Т.ғ. к. ҚӨмт және км кафедрасының доценті Күзембаев С. Б



жүктеу 0.65 Mb.

бет4/7
Дата20.05.2017
өлшемі0.65 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Құм балшықты қоспаның ерекше қосымдары 

Құм  балшықты  қоспаның  ерекше  қосымдары  қоспаға  арнаулы  қасиеттерін 

беру мақсатымен қосылады. Бұған жататындар: 

– күйіп жабысуға қарсы қосымдар (противопригарные добавки), 

– құм бентонитті қоспаның ылғалдығын тұрақтандыратын және иілгіштігін 

жақсартатын қосымдар, 

– ужиминаларға қарсы қосымдар, 

– қоспа аққыштығын көбейтетін қосымдар, 

– құрғақ қоспаның икемділігін жоғарылататын қосымдар. 

Дымқыл  қалыптарға  құю  кезінде  қоспа  ылғалдығын  тұрақтандыру, 

иілгіштігін жақсарту және үлгі дағының сапасын жоғарылату үшін крахмалит 

(түрлендірілген  ісінетін  крахмал),  крахмалы  бар  экструзиялық  реагенттер, 

меласса,  ұнтақ  түріндегі  дәнді  өсімдекті  қосымдар  пайдаланылады.  Олар 

мөлшері шойын құймалар үшін 0,1...0,5 %, болат құймалар үшін 0,3...1,0 %. 

Крахмалиттің  оң  әсері  қоспаның  артық  ылғалдығын  тартудан  тұрады, 

өйткені қоспаның артық дымқылдығы беріктігін кішірейтеді. Онымен бірге жиі 

қалыптың  бу  суға  айналатын  аймағында  қоспа  беріктігі  өседі  және  қоспаның 

ужимина  түзу  бейімділігі  азаяды.  Ужимина  болдырмау  ең  сенімді  тәсілдері 

қалыптың  бу  суға  айналатын  аймағында  қоспа  беріктігін  көбеюіне  әкелетіп 

бентониттің  белсендіруі  (активтендіруі)  және  қоспаға  жанып  кететін 

қосымдарды  (көмір,  крахмал,  ағаш  ұны)  немесе  асбест  ұнтағын  қосуы  болып 

табылады. 

Қоспа  аққыштығын  жақсарту  және  балшық  суспензиясы  тұтқырлығын 

төмендету  үшін  беттік  активті  заттар  қосылады,  мысалы,  ПФЛХ 

(полифенольный  лесохимический  понизитель  вязкости),  УЩР  (углещелочной 

реагент), ичеган және окзил – лигнин мен лигносульфонат өңдеудің өнімдері. 

Құрғақ  қоспаның  икемділігін  көбейту  үшін  қалып  және  өзекше 

қоспаларына ағаш үгінділерін не ағаш ұнын қосады. 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 3, 4, 6]. 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары 

1. Қоспадағы балшықтың мәні. 

2. Балшық активтендіру тәсілдері. 

3. Қоспаның ерекше қосымдары. 

 


10-тақырып Құм-балшықты қоспалар 

Дәрістер жоспары 

1. Құм-балшықты қоспалар түрлері. 

2. Дымқыл қалыптаға құю үшін арналған қоспалар. 

 

Құм-балшықты қоспалар түрлері 

Құю  өндірісінде  құм  балшықты  қоспалар  ең  кеңінен  таралған.  Бүкіл 

қалыптау  қоспалар  арасында  олардың  көлемі 60 %  шамасында. 

Тағайындалуына  қарай  қоспалар  бірыңғай,  қаптауыш  және  толықтырғыш 

болып ажырайды. 

Бірыңғай  қоспамен  қалыпты  түгел  жасайды.  Осындай  қоспалар    шағын 

және орташа құймалар өндірісінде құю қалыбын машинамен әсіресе автоматты 

түрде  жасағанда  пайдаланады.  Қаптауыш  және  толықтырғыш  қоспалар 

қолдануы үнемдеу болып келеді. 



Қаптауыш  (беттік)  қоспа  үлгіні  қаптап  қалыптың  жұмыс  бетін  түзеді.  Ол 

сапалы  (кондициялық)  қалыптау  жадығаттардын  дайындалады  және  жаңа 

қалыптау  материалдарды  сақтау  мақсатымен  қолданады.  Нақты  жағдайларға 

байланысты қаптау қабатының қалыңдығы 20..50 мм тең. 

Қалыптың қалған орнын толықтырғыш коспамен орындайды. Ол негізінен 

пайдаланылған  қоспадан  тұрады.  Қасиеттерін  сақтау  үшін  азғантай  мөлшерде 

жаңа қалыптау заттар қосылады. 

Қоспа түрі құю қорытпасы түріне қарай таңдалады. 

Болат құймалар үшін қоспаға отқа төзімділігі мен газ өткізгіштігі жағынан 

жоғары  талаптар  қойылады,  себебі  болат  құю  температурасы  көбінесе 

1600...1650 

0

С  аймағында.  Сонымен  өтқа  төзімділігі  жоғарырақ  ірілеу  құмдар 



қолдануы ұсынылады. Шойын құймалар үшін қоспаның отқа төзімділігі мен газ 

өткізгіштігі  төменірек,  себебі  құю  температурасы  де  кішірек – 1350...1400 

0

С. 


Түсті  қорыпталар  құю  үшін  температурасы  бұдан  да  төмен,  сонымен  қоспа 

қасиеттері де төменірек 



Дымқыл қалыптарға құюға арналған қоспалар 

Болат  құюда  қалыптау  қоспа  маркасы  4К

3

О

2



02  кварц  құмынан 

дайындалады.  Ұсақ  құймалар  үшін  құм  бөлшегі  өлшемін 0,16 мм  дейін 

кішірейту,  ірі  құйма  үшін 0,3 мм  дейін  үлкейту  мүмкін.  Соңғы  жағдай 

қоспаның  отқа  төзімділігі  мен  газ  өткізгіштігін  жоғарылату  қажеттілігімен 

байланысты.  Құймада  жарықшақтар  пайда  болуын  ескеру  мақсатымен  қоспа 

құрамына  ағаш  үгінділері  қосылады.  Бет  беріктігін  көтеру  үшін  сульфит-

спиртті  бражка  беріледі.  Салмақты  құймада  қоспаның  күйіп  жабысуын 

болдырмау  мақсатымен  құрғақ  қалыптар  қоспасына 20 %  дейін  тозаң 

түйіріндей кварц енгізіледі. 

Шойын құйма жасағанда 3К

4

О

3



016 маркалы кварц құмы ұсынылады. Құйма 

массасына қарай қоспадағы түйіршіктер орташа өлшемі 0,1 әлде 0,2 мм болады. 

Болат  пен  шойын  құю  үшін  құм-балшықты  қоспалар  құрамдары 10.1 мен 

10.2-кестелерінде көрселілген. 

 


10.1-кесте – Дымқыл қалыптарда шойын құйма алу үшін қоспалар 

Қалыптау қоспа құрамы, 

мас. % 

Қоспаның физика-механикалық 



және технологиялық  қасиеттері

Қоспа түрі; 

қалыптау тәсілі 

Құймалар


 

Пайланған

 қоспа

 

Кварц



 құмы

 

Бентонит



 

Үгітілген

 к

өмір


 не

 

оның



 ауыстырғышы

 

Қосымдар



 

Сығуға


 беріктігі

Н



/мм

Ылғалдығы



, % 

Газ


 өткізгіштігі

, бір


Ұсақтардың

 жалпы

 

мөлшері



, % 

Активті


 бентонит

 

мөлшері



 

Қыздыру


 кезіндегі

 

шығындар



 

Бірыңғай; қоспа 

атумен қоса жаншу 

арқылы қалып 

жасайтын «DISA» 

типті опокасыз 

автоматты 

тізбектері 

Ұсақ 

93…98 


2,5…6,0 

0,2…1,0 


0,1…1,0 

0,02…0,06  крахмалды

 

0,17…0,21 



3,2…4,0 

100 


11…13 

7…8 


3,5…5,0 

Бірыңғай; сілку 

жаншу  машинамен 

қалыптау 

Ұсақ және 

орташа 


93…94 

5,0…6,0 


0,5…1,0 

Пек


 

0,5…1,0 


– 

0,05…0,07 

3,5…4,5 

100 


8…10 

4,0…5,5 


3,5…4,5 

 

10.2-кесте – Дымқыл қалыптарда болат құйма алу үшін қоспалар 



 

Қалыптау қоспа 

құрамы, мас. %

Қоспаның физика-

механикалық 

және технологиялық  

қасиеттері 

Қоспа түрі; қалыптау тәсілі 

Құймалар

 

Пайланған



 қоспа

 

Кварц



 құмы

 

Бентонит



 

Қосымдар


 

Сығуға


 беріктігі

, Н


/мм

Ылғалдығы



, % 

Газ


 өткізгіштігі

, бір


Ұсақтардың

 жалпы

 

мөлшері



, % 

Активті


 бентонит

 

мөлшері



 

Бірыңғай; қоспа атумен 

жаншу арқылы қалып 

жасайтын «DISA» типті 

опокасыз автоматты 

тізбектері 

Ұсақ 

92…95 


5…8 

1,2…2,0 


0,05…0,10  Крахмалды

 

0,17…0,21 



3,1…3,5 

100 


11,0…13,0 

7,0…8,0 


Бірыңғай; сілку жаншу  

машинамен қалыптастыру 

Ұсақ 

және 


орташа

93…94 


5,0…6,0 

0,5…1,0 


– 

0,05…0,07 

3,5…4,5 

100 


8…10 

4,0…5,5 


 

Түсті құймалар алу үшін маркасы 2Т

2

01 құмдар қолданады. Кей кезде құм 



бөлшегінің  орташа  өлшемін 0,2 мм  дейін  жоғарылатады.  Мыс  негізіндегі 

қорытпалар  құю  кезінде  күйіп  жабысуға  қарсы  қосым  ретінде  мазут  қосады. 



Магний қорытпаларын құйғанда тотығудан сақтау мақсатымен барий, фтор бар 

қоспа әлде сульфитті күкірт қолданады. 

Ұсынылатын әдебиеттер: [1-4, 6]. 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары: 

1. Құм-балшықты қоспаларды жіктеу. 

2. Болат құю үшін қоспалар. 

3. Шойын құю үшін қоспалар. 

4. Түсті қорытпалары құю үшін қоспалар. 



11-тақырып Қоспаның балшық емес байланыстырғыштары 

Дәрістер жоспары 

1. Балшық емес байланыстырғыштардың жіктелуі мен жалпы сипаттамасы. 

2. Сұйық шыны мен сұйық шынылы қоспалар. 

3. Фосфаттар мен фосфатты қоспалар. 

4. Цементтер және гипстер. 

5.  Сұйық  катализаторлар  мен  қатайтқыштар  әсерінен  суықтай  қатаятын 

жасанды шайырлар негізіндегі құм қоспалары. 

6.  Газ  катализаторымен  үрлегенде  жабдық  ішінде  суықтай  қатып  қалатын 

жасанды шайырлар негізіндегі құм қоспалары. 

 

Балшық  емес  байланыстырғыштардың  жіктелуі  мен  жалпы 

сипаттамасы 

Бейбалшық  байланыстырғыштарды  органикалық  және  органикалық  емес 

теп  екіге  бөледі.  Органикалық  емес  байланыстырғыш  негізіндегі  қоспаны 

қыздырғанда  су  буланған  соң  газдандырылуы  (газификация)  өтпейді,  қоспа 

күйіп  бірігеді.  Сонымен  құйманы  қалыптан  босату  және  кейін  қоспаны 

жаңғырту кезінде түрлі қиыншылықтар байқалады. 

Органикалық  байланыстырғышты  қолданғанда  қыздыру  кезінде  газдар 

көбінесе  СО  и  СО

2

  бөлінеді  және  қатты  кокс  қалдығы  түзіледі.  Құйма  босату 



мен  қоспа  жаңғырту  жеңіл,  алайда  көп  газ  шығу  салдарынан  жұмыс 

жағдайлары нашарлайды. 

Шет 

елдерде 


органикалық 

байланыстырғыштар 

қолдану 

көлемі 


органикалық емес байланыстырғыштардікінің елеулі асады. 

Сұйық шыны мен сұйық шынылы қоспалар 

Сұйық  шыны – құрамы  ауыспалы  натрий  не  калий  силикаттарының  су 

ерітіндісі. Жалпы өрнегі осы: Me

2

O · n SiO

2

 · m H



2

O, металл орнында Na немесе 

K  атомдары  орналасады.  Сұйық  шынының  негізгі  көрсеткіші  оның  модулі 

болып табылады:

 

032


,

1

%



%

2

2



=

O



Na

SiO

m



мұндағы 1,032 – натрий  мен  кремний  оксидтерінің  молекулалық 

салмақтарының қатынасы. 

Кварц  құмын  содамен  әлде  поташпен  немесе  кварц  құмын,  натрий 

сульфатын  және  көмірді 1400-1500 

0

С  температурада  қорытып  натрий  әлде 



калий силикатын өндіреді: 

Na 

2

CO

3

 + n SiO



2

 = CO 

2

Na



2

 O · n SiO

2



K 

2

CO

3

 + n SiO



2

 = CO 

2

K 



2

 O · n SiO

2



Реакция  өнімі  силикат-кесегі  деп  аталатын  мөлдір  қатты  зат  болып 

табылады. Оны автоклавта қатты бу қысыммен суда ерітіп сұйық шыны алады. 

Содалық сұйық шыны мөлдір не сұрғылт-жасыл түсті, ал сульфаттік шынының 

түсі  көміртегі  мөлшері  көп  болғанымен  қара  болады.  Аралас  сұйық  шыны 

сульфат-содалы болып табылады, оның түсі қаралау-сүр. 

Модулі бойынша сұйық шынының үш түрін айырады: А) модулі m = 2,0-2,3; 

Б)  m  = 2,31-2,6; В) m  = 2,61-3,0. 

Жазда  сұйық  шыныны  NaOH  су  ерітіндісімен  сұйылтып  модуль  мөлшерін 

1,6...1,7 дейін төмендету дұрыс. 

Этилсиликат  (С

2

Н

5

О)

4

Si    –  ортокремний  қышқылының  этил  эфирі.  Басқа 

атауы – тетраэтоксисилан.  Этил  спиртінің  кремний  хлоридімен  реакциясының 

өнімі. Абсолют спирт колданғанда реакция былай өтеді: 



SiCl

4

 + 4C



2

H

5

OH → (C

2

H

5

O)

4

Si  + 4HCl

Этилсиликат  эфир  иісі  бар  шамалы  сары  не  қоңыр  (құба)  түсті  мөлдір 

сұйық  зат.  Құю  өндірісі  үшін  этилсиликаттың  екі  маркасын  шығарады: 

этилсиликат-40 (МЕСТ 2671-80) және  этилсиликат-32 (ТУ 6-02-895-78) Олар 

ортокремний  қышқылының  эфирі  (C

2

H

5

O)

4

Si    мен  басқа  күрделі  эфирлер 

қоспасы болып табылады. SiO

2

 мөлшері 31-42 %, ал моноэфирде – 28,8 %. 



Этилсиликат  негізінде  балқығыш  үлгілер  бойынша  құюдың  қабыршықты 

қалыптарын  және  борлама  қалыптарды  алу  үшін  керек  байланыстырғыш 

ерітінділер  жасайды.  Этилсиликаттың  байланыстырғыш  ерітіндісі  құм 

бөлшектерін біріктіретін кремний қышқылының геліне ауысып кететін коллоид 



ОС

2

Н

5

 

+ 4Н



2

О 

 



ОН 

ОН 

ОН 

ОН

 

Si 



ОС

2

Н

5

 

ОС



2

Н

5

 



ОС

2

Н



Si 

+  4 C

2

Н

5

ОН



ОН 

ОН 

ОН 

ОН

 



Si

 

 



(

Si О

2

· 2Н



2

О). 

Золь 

ерітіндісі  болып  табылады.  Оны  жасау  мақсатымен  этилсиликатты 

гидролиздейді,  яғни  су  қосады.  Сонда  C

2

H

5

O  этоксил  топтары  гидроксил 

топтарымен  ауыстырылады,  ал  этилсиликат  молекулаларының  сызықтық 

құрылысы  поликонденсация  нәтижесінде  жарым-жартылай  біріктірілген 

тармақталған  түріне  айналады.  Пайда  болған  гидролиз  өнімдері  золь  деген 

коллоид  ерітіндісін  құрайтын  кремний  қышқылына  ұқсас.  Этоксил  топтарын 

толық айырбастаған кезде реакция мынадай нобаймен өтеді: 

Іс  жүзінде  гидролиз  дәрежесі  әрқашан 100 % кіші,  демек,  мицелла 

құрамына этоксил топтары кіреді. 

Сұйық катализаторлар мен қатайтқыштар әсерінен суықтай қатаятын 

жасанды шайырлар негізіндегі құм қоспалары 

Бұл  қоспалардың  байланыстырғыштары  жасанды  шайырлар  болып 

табылады, олар қышқылмен, сұйық аминдермен не сұйық күрделі эфирлермен 

қатайтылады.  Қышқылдар  катализатор  болып  табылады,  яғни  өздері 

реакцияға түспей реакциялық ортаның рН көрсеткішіне әсер етеді. 

 

11.1-кесте – Суықтай қатаятын жасанды шайырлар 



Шет елдегі аналогтар 

Класы 


Маркасы 

МЕСТ, ТШ 

Маркасы 

фирма-жасаушы 

Карбамид 

КФ-Ж 


МЕСТ 14231-88

– 

– 



Карбамид 

Фуран 


БС-40 

ТУ 6-05-1750-77 

ТУ 6-06-

5751766-88 

KOOLKAT 

сериясы, 

CHEMREZ200, 

KALTHARZ, 

CS 14/4, 14/33 

 

“FOSECO Int.Ltd” 



(Англия), “Ashland 

Chemicals” (США), “Hr 

ttenes Albertus” 

(Германия), 

“Furtenbach” (Австрия)

Фенол 


РСФ-3010 

(ОФ-1) 


СФЖ-3042 

ТУ 6-05-1641-86 

 

ТУ 6-05-1826-77



FOSET сериясы, 

KOOLKAT 


сериясы, 

CHEMREZ400 

“FOSECO Int.Ltd” 

(Англия), “Ashland 

Chemicals” (США), “Hr 

ttenes Albertus” 

(Германия) 

Фенол 


Фуран 

ФФ-65 


 

ФФ-65С 


(силанози-

рованная) 

ТУ 05-1985-85 

 

ТУ 6-06-



5751766-88 

KOOLKAT 


сериясы 

FUROTEC 


сериясы, 

KALTHARZ, 

XA20 

“FOSECO” (Англия), 



“FOSECO Int.Ltd” 

(Англия) 

 

Карбамид 



фенолфуран  

КФФ-Л 


ТУ 38-10971-83 

– 

– 



Полифуран 

ПФС 


ТУ 59-02-00462-

83 


ECOLOTEC CSR 

9500 


“FOSECO”, отделение 

в Германии (г. Боркен)

 

11.2-кесте – Кокс қалдығы мен азот мөлшері 



Шайыр классы  

Катализатор 

Шайыр/катал

изатор 


массалық 

қатынасы 

Кокс 

қалдығы, 



мас. % 

Шайырдағ


ы азот 

мөлшері, 

мас. % 

Қолданы саласы 



(қорытпалар түрі 

арқылы) 


Карбамид 

Н

3

РО

4

 (ρ



=1,30 г/см

3



1/0,3 10 

дейін


20…24 

түсті қорытпалары 



Карбамидфуран, 

фурфурил  спирті 

мөлшері, мас. %: 

20…30 


 

30…40 


 

40…60 


 

60…80 


 

 

80 артық 



 

 

Н

3

РО

4

 (ρ



=1,57 г/см

3



» 

 

» 



 

Н

3

РО

4

 не БСК, 



не ПТСК 

 

БСК, не ПТСК



 

 

1/0,4 



 

1/0,4 


 

1/0,5 


 

1/0,5 


 

 

1/0,5 



 

 

 



22,5… 

32,5 


32,5… 

40,0 


40,0… 

45,0 


 

45,0… 


47,0 

 

50,0 



дейін 

 

 



18…15 

 

15…12 



 

12…8 


 

 

8…3 



 

 

3…0,5 



 

 

түсті қорытпалары 



мен сүр шойын 

 

сүр шойын 



 

сүр және аз 

легірленген шойын 

 

сүр, соғымды және 



аса берік шойын, 

көміртекті болат 

аса берік шойын, мен 

көміртекті болат 

Фенол 

1/04 


45,0… 

52,5 


Фенолфуран 

1/0,4 

52,5… 


57,5 

көміртекті және 



легірленген болат  

Полифуран 

БСК әлде 

ПТСК 


1/0,4 

60,0 


дейін 

көміртекті және 



легірленген болат,  

оның ішінде ауыр 

құймалар үшін 

 

Газ  катализаторымен  үрлегенде  жабдық  ішінде  суықтай  қатып 



қалатын жасанды шайырлар негізіндегі құм қоспалары.  

Ұсынылатын әдебиеттер: [1, 2, 4, 5, 7]. 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары 

1. Органикалық емес байланыстырғыштарды жіктеу. 

2. Сұйық шыны алу, оның байланыстырғышқа жататын қасиеттері. 

3.  Фосфатты  байланыстырғыштар  артықшылықтары,  кемшіліктері, 

пайдалану аймағы. 

4. Цементті байланыстырғыш зат ретінде қолдану жағдайы. 

 

12-тақырып  Органикалық  байланыстырғыштар  мен  олар  негізіндегі 

қоспалар 

Дәрістер жоспары 

1. Органикалық байланыстырғыштар негізіндегі құм қоспалары

2. 


Жабдықтан 

алған 


соң 

жылытып 


қатаятын 

органикалық 

байланыстырғыштар негізіндегі құм қоспалары. 

3.  Жылынатын  жабдықта  қатаятын  органикалық  байланыстырғыштар 

негізіндегі құм қоспалары. 

 

Органикалық байланыстырғыштар негізіндегі құм қоспалары 

Осы қоспаларды былай бөлуге болады: 

– жабдық сыртында жылытып кептірілетін (негізінен конвективті кептіру), 

– қызған (жылу немесе ыстық) жабдықта кептірілетін, 


– сұйық катализатор не қатайтқыш ықпалымен суық жабдықта қатаятын, 

– газ тәрізді катализатор не қатайтқыш әсерімен суық жабдықта қатаятын. 



Жабдықтан 

алған 

соң 

жылытып 

қатаятын 

органикалық 

байланыстырғыштар негізіндегі құм қоспалары 

Органикалық  байланыстырғыштар  негізіндегі  құм  қоспаларын  моральді 

ескерген  деп  санау  мүмкін,  себебі  кемшіліктері  көп,  мысалы:  дәлдігі  төмен, 

дымқыл күйіндегі беріктігі аз (0,005 МПа), энергия шығындары көп, кептіргіш 

плиталар  мен  драйерлер  қолдану  қажеттілігі  т.б.  Алайда  олар 1940 ж.  дейін 

кеңінен  пайдаланылған,  қазір  де  Қазақстанда  өзекшелер  істегенде  жиі 

кездеседі,  себебі  артықшылықтары  де  бірталай:  меншікті  (байланыстырғыш 

мөлшерінің 1 %-ке  келтірілген)  беріктігі  жоғары  > 0,7...0,8 МПа,  икемділігі 

(податливость)  жақсы,  құймадан  оңай  босатылады,  термиялық  тұрақтылығы 

жеткілікті. Осы байланыстырғыштардың ең белгілі түрлері мыналар: 

–  зығыр  майы  (МЕСТ 5791-81), табиғи  олифа  мен  олифа  оксоль  (зығыр 

майын әлде оның сора майымен қоспасын өңдеу өнімдері); 

–  П  байланыстырғышы – тотыққан  петролатумның  уайт-спиритте 1:1 

қатынасындағы  ерітіндісі,  тығыздығы 820-880 кг/м

3

  (петролатум  деп 



мұнайнан майлағыш майлар алғанда пайда болған қосымша өнімді айтады); 

–  ПТ  байланыстырғышы – тотыққан  петролатум  мен 30  % шамасындағы 

таллы майдың ерітіндісі (таллы май – целлюлоза өндірудің қосымша өнімі); 

– ПТА байланыстырғышы – аммиакпен өңделген тотыққан петролатум мен 

таллы майдың уайт-спиритте ерітіндісі; 

–  ГТФ  байланыстырғышы – эстон  сланецтер  термиялық  өңдеудің  өнімі 

сланецті генераторлық шайырдың майлы сұйық зат түріндей ауыр фракциясы, 

(генераторная тяжелая фракция); 

– СЛК байланыстырғышы – 50 % ГТФ пен 50 % этиноль-лагы; 

–  ЗИЛ  байланыстырғышы – 55 % ГТФ  пен 25 % битумның 20 % уайт-

спиритте ерітіндісі; 

–  ПС  байланыстырғышы – 60 % П  мен 40 % ГТФ-тен  тұратын 

байланыстыргыш; 

– 4ГУ(п)  байланыстырғышы – құрама  байланыстырғыш,  оны  жасау  үшін 

канифоль мен жартылай кебетін майларды битуммен қорытып біріктіреді және  

уайт-спиритте ерітеді;  

–  КО  байланыстырғышы – мұнай    өндіру  өнімдері  болып  табылатын 

жасанды май қышқылдарды тазартқаннан алынған куб (қазан?) қалдықтары; 

– ССБ (немесе ЛСТ) байланыстырғышы – сульфитті-спиртті барда (немесе 

техникалық лигносульфонат) – ТУ 13-6281036-05-89; 

–  БК  байланыстырғышы – 75 %  сульфитті-спиртті  барданың, 15 %  лак-

тинолдың және 10 % ГТФ байланыстырғышының эмульсиялық ерітіндесі; 

–  УКС  байланыстырғышы – әмбебап  жасанды  байланыстырғыш,  жасанды 

май қышқылдар куб қалдықтарының (30-35 %) адгезиялық қондырмамен (0,1-

1,5 %) органикалық  еріткіште (40-50 %) ерітіндісі.  Қатаю  температурасын 

төмендету  мақсатымен 15 % дейін  асфальтты  шайырлы  заттарды  қосады. 



Қондырма (присадка) деп әр түрлі заттарға тұтынылатын қасиеттерін жақсарту 

үшін аз мөлшерде қосылатын агентті айтады; 



– СП байланыстырғышы – тығыздығы 1,27·10

3

 кг/м



3

 тең сульфитті-спиртті 

барданың 95 % мен 5 % тотыққан петролатумның эмульсиялық ерітіндісі  

–  СБ  байланыстырғышы – 80 %  сульфитті-спиртті  барда  мен 20 %  ГТФ 

байланыстырғышының эмульсиялық ерітіндісі.   

Осы  берілген  байланыстырғыштар  түріне  қарай  өзекшелерді  кептіргіште 

140...240 

0

 С температурамен кептіреді. 




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал