«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Тәртіпсіздік неден басталады? Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды



жүктеу 108.91 Kb.
Дата13.02.2022
өлшемі108.91 Kb.
#17219
23 дәріс тартіпке бағынған ел құл болмайды

«Тәртіпке бағынған ел құл болмайды». Тәртіпсіздік неден басталады? Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды

1-тапсырма «Тәртіп дегеніміз- не?» деген сұраққа ассоциация жасау. Сызбаға жаз.

2-тапсырма Берілген сөздердің синонимдерін,антонимдерін тауып, жаз.Сөз тіркестерінен сөйлем құрастырып айт.

Тәртіп,қылмыс,жеке куәлік,жауапқа тарту,құқықтық,бұзбау,жүктелген міндет,қабылдау,заңдылық.

3-тапсырма .Мәтінді оқып есте сақта.

  • Заңның ең басты  мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды саламатты өмір салтына тәрбиелеу. Енді осы кезге дейін құқымызды қорғайтын қандай заңдар қабылданғанын көрелік:
  • - 1787 жылы дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды.
  • - 1789 жылы 26 тамызда «Адам және азаматтардың құқықтары декларациясы» қабылданды.
  • - 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ-да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды.
  • - 1959 жылы 20 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясында «Балалар құқы декларациясы» қабылданды.
  • - 1989 жылы «Бала құқы туралы конвенция» қабылданды.
  • - 1993 жылы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы қабылданды.
  • - 1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекітілген екінші конституция қабылданды.
  • - 2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы Балалардың құқықтары туралы заң қабылданды.

4-тапсырма «Сұрақты тауып ал».Оқыған мәтіннен сұрақтарға жауап беретін бірнеше сөйлемді тауып, белгіле .Сәйкестендіріп айтып бер.




Сұрақтар

Жауаптар

1

Әр адамның міндеті қандай?

Бауыржан Момышұлы

2

«Тәртіпке бағынған құл болмайды,тәртіпсіз ел болмайды»,-деген қайраткерді ата.

1787жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш конституция қабылданды.

3

Заң бойынша қылмыс жасаған балаға не істейді?

Заңды білу

4

Тұңғыш конституция қашан қабылданды?

16жастан бастап толық әкімшілік,қылмыстық жауапкершілік басталады.

5-тапсырма. Өткен сабақтағы мәтіндерден оқыған көркем айшықты сөздерді қатыстыра отырып, «Қылмысты болдырмаудың жолдары бар ма?» деген тақырыпта мақала, эссе, репортаж, ақпараттық мәтіндердің бірін таңдап жазыңыз.

  • Қажетті тіркестер:
  • құқықтық мемлекет, өз құқықтарын жету, заңды аттамай, тура жолмен жүру, еліне адал қызмет ететін азамат, заңды білу – заман талабы, жақсы қасиеттер, тәрбиелі, мәдениетті, білімді адам, құқықтық сауатсыздық, басқаның құқығын сыйламау, келеңсіз жағдайлар, қылмыстың қоғамдағы зияны, адам тағдырын адастыратын іс, шалыс қадам баспау, құқықтық
  • Рефлексия
  • Бүгін сабақ барысында маған маңызды болғаны .....
  • Мен бүгін ...... үйрендім.
  • Маған қиын болғаны .....

Үйге тапсырма. Қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы ,авторы Оразбаева 148-бет 3-тапсырма «Құқықбұзушылық, қылмыс жақсылыққа апармайды»өз ойларын жазу.    


жүктеу 108.91 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет