«тікелей желі» корпоративтік коммуникациясы. Біз сіздердің хаттарыңызды мына мекен-жайда күтеміз: Теміртау қ-сы, Республика д-лы, 1



жүктеу 76.78 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.01.2017
өлшемі76.78 Kb.
#1060

96-99-10 - «тікелей желі» корпоративтік коммуникациясы. Біз сіздердің хаттарыңызды мына мекен-жайда күтеміз: Теміртау қ-сы, Республика д-лы, 1

Өндірісте

23 сәуір 2014 жылы. № 16

«АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ көмір департаменті өндірісінде 

кәсіпорынның әкімшілігі мен 

кәсіподағы арасында ұйымдық 

келісім-шартқа қол қойылды.

Жаңа келісім-шарт өндірістегі 

әлеуметтік экономикалық 

бірқалыптылыққа қол жеткізумен 

қатар оның жұмысшыларының 

тұрмыс деңгейін жоғарылатып, 

сонымен қатар компанияның 

бәсекеге қабілеттілігін де 

арттырады.

Жаңа ұжымдық келісім-

шарт 3 жыл мерзімге жасалды, 

компанияның әлеуметтік 

жауапкершілігіне кепілдік беретін 

жаңа құжат кеншілер үшін үлкен 

маңызға ие.

Келісім-

шартты жасау 

үшін Қарағанды 

облысы әкімінің 

орынбасары 

Б.Жұмабековтің 

қатысуымен 3 

шақты комиссия 

жұмыс жүргізді. 

Бұл 


кәсіподақтардың 

және 


компанияның 

ортақ мақсатқа 

жетуі үшін аса 

маңызды іс болды, 

енді маңызды 

ұжымдық құжатқа қол қойылғаннан 

кейін бұл кәсіпорынның болашақ 

дамуын қамтамасыз етумен қатар 

бәсекеге қабілеттілігін арттырады, 

- дейді «АрселорМиттал Теміртау» 

АҚ әкімшілік директоры Анджей 

Выпих.


Жаңа жүйенің 

пайдасы


«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісінде үнем мен ұқыптылық ерекше 

назарға алынған. Бұл «5 S» жаңа жүйесін енгізу арқылы жүзеге асуда. 

Үнем мен ұқыптылық туралы комбинаттың барлық цехтары мен жұмыс 

учаскелері жақсы тәжірибе жинақтады деп айтуға болады. Мәселен ыстық 

мырыштау және алюмендеу цехын алайық. Осы өндірістің цех бастығы 

орынбасары К.Құлмағамбетов жаңа жүйені енгізгелі жұмыс істеудің ерекше 

табыстылығын атап айтты.

- Соңғы 3 жылдан бері ұқыптылықтың 70-ке жуық қанат қақты 

жобасы орындалды, биылғы жарты жылда тағы да отыздан аса осындай 

учаскеде жаңа жүйені қолданбақпыз. Мұның өзі өнімнің сапасына, өндіріс 

мәдениетіне оң ықпалын тигізуде, - дейді ол.

- Қазірдің өзінде жылдың алғашқы тоқсанында ғана 15 учаскеде жаңа 

жүйені енгізу аяқталды. Сөйтіп адамдар үнемді әрі мәдениетті жұмыс 

істеуге қалыптасты. Мұндағы жұмыстың жағдайы тәртіптілікке бастайды. 

Тіпті көрер көзге де жағымды әрбір қажетті материал өз орнынан 

табылады. Ықтиятты жұмыс орнында өндірістік жарақатқа жол берілмейтіні 

де белгілі. Орайтын, буып-түйетін материалдар да рет-ретімен орналасқан. 

Таяудағы жылдары «5 S» өндірістің барлық буындарында қолданылатын 

болады.

Қоғамдық тыңдау



ҚР-ның экологиялық кодексі 57 бабының 3-ші тармағына сәйкес 

экологиялық тыңдаулар өткізу дәстүрі қалыптасқанын металлургтер 

жақсы біледі. Бұл өндірісті қала үшін аса маңызды да қажетті шаралардың 

бірі. Өйткені қара металлургияның алыбы жұмыс істейтін Теміртау 

қаласы үшін ауаның, жер мен судың тазалығы салауатты өмір салты 

және денсаулық үшін қажеттілік. Осыны ескере отырып «АрселорМиттал 

Теміртау» АҚ табиғатты қорғау бөлімі осы жылғы 29 сәуірде қоғамдық 

тыңдау өткізуге шешім етті. 

Бұл комбинат ұжымы мен қала 

тұрғындарының қоршаған 

ортаны қорғау және оның жай-

күйі туралы кең хабардар болуы 

туралы іс-шара. Бұл жолғы 

қоғамдық тыңдауда «№ 3 домна 

пеші». «ІІ резрядты күрделі 

жөндеу» жұмысшы жобасының 

қоршаған ортаға ықпалын 

бағалау жобасы талқыланатын 

болады. Аталған материалдар 

мен алдын-ала танысу мүмкіндігі 

жасалған. Ол үшін комбинаттың 

табиғатты қорғау бөлімінен 

қажетті материалдарды 

алуға болады. Сондай-ақ осы 

тақырыпқа ұсыныс-пікірлеріңіз 

болса оны да алдын-ала беру 

мүмкіндігі қарастырылған. 

Табиғатты қорғау біздің 

күнделікті тіршілігіміздің 

ажырамас бір бөлігі. Олай болса 

экологиялық хабардар болудан 

әрдайым қол үзбейік.

Сәуір - оң 

өзгерістер айы

Екінші тоқсанның алғашқы айы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ өндірісі 

үшін табысты басталды десек артық емес. Себебі осы айдың бірінші жарты 

жылдығында кәсіпорын дайын өнімдерді жөнелту жоспарын 100 пайыз 

орындап қомақты табысқа қол жеткізді. Кәсіпорын бір тәулік ішінде өнім 

шығарудың жоспарын орындау деңгейіне жетті. Мәселен бір ғана 13 сәуірді 

алайық бұл күні бір күн ішінде 12,5 мың тонна өнім жөнелтілді. Бұл енді 

соңғы жылдардағы ең бір жоғарғы көрсеткіш. Бұл айда 280 мың тонна өнім 

жөнелту керек болса қазіргідей қарқынмен оны орындауға толық мүмкіндік 

бар. Комбинаттың агломират, химия цехтары белгіленген жоспарды 

артығымен орындап келеді. Әзірге болат балқытушылар тапсырманы 97, 

ал домнашылар 98 пайыз деңгейінде орындауда. Дегенмен айдың аяғына 

дейін бұған дейінгі артта қалушылықтың орнын толтырып жоспарды толық 

орындауға деген ықылас, ұмтылыс бар. Металлургтер 1 - мамыр Халықтар 

бірлігі күнін жоғары өндірістік табыспен қарсы алуға ұмтылуда. 

Ұжымдық келісім-

шарт жасалды

Үнемшілдік

Өндіріс


Экология

«АрселорМиттал» кәсіпорындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің «тікелей желісі»: 96-09-09. E-mail: Hotlinetemirtau@arcelormittal.com

Дайындаған Руза АЛДАШЕВА

Қаныш Сәтбаев -115 жаста

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - аса көрнекті 

қазақ геологы, қоғам қайраткері. Қазақ КСР 

Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның 

тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының 

академигі, қазақстандық металлогения мектебінің 

негізін қалушы. Туған жері - бұрынғы Семей 

губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы 

(қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданы).

Геологиялық барлау мамандығы бойынша 

Томск технологиялық институтының тау-кен 

факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қ.Сәтбаевтың 

бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын 

және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге 

арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдар, 

мәдениет саласында да, тарихта да қалдырған 

іздері сайрап жатыр. Екінші дүниежүзілік соғыс 

аяқталуға тақағанда, жағдайдың аса қиын 

ауырлығына қарамастан, Қазақ КСР Ғылым 

академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы 

болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән 

көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми 

бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені 

туралы зерттеулерінің, сарыарқаның металлогендік 

және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні 

ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар 

қатарына жатуы - кезінде осы кеннің жоспарлы 

түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын 

ұйымдастыруға болатын ірі объекті екенін дәлелдеп 

берген Қаныш Сәтбаев еңбегінің нәтижесі. Сондай-

ақ ол минералдық шикізатқа бай сарыарқа, кенді 

Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да 

ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің 

стратиграфиясын, тектоникасы, құрылысы, 

металлогениясы, неохимиясы және шығу тегі туралы 

маңызды ғылыми қорытындылар жасады, ғылымға 

формациялық металлогендік анализдің кешендік 

әдісін енгізді.

Көптеген мамандар қатыстырыла отырып, 

Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше 

жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің 

нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және 

болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру 

арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек 

металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз 

кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді.

Ол Қарағанды металлургия зауытын салуға, 

Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың 

фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі 

нысандарды игеруге, Ертіс-Қарағанды каналының 

қазылуына, біраз ғылыми-зерттеу институтының 

ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. 

Қазақстан ғалымдарының зор армиясының 

ақылшысы, тәрбиешісі болды.

Ол - геология ғылымына қатысты әлемдік, 

одақтық, қазақстандық түрлі дәрежедегі толып 

жатқан комиссиялардың, комитеттердің мүшесі, 

басшыларының бірі, бірнеше мәрте КСРО және 

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңестерінің депутаты, СОКП 

съездерінің делегаты, КСРО Министрлер Кеңесі 

жанындағы Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар 

жөніндегі комитеттің президиум мүшесі. Ол төр 

рет Ленин орденімен, Екінші дәрежелі Отан соғысы 

орденімен марапатталып, КСРО Мемлекеттік және 

Лениндік сыйлықтардың иегері болған. Оның есімі 

институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, 

Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер 

мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ 

Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы 

ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал 

(сатбаевит) оның атымен аталады. Оған арналған 

бірнеше мұражайлар бар.

Ғалымның өмірбаяны мен еңбек жолы, еткен 

еңбегі жайында «Ғылым жолындағы өмір» деген 

тақырыпта қалалық тарихи-өлкетану мұражайында 

тамаша бір танымдық іс-шара өткізді. Тумысынан 

геолог-ғалым, ҚазССР ғылым Акадениясының 

негізін салушы және оның тұңғыш президенті 

қаныш Сәтбаевтың Теміртаудың Қазақстандағы 

қара металлургия орталығына айналуына себепкер 

болғанын біреу білсе, біреу білмес. Міне, осы ретте 

ғалымның қиын жылдарға тап келген тағдыры, 

білім алуға ұмтылысы, Қазақстанның геологиясы 

мен тау-кен байлықтары туралы көптеген қызықты 

мақалалары мен ғылыми еңбектері мұражайдың аға 

ғылыми қызметкері Т.В.Хмелева тұщымды әңгімелеп 

берді. 


Осы шараға орай ұйымдастырылған арнайы 

көрмеден қатысушылар қазақтанның түрлі кен-

байлықтарының бөлшектерін қолдарына ұстап 

көруге мол мүмкіндік алды. Сонымен қатар 

ғалым жайында естеліктер тыңдап, өздеріні білім 

көкжиектерін кеңейтті. Атап айтар болсақ, жастар 

геолог мамандығының не екенін, көмірдің қалай 

пайда болатынын, ферромарганец, мыс, кварц, 

секілді басқа да кендердің қандай мақсатта 

қолданылатынын біліп, таңдайларын қақты. 

Осы аталған жерасты кенінің қанша қоры барын 

қазіргідей технология дамымаған кезде дөп басып 

таба білген және бұлжытпай дәлелдеген Қаныш 

Имантайұлының бойындағы білімі мен ғылыми 

ұстанымдары баршаны қызықтырды. Ең бастысы, 

Теміртауда металлургия комбинатының салынуына 

тікелей ықпал еткені де жиналғандарды бей-жай 

қалдыра алмады. 

Осылайша, мұражай қызмткерлері ғалымның 

өмірін өрнектеп, бүгінгі ұрпаққа оның мұрасымен 

танысуды ұсынды. 

«Теміртау! Сен биыл асқаралы 

алпыс жасқа толасың. Бүгінгі 

кескін-келбетіңе көз тастасақ, 

тыныс-тіршілігіңе құлақ түрсек, 

күні кеше ғана мұнда табан тіреп, 

бойындағы жалыны мен білімін, 

жігері мен күшін сенің іргетасыңның 

қалануына, бой түзеп сәнденуіңе 

сарп еткен сан мыңдаған жас 

жүректердің лүпілін естігендейміз... 

Сол кездері желкілдеген жас 

бозбалалар мен бойжеткендер енді 

бүгін ардагерлер легінің алдыңғы 

қатарында келеді. Құрыш қайнатып, 

болат балқытқан металлургтер 

есімдерімен қатар кәірпіш қалап 

үй тұрғызған, құрылысшылар да, 

темірден түйін түйген токарьлар 

мен дәнекерлеушілер секілді қара 

жұмыстан қажымаған арыстарымыз 

да шау тартып, кәріліктің кемесіне 

мініпті-ау...».

Бұл менің осыдан тоғыз жыл 

бұрын, яғни 2005 жылдың 31 

наурызында жазған мақаламның 

үзіндісі. Өмір-көші алға қарай 

жылжып барады. Содан бері өткен 

тоғыз жылдың ішінде қаншама 

ардагерлеріміз келместің кемесіне 

мініп, арамыздан бақиға аттанып 

кетті. Ал Алланың берген денсаулығы 

мен күш-қуатының арқасында ырзық-

несібесін теріп, тұз-дәмін татып 

жүрген қадірмен қарттарымыз 

қаншама арамызда. Кезінде Қазақстан 

Магниткасына комсомолдық 

жолдамамен келген өрімдей жап-жас 

қыз-жігіттердің алды бүгінде тоқсанға 

жетсе, соңғы легі жетпіс жастан асып 

барады. Олардың қай-қайсысы болса 

да, құрыштай қайратты, болаттай 

берік, сондықтан болар зейнет 

жасынан асқандарына бірталай уақат 

өтсе де, қоғамнан қол үзбей, үйде 

отырып қалмай, қаланың өміріне 

белсене араласып, ұрпақ тәрбиесіне 

өз үлестерін қосып келеді. Небәрі он 

бес-он алты жасқа жеткенде қара 

жұмысқа жегіліп, еңбектің қайнаған 

қара қазанына түсіп, шыныққан, 

шираған қарттардың бірі Айтбаев 

Сайлаубай Дүйсенбайұлы. 

- Әкем Ұлы Отан соғысы 

басталған тұста броньмен 

майданнан қалып, 

Ақтоғай ауданынан осы 

Самарқанд поселкесіне 

завод салуға келген екен. 

Сөйтіп, әкей ескі қаладағы 

синтетикалық каучук 

заводының іргетасын 

қалаған құрылысшының 

бірі болған. Бұл 1942 жыл 

болатын. Ал мен 1954 

жылы он алты жасымда осы 

заводтың механика цехына 

токарь болып жұмысқа 

орналастым, осылайша 

еңбек жолым басталды, - 

деп еске алады Сайлаубай 

аға өткен күндерді.

Иә, көзін ашқалы 

айналасынан көргені тынымсыз 

еңбек, қызығынан қиындығы басым 

балалық шақ, соғыс жылдарының 

ауыртпалығы болғандықтан, бала 

Сайлаубай бұғанасы қатпай тұрып, 

жетінші сыныпты бітірісімен осылайша 

жүкті иығымен көтерісуге дайын 

болды. Дәнекерлеуші мамандығын 

меңгеріп те алды. Кейін, 1956 жылы 

завод-СК-да жөндеу-механикалық 

цехында жұмыс істеді. Ал кейінірек 

қазіргі Теміртау политехникалық 

колледжі, сол кездегі химия-

механикалық техникумында химиялық 

зертхананың механигі мамандығын 

кешкі бөлімде оқып бітірді. 

Өткен өмірі жайында әңгіме 

қозғағанда, сол кездегі адамдардың 

бір-біріне деген кеңпейілділігі, достық 

қарым-қатынастары мен көпшілідігі, 

бауырмалдығы жайында тамсана 

айтады Сайлаубай аға. Достық 

демекші, кіндік қаны осы тұғырлы 

мекен -Теміртауға тамған Нұрпейісов 

Балтабаймен арасындағы байланыс 

күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 

Бірақ амал не, өткен жұмада ғана 

сол досының өмірден өткеніне қырық 

күн толуына орай жаңа мешітте 

Алланың разылығы үшін құдайы 

ас берілген болатын. Балтабай 

ақсақал өмірден өткенде оның басы-

қасында болып, отбасына жұбату, 

ағайын-туғанға көңіл айтумен қатар 

көңілінің түкпіріндегі ыстық ықыласын 

да жеткізген еді. Бұл жолы да өзі 

басқарып, азаматтығын таныта білді.

- Біз жас шағымыздан аралас-

құралас болдық, арамыздағы 

достығымыздың берік болғаны 

соншалық, күні-бүгінге дейін қарым-

қатынасымыз үзілген емес, тіпті 

туыс болып кеттік. Мұны біздің 

балаларымыз да көріп өскендіктен 

болдар, ұл-қызымыз араласып, 

қандай жағдай болса да бір-біріміздің 

жанымыздан табылып, қуанғанда да, 

қайғырғанда да бірге болдық, -дейді 

өзі бұл жайында.

Сайлаубай Айтбаев қоғамдық 

жұмыстарда да қол үзген емес, 

кезінде өзі қызмет атқарған заводтың 

кәсіподақ комитетін де ұршықша 

үйірді. Сонымен қөатар мәдениет 

үйіндегі шаралардың да 

бел ортасында жүрді, 

металлургтердің даңқты 

хорында да ән салды. 

Осының бәрі көңілінде күні 

кешегідей сайрап тұр, ал 

уақт зымырап, бүгінде ол 

бір отбасының қазыналы 

қарты, балаларының 

асқар тауы, немерелерінің 

ардақты атасы. Құдай 

қосқан жары Сәния 

Қалқанқызы екеуі үбірлі-

шүбірлі болып отыр. 

Еңбектен бақыт тауып, 

кеудесіне «Еңбек даңқы» 

орденін және «Еңбек 

ардагері» медалін таққан 

ол 1997 жылы зейнетке 

шықса да, еңбектен бір сәт қол үзбей 

тағы бес жылдай жұмыс істеді. Ал 

қазір қалалық ақсақалдар алқасының 

мүшесі ретінде қоғамдық жұмысқа 

аралсып келеді. 

Біз бүгін еңбекпен есейген 

қарт туралы бір үзік әңгіме айттық, 

алдағы уақтты Айтбаев Сайлаубай 

ақсақалдың бойына қуат, деніне 

саулық, отының басына амандық 

тілейміз.

Алдыңғы толқын

Ғылым жолындағы өмір

Үлкенге құрмет 




жүктеу 76.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет