түсінік берілді.
белгілі. Бұл - тарихи жол.
тәуелсіздіктің қадірін білуге үйретеміз.
Анар АЙПОЛАТОВА,
№ 50 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі.
деген халықтың бар екендігін жария еттік.
аяқтадық.
// «Жамбыл - Тараз» // №46 (1334), 16 қараша 2016 Жыл //
оРТа
11
ЖеТісУ мекТеБінің дүлдүлі
Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ
Қ а з а қ х а л қ ы н ы ң р у х а н и
жәдігерлерінің ішінде мақтаныш
етер бай мұрасының бірі – дәстүрлі
әндер. Киелі қара домбыра мен
қарт қобыздың сүйемелдеуімен ай-
тылатын дәстүрлі ән өнері кемел
құрылымымен, кең диапазон, күрделі
ырғақ-иірімдерімен ерекшеленеді.
Талай ғасыр сүзгісінен өтіп бүгінге
жеткен дәстүрлі ән өнерінде әуендік,
орындаушылық, құрылымдық
өзгешеліктері мен кең тараған мекеніне
б а й л а н ы с т ы ш а р т т ы т ү р д е
бірнеше мектеп қалыптасты. Сон-
дай мектептердің бірі Жетісу ән
мектебінен түлеп ұшып, ұлттық
ө н е рд і ж а н ы н а с е р і к е т ке н
дәстүрлі орындаушылардың бірі,
республикалық және халықаралық ән
байқауларының лауреаты - Қарлыға
Жамбаева. Тараз қаласында дүниеге
келген ол өнердегі шығармашылық
жолын мектеп қабырғасында
жүріп-ақ бастаған. Бүгінде әнші
«Мәдениеттану» мамандығы бойын-
ша гуманитарлық ғылымдарының
магистрі.
Дәстүрлі әнші өзінің тұңғыш жеке
ән кешінің сахна түндігін Кенен
Әзірбаевтың «Баста, өлең» әнімен
«Баласағұн» орталық концерт залында ұлттық өнерді жанына серік еткен дәстүрлі әнші
қарлыға Жамбаеваның «аққудай самға, әсем ән!» атты кеші өтті.
Ән - көңілдің ажары. суреттерді түсірген н.Тұрғынбек
сатираның садағын тартып, ақпарат алаңында көсіле шауып,
шешіле сөйлеп, журналистика майданының майталманы
атанған Бақытжан советұлының «Өнерім өскен өлкеме» атты
шығармашылық кеші өтті.
Бұл – Бақытжан советұлы!
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫзЫ
Сахна шымылдығы Ғайни Әлімбекқызының кеш
иесінің өмір жолынан түсірген бейнебаянымен
түрілді. Облыстық қазақ драма театрының ди-
ректоры Болат Бекжан кеш тізгінін қолына алып,
мерейтой иесін құттықтау үшін алғашқы сөзді
Жамбыл ауданының әкімі Мәден Мұсаевқа берді.
- Міне, бүгін ақын Совет Рақымбайұлының ізі
қалған Аса өңірінде ұлы Бақытжан да әке ізін
жалғап, шығармашылық кешін өткізіп, қаламын
ғұмырлық серік ете жүріп 50 жасқа келіп, ел
ағасына айналып отыр. Бақытжанды қызметіне
адал азамат ретінде танимын. Саңқылдаған даусы,
ерекше үні бар. Қай мәселені көтерсе де, тереңінен
қаузап, зор жауапкершілікпен атқарады. Журна-
листика мен сатирада өзіндік орны бар, еңбегі ел
аузында жүрген тілші ретінде бағалаймын, - деп
құттықтап, сый-құрметін білдірді.
Салтанатты кеште сондай-ақ Қазақстан
Жазушылар одағы басқармасы төрағасының
орынбасары, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының
иегері, ақын Маралтай Ыбыраев, Қазақстан
Журналистер одағы Жамбыл облыстық
филиалының төрағасы, облыстық «Ақ жол»
газетінің бас редакторы Көсемәлі Сәттібайұлы,
облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және
құжаттама басқармасы басшысының орынбасары
Мүбәрак Жинақбаева, Т. Рысқұлов ауданы әкімінің
бірінші орынбасары Манарбек Тілепов сөз алып,
мерейтой иесіне ізгі тілектерін ақтарып, иығына
шапан жапты.
Ақжарма ниет пен жылы лебіздерге толқи үн
қатқан Бақытжан Әлімқұлов әкесі Советтің амана-
тын арқалап, ізін басқанын мақтаныш тұтатынын
айтып, алғы сөзін әкесінің «Құлындарым» де-
ген өлеңімен білдіріп, өз шығармашылығын да
көпшіліктің назарына ұсынды. Сонымен қатар,
Аса ауылдық мәдениет үйінің өнерпаздары да кеш
иесінің сатираларынан көрініс ұйымдастырып,
Совет Рақымбайұлының «Балалар соғысты
көрмесін!», «Өмір термесі» атты әндерін орындады.
50-ге толып, ел ағасы атанған группаласы-
на ақ ниетін жеткізуге жастықтың қызығын
бірге кешкен достары, алыстан ат терлетіп жет-
кен Бауыржан Ғубайдуллин, Ғабит Мүсірепов,
Серік Мұқаш, Аяпберген Салықов, Ершат Асма-
тов, Бақытжан Жаңабеков, Мінәмжан Асылов,
Бақытжан Қосбармақов, Серікқали Мұқашев есімді
бір топ жолдастарына да сөз кезегі ұсынылып, сахна
төріне көтерілді.
- Әке қанымен, ана сүтімен Бақытжанның
бойына дарыған қадір-қасиет - адал дос, айнымас
серік бола білетін қасиеті. Совет ақсақалдың көзі
тірісінде ғибратты әңгімесін тыңдап, бұл отбасының
төрін, сый-құрметін көргенбіз. Студенттік күндері
құрақ ұшып, құшақ жайып қарсы алған жылылыққа
толы жанұяның қазанынан талай студент дәм
таттық. Бәріміз де ананың алтын омырауының ақ
сүтінен нәр алып, өсіп-өніп, көтерілдік. Сондықтан
әуелі сый-құрметтің ұлысын Бақытжанның анасы
Сара апайға көрсетсек дейміз. Ертең көрші-қолаң
тойдан сарықтық сұрап жатса, дүниедегі ең қымбат
Цейлонның ең жоғары сапалы сұрыпталған шайын
ұсыныңыз, - деп бағалы шайдың қорабымен қатар,
оюлы қамзол кигізіп, иығына ақ жаулық жапты.
- Аса ауылының адамдарына, еліне, жұртына,
туған-туыс, дос-жарандарыма басымды иемін.
Ұлымның осындай биік дәрежеге жетуіне сіздердің
ақ тілектеріңіздің көмегі көп болды. Келген
қадамдарыңызға гүл бітіп, құт дарысын,- деп Сара
апай да аналық жүрегімен елжірей үн қатты. Одан
кейін сөз алған группалас досы Серік Мұқаш до-
сына деген ақжарма тілегін арнап, Бақытжанның
жұбайымен қалай бас қосқаны жөнінде баяндап
берді.
Тоқтар Әубәкіров ғарыштан ұшып келгеніне
орай кездесу болған. Сурет салуға қабілетім
болғандықтан, қасыма жақын отырған бір қыздың
суретін салып, сол қызға көзі түсіп отырған досым
Бауыржанға ұсындым. Оның ар жағында отырған
Бақытжанның да елеңдеп, бізге қарап отырғанын
байқадым. Суретті қызға ұсынған Бауыржан әлгі
қызбен танысып жатты. Сөйтіп кездесуден соң,
Бақытжан мен Бауыржан қатар отырған құрбы
қыздарды шығарып салды. Сол оқиғадан соң
көп ұзамай екі дос сол екі қызға жаулық жа-
уып, шаңырағына келін етіп түсірді. Сөйтіп,
Бақытжанның жан жары Алмаға қосылуына
осылай себепші болған жайым бар, - деп жұрттың
қошеметіне бөленді.
Әкесінің мерейтойына ұлы Санат:
Сыйлап жүрген мына келген жұртың бар,
Мойныңдағы баға жетпес жыр-тұмар.
Жыр-тұмарды тағып кетіп мойныма,
Маған айтар көңіліңде сыр тұрар,- деп асқар тауы-
на деген ілтипатын өлең жолдарымен білдірді. Кеш
соңында Бақытжан Советұлының мерейтойына
орай шығарылған «Бұл мен ғой» атты кітабының
тұсауы кесіліп, көпшілікке ұсынылды.
түрді. Ә дегеннен залға жиналған
қалың көпшілікті өзіне баурап алған
әнші мұнан соң «Сағым жылдар»
әнін орындады. Сондай-ақ «Барыңда
оралыңның ойна да күл» әні де талғамы
биік тыңдарманның көңілінен шыға
білді. Айта кетерлігі, орындалған бұл
әндердің барлығы ұлттық аспаптардың
сүйемелдеуімен эстрада бағытында
көрерменге жол тартты.
Концерт барысында сахнаға
қазақтың киелі қара домбырасымен
шыққан әнші «Артықша туған азамат»,
«Кісінің үйі - хан сарай», «Ақкербез»
және қырғыздың «Ынтымақ»
термесін нақышына келтіре әуелетіп,
тыңдармандарын ән көгінде
тербетті. Сонымен қатар, әншінің
орындауындағы Қашаған жыраудың
«Той бастар», «Ақ жаулықты ана»,
«Күміс құмған-ай», «Жұлынған гүл»,
«Асаның жағасында», «Жастық шақ»
әндері орындаушысын зор қошеметке
бөледі.
Қарлыға Жамбаева ән кешінде
А й г ү л Е с е к е е в а , Ұ л д а р б е к
Шадиярбеков, Жақсылық Қалтешов
сынды облыстық филармонияның
әншілерімен қосыла ән шырқап,
концертінің ажарын одан сайын аша
түсті. Жоғары деңгейде өткен дәстүрлі
әншінің жеке ән кеші «Қауіпсіздік
қырандары» әнімен қорытындыланды.
- Биыл сахнада жүргеніме 20
жыл толып отыр. Сондықтан
тыңдармандарымның алдында
бірінші рет концерт өткізуді жөн деп
санадым. Дәстүрлі ән бағытында
жүргендіктен, осы өнерді заманға
сай, өз қалпынан ауытқып кетпей,
көрерменге жеткізуге тырыстым.
Кешті өткізудегі бір ерекшелігім -
Кенен атамыздың термесіне би
қойылды. Бұл да көрерменнің көңілінен
шықты деген ойдамын, - дейді әнші.
сегіз қырлы серілер сайысы. суреттерді түсірген н.Тұрғынбек
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында назарбаев
зияткерлік мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Жігіт
сұлтаны» байқауы өтті.
арландай алғыр, тарландай талант
Нұржан СЕРІКХАНұЛЫ
Ер жігіттердің ерекше байқауына Олимпиада
жеңімпаздары мен жүлдегерлері Елдос Сметов,
Зульфия Габидуллина, Ақжүрек Таңатаров және
еркін күрестен студенттер арасында әлем чемпионы
атанған Мейіржан Әшіров шақырылыпты. Аталған
жеңімпаздардың кейбірі үміткерлердің үкілі үміті
мен сегіз қыры, бір сырын анықтауға қатысып,
қазыналы өнерге қазылық етті. Оқушылардың
ерік-жігерін қанаттандырып, патриоттық және
ұлттық рухын көтеруге бағытталған шара төрт
кезеңнен тұрды. Алғашқы кезеңде үміткерлер
арнайы презентациялар арқылы өздерін таны-
стырды. Бұл сында 11 «J» сыныбының оқушысы
Бақытжан Бейбарыстың таныстыруы қалған
8 үміткерден басып озып, бірден көрерменнің
көңілін баурап алды. Екінші кезеңде барлық
қатысушылар өздерінің бойында бұлқынған
өнерлерімен бөлісті. Ең бірінші болып сахнаға
шыққан Дилдар Әшіров актерлік шеберлігін та-
нытып, соғыс кезеңіндегі сұрапыл сәттен көрініс
көрсетті. Тұтқынға түскен баланың, анасынан
айырылған жетім ұлдың әкеге жазған хатын
тебірене оқып шыққан ол көрермендердің көзіне
жас ұялатты. Ал Мақұлбек Серікбол өзінің бір топ
сыныптастарымен сахнаға шығып, әскери қорғану
мен жұдырықтасудың әдіс-тәсілдерін көрсетсе,
Мадияр Рысалиев пен Дастан Әділов қазақтың
қара домбырасы арқылы талайдың жүрек қылын
шерте білді. Ал Әділ Жорабеков шетелдік үлгіде
заманауи би билеп, жанкүйерлерін бір шулатып
тастады. Бірінші кезеңде көзге түскен Бақытжан
пианинода классикалық туынды орындап, өзін
тағы бір ерекше қырынан көрсетті. Үшінші кезеңде
үміткерлер «Калашников» автоматын уақытқа
шашып, қайта жинаудан бақ сынады. Бұл сында
Мадияр небәрі 9 секундта қаруды шашып тастап,
оқ бойы озып келді. Ақтық сында қатысушылар
16 келі салмақтағы кір тасын көтеруден жарысты.
Бұл кезеңде кір тасын 60 рет көтеріп Дастан көзге
түссе, 11-сынып оқушысы Енисей Балабанов
61 мәрте көтеріп, шымырлық танытты. Мадияр
51 мәрте көтерсе, Дилдар 47 рет көтеріп, өзінен
кейінгі қарсыластарын сан соқтырды. Байқаудың
қорытындысы бойынша Дилдар Әшіров «Өнерлі
жігіт» атанса, Диас Құсбеков «Шебер жігіт»,
Енисей Балабанов «Тапқыр жігіт», Бақытжан
Бейбарыс «Алып жігіт», Дастан Әділов «Сымбатты
жігіт», Мадияр Рысалиев «Сыпайы жігіт», Нұрғиса
Батырбай «Көрермен көзайымы», Серікбол
Мақұлбек «Белсенді жігіт» номинациясымен ма-
рапатталды. Ал Әділ Жорабеков «Жігіт сұлтаны»
атанды. Байқау соңында барлық жүлдегерлер мен
жеңімпазға арнайы сыйлықтар мен дипломдар
табысталды.
алуан
12
// «Жамбыл - Тараз» // №46 (1334), 16 қараша 2016 Жыл //
адамзаттың адамзатқа төндірер қаупі
терроризмге тіреліп, ең басты проблемаға
айналып отыр. арандатушылық пиғылдағы
діни ағымдарды анықтап, оларға қарсы
әрекет етіп, экстремизмге қарсы күресті
күшейту мәселелері қолға алынуда. адам
санасын улайтын уағыздардан сақтанудың
ең тиімді жолдары дін саласына қатысты
маңызды тақырыптарды насихаттау екені
анық.
ең маңызды мәселе
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫзЫ
Облыс әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары
Альбина Сембекова, бөлім басшысы Ерзат Жақыпов, сондай-
ақ «Бірлікпен өрлеуге» қоғамдық қорының директоры Сержан
Қайырбековтің қатысуымен дін саласына қатысты тақырыптарды
түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында брифинг өтті.
Мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда ҚР
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы мен Қазақстан
Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-
қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік-
конфессиялық және конфессияаралық келісімді нығайту, діни
экстремизм мен терроризмнің алдын алу және халықтың діни
сауатын арттыру бағытында жұмыс атқаруда. Әлеуметтік
тапсырыс шеңберінде «Бірлікпен өрлеуге» қоғамдық қоры
«ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жетілдіру үшін
түрлі іс-шара ұйымдастыру мақсатында, жыл басында облыстың
дін саласындағы ақпараттық түсіндіру топтары құрылып,
құрамы жоғары білімді әрі білікті дінтанушы, теолог мамандар,
мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері және Қазақстан
мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлерімен жасақталған.
- Қазіргі таңда қоғамдағы діни ахуалдың күрделенуі діни
ағымдардың іс-әрекеттерін, қызмет бағыттарын дер кезінде
анықтап, олардың әсерінен халықты сақтандыру, қорғау басты
мақсат болып отыр. Ақпараттық-түсіндіру тобы елді мекен-
дерде, мекемелерде, арнайы орта мектептер мен жоғары оқу
орындарында дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге
асырудың жолдары мен бағыттары бойынша түсіндірме
жұмыстарын жүргізуде. Қыркүйек-қазан айлары аралығында
Тараз қаласы мен барлық аудандар көлемінде түрлі санаттағы
тұрғындар арасында дін саласына қатысты маңызды тақырыптар
талқыланды. Нәтижесінде 132 іс-шара өткізіліп, 5000-ға жуық
облыс тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деді
Альбина Сембекова. Сондай-ақ жиында Ерзат Жақыпов сөз алып,
дәстүрлі емес діни бірлестіктер мен секталардың зияны және
балалар мен жасөспірімдердің сана-сезіміне тигізетін кері әсері
жайлы әңгіме өрбітіп, осы мәселеге кеңінен тоқталды.
Жиын барысында «Бірлікпен өрлеуге» қоғамдық қоры
дайындаған «Жастар және дін», «Ғаламтор және дін», «Дәстүрлі
дін танымы туралы», «Зайырлық және дін», «Жаңа діни
ағымдардың кері әсері» тақырыбындағы діни экстремизм мен
терроризмнің алдын алуға бағытталған түрлі бейнероликтер
жиналғандар назарына ұсынылды.
Оңғарбай Сәлімбаев 1943 жылы 23 қаңтарда Жамбыл
облысы, Талас ауданы, Ерназар ауылында дүниеге келген.
74 жасына қарағанда Тараз қаласының Құрметті аза-
маты, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Ұлттық білім академиясының академигі, Халықаралық
педагогикалық білім беру академиясының академигі
Оңғарбай Сәлімбаев дүниеден өтті.
О.Сәлімбаев 1965-1970 жылдары Абай атындағы
Қазақ педагогикалық институтында оқып, оны сәтті
тәмамдады. 1975-1980 ж.ж. стажер-ізденуші болып қызмет
атқарды, кейін ССРО-ның педагогикалық ғылымдары
академиясының ғылыми-зерттеу институтының аспи-
рантурасына оқуға түсті.
1981 жылы Мәскеуде кандидаттық диссертациясын
қорғады.
1983-1992 ж.ж. доцент, Жамбыл педагогикалық
институтының «Физика және физиканы оқыту әдістемесі»
кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып, сонымен
қатар институттың партия ұйымын басқарды.
1993-1995 ж.ж. Мәскеудегі білім беру Академиясының
докторанты.
1996 жылы докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
1996-1998 ж.ж. аралығында М.Х. Дулати атындағы
Тараз мемлекеттік университеті педагогикалық
мамандықтарының оқу-әдістемелік кешені директоры
қызметін атқарды.
1998-2004 ж.ж. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университетінің Педагогика, Жаратылыстану, Әлем
тілдері факультеттерінің деканы қызметін атқарды.
2004 жылы Халықаралық педагогикалық білім беру
академиясының академигі атағына ие болды. 2001 жылы
профессор атағын иеленді.
О.Сәлімбаев жоғары оқу орындары мен мектептердегі
педагогика және психологияның ғылыми бағыт
саласындағы өзекті мәселелердің авторы болып табылады.
250-ден астам ғылыми еңбектің авторы.
2004 жыл «Қазақстан Республикасының білім беру
ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.
2006 жылы Ұлттық білім академиясының академигі
атанды.
О.Сәлімбаев 2004 жылдың сәуір айынан Тараз
мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік
және студенттер мәселелері жөніндегі проректоры
қызметін атқарды.
2013-2014 ж.ж. Жамбыл гуманитарлық-техникалық
университетінде проректор қызметін атқарды.
2014-2015 ж.ж. Тараз инновациялық-гуманитарлық
университетінде Идеология және қоғаммен байланыс
жұмыстары басқармасының бастығы қызметін атқарды.
2015 жылдың мамыр айынан бастап Тараз мемлекеттік
педагогикалық институтында Идеологиялық жұмыс және
қоғаммен байланыс департаментінің басшысы қызметін
атқарды.
Жоғары оқу орындарында қызмет атқару бары-
сында О.Сәлімбаев жоғары білікті мамандарды,
жастар қозғалысы мен спорт көшбасшыларын, қоғам
қайраткерлері мен білім беру саласындағы басшыларды
тәрбиелеп шығарды. Мәселен, А.Т. Миразова – Еңбек Ері,
Алматы қаласы Ы.Алтынсарин атындағы № 159 мектеп-
гимназиясының директоры, М.Н.Сарыбеков – М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ ректоры, Е.Б. Саурықов – ТИГУ рек-
торы, Б.Ш. Егембердиева, С.А.Мусаева – колледж ди-
ректорлары, Р.Еділбаев – Қазақстанның бірнеше дүркін
чемпионы, Г.Нұрматова – Азия ойындарының чемпионы,
Д.Маханбаева, Б.Сейдуалиева – республика көлеміндегі
әншілер және т.б.
О.Сәлімбаев Қазақстан ғылымын дамытуға қосқан
үлесі мен қол жеткізген жоғары көрсеткіштері, қажырлы
еңбегінің нәтижесінде төмендегі марапаттауларға ие
болды: «Ұлы Отан соғысы жеңісінің 20 жылдығы»
мерейтойына арналған медалі (1965 ж.); «Тыңайған
жерлерді игергені үшін» медалі (1975 ж.); «ҚР Білім
беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісі (2004
ж.); «Тыңға 50 жыл» медалі (2005ж.); «Қазақстан
Республикасы ғылымына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі
(2007 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне
20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.); ҚР Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың Алғыс хаты (2001, 2006, 2011ж.ж.).
Қазақ ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан, қаланың
қоғамдық өмірінің белсендісі Оңғарбай Сәлімбаевтың
бейнесі біздің жадымызда ұзақ сақталады.
Тараз қаласы әкімі мен қалалық мәслихаттың
аппараты. Қалалық ардагерлер кеңесі.
ОңғарБай сӘлімБаев
Поделитесь с Вашими друзьями: