Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет5/8
Дата27.04.2017
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланылған әдебиет:

1. Н.Примашев. Конституциялық заңнама лексикасы: салыстырмалы контент-

талдау.  -  Қазақстан  Республикасы  Заңнама  институтының  жаршысы,  №3(39) 

2015. -125-127 б.

2. М.Айымбетов. Сөздік – терминді біріздендіру құралы. - Қазақстан Респу-

бликасы Заңнама институтының жаршысы, №4(39) 2013. - 108-109 б.

3. М.Ұйықбаев. Тіл білімінің анатологиясы. Қазіргі қазақ тіліндегі вариант-

тылық проблемасы. - Павлодар: С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік 

университеті, 2010. – 162б.

4. Р. Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптасуы (кодификациясы), Астана, 

Елорда. 2001. -230 б. 

5. «Қазақстан Республикасының заңнамасында қазақ тіліндегі заң лексикасы-

ның қолданылуына мониторинг жүргізу» тақырыбындағы іргелі және қолдан-

балы  зерттеу  бойынша  2016  жылғы  1  тоқсанға  арналған  талдау  жұмысы 

(01.03.2016ж.)


42

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Бердібек  Бияров 

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ доценті

филология ғылымдарының кандидаты

Қазақша термин қайтсе  жақсарады?

Қазақша термин жасау мәселесі, былайша алынғанда, бәлендей қиын да мә-

селе емес. Әдеттегі сөздер қалай жасалса, сөзжасам қандай-қандай тәсілдерге 

негізделсе терминдер де солай жасалынып, сол теориялық негіздерге сүйеніледі. 

Солай бола тұрса да, біздің қазақи тілдік ортада қазақша термин жасау дәстүрі 

әлі күні толыққанды қалыптаса қойған жоқ. Тіпті қазақша термин жасауға де-

ген ынта мен құлық та әр уақыт байқала бермейтін сияқты. Оған себеп – 80-

90  жыл  бойы  қазақ  тілінің  мәртебесін  құлдыратуға,  орыс  тілінің  мәртебесін 

ас қақ татуға  бағытталған  саясат  пен  сол  жолда  істелген  арнайы  шаралардың 

нәтижесі деп есептейміз. Ғылыми терминдерді жасайтындар – cөз жоқ әр ғылым 

салаларының мамандары. Неге екенін қайдам, қазақ ғалымдарының көбі мейлі 

олар техникалық ғылымдардың өкілдері болсын, мейлі қоғамдық ғылымдардың 

өкілдері болсын (бұлардың ішінде қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің өкілдері де 

бар) терминдерді қазақша жазудың орнына еуропа тілдерінде қалай айтылып, 

қалай жазылып жүрсе, солай қолдана салады. Басқа салаларға бармай-ақ, өзіме 

жақсы  таныс  қазақ  тілі  бойынша  қорғалып  жүрген  кандидаттық,  докторлық 

диссертациялар тілі туралы айтсам, бұлардағы жағдай да дәл сондай. Кеше ға-

на  қазақ  тілі  туралы  жазылған  бір  кандидаттық  диссертацияның  авторефера-

тын оқып шықтым. Небары 24 беттен тұратын жұмыста 50 шақты латын, грек, 

ағылшын  сөздері  (терминдері)  қолданылыпты.  Солардың  ішінде  прецедент, 

рефлекция, геминация, матрица деген сияқты терминдер жүр. Тілші болсақ та 

түсінбегендіктен, «бұлар нені білдіреді екен» деп шет тілдері сөздігінен қарасам, 

прецедент (лат.) деген «бұрыннан бар үлгі» дегенді, рефлекция (лат.) – «қайта 

қарау, қайта ойлану, күдіктену» дегенді, ал гимнация (гр.) – «қайталама дыбыс» 

дегенді білдіреді екен. Қазақ тілінде жазылған екінші бір диссертацияның ав-

торефератынан суггестия (лат. «сендіру, иландыру»), перлокутие (ағыл. «сөзді 

сыпайы түрде жеткізу»), иллокутие (ағыл. «сөзді арнайы түрде жеткізу») деген 

сияқты  сөздерді  кездестірдік.  Шынтуайтына  жүгінсек,  бұлар  термин  де  емес. 

Олардың  мән-мағынасы  неге  қазақша  берілмегендігі  түсініксіз.  Бұлар  аздық 

етіп  жүргендей,  соңғы  кезде  қазақша  жазатындардың  арасында  арабтың  бей-, 

би- префиистері арқылы сөз жасауға құмартушылардың саны күн санап артып 

келеді. Олардың алды оқулықтардың тіліне де жетті. Мыс: Ерікті бірлестіктер 

–  бейкоммерциялық,  бейөкіметтік  ұйымдардың  негізгі  элементі    (Т.Ғабитов 

т.б.  Мәдениеттану.  Оқулық.  4-ші  басылымы.  А.,  2005,  334  б.).  Жарайды-ақ, 

бұл  оқулықтың  төл  иелерін  (авторларын)  тілшілер  емес  дедік.  Қазақ  филоло-

Ойталқы


43

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

гиясы факультетін бітірген, кандидаттық немесе докторлық диссертация қорға-

ғалы отырған тілшілердің еңбектерінде кездесетін бейвербалды, бейәдеби, бей-

тұлғалық деген сияқты сөздерді қалай түсінеміз?!

Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде де префикс жоқ екендігі белгілі. 

Ертеңгі күні біреу болмаса біреу «қазақ тілі» оқулықтарына: «Қазақ тілі – жал-

ғамалы (агглютинативті) тілдердің қатарына да, қопарылмалы (флективті) тіл-

дердің қатарына да жатады» деп, оған дәлел ретінде жоғарғыдай мысалдарды 

жиып-теріп бермесіне кім кепіл бола алады.

Әлгі диссертация қорғаушыларға «бұларың қалай?» десең «бізге дейінгілердің 

бәрі  бұл  терминді  осылай  қолданыпты»  деп  жауап  береді.  Сонда  деймін-ау, 

қазақша  терминдерді  қазақтардың  өздері  жасамаса,  оларды  бізге  кім  жасап 

береді? Әдетте біз «ғылым халық үшін» деп жатамыз, бірінші кезекте сол ғылы-

мымыз көпшілікке түсінікті болу керек қой. Ол үшін терминдеріміз қазақша жа-

салуы шарт.

Кеңес өкіметі кезінде жат жұрттық сөздерді, дәлірек айтқанда, басқаша айт-

қан да (варвариздерді) бізге терминком арқылы, терминкомға бекіттіру арқылы 

күштеп, зорлап ендірді. Ал қазіргі кезде, егемендікке қол жеткен уақытта жат 

жұрттық  сөздерді  солай  алуға  бізге  кім  зорлық  жасап  жүр?  Ешкім  де  емес. 

Өзіміздің түсініксіздігімізден, бұған дейінгі бойымызға сіңіп кеткен «ауруымыз-

дан» құтыла алмай жүргендігімізден солай болып тұр. Тіпті «мағынасын ешкім 

түсінбейтін латын, грек сөздерін көбірек қолдансақ, ғылымның мәні солғұрлым 

арта түседі» деп ұғатындар да аз емес.

Терминдерді  қазақша  жасаудың  толып  жатқан  әдіс-тәсілдері  бар.  Олардың 

көбі жұртшылыққа белгілі. Біз басқа бір мақаламызда термин жасаудың морфо-

логиялық (түбірге жұрнақ жалғау арқылы, сөздерді біріктіру, кіріктіру, қосарлау 

арқылы  т.б.),  синтаксистік  (сөздерді  тіркестіру  арқылы)  және  семан тикалық 

(сөздердің  мағынасын  өзгерту  немесе  толықтыру  арқылы)  тә сіл де ріне  жан-

жақты тоқталғанбыз. Бұл жерде оларды тағы да қайталап айтып жатқанымыз 

артықтау болар. Сондықтан термин жасауда ол мақалада айтылмаған басқа бір 

2-3 түріне ғана тоқталып өтелік. Олардың біріншісі – айтылуы да, жазылуы да 

мүлде басқаша шет жұрттық терминдердің орнына өз тіліміздің әдеби, кәсіби, 

жергілікті тармақтарынан, тіпті болмаса, өзімізбен туыстас түркі тілдерінен ба-

лама іздеп тауып немесе қолдан термин жасап, соны қалыптастыру. Мәселен, 

тілімізде әлі күнге дейін анатомия, косметика, кредит, маятник, пленка, рецепт, 

функция, факт деп айтылып, жазылып жүрген сөздерді қазақша тәнтану, риан, 

несие, бигеш, жұқалтыр, дәрел, мәнбі, берне деп алуға болатындығына көзіміз 

жетеді. Біз бұл ұсынысты бұрын да айтқанбыз. Бірақ ешкімнің олай қарай аяқ 

басқысы келмейді.

Қазақша термин жасаудың екінші тәсілі – қай тілдің термині болса да, оны 

қазақ  тіліне  аударып  қолдану.  Бұл  мәселеге  келгенде  біздің  біраз  аты  дар-

Ойталқы


44

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

дай  ғалымдарымыз:  –  Халықаралық  терминдерді  аударуға  болмайды,  оларды 

сол  қалпында  алу  керек,  –  деп  өре  түрегеледі.  Неге  аударуға  болмайды?  Қай 

жылы, қай қалада, қай халықаралық кеңесте дүние жүзі халықтары жиналып, 

ұсынылған шартқа келісіп, қолдарын қойып, халықаралық терминдердің тізімін 

бекітті? – деген сұраққа ешкім жартымды жауап бере алмайды.

Халықаралық  терминдер  дегеніміз  –  сайып  келгенде,  латын,  грек  сөздері. 

Оларды «аударуға болмайды» деп жүргендер – негізінен еуропалықтар. Оларды 

түсінуге болады. Өйткені роман тобындағы тілдердің (француз, испан, итальян 

т.б.) түп төркіні – латын тілі. Ал герман тобындағы тілдердің (ағылшын, неміс, 

голланд, дат, швет, норвеж т.б.) түп төркіні – грек тілі. Әрине, бұл халықтар тер-

мин жасаса, өздерінің ататілдерінде жасайтыны белгілі. Шығу тегі, түп- грек тілі. 

Әрине, халықтар термин жасаса, өздерінің ататілдерінің негізінде жасайтындығы 

белгілі. Шығу тегі, түп-төркіні, туыстығы, құрылымы жағынан бұл тілдер бір-

біріне өте жақын. Ал бұлардың ешқандай жақындығы да, туыстығы да жоқ, үш 

қайнаса сорпасы қосылмайтын қазақ тіліне не жорық, не сор?! Егер халықаралық 

терминдерді аударуға болмайды десек, онда академик В.В.Виноградов айтқан 

100  мың  интернационалдық  сөздердің  бәрін  сол  күйінде  алып,  сол  күйінде 

жазуымызға  тура  келеді  (ол  кісінің  айтуынша,  екінші  дүниежүзілік  соғысқа 

дейін орыс тіліне 100 мың интернационалдық сөздер еніпті. Ал одан бері қанша 

уақыт өтті? Қазіргі кезде орыс тілінде қанша интерсөздер бар екендігін осыған 

қарап-ақ есептеп беруге болады). Сонда бұлар кімнің сөзі, кімнің сөздік қоры 

болады? Ойланып көрелікші!

Қазақша термин жасаудың үшінші тәсілі – шет жұрттық сөздерді қазақ тілінің 

дыбыстау заңдылығына сәйкес қазақша айтып, сол айтылған күйінде қазақша 

жазу. Мен біраздан бері термин деп емес, термін деп, екінші буындағы орыстың 

И дыбысының орнына қазақтың І дыбысын қойып, қолданып келемін. Дәл осы 

сияқты, қазіргі кезде артист, театр, спектакль, концерт, магистр, медаль, рельс, 

цемент  т.б.  деп  орысша  қолданып  жүрген  сөздерді  әртіс,  тыйатр,  іспектакіл, 

кәнсерт, мәгійстір, медәл, реліс, семент деп қазақша қолдануға әбден болады. 

Сонда алдыңғылар орыс тілінің, соңғылар қазақ тілінің сөздері болып, тіліміз 

біраз  сөздерге  болса  да  байып  қалған  болар  еді.  «Орыстың  ботинки,  бревно, 

кровать, конфета, сомовар деген сөздерін қазақтардың бәтіңке, бөрене, кереует, 

кәмпит, самауыр деуі, болмаса қазақтың қазына, қымыз, тауар, теңге, тобылғы, 

ошақ деген сөздерін казна, кумыс, товар, деньги, товалга, очак деуі екі халықтың 

да ата-бабалары ақылсыз емес екендіктерін көрсетсе керек. Біз болсақ, асылда-

рымыз қалыптастырып кеткен атбекет, жандарал, жағрапия, пәлсапа, сиез деген 

сияқты біраз сөздерді қайтадан адвокат, генерал, география, философия, съезд 

дегендерге ауыстырып, тілдік заңға деген таяздығымызды көрсетіп алдық. Бұл 

не? Сауатсыздық па, санасыздық па?

Екеуі де. Оның үстіне бізге орыс оқуы мен орыс тәрбиесі өтіп кеткен. Соған 

Ойталқы


қарап,  ХХ  ғасырда  ардақтыларымыз  айтқан  «Оян,  қазақ!»  деген  ұранды  бір 

ғасыр өткеннен кейін (ХХІ ғасырда) тағы да қайталағың келеді де тұрады.

Мен бұл сөздерді тегіннен-тегін айтып тұрған жоқпын. Қазақша шығып жүр-

ген газет-журналдарға қараңызшы. Оларда кездесетін блокбастер, билборд, га-

старбайтер,  ди-жей,  web-дизайн,  web-сайт,  марчендайзер,  кластер,  обудсмен, 

суицид,  шопинг,  дельфийлік  (ойын),  оффшорлық  (аймақ),  электороттық  (топ) 

деген сияқты жат жұрттық сөздерден аяқ алып жүре алмайсыз. Тіпті бомж, проб-

ка, коттедж дегендерді қазақшалай алмай жүрміз.

Жалпы алғанда, қазақ тілінің лексикалық қорын ұлттық сөздермен байыта-

тын  да,  шет  жұрттық  сөздерді  жиі  қолданып,  оны  жұтататын  да  –бұқаралық 

ақпарат  құралдарының  өкілдері.  Егер  олар  жаңа  ұғымға  қазақша  атау  тауып, 

оны қалыптастырса, ондай азаматтар тілімізді байытады. Ал егер олар ағылшын 

сөзін  –  ағылшынша,  неміс  сөзін  –  немісше  қолданып,  соларын  қазақ  тіліне 

тықпыштай берсе, ондай журналистер қазақ тілін тығырыққа тірейді.

Әрбір қазақ өзін қазақпын деп есептесе, қазақ екендігі шынында да рас болса, он-

дайлар өз саласы (мамандығы) бойынша ғылыми, ғылыми емес ұғымдарды қазақша 

атаулармен атап, атап қана қоймай, ол атауды қалыптастырса (қалып тастырудың ама-

лы ол сөздерді көп қолданысқа түсіру), мемлекеттік тіл – қазақ тілі, оның терминдері 

сонда ғана дамиды, сонда ғана қазақ тілінің жұлдызы жанады.


46

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Саян Сыдық

Аудармашы

Мекенжай сөзін қашан «тұрақ» деп береміз?

Адрес сөзінің дұрыс аудармасы тұрақ. Кеңес дәуірі кезінде адрес сөзінің ау-

дармасы, осы ұқсас, «мекенжай» болар-ау деп біреу аударып еді, сол қате күйі 

әлі  келе  жатыр.  Ал  енді  қызылкеңірдек  болып,  сен  «тұрақ»  автостоянка  деп 

тамағымызға жармаса кететіндерге айтарымыз «стоянканың» нағыз аудармасы 

жай, автостоянка – автожәй, көлікжәй. Өзімізге белгілі «Абай жолы» романын-

да үңгірді паналайтын кедейге қатысты тұсында оның тұрағы деп беріледі. Со-

нымен бірге «Елім-ай» романында да Қоқандықтардың озбырлығына шыдамай 

қашатын кедейдің өзін құтқарған бай қазақтарға қатысты, өзінің тұратын жерін 

айтуында да «тұрағым» деп береді. Тағы басқа әңгімелерді қарасаңыз да адрес 

сөзі қазақ халқында тұрақ деп беріледі. 

Ал  «мекенжайға»  келер  болсақ  мекен-жай  сөзі  асығыс  беріліп  кеткен. 



Бі-

ріншіден мекенжай екі сөзден құралған. Екіншіден мекен-обиталище. Қалмақ-

тардың мекені, жайлауды мекендейді, көлді мекендейді т.б барлығы дәл адресті 

емес, үлкен территорияны білдіріп тұр. Биологияда қосмекенділер деген сөз бар. 

Яғни суда да, құрлықта да тіршілік ететін тіршілік иелері. Жай - строения. Мы-

салы қазақтар үй-жай дейді. Сондағы үй және оның жанындағы қора, құдық, 

гараж т.б. барлығы жай түсінігіне кіреді. Тұрақ дегеніміз тұрақтап қалған жер. 

Екінші  жиіркенішті  болып  кеткен,  құлақ  етін  жеп  жүрген  сөз  программа 

сөзінің аудармасы. 



Программа – программа

Өзімізге  белгілі  біз  аударған  бағдар  сөзінің  аудармасы  –  маршрут.  Одан 

шыққан туынды сөз бағдарлама тиісінше – маршрутизатор болуы керек. Мыса-

лы, заң – закон, одан шыққан туынды сөз заңнама – законодательство сияқты. 

Программа бұл негізі неміс тілінің сөзі, оны орысшадан аударып жатырмыз де-

ген қате. Бізге шетел тілінен енген сөз ретінде сол қалпы қалуы керек. 



Контроль – бақылау емес, қадағалау

Контроль сөзі ешқандай бақылау емес! Осы біздегі үлкен қате болып отыр. 

Осындай сорақы шатасуды көрген емеспіз. Қадағалау – контроль (бұл сөз ежел-

гі Түрік қағанаты замынан келе жатқан сөз). КСРО кезінде асығыс аударылып 

орыны шатасып кеткен. Шынымен де ұқсас сияқты. Алайда «Абай жолы» т.б. 

Ойталқы


47

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

қадағалау сөзі контроль түсінігін береді. Проконтролируй деген – бақыла емес, 

қадағала! Бақыла сөзі ешқалай контролироватьтің мағынасын бермейді. Қазақ-

тар «Бақсам бақа екен» дейді, сондағы бағу, бақылау наблюдение болу керек. 

Бақылау сөзінің дұрыс аудармасы – наблюдение. Мысалы магазиндердегі видео-

наблюдение – видеобақылау. 

Сонымен дұрысы: контроль - ҚАДАҒАЛАУ!!, ешқандай бақылау емес. Өзі 

білмей үлкен апайларымыздың бәрібір осылай істеймін деп қасарысып даулас-

қанын қайтерсің. 

Экспертиза мен анализдің орыны ауысып кеткен

Дұрыстап қарасақ осы сөздердің орыны ауысып кеткен. Экспертизаны – са-

раптау деп аударғанбыз ал анализ сөзін саралау деп аударғанбыз. Алайда, «Абай 

жолы» романын оқып отырсақ дәл осы сараптау сөзі керісінше анализ сөзінің 

ау дар масын, ұғымын береді.

Ал саралау сөзі былайша айтқанда жан-жақты қарап, талдап экспертиза ұғы-

мына сай келеді. 

Договор – келісім-шарт емес, уағда

Договор – уағда. Осы күнгі договорды шарт деу мүлде қате. Саралап көрейік.

Келесі  солай  деуге  болса  жатысы  дұрыс  емес  аудармалардың  бірі  договор. 

Шарт  дегеніміз  условия.  Ойынның  шарты  бар,  қыздардың  жігіттерге  қоятын 

шарты бар, барлығы условия. Оның үстіне условия договора – шарттың шарт-

тары бола ма? Мүлде қисынсыз ғой. Ал қазақтарда бұл сөзге уағда деген дұрыс 

нұсқасы бар. Тараптар уағдаласты. Стороны договорились. Бұл сөз көптеген кі-

тап тарда осы уағда – договор күйінде кездеседі. Сонда айырмасы да анық Со-

глашение – келісім, договор – уағда, условия договора – уағда шарттары. 

Рынок – базар

«Базар» еніп, «нарық» алынсын

Асығыс аудармалардың бірі болып жүрген сөздердің бірі «рынок»  - «нарық». 

Адамға не бір елес бермейтін, дәм-тұзы жоқ, сүйкімсіз сөз. Соңғы кезде ғалымдар 

да оны сынға алып, «базар» деп айтып жүр. Рынок Казахстана – Қазақстан база-

ры. Рыночные отношения – базарлық қатынастар. Расымен «рынок», ағылшын 

тілінен  «market»  сөзсіз  дұрыс  аудармасы  «базар».  Базарлы  экономика  –  әркім 

қалай  келісетіндерін  өздері  білетін,  еркін  іс-қимыл  жасайтын,  не  болатынын 

болжап бола алмайтын, дәл ұғымын беретін сөз. Әдемі әрі ғалымдарымызбен 

дәлелденген сөз. Ал нарық сөзі керісінше коньюктура.

Конъюнктура рынка базар нарығы. 



Ойталқы

48

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Бастары айналып тұрған смайлдар (күлегештер) қоятын 

аударма - проспект – даңғыл

Проспект – проспект. Осы шын айтқанда фамилияларын қазақшаға аударта 

алмай жүрген есесіне қазақ тіліне аударма жасауда тыраштанып қайда барады? 

Бірінші өзі солардың білімдері толық па екен. Біріншіден проспект неміс тілінің 

сөзі. Проспект дегеніміз кең, үлкен әрі түзу көше. Оны алып қазақ халқындағы 

сара жол, даңғыл жол сияқты мүлде қисыны келмейтін ескі сөзбен алмастыру 

қа те.  Бұл  капиталистік  дүниеден  келген  сөз.  Оны  қазақша  аудару  үшін  қазақ 

халқымыздың өзі оны ойлап тауып басқа халықтарға паш етуі керек еді. 



Накопительный – жинақтау, сберегательный - үнемдеу

Өзіңіз қараңызшы егер де біз белгілі бір мақсатқа, машина сатып алу, үй са-

тып  алу  т.б.  үшін  ақша  жинасақ  ол  орысша  копить/накапливать  болады.  Ар-

найы мақсат үшін. Ал егер біз бір туысымыз үшін тапқан ақшамыздан үнемдеп-

үнемдеп  оған  сәлемдеме  ретінде  жіберсек,  (мысалы  анасы  тапқан  ақшасынан 

үнемдеп-үнемдеп мектептегі ұлына велосипед алып береді) ол орысша сбере-

гать арнайы үнемдеу болады. Ал біздегі экономить сөзін үнемдеу деген сөзбен 

беру  мүлде  қате  аударма.  Оның  үстіне  накопительный  да,  сберегательный  да 

жинақтаушы болып аударылуы мүмкін емес. Біреуі мақсат арнайы үшін жинау, 

біреуі мақсат үшін тапқан ақшадан, алған пенсиядан үнемдеу. Сондықтан нако-

пительный- жинақтау, сберегательный – үнемдеу. Экономить экономдау, сонда 

түбірі экономика да, ал одан шығатын сөз үнемдеу ме? Мүлде келіспейді ғой. 



Информацияны–ақпарат деп аударған кім?

Шынында  да  қазақ  халқында  өз  бетінше  ақпар  деген  сөз  бары  рас.  Оның 

орыс  тіліндегі  аудармасы  сведение.  Өзімізге  белгілі  «Қорқыт  ата  кітабында» 

бұл сөздің берілуі келесідей. Аңға кеткен қағанның қонысын жау шабады. Осы-

ны қағанға жеткізу үшін асыққан қойшы: «Ауылыңызды жау шапқанын ақпа-

рыңызға жеткіземін» дейді. Сонда бұл жерде меңзегені – довожу до Вашего све-

дения болып отыр. Енді ақпар сөзіне ақырын ғана – ат жұрнағын жалғап жіберіп 

бұл сөзді информация қылып шығара қойған кім? Осындай теріс жолға бұрып 

отырған кім? Ал, енді информация сөзінің қазақша аудармасы қалай? Бұл өзімізге 

белгілі мәлімет сөзі. Қазақ халқының күнделікті тұрмысында, жүріс-тұрысында 

қолданыталын: көрші ауылдан мәлімет алып келіпті. Ол туралы мәлімет жинап 

жүр т.б. мысалдары. Ақпараттар ағыны – өтіріктер ағыны. 



Ойталқы__49_ХАБАРШЫ__Терминологиялық__Стен_–_дуал'>Ойталқы

49

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Стен – дуал

Қазіргі кезде «стена» сөзін, киіз үй қабырғасынан алып, «қабырға» деп жүрміз. 

Құлақты  жыртатын  сөз.  Алайда,  көпшілік  оны  ыңғайсыз  болғандықтан  «стена» 

дейді. Шынында да аудармасы дәл түспегендіктен осылай айтқан жағымды сияқ ты. 

Киіз үй қайда, кірпіш үй қайда. Қазақ халқында мұндай саз үйлерге қатысты «дуал» 

сөз бар. Дуал деп айтады. Дуалға сүйенбе. Дуалдары әдемі. Дуалы 3.5. метр. 



Давление – басқы, басқа ешқалай емес 

Давлениені қысым деп кім аударған? Жми – қыс, сжать с двух сторон – екі 

жағынан қысу. Бұл сөздің түбірі қысу – сжимать. Онда неге ол давление болып 

жүр? Ал газды бас - дави на газ, чуть не задавила машина – машина басып кете 

жаздады т.б. Сөздің түбірі давить – басу. Әр сөз өз бағытында пайдаланылуы ке-

рек. Егер билік оппозицияға күш көрсетіп, қуғындай бастаса бұл құбылысты біз 

би ліктің басқысы дейміз. «Абай жолы» романында да Құнанбайдың жақтастары 

басқа рудың жігіттеріне басқысын күшейтеді, ешқандай қысымын күшейтпейді. 

Ал, кровяное давление дұрысталып – қан басқысы. 

Инвентаризаци – перекличка

Инвентаризация  перекличкамен  шатасып  жүр.  Инвентаризация  жалпы  біз-

ге капиталистік елдерден келген сөз. Олардың экономикалық дамуының нәти-

жесінде дүниеге келген. Оны тыраштанып аударып не керегі бар еді. Инвента-

ризация – түгелдеу болып аударылып кетіпті. Ал түгелдеу дегеніміз не орысша? 

Перекличка  емес  пе.  Мысалы,  таңертең  пионерлер  құрған  лагерь  тұрып  жол 

жүреді.  Сонда  осының  алдында  барлық  пионерлерді  түгелдеу  жүреді.  Осы 

көрініс бізше түгелдеу, орысша перекличка. 



Порядогымыз қайда жүр, дисциплинамыз қайда жүр?

Өтірік  аударылып, жиіркенішті  болып  айтылып,  ескі-құсқы сарқыншақ  бо-

лып кеткен аударма осы порядок – дисциплина!!! 

Жалпы  порядок  деген  не?  Порядок  –  реттілік.  Жұмыс  08:00  де  басталады, 

12-13:00 дейін түскі ас. 17:00 де аяқталады. Бірінен соң бірі келетін режим. Ал 

дисциплина  не?  Дисциплина  –  тәртіп.  Яғни,  жұмысқа  осы  уақытта  келу,  осы 

уақытта түскі асқа бару, осы уақытта шығу. Сондықтан қоғамдық тәртіп деген ең 

сорақы аударма. Бұл жерде өз-өздерін өтірік сендіріп алып міңгірлеп қоғамдық 

тәртіп  деп  емес  қоғамдық  реттілік  деп  берілуі  тиіс.  Өздеріңіз  ойлаңыздаршы 

қоғамдық тәртіпті қалай сақтайды. Уақытында келіп, уақытында кетеді ме? 



Ойталқы

50

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Расторжение – айныту

Расторжение – айныту. Расторжение договора – уағданы айныту. Осы сөздің 

аудармасы сөз жетіспегендіктен бұзу деп беріліп жүр. Бұзу сөзінің орысша ау-

дармасы  айдан  анық  нарушение.  Сонда  нарушение  условий  болса  шарттарды 

бұзу. Ал расторжение договора болса – уағданы айныту. Сөзінен айнып қалды 

де ген қазақ халқының сөзі дәл мағынасын береді. 



Инструкция инструкция. Тағы бір жиіркенішті аударма болмасын

Инструкция сөзін нұсқаулық деп қате аударылып кеткен. Саралап отырсақ, 

Ленин бабамыз бізге жарқын коммунизмге жол нұсқап тұр емес пе еді. Ал, енді 

қазіргі  кездегі  Шымкент  –  300  км,  Астана  –  1500  км.  Осы  нұсқаулық  –  ука-

зательдеріміз қайда қалады? Мұндай инструкция сияқты капиталистік дүниеден 

келген сөздер жоғарыда айтылғандай аударылмауы керек. Себебі? Себебі қазақ 

халқы оны өзі ойлап табуы керек еді. 


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 0.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет