Тәуелсіздік – үлкен жеңіс, үлкен дәуір. Тұрмыста бақытсыз болсаң да, халқыңның тәуелсіздігі үшін бақыттысың


Бетті дайындаған Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ



жүктеу 0.98 Mb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата23.04.2017
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Бетті дайындаған Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ.

алаң

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1334), 16 қараша  2016 Жыл  //



«БҰл күнге ЖеТкен де Бар, 

ЖеТпеген де...»

 

„

Шежірелі тарихымыздың ширек ғасырында алты алашқа 



азаттықтың шымылдығын айқара ашқан тәуелсіздігіміздің 

сахнасында 17 миллионнан астам қазақстандықтың 

тағдыры, арман-қиялы, мақсат-мүддесі еңсе көтеріп келеді. 

Биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. ал күнтізбедегі 

уақыт керуеніне көз жүгіртсек, атаулы мерейтойға тұп-тура 

отыз күн қалды. ерлігімен елді тәнті еткен немесе сұлулығына сұқтанғандар 

еріксіз бас иетін баһадүрдің һәм ару бойжеткеннің ғұмырымен пара-пар  25 

жылдық өркендеу жолында адам мен қоғам арасындағы өлшеусіз оралымды 

ойларды парасаттылықпен пайымдап, азаматтық, қайраткерлік қасиеттер 

жайлы зерделі туындылар жазып, ұлттық тұлғаларымыз абылай хан, Төле би, 

Бауыржан момышұлы, ғабит мүсірепов, Шерхан мұртаза, мекемтас мырзахмет 

секілді өзге де тағылымды тағдырларды, халқымыздың ардақты перзенттерінің 

публицистикалық портреттерін ұрпақ санасына қыранның қауырсынымен 

кестелеп келе жатқан белгілі жазушы-драматург ағамыз елен Әлімжанмен 

әңгіме өрбіткен едік.

- Елен аға, жалпы Тәуелсіздігіміздің 25 жылында қоғамдық, 

рухани, мәдени болсын, сізді қатты алаңдататын немесе 

толғандырып жүрген қандай мәселелер бар?

-  Тәуелсіздік  -  алапат  арманмен,  ерлікпен  жеткен  ұлы 

жетістік. Бірақ оның шынайы парқын әлі терең түсінбеген 

сияқтымыз.  Бізге  құдды  бір  бейбіт  өмір  аспаннан  түсе 

салғандай  көрінеді.  1986  жылғы  Желтоқсан  көтерілісінің 

мән-маңызын әлі терең сезінбейтіндер көп. Біз саяси тұрғыда 

тәуелсіздікті  жарияладық.  Шекарамызды  бекіттік.  Бірақ 

біз психологиялық, экономикалық, рухани тұрғыда толық 

тәуелсізбіз бе? Ол әлі белгісіз.  Өйткені біздің бойымызда со-

нау 300 жыл бодан болғандағы құлдық психология қалыптасып 

қалған. Содан әлі толық арылған жоқпыз. Әсіресе, Кеңес 

дәуірінде өмір сүргендердің сүйегіне сіңіп қалған. Осы мәселе 

жастарға да жұғып кетпесе екен деп қорқамын. Мәселен, мен 

көрші орысты көрсем «Сәлеметсіз бе?» деудің орнына «Здрав-

ствуйте» деп бұрын айтамын. Мен сияқтылар әбден солай 

үйреніп кеткен (күліп). Өткен жылы қалада базар маңында бір 

таксиге мінетін болдым. Жүргізушісі орыс жігіт екен. Онымен 

орысша сөйлестім. Ал ол менің баратын жерімді анықтап білу 

үшін жанындағы өзбек таксистпен өзбек тілінде сөйлесті. 

Таксиге  отырғаннан  кейін  одан  сұрадым:  «Сен  менімен 

орысша  сөйлестің,  ал өзбекпен  неге  өзбекше сөйлестің?» 

-  деп.  «Өйткені  мен  Өзбекстанда,  Ташкентте  тұрғанмын. 

Онда өзбектер «біздің жерде тұрып, бізді сыйласаң, өзбекше 

сөйле» деп айтады. Ал қазақтарда олай айтылмайды» - деді 

ол. Сол сөз менің өмір бойы есімнен кетпейді. Дәл осындай 

жағдайды мен әскери борышымды өтеп жүріп, Эстонияда да 

көрдім. 1964 жылы Қазақстанда қазақ тілінің болашағы жоқ 

деп қазақы мектептер жаппай жабылып жатқан еді. Мәселен, 

сол  тұста  Эстонияда  жағдай  мүлде  басқа  болды.  Олар  да 

өзбектер секілді «Эстонияда жүрсеңіз, бізді сыйлаңыз, біздің 

тілде сөйлеңіз» деді. Ал бізде жағдай жаңағыдай. «Осының 

түбірі неде?» деген сауал  толғандырғанда, мен көшпенділік 

психологиямыздан  деп тұжырымдадым.  Өйткені  о  бастан 

біз қалада отырмағандығымыздан іргеміз бос. Қанша жер-

ден қашқақтасақ та, оны мойындауымыз керек. Дегенмен 

көшпелілік заманынан қалған жақсы қасиеттеріміз де мол. 

Ол - біздің мінезіміз. Мұны  да үдесіне жетіп, дұрыс пайда-

лануымыз  қажет.  Қонақжайлығымыз,  бауырмалдығымыз, 

біреуге көмектескіміз келіп тұратындығы, орынсыз қиянат 

жасамайтындығымыз, айналып келгенде, халқымыздың кісілігі. 

Бұл - біздің көшпелі дәуірден бойға сіңген асыл мұрамыз. Ерте 

қалалық болғандар  бұл қасиеттерден айырылып кетті. Осы 

тұрғыдан алғанда елді, біртұтастығымызды ұстап тұру үшін 

табандылық  қажет.  Халық  батыры  Бауыржан  Момышұлы 

соғыста небір сұмдықты басынан кешірген тұлға. Оның айтуы 

бойынша, соғыс – адамның кім екенін көрсететін сын. Басыңа 

қиындық түскенде, өлім көзіңе көрініп тұрғанда, кімнің кім 

екені белгілі болады. Міне, Баукең: «Еврей ме, еврейге «сенің 

атаң керемет болған», қазақ па, қазаққа «сенің бабаларың осын-

дай мықты болған» деп тәрбиелемесең, рухы көтерілмейді» 

деп сол кезде батальон командирі басымен Қазақстанның 

барлық жазушылары мен ғалымдарына хат жазып жүргені 

сол. Ұлттық рухты тәрбиелеп, ұлттық ойындарды дәріптеп, 

қазақтың  тарихын,  әдебиетін  оқытуды  зерделеп  кетті  сол 

кезде. Бізде қазір осы рухани тәуелсіздік әлі қалыптаспаған 

сияқты көрінеді маған.  Қазір жастарымыз шетелге көп кетіп 

жатыр. Ол статистиканы біреу айтып, біреу айтпайды. Өйткені 

біздегі инициативаны басушылық, қоғамдағы мерезділік, ең 

үлкен ауруымыз - сыбайлас жемқорлыққа шыдай алмағандар 

елден кетіп жатыр. Осындай жағдай бізде 1970-ші жылдары 

болған еді. Тоқырау заманы деп атап жүрміз ғой, сол кезде 

сыбайластық, тамыр-таныстық күшейді. Процентомания деген 

мәселе жаппай белең алды. Социалистік міндеттеме бойынша 

100 қойдан 200 қозыға дейін алып жібердік. 100 биеден 100 

құлын алу деген іс жүзінде сирек кездесетін жайт. Ал біз про-

центомания жүйесі бойынша адам сенбейтін көрсеткіштердің 

әкесін  танытып  жаттық.  Көзіміз  көрді.  Ақырында,  Кеңес 

үкіметі бәсекелестікке шыдамай, тарап кетті. Тарауының негізгі 

себебі де экономикалық тұрғыда тұралап қалуы еді. Екінші 

жағынан, олардың идеологиясы процентке құрылды. Жоспарға 

негізделді. Шығаратын әндеріміз де «Мақташы қыз», «Водо-

воз» секілді еді. Яғни экономикалық және рухани тұрғыдан да 

Кеңес үкіметі жеңіліс тапты.  Сол кезде «Голос Европы» секілді  

радиолар жұмыс жасады. Ол арқылы  шетелдік рок музыка-

лар, идеологияға әсер ететін хабарлар беріліп жатты. Бағасы 

бәленбай тиын болса да, жастар түнімен соны тыңдайтын. Сол 

жастар КСРО-ның идеологиясына бағынбай, басқаша өсті. 

Сондықтан идеология деген өте үлкен мәселе. Мен осындай 

тарихи  мәселелерді  саралай  келе,  болашағымызға  үлкен 

сеніммен қараймын. Бәрібір біз сияқты мойнына қамыт ілмеген 

ұрпақ келеді. Біз жалтақпыз. Бір шоқып, екі қараймыз. Келер 

ұрпақтың ғұмыры ұзақ болғай. Бұдан бөлек, қазіргі түсінік 

бойынша ғылым алға баспай, ештеңе өнбейді. Ол рас. Бірақ 

ғылымды алға бастырмай отырған тек тіл мәселесі емес. Қазір 

неге жастар ағылшын тілін үйренгісі келеді? Өйткені ғылыми 

жаңалықтар ең алдымен сол тілде жарияланады. Жастар оны 

оқып, біліп, өзіне пайдаланғысы келеді. Ол дұрыс. Бірақ елдің 

бәрі ғалым емес қой. Күнделікті қарапайым шаруамен айна-

лысып, қойын бағып, егінін егіп отырғандар көп.  Басқа елдер 

қалай жасайды? Мәселен, 1990 жылдары біз «Қазақ тілі туралы 

заң керек», «Оны мемлекеттік тіл етуіміз керек» деп айқайлап, 

шулап, аруақтарды шақырып, той жасап, миллиондаған қаржы 

жұмсап, бабалардың бастарына барып түнеп жүрген кезде 

шетелдіктер басқаша жасап жатты. Жасыратыны жоқ, біз ол 

кезде «Пәленшекеңнің тойы, түгеншекеңнің бәленбай жасы, 

пәленшеге бұл тойда ат мінгізбесек болмайды, шапан жабуы-

мыз керек, тілге еңбегі сіңген сол кісі» деп жүрдік. Ол кезде 

жоғарыда атап өткен Эстония елі ғылымның әр саласы бойын-

ша (медицинаның, техниканың) арнайы сөздіктер әзірлеп жат-

ты. Біздікі секілді міндетті түрде ағылшын тілін оқымасаң бол-

майды демей-ақ, өздерінің тілінде ғылымның жаңалықтарын 

тезірек өзінің халқына жеткізудің жолын жасады. Жұмыс істеу 

принципі осындай еді. Оларда да ағылшын тілін білетіндер 

көп. Бірақ жаппай емес. Мен айтсам, Қазақстанда ұлтшылдар 

жоқ. Бүгінгі ұлтшыл деп жүргендер - әлі күнге дейін өзінің 

ұлтының құқын қорғай алмай жүргендер. Оның сеңін бұзатын 

- сіз бен біз.

-  25  жылдық  тәуелсіздігіміз  үшін  жан  алысып,  жан 

беріскен азаматтарымыз көп. Бірақ солардың барлығы 

бірдей  аталып  жүрген  жоқ.  Әлі  күнге  дейін  еленбеген 

есімдер мен ескерілмей жүрген құндылықтарымыз жайлы 

не айтар едіңіз?

-Тәуелсіздік жолындағы күрестің тарихы өте терең. Біреудің 

еңбегін айтсақ, біреудің жолын  кесердей болып отырамыз 

үнемі. Осы жаңсақ пікірден арылуымыз керек. 1916 жылдан 

бері 1986 жылға дейін 400-ден аса көтеріліс болған дейді 

тарихшылар. Сол көтерілісшілердің әрқайсысы да елеп-еске-

руге әбден лайық. Олардың бірен-сараңын ғана баспасөзде 

үзіп-жұлып  айтқанымызбен, көбісі  халыққа  жетпеген  деп 

ойлаймын. Сол көтерілістердің барлығын еліміздің жастары 

көтерген. Ол  жағдайлардың барлығы толық зерттелді деп айта 

алмаймын. Кейбір қайраткерлеріміз туралы деректер Мәскеудің 

мұрағатында. Бір кездерде ол мұрағаттарға да қолымыз жетер. 

Бұдан бөлек, қазіргі таңда шекарамызды бекіттік деп отырмыз. 

Патшалық Ресей бізді толық отарлап, мемлекеттігімізді жойған. 

Сөйтіп, жерімізді үшке бөліп жіберді. Солтүстік пен шығысты 

Омбыдан, оңтүстік, Сыр бойы, Жетісуды Ташкенттен, батысты 

Орынбор, Астраханнан басқарды. Солай бөлшектеніп кеттік. 

Біз оны жоққа шығара алмаймыз. «Революция – бізге азаттық 

әпереді» деп отар халықтар бас көтерді. Т. Рысқұловтардың Ле-

нинге барып, айтысып жүргені сол. Сосын мынау Түркістанды, 

Орта Азияны бөліп алып кетпесін деп Фрунзе, Голощекин 

секілді  қанды  тырнақтарды  қазақ  зиялыларының  басына 

отырғызып қойды.  Бірақ соның өзінде Орынборда отырып 

қазақ автономиясын алды. Міне, сол кездегі ситуациялар әлі 

толық зерделеніп, жазылып, насихатталып жүрген жоқ. Қазіргі 

шекарамызды сол алашордашылар дер кезінде белгілеп берген. 

Орынбордың өзін сол кезде автономияның астанасы ету - үлкен 

жетістік. Сондықтан олардың еңбегін ешқашан ұмытпауымыз 

керек.  

- Жуырда одақтас елдердің тағдыры талқыланған жи-

ында белгілі ақын Олжас Сүлейменов «Қазақстан үшін 

толық тәуелсіздік  - үлкен қатер» деп сұхбат берді. Осы ойға 

алып-қосарыңыз бар ма? Айтылған сөздің астары қандай?

- Олжас - шетелде отырып, талай мәселенің мән-жайын 

арыдан білген адам. Алпауыттар үшін біздің гуманизм  түкке 

де тұрмайды. Басқаны былай қойғанда, адамзат тарихындағы 

бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс әлемнің байлығын 

қайта  бөлісу  үшін  болған.  Осы  тұрғыдан  алғанда,  қазіргі 

біздің байлығымызды жалғыз өзімізге бұйыртпайды деген 

қауіп Олжастікі. Яғни оны аңдып отырғандар бар. Есебін 

тауып бәзбіреулер біздің байлығымызды еншілегісі келеді. 

Яғни белгілі экономикалық тәуелділік болмаса, соларменен 

дипломатиялық қарым-қатынас жасалмаса, еліміздің өмірі 

қиындайды деген сөз. Жеке-дара өмір сүремін деп кеңсенің бір 

бөлмесінде отырып, айқай салуға болмайды. Ол да ақын, жас 

кезінде «Азияны» жазып, жаһанға айқай салған адам. Ал енді 

ол шетелді, жалпы жағдайды көрді. Парасатпен пайымдағанда, 

бұл сөз - ойланарлық тұжырым. 



- Аға, қазір қандай тақырыпта қалам көтеріп жүрсіз? 

Әдебиет ауылында нендей жаңалықтарыңыз бар?

-  Негізінде,  бүгінгі  қоғам  әдебиетті  нарыққа  лақтырып 

тастады ғой. Әйтпегенде, бізде поэзия бар. Ол алғы шепте 

жүр. Шығармалар да жазылуда. Мұның барлығы қоғамдық 

процеске байланысты жүзеге асуда. Нақты уақытта «Анажар» 

деген романымды аяқтап, оны компьютерге тергізіп, енді соны 

сыншыларға оқытып алсам деп жүрмін. Былайша айтқанда, 

Анажар басынан кешкен күйлерді бүгінгі қоғамдағы әрбір адам 

баласы басынан өткеріп жүр. Шығарма осыған, халқымыздың 

тағдырына негізделген. Бірақ әлі оны жариялауға асықпаймын. 

Біріншіден, журналдарға, ғаламтордағы әдеби басылымдарға 

жариялап, халықтың пікірін де білсем деймін.   



- Ғасырдың төрттен бір жотасына шығып, биікке бой 

көтеріп келе жатқан қазақстандықтарға, көне шаһардың 

көпшілігіне не айтасыз?

- Әрине, тәуелсіз өмір сүру кімге болса да үлкен бақыт. Біз 

Кеңес үкіметі тұсында шетелге шығып, сол кездегі тәуелсіз 

елдердің адамдарымен дидарласып көрдік. Олардың алдында 

өзіміздің тәуелді екенімізді сезініп, именшектеп қалатын едік. 

Яғни өз орнымызды білетінбіз. Ал қазіргі еліміздің жолы 

да, жөні де бөлек.  Шын мәнінде, осы тәуелсіздікті сезініп, 

бағалай білейік. Бұл күнге жеткен де бар, жетпеген де бар. 

Әлемде әлі де тәуелсіздікке жете алмай отырған қаншама халық 

бар. Ал біз жеттік. Бұл – үлкен жеңіс, үлкен дәуір. Тұрмыста 

бақытсыз болсаң да, халқыңның тәуелсіздігі үшін бақыттысың. 

Кемшіліксіз қоғам болмайды. Ең бастысы, қоғамда рух болуы 

керек. Сол рухымыз биік болсын!

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Нұржан СЕРІКХАНұЛЫ.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1334), 16 қараша  2016 Жыл  //

РуханИяТ


7

Индира БАЙҚОНЫС

Бүгінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық ме-

рейтойын кең көлемде тойлап жатқан Қазақ 

елі  өткенін  саралап,  болашағын  бағамдап 

жатқан  жайы  бар.  Соның  ішінде,  ұлттың 

айнасы төл тарихымыз қайта түгенделіп, жас 

ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруда 

үлкен  жұмыстар  атқарылып  жатқанын 

жасыруға  болмайды.  Мерейлі  мереке 

қарсаңында  көне  Тараз  шаһарында  мүйізі 

қарағайдай,  ұлт  тарихының  майын  ішіп, 

жілігін шағып жүрген атпал азаматтардың 

басқосуымен  республикалық  конферен-

циялар  лек-легімен  өтуде.  Соның  бірі  - 

М.Х.Дулати  атындағы  Тараз  мемлекеттік 

университетінің қабырғасында өткен «Ұлт та-

рихы және ұлы тұлғалар» атты конференция-

сы. Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының 

мұрындық  болуымен  ұйымдастырылған 

жиынға Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және 

этнология институтының директоры, тарих 

ғылымдарының докторы, профессор Хангелді 

Әбжанов,  А.Байтұрсынов  атындағы  Тіл 

білімі институтының аға ғылыми қызметкері, 

филология ғылымдарының докторы Зейнеп                                                                  

Базарбаева,  Абай  атындағы  ҚазҰПИ  про-

ректоры,  тарих  ғылымдарының  докторы, 

профессор Ғабит Кенжебаев қонақ ретінде 

қатысып, көпшілік қауым алдында ұлт та-

рихына қатысты тұщымды баяндамаларын 

оқыды. 

Конференцияны ашып, жүргізген облыстық 



«Қазақстан-Тараз»  телеарнасының  дирек-

торы Мейрамбек Төлепберген тұғыры биік 

тәуелсіздіктің арқасында төл тарихымыздың 

қайта түлегенін, ұлт тарихының алтын бесігі 

саналатын  киелі  Тараз  өңірінде  мұндай 

алқалы жиындардың жиі өтуі исі қазақ үшін, 

әсіресе, әулиеаталықтар үшін зор мақтаныш 

екенін тілге тиек етті.

    Мұнан  соң  ортаға  шыққан  тарих 

ғылымдарының  докторы,  профессор 

Хангелді Әбжанов «Тарих және тұлғалар» 

тақырыбындағы мазмұны терең баяндамасын 

көпшілік  назарына  ұсынды.  Баяндамашы 

өз  сөзінде  «Мәңгілік  Ел»  болуды  мақсат 

қойып отырған халқымыздың осынау асыл 

арманы  бүгін  емес,  оның  түп-төркіні  со-

нау VІІІ ғасырдағы Күлтегін ескерткішінде 

жазылғанын,  ғасырлар  бойы  үзілмей  келе 

жатқан  бұл  мақсатты  мүлтіксіз  орындауда 

халықтың  бағына  туған  тұлғалардың  ерен 

еңбегі жатқанын баса айтты. 

-  Жалпы,  тарихты  үш  фактор  құрайды. 

Атап айтқанда, халық, тұлғалар және билік. 

Туған елінің болашағы үшін қалтқысыз еңбек 

сіңірген, өмір жолдарында кездескен ешбір 

қиындықтарға  мойынсұнбаған  тұлғаларды 

халық өзі ақтап алса, ал тарих оларды тұлғаға 

айналдырады. Аллаға шүкір, қазақ тарихында 

да халықтың қамын жеген ұлтымыздың адал 

перзенттері  көп  болған  және  олар  бүгінде 

ортамызда жүр, - деді Хангелді Махмутұлы. 

Ұлт  көсемі  Ахмет  Байтұрсыновтың:  «Әр 

ұрпақ  өзіне  жүктелген  міндетті  абырой-

мен  атқармаса,  келер  ұрпақтың  мой-

нына  артылар  жүк  ауыр  болады»  деген 

пәлсапасын орынды тілге тиек еткен тарихшы                                                                  

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  жүргізіп 

отырған  сындарлы  саясатының  арқасында 

азаттықтың  ақ  таңы  арайлап  атқан  ширек 

ғасыр  белесінде  Қазақстан  мемлекеті  то-

лайым табыстарға қол жеткізгенін, бір ғана 

«Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы ұлт 

тарихы мен мәдениетіне қатысты ұшан-теңіз 

жұмыстардың  атқарылғандығын  шегелеп 

айтты.

- Бүгінде әлем халқы қазақ көшбасшысын 



тарихи  тұлға  деп  таниды.  Олардың  бұлай 

деулеріне толық негіз бар. Себебі Нұрсұлтан 

Әбішұлы  бейбітшілікті  алдыңғы  шепке 

шығарып, күллі адамзат баласына залалын 

тигізген  «Семей»  ядролық  полигонын  өз 

еркімен жауып, дүние жүзі мемлекеттерінің 

Қазақстанға деген сенімін арттырды, - деді ол.   

  А л   А л мат ы д а й   а л ы п   ш а һ а рд а н 

ат  терлетіп  келген  А.Байтұрсынов 

атындағы  Тіл  білімі  институтының 

аға  ғылыми  қызметкері,  филология 

ғылымдарының докторы, профессор Зейнеп                                                                                                   

Базарбаева  «Мемлекеттік  тіл  –  рухани 

тәуелсіздіктің  басты  тірегі»  атты  баянда-

масында егемен ел атанып, өз қолымыз өз 

аузымызға  жеткен  тұста,  ана  тіліміздің  де 

қолданыс аясы кеңейіп келе жатқанын атап 

ҰлТ ТарИХы - Ұрпаққа Өнеге

 

„

 егемен елдің ұрпақтары «елім» деп еңіреп туған 



ерлердің есімдерін еш уақытта ұмытпауға тиіс. Әсіресе, 

халқымыз сан ғасырлар бойы азаттық үшін қасықтай 

қандары қалғанша күресіп, асыл армандарын ақиқатқа 

айналдыра отыра, тәуелсіздік сынды құны жоқ 

аманатты келешек ұрпаққа зор сеніммен тапсырып 

кетті.  

Өткенді ұлықтаған ұрпақ.   суретті түсірген н.Тұрғынбек



Тәуелсіздік – шын бақыт!

Дүниеде болар мол бақыт,

Асыл да болар бір жақұт.

Тәңірің берсе ықыласпен,

Тәуелсіздігің – шын бақыт!

Қоғамың көкке қомданып,

Қырандай рухың болды анық.

Дүниең тылсым, жұмбақ қой,

Жүрегің соғар толғанып.

Ғасырдан адам арманы,

Тәңірден барлық алғаны.

Өткеннің ізгі белесін,

Ұрпағым оймен жалғады.

Адамның ойы қияда,

Қиялға ғарыш сыя ма?

Бақытын ойлап еліңнің,

Ұрпағың өнді ұяда.

Мәңгілік емес адамдар,

Тыңдашы, ел-жұрт, жарандар!

Өрісің өрге шықса да,

Ана деп тілге қараңдар.

Сезінші бір сәт өмірді,

Толғаншы оймен көңілді.

Ұрпақ пен ұлтың ұсынды,

Тәуелсіздікке төріңді.

Төгілген талай қаның да,

Сөгілген талай жаның да.

Ұланың содан жырлайды,

Зарын да елдің, бағын да.

Жерің бақ саған, халқың бақ,

Мінгенің азат алтын тақ.

Көңілің көкпен талассын,

Қылыштай рухың жарқылдап.

Қазағым, елім, өрлеші,

Бодандықты енді көрмеші.

Жүрек сыздар өткенге,

Қаймағы елдің кеткенге...

Екпіні сыймай көңілге,

Тулайық түлеп төріңде.

Қазақтың туын көтеріп,

Мәңгілік ұста өмірде!

Әдеубай СЕЙІТҚАзИЕВ,

М. Х. Дулати атындағы ТарМУ 

«Мелиорация және агрономия» 

кафедрасының профессоры, техника 

ғылымдарының докторы.

өтті. 


- Мен өзім Кеңес үкіметі тұсында өмірге 

келіп, орыс тілінде білім алдым. Өздеріңіз 

білесіздер,  ол  заманда  Алматы  қаласында 

да бір ғана қазақ мектебі болды. Сол себепті 

қаракөздеріміз  құлдық  санаға  ұшырап, 

ана  тілдерін  мүлде  ұмытты.  Ал  бүгін  ше? 

Шүкір  дейік,  қазір  алып  шаһардағы  мек-

тептер мен балабақшалардың  жартысынан 

көбі мемлекеттік тілде білім береді. Соның 

арқасында ойы тұнық, тілі таза жас ұрпақтың 

өсіп  келе  жатқанына  қуанамын.  Әлбетте, 

бұл - Елбасының жүргізіп отырған салиқалы 

саясатының мәуелі жемісі, - деді профессор. 

Сондай-ақ  Зейнеп Базарбаева бүгінде бар-

ша қазақстандықтардың алдында Елбасының 

тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдан бастап 

латын  әліпбиіне  көшу  мәселесі  тұрғанын,  

бұл ретте, әлем халқының 80 пайызы латын 

әріптерін қолданатынына айрықша тоқталып, 

біз де дамыған елдер секілді заман көшінен 

қалмай,  алға  жылжу  арқылы  қазақ  тілінің 

көсегесін көгерте алатынымызды айтты. 

Осы  тұста,  баяндамашыға  ана  тіліміздің 

болашағына алаңдайтын жастар сұрақтарын 

жаудырды. Олардың бірін «Үш тұғырлы тіл» 

саясатын  мектеп  бағдарламасына  енгізіп, 

ағылшын  тілін  бірінші  сынып  оқушысына 

оқыту баланың ұлттық санасына кері әсер 

ететіндігі  алаңдатса,  енді  бірінің  «Латын 

әліпбиіне көшу арқылы қазақ халқының бай 

ауыз және жазба әдебиетіне нұқсан келтіріп 

алмаймыз  ба?»  деген  жанайқайы  орынды 

айтылды. 

Сұлтан Бейбарыс есімді студенттің «Үш 

тұғырлы  тіл»  саясаты  төңірегінде  қойған 

сауалына Хангелді Әбжанов былай деп жа-

уап берді:

- Расында, оң-солын әлі дұрыс танымайтын 

бірінші сынып оқушыларына ағылшын тілін 

оқыту дұрыс емес деп есептеймін. Шынтуай-

тында, қазақстандықтардың басым көпшілігі 

ресми, яғни орыс тілін жетік меңгерген. Ал 

ағылшын тілін қарапайым көлік жүргізушісінің 

немесе қатардағы мұғалімнің білуінің тіпті 

қажеті де жоқ. Ал өз өмірін білім мен ғылымға 

арнаған яки мамандығына сәйкес ағылшын 

тіліне мұқтаж азаматтар бұл халықаралық тілді 

білуге міндетті. Жалпы,  біз «шаш ал десе, бас 

алудан» аулақ болып, өзіміздің   тіліміз бен 

ділімізге берік болуымыз қажет. Себебі тарих 

пен тіл - тамырлас, - деді профессор.

Ал  екінші  сауалға  байланысты  қысқа  да 

нұсқа  жауап  берген  Зейнеп  Базарбаев  бұл 

мәселеге  алаңдауға  еш  негіз  жоқ  екенін 

алға  тартып,  керісінше,  орыс  әліпбиінен 

енген әріптерден құтылу арқылы тіліміздің 

құндылығын сақтап қалатынымызды жеткізді. 

Жалпы,  конференция  барысында  қазақ 

тілінің болашағы турасында түрлі ой-пікірлер 

ортаға салынды.  


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет