Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016


Учреждение – мекеме емес, ведомство



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет6/8
Дата27.04.2017
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Учреждениемекеме емес, ведомство

Учреждение сөзінің түбірі учреждать – құру. Осыдан учредители фирмы – фир-

ма құрылтайшылары. Тиісінше логика бойынша учреждение сөзі де осы түбірден 

бастау алуы керек. Соған сәйкес учреждение – құрылым болуы тиіс. Алайда бізде 

учредитель – құрылтайшы деп бір жақта, ал учреждение – мекеме деп басқа бір 

жақта жүр. Мекеме ведомство немесе басқа сөзге табылған аударма.



Вознаграждение – сыйақы емес, пенсия зейнетақы емес

Вознаграждение сөзіне сыйақы деп жаңа аударма шығарып қойыпты. Құдды 

бір қазақтар бұрын вознаграждениені білмегендей, оған сәйкес сөз бермегендей 

әсер қалдырады. Хандар да, байлар да өздеріне бағынышты адамдарының бір 

істі тындырып келгенде беретін сыйы болатын. Оны зейнеттендіру деп атаған. 

Вознаграждение сөзінің нағыз қазақшасы осы. Ал зейнет сөзін апарып пенсияға 

теліп  қойған.  Бұндай  өзімбілемдікке  бармастан  бұрын  бұл  сөзді  қай  кезде 

қолданылатынын қарау керек қой. Зейнет деген сөз бар, алайда ол тындырылған 

іс ке  бірден  берілетін  сый  түрі.  Біздің  аудармашыларымыз  айтқандай  пенсия 

емес. Хандарымыз бен байларымыз өз адамдарының кәртейгенін күтіп ақшасын 

бір-ақ бермеген шығар. Ол заманда ондай түсінік те болмаған. Пенсия –пенсия, 

ал вознагрждение – зейнеттендіру. Бейнет түбі зейнет мақалы да – зейнетті 60 

жаста емес, аз уақытта алатыныңды білдіреді.

Ойталқы


51

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Немістер қоршап алды сақтан!

Окружающая среда – төңірек орта

Бүгінгі күні өкінішке орай окружающая среда сөзі - қоршаған орта деп аудары-

лып жүр. Оның қай жері қоршаған.Автомат алып қоршап жүр ме? Төңірек орта, не-

месе айнала орта окружающая среданың дұрыс аудармасы. Төңірегіндегі адамдар - 

люди его окружения, посмотри вокруг - айналаңа қара. Жауды қоршайды. Қосымша 

айтарымыз: қазақ халқы  төңірегіндегі адамдар, төңірегіңе қара деп айтады. 



Аудармасы «приплод» сөзі қазақ халқына тілін де, құжатын да 

меншіктейтін болыпты

Төл..., өз...

Тілдері қышып жүрген кейбір журналистеріміз өз программаларында тілімізді 

немесе құжатты меншіктегенде төл сөзін қолданады. Қандай есерсоқтық десе-

ңізші. Төл сөзін қолданған дұрыс па? Төл сөзінің орыс тіліне төтелей аудармасы 

«приплод». Мысалы, гну антилопасының төлі – приплод антилопы гну, приплод 

зубра – зубрдың төлі т.б. Өзімізде соларға қарап бірнәрсе болса төлқұжат, төл 

тіліміз деп жарыса айта кетеміз. Құлаққа жағымсыз естіледі. Жатысы жоқ. Оның 

орынына қай сөзді пайдалану керек? «Өз» деген одан да әдемі сөз бар. Өз тіліміз, 

өз құжатымыз т.б. Мәдени тұрғысынан жоғары. «Өз елім» деген ән де бар. «Төл 

жерім» емес. «Өз» дұрыс.



Погода – күн райы

Осы кездегі шатастырма аудармалардың бірі погода сөзін ауа райы деп аудару. 

Күн дегеніміз аспандағы күннен басқа толық 24 сағаттық тәулік. Райы дегеніміз 

оның қас-қабағы, ұмтылысы. Ал ауа деген алдымыздағы көрінбейтін субстан-

ция. Қазақ халқы погода сөзін күн райы деп айтқан. Оның үстіне қазақ халқы: 

күн бұзылып тұр, күн жауып тұр деп сөйлейді. Ал ауа бұзылып тұр, ауа жауайын 

деп тұр дегенді өмірі естімеппіз. Ауа райы – климат сөзінің аудармасы. Ауа райы 

деген де сөз бар ол қазіргі күні климат сөзінің аудармасы.  



Ритуальные услуги: «салт» па, «кәде» ме?

Райымбек көшесінің бойында «Салт» - «Ритуальные услуги» қызметін көр-

се тетін  фирмалар  толып  тұр.  Сол  1993-94  жылдары  осылай  сөз  таба  алмай 

өз-өз дерін  сендіріп:  «бұлар  салттарын  жасайды  деп»  мұрындарының  астына 

міңгірлеп осы аударма дұрыс сияқтыланып кетіп қалып еді. Алайда, «салт» де-

ген аудармалары дұрыс па? Салт – традиция. Адам өлгенде жасалатын нәрселер 



Ойталқы

52

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

жиын тығының барлығын «кәде» дейді. «Кәдесін жасап болды», «салтын жасап 

болды»  емес.  Той-томалақ,  ас,  өлімге,  тууға  қатысты  іс-қимылдар  бірізділігін 

«кәде»  деп  айтады.  «Мың  бір  түнді»  аударған  майталман  аудармашы  Қалтай 

Мұхамеджан осылай көрсеткен.

«Жарнама» сөзі қазақ тілінің жолын кесу

Жалпы Ж. Аймауытов т.б. жазушы-зиялылар 30-жылдардағы романдарында 

бұл сөзді «афиша» түсінігін беру үшін пайдаланған. Алайда біздікілер шатасып 

оны реклама сөзінің аудармасы үшін беріп кетті. Ал енді «нама» біздің білуімізде 

«Бабырнама»,  «Шахнама»,  «Қабуснама»  т.б.  жырларды  жасауда  ежелден  келе 

жатқан  сөзжасам  бірлігі  десе  де  болады.  Өз  тауарын  сатқанда,  бір  ісшаралар 

өткізгенде біздің халқымызда «жар салу» сөзі пайдаланылған. Оған неге өз тілі-

мізді өзіміз кесіп еркін тыныстатпай, соңына нама деген бірлікті қосып айтып 

жүрміз? Дұрысы жар салу болуы керек. 

Страхование  – сүйемелдеу

Страхование  сөзінің  аудармасына  қамсыздандыру,  сақтандыру,  демеу  мен 

сүйе мелдеу деген төрт нұсқа бар. КСРО кезінде страхованиені қамсыздандыру 

деп аударды. Қамсыздандыру сөзінің дәл аудармасы сделать беззаботным. Бұл 

басқа түсінікті беретін өз бетімен бір сөз. Екінші тәуелсіздік алғаннан кейінгі 

сақтандыру  сөзі.  Сақтандыру  аудармасы  хранить.  Мүлде  келмейтін  айдалаға 

кеткен  сөз.  Үшіншісі  демеу  –  бұл  сөз  көбіне  поддержкаға  ұқсайды.  Көңіліне 

демеу  болды  т.б.  Сондықтан  дұрысы  сүйемелдеу.  Страхование  сөзінің  нақты 

мағынасын  береді.  Мысалы  сырқат  адам  құлап  қалса,  қол-аяғын  мертіктіріп 

алуы мүмкін. Сол үшін де оны туыстары т.б. жанында сүйемелдеп жүреді. Ал 

бұл жерде де адамды  ол қолын сындырып алса, ақша төлейтін болып, өліп қалса 

оның орынын  ақшамен толтыратын болып жасалған механизм. 



Тұлға болу үшін әлі қайда. Лицо – кейіп

Өзімізге  белгілі  қазіргі  кезде  лицо  сөзі  тұлға  болып  аударылып  жүр.  Юри-

дическое  лицо,  физическое  лицо  –  заңды  тұлға,  жеке  тұлға.  Тұлға  болу  үшін 

қайда әлі. Тұлға деп қазақ халқында белгілі бір жетістіктерге жеткен, белестерді 

бағындырған адамдарды айтады. Қазіргі кезде олар кім? Мысалы, Е. Ибраимов, 

С. Сапиев, Б. Шүкенұлы т.б. Бұл жерде бұл сөзді осы жерге пай далансақ та дұрыс 

деген ұстаным да жарамайды. Себебі кейіп деген барлы ғымызды бейтарап етіп 

көрсететін сөз лицо сөзінің аудармасына дәл келеді.заңды кейіп, жеке кейіп. 



Ойталқы

53

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

«Дәрігерді» «дауагер» басар

«Дауагер» кең қолдауға ие болады. Дәрігер- фармацевт, аты айтып тұрғанындай 

ісі  дәрімен  байланысты  маман  иесі.  Дауагер  -  врач,  аты  айтып  тұрғанындай 

адамдарға дауа, ем береді. Осы сөзді саралап дұрыс аудармасын берген авторы 

Серік Ерғали. Әрине бұл кісінің еңбегіне еш таластығымыз жоқ. Ұсынысы дауа-

гер кең қолпаштауға ие болатынына сенемін.  



Барлығы да құрал болып кетті

Қазіргі кезде жалғыз құрал сөзі барлығын алмастырып жүр. Средство, посо-

бие, орудие труда, прибор т.б. барлығы құрал болып кетті. Қазақ тілінде құдды 

бір  сөз  жоқтай.  Бұл  жерде  құрал  дегеніміз  еңбек  құралдарына  дәл  келеді.  Ал 

средст во  сөзі  сайман,  пособие  –  септеспе,  прибор  –  прибор.  Сонда  тиісінше 

Бұқаралық ақпарат құралдары емес бұқаралық ақпарат саймандары, қандай дәл 

келетін  әсем  аударма.  Пособие  сөзі  болса  способоствовать  –  септесу  сөзінен 

шыққан. Яғни бұл жерде айтып тұрғанымыз учебное пособие – тағы бір құрал 

емес, септеспе. Қысқа да нұсқа. 

Новости ешқандай жаңалықтар емес, хабарлар

Вести,  новость  барлығы  түбірі  бір  весть  -  хабар  деген  сөзден  шыққан.  Ал 

жаңалық деген сөз новинка. Мысалы ғылымға жаңалық енгізу немесе тіс паста-

сы ның, машинаның жаңа түрлерін ойлап табу, соның барлығы жаңалық бола-

ды. Жаңалық жаңа формулалар қолданылған ұнтақтарда, тіс пасталарында т.б. 

этикетшелерінде қолданылатын сөз. 



Қамба – бидай сақтауға склад болса, басқа заттарды 

сақтауға неге болмайды.

Склад сөзін орысшадан тікелей алып складывать – бірінің үстіне бірін қою 

деп қойма деп алып жүрміз. Кейбір фирмалар тіпті осы сөзді тереңдетіп енгізуге 

ұмты лып жүр. Алайда қойма жасанды сөз. Ал шындап сараптап көрсек, бидай-

ды сақтайтын жерді қамба дейміз. Сонда оған басқа заттарды сақтасақ ол неге 

өз түсінігінен айырылуы тиіс. Оның ішіне басқа заттарды сақтаса да ол қамба 

– склад болып қалуы тиіс. 

Повестка – сотқа хабардар ету

Вести, новость барлығы түбірі бір весть - хабар деген сөзден шыққан. Сон-

дықтан сотқа шақыру, бізде аударылып жүргендей – сотқа шақыру емес- сотқа 

Ойталқы


54

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

хабардар ету. Бұл іс-қимылдың басты мақсаты жауап берушіні сотқа келуге ха-

бардар ету, яғни, оның сотқа шақырылатынын білдіру десе де болады. Ал, сотқа 

шақыру сөз тіркесіне келсек – ол пригласить в суд, пригласить на конференцию 

т.б. деген сөз тіркестері секілді жеке түсінікті береді. 

Заправка – оттандыру

Автомобильді, картриджді, соталыны т.б. – оттандыру. Автозаправочная стан-

ция - автооттандыру станциясы. АЗС-АОС. Оттандыру сөзін осылай жаратсақ. 

Адамды  емес,  затты  оттандыруға  келеді.  Бір  стандарт.  Автомобильдің  багын 

тол тыру, картридждерді толтыру ұзақ, оттандыру қысқа. 

Население – ел, жұрт

Осы күнгі население сөзін халық деп беруіміз қате аударма. Себебі халық - 

народ өз бетінше бір сөз. Ал население белгілі бір қалаға, ауданның жасаушы-

ларына қатысты айтылады. Онда бір халық емес, бірнеше халықтардың өкілдері 

тұруы мүмкін. Сондықтан ол түсінікті қазақтар ел, жұрт дейді. Ханның елі, жұр-

ты т.б. Сонда центр обслуживания населения – елге немесе жұртқа қызмет көр-

сету орталығы. ЕҚКО.

Сонымен дұрысы: население – жұрт.



«ТЖО» аудармасы орыс тіліне бет бұрушылық

«ТҚКС» немесе қысқасы «ТҚС» – «СТО» -ның ең дұрыс аудармасы. «ТҚКС» 

немесе «ТҚС» - Техникалық қызмет көрсету станциясы немесе Техникалық қыз-

меттеу  станциясы  (осылай  қысқартуға  да  болады).  Ал,  «ТЖО»  «СТО»  ға  ды-

бысталу  жағынан  ұқсағандықтан  ұсынылып  бейімделініп  жүр.  Бұл  түбегейлі 

дұрыс  емес.  «ТЖО»  -  Техникалық  жөндеу  орталығы.  Бұл  қайдағы  «орталық» 

- «центр»? Ондай сөз де жоқ қой мұнда? Ал, «жөндеу» деген не? Починка ма. 

Қайдағы  починка?  «ТЖС»  та  емес.  «ТҚС»  стандартымен  барлық  республика 

территориясында аударылуы керек. 

Осы 20 шақты сөздің өзі қазақ тілінің дамуына ойсырата соққы беріп отыр. 

Былай қарағанда орыс, неміс, француз, ағылшын тілдері алға басып жатса қазақ 

тілі ақаулары көп машина сияқты созылып келе жатқан сияқты. Өздеріңіз бүгінгі 

күні сөздікті қараңыздаршы: бір сөзді іздесеңіз бірнеше аударма жазылған, ал 

енді соған ұқсас басқа сөзді іздеңізші дәл сол сөздер осы сөздің аудармасына 

да берілген. Яғни, сөздік сөздердің жиынтығы ғана сияқты. Шатасып орындары 

ауысып кеткен аудармалар, сөз жетіспейді. Ал енді осы сөздерді дұрыс орынына 

пайдаланйықшы, онда қазақ халқының еңсесі көтерілгендей күй кешеміз. Еліміз 

үшін үлкен алға басушылық болады.  



Ойталқы

Бұл сұраққа нақты жауап беретін мемлекет тілін дамыту мен енгізу маманда-

ры, аудармашылар. Себебі олар құр кабинетте отырып алып айғайлаушыларға 

қарағанда орысша-қазақша, қазақша-орысша аудару жұмыстарының үлкен көле-

мімен жұмыс істейді. Осылардың нәтижесінде бір-бірімен байланысты жақсы 

жауап та туындайды. 


56

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯ КОМИССИЯСЫНЫҢ 

2015 ЖЫЛҒЫ 6 ҚАЗАНДАҒЫ ОТЫРЫСЫНДА 

БЕКІТІЛГЕН ТЕРМИНДЕР

Инновация, индустрия салалары бойынша

р/с

орыс тілінде

қазақ тілінде

1.

экономические реалии



экономикалық болмыс

2.

целенаправленная работа



нысаналы жұмыс

3.

коммерциализация 



технологий

технологияларды

коммерцияландыру

4.

технологическое 



прогнозирование

технологиялық болжау

5.

производственная цепочка



өндірістік тізбек

6.

техническое перевооружение



техникалық қайта жарақтандыру

7.

расхождение



алшақтық

8.

автономный кластерный фонд



автономды кластерлік қор

9.

инновационность



инновациялылық

10. производительность труда

еңбек өнімділігі

11.


инновационный грант

инновациялық грант

12. абсолютно

абсолютті, мүлде

13. автолебедка

автошығыр

14. брюки клеш

кеңбалақ шалбар

15. гранулированный чугун

түйіршіктелген шойын

16. натяжитель

кергі


17. носки

шұлық


18. колготки

колготки


19. трусы

тізкиім


20. спад производства

өндірістің құлдырауы

21. шипы колес

доңғалақ бүртабаны

22. пряжа

иірімжіп


23. пряжа рыхлая

босаң иірімжіп

24. подгузники

жаялықша


25. листовое стекло

табақ шыны

26. установка очистки электролита

электролитті тазарту қондырғысы



Бекітілге

н терминдер

57

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

27. фильтрат

сүзінді

28. цех электролиза меди



мыс электролиздеу цехы

29. крепь 

бекітпе 

30. валовая добавленная стоимость

жалпы қосылған құн

31. высокая добавленная стоимость жоғары қосылған құн

32. дооснащение

жете жарақтандыру

33. древесина

сүрек


34. изделие

бұйым


35. неисчерпаемые ресурсы

сарқылмас ресурстар

36. чулки

шұлық


37. шаблон

шаблон, қалып

38. полевые работы

дала жұмыстары

39. горная масса

тау-кен массасы

40. рудоспуск 

кенқұдық 

41. целик 

кентірек 

42. горный склон

тау беткейі

43. недра

жер қойнауы

44. недропользование

жер қойнауын пайдалану

45. недропользователь

жер қойнауын пайдаланушы

46. сейсморазведочные работы

сейсмикалық барлау жұмыстары

47. геологическое доизучение

геологиялық жете зерттеу

48. геологоразведочные работы

геологиялық барлау жұмыстары

49. геологосъемка

геологиялық түсірілім

50. рациональное 

использование недр

жер қойнауын тиімді пайдалану

51. горно-металлургический 

комплекс

тау-кен-металлургиялық кешен

52. предел

шек


53. нормированные потери

нормаланған ысырап

54. безопасное недропользование

жер қойнауын қауіпсіз пайдалану

55. коммерческое обнаружение

коммерциялық табу

56. туристический имидж

туристік имидж

57. выездной туризм

шығу туризмі

58. въездной туризм

келу туризмі

59. туристская организация

туристік ұйым



Бекітілге

н терминдер

58

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

60. туристская деятельность

туристік қызмет

61. туристский маршрут

туристік бағдар 

62. продвижение туристского 

продукта

туристік өнімді ұсыну

63. ночевка

түнемелік

64. экскурсионная деятельность

экскурсиялық қызмет

65. аффилиированный

үлестес


66. калибровочные лаборатории

мөлшерлеу зертханалары

67. метрологическая аттестация

метрологиялық аттестаттау

68. поверочные лаборатории

салыстырып тексеру зертханалары

69. подтверждение соответствия

сәйкестікті растау

70. испытательные лаборатории

сынақ зертханалары

71. система каталогизации

 продукции

өнімді каталогтау жүйесі

72. знак соответствия

сәйкестік белгісі

73. добровольное подтверждение

 соответствия

сәйкестікті ерікті растау

74. гармонизированный стандарт

үйлестірілген стандарт

75. технический барьер

техникалық кедергі

76. предприятие-изготовитель

дайындаушы кәсіпорын

77. область аккредитации

аккредиттеу саласы

78. абонентская задолженность

абоненттік берешек

79. абонентский отдел

абоненттік бөлім

80. абонентская плата

абоненттік төлем

81. абонентская сеть

абоненттік желі

82. абонентская установка

абоненттік қондырғы

83. абонентско-расчетная группа 

абоненттік-есептік топ

84. автоматизированная система

 проектирования

автоматтандырылған жобалау 

жүйесі


85. автоматическая телефонная 

станция


автоматты телефон стансасы

86. автоматическая система 

контроля

автоматты бақылау жүйесі

87. автоматизированная система 

управления

автоматтандырылған басқару 

жүйесі


88. автоматическое включение

автоматты түрде қосылу



Бекітілге

н терминдер

59

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

89. автоматизированная система

автоматтандырылған жүйе

90. аварийная обстановка

авариялық жағдай

91. автоматизированное рабочее 

место

автоматтандырылған жұмыс орны



92. модем с автовызовом

автошақыру модемі

93. адресная память

адрестік жад

94. вычисление адреса

адресті анықтау

95. информационная линия

ақпараттық желі

96. сжатие информации

ақпаратты сығымдау

97. адаптер информационного 

интерфейса 

ақпараттық интерфейс бейімдеуіші

98. поле информационных разрядов ақпараттық разрядтар өрісі

99. информационная сеть

ақпараттық тор

100. ссылка вперед

алға сілтеме

101. исходная информация

бастапқы ақпарат

102. блок-схема алгоритма

алгоритм блок тәсімі

103. команда алгоритма

алгоритм пәрмені

104. код операции

операция коды

105. последовательность операций

операциялар реттілігі

106. аналоговый сигнал

аналогты дабыл

107. система обработки аналоговых 

данных 


аналогты деректерді өңдеу жүйесі

108. доступ по каналу связи

байланыс арнасындағы 

қолжетімділік

109. блокировать

бұғаттау


110. мастер настраиваемых задач

бапталатын тапсырмалар шебері

111. дефект

ақау


112. введенный код

енгізілген код

113. взаиморасчет

өзара есеп айырысу

114. вне сети

желіден тыс

115. вне зоны покрытия

аядан тыс жерде

116. установка головки

бастиек орнату

117. кнопка 

кнопкы/кнопка

118. кнопочная панель

кнопкылы/кнопкалы тақта

119. кэш вывода страниц

бет шығару кэші



Бекітілге

н терминдер

60

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

120. метка блока

блок белгісі

121. пустой цикл 

бос цикл

122. пустой язык

бос тіл

123. гибридный (комбинированный) 



компьютер

будан (аралас) компьютер

124. окно предупреждений 

ескертулер терезесі

125. загрузочный диск

жүктейтін диск

126. балансировка нагрузки

жүктемені теңгеру

127. итерационный цикл

итерациялық цикл

128. замена сим-карты

сим-картаны ауыстыру

129. главное меню

басты мәзір

130. емкость канала связи

байланыс арнасының 

сыйымдылығы

131. широкополосный канал

кеңжолақты арна

132. расширенный фильтр

кеңейтілген сүзгі

133. широковещательный трафик

кеңтаратымды трафик 

134. обратная трансляция 

кері аудару

135. устройство декодирующее

кері кодтау құрылғысы

136. автосоединение фигур

кескіндердің автоқосылуы

137. центрирование изображения

кескінді ортаға келтіру

138. реплика 

реплика

139. всплывающее окно



қалқыма терезе

140. карманный компьютер

қалта компьютер

141. механизм доступа

қолжетім тетігі

142. удаление надстроек

қондырманы жою

143. значок документа

құжат таңбашасы

144. информационный контент 

ақпараттық контент

145. контрольно-испытательный 

пункт

бақылау-сынау пункті



146. хронометраж 

хронометраж

147. компановка модулей

модульдерді тұтастыру 

148. калибровка 

мөлшерлегіш  

149. оперативное запоминающее

 устройство 

жедел жадтау құрылғысы

150. оптоволоконный кабель

оптоталшықты кәбіл 

Бекітілге

н терминдер


61

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

151. число витков 

орамдар саны 

152. установочная метка 

орналастыру белгісі

153. центральный узел связи 

орталық байланыс торабы

154. паутина  

өрмек, шырмауық

155. шнур измерительного прибора

өлшеу аспабының бауы

156. штатив прибора 

аспап тағаны 

157. процессор с плавающей точкой

қалқыма нүктелі процессор

158. разветвленная сеть 

тармақталған тор

159. язык управления пакетом 

дестені басқару тілі 

160. цифроаналоговый 

преобразователь

цифрлы-аналогтытүрлендіргіш

161. асбестовая крошка

асбест үгіндісі

162. асбестоцементное покрытие

асбест-цемент жабын

163. аэрофотосьемки

аэрофототүсірілім

164. естественный щебень

табиғи шағылтас

165. мол

тосқауыл


166. несущий

тіреуіш


167. ограждение

қоршау, қоршап қою, кедергі

168. оттиск

бедер


169. оттиск печати

мөрбедері 

170. отсев

тас ұнтақтары

171. пневматическая шина, 

пневмошина, пневматик

пневматикалық шина, пневмошина, 

172. правоустанавливающие 

документы на земельный уча-

сток 


жер учаскесіне құқық белгілейтін 

құжаттар


173. рулежная дорожка

жермен жүру жолдары 

174. сварщик

дәнекерлеуші

175. фрахт

фрахт, кеме кіресі

176. фрахтование 

кеме жалдау

177. фрахтовщик

кеме жалдаушы

178. фрахтователь

кемемен жалданушы

179. щебень

шағылтас


Бекітілге

н терминдер
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет