бере ме

мұны Үкімет шеше жатар. 

Осы аралықта еліміздің лизинг нарығын шетелдік компаниялар жайлап жатқанын айтпай кетуге 

болмайды. Біз ырғалып –жырғалып жүргенде, Ресейдің «КамАЗ-Лизинг» компаниясы елімізде бір 

жылда 300 көлік сатып үлгерген. Бұдан түскен табыс бөтен елге кетті. 

Дайындаған Анар ҚУАНЫШБЕКОВА

ТҮ

й

ІН

Біздің есебіміз түгел ме?

Сарапшыларға сенсек, бірыңғай тариф 

Ресей нормаларына негізделген. Ресейдегі 

қазіргі кедендік баждың 83 пайызы одақ 

құ рылғаннан  кейін  де  өзгеріске  ұшыра­

май ды. Мұндағы 305 тауардың мөлшер­

ле месі өсіп, 1500 тауардың мөлшерлемесі 

ке мітіледі.  Тұтыну  тауарларының  негізгі 

түр леріне бұл төмендеу әсер етпейтін кө­

рінеді.  Сондықтан  бағаның  арзандауына 

үміт артудың қажеті жоқ. Ресей маман да­

рының  айтуынша,  біздің  елге  оңай  ти­

мейтін сияқты. Себебі бүкіл дерлік кеден­

дік тарифті қайта жазып шығуымыз мү м­

кін. 

Жалпы,  Ресей  мөлшерлемесін  негізге 



алудың өзіндік себебі бар: ондағы нарық 

ең сыйымды саналады. 

Басқаны қайдам, Ресей жағы кедендік 

тариф саясатының нәтижесіне риза болуы 

тиіс. Автокөлікке қатысты мәселеде терістік 

көршіміздің  дегені  болды.  Шетелдік 

көлікке  ең  жоғарғы  бажды  ұстап  тұру 

тиімді екені түсінікті. Сондықтан автокөлік­

ке кедендік баж бүкіл Кеден одағына мүше 

елдер  үшін  жоғарғы  болмақ.  Ресейдің 

дағ дарыс  алдында  қабылдаған  мөлшер­

ле месі  бекітіледі:  жаңа  автокөлікке  –  30 

пайыз,  көнесіне  –  35  пайыз.  Өз  өндірісі 

жоқ қазақ және белорус нарығын орыстар 

өз  автокөлігімен  толтыруға  дайын  отыр. 

Ресей  жағы  баж  көлемін  көтерумен  шек­

тел ген жоқ. Шетелдік автоконцерндер Қа­

зақстан  мен  Беларусь  аумағында  өндіріс 

ашу үшін Ресей ережесіне бағынатын бо­

ла ды. Сырттан келген концерндер жылына 

25 мыңнан кем емес көлік және жергілікті 

на рықта  30  пайыздан  кем  емес  қосалқы 

бөл шектер сатып алған жағдайда ғана са­

Өткен аптада Кедендік одаққа енген үш ел (Қазақстан, Ресей 

және Беларусь) кедендік тариф саясатын үйлестірді. Оның 

негізгі механизмдері 2010 жылдың 1-қаңтарынан бастап іске 

қосылады. Осы елдердің сыртқы саудасын реттеу 1-қаңтардан 

бастап Кедендік одақтың комиссиясы міндетіне жүктеледі. Ал 

27-қарашада Минскіде өтетін ЕурАзЭҚ-тың мемлекетаралық 

кеңесінде үш елдің президенттері 2010 жылы 1-қаңтардан 

бастап күшіне енетін Кедендік одақ кодексіне қол қояды. 

лық  жеңілдіктерін  иеленеді.  Бұл  бап  та 

орыстардың 

бастамасымен 

енгізілді. 

Сондағы  сылтауы  –  мәселен,  Қытай  кез 

келген  елде,  кез  келген  уақытта  машина 

құрайтын  өндірісті  ашып  жіберуі  ғажап 

емес.  Одан  АвтоВАЗ  әлдеқайда  артық 

дейді олар. Қалай болғанда да, Ресейдің 

бұл жағынан есебі түгел. 

Есесіне  белорустар  мен  қазақтар  қант 

үшін  қатты  «шайқасқан»  көрінеді.  Біздің 

жақтың  өйтетін  де  жөні  бар:  Куба  және 

Латын  Америкасымен  қант  қамысын  са­

тып  алу  жөнінде  ұзақ  мерзімді  келісімге 

ке ліп қойған. Мұхиттың ар жағынан әке­

ліне тін  қантқа  баж  салынбайтындықтан 

ар з ан ға  түседі.  Сол  себепті  бізге  Ресейге 

еріп  бажды  көтеру  тиімді  емес.  Әйтеуір, 

2019  жылға  дейін  қантты  бұрынғыдай 

импорт тайтын  болдық.  Әйтсе  де,  орыс 

пен  белорустың  қантына  шектеу  енгізуге 

құ қығымыз жоқ. 

Кедендік  одақтағы  үш  ел  демпингке 

қарсы  тексеру  жұмыстарын  өзі  жүргізеді. 

Өз өндірушілерін қорғау үшін әр мемлекет 

белгілі  бір  тауардың  бірыңғай  кедендік 

тарифіне  қосымша  төлем  қоса  алады. 

Кедендік одақ дамуының келесі кезеңінде 

бұл өкілеттік Кеден одағының комиссиясы­

на тапсырылады. 

Әзірге  ақша  мәселесінде  келісім  жоқ. 

Алайда кедендік баждың 90 пайызы Ресей 

бюджетіне түседі деген сөз бар (айта кету 

керек, кедендік төлемдер Ресей бюджетінің 

тең жартысын толтырады).

Кеден одағына мүше елдерде өндіріл­

мей тін  тауарларға  неғұрлым  төмен  мөл­

шер леме  қойылыпты.  Қазіргі  күні  11,2 

мың қалыптың (позиция) бірыңғай кеден 

тарифі  келісілді.  Ресей  үшін  бірыңғай 

тарифте  –  9,3  мың,  Беларусь  үшін  –  8,3 

мың,  Қазақстан  үшін  5  мың  номенкла ту­

ралық қалып бекітілді. 

Мүше  елдердің  жоспары  бойынша 

біртұтас кедендік аймақты құруға қатысты 

барлық жұмыстар 2011 жылдың ортасына 

қарай аяқталуы тиіс. 

Алайда кодекс пен бірыңғай тарифтен 

басқа  үш  елге  өзге  де  механизмдерді 

реттеуге  тура  келеді.  Бұл  еркін  саудаға 

қа тысты. 

Ресейдің 

Сербия 

мен 


Черногория мен  осындай  келісімі  бар. 

Сондай­ақ Кеден дік одақ органдарының 

шешімдерін қайта қарау үшін сот органы 

құрылуы  тиіс.  Ал  үш  елдің  Дүниежүзілік 

сауда ұйымына кі ру мәселесі – өз алдына 

бөлек әңгіме. 



P.S Еліміздің индустрия және сауда 

министрі Әсет Исекешовтің мәлім де-

уін ше, Қазақстан Кедендік одақты 

құру ға және ДСҰ-ға енуге бай-

ланысты келісімдер барысында өз 

мүддесінен ауытқыған жоқ. 

«Әсіресе Кедендік одақ құруда 

оған қатысушы мүшелердің әрқай-

сысынан икемділікті талап етті. Кейбір 

маңызды мәселелерде Қазақстан 

өтпелі кезең жөніндегі келісімге қол 

жеткізді», – деді министр.

«ҚазМұнайГаз», 

«Қазақтеле­

ком»  немесе  банктер  сынды  ірі 

ком пания лар дың көбі акционерлік 

қоғам түрін де құрылған. Яғни оның 

қожа йыны  –  акционерлер.  Мы­

салы,  «Қаз  МұнайГаз»  бен  «Қазақ­

те леком»  иесі  Үкімет  болса,  банк­

тердің  егесі  –  түр лі  қаржы  ұйым­

дары  немесе  жеке  тұл ғалар.  Ди­

рек торлар  кеңесі  –  осы  ак цио­

нерлер өкілі кіретін ең жоғары ор­

ган. Дирек торлар кеңесі компания­

ның даму стратегиясын анықтайды. 

Ал басқарма оны күнделікті жүзеге 

асырады. Яғни басқарма төрағасы 

–  жалдамалы менеджер, директор­

лар кеңесі төрағасы –қожайын бо­

лып табылады. 

Western  Union  ақша  аудару  әдісі 

арқылы  аударсаңыз  1000  доллар 

үшін 75 доллар комиссия ұсталынады. 

Алушының төлқұжатындағы мәлімет­

тер,  қала  аты,  банктің  реквизиттері 

қа жет.  Аударым  15­20  минут  ішінде 

ба лаңызға  тиеді.  Сондай­ақ  ақшаны 

бан кішілік  аударым  әдісі  арқылы  да 

жол дауға  болады.  Егер  балаңыз  Қы­

тай дағы  банктердің  бірінен  есепшот 

ашқан  болса  1000  доллар  үшін  25 

дол лар ақы алынады. Бірақ аударым 

бір күнде жетеді. Ең оңай жолы – ба­

ла ңыз  China  bank­те  төлем  кар точ­

касын  ашып,  сіз  оны  осы  жақтан 

толтырып  тұрсаңыз.  Қытай  банкінің 

Қа зақстандағы  өкілдігі  ақшаны  тең­

гемен апарсаңыз – 20 доллар, доллар 

түрінде апарсаңыз 45 доллар ақы ұс­

тайды. Карточкаға 1000 доллар құй­

са ңыз да, 5 000 құйсаңыз да осындай 

ко миссия ұсталады. 

ХАЛыҚАРАЛыҚ ыНТыМАҚТАСТыҚ



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал