Тәсілдері Ағайдарова А



жүктеу 23.68 Kb.
Pdf просмотр
Дата23.05.2017
өлшемі23.68 Kb.

Болашақ заңгерлердің ағылшын тіліндегі арнайы лексикасын қалыптастыру 

тәсілдері 

   

Ағайдарова А. 

Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ  (Қазақстан) 

 

В статье рассматривается методика формирования навыков использования специальной английской 

лексики у будущих юристов. Автор, ссылаясь на личный педагогический опыт, рекомендует эффективные 

подходы в обучении студентов терминологической лексике в законодательной сфере. 

This  article  shows  the  methods  of  formation  of  special  English  lexis  for  future  lawyers.  The  author 

recommends  the  effective  ways  of  teaching  terminological  words  in  laws  which  are  practiced  in  her  own 

pedagogical experience.  

 

Қазіргі  таңда  шет  тілі  ретінде  ағылшын  тілін  оқытуды  жаңа  сатыға  кӛтеру  отандық 



педагогикадағы  іргелі  міндеттердің  біріне  айналып  отыр.  Ӛйткені,  елімізде  Қазақстан 

Республикасының  Президенті  Н  Ә  Назарбаевтың  бастамасымен  «Үштұғырлы  тіл»  мәдени 

жобасын  дамыту  басымдыққа  айналып,  соның  ішінде  жаһандану  жағдайында  әлемдік 

интеграцияға  кірігу  тілі  ретінде  ағылшын  тіліне  мән  берілуде.  Халықаралық  қатынастар  мен 

бизнес,  туризм,  әлемдік  экономика  мен  саясат,  білім  және  ғылым  саласы  мен  озық  технология, 

құқық  пен  мәдениет  салаларының  халықаралық  аренадағы  негізгі  қолданыс  тілі  ағылшын  тілі 

болып  отыр.  Осы  ретте  болашақ  заңгерлерге  мамандығы  аясында  ағылшын  тіліндегі  арнайы 

лексикасын қалыптастырудың маңызы зор.  

Болашақта  заң,  құқық  қорғау  және  сот  жүйесінде  маман  болатын  студенттердің  ағылшын 

тілін  жетік  меңгеріп,  оны  жұмыс  барысында  сауатты  қолдана  білу  үшін  ағылшын  тілі  пәнінің 

мұғалімдерінің  әдістемелік  шеберліктерінің  жоғары  болуы  талап  етіледі.  Отыз  бес  жылға  жуық 

ЖОО-дағы  педагогикалық  ӛтіл  барысы  кӛрсеткендей,  болашақ  заңгерлерге  ағылшын  тілін 

үйретуде  құқықтық-процессуалдық, азаматтық және қылмыстық істерді тергеу, сотта қарау және 

жазалау  актілерін  сабақ  барысында  ойын  түрінде  кӛрсету  әдісін  қолданудың  маңызы  мен 

тиімділігі  зор.  Мұндай  ойын  түріндегі  сабақ  барысында  студенттер  сот,  прокурор,  адвокат, 

айыпталушы, жәбірленуші, куәгер ролдеріне ене отырып, сот процесін кӛрсету арқылы ағылшын 

тіліндегі  салалық  терминдерді  қолданады.  Бұл  ретте  crime,  punishment,  verdict,  judge,  advocate, 

public  prosecutor,  criminal  process,  evidence,  motive,  witness,  prosecution,  defense,  imprisonment, 

protocol, criminal code, criminal group, fact, damage, collegial court, sanction, etc. заң терминдерін жиі 

қолдану  арқылы  студенттер  арнайы  лексикалық  бірліктерді  тез  игеріп,  оның  мағынасына  қарай 

қолдануына мән береді.  

Жалпы  қылмыс  әкімшілік  құқық  бұзушылық  және  қылмыстық  құқық  бұзушылық  болып 

екіге бӛлінсе, бұлардың әрқайсысының ӛзіндік терминолгиясы бар. Бір азаматтың шағым айтып, 

сотқа келуі, қылмыстық істің қозғалуы, тергеушінің тағайындалуы, айыпталушының ұсталуы, сот 

процесінің  жүргізілуі,  мемлекеттік  айыптаущы  мен  қорғаушының  ұстанымдары,  куәгерлердің 

дәйектері, жаза тағайындау, үкім шығару, бас бостандығынан айыру, шартты жаза, ауыр қылмыс, 

орташа  ауыр қылмыс, моралдық және материалдық ӛтем, ар намысты таптау, жалған айып тағу, 

тергеу  амалдарын  жүргізу,  сенімхат,  қолхат,  нотариалдық  бекіту,  адвокатқа  жүгіну,  жазамен 

келіспеу,  еңбекпен  түзеу  колониясы,  кәмелет  жасқа  толмағандар  қылмысы,  жасӛспірімдер 

қылмысы,  ӛзін-ӛзі  қорғау,  зорлық-зомбылық,  медициналық  сот  сараптамасы,  саусақ  ізі,  тері-май 

іздері,  қан  тобы,  айғақ  болатын  заттар,  үй  тінту,  ұрлық-қарлық,  адам  зорлау,  кісі  ӛлтіру,  тонау, 

қарақшылық, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу, кӛлікті мас күйінде айдау, қасақана кісі ӛлтіру, 

топтық қылмыс, жапа шегу, т.б. арнайы құқықтық заң саласындағы сӛз тіркестерін әр түрлі оқиға 

бойынша  қолдана  отырып,  соған  сәйкес,  құқықтық  процесстерді  түсіну,  сот  ісін  жүргізудің 

тәсілдерін меңгеру секілді әрекеттерді сабақ барысында үйретудің тиімділігі мол.  

Жалпы  алғанда,  азаматтық  және  қылмыстық  істер  бойынша  заң  саласының  маманы  болу 

үшін,  қажетті  терминдер  мен  кәсіби  сӛздерді  ағылшын  тілінде  үйрену  барысында  әр  бір 

мемлекеттің  заңдары,  құқықтық-нормативтік  актілері,  жарлықтары,  бұйрықтары,  үкімет 

қаулылары,  қылмыстық  кодекс,  арнайы  ережелер  мәтіндері  қолданылады.  Болашақ  заңдер 

мамандарының халықаралық дәрежедегі құқық саласында немесе шетелдік компаниялара қызмет 

атқаруы  үшін  ағылшын  тілін  жетік  меңгеру  талап  етілетіні  белгілі.  Ал,  ағылшын  тілінен  қазақ 

тіліне сот процесстерін аударудағы терминдердің жӛні бір бӛлек.  

Қазақстан  Республикасы  мен  шетелдердің  заңнамаларын  салыстыру  арқылы  да  студенттер 


құқық саласындағы ағылшын тіліндегі терминдерді игере алады. Негізі заң саласы терминдерінің 

түбірі  латын,  грек  тілдерінен  бастау  алатыны  ескерсек,  онда  тіл  тарихына,  терминдердің 

этимологиясына назар аударып, олардың интерпретациялық мағыналарына кӛңіл бӛлген абзал.  

Қожа  Ахмет  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университеті  заң  факультетінің 

студенттеріне  ағылшын  тілін  үйретуде  олармен  шынайы  сот  процесіне  қатысу,  адвокатура  мен 

нотариус  қызметтерімен  танысу,  прокаратура  органдарының  қызмет  ерекшеліктеріне  жеті  кӛңіл 

бӛлінеді. Отандық және шетелдік баспасӛзге, интернет материалдарына шолу жасалып, олардағы 

заң  терминдерінің  қолданысына  лингвистикалық  талдау  жасау  әдісі  жиі  қолданылып  келеді. 

Білікті  заңгер  болу  тек  құқықтық  білімді  жетік  білумен  шектелмейді.  Болашақ  заңгер  терең 

біліммен қатар, шет тіліндегі арнайы лексиканы еркін меңгергенде ғана халықаралық дәрежедегі 

маманға айнала алады. 

 

Әдебиет 

1.

 



Айымбетов М., Бодаубай Б., Оразалинов С., Ақыпбекұлы Ӛ. Заң терминдерінің сӛздігі – словарь 

терминов законадательства (казахско-русский и русско-казахский). – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – 656 

бет. 

2.

 



The Oxford Russian-English Dictionary. Oxford – Moscow, 1997. 

 

 



Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 23.68 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет