Тәуелсіздік – үлкен жеңіс, үлкен дәуір. Тұрмыста бақытсыз болсаң да, халқыңның тәуелсіздігі үшін бақыттысың



жүктеу 0.98 Mb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата23.04.2017
өлшемі0.98 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 

„

Өңірлік коммуникациялар 



қызметінде  өткен  брифингте 

мемлекеттік қызмет істері 

министрлігінің облыс бойынша 

департаментінің өкілдері, облыс 

әкімдігінің жер қатынастары 

басқармасы мен қала әкімдігінің 

жер қатынастары бөлімінің 

өкілдері тілшілер қауымымен 

жүздесті.

Инфрақұрылым 

дайын болмай, жер 

берілмейді

Индира БАЙҚОНЫС

Әуелі  облыстық  әділет  департаментінің 

ағымдағы    жылдың  10  айында  атқарылған 

жұмыстары  жөнінде    облыстық  әділет 

департаментінің  басшысы  Дәурен  Дайрабаев 

сөз алып, салада атқарылған жұмыстар жайында 

баяндап берді.

  -  Департаменттің  жылжымайтын  мүлікке 

құқықтарды  тіркеу  саласы  бойынша  58979 

мемлекеттік  қызмет  көрсетілді.  Үстіміздегі 

жылдың 10 айында  «Электронды үкімет» пор-

талына барлығы 4175 өтінім келіп түскен, бұл 

өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 258 

өтінімге азайған. Ағымдағы жылдың 10 айымен 

өткен жылдың осы мерзімін салыстырғанда, ресми 

құжаттарға апостиль қою 1691  құжатқа көбейгені 

байқалады.  Есепті  кезеңде  заңды  тұлғаларды 

тіркеу  саласында  1374  мемлекеттік  қызмет 

көрсетілген.  Департаментпен  атқарушылық 

өндірісті қозғау саласы бойынша 24  мемлекеттік 

қызмет көрсетілді, - деді ол.  

Ал  облыс  әкімдігінің  жер  қатынастары 

б а с қ а рм а с ы   б а с ш ы с ы н ы ң   о р ы н б а с а -

ры  Бердібек  Молдабай  жер  қатынастары 

саласындағы көрсетілетін қызметтер сапасының 

көрсеткіштеріне  тоқталып,  бүгінде  жергілікті 

атқарушы органдар тарапынан жер қатынастарын 

реттеу саласында заңды және жеке тұлғаларға 8 

мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілгенін, аталған 

мерзім аралығында жер қатынастары саласындағы 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтердің  сапа-

сына жеке және заңды тұлғалардан шағымдар 

түспегенін жеткізді.

Қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас-

шысы Бақытжан Сүгірбеков те ағымдағы жылдың 

басынан бастап қараша айына дейін   жалпы 1331 

жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетілгенін, 

оның 1097-сі электронды түрде жүзеге асқанын 

айтты.  Сондай-ақ  Бақытжан  Жиеналыұлы 

бүгінде қала бойынша 63 700  адам жер кезегінде 

тұрғанын,  бұл  жерлер  заң  шеңберінде,  яғни 

инфрақұрылымы толық тартылған жағдайда ғана 

тұрғындарға берілетінін жеткізді.

-2010 жылы қаланың Бас жоспары бекітілгенін 

білесіздер.  Жамбыл  мен  Байзақ  аудандары 

шаһардың  территориясын  кеңейтіп,  тұрғын 

алқаптар саны артты. Жоғарыда жер кезегінде 

қанша адамның тұрғанын айттым. Бұл азаматтарға 

жердің  берілмей  отыруының  басты  себебі  - 

инфрақұрылымның  толық  дайын  болмауы.  

2007  жылы  Елбасы  арнайы  заң  қабылдаған 

болатын. Яғни жері жөнделмеген, суы мен газы 

тартылмаған алқаптарға бірнеше жылдан бері 

жер берілмей отыр. Бұйыртса, бірнеше алқаптағы 

жұмыстарды 2018 жылға дейін аяқтауды көздеп 

отырмыз, - деді бөлім басшысы.

Бұған қоса, ол 2007 жылға дейін тұрғындар 

игілігіне  берілген  «Арай»  мен  «Барысхан» 

алқаптарындағы инфрақұрылым мәселелері келесі 

жылы толық шешілетінін айтты.  

  Жиын  соңында  өзге  де  баяндамашылар 

тілшілердің  сауалдарына жауап берді. 



Арайлым ШАБДЕНОВА 

Мектеп оқушыларының 11 жыл бойы алған білімін 

саралайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу биыл үлкен 

өзгеріспен  жүргізілмекші.  Бұл  туралы  орталық 

коммуникациялар қызметінде ҚР Білім және ғылым 

министрінің қызметкерлері мәлімдеді. Министрлік 

жүргізген ауқымды талдамалық жұмыс аясында 

өңірлерге  шыға  отырып,  мұғалімдермен,  білім 

саласы мамандарымен және ата-аналармен  кезде-

сулер өткізілген. Осы жұмыстың нәтижесі ретінде                                                                                                                      

ҰБТ-ны  екі  кезеңге  бөлу  туралы  шешім 

қабылданыпты. Алдағы уақытта оқушының жазу, оқу 

мүмкіндіктері де тестілеуде ескерілмек. Қорытынды 

аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – 

ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. 

Қорытынды аттес-таттау мектепте 5 пән бойынша (4-

і  міндетті және бір пән таңдау бойынша), мектептегі 

оқыту бейіні ескеріле отырып өткізіледі. Түлектер 

барлық емтиханды мектепте тапсырады. Бұрын тест 

сұрақтарын облыстық білім басқармасы дайында-

са, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына 

жүктелмек. «Алтын белгі» беруді мектептердің 

өздері жүзеге асырады. Енді ҰБТ-да «Алтын белгіні» 

растау қажет етілмейді. Ұлттық бірыңғай тест ЖОО-

ға түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды 

бөлу жүйесі ретінде сақталады. Сынақ тек грант 

иегерлерін ғана анықтайды. 

- Ана тілі мен әдебиеттен балалар эссе жазады. 

Эссеге үш астрономиялық сағат беріледі. Екінші 

емтиханды  Қазақстан  тарихынан  тапсырады. 

Бұл ауызша емтихан деп отырмыз. Үшінші пән 

бұл «Алгебра және анализ бастамалары» пәнінен 

болады. Бұл – жазбаша емтихан. Бесінші емтихан 

таңдау пәні бойынша өткізіледі. Ол физика, химия, 

биология, геометрия, дүние жүзі тарихы және т.б. 

тест түрінде жүргізіледі, – дейді  ҚР БҒМ Мектепке 

дейінгі және орта білім департаментінің директоры 

Жаңыл Жонтаева.

Мектептегі емтихан 1-10 маусым аралығында 

болса, он күннен кейін жоғары оқу орындарын-

да  Ұлттық  бірыңғай  тестілеу  басталады.  «Оқу 

сауаттылығы үшін түлекке төрт мәтін беріледі. Ортақ 

тақырыптағы мәтіндерді талдап, анализ жасаған 

оқушы әр дұрыс жауабы үшін 5 балдан алады. Ал 

ЖОО-да оқушыларға 120 сұрақтан тұратын тест 

тапсырмалары беріледі. Емтихан тапсырушылар 

сауалдарға бұрынғыдай үш жарым сағатта жауап 

беруі тиіс. Төменгі шекті деңгей де өзгеріссіз қалды. 

Ол меже - 50 ұпай. Ал мектеп бітіру емтиханы ҰБТ 

секілді 5 пән бойынша өтеді» – деді ҚР Білім және 

ғылым министрлігінің департамент басшысы Дархан 

 

„

2004 жылдан бастау алған Ұлттық бірыңғай тестілеуді 



елімізде барлығы 1,5 миллионнан астам оқушы 

тапсырған. ал биыл республика бойынша 137 мыңға 

жуық жас түлек үлкен өмірге жолдама алады деп 

күтілуде. Биылдан бастап енген ҰБТ-ның жаңа форматы 

қандай болмақ? 

ҰБТ:

 ӨзгерісТер, 

ҰсынысТар

 

„

еуразия құрлығында орналасқан ұлан-байтақ 



жері бар қазақ жұрты осы күнге дейін өз рухын 

жоғалтқан емес. Әлем әні мен күйі шалқыған, 

сыры мен жыры толқыған ғажайып сұлу сахараны 

мекен еткен қазақ елін көп ұлтты, бірлігі мен 

ынтымақтастығы жарасқан ел деп танитыны да 

рас. Ол - біздің Отанымыз!

Халыққа қызмет ету - парызым!

  Адам  баласының  жүрегінде  ең 

бірінші  анасына  деген  ыстық  сезім 

орнығады. Ал екінші Отан-анаға деген 

ыстық сезім орын алады. Сол себепті 

әрбір азамат өз Отанын асқақ сезіммен, 

ерекше мақтанышпен айтады.

Өздеріңізге белгілі, мен үстіміздегі 

жылдың  наурыз  айында  қалалық 

мәслихат депутаты болып сайланған 

болатынмын. Кейде «Қоғамға қандай 

пайдалы іс жасадым?», «Халық үшін 

қаншалықты  жұмыс  атқардым?»  де-

ген сауалдар еріксіз ойыма оралады. 

Жиі  мазалайды.  «Сайлаушыларға 

берген  уәдемді  орындаймын»  деген 

ой есімнен шыққан емес.  Сондықтан 

күш-жігерімді  қаланың  әлеуметтік-

экономикалық  әлеуетін  арттыруда 

Елбасымыздың стратегиялық бағдарын 

тиімді іске асыруға жұмсаймын.

Жақында ғана алғашқы қар жауып, 

қатты жел соғып, табиғат тосын мінезін 

көрсеткен еді. Ағаш бұталары сынып, 

шатырлар ұшты. Түбімен қопарылған, 

сынған    ағаш    бұталары  біршама 

уақыт жерде жатып қалды. Жергілікті 

билік  қаншама  адам,  техника  күшін 

жұмылдырды. Қала көшелерін, ауланы 

тазартуға тырысты. Барлығына бірдей 

үлгермейтіні айдан анық еді. Өз басым 

тазалық  жұмыстарының  ортасынан 

табылдым.  «Жұмыла  көтерген  жүк 

жеңіл» демекші, әр тұрғын азаматтық  

ұстанымын  танытқаны  дұрыс. 

Тұрғылықты  жерін,  үйінің  ауласын 

тазартуға өзі үшін, отбасы үшін үлесін 

қосып,  билік  өкілдерімен  бірлесіп 

жұмыс жасаса, сонда ғана нәтижеге қол 

жеткізбекпіз. Өз Отанымызды қорғау, 

еліміздің игілігі үшін қызмет ету - біздің 

басты парызымыз.

  «Адам  кім  болса  да  мейлі,  айна-

ласындағылардың тек өзін жақсы көріп 

қана  қоймай,  оны  тұлға  деп  тануы 

үшін ең алдымен өзінің алдында жауап 

беруі  тиіс»  деген  отбасымнан  алған 

тәрбиенің арқасында бүгінде халыққа 

қызмет етіп келемін. Халыққа  қызмет 

ету үлкен жауапкершілікті талап етеді. 

Бүгінгі таңда қаламыздың өркендеуіне 

депутаттар да атсалысуда. Білім беру 

жүйесі  жандандырылды.  Денсаулық 

сақтау саласын жақсарту мәселелері 

де қарастырылған. Тараз қаласының 

өркендеуіне үлес қосу, спорт саласын 

дамыту арқылы салауатты өмір салтын 

насихаттау, білім беру жүйесін дамы-

ту – менің негізгі ұстанымдарым. Бұл 

азаматтық  ұстанымдарымды  жүзеге 

асыруда мен аянбай тер төгемін. Еңбек 

етемін.


  «Ұлық  болсаң,  кішік  бол»  деп 

дана халқымыз айтқандай, ел игілігі 

үшін әрдайым қызмет етпекпін. Ұлы 

жолда аянбай еңбек етуге сіздерді де 

шақырамын. 

Ләззат  ҚЫзЫЛғұЛОВА, 

қалалық мәслихаттың 

№5 округінің депутаты.

 

„

Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептің 



аз қамтылған отбасылардың оқушылары қыстық 

киіммен қамтамасыз етілді. 

Балаларға қуаныш сыйлады

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Аталған мектепте «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы қоғамдық 

қабылдау  өткізді.  Қоғамдық  қабылдауды  қалалық  мәслихаттың  депутаты                        

Нариман Мәуленов пен партия қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің 

консультанты Ғани Рысқұлбек жүргізді. Шара барысында мектептің аз қамтылған 

отбасы оқушыларымен жүздескен халық қалаулысы оларға қыстық киімдер табыс 

етіп, оқуда озат болуларына тілекші екендігін жеткізді. Сондай-ақ ол мектептің 

50 оқушысына қараша айының 19-20 күндері қалалық мәдениет үйінде спорттық 

биден өтетін халықаралық жарысқа тегін билеттерді ұсынды. 

- Балалар - біздің болашағымыз. Өйткені біздің болашағымыз білімді ұрпақтың 

қолында. Жас ұрпақтың қуанышын ешқандай дүние алмастыра алмайды. Бүгінгі 

шарада менің көздегенім, осы балалардың бір сәттік болсын қуанғанын көргім 

келді. Сондай-ақ қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген аталы сөз бар. Осы 

сөзді басшылыққа ала отырып, мектептің спортқа икемі бар оқушыларына 

алдағы күндері спорттық биден өтетін халықаралық жарысқа билет алып беріп 

жатырмыз. Ол жарысты көрген баланың спортқа деген құлшынысы артып, 

ертең белді спортшы боларына ешкім шек келтіре алмайды. Сондықтан біздер 

әрдайым болашағымыздың алтын тұтқасы балаларға қолдау білдіруіміз керек, 

- дейді Нариман Бүлдешұлы. 

Орта білім беретін бұл мектепте бүгінгі күні 1122 оқушы оқитын болса, оның 

484 оқушысы аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар екен. Осы жайтты 

ескерген мектеп басшылығы қамқорлық акцияларын жиі ұйымдастырып тұрады. 

Мәселен, сондай шаралардың бірі «Мейірімді жүрек» акциясы аясында мектеп 

ұстаздары оқушыларды білімге қажетті оқу саймандарымен қамтамасыз етіп, 

олардың отбасыларына азық-түлік те алып беретін көрінеді. Мұндай шараларға 

ата-аналар да дән риза. 

-  Бүгінде  жұмыссызбын,  үш  балам  бар.  Олардың  барлығы  дерлік  мек-

теп жасында. Бүгін біздің округтен сайланған депутат Нариман Мәуленов 

балаларымызға қол ұшын созып, қыстық киіммен қамтамасыз етіп отыр. Бала-

лар қуанып қалды. Шараны ұйымдастырған «Нұр Отан» партиясы мен мектеп 

ұжымына алғысымды білдіргім келеді, - дейді ата-ана Индира Шалабаева. 

Ахмет-Заки. 

Биыл  ҰБТ-ның  форматы  өзгереді.    Ұлттық 

бірыңғай тестілеу жоғары оқу орнына түсетін емтихан 

ретінде алынып, оны тек жоғары оқу орнына түсуге 

ниеттілер ғана тапсырады. Сол арқылы мемлекеттік 

грантты ұтып ала алады. Ал колледжді бітіріп, білімін 

жоғары оқу орнында жалғастыратындар бұрынғыдай 

кешенді тест тапсырмайды. Колледжде оқыған өзінің 

бейіндік пәніне байланысты 2 емтиханда ғана білімін 

сынайтын болады.  

Үй тұрғызуға ниет бар.

   


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №46 (1334), 16 қараша  2016 Жыл  //

5

Өнім Бағасынан 



ХалықТың Бағасы ЖОғары

 

„

Бүгінде еліміз бойынша қолданылатын құрылыс материалдарының 80-90 



пайызы - отандық өнім. Бұл - әрине қуанарлық жағдай. салаға сырттан келетіні 

тек химиялық қоспалар ғана. Облыс орталығында 7 жыл бойы құрғақ құрылыс 

қоспаларын өндірумен айналысып келе жатқан «Tаraz-Class» ЖШс-і бүгінде 

тәулігіне 10-12 тонна өнім шығаруда.

 

„

еліміздің басты саясаты ана мен бала денсаулығына бағытталып отыр. Яғни ұрпақтың 



денсаулығы  ұлттың сапасын арттырмақ. Бүгінде осынау ұлан-байтақ далаға тұңғыш рет 

табаны тиіп, кіндік қаны тамған сәби үшін әркім қолдан келгенше өзінің азаматтық үлесін 

қосуда. нәрестенің дүниеге келу сәтінен бастап, балаға жайлы, ата-анаға арзан бағада жылы 

жөргектерді жасаумен айналысып келе жатқан тараздық «Nemereshka» жеке кәсіпкерлігі  

өздерінің игі ісін адал еңбек, азаматтық парыз санайды.

Тараздық сәбилерге табиғи өнім

«Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады» деп дана халқымыз 

«бауыр еті – баласының» көптігімен мақтанып, ұрпағына керек-

жарақты бесігінен бастап ашамайына дейін өз қолымен жасаған. 

Бүгінде жаңа туған нәрестелердің иткөйлегі мен жөргегінің дені 

шетелде жасалады. Бірінің бағасы қымбат болса, енді бірінің сапасы 

сын көтермейді. Шетелдің, әсіресе Қытайда жасалған шүберектердің 

шынайы сапасы арнайы мамандарға ғана мәлім. Тіпті, ол халыққа 

да белгілі дейік. Бірақ қолдың қысқалығы, қалтаның таяздығы 

оны ойлауға мұрша да бермейді. Мәселен, өткен жылы еліміздің 

метрология мамандары шетелден келетін нәрестелер киімін тек-

серген болатын. Нәтижесінде, сырттан келген киім құрамының 

жартысынан көбі синтетика екені анықталды. Ал талап бойынша, 

сәби киетін киімдерге синтетикалық талшықтар мүлдем қосылмауы 

тиіс.  Осылайша,  мамандар  шекара  асып  келетін  киімдердің 

құрамында бүлдіршіндерімізді түрлі кеселге ұшырататын химиялық 

қоспалардың табылғанын айтып, дабыл қаққан болатын. Дегенмен 

нарық билеген заманда қазақстандықтар, оның ішінде тараздықтар 

да амалсыз Қытай мен Қырғызстанның арзанқол дүниесіне қол 

созады. Осылайша, арзандығына алданған ата-ана баласының баға 

жетпес денсаулығына кесірі тиіп жатқан киім-кешектің жайына 

бас ауыртпайды да. Тәуелсіздік алғалы бері осы мәселеге тосқауыл 

қоюға дәрменсіздік танытып келдік, яғни отандық өндіріс дамымаған 

еді. Бүгінде бұл ілкімді іс іргесін мықтап қалау үстінде. Мысалы, 

тараздық  Дана Қойшығара мен қызы Айнұр Исаева екеуі дүниеге 

жаңадан келген бүлдіршіндердің тағдырына алаңдап, бала мен анаға 

қажетті керек-жарақтарды жасауға бағытталған «Nemereshka» тігін 

цехын ашып, жүздеген сәби мен ата-аналардың алғысына бөленіп 

отыр. 

-  Өткен  жылдың  мамыр  айында  біз  «Бизнестің  жол  карта-



сы-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша грант ұтып алуға 

Жамбыл облысы әкімдігінің индустриалды-инновациялық дамыту 

және кәсіпкерлік басқармасы ұйымдастырған байқауға қатысып, 

бағымызды сынап көрдік. Байқаудың басты шарты бойынша жоба 

тың,  креативті  және  халықты  жұмыспен  қамтуға  негізделген. 

Нәтижесінде, біздің бастамамыз 30 бизнес жобасының арасынан топ 

жарып, 3 млн. теңге грант жеңіп алдық, - дейді Дана Тұрғынқызы.

Кәсіпкердің айтуынша, істің басталуы да кездейсоқ емес екен. 

2013 жылы Дананың  3-ші немересі (ұлдан 1-ші) Асылхан Астананың 

төрінде дүниеге келеді. Солтүстіктің сары аязында немересіне жылы 

жөргек іздеген қуанышты әже талай дүкенді аралап табанын тоздыра-

ды.  Ақыры, Асылханға арнап өзі жөргек тігуге кіріседі. Ғаламтордан 

шетелдік үлгілерді ақтара келе, аз уақыттың ішінде алты қабат син-

тепонмен қапталған трансформер жөргегін жасап шығарады. Супер-

маркеттерде «супербағамен» сатылып жүрген кәдімгі жөргектерге 

қарағанда, бұл көп функционалды, әмбебаптығымен ерекшеленеді.  

Нәресте жатса жастық, ойнаса төсеніш, ұйықтаса жылы көрпе бола 

беретін әмбебап дүниеге туыстардың да қызығушылығы артып, 

таңдана бастайды. Алғашқы ұсыныстар да жақын туыстарынан 

түсе бастапты. Уақыт өте келе, Дана мен Айнұр бүлдіршіндердің 

ыңғайына қарай әртүрлі өлшемде жылдың төрт мезгіліне арналған 

жаялық пен жөргектер жасай бастайды. Бүгінде аталған трансформер 

жөргегі 7-10 мың теңге аралығында саудалануда. Тігін цехы нақты 

уақытта айына 30-40 осындай жөргектер өндіруде.  Шеберлердің 

өнімі мұнымен шектеліп отырған жоқ. «Кокон-ұяшығы» деп атала-

тын өнім де бүлдіршіндер мен ата-аналар үшін таптырмайтын дүние. 

Негізінен, оның идеясын швед халқы ойлап тапқан екен. 30х70 см 

Ел  экономикасы  үшін  құрылыс 

саласы - дамудың, яғни қуатымыздың 

басты  көрсеткіші.  Ал  құрылысқа 

қажетті материалдарды өзімізде өндіру 

елдегі құрылыс қазанын қайната түсері 

анық. Қала берді бүгінгі таңда әрбір 

қазақстандықты, тіпті әрбір тараздықты 

алаңдатып келген баспана мәселесі де 

отандық  құрылыс  материалдарымен 

тығыз байланысты. Яғни, құрылыс ма-

териалдары өзімізде өндіріліп, бағасы 

арзандай түссе, баспана мәселесінің де  

күрмеуі  шешілер  еді.  Биылғы  жылы 

кәмелет  жасына  жеткен  елордамыз 

Астана  шаһарының  бүгінгі  келбеті 

мемлекетіміздің  қуаттылығын  бүкіл 

әлемнің  алдында  көрсететін  айқын 

дәлел  іспетті.  Сол  секілді  екі  мың 

жылдық  тарихы  бар  Тараз  шаһары 

да  жыл  сайын  жаңа  ғимараттар, 

әлеуметтік  нысандар,  ауруханалар 

мен балабақшалар, мектептер мен көп 

пәтерлі  тұрғын  үйлермен  толығып, 

экономикалық еңсесі биіктеп келеді. 

Бұл - бағзы тарихтан белгілі түсінік. 

Соңғы  уақытта  көне  шаһарымызда 

бұрын-соңды болмаған өндіріс орын-

дары  бой  көтеріп,  ел  игілігі  үшін 

жұмыс жасауда. Алдағы уақытта об-

лыс орталығында тағы да жаңа мөлтек 

аудандар соғылады деп жоспарланып 

отыр. Мұның барлығын іске асыруға 

қажетті  құрылыс  материалдары  да 

өзімізде жеткілікті деп айтуға болады. 

Оған қажетті негізгі өнімдер өзімізден 

шығарылып  қана  қоймай,  тіпті  өзге 

өңірлердің де нарығына шығып отыр. 

Құрылыс тек нысанның қаңқасымен 

ғана  шектеліп  қалмайды.  Оның 

толығымен  аяқталуына,  әрленуіне  

құрылыс  қоспалары  қажет.  Өз  ісін 

жеке кәсіпкерліктен бастаған тараздық 

құрылысшы Талғат Бұршақбаев  құрғақ 

құрылыс қоспалары өндірісін бүгінде 

жауапкершілігі шектеулі серіктестікке 

айналдырған. Кәсіпорын күніне 10-12 

тонна  өнім  өндіреді.  Серіктестіктің 

саладағы еңбек өтілі 7 жылдан асып ба-

рады. Аталған осы уақыттың өзі сапалы 

еңбек пен ел сенімінің айғағы іспетті.  

- Таразда құрғақ құрылыс қоспаларын  

өндіретін 2-3 цех, 2 ірі комбинат бар. 

Өзімнің  мамандығым  құрылысшы 

болғандықтан,  осы  істің  қыр-сырын 

жақсы білемін.  Елбасымыз айтқандай, 

құрылыс  тоқтап  қалса,  онда  даму 

тоқтайды. Егер біздің өнім сапасыз бол-

са,  серіктестігіміз 7 жыл бойы жұмыс 

жасамайтын  еді  ғой.    Қала  ішінде 

басты  тұтынушыларымыз  «Бином», 

«Сұңқар»,  «ТаразҚұрылысИнвест», 

«Талас-құрылыс» және «Сенім» корпо-

рациясы» серіктестіктері. Жалпы біздің 

өнім үйдің ішкі және сыртқы әрлеуіне 

пайдаланылады. Тауардың құрамында 

гипс, цемент, микрокальцит (мрамор 

ұнтағы) бар. Химиялық қосындылар  

Қытай, Сингапур, Еуропадан келеді. 

Ол химиялық қоспаларды Алматыда ірі 

компаниялар жеткізіп отырады. Нақты 

уақытта бізде 4-5 адам жұмыс жасай-

ды.  Себебі  жұмыстың  негізгі  бөлігі 

автоматтандырылған.    Өңірде  біздің 

өнімге сұраныс тұрақты.  Мәселен, біз 

он түрлі өнім өндірсек, олардың төртеуі 

үнемі үлкен сұраныста. Одан бөлек, 

көлемді қамтитын «кокон-ұяшығы» ыңғайлы қалталармен, сапалы 

әрі табиғи материалдармен жабдықталған. Бұл ұяшық нәрестені ау-

нап кетуден, жайсыз жатып қалудан сақтап тұрады екен. «Бала тіпті 

көліктің ішінде де ананың құрсағында жатқандай сезінеді» дейді 

мамандар. Бұдан бөлек тігін шеберлері ортопедиялық жастықтарды 

да өндіруде. Мұның сапасын арнайы мамандар да мойындап отыр. 

Ал бағасы дәріханадағы шетелдік жастықтармен салыстырғанда 

жер мен көктей. Атап айтсақ, қаладағы дәріханаларда 1 жастықтың 

құны 6 мың теңге болса, мұндағы баға 1 жастыққа 1 мың теңге. Тіпті 

Айнұр облыстық нейрохирургия бөлімімен байланысып, дәл осын-

дай ортопедиялық жастықтарға мұқтаж балаларға 15 өнімді тегін 

үлестіріп, қайырымдылық жасапты. Кәсіпкерлік бүгінде өңірдегі 

балалар үйі, емханалармен де тығыз байланыста жұмыс жасауда.  

Сонымен қатар, шеберлердің қолынан шыққан ойыншық және емізуге 

ыңғайлы жастықтар, арнайы балалар алжапқышы, классикалық 

көрпелер қаладағы «Малышандия» дүкенінде қолжетімді бағада 

сатылуда. Бұдан бөлек олардың сапалы өнімі Астана мен Алматы 

дүкендерінде де саудалануда. Шымкенттіктерден де сұраныс түсіп 

жатыр екен. Бірнеше тігін машинасымен тың бастаманы іске асырып 

отырған шеберлер алдағы уақытта өндірістің қуаттылығын арттырып, 

балаларға арналған кереуеттер жасауды мақсат етіп отыр. Нақты 

уақытта цех нысанын жалға алып отырған олар  өз ісін білетін, білікті 

тігіншілер іздеуде.

Көне шаһардың «Class» брэнді.

   



суреттерді түсірген н.Тұрғынбек.

Шеберлік шарапаты.

   

біз лак-бояуларының тазартуға, жууға 

және қасбеттерге арналған үш түрін 

өндіреміз, - дейді серіктестік басшысы 

Талғат Қабарбекұлы.

Дегенмен    әлемге  дабыл  қаққан 

дағдарыстың  кесірі  бұл  салаға  да 

тісін  батырып  отырған  жайы  бар. 

Яғни  шетелден  келетін  химиялық 

шикізат  қымбат.  Бұрын  нарықтағы 

бағасы  теңгемен  белгіленсе,  қазір 

т а с ы м а л д ау ш ы   ко м п а н и я л а р 

шетелдік  валютамен  есеп  айыры-

сатын  көрінеді.  «Алдағы  уақытта 

өндірісті  толығымен  автоматтанды-

руды  жоспарлап  отырмыз.  Қазіргі 

уақытта  Ресей  мен  Қазақстаннан 

табылған техникалардың тиімділігін 

салыстырып, қаражат іздестірудеміз. 

Жоспарымыз жүзеге асса, пеноблок, 

пескоблок секілді құм мен цементке 

қатысты өнімдердің талайын өндіретін 

боламыз» - дейді Талғат Бұршақбаев.

«Class»  маркасымен  белгілі 

кәсіпорын  өнімдері  қазіргі  таңда 

Меркі,  Жаңатас  секілді  шалғай  ау-

дандарды да өз өнімімен қамтамасыз 

етіп отыр. Ал жеке тұрғындар үшін 

серіктестіктің тауары қаладағы «Зат-

Тараз»,  «от  А  до  Я»,  «Темір»  атты 

құрылыс дүкендерінде сатылуда. 


Каталог: images -> PDF-kaz
PDF-kaz -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 2016 жылдың 10 желтоқсан күні сағат 00-ден бастап орталық «Достық» алаңында
PDF-kaz -> 2016 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> 8 бет. Ардагерлердің алғысы Ерді ЕсЕйткЕн Ерлік кемел өнер кемерінен шалқыса
PDF-kaz -> 8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!
PDF-kaz -> 2015 жыл, сәрсенбі
PDF-kaz -> Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
PDF-kaz -> Наурыз Мен қазақтың қызымын: арға тұнған, Ағыстарда жақұтым жарға атылған. Қарағайын сыңсытқан қара ормандар, Менің қара бұрымым тарқатылған
PDF-kaz -> 28 қаңтар 2015 жыл, сәрсенбі

жүктеу 0.98 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет