Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет8/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

маркерлер  адамның  таным-түсінігі,  психологиясы,  əлеуметтік-
саяси  көзқарасы,  менталитеті  дамыған  сайын  өзгеріп,  жаңарып, 
үстемеленіп,  қорланып  отырады.  Дегенмен,  ескі  стереотиптік 
этномаркерлер  өзіндік  сипаттаушы,  таңбалаушы  күшін  жоймай, 
жаңа стереотиптермен қатар қолданыста жүретін болса, уақыт өте 
келе,  олар  да  мифологемдік  феномен  ретінде  тарихи  сипатқа  ие 
бола бастайды. 
Осымен байланысты проф. Қ. Жұбановтың қазақ антропоним-
дер жүйесін де этномəдени негізде түсіндіруі ұлттық болмыстың 
этнотаңбалық  жүйесін  толықтырып,  анықтай  түседі.  (Күнсұлу, 
Айсұлу,  Таңжарық,  Ұлболсын,  Жанбол,  Кенжеқара,  Аманжол, 
Аманқос,  Қарабай).  Мысалы,  Кенжеқара  деген  антропонимнің 
құрамындағы қара компоненті тура мағынасындағы түстің атауы 
емес, «арқа», «сүйеу», «қолдаушы»  деген  танымдық  мағынада 
қолданылатын қара жию, қарасын көбейту, ер қара, т.с.с. тіркес-

531
Ұлт тұғыры – тілде
термен  байланыстырып,  салыстырып  түсіндіреді.  Бұл  пікір  түр-
кітанудағы (А.Н. Кононов), қазіргі қазақ тіл біліміндегі (Т. Жанұзақ, 
Ш.  Жарқынбекова,  Н.  Айтова,  т.б.)  зерттеулеріндегі  түр-түс 
атауларының танымдық негіздерімен сабақтасады. Өз тарапымыз-
дан  соған  қоса, «мол», «күшті», «терең», «үлкен»  сияқты  ма-
ғыналармен  тұтасқан  Қарасу,  Қаратау,  Байқара,  Жанғара,  т.б. 
атауларды да осы топта қарауға болады деп ойлаймыз. 
Бұл  тектес  деректер,  ғалымның  пікірінше,  жалқы  атаулардың 
генезисі, атап айтқанда ру, тайпаға қатысты этнонимдік сипаттағы 
архетиптік  модельдерімен  де  дəйектеледі:  арғын  Жəнібек,  қара 
қыпшақ Қобыланды, т.б. [45].
Осы арадан қазақтың рухани-əлеуметтік болмысын бейнелей-
тін  Түйебай,  Қойшыбай,  Жылқыбай,  т.б.  мен  тотемдік  мəндегі 
Итбай, Күшікбай, Бөрібай, Байбөрі сияқты антропонимдердің қа-
лыптасуының ара-жігін, ерекшелігін ашып көрсетуі де тіл арқылы 
анықталатын ұлттың этномəдени негізін ашып көрсетеді. 
Ал,  əрбір  этностың  мəдениеті – оның  тілі  арқылы  сақталған, 
таңбаланған  ішкі  мазмұнында.  Сол  мазмұнды  ашу  арқылы  ұлт 
мəдениетінің  мəні  айқындалады  десек,  мəдениетті  тану  кілті 
тіл  арқылы  сақталған  мəдени  ұғымдардың  мəдени  фонында 
астарланған. Осымен байланысты проф. Қ. Жұбановтың зерттеу-
лерінің ішінде, біздің ойымызша, ерекшеленіп тұратын қазақтың 
төл  мəдениетінің  бір  түрі  күй  өнері  туралы  мақаласы.  Бұл  мақа-
ланың  біздің  тақырыбымызға  қатысы  музыка  жанры  ретіндегі 
мəні  емес,  дəстүрлі  өнер  атауының  ұлт  санасымен  байланысты 
психолингвистикалық қыры. 
Оны ғалымның өз сөзімен түсіндірсек: «Қазақ халқынан бұрын 
да талай жыл жасап, əлденеше жүз жыл бұрын туып, өзінің қандай 
ғылым  екенін  білмейтін  пəн  бар.  Осы  өзі  бар,  бірақ  не  екендігі 
білмей,  қарайтын  мəселенің  көлемін  білмей,  басқа  пəндерден 
іргесін  аша  алмай,  психология  адамның  жанын  қарайтын  ғылым 
делініп келеді (көбінесе). Осы күнгі рух (астын сызған біз – Ж.М.
психика  болмай,  барып  тұрған  мистика,  спиритизм  жан  деп 
келді».  Осы  арада  проф.  Қ.  Жұбанов  атап  көрсеткен  рух,  оның 
ішінде  ұлттық  рух  ұғымы  арқылы  күй  өнерінің  ұлттың  төл 
мəдениеті ретіндегі генезисі, мəні, қызметі анықталады (Қараңыз: 
күй сөзі «көк» сөзімен байланыстырылады). Жəне ол нақты музы-

532
Ұлт тұғыры – тілде
калық термин, иə жанрлық форма ретінде қалыптасқан өнер түрі 
емес,  ұлт  мəдениетімен,  таным-санасымен  сабақтасқан  кешенді 
сипатта  талданады:  Ол  үшін,  біріншіден,  күй  ұғымының  басқа 
тілдердегі (татар, өзбек, т.б.) айырмашылығы салыстырылып ашы-
лады.
Екіншіден,  күйдің  əуел  баста  пайда  болған  шыққан  ортасын-
да  көңіл  көтеру,  сауық  құралы  қызметін  атқармағанын,  табиғат 
күштерін  бағындыруда  күйдің  магиялық,  психикаға  əсер  етуші 
күші  арқылы  «табиғаттың  жасырын  күшімен  астарласып  барып, 
соған дегінін жүргізуге, қазақша айтқанда, арбауға тырысатынын-
да» деп көрсетеді. 
Сондықтан, күй атауының этимологиясын «көк» сөзімен бай-
ланыстырып,  лингвистикалық  негізде  анықталғанын  жоғарыда 
көрсеттік.
Үшіншіден,  проф.  Қ.  Жұбановтың  зерттеулеріндегі  күй  ұғы-
мының  кешенді  сипатын  көрсететін  оның  əлеуметтік  қызметі: 
діни, дəрігерлік метеорология, астрономия, аңшылық, т.б салала-
рындағы  қолданысы.  Осы  қызметті  іске  асырушы  адамдар  мен 
музыкалық  құралдарды  талдаулары  да  этномəдени  контексте  құ-
рылған. Мысалы, бақсы, қобыз, сыбызғы, т.б. атаулардың мəні тек 
музыкант  немесе  музыка  құралы  емес,  ерекше  магиялық,  киелі, 
космос ретінде, яғни мəдениетаралық коммуникацияның нəтижесі 
емес, этнос болмысымен біте қайнасып, табиғи қалыптасқан төл 
мəдениет түрі деп анықталған.
Осы  арада  проф.  Қ.  Жұбановтың  «жыр-толғаулар,  эпостар 
əңгі-мелеп,  күйлеп  (астын  сызған  біз – Ж.М.)  айтылған  болу  ке-
рек» [46] деген  пікіріне  сүйеніп,  негізінен  ауызша  тараған  қазақ 
əдеби  мұралардың  сақталуының  бір  құралы,  формасы  ретінде 
де  күй  өнерінің  қызметін  бағалауға  болар.  Осы  шағын  мақалада 
ғалым  ұлт  мəдениетін  танытатын  кең  де, терең арна ретінде күй 
өнерін көрсетіп, оны əрі қарай зерттеуді болашаққа аманат еткен. 
Проф.  Қ.  Жұбановтың  осы  ой-арманын  белгілі  ғалым,  этнограф, 
мəдениеттанушы А. Сейдімбек өзінің «Күй-шежіре» монография-
сы, т.б. зерттеулерінде жалғастырып, күйлердің шығу негізін аңыз-
əңгімелерімен  сабақтастырып,  қазақ  халқының  мəдени-рухани 
əлеміндегі  төлтума  бітімі  дара  ерекше  құбылыс  ретінде  дəлел-
деді [47].

533
Ұлт тұғыры – тілде
Қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалаған тұңғыш профес-
соры Қ. Жұбановтың ғылыми ой-өрісі мен танымдық тереңдігінен 
туындаған  ғылымдағы  сабақтастық  қазіргі  тілді  зерттеудің  тілді 
тұтынушының  жан-дүниесімен  тығыз  байланысымен  сипаттала-
тын үрдісінде өз жалғасын табуда.
Соған орай ұлт болмысы туралы Қ. Жұбановтың ғылыми мұ-
расында маңызды тұжырымдар жасауға дəйек болған этнографизм-
дер,  лингвокультуремалар,  басқа  да  этномəдениеттің  архетиптік 
көріністері тек қана мəдениетті айқындап қана қойған этнолекси-
ка  емес,  түрлі  символдар  түрінде  этномəдени  кеңістік  құратыны 
антропоөзектік  парадигмада  жаңа  мазмұндық  теориялық-əдіс-
намалық сапада кешенді қарастырылуда.
Этнотаңбалық тіл деректерінің көздері
Ежелгі  дəуірлерде  пайда  болған  эпос – халықтың  рухани  да 
заттық мəдениетінің мол көзді арнасы. Оның бойында халықтың 
өткен өмір жолын бейнелейтін таптырмайтын бай тілдік деректері 
сақталған. Халықтың қоғамдық өмірімен тығыз байланыста пайда 
болған эпикалық жырларда ғасырлардың шындығы кейде жанрлық 
сипатына  сəйкес  тым  асырылып,  əртүрлі  көркемдік  тəсілдермен 
құбылып бейнеленеді. Себебі, халықтың өмірінің жиынтығы, ұзақ 
уақыт бойында қалыптасқан оның дүниетанымы, əдет-ғұрпы, ар-
маны, мүддесі, рухани өмірі бейнеленеді. 
Ол тек рухани ғана емес, сонымен сабақтаса қалыптасып дами-
тын  заттық  (материалдық)  та  мəдениетімен  бейнеленеді.  Себебі, 
қай  халықтың  болса  да,  оның  ертеден  келе  жатқан  өзіне  тəн 
тұрмыс-тіршілігі,  əдет-ғұрпы,  салт  дəстүрімен  қатар  күнделікті 
тұрмысқа тікелей қатысы бар дүниелері болады. Эпоста олар сан 
қырынан көрінеді. Ш. Уəлихановтың, Ə. Марғұланның, С. Қаси-
мановтың,  Е.  Жұбановтың,  Н.  Уəлиевтің,  А.  Жылқыбаеваның. 
А. Мұқатаеваның, А. Сейілханның, Р. Шойбековтің, т.б. еңбекте-
рінде  көне  мəдениеттің  эпостағы  көріністерінен  көптеген  мəлі-
меттер келтіріледі.
Бұл арада қазақ халқының мəдениеті артта қалған, ия тұйық-
талған  емес,  ол  о  бастан-ақ  өзіндік  ерекшелігін  дамыта  отырып, 
сыртқы  мəдени  дүниеден  ең  алдымен  туыс  түркі  халықтарының 
мəдениетінен оқшау емес екенін атап өту орынды.

534
Ұлт тұғыры – тілде
Ал,  ұлттық  ерекшелік, «халықтық  рух» (В.  фон  Гумбольдт) 
ұлттың тұрмысы, əдет-ғұрыптары, дүниетанымы мен эстетикалық 
талғамдары  тек  қана  рухани  мəдениет  арқылы  ғана  емес,  соны-
мен бірге ол күнделікті тұрмыс бұйымдарында, үй жиһаздары мен 
мүліктерінде, киімі мен əшекейінде де бейнеленіп, олардың тілдік 
атаулары арқылы көрінеді, танылады. Ол атаулардың бəрін жалпы 
атаумен  «Материалдық  мəдениетке  (МЛ)  қатысты  лексика»  деп 
сипаттауға болады. 
Бұл  орайда  өз  бойында  бай  тарихты  жəне  тұрмыстық,  руха-
ни лексиканы сақтаған тіл қазынасы іспетті эпостық жырлардың 
мəні ерекше. Тілдің осындай ұлттық байлығының негізінде туып, 
дамыған  фольклордың  негізгі  тақырыбы  ұлттың  тарихы,  əлеу-
меттік  жəне  рухани  өмірі,  тұрмысы  жəне  еңбегі,  т.б.  тығыз  бай-
ланысты. Осыған қатысты фольклор – тілдік деректерді молынан 
көрсететін үлкен бір арна. 
Қазақтардың  ішкі  жан-дүниесі,  рухани  байлығы  «Қозы-Көр-
пеш – Баян  сұлу», «Қыз  Жібек», «Айман-Шолпан»,  т.б.  лиро-
эпостық жырларында қалай айшықталғанын этнолингвистикалық, 
лингвомəдениеттанымдық негіздегі талдаулар дəлелдейді. Бұл жағ-
дай фольклорда, мысалы, қазақ халқының материалдық мəдениеті 
кеңінен  бейнеленгенін  көрсетеді:  материалдық  өндіріс  деңгейі, 
тұрғын үй, киім, т.б. шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыруға 
бағытталған қазақтардың халықтық қолөнерінің сипаты, түрлері, 
бұйымдары жəне т.б. Осы тұрғыдан фольклор рухани мəдениетпен 
қатар  біздің  материалдық  мəдениет  туралы  білімімізді  байы-
тады.  Себебі,  қазақ  фольклорынан  жинақталған  лексика  тари-
хи  құндылығымен  бағаланатын  қазақ  халқының  рухани  жəне 
материалдық байлығын бейнелейтін заттарды атап көрсетеді.
Бұл  мəселелерге  ерекше  көңіл  бөліп  зерттеген  осы  еңбектер 
фольклорда  рухани  жəне  материалдық  мəдениетке  қатысты 
халықтың  өмірі  мен  тұрмысын  жан-жақты  қамтыған  табиғатына 
сай негізделген белгілі бір дəрежедегі лексикалық жүйе бар екенін 
көрсетеді [48]. 
Қазіргі  рухани-əлеуметтік,  қоғамдық  даму  барысынан  туын-
дайтын  қажеттілік  ағынына  сай  туып  жатқан,  аударылып  жатқан 
ұлттық ұғымдар мен атауларға негіз болатын төл мəдениетімізде 
қалыптасқан  сөзжасамдық  үлгілердің  көбі  диалектілік  лекси-

535
Ұлт тұғыры – тілде
када  сақталған.  Осымен  байланысты  онда  қалыптасқан  белгілі 
бір  сөзжасамдық  жүйені  анықтап,  тілдік  модель  түзуге  болады: 
жайдақ арба, жайдақ шам, жайдақ ер, жайдақ шана; жаужұмыр, 
жаужапырақ, жауқияқ; желауру, желкөз; ағаш үй, балқаш үй, бо-
лыс үй, жолым үй, дабыл үй; адай көйлек, адай тыма, адай шал-
бар, адай домбыра, т.б.
Этностың тұрмыс қажеттілігіне орай жасалатын заттық-рухани 
ортасы қаншалықты дамыған, жетілген болса, ондағы əрбір бұйым 
мен  өнімге  берілетін  атаулар  кіретін  тіл  жүйесі  де  соншалықты 
ауқымды  болмақ.  Бұл  көп  жағдайда  əдеби  тілдің  шеңберінен 
тыс  та  қолданыс  таба  беретін  заттық  мəдениетке  тікелей  қатысы 
бар.  Ал  ұлттық  дүниетаныммен  ұштасатын  рухани  мəдениеттің 
лингвогеографиялық негіздерін анықтау – бұдан да күрделі мəселе. 
Себебі мұнда тілдің нақты қоғамдық қолданысы ғана емес, белгілі 
бір  этнотілдік  ұжымның  тұрмыстық,  т.б.  əрекетімен  байланысты 
дүниенің барлығын тіл арқылы жеткізудің тəсілдері мен құралдары 
мəдениаралық  коммуникация  шеңберінде  қарастырылады.  Осы-
мен байланысты қазақ тіліндегі мəдени-əлеуметтік жүйенің тұтас 
сипаты  лингвогеографиялық  аспектіде  анықталатын  ақпараттық-
қызметтік дəйектер арқылы айқындалады.
Соның  барысында,  жалпы  алғанда,  рухани  мəдениеттен  гөрі 
заттық мəдениеттің бойында ерекше белгілер айқынырақ көрінеті-
ні  байқалады.  Себебі  мекендейтін  жердің  географиялық-климат-
тық жəне соған сай кəсіби, территориялық жағдайларына бейімдел-
ген тұрмыстық қажеттілік өзіне тəн мəдениетті қалыптастырады. 
Соның  нəтижесінде  сол  мəдениетті  өз  игілігі  ретінде  тұтынушы 
халықтың ол туралы ақпараты, мысалы, диалектикалық лексикада 
көрініс табады. 
Осымен  байланысты  қазақ  тіліндегі  мəдени-əлеуметтік  жүйе-
нің  жеpгiлiктi  еpекшелiктеpдегі  сипатына  қатысты  мынадай  екi 
жағдайды атап өткен жөн: 
1. Кейбip əдет-ғұpып, мəдени тұpмыстық жағдайлаpдың өзге-
pуiмен байланысты тек жеpгiлiктi еpекшелiктеp түpiнде ғана сақ-
талып қалған зат атаулаpы; 
2. Қазақтың жеpi қандай кең байтақ болса, мұндағы кəсiп пен 
шаpушылықтың түpi де соншалықты мол. Сондықтан сол кəсiппен 
айналысып жүpгендеpге түсiнiктi болғанымен, ондай кəсiп, шаp-
уашылығы жоқ басқа жеpлеpде түсiнiксiз кəсіби атаулар.

536
Ұлт тұғыры – тілде
Ал,  қазақ  тіл  білімінде  қалыптасушы  антропоөзектік  пара-
дигма  жүйесінде  этномəдени-тілдік  деректі  сақтаушы  өз  ретінде 
диалектiлiк лексика мен кəсiби лексика құpамында, соңғы кездегі 
тарихи-əлеуметтік жағдаятқа сəйкес шетелдердегі қазақ диаспора-
сы  тіліндегі  əpтүpлi  қоғамдық-əлеуметтiк,  таpихи-мəдени  себеп-
теpмен  ұмыт  болған  не  көнеpген  сөздеp  мен  атаулаpдың  сақта-
луын  ареалдық  лингвистика,  лингвогеография  аpқылы  зеpт-
теу  қалыптасуда.  Осы  оpайдағы  диалектiлiк  этногpафизмдеp  ха-
лықтың  pухани,  мəдени  байлығының  куəгеpi iспеттi  лингвомə-
дени дерек ретінде анықталады.
Нақты  айтқанда,  мемлекеттік  «Мəдени  мұра»  бағдарламасы 
қолға алынған тұста жоғарыда аталған сөздіктердің негізінде жəне 
соңғы 10-15 жыл  көлемінде  жүргізілген  диалектологиялық  зерт-
теулер, жарияланған мақалалардағыматериалдардың басын қосып, 
толықтырудың  нəтижесінде 2005 жылы  «Қазақ  тілінің  аймақтық 
сөздігі» жарық көрді. Сөздіктің негізгі материалы ретінде Қазақ-
стан  территориясынан  тысқары,  шет  елдерде  өзге  тілдік  ортада 
шоғырланып  орналасқан  (Өзбекстан,  Қарақалпақстан,  Түрікмен-
стан, Тəжікстан, Ресей Федерациясындағы, Моңғолия, Қытай, Ау-
ғанстан,  Иран  елдеріндегі)  қазақ  диаспорасының  тілдік  ерекше-
ліктері пайдаланылды. 
Аталған еңбектердің негізінде шетелдегі қазақтардың тілі қа-
зақ тілінің белгілі бір сөйленістер тобына жататын вариант ретінде 
сипатталып,  тілдік  ерекшеліктері  жинастырылып,  оларға  талдау 
жасау  арқылы  қолданылу  жиілігі,  өзге  сөйленістерімен  ұқсас-
тықтары  мен  айырмашылықтарын  салыстыру  лингвогеография 
тұрғысынан зерттелді.
Осы жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше үлес қосқан – 
осы  саланың  көрнекті  маманы  дилектолог-ғалым  С.  Омарбе-
ков.  Осы  бағыттағы  зерттеулердің  ғылыми-əдістемелік  негізін 
құрайтын ғалымның еңбектерінің қазақ тіл білімінде өзіндік орны 
ерекше («Қазақ  тілінің  Маңғыстау  сөйленісі», «География  фоне-
тических различий казахской речи», т.б.). Сонымен қатар аталған 
зерттеулердің  нəтижесі  өзге  тілдік  ортада  өмір  сүрген  қазақ 
тілінің  жай-күйін,  сол  елдегі  үстем  тілдің  əсерімен  қалыптасқан 
тілдегі  өзгерістерді  зерттеу  мүмкіндігі  туып,  ол  диалектология 
саласында  Отанынан  жырақта  өзге  мемлекеттерде  қоныстанған 
белгілі  бір  ұлттың  шоғырының  орналасу  тарихын,  жай-күйін 

537
Ұлт тұғыры – тілде
зерттейтін  əлеуметтанумен  сабақтас  диаспоратану  тармағының 
қалыптасуына да себеп болды. 
Осы  тектес  зерттеулердің  лингвогеографиялық  аспектісінің 
нəтижесінде кəсіби сөздерді зерт теу, сөйленіс (говор) құрамындағы 
кірме элементтерді анықтау, қазақ сөйленістерінің басқа тілдермен 
қарым-қатынасын,  сөйленіс  түрлерін  (ауыспалы,  аралас  болуы)
ажырату,  аймақтық  лексикография  теориясын  жасау  сөйленістер 
тілін тіл мен ұлт тұтастығы қағидасына сай анықталатын антро-
поөзектік парадигманы толықтырады. 
Сонымен,  əр  aлyaн  тiлдepдeгi  диaлeктoлoгиялық  құбылыc-
тapдың  көптeп  жинaлyы  мұндaй  құбылыc aтayлының  тapaғaн 
шeгiн  aнықтayды  қажет  етіп,  тiл  бiлiмiнiң  диалектология  тapмa-
ғының  дepбec caлacы peтiндe XIX ғacыpдың coңғы  шиpeгiндe 
лингвoгeoгpaфия əдісі қaлыптacқаны белгілі. Зepттeyдiң бұл əдici-
нiң мəнi – нaқтылы тiлдiк құбылыcтapды гeoгpaфиялық кapтaның 
бeтiнe  түcipiп, coл apқылы  oның  тapaғaн  жepлepiн  aнықтay. Tiл 
құбылыcтapының  тapaғaн  aймaғы  мен  шeгiн  aйқындay  тiлдiк 
жүйeнiң пaйдa болу, даму зaндылықтapын тaнып-бiлyгe, oлapдың 
нaқтылы гeoгpaфиялық кeңicтiккe opнaлacy ceбeптepi мен cыpын 
түciнyгe,  түптeп  кeлгeндe,  тiлдiң  тapиxын  түciнyгe  мүмкiндiк 
бepeдi.
Осымен  байланысты  бip  топ  қaзaқ  диaлeктoлoгтеpі 70-жыл-
дapдың  бас  кeзiндe aтaлғaн  өңipлepдeн  жинaлғaн  тiлдiк  құбы-
лыcтapдың apacынaн бacты-бacты дeгeндepiн ipiктeп aлып, карта 
бeтiнe түcipiп, 250-дeн acтaм лингвиcтикaлық карта жacaп, қазақ 
тіл  білімінде  лингвогеография  əдісінің  нақты  дəйегін  жасады 
(Ш. Capыбaeв, C. Oмapбeкұлы, O. Haқыcбeкoв, Т. Айдаров, т.б.).
Мысалы, С. Омарбековтің лингвогеографиялық əдісі негізінде 
анықтаған батыс сөйленісінің дəйектерін қараңыз: түйе кесе; тай 
кесе; жаулы бақыр, бақыраш, бақыр, пəрнек, шəйгөн, дүмше, тас-
құман;  төбешай,  булық,  томаға,  тұндырғыш;  елеуіш;  тістеуік; 
тайөгіз; оттық; қысқаш, іскенже; тоғанақ, ырғақ; егерше, темір 
ер, шүйдерке; қоталақ арба, дігірлі арба.
Демек, диалектілік лексиканы тіл тарихы мен ұлт мəдениетін 
жан-жақты бейнелейтін кəсіби жəне аймақтық лексикамен тығыз 
байланыста  зерттеп,  тіл  табиғатымен  тектес  сөзжасамдық  үлгі 
ретінде  терминжасам  мен  жаңа  қолданыстар  үдерісінде  диалек-
тілік лексиканы пайдалану тілдің мұрагерлік (кумулятивтік) қыз-
метінен туындайды.

538
Ұлт тұғыры – тілде
Осы  сияқты  ескінің  қалдығы  ретінде  көптеген  этномəдени 
ақпаратты бойына сақтаған мəдени лексиканы қазақ тілінің фра-
зеологиялық қорынан көптеп табуға болады. Мысалы: көнектей 
болу,  қалжа  жеу,  қанжығасына  байлау,  көрімдік  беру,  тұсауын 
кесу, т.б.
Сол сияқты этнотанымдық ассоциацияға сəйкес көркем ойлау 
жүйесі: айрандай ұйып отыр, көбіс ауыз, кебеже қарын, т.б.
Демек,  фразеологиялық  тіркестер  құрамындағы  этномəдени 
ақпараттардың ашылуы, тілдің танымдық қызметін айғақтайды.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі антрополингвистикалық парадиг-
ма  шеңберіндегі  «дүниені  тілдік  бейнелеудің»  айшықты  жүйесін 
тиімді  зерттеудің  кеңістігі – көркем  мəтін.  «Көркемдік  əлемін» 
құратын  бұл  кеңістіктің  ішіне  ежелгі  эпостық  жырлар,  ақын-
жыраулар мен би-шешендер тіліндегі, т.б. тарихи-рухани көздердегі 
сөз  кестелерінен  бастап,  қазіргі  заман  қаламгерлерінің  шұрайлы 
да сырға толы тіл əлемі енеді. Ол көздерден тілдік деректерді тек 
жинақтап  қоймай,  оларды  этномəдени  сабақтастықта  зерттеудің 
маңызы терең.
Осымен байланысты уақыт пен кеңістік контексіне сай əртүрлі 
əлеуметтік-тарихи  кезеңдердегі  белгілі  бір  этностық,  иə  ұлттық 
сипатта ұйысқан ұжым өкілдерінің айналадағы дүние туралы алу-
ан түрлі сырын мифтік бағам-пайымын, наным-сенімін көрсететін 
тіл  деректері,  кейбір  көне  этномəдени  сөзқолданыстары  бүгінгі 
заманға  халқымыздың  бай  ауыз  əдебиеті  мен  көркем  əдебиет 
мəтіндері  арқылы  келіп  жеткені  белгілі.  Сондықтан  зерттеу 
антропоөзекті парадигма өрісіндегі жұмыстарында көне мəтіндік 
тілдік  деректер  бір  ұлттық  ұжымда  өмір  сүріп,  қызмет  істеген 
адамдардың  (тіл  тұтынушыларының)  ұзақ  этномəдени  даму  жо-
лын танудың бір құралы, маңызды таным тетігі ретінде мынадай 
бағыттарда айқындалады.
Көркем мəтіндегі лингвокультуремалардың 
концептуалдануы
Кез  келген  ұрпақтың  өзін-өзі  тануы  уақыт  пен  мəдениет 
сабақтастығында жүзеге асатын оның тарихы мен рухани негіздерін 
білмей  ешқашан  да  іске  аспақ  емес.  Сондықтан  да  болар,  уақыт 

539
Ұлт тұғыры – тілде
өткен сайын тіл мəселесі тек тіл мамандарын ғана емес, адаммен 
байланысты барлық мамандық иелерін толғандыруда. Олай болса, 
лингвистердің тілдік болмысқа түрлі көзқарас деңгейінде талдау, 
зерттеу жұмыстарын жүргізуге талпынған əртүрлі бағыттарының 
қалыптасуы табиғи құбылыс.
Сондықтан  тіл  мен  мəдениетті  зерттеу  жеке-дара  күйінде 
емес, олардың өзара байланысын айқындауға құрылуы тиіс. Осы-
мен байланысты тілді зерттеудің ерекше деңгейі – жеке тұлғаның 
шығармашылық  əлемі,  көркем  мəтін  тілі.  Себебі  бұл  əрекет – 
объективті  шындықтан  алынатын  əртүрлі  ақпаратты  өзінің  ішкі 
əлемінде  қайта  өңдеп  жасаған  субъективті  шындық.  Сондықтан 
психикалық  болмыс  кеңістігі  мазмұнға  толы.  Жазушының  көр-
кемдік  əлемі,  архетиптік  ойлау  жүйесі  көркем  мəтіннің  ұлттық-
мəдени ерекшелігін құрайды. Бұл арада жазушының, ия ақынның 
көркемдік əлемін бейнелейтін ерекше «тіл əлемін», шығармасын 
түсіну,  дұрыс  қабылдау  оқырманға  таныс  ассоциация,  бейнелер, 
ұғымдар арқылы, яғни аялық білімі негізінде іске асады. Осылай-
ша құрылған қаламгердің көркем тілі өзіне тəн ерекшелігін, ішкі 
тəжірибесі мен таным-қабілетін көрсетеді. Осы арада шындықты 
ұлттық  мүдде  тұрғысынан  бейнелеуді  мақсат  еткен  қаламгердің 
шығармашылық  тілін  ұлттық  таным  мен  түсінікке  сəйкес  тілде 
қалыптасқан  белгілі  тілдің  құралдарымен  тұтастықта  зерттеудің 
мəні зор. Себебі сонда ғана қаламгердің шынайы көркемдік əлемі 
жəне  соны  бейнелейтін  өзіндік  көркем  тілі  айқындалмақ.  Мыса-
лы, Ə. Кекілбаев шығармасынан алынған мына бір үзіндіге назар 
аударайық:
–  Ал,  бала,  қалай  барып  қайттың?  Ақ  патшаның  қызы  жоқ 
па  екен?  Күшік  күйеу  қып  қолына  ұстап  қалды  ма  деп  зəреміз 
зəр  түбіне  кетті  ғой.  Үш  жыл  бойы  суға  батқандай  зымқайым 
жоғалған соң қайтып қобалжымассың. Ту, бұған да жететін күн 
бар екен-ау! 
Бұл өз кезегінде осы саладағы зерттеулерді интегративтік дис-
курста жүргізуді қажет етеді.
Тіл  қызметі  мен  табиғатын  бұлайша  қарастыру  соңғы  кез-
де тіл біліміндегі тіл мен ойлау, тіл мен таным сияқты кешенді 
проблемалардың айналасында тоғысқан жан-жақты зерттеулердің 
күшеюімен байланысты. Атап айтқанда тілдің тарихи-онтология-

540
Ұлт тұғыры – тілде
лық аспектісіне қатысты когнитивті лингвистика жəне тіл табиға-
тын ұлттық ойлау, ұлттық таныммен, ұлттық мəдениетпен тығыз 
байланыста қарастыратын этнолингвистика мен лингвомəдениет-
тану.  Осыған  орай  қазақ  тіл  білімінде  жүргізіліп  жатқан  зерт-
теулердің үрдісі осыны айғақтайды.
Жазушы  шығармаларында  қазақ  халқының  ұлттық  санасын-
да қалыптасқан күштіліктің символы – нар түйе, елі үшін туған 
ерлердің жан серігі – арғымақтарының не ақ боз, не көк түс түрінде 
келуі киелі қасиет болып қалыптасқаны лингвомəдениеттанымдық 
сипат алған. Бұлай дейтініміз, ауыз əдебиетінде негіз салып, жы-
раулар  поэзиясында  жалғасын  тапқан  күштілік  пен  арғымақтар 
теңеуі Ə.Кекілбаевтың туындыларында да танымдық тұлғалануын 
айшықтай түседі. Салыстырмалы түрде алатын болсақ:
«Қобыланды» жырында:
 …Сарай да сарай, сарай бар,
Сарайға қолды жеткізген
 Қос өркешті қызыл нар [49].
Махамбетте:
Қара нар керек біздің бұл іске [50].
Ə.Кекілбаевта:
Тайлағын  тарпи-қарпып  аймалайтын  нар  түйедей,  тапап  тас-
тардай тарпа бас салып…[51]
Ары  қарай  саралайтын  болсақ,  нар  –  үлек  пен  айыр  түйенің 
тұқымы.  Қоспақ  –  аналығы  нар  түйе  мен  аталығы  айыр  түйенің 
тұқымы.  Жоғарыдағы  батырлар  жырының  үзінділерінде  қос 
өркешті  қызыл  нар,  қоспақ  нардай  тіркестері  нардың  екі  түрін 
бір  ұғымда  берсе,  Махамбет  пен  Ə.  Кекілбаевта  нақты  салалық 
қызметінде келтірілген.
Шыдамдылықты,  тарпаңдықты,  айбындылықты  нарға  теңеу 
қазақ  топырағында  туғандарға  ғана  ұғымды,  соларға  ғана  етене 
жақын. Басқа тілге аударса, нар, қоспақ сөздері «одногорбый вер-
блюд»  түсінігінен  басқа  ешқандай  мəнге  ие  болмайтын  сияқты. 
Атқа байланысты танымдық теңеулер де осы ойымызды дəлелдей 
түседі.
Қобыландыда: «Біз  байлаған  Бурылда  қырық  үш  күндік 
кемдік  бар» [49], Махамбетте: «Көк  бедеуді  бауырлап,  шабамын 
деп  сен  тұрдың;  мінгені  Исатайдың  көгілдірді-ай,  əскерін  Бар-
ша  құмға  төгілдірді-ай»;  топтан  озған  тарлан  боз [50] делінсе, 

541
Ұлт тұғыры – тілде
Ə.  Кекілбаевта  осы  қолданыстар  былайша  жалғасын  табады: 
…  Көк  арғымақтың  үстінде  шалқалап  жатқан  Жұма  …дəу  қара 
құлыптасты иегімен нұсқады [51].
… Алақанын қажеп тастаған ақ боздың тізгінін болар болмас 
іріккендей болды [50].
Көріп  отырғанымыздай,  Қобыландының  Бурылында  (ақ  пен 
көк араласқан түс), Махамбеттің көк бедеуінде (көк пен боз жəне 
ақ  түс  жылқыға  байланысты  бір  мағына  білдіреді),  Исатайдың 
көгілдірінде,  Əбілқайырдың  ақ  бозында  халықтың  ақ  ниеті,  аза-
маттарына  серік  болар  ақ  тілектері  жатыр  десек,  ол  ұлттық 
мəдениет пен ой-жүйесінің көрінісі. Сонымен бірге Ə. Кекілбаев 
шығармаларында осындай ұлттық болмысты айшықтайтын өзіндік 
жаңа тіркестер де қолданылады:
…  Қара  батырдың  дүние  салып,  бір  айғыр  төбенің  басына 
бөлек иемденіп жатып алғанына біраз болған [50].
… Дегене молда айғыр топтың ортасында тұрған Мəмбетпанаға 
көз тастады [51].
Көркем  мəтінді  талдай  отырып,  біз  оның  эстетикалық  жəне 
лингвистикалық  табиғатын,  коммуникативті  мəдениеттанымдық 
маңызын танимыз. Оның айқын тілдік көрінісі – белгілі бір тари-
хи кезеңге арналған шығарманың сол кезеңнің шындығын, ұлттық 
болмысты сипаттайтын тілі. Мысалы: Хан аңға аттанған күннің 
ертеңіне  қыр  басынан  он  екі  бидің  шошақ  бөріктері  көрінеді. 
Орда маңы сый қонақтарды құрақ ұшып қарсы алып, ақ боз үй, 
құс мамық төсекке жайғастырады (3, 12), немесе: Енді, міне, көз 
алдынан  бұл-бұл  ұшып,  сағымға  сіңіп  жоғалып  жатқан  қазан-
қазан  қызыл  қуырдақтан  қарадай  қағылып,  аузынан  суы  құрып, 
соры əбден қайнап келеді
 
(3, 9).
Көріп  отырғанымыздай,  көркем  танымдық  кеңістіктегі  тіл 
қызметінің  арқасында  рухани-мəдени  мұрада  сақталған,  əрі 
ұлттың дəстүрлі дүниетанымдық ерекшелігіне сай туындап, ежелгі 
уақыттан қолданылған дəстүрлі мəдени бұйымдар да айшықталған.
Мысалы,  Шернияз  өлеңінде  қазақ  тұрмысы  суретінің  сана-
мызда  бейнеленуін,  ассоциациялануын  қазақ  тұрмысындағы 
ең  маңызды  мəдениет  бұйымының  бірі – киіз  үйдің  бар  құрама 
бөліктерімен, жиһазымен тұтас суреттелуінен көреміз:
Əкеңнің бір атасы Қоянжырық

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал