Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет4/8
Дата27.04.2017
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланған әдебиеттер

1.  Т.Әбдікерімова.  «Отырар  алқабы»  газет  бетіндегі  терминдердің  сипаты// 

«Мемлекеттік тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты 

Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2007 ж. 

52-бет.

2. Ә.Қайдар. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас. Алматы. 1993 ж. 10-бет.



3. Шойбеков Р. Қолөнер лексикасының термин жасауға қатысы// «Мемлекеттік 

тіл саясаты: терминология, аударматану, ресми құжат тілі» атты Халықаралық 

ғылыми-теориялық конференция материалдары. Алматы. 2007 ж. 19-бет. 

4. Ө.Айтбайұлы. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. 

Алматы. 1988 ж.

5. Ш.Құрманбайұлы. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тә-

сіл дері.Алматы. 2005 ж.

6. Н.Уәли. Сөз мәдениетінің негіздері



33

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

Жұмакүл Тұрарова  

ҚР Заңнама институты Лингвистика

 орталығының аға ғылыми қызметкері., 

Татьяна Еременко 

ҚР Заңнама институты Лингвистика

 орталығының кіші ғылыми қызметкері

Заңнамадағы тілдік норманы сақтау мен лексикалық 

варианттылық мәселесі

Қазақстан  Республикасы  Президентiнiң  2009  жылғы  28  тамыздағы  №  858 

Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға 

дейiнгi кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында заңнама сапасын 

жетілдіру мәселелері қамтылған. Сондай-ақ Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стра-

тегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің жылсайынғы 

Қазақстан халқына Жолдауында 2050 жылға дейінгі ұлттың саяси бағытының бірі 

ретінде мемлекеттік тілдің дамуын белгілеп, «Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі 

кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыруды, қазақ тілін жаңғырту, терми-

нология және әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ 

тіліне аудару мәселелерін шешу қажет», -  деп атап өткені белгілі.

Осыған орайда, еліміздің заң шығару, норма түзу процесін жетілдіру,  заңнаманың 

орыс және қазақ тілдеріндегі тең түпнұсқалығын, оның ішінде заң терминдерінің 

бірізділігін қамтамасыз ету назар аударарлық мәселе болып  отырғандығы белгілі.

Қолданыстағы  заңнамамызда  әртүрлі  варианттағы  сөздер  мен  тұлғалардың 

жарысып қолданылуы, терминдердің бірізді пайдаланылмауы сияқты және өзге 

де көптеген олқылықтардың кездесетіндігі баршаға мәлім. Бұл бір жағынан әде-

би  тіл  мәдениетіне  келетін  нұқсан  болса,  екінші  жағынан  заң  нормасының  ай-

қын, дәл болуын бұзатын, талқылауда ұғымды әртүрлі түсінуге немесе түрліше 

пайдалануға жағдай жасайтын мүмкіндік.  Ал тілдік норма мен заң стилін бұзатын  

олқылықтар көбінесе заң жобаларын әзірлеу барысында мәтіндерді, сөздер мен 

терминдерді дұрыс әзірлемеуден орын алып жатады. Бұл орайда жобаны  әзір-

леу кезінде тең түпнұсқалылықты сақтау, сөздердің ішкі айырмашылығын түсініп, 

мәніне қарай талғаммен пайдалану аса маңызды. Мәселен, заңдарда үнемі қол-

данылатын  ұғымдық  атаулар  «адам»,  «тұлға»  деген  сөздерді  [1,  126]  алатын 

болсақ, бұлар стильдік мәні  жағынан бірдей емес сөздер, «адам» сөзінің мағы насы 

кеңдеу, ал «тұлға» сөзінің мәні шектеулі. Жарыса қолданылып жүрген осындай 

сөздің қатарында «истец» - «талап қоюшы», «талапкер», «қуынушы», «иск» - «та-

лап қою», «талап-қуыным», «қуыным» [2, 108-109], «исковое заявление» - «талап 

арыз», «қуыным арыз», «ходатайство» - «өтінішхат», «қолдаухат», «қолдау хат», 

«өтініш», поставщик - «жеткізуші», «берілім жасаушы» деген варианттар бар. 

Қорыта айтатын болсақ, фонетикалық, морфологиялық жағынан түрленетін 



Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

34

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

жарыспа сөздерді, сондай-ақ синонимдер қатарларын пайдалануға жол беру әдеби 

тіл  нормасынан  ауытқушылыққа  әкелетін  жағдайлардың  бірі.  Тіл  мәдениеті, 

сөз варианттарын нормалау туралы тіл білімі саласын зерттеуші ғалымдар әр 

кез өз құнды пікірлерін айқандығы мәлім. Мәселен, ғалым М. Ұйықбаев «Сөз 

варианттарының  көптеген  мәселелері  әлі  де  болса  жеткілікті  түрде  шешіліп 

болған жоқ. Сөз варианттарының проблемасын зерттеудің ғылыми құндылығы 

шүбәсіз, бұл тіл мәдениетінің өзекті мәселесі.» [3, 5], «Сөздің құбылуы оның ва-

рианттарын жасайды, сөз варианттары сөйлеу, жазу нормасынан ауытқу болып 

саналады  [3,  13].  «Терминологияда  да  жарысып  қолданылып  жүрген  атаулар 

бар. Термин сөз бір ұғымды білдіру үшін қолданылатындықтан, бір ұғымның 

бірнеше атауы болуы жайлы жағдай емес, бірақ терминологияда осы құбылыс 

орын алып отыр. Терминологияда сөз варианттары екі жағдайда кездеседі: 1) 

халықаралық  терминдер  мен  халықаралық  атулардың  жарысып  қолданылуы; 

2) халықтық атаулардың екі немесе одан да көп вариантта болуы» [3,17] деген 

тұжырым айтқан болса, ғалым М.Балақаев: «Тілдегі жарыспалы сөздердің пай-

да болу жолдары терминология, орфография, орфоэпия, стилистика мәселелері, 

тіл дамуының заңдары алдағы уақытта жан-жақты зерттелуге тиіс» [3,149 б.], 

- деп атап өтеді. Ал ғалым Р.Сыздық «варианттылық жалпы тілге, тілдік жүйеге 

тән  сипат»  [4,80],  деп  тұжырымдай  отырып,  оны  тілдік  жүйеде  түрлі  амал-

дар  арқылы  жарыспалылықты  түзетін  лексикалық  немесе  сөз  варианттары; 

грамматикалық варианттар, лексикалық-фонетикалық варианттар қатарларына 

бөліп қарастырып [4,81], осындай жарыспа варианттардың бірін норма ретінде 

қалыптастыру тіл мәдениетінде істелуге тиіс шара», - деп атап өтеді [4,88].

Сонымен бүгінгі күні сөз варианттарын зерттеудің маңыздылығы әдеби тіл-

дің бір тармағы нормативтік құқықтық актілер тіліне де қатысты туындап отыр-

ғандығы белгілі. Өйткені варианттылық мәселесі қолданыстағы заңнамада да, 

заң жобаларын әзірлеу кезінде де жиі кездесетіндіктен, бұл шешуді қажет ететін 

өзекті мәселеге айналып отыр.

Осы орайда, заң жобаларының сапасын қамтамасыз ету мақсатында енгізілген 

лингвистикалық сараптаманың аса маңыздылығын атауға болады. Осындай жау-

апты және де ауқымды жұмыс көлемін атқарып отырған Заңнама институтының 

Лингвистикалық орталығы қазіргі кезде өзіндік тәжірибесі қалыптасқан ұжымға 

айналған. Аталған Орталық мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларының 

лингвистикалық сараптамасын жүргізу арқылы жобалардың тілдік нормаға сай 

әзірленіп, сөздер мен сөз тіркестерінің, терминдер мен ұғымдардың мәніне сай 

дұрыс пайдаланылуына бағыт-бағдар беріп отырған ұжым. Сарапшылар сарап-

таманы заң техникасының әдіс-тәсілдері ретінде тілдік норманың лексикалық, 

грамматикалық және функцоналдық стильдік ерекшеліктерін, сондай-ақ ресімдеу 

талаптарының сақталуын басшылыққа ала отырып жүргізіп, осы нормалардың 

сақталуын  мәтіндерді  тексеру,  салыстыру,  талдау,  әдістерін  қолдана  отырып 

анықтайды, ал мәтін бойынша түзету енгізу қажет болса ұсыныстар береді. Бұл 

ұсыныстар  нормативтік  құқықтық  актілер  тілінің  дәлдігін,  анықтығын,  логи-

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


35

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

калық дұрыс болуын жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында көбіне әдістемелік- 

редакторлық пысықтау жұмыстарын жүргізумен жүзеге асырылып отырады. 

Сонымен  бірге,  қолданыстағы  заңнамадағы  тілдік  норманың  сақталуын 

жетілдіру мақсатында биылғы жылы Заңнама институтының Лингвистикалық 

орталығында  «Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  қазақ  тіліндегі  заң 

лексикасының қолданылуына мониторинг жүргізу» тақырыбындағы іргелі және 

қолданбалы ғылыми зерттеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы 62 заңға тал-

дау жүргізу жоспарланған. Осы шара шеңберінде заңнамадағы варианттық сияқты 

олқылықтарды айқындау, оларды жинақтау, талдау нәтижелерін қорытындылау 

арқылы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу көзделген. 

Нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында көптеген жаңа атаулардың, 

кейбірі тілдің құрылымына қайшы, жарыса қолданыс тапқан заң лексикасын-

да  орныққан  лексикалық  бірліктердің  (өзге  тілден  аударылмай  қолданылған, 

кірме  сөздерді  қоспағанда)  кездесетіндігі  анықталды,  олар,  мәселен,  «орал-

ман»  [4,29-32б.],  «өлшемшарт»,  «теңгерілім»,  «үдеріс»,  «заңдық  құзыр»,  те-

лім»,  «қон дырғы»,  «құрамбөлік»  және  т.б.  терминдер.  Сонымен  бірге,  тілдің 

сөз  қолданысы,  сөз  жасам  мен  тұлға-тәсілдерінің  нормасына  сай  келмейтін 

вариант тар да (орыс тілінен аударылған кейбір түбір тұлғаға жалғау жалғаумен 

жиі кездесетін) анықталды. Мысалы, перевозки -тасымалдау - тасымалдаулар, 

мерзім - мерзімдер, бап - баптар, тармақ - тармақтар, тармақша - тармақшалар. 

Сонымен,  заң  стилі,  сөйлем  түрлері,  сөз  тіркесімдері,  мәтіннің  құрылымы, 

лексикалық өзгешелігі қатаң сақталатын нормативтік құқықтық актілердің өзін-

де де көптеген тілдік олқылықтарға, оның ішінде вариантты қатарлардың қолда-

нылуына жол берілгендігі анықталды. 

Заңнамада кездесетін бірқатар осындай олқылықтарды нормативтік құқықтық 

актілердің атауын көрсетіп және ондағы варианттық бірліктерді талдай отырып: 

лексикалық немесе сөз варианттары; грамматикалық варианттар; лексикалық-

фонетикалық варианттар [4, 81 б.] деп топтастырып кестеде  көрсетіп отырмыз.

Заң атауы

Лексикалық 

не месе сөз ва-

рианттары

Граммати-

ка лық 

вариант тар



Лексика-

лық-


фонети-

ка лық 


вариант-

тар


Дұрыс 

варианты, 

ескертпе

«Электр энергетика-

сы туралы» Қазақстан 

Республикасының 2004 

жылғы 9 шілдедегі № 588 

Заңы


оперативно-

диспетчерское 

управление 

-  оралымды-

диспетчерлiк 

басқаруды, 

жедел-

диспетчерлік 



басқаруды

жедел-


диспет чер-

лік басқа-

ру ды

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


36

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

техничес-

кой диспет-

черизации 

- техни-

ка лық 


диспетчер-

лен ді ру

техни-

ка лық 


диспет-

черлеу


оперативные 

распоряжения - 

жедел өкiмдердi 

орындамайтын

шұғыл 

өкiм дер-



дi орын-

дамай тын

единой электро-

энергетиче-

ской системы 

- біртұтас электр 

энергетикасы, 

бірыңғай электр 

энергетикасы

бірың ғай 

электр 

энерге-


тикасы

собственных 

нужд - өз 

қажеттіліктері

нужды  - мұқ-

таждық тары на

мұқ таж-

дық  та  ры

возобнов ления - 

қайта бас тал ған, 

қай та бас тау

возобнов ляе мых 

- жаңарты ла тын

жа ңар ты-

ла  тын

критериям  



-өлшемшарттар, 

өлшемдер


өлшем-

шарт тар


«Жаңартылатын энергия 

көздерін пайдалануды 

қолдау туралы»

Қазақстан Республикасының 

2009 жылғы 4 шілдедегі № 

165-IV Заңы

возобновляе-

мые источники 

энергии –

жаңартылатын 

энергия көздерi

жаңарты-


ла тын 

энер гия 

көз дерi

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


37

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

«Энергия үнемдеу – 2020» 

бағдарламасын бекіту тура-

лы»

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2013 жылғы 29 

тамыздағы № 904 қаулысы

возобновляемых 

источников - 

жаңартылған 

энергия 


көздерінен

жаңарты-


латын 

энергия 


көздерi

«Баға белгілеу мен 

тарифтік саясат негіздерін 

қоса алғанда, электр энер-

гетикасы саласындағы 

табиғи монополиялардың 

қызметтеріне қол жеткізуді 

қамтамасыз ету туралы 

келісімді ратификация-

лау туралы»  Қазақстан 

Республикасының  2011 

жылғы 8 шілдедегі № 458-

IV Заңы

технической 

диспетчериза-

ции -техникалық 

диспетчерлеу

техника-


лық 

диспет чер-

леу

«Қазақстан 

Республикасының 

Үкіметі мен Үндістан 

Республикасының 

Үкіметі арасындағы 

ғылым және техноло-

гиялар саласындағы 

2013 - 2015 жылдарға 

арналған ынтымақтастық 

бағдарламасына қол қою 

туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Үкіметінің 2013 

жылғы 22 қазандағы № 

1130 қаулысы

возобновляемые 

источники энер-

гии (биоэнергия, 

солнечная энер-

гия, солнечно-

термическая и 

ветровая энер-

гия) –

қалпына 


келтірілетін 

энергия көздері 

(биоэнергия, күн 

энергиясы, күн-

термиялық және 

жел энергиясы)

жаңарты-

латын 


энергия 

көздерi


«Семей ядролық сынақ 

полигонындағы ядролық 

сынақтардың салдары-

нан зардап шеккен аза-

маттарды әлеуметтік 

қорғау туралы»Қазақстан 

Республикасының 1992 

жылғы 18 желтоқсандағы  № 

1787-ХІІ Заңы

мероприя-

тий(я) - 

шаралар, 

шаралар

Іс-шаралар



Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

38

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

«Қазақстан 

Республикасының 

Мемлекеттік шекара-

сы туралы» Қазақстан 

Республикасының 2013 

жылғы 16 қаңтардағы № 

70-V Заңы

погранич-

ная полоса 

- шекаралық 

белдеу

шекара лық 



белдеу

«Қазақстан 

Республикасының 

аумағында автомобиль 

тасымалдарына бірыңғай 

мемлекеттік бақылау 

жүйесін құру туралы» 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2000 жылғы 

8 қыркүйектегі № 1358 

қаулысы

пограничную 

полосу  - шекара 

жолағы


«Қазақстан 

Республикасының Үкіметі 

мен Ресей Федерациясы 

Үкіметінің арасындағы 

"Алтай" трансшекаралық 

резерватын құру туралы 

келісімге қол қою туралы» 

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2011 жылғы 25 

тамыздағы № 954 қаулысы

полосы го-

сударствен-

ной границы 

-  мемлекеттік 

шекараның 

жолағы

«Өндiрiстiк коопера-

тив туралы» Қазақстан 

Республикасының 1995 

жылғы 5 қазандағы № 2486 

Заңы

вправе  - 

хақылы

«Қазақстан 

Республикасының кейбiр 

заң актiлерiне өзгерiстер 

мен толықтырулар енгiзу 

туралы» Қазақстан 

Республикасының 1998 

жылғы 29 маусымдағы № 

236 Заңы

вправе  


-хақылы

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

39

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

«Жер қойнауы және 

жер қойнауын пайдала-

ну туралы" Қазақстан 

Республикасының 

Заңына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу 

туралы» Қазақстан 

Республикасының 2007 

жылғы 24 қазандағы № 

2-IV Заңы

вправе- 


құқылы

құқылы


«Еркін сауда аймағындағы 

техникалық тосқауылдар 

жөніндегі келісімді бекіту 

туралы»

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2001 жылғы 11 

наурыздағы  № 340 қаулысы

вправе 

-хұқылы


«Маңызды стратегиялық 

мәнi бар қызметтер 

көрсетудi мемлекеттiк са-

тып алу туралы»

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2003 жылғы 

19 желтоқсандағы № 1275 

қаулысы

юридических 



экспертиз - 

заңи сараптама-

лар

заң сарап-



тамасы

«Қазақстан 

Республикасының 

халықаралық шарттары 

туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Заңының жобасы 

туралы»

Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2004 жылғы 31 

тамыздағы № 910 қаулысы

юридическую 

экспертиз- заңи 

сараптама

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


40

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

«Қазақстан Республикасы 

Әділет министрлігінің 2011 

- 2015 жылдарға арналған 

стратегиялық жоспары 

туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Үкіметінің 2011 

жылғы 8 ақпандағы № 95 

қаулысына өзгерістер мен 

толықтырулар енгізу тура-

лы» Қазақстан Республика-

сы Үкіметінің 2012 жылғы 

26 сәуірдегі № 528 қаулысы

юридическая 

экспертиза  - 

құқықтық сарап-

тамасы

«Қазақстан Республикасы 

Үкіметінің 2008 жылғы 

23 желтоқсандағы № 1202 

қаулысына өзгерістер енгізу 

туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Үкіметінің 2009 

жылғы 10 желтоқсандағы 

№ 2060 қаулысы

эксперти-

за - ғылыми 

құқықтық сарап-

тамасы

Варианттарды  көрсете  отырып,  оларды  ішінен  нормаға  сай  бір  варианты 



таңдап, қолданысқа ұсынуды жөн көрдік. Осындай варианттықтан арылу, ең алды-

мен терминге қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін атауларды қолданбаудан, 

сондай-ақ жарыса қолданатын нұсқалардың біреуін ғана орнықтыру үшін ірік-

теп пайдаланудан басталуы қажет. Сонымен бірге сөзжасам, терминжасам тә-

сіл дерін  дұрыс  пайдалану,  жаңа  қолданысқа  енетін  терминдер  мен  атауларды 

талғаммен пайдаланудың да  маңызды екендігін ескеру керек. Бұлайша талдау 

сөз дер  мен  ұғымдарды,  терминдерді  мәніне  қарай  дәл  әрі  дұрыс  вариантын 

пайдалануға және оны тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, осын-

дай тәсілді қолдану заң жобаларын әзірлеу барысында заң тілі мен стилі талап-

тарын сақтауды қамтамасыз етуге де жәрдемдеседі. 

Қолданыстағы заңнамамыз сан саланы және түрлі деңгейдегі актілерді қамти-

тындықтан мұндай талдауды жүргізу оған көп уақыт бөліп, талдау жұмыстарын 

жүргізуді талап етеді. Мұндай жұмыстар тек Лингвистикалық орталық шеңберінде 

ғана  жүргізіліп  қоймай  салалық  заңдар  бойынша  тиісті  мемлекеттік  органдар 

құрылымдарының күшімен жүргізілсе де тиімді. Осы тәжірибе заңнамадағы мән-

мағынасы  әртүрлі,  әртүрлі  түсінуге  және  талқылауға  болатын  нормаға  қайшы 

сөздер мен сөз тіркестерін, терминдер мен ұғымдарды түзетуге, заңнама сапа-

сын жетілдіруге бағытталған біріздендіру жұмыстарының тиімділігін арттырар 

еді. Бұл орайда талдау жұмыстарын жүргізу кезінде немесе заң жобасын әзірлеу 

кезінде болмасын әдеби тілдің нормасын басшылыққа алу аса қажет. Көпшілік 

қауым дұрыс деп таныған, жалпыға ортақ сөз қолдану, сөйлем құрастыру, сөз 

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


жасау, сөзді дұрыс дыбыстау, сауатты жазу заңдылықтарын сақтауға, яғни тілдік 

амалдарды  дұрыс  жұмсауға  бағытталған  жұмыстың  қай-қайсы  болмасын  заң 

жобаларын  нормаға  сай  әзірлеудің  кепілі.  Бұл  ретте  лексикалық  бірліктерді 

бірізділікке келтіру ең алдымен варианттардың ара-жігін ашуды, олардың арасы-

нан мәніне сай келетін бірлікті (олардың бірдейлігін, екітүрлі мәнде түсінілмеуін 

және ұғынылмауын) айқындау және нормативтік құқықтық актілердің сатылық 

деңгейіне қарай жүйелі түрде пайдалануды орнықтыруға қол жеткізуге мүмкіндік 

береді. Осы жұмыстарды іске асыру және олардың қорытындысы бойынша алы-

натын тәжірибе мен әзірленетін ұсынымдар заң жобаларын әзірлеумен айналы-

сатын мамандарға бағыт беретіндей әдістемелік негізге айналуы тиіс. 

Сонымен бірге заң жобаларын әзірлеумен айналысатын мамандар және  аудар-

машылар үшін алдағы уақытта  заң техникасы, тілдік норма, заң стилі мен лексика-

сы, термин, терминология туралы жан-жақты мәліметтер беру мақсатында арнайы 

семинар-отырыстарды ұйымдастырудың немесе мемлекеттік органдардың тиісті 

құрылымдарымен бірлесе ашық талқылау-кездесулерін өткізудің де көмегі мол.

Қорыта  айтқанда,  қолданыстағы  заңнаманың,  қабылданатын  нормативтік 

құқықтық актілер жобаларының сапасын жетілдіру мақсатында атқарып отырған 

ісіміз осы  бағыттағы практикалық та, теориялық та мәселелерді жете  білумен 

және оларға қатысты  үздік тәжірибелерді анықтаумен және  жұмысымызда іске 

асырумен нәтижелі болады деп қорытуға болады. 



Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 0.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет