Терминологиялық хабаршы №1 (51) 2016



жүктеу 0.91 Mb.
Pdf просмотр
бет3/8
Дата27.04.2017
өлшемі0.91 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Пайдаланған әдебиеттер:  

1. Реформатский А.А. Что такое термин и терминология // Вопросы термино-

логии. – М.: Наука, 1961. -46-54 с.

2. Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология: 

Вопросы теории. - М., Либроком, 2012, -248 с.

3. Даниленко В.П. Русская терминология. – М., 1977, -246 с.   

 

 

      4.  Құрманбайұлы  Ш.  Қазақ  лексикасының  терминденуі.  -  Алматы:  Ғылым, 



1998. - 208 б.

5. Жұбанов  Қ.  Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.  - Алматы:Ғылым, 1999. -581 б.

6. Шахнарович А.М. Национальное и универсальное в развитии речи ребен-

ка // Национально-культурная специфика речевого поведения. -М.: Наука, 1977. 

-54-67 с.


24

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Жамал  Манкеева,

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты 

лексикология бөлімінің меңгерушісі,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Ұлттық тілдегі терминдік жүйе мәселесі

Қазіргі  тәуелсіздік  кезеңі  мен  жаһандану  дәуіріндегі  өзекті  мәселенің  бірі 

– қазақ тілінің қолданыстық, өміршеңдік және ұлтты бірегейлендіру қызметін 

күшейту.  Соның  барысындағы  оның  негізгі  сипаты  тілдің  рухани-әлеуметтік 

жаңғыртуларға сай жаңа деңгейге көтеріліп, қалыптасушы ұлттық таным мен ой-

өрістің мәнін мемлекеттік мүддеге ұластырып, қоғамның түрлі саласында кәсіби 

тілдік тұлғаның қызмет ету дәрежесін көтеруі және бағдарлауымен тығыз бай-

ланысты. Қоғам жан-жақты және жаңа сапада дамыған сайын онымен сабақтас 

тілдің  де  сол  дәрежеде  дамуы  –  мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  сәйкес  тілдің 

қоғамдағы толыққанды қызметінің кепілі. Олай болса, ұлттың этномәдени бол-

мысын сақтаған мемлекеттік тілдің осы бағыттағы даму деңгейі бұзылмауы тиіс. 

Бұл – қазақ тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбановтың 

қазақ  тілінің  мәні  мен  қызметін  анықтаған  ғылыми  тұжырымдарынан  бастау 

алған зерделі ой.

Осымен  байланысты  мемлекеттік  тіл  мәртебесіне  сәйкес  қазақ  тілінің  қо-

ғам дық қызметін жан-жақты жетілдіру үшін ұлттық тілдегі терминдік жүйені 

қалыптастырудың  қоғам  алдындағы  маңызы  ерекше  екенін  қазіргі  қоғамдық-

әлеуметтік  өмір  тынысы  көрсетіп  отыр.  Мәртебесіне  сай  тіл  қолданысының 

жаңа  да  кешенді  деңгейінің  сипаты  мен  тілдің  бойындағы  рухани-әлеуметтік 

әлеуетіне байланысты бұл өзекті мәселе А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі 

институтының ғылыми-зерттеушілік назарынан тыс қалған жоқ. Керісінше, тіл 

білімінің  функционалдық  парадигмасы  контексінде  терминология  мәселесінің 

жан-жақты қарастырылуы бұл саладағы көптеген міндеттерді жаңаша шешуді 

көздейді. Соның бірі – мемлекеттік тілдің жан-жақты қоғамдық қызметіне жан 

беретін ұлттық терминологиялық жүйе қалыптастырудың негізгі тетігі ретінде 

терминдену  үдерісіне  ерекше  мән  беру,  ол  үдерісті  оған  ықпал  етуші  ұлттық 

сананың жаңғыруымен сабақтас тану. Осыған орай термин табиғатын түсіндіруде 

оның қалыптасуын, дамуын жалпы тілдік жүйе мен сол тілде сөйлеуші ұлт та-

нымына сәйкес қараудың көп мәселелердің шешіміне тиімді әсері айқындалуда.

Нақты айтқанда, ұлттық терминжасамның бастау көзінде белгіленген «әрбір 

тілдің  өз  байлығын  сарқа  пайдалану»  қағидасының  қазіргі  таңда  да  жаңа  са-

пада  жаңғырып  іске  асуы  жалпыхалықтық  лексикамен  тығыз  байланыстыры-

лып,  төл  тілдік  балама  табу  үрдісі  қазақ  терминологиясын  қалыптастырудың 

жаңаша көзқарасын сипаттап, ұлттық терминология қалыптастырудың ғылыми 



Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

25

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

қағидасы ретінде анықталды (Ә.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, Б.Қалиев еңбектерінде, 

т.б.).  Осыған  орай  қоғамдық-әлеуметтік  қызметінің  кеңеюі  мен  мемлекеттік 

мүд деге сай ұлттық лексиканың мүмкіндіктерін толығынан іске қосудың негізгі 

тетігі ретінде терминдену үдерісі ғылыми негіздерінің арнайы зерттелуінің мәні 

ерекше (Ш.Құрманбайұлы).

Қазақ терминологиялық жүйесі дамуының қазіргі кезеңінде күрделі сипатта-

малы терминдер қатары молая түсуде. Осымен байланысты арнаулы лексикадан 

құралатын терминологиялық аталым мен жалпы лексикалық аталым үдерістерін 

саралап, бастапқы уәждемелерін анықтау мәселесінің де қазіргі қоғамдағы ғы-

лыми  коммуникациямен  үндес  зерттелуі  де  (Қ.Айдарбек)  А.Байтұрсынұлы 

атын дағы  Тіл  білімі институты  қабырғасында жүргізіліп  жатқан  ізденістердің 

көкейкесті мәнін көрсетеді.

Қоғам  дамуының  қазіргі  жағдайында  ұлттық  төл  мәдениет  –  рухани  қа-

лыптасудың негізгі көзі екені анықталған жайт. Сол сияқты рухани мәде ниет-

тен  таралуға  тиіс  ғылым  тілін  «қазақыландыру»  бағытының  да  негізгі  бастау 

көзі осы болмақ керек. Осыған орай қазақ ғылыми тілінің басым пайызын құ-

райтын  халықаралық  стандарттағы  терминдердің  қазақша  баламаларын  жа-

сау ға  бетбұрысты,  терминдерді  «қазақыландыру»  үрдісін  –  «солақай»  немесе 

«пуристік  бағыт»,  «әлемдік  өркениеттен  алшақтау»,  «ұлттық  жырақтық»  деп 

сипаттау – біржақты түсінік. Қазіргі заманда кез келген өркениетті мемлекет-

те ұлттық терминологиялық жүйенің қалыптасуы – қоғам мен тіл арасындағы 

байланыстан, ұлттық мүдде мен мемлекеттік мүдденің тоғысуынан, танымдық 

негіздерімен сабақтасуына мән беруден туындайтын, ғаламдасуға бір бөлшек боп 

енетін жаңаша дамудың заңды үрдісі. Нақты айтқанда, ол ғылыми түсініктерді 

белгілейтін  тілдік  құралдардың  атауларын  қалыптастыруда  ұлттық  ұғымды 

арқау етіп, қазақ терминдерінің төл тілдік баламаларын жасаудың, ғылым тілін 

қазақша  «сөйлету»  әрекетінің  барысындағы  үрдістің  жаңаша  даму  деңгейін 

көрсетеді. Мысалы, қазіргі қазақ тіл біліміндегі тіркесімділік (валентность), уәж 

(мотив), уәжділік (мотивированность), тілдік тұлға (языковая личность), тілдік 

жағдаят  (языковая  ситуация),  үстірт  құрылым  (поверхностная  структура),  т.б. 

терминдер – соның нақты айғағы.

Бірақ көп жағдайда терминдердің құрылымдық табиғилығын сақтап, төл тілдік 

сөздің нақты, жіктелген ішкі мазмұны тірек етілгенімен, сөздің негізгі, жалпы 

мазмұны,  семантикалық  құрылымы,  ұғымдық  көлемі  терминдік  дефиницияға 

толық  сәйкес  келмеуі  мүмкін.  Сондықтан  терминжасамдық  үдеріс  барысын-

да аталымдар жарыспалылығының, емлелік ала-құлалықтардың, тіл нормасы-

нан ауытқушылықтың, тілді пайдаланушылар тарапынан ұсыныстардың, сыни 

пікірлердің айтылып жатуы – заңды құбылыс. Мысалы, қазір жарыса қолданылып 

жүрген отбасы, жанұя, үйелмен сөздерінің «семья» атауына қатысты баламалық 

қолданысына қатысты пікірлерді қараңыз. Мұның себебін академик Р.Сыздық 

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


26

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

«термин  жасау  мәселесінің  құрылымдық-тілдік  және  ұғымдық-семантикалық 

екі жағы болатындығының ескерілмеуінен» деп санайды. Яғни ғылыми термин-

дер заттың атын емес, ұғымның атын білдіреді.

Осы тектес терминдерді қабылдауда әртүрлі «көру бұрышының» пайда бо-

луын да, жоғарыда көрсетілгендей, бүгінгі күні біртекті сөз мағынасы дефи ни-

циясының  әртүрлі  сипатталуымен  түсіндіруге  болады.  Дәл  қазіргі  қо ғам дық-

әлеуметтік ахуал мен тілдік жағдаят контексінде терминденген сөзді индивидтің 

жетістігі  ретінде  қабылдаудың  қажеттілігі  психолингвистикалық  тұр ғыдан 

адамның  тілін  сөйлеу  тетіктерінің  қызметі  мен  әрекеті  тұрғысынан  сипаттай-

ды.  Басқаша  айтқанда,  қабылданатың  терминді  түсіну  барысында  адам  өзінің 

жадындағы  таныс  сөздерді  іздестіріп,  оны  жаңа  терминмен  байланыс тыруы 

үшін қандай тәсілдерге сүйенетінін анықтайды. Себебі адамның күнделікті өмі-

рінің  барысында  қалыптасқан  ой-саналық  (ментальді)  құрылымы  инди видтің 

жан  дүниесінде  пайда  болған  жаңа  әлемді  (дүниені  танудың  тілдік  әлеміне 

сай), социумды айқындайды. Психолингвистикалық әдісті білімге қол жеткізу 

мүмкіндіктері деп қана емес, білім алу, түсіндіру тәсілдерін де қамтитын тал-

дау  үлгісі  ретінде  бағалауға  болады.  Мұндай  тәсілді  қолдану  барысында  тіл 

мен оны тұтынушы қатынасына сай туындайтын тілдік процестер және оның 

нәтижесіндегі индивидтің тілдік санасында «қандай жаңа мағына қалыптасады, 

оның  сөйлеу  қызметіне  байланысы  қандай?»  деген  мәселелерге  мән  беріледі. 

Сондықтан  да  сол  мағынаны  анықтайтын,  яғни  индивид  қолданатын  лекси-

ка лық  мағынаны  таза  вербалды  тілдік  құралдардың  орнын  толтыруға  көңіл 

бөлінеді. Мұндай мағынаның орнын толтыру адамның сөйлеу әрекетінің, комму-

никативтік қызметінің жетістігі ретінде қажет. Осымен байланысты тілдің ішкі 

құрылымындағы когнитивтік (танымдық) процестер немесе тілдік санадағы қайта 

өңдеу  әрекеті  (терминдену)  арқылы  тіл  шығармашылығында  жаңа  мағынаны 

қалыптастыру  іске  асады,  ұлттық  санадағы  танымдық  сабақтастықтың  жемісі 

үзілмейді. Мысалы, тұсаукесер, құрықтау, билік, т.б. 

Адамның жан дүниесінің мазмұны вербалды сипатта жинақталған білім, ас-

социация,  түрлі  әсерлер,  т.б.  қорынан  құралып,  тіл  тұтынушы  танымындағы 

жалғастырушы, тұтастырушы арқау ретінде оның тілдік санасында бейнеленеді. 

Мысалы, көсем сөзінің бұрынан түсініктілігі – «алда жүруші», «бастаушы» деген 

ассоциация екі сыңардан құралатын етістік тұлғасын атайтын лингвистикалық 

көсемше терминінің қалыптасуына негіз болады: бара жатыр, алып келді, т.б.

Көріп  отырғанымыздай,  тілдік  тәжірибеде  көбінесе  төл  тілдік  сөздің  ішкі 

мазмұнын тірек ету үшін интернационалдық терминдердің сыртқы құрылымы, 

дефинициясы қазақшаланады да, терминнің семантикасына балама іздестіріледі.

Жоғарыда  көрсетілген  терминжасам  мен  терминдену  үдерісінің  теориялық 

мәселесімен сабақтас практикалық мәселелердің бірі – қазақ тілін мемлекеттік 

тіл ретінде қоғам өмірінің барлық саласында кеңінен қолдану жолында өзекті 

қоғамдық-әлеуметтік мүддеге айналып отырған, бүгінгі таңда тілді тұтынушы 



Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

27

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

талаптарын  қанағаттандыратын  нақты  салаларға,  атап  айтқанда,  мемлекеттік 

тілдің мамандыққа сәйкес меңгерілуін зерттеу.

Әртүрлі нақты салаларда қазақ тілін қолдануда оның  қажетті деңгейде  кә-

сіп   тік  бағдарлы  біліммен  ұштастыруға  бағытталған  коммуникативті-функ цио-

налдық қағида ұғымдарын тірек қылатыны белгілі. Осымен байланысты, мыса-

лы, мұ най-газ мамандығы саласында қазақ тілін қолдану арқылы арнаулы сала 

ті лін  қалыптастыруды  мақсат  еткен  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесі  кәсіби-

әлеуметтік  қолданысқа  сай  аса  тиімді  болып  отыр.  Себебі  болашақ  маман-

дар еңбек етуге тиіс мұнай-газ саласында қазақ тілін тұтыну – қазіргі таңдағы 

Қазақстан Республикасының тек экономикалық мәнін ғана емес, сонымен бірге 

ха лықаралық  қатынас  жүйесіндегі  саяси,  мәдени-әлеуметтік  мәнін  сипаттай-

тын  кешенді  де  күрделі  мәселе.  Сондықтан  салалық  терминология  негізінде 

мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерген, оны кәсіби ортасына байланыс-

ты жан-жақты қолдануды жақсы игерген ұлттық мамандардың тілдік тұлғасын 

қалыптастыру  ісі  өзінің  қоғамдық-әлеуметтік  маңызына  сай  тілді  дамытуға 

байланысты мемлекеттік бағдарламалармен сабақтасады. Тәуелсіз ҚР-дағы ин-

дустрияландыру бағытына сәйкес Қазақстан өнеркәсібінің болашағы – білік ті 

кәсіби жас мамандардың қолында. Сондықтан оларға мемлекеттік тілді маман-

дыққа сәйкес меңгерту – бүгінгі өмір талабы. Осымен байланысты зерттеулерде 

қазақ тіліндегі кәсіби лексиканы қалыптастыруды іске асырудың ұтымды жолда-

ры анықталғанын мынадай нәтижелерінен көруге болады:

Кәсіби лексиканың мамандыққа қатысты атқаратын қызметіне сай үш түрін 

көрсету (кәсіби-бағдарлық, кәсіби-тақырыптық, кәсіби-шығармашылық). Оның 

негізіне мамандыққа байланысты күнделікті өндірістік іс-әрекетте қолданылатын, 

тұтынылатын тілдік қолданыстар, сәйкес мәтіндерден, оқулықтардан, салалық 

сөздіктерден жинақталған тілдік деректер пайдаланылады;

Тілді  зерттеу  барысы  да,  тілді  оқытып,  үйрету  барысында  да  бұрын  тілдік 

жүйенің  жазбаша  формасы  негізінде  жүргізілсе,  соңғы  кезде  прагмалингвис-

тика,  когнитивтік  және  коммуникативтік  линвгистика  бағытына  сәйкес  тілдің 

сөйлеу  кезіндегі  тілдік  көрінісіне,  яғни  нақты  сөйлеу  әрекеті  ауызша  мәтінге 

ерекше мән беру. 

Қазақ тілін мамандыққа сәйкес ұлттық терминология негізінде меңгертудің 

тәрбиелік  мәніне,  атап  айтқанда,  оларды  арқау  етіп  құрылған  мәтіндердің 

психологиялық,  ұлттық  танымдық  мәніне  ерекше  көңіл  бөлінеді.  Оны  дұрыс 

та дәл таңдалған тиісті газет мәтіндерінің тілді меңгерту үшін оқу-әдістемелік 

құралдарында, оқыту процесінде қолданылуынан көруге болады. Осыған орай 

жүргізілетін талдау жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі танымдық уәж-

бен сабақтастырылып тұжырымдалады. Сайып келгенде, осы тектес зерттеулер 

нәтижесі  болашақ  маман  иесінің  ұлтжандылық  қасиеттерін  қалыптастырып, 

олардың ана тіліне, ұлт мәдениетіне, кәсіби мамандығына деген құлшынысын 

арттыруға қызмет етеді.



Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

28

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Нағима Әшімбаева

А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі

 институтының аға ғылыми қызметкері, 

филология ғылымдарының кандидаты

Ұлттық салалық терминдерді қалыптастыру мәселесі

Терминологиялық лексика қоғамның рухани,  мәдени, саяси өмірінде туын-

дап  жатқан  өзгерістерге  байланысты  дамып,  байып  отыратындығымен  ерек-

ше  ле нетіндігі  белгілі  жайт.  Осындай  өзгерістерге  сәйкес  қандай  да  бір  ар-

нау лы  саладағы  терминдер  терминологиялық  өріспен  шектелмей,  жалпы 

қол   да  нысқа  түсуі  мүмкін.  Мәселен,  нарықтық  қатынастарға  көшкеннен  бері 



ак ция,  аукцион,  бизнес,  инвестиция,  инфляция,  маркетинг,  менеджер,  аудит 

жә не т.б. тәрізді көптеген экономикалық терминдерді атап өтуге болады [1,52]. 

А.Байтұрсынұлының терминжасамға қатысты құнды еңбектерінен бастау ала-

тын  қазақ  терминологиясының  ғылыми-практикалық  мәселелері  әлі  күнге 

дейін  қарқынды  зерттеліп  келе  жатыр.  Терминдердің  қызметі  мен  оларға  тән 

ерекшеліктерді  айқындау,  жалпы  терминологияның  даму  бағытын  бағдарлау, 

салалық терминдер жүйесін қалыптастыру, терминжасам әдіс-тәсілдерін сара-

лау, терминденген атаулардың жасалу жолдарын айқындап, талдап беру – осы 

мәселелердің шешімін табудағы басты міндеттер болып табылады. 

Соңғы  жылдардағы  қазақ  терминологиясы  салалық  терминдер  жүйесінің 

қа лыптасуын әлі де болса заман талабына сай деп айта қою қиын. Себебі са-

лалық терминдер жасау қазақ тіл білімінде кенжелеп, қалыптасуында бірізділік 

сақталмай, әркім өз бетінше термин жасауға ұмтылуы кеңінен қанат жайғандығы 

белгілі.  Бұл  құбылысты  академик  Ә.Қайдар:  «Бұған  ең  басты  себеп  –  заман 



үрдісі, тіл саясаты, идеология ықпалы, орыс тілінің аз ұлттар тіліне жасаған 

үстемдігі мен өктемдігі. Екінші себеп – еліміздің ұлт, ұлыс тілдері өздерінің 

дамудан кенжелеп қалуына байланысты ғылым тілі болып, орыс тілімен тең 

тұра алмайды деген пікірдің қалыптасуы» - деп атап көрсетеді [2, 10]. 

Қазақ терминологиясының күрделі де ауқымды ғылыми-теориялық мәселе-

лері  бойынша  академик  Ө.Айтбайұлының  «Қазақ  терминологиясының  дамуы 

мен  қалыптасуы»  (1988),  «Қазақ  сөзі»  (1997),  Б.Қалиевтің  «Қазақ  тіліндегі 

өсімдік атаулары» (1988), Ш.Құрманбайұлының «Қазақ лексикасының термин-

денуі» (1998), Ш.Біләлдің «Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәсе-

ле лері»  (1996),  С.Ақаевтың  «Терминнің  танымдық  табиғаты»  (2000)  атты 

мо но графиялық еңбектер қазіргі қазақ терминологиясына елеулі үлес қосқан ма-

ңызды зерттеулер болып саналады. Салалық терминдердің дұрыс қалыптасуы, 

күнделікті қолданыста олардың көпшілікке түсінікті болып, бірізділікпен жүйелі 

қолданылуы тілдің дамуына тіккелей әсер етеді. Олай болса, ғылым салалары 

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


29

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

бойынша жазылған ғылыми зерттеулер мен терминологиялық сөздіктердің, ау-

дарма сөздіктердің алатын орны ерекше болмақ [3,20].

  Терминжасамдағы  сөздіктердің  маңызы  жөнінде  академик  Ө.Айтбайұлы: 

«Термин жасап, оны қолданысқа ендірудің бірден-бір дұрыс жолы – сөздіктер 

түзу  болмақ.  Түзілген  сөздік  бір  жағынан  сол  өзі  қамтып  отырған  объектінің 

дамуын,  яғни  ғылым  саласының  дамығанын  қаншалықты  көрсетсе,  екінші 

жағынан терминологиялық лексиканың нормалана түсуіне, әдеби тіл деңгейінің 

де қалыптаса бастауына септігін тигізеді», - деп нақтылай түседі [4,14].

Бүгінгі  таңда  қазақ  ғылыми  тілін  және  ғылыми  терминологиясын  дамыту 

мақсатында  салалық  терминдердің  ұлттық  үлгісін  жетілдірудің,  жүйе леу   дің 

тілтанымдық негіздерін жасау өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл атал-

мыш мәселе сирек қолданылатын, пассив, көнерген атауларға тер мин  жасамның 

бір көзі ретінде терминдік мағына жүктеу арқылы термин шығармашылығында 

кә де ге асыру үдерісін жетілдіру;өнімділік таныта қойма ған жұрнақтарды ұғым 

мазмұнын дәл беру тұрғысында ұтымды пайдалану жолдарын көрсету; ха лы қа-

ралық терминдердегі, тіркесті терминдердегі қосым шаларды жүйелеуге қа тыс ты  

тілдік заңдылықтарды іске асыру; аударма терминдердің синтаксистік (ана лити-

калық) тәсілдерін, күрделі терминдердің бөлек //бірге жазылу мәселесін  ғылыми 

негіздеу;жуандық (ъ) және жіңішкелік (ь) белгілері арқылы таңбаланатын термин-

дерді  қазақ  тіліне  икемдеу  жолдарын  нақтылау;терминологиялық  бірліктердің 

ұлттық  сипатын  күшейту  мақсатында  салалық  мамандарға  арналған  термин 

түзу, термин жасау барысында басшылыққа алуға болатын әдістемелік немесе 

кө мек ші құрал дайындау және т.б. негізінде өз шешімін таппақ.

Қазіргі  кезде  ұлттық  ғылыми  тілде  термин  жасау  ісі  қолға  алына  бастауы-

на байланысты терминжасамның ұлттық үлгілерін қалыптастырудың қажет тігі 

анық байқалады. Тіліміздегі кейбір қосымшалар арнаулы салалардың термин-

дерін  жасау  барысында  өнімді  пайдаланыла  бастады.  Терминжасамда  сөздің 

лексикалық мағынасына тән нәзік реңктерін, мағына көлемін дәл ажырата білу 

де оңай емес. Оған салалық терминологиялық сөздіктердің кез келгенінен дерлік 

мысал  келтіруге  болады.  Мұндай  кемшілікке  жол  беру  ұлт  тіліндегі  термин 

шығармашылығына үлкен нұқсан келтірері сөзсіз. Сондықтан терминжасамның 

лингвистикалық    мәселелерін  арнайы  сөз  етіп,  салалық  мамандарға  арналған 

сөздік түзу, термин жасау барысында басшылыққа алуға болатын әдістемелік, 

көмекші құралдар дайындаудың аса зәрулігі айқын аңғарылып отыр. Әсіресе, 

сөз тудырушы жұрнақтардың қазақ ғылыми тіліндегі қазіргі терминжасам үдері-

сінде қаншалық тиімді пайдаланылып жатқандығын анықтап, олдарды термин 

шығармашылығында  орнымен  қалай  қолданған  жөн  екендігін  көрсетіп  бере 

алатын практикалық жағынан тиімді құралдар дайындаудың тиімділігі өте зор. 

Бұл көмекші морфемалардың табиғатын, олардың мағынасы мен қызметін жақ -

сы ажырата білетін, сөзжасам, терминжасам мәселесінен хабары мол тіл мама-

нының атқаратын ісі.



Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі

30

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

Сөзжасам,  терминжасам  барысында  қолданылатын  негізгі  тәсілдің  бірі  – 

сөз  тудырушы жұрнақтар арқылы термин жасау болып табылады. Сондықтан 

терминқорға енгізілетін терминдердің тіл табиғатына сай, терминге қойылатын 

талаптарға жауап бере алатындай лингвистикалық тұрғыдан сауатты жасалуы 

үшін  –  тіліміздегі  сөз  тудырушы  жұрнақтарды  жіктеп,  оларды  қалай  ұтымды 

пайдалану керектігі көрсетілуі тиіс. Осылайша жұрнақтарды жөнсіз жалғай беру 

фактілері азайып, жүйеленген ұлттық терминқор қалыптастырудың негізі нығая 

түспек [5].

Ұлттық  терминқорымызда  аналитикалық  жолмен  жасалған  терминдер  өте 

мол.  Соған  қарамастан,  қазақ  тіл  білімінде  терминжасамның  синтаксистік  тәсілі 

арқылы  жасалған  терминдердің  тілдік  табиғаты  әлі  зерттеле  қоймаған,  жекеле-

ген ғылыми еңбектер мен мақалаларда ғана сөз болып жүрген мәселелердің бірі. 

Сөзтіркесім  –  жаңа  термин  жасаудың  ең  өнімді  жолы.  Қазақ  тілінде  зат  немесе 

құбылыстың атын тіркестіріп атау жиі ұшырасады. Бұл сөздер аталым дәрежесіне 

жеткен сөздер. Егер сөз тіркесі лексикалық тұтастыққа айналып, аталым дәрежесіне 

жетсе, сөз тіркесі қызметін тоқтатады. Мұндағы басты қасиет  –  ұғымның атау 

дәрежесіне  жетуі.  Әсіресе  аударма  терминдерді  түпнұсқадағыдай  біріктіріп  не-

месе  бөлек  жазу  тәсілдерін  арнайы  қарастырудың,  жан-жақты  зерттеудің  мәні 

зор.  Өйткені  терминологиялық  лексикамыздың  құрамындағы  көп  компонентті 

терминдердің  басым  бөлігі  орыс  тілінен  аударылып  алынады.  Ал  орыс  тілінде 

терминжасамның  осындай  синтаксистік  тәсілі  өнімді  тәсілдің  бірі  ретінде    өте 

белсенді  қолданылады.  Сондықтан  қай  салада  болмасын,  ұлттық  терминжасам 

үдерісінде  тілдік  заңдылықтарға  (терминжасам  амал-тәсілдері  мен  жолдарына) 

мейлінше  ыждағаттылықпен  назар  аудару  мәселесі  жауапкершілікпен  жүргізілуі 

керек. Бұл теориялық бағытта зерттеліп, әрі қолданбалы бағытта жүзеге асырыла-

тын көлемді де күрделі, заманауи жаһандану  дәуірінде  кезек күттірмейтін өзекті 

тақырыптардың  бірі.  Қазақ  ғылыми  тілінде  салалық  терминдерді  ұлттық  үлгіде 

жаңғырту мүмкіндігінше нақтыланып, өз дәрежесінде пайдаланылуы үшін әлемдік 

тәжірибедегі  терминжасамға  қатысты  ортақ  ұстанымдар  мен  әдіс-тәсілдер  жан-

жақты зерттелуі қажет.

Әлемдік  тіл  білімінде  терминжасамның  орнығып,  тұрақтанған  теориялық 

ұстанымдары мен практикалық әдіс-тәсілдері бар. Ал осы мәселенің қазақ тілі мате-

риалдары бойынша ұлттық үлгіде жетілдіріліп, жүйеленуінің тілтанымдық негіздерін 

жасау тұрғысында зерттеу жұмыстарын жалғастыра түсу кезек күттірмейтін мәселе 

болып табылады [5].

Сонымен  қатар  жаңа  тілдік  оралымдар  мен  жаңа  сөздердің,  терминдердің 

елеулі  бір  бөлігі  жалпы  көпшілікке  тарайтын  көздердің  бірі  –  БАҚ  болып  сана-

лады.  Яғни,қазақстандық  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  қазіргі  кезде  әртүрлі 

қолданылып  жүрген  терминдерді,  жаңа  атауларды  біріздендіру  және  ретке  кел-

тіру де түйткілді мәселе қатарында.Қазіргі кезде жеткілікті деңгейде сарапталып, 

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


31

ХАБАРШЫ


Терминологиялық

тексерілместен жарыққа шығып жатқан баспа өнімдерінің және арнайы дайындығы 

төмен  не  тілді  жетік  меңгермеген,  меңгерсе  де  оның  қыр-сырына  тереңдеп  бара 

қоймайтын кейбір хабар жүргізушілерінің нәтижесінде БАҚ тілінің деңгейі төмен 

деп  айтуға  әбден  болады.  Күнделікті  мерзімді  баспасөз  беттеріне  және  теле-

радиохабарларға назар аударатын болсақ, қандай да бір атауды қанша ақпарат көзі 

болса, сонша түрлі өзгертіп, түрлентіп қолданады (бұл жерде семья­отбасы, жанұя; 

класс­сынып, класс; рынок­нарық, рынок және т.б. көрсету де жеткілікті). 

Сондай-ақ бірқатар тіркес сөздерді тұлға жағынан ықшамдап жазсақ не айт-

сақ, жып-жинақы бір лексикалық бүтін пайда болар еді. Мәселен, су құбыры­

суқұбыр; газ құбыры­газқұбыр; мұнай құбыры­мұнайқұбыр; әуе жолы­әуежол; 

су сепкіш­сусепкі; жел баққыш­желбағар және осы іспеттес үлгілерді көптеп 

келтіруге  болады.  Осы  ретте  есепсіз  қосымша  жалғаудың  әсерінен  айтуға  да, 

жазуға да қиындық келтіретін бірқатар сөздерді атауға болады: баламалы/лы/қ, 

ыңғайлы/лы/қ, ылғалды/лы/қ, құнарлы/лы/қ, үдемелі/лі/к және т.б. 

Сонымен, термин сөздердің бұқаралық сипат алуы күшейіп, құқықтық қатынас, 

денсаулық саласына, саясатқа, жаңа технология, бизнес, банк ісі, ғылым салала-

ры, тіл мен тарих, мәдениет жөнінде ақпарат алуға деген сұраныс арта түскендігін 

баса айтқан жөн. Терминдер мен терминдік атаулардың жұртшылықтың игілігіне 

айналу  үрдісі  де  уақыт  өткен  сайын  қарқын  алуда.  Бұдан  бұқаралық  ақпарат 

құралдарында  термин  қолдану  мәселесіне    кеңірек  ден  қоюға  тура  келеді  де-

ген  тұжырым  жасауға  болады.  Терминдік  норманы  қалыптастырып,  реттеуде 

БАҚ-тың рөлі ерекше болуы шарт. Сондықтан құзыретті органның жанындағы 

Мемлекеттік  терминологиялық  комиссияның  бұқаралық  ақпарат  құралдарына 

тигізер ықпалы зор болмақ [6]. 

Қоғамдық  экономикалық  қатынастың  өзгеруімен  байланысты  жарнамалық 

мәтіндер көбейді. Оның ішінде бізді толғандырып отырғаны – өзге тілден ауда-

рылып,  ұлттық  тілімізде  беріліп  отырған  «жарымжан»  жарнамалардың  атта ған 

сайын  кездесуі.  Жарнаманың  көп  болуы,  әрине  қоғамның  қарқынды  дамуын 

көрсетеді, бірақ олардың сорақы аудармаларын көргенде мемлекеттік тіл ді дамыту 

орталықтары мен қалалық әкімдік жанындағы тиісті бөлімдер-инспекциялардың 

жауапты қызметкерлері қандай күйде болады екен деген ой туады. 

Біздің шағын мақала көлемінде жоғарыда атап көрсеткендеріміз, ол болашақта 

жүзеге асырылуы тиіс ауқымды ғылыми-зерттеу жобасының кейбір парасы ғана. 

Бұл ғылыми-зерттеу жобасында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін жұмыс 

барысында терминологияның ұлттық сипатын арттыра отырып, қазақ ғылым тілін 

қалыптастыру  үрдісін  таңдаған  А.Байтұрсынұлы,  Е.Омарұлы,  Х.Досмұхаме-

дұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, М.Дулатұлы, Қ.Жұбанов т.б. қазақ зия-

лы лы лары  ұсынған  қағидаттар  мен  терминжасам  тәжірибелері,  академиктер 

Ә.Т.Қайдар, Ө.Айтбайұлы, профессорлар Б.Қалиев,  Ш.Құрманбайұлы, С.Ақаев, 

Ш.Біләл т.б. ғалымдардың қазақ ұлттық ғылыми терминологиясын жан-жақты 

Терминологияның зерттелуі жән

е салалық терминдер мәсел

есі


32

ХАБАРШЫ


    Терминологиялық

қарастырған еңбектері әдіснамалық негізге алынуы тиіс. Сонымен қатар жал-

пы терминтаным мәселесі бойынша Д.С.Лотте, В.М.Лейчик, А.В.Суперанская, 

Татаринов В.А. т.б. шетел ғалымдарының ғылыми еңбектеріне талдау жасалып,  

әдістемелік-оқу  құралдары  мен  монографиялық  еңбектердің,  әртүрлі  екітілді 

терминологиялық  сөздіктердің,  әр  сала  мамандары  мен  тілшілердің  бірлесіп, 

қайта  толықтырып-өңдеу  нәтижесінде  жарыққа  шыққан  (2014)  31  томдық  са-

лалық  терминдер  сөздігінің  материалдары  сарапталады.  Бұл  жерде  академик 

А.Құсайыновтың басшылығымен қайта толықтырылып, өңделіп жарыққа шық-

қан осы 31 томдық салалық терминдер сөздігі топтамасының салалық термин-

дерді жүйелестіріп, біріздендіруге, оларды ұлттық үлгіде жетілдіре түсуге қосқан 

орасан үлесін айырықша атап өткен жөн.  

Сондай-ақ  зерттеу  жұмысында  ғылыми  тілді,  ұлттық  терминологияны  қа-

лып тастыру  бағытында  жазылған  қазақ  тіл  біліміндегі,  орыс  тіл  біліміндегі 

ғы лы ми  теорияларға,  ғылыми  пікірлерге  талдау  жасау;  қазақ  тілінде  жарық 

көр ген  әдістемелік-оқу  құралдары  мен  монографиялық  еңбектерден,  салалық 

терминологиялық  сөздіктерден  материалдар  жинақтау;  бірге//бөлек  жазылуы 

мә се ле тудырып жүрген терминдерді іріктеу; терминжасам барысында пайдала-

нылып жүрген немесе кейбір өнімді/өнімсіз жұрнақтарды топтастыру және са-

рап тау;мерзімді  басылымдар  мен  баспа  өнімдері,  аудио  және  аудиовизуалды 

БАҚ-ның тілдік материалдары және нормативті сөздіктердің материалдарын тал-

дау, сонымен қатар жаппай науқанды құбылысқа айналып отырған жарнамалық 

мәтіндерді де негізге алып, оларға ғылыми-лингвистикалық талдау жасау-негізгі 

міндеттер ретінде белгіленіп отыр.Міне, осы аталғандар қазақ тіліндегі салалық 

терминдерді ұлттық үлгіде жаңғыртудың негізі ретінде алынып, қазақ тіліндегі 

салалық терминдердің жүйеленіп, бірізденуіне, реттелуіне мейлінше ықпалын 

тигізетін болады.


Каталог: books
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді Жайлыбай F. Таңдамалы. Астана: Фолиант, 2014
books -> Орынбасар Дөңқабақ ДӘуір дүЛДҮлдері
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: С. Абдрахманов, Н. Асқарбекова, Р. Асылбекқызы
books -> Бағдарламасы бойынша жарық көрді
books -> Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген
books -> Редакция ал қ
books -> Ббк 84 Қаз-7 82 Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
books -> Анықтамалық Е. Тілешов, Д.Қамзабекұлы Алматы, 2014 «Сардар» Баспа үйі

жүктеу 0.91 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет