Телия В. Н. Вторичная номинация и ее виды // Языковая номинация. Виды наименований



жүктеу 7.95 Kb.

бет4/14
Дата22.04.2017
өлшемі7.95 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Қазақстанның əлеуметтік жаңару кезіндегі антропоөзектік 
парадигмада тілдің ұлттық жəне əлемдік үлгісінің тоғысуы
Қазіргі  əлемдік  өркениет  кеңістігіндегі  жаһандану  үрдісіне 
сəйкес  ұлт  тілі  арқылы  анықталатын  «ғаламның  тілдік  бейнесі» 
негізінде тіл мен мəдениет сабақтастығын анықтаудың мəні зор. 

485
Ұлт тұғыры – тілде
Себебі «адам өзінің əлемге деген көзқарасын, дүниетанымын, 
өзіндік  «əлем  бейнесін»  тілдің  қызметі  арқылы  қалыптастыра-
ды» – деген антропоөзектік бағыттың қазіргі əлемдік тіл білімінде 
қалыптасқан қағидасына сай қазақ тіл біліміндегі қазақ дүниесінің, 
қазақ  əлемінің  сипаты  қазақ  тілі  деректері  арқылы  дəлелденуде, 
ұлттың рухани-мəдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқы-
мы кеңейе түсуде. 
Ежелгі  дəуірдің  əртүрлі  əлеуметтік-тарихи  кезеңдеріне  сай 
айналадағы дүние туралы алуан түрлі сыры, мифтік бағам-пайымы 
мен наным-сенімін көрсететін тіл деректері, кейбір көне этномəде-
ни сөз қолданыстары бүгінгі заманға халқымыздың бай ауыз əде-
биеті,  ескіліктері,  көркем  əдебиет  мəтіндеріндегі  ұлттық-мəдени 
ком-поненттері, т.б. шығармашылық көздері арқылы келіп жетті. 
Сон-дықтан  көне  тілдік  деректер  халқымыздың  ұзақ  этномəдени 
даму  жолын,  материалдық  жəне  рухани  құндылықтарын,  түп-
тамырын неғұрлым тереңірек танудың бір құралы, маңызды таным 
тетігі ретінде зерттеледі.
Оның себебі: əр тіл – өз бойында ұлт тарихын, төл мəдениетін, 
танымы  мен  талғамын,  мінезі  мен  санасын,  кəсібі  мен  салтын, 
дəстүрі  мен  даналығын  тұтастықта  сақтаған  таңбалық  жүйе. 
Осындай мазмұнды, жүйелі құрылымды зерттеуде дəстүрлі құры-
лымдық  лингвистиканың  мүмкіншілігі  шектеулі  екендігі  байқа-
лады. Себебі бұл арада тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, 
ол  (тіл) – этномəдени  ақпаратты  жинап,  сақтаушы,  жеткізуші, 
келесі  ұрпаққа  жалғастырушы,  сайып  келгенде,  ұлтты  бір  бүтін 
етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тілдің 
бойындағы  ұлттық  сипатты,  ұлттық  рухты  тануға  негізделген 
когнитивтік  лингвистика,  оның  лингвомəдениеттану,  этнолинг-
вистика, т.б. салаларын өрістететін осы тектес зерттеулердің мəні 
ерекше.
Осымен  байланысты  Елбасының  тікелей  басшылығымен  іске 
асырылған мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасының жүзеге 
асырылуы ел тарихының тəуелсіздік кезеңіндегі маңызды рухани-
мəдени шара болды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында тіл 
арқылы  ұлт  болмысын,  оның  тарихи-мəдени  кеңістігін  таныту-
дың маңыздылығын ҚР БжҒМ ҒК А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі институтының ғылыми-өндірістік зерттеу тəжірибесі айқын 
көрсетті. 

486
Ұлт тұғыры – тілде
Осы  бағытта  жүргізілген  жұмыстар  Қазақстанның  рухани-
əлеуметтік  жаңару  кезеңіндегі  тілді  жаңа  теориялық-танымдық 
үрдісте  зерттеудің  қажеттілігінен  туындаған  болатын.  Осымен 
байланысты  қазақ  тіл  білімінде  адам  санасында  қалыптасатын 
ақиқат  дүниенің  бейнесі  арқылы  сақталатын  тілдік  қорды  зерт-
теуге мүмкіндік жасайтын қазіргі тіл білімінің танымдық, антро-
поөзектік бағыты қалыптасуда екенін жоғарыда атап өттік. Себебі 
əрбір  əлеуметтік  жүйеде,  ұлттық  ұжымда,  əрбір  қоғамның  өрке-
ниеттік  даму  барысында  дүние  бейнесі  тілде  өзіндік  ерекшелік-
терімен ажыратылып отырады. Олардың негізі тілдік санада кон-
цептуалдық  жүйе  арқылы  құрылады  жəне  сезімдік  қабылдаулар 
нəтижесінде  жеке  адамның  танып-түсінген  деңгейі  мен  дəрежесі 
бара-бара  ұлттық-ұжымдық  сипатта  тұтасады.  Қоғам  дамып,  дү-
ниенің қасиеттері одан əрі таныла бастаған сайын дүние бейнесінің 
мазмұны  да  өзгеріп  отырады.  Мысалы,  қазіргі  қазақ  тіліндегі 
қоғамдық талапқа сай өзекті болып саналатын ұлттық терминоло-
гия жүйесінің қалыптасуын алайық. Номинация теориясы бойын-
ша адам ат қоюда сол затты танып, біліп, басқалардан ажыратып 
алғаннан  кейін  барып  ат  қоятыны  белгілі.  Мұндай  ажыратқыш 
белгілер (уəждер) сөйлеуші ұжымдық ортада əртүрлі болуы мүмкін. 
Осымен  байланысты  жаңа  атаулардың  жасалуының  бір  жолы – 
күнделікті  өмірде,  тұрмыстық  тəжірибеде  əбден  қалыптасқан 
ұғыммен ұқсату. Себебі адамның табиғаттағы, қоғамдағы əртүрлі 
құбылысты  бақылауы,  оны  өз  іс-əрекетімен,  тəжірибесімен  са-
лыстыруы  ассоциациялық  бейнелер  түрінде  əртүрлі  нəрселердің 
ұқсас жақтарын табуы арқылы кейбір көне қолданыстардың жаң-
ғыртылып, жаңаша қолданылуы негізінде іске асады. 
Соның  барысында  тілдің  рухани-əлеуметтік  жаңғыртуларға  сай 
жаңа  деңгейге  көтеріліп,  ежелден  қалыптасқан  ұлттық  таным 
мен  ой-өрістің  мəнін  заманауи  мемлекеттік  мүддеге  ұластырып, 
қоғамның  түрлі  саласында  кəсіби  тілдік  тұлғаның  қызмет  ету 
дəрежесін  көтеретін  ұлттық  терминологиялық  жүйе  жасаудың 
негізгі  тетігі  ретінде  этнотаңбалы  тілдік  деректер  терминдену 
үдерісінде көрініс табуда (тұсаукесер, құрықтау, билік, көсем, сер-
ке, т.б.).
Бұл  Тəуелсіздік  кеңістігіндегі  қазақ  қоғамының  рухани  жаң-
ғыру деңгейіне сəйкес, мəңгүртікке қарсы қалыптасқан елді ұйыс-

487
Ұлт тұғыры – тілде
тырушы өзек ретіндегі тіл қызметінің өміршеңдігі мен жалғастық 
үрдісі.
Тəуелсіздік  кезеңі  мемлекеттік  құрылымдардағы  тіл  қызметі-
нің  мазмұнына,  жалпы  қоғамдық-əлеуметтік  өмірдің  барлық  са-
лаларына,  олармен  тығыз  байланысты  тіл  мен  оның  қолданысы-
на,  негізінен,  оң  бағыттағы  өзгерістер  əкеліп,  жан-жақты  ықпал 
етуде. Саяси-əлеуметтік, тіптен экономикалық орта өзгерістері де 
тілден тыс қалмай, түптеп келгенде, оның (тілдің) қоғамдық санаға 
қатысты танымдық, ақпараттық, т.б. қызмет атқаруының тұғыры – 
мемлекеттік  мүдде  тұрғысынан  қоғамдық  санада  түбегейлі  өзге-
рістерді  қалыптастырушы  өзекті  фактор  ретінде  егеменді  қазақ 
мемлекетінде  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мəртебесінің  бекітілуі. 
Соған орай қазіргі қоғамда ұлттық сананың қайта жаңғыруы заман 
үрдісіне сəйкес ерекше қарқын алып, қоғам өмірінің сан-саласында, 
қарым-қатынасында,  пікірлерінде,  негізінен,  тіл  арқылы  көрініс 
табуда.  Қазіргі  қоғамда  қалыптасқан  еркіндік  үрдісіне  сай  кейде 
бір-біріне кереғар да пікірлер бой көрсетуде. 
Осымен  байланысты  ұлтты  бірегейлендіру  қызметі  мен  ру-
хани қауіпсіздіктің негізі тіл арқылы сақталып, жүзеге асатынын 
дəлелдеу – қазақ  тілінің  мемлекеттік  мүддемен  астас  мақсатын 
көрсету. 
Осы арада мемлекеттік тіл мəртебесіне сəйкес жан-жақты қо-
ғамдық  қызмет  атқарылуы  тиіс  қазақ  тілін  тек  қарым-қатынас 
құралы  ретінде  зерттеу  жеткіліксіз  екенін  қазіргі  қоғамдағы  тіл 
қызметінің мəні көрсетіп отыр. Содан туындайтын жағдаят тілдің 
қоғамдық сұраныс пен аксиологиялық, əлеуметтік, коммуникативті-
прагматикалық  қызметтерін,  терминдену  жəне  сөзжасамдық 
əлеуетін зерттеп анықтауды тіл ғылымынан талап етеді.
Тілдік  деректердің  этноəлеуметтік,  мəдени-рухани  əлеуеті,  ұлт-
ты  тұтастырушылық  қызметі,  т.б.  негізіндегі  елдің  рухани  қа-
уіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  ұлттық  сипаты  қазіргі  Қазақстанда 
қалыптасқан  мемлекеттік  тілдің  өміршеңдігі,  жасампаздығы 
арқылы əлемдік үлгімен тоғысады. 
Сайып  келгенде,  тілдің  тек  танымдық-мазмұндық  жағы  ғана 
ашылып  қоймай,  сонымен  бірге  қазіргі  қоғамдық-əлеуметтік  ке-
ңістіктегі  ұлттық  идеяны  іске  асырушы  мемлекеттік  мəртебесіне 
сəйкес  қазақ  тілінің  бұрын  толық  көрінбеген  қырларының  ком-

488
Ұлт тұғыры – тілде
муникативтік əлеуеті де ашыла түседі. Сөз киесі мен қадірін ерек-
ше түсінетін Елбасымыз тілдің бұл қасиетін былайша бағалайды: 
«Дауға  салса  алмастай  қиған,  сезімге  салса  қырандай  қалқыған, 
ойға  салса  қорғасындай  балқыған,  өмірдің  кез  келген  орайында 
əрі  қару,  əрі  қалқан  болған,  əрі  байырғы,  əрі  мəңгі  жас,  отты  да 
ойнақы  ана  тілінен  артық  қазақ  үшін  бұ  дүниеде  қымбат  не  бар 
екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мəдени тұтастығына 
ең  негізгі  ұйтқы  болған – оның  ғажайып  тілі.  Бұл  халқым  деп, 
қабырғалы  қазағым  деп,  тайсаң – тағаң,  тарықсаң – панаң  бо-
ламын  деп  айтқан  имани  сөзім!» – деген  еді. («Қазақ  əдебиеті», 
29.11.2008).
Сондықтан қазіргі кезеңдегі лингвистикалық зерттеулерде ба-
сымдылыққа ие бола бастаған антропоцентристік бағыт негізінде 
адам қызметінің сан қатпарлы сырлары мен оның тұлғалық жəне 
əлеуметтік қырларының ұлттық болмыспен сəйкестігін анықтауға 
деген қызығушылық артуда. Сонымен бірге соңғы уақытта адам-
зат баласының санасы мен ой-өрісін, дүниетанымын, ақиқат шын-
дықты  қабылдау  мен  ұғынудың  ұлттық  ерекшеліктерін,  аталған 
үдеріс нəтижелерінің сол ұлт тұтынатын тілде белгіленуін кеңірек 
қарастыруға жол ашылуда.
Сондықтан  қазақ  тілінің  мемлекеттік  мəртебесіне  сай  мемле-
кет  ішіндегі  жəне  мемлекетаралық  қызметін  іске  асыру  үшін 
қазақтың  мəдени  құндылықтарын  басқа  халыққа  тиімді  əрі  ай-
қын  үйрету  барысында  лингвоелтанымдық  бағыттың  қажеттілігі 
анықталды.  Осымен  байланысты  өзге  ұлт  тіліндегі  баламасын, 
аударылымын  салыстырмалы,  салғастырмалы  түрде  анықтайтын 
этномəдени зерттеу жобасын одан əрі кеңейтіп, жалғастыру мақ-
саты  қазақ  тілі  лексикасының  лингвоелтанымдық,  лингвомəде-
ниеттанымдық аспектілерін зерттеуге ұластырды. 
Осыған орай лексикалық бірліктердің бір ұлт танымында тілдік 
таңбалану  құбылысын  зерттеу  нəтижесінде  антропоцентристік 
бағыттан  тарайтын  когнитивтік  тіл  білімі,  психолингвистика 
сияқты  салалары  арқылы  қазаққа  лайықты  ұғымды  қабылдау, 
тану,  сезіну,  тұшыну,  ақпаратты  жеткізу,  тарату  қабілеттеріндегі 
өзгешеліктер анықталады. Соның нəтижесінде тек қазаққа ғана тəн 
мəдени құндылықтар, барлық ұлттарға тəн мəдени құндылықтар, 
түркі  тілдес  халықтарға  тəн  мəдени  құндылықтар,  аймақтық, 

489
Ұлт тұғыры – тілде
диаспоралық ортаға тəн мəдени құндылықтар шегі ажыратылып, 
олардың  тілдегі,  мəтіндегі  этнотаңбалық  көріністері  талданып 
көрсетілді. 
Бұл – қазіргі  қазақ  қоғамының  жаңа  рухани-əлеуметтік  жаң-
ғыру, өзгеру деңгейіне сəйкес ұлттық мүдде сұранысы мен тала-
бын  қанағаттандыратын  өзекті  мəселе.  Осыған  орай  тіліміздегі 
этнотаңбалардың адам санасында терең сақталуы мен этномəдени 
ұғымдарды  бейнелеуде  қолданылу  ерекшеліктері  əлемдік  тіл 
біліміндегі ой таңбалану қағидаларымен, үрдістерімен салыстыру 
негізінде анықталады.
Еліміздің қай сала аясында болмасын, бəсекелестікке қабілетті 
ел ретінде қарқынды даму, интеграциялық қарым-қатынас арқылы 
ғылым мен білім қорын жаһандану үрдісіне сай бейімдеп, тəжірибе 
алмасу  мəдениаралық  коммуникация  біліктілігінің  жоғары  дең-
гейде  болуына,  инновациялық  жүйесінің  тиімді  қолданылуына 
негізделген  тіл  білімінің  ғылыми-теориялық  негіздемесіне  жəне 
қолданбалы  сипатына  келіп  тіреледі.  Сондықтан  ең  алдымен, 
қазақ  тілінің  жаңа  өмірге  икемделген  заманауи  лексикасы  мен 
терминдерінің  мəн-мазмұны,  қолданымдық  сипаты,  ғылыми-тео-
риялық негізі терең зерттеліп, техникалық, кəсіби, іскери, салалық 
тілдің  жұмсалымдық,  коммуникациялық  нормалары  дайында-
луы  тəуелсіз  қазақ  елінің  рухани-əлеуметтік  жаңару  кезеңіндегі 
мемлекеттік тілінің ұлттық жəне əлемдік үлгісінің тоғысуын қам-
тамасыз етпек.
Қазiргi кезеңде еуразиялық кеңiстiктегi халықтар үшiн ұлттың 
қайта  өркендеуге  ұмтылуы  өзектi  мəселе  болса,  бұл  олардың 
мəдени сəйкестiктi ұғынуынан айқын көрiнiс табады.
Ал  жаһандану  интеграциялық  үрдіссіз  жүзеге  асырылмайды. 
Ғылымдағы  интеграцияның  ең  негізгі  көзі – тіл  болғандықтан, 
ғылыми  жаһанданған  тілдің  лингвистикалық  нормасын,  əлемдік 
ақпараттық  қарым-қатынасқа  сай  стильдік  нормасын,  сондай-ақ 
мемлекеттік тілдегі ғылыми тіл қорының жаһандану үлгісін зерт-
теп,  біріздендіру,  бүкіл  техниканы  қазақтың  төл  ғылыми  тілінде 
сөйлетудің ғылыми негізін анықтау бүгінгі күннің аса қажетті та-
лабына айналып отыр.
Қазіргі жаһандану дəуірінде қазақ тілінің қолданыстық, өмір-
шеңдік  деңгейі  мен  ұлтты  бірегейлендіру  ықпалы  қай  дəрежеде 

490
Ұлт тұғыры – тілде
екенін айқындау, сол арқылы ұлттық таным мен ой-өрістің, кəсіби 
тілдік тұлғаның қандай дəрежеде қоғамда қызмет істеп жатқанын 
нақтылап білу – тіл арқылы ұлтты бірегейлендіруге қатысты өзекті 
мəселелердің  бірі.  Қоғам  дамыған  сайын  тілдің  де  сол  дəрежеде 
дамуы – мемлекеттік  тіл  мəртебесіне  сəйкес  тілдің  қоғамдағы 
толыққанды қызметінің кепілі десек, ұлттың этномəдени болмы-
сын сақтаған мемлекеттік тілдің даму деңгейі бұзылмауы тиіс. Осы 
тұрғыдан алғанда, қоғамдық-саяси, мəдени, əлеуметтанымдық, т.б. 
газеттер  мен  телебағдарламалар,  интернет  жүйесі  арқылы  беріл-
ген  ақпараттар  тілі,  сұхбаттасу,  пікірлесу,  шаршытоп  алдындағы 
сөз,  т.б.  Сол  сияқты  бұқаралық  коммуникация  көзімен  берілген 
хабарламалар  тілі  жекелік  (персональді)  коммуникация  мен  мə-
дениаралық  коммуникация  деңгейін  көтеруге,  сайып  келгенде, 
қазақ  тілінің  ұлттық  болмысының  əлемдік  үлгімен  тоғысуына 
септігін тигізеді. 
Демек, қазіргі лингвистика саласындағы ғылыми ой дамуының 
жаңа үрдістері оның айқын антропоценристік бағытын белгілейді. 
Осы салалардың негізінде жаңа инновациялық əдіс-тəсілдер қол-
даныла  бастады  (психолингвистикалық,  паралингвистикалық, 
прагмалингвистикалық,  социолингвистикалық,  дискурстық  тал-
даулар, т.б.). 
Мысалы, тəуелсіздік кезеңінде А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл 
білімі  институты  орындаған  іргелі  зерттеу  бағдарламалары  мен 
еңбектері  мемлекеттік  тілдің  қолданыс  аясын  кеңейтудің,  оның 
қолданыс  мəдениетін  жақсарту  мен  қолданыс  əлеуетін  барынша 
тиімді  пайдалану,  мүмкіндіктерін  жетілдіру  мен  дамытуға  ба-
ғытталған. 
Атап айтқанда, мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламасының 
аясында орындалған қазақ тілінің орфографиялық, орфоэпиялық, 
синонимдер,  диалектілік,  түсіндірме  сөздіктері  əлемдік  тəжіри-
бедегі  сөздік  жасау  ісінің  жаңа  жетістіктерін  пайдалана  отырып, 
мазмұны мен сапасы жағынан жаңарып шыққан.
Аталған  сөздіктер  ішінде  Институт  үшін 15 томдық  «Қазақ 
əдеби  тілінің  сөздігінің»  орны  ерекше.  Ол – сөздік  ұлттық  та-
нымдық, тарихи, əлеуметтік, т.б. сипатын көрсететін тіл əлемінің 
кешенді кеңістігі. Сонымен, қазіргі лингвистикалық зерттеулерге 
интеграциялық,  кешендік,  антропоөзектік  сипат  тəн  жəне  соған 

491
Ұлт тұғыры – тілде
байланысты əлемдік тіл білімінде тілді танымдық, лингвомəдени, 
əлеуметтік, аксиологиялық, прецеденттік құбылыс деп қарастыру 
кең өріс алып, мынадай ұғымдар өзектелуде екені белгілі: концеп-
туалдану,  концептілік  өріс;  ассоциация,  тілдік  сана,  когниция, 
əлемнің  тілдік  моделі,  ғаламның  тілдік  бейнесі,  социум,  мəдени 
коммуникация, этнотаңба, архетип, т.б.
Əлемдік  лингвистикада  қарастырып  жатқан  мынадай  мəселе-
лер қазақ тіл білімінің іргелі зерттеулерінде де өзектеліп, зертте-
луде:  мəтін  лингвистикасы,  мəтіндік  талдау;  дискурстық  тал-
дау; «тілдік  тұлға»  теориясы;  социолингвистикалық,  психолин-
гвистикалық зерттеулер, т.б.
Қорыта айтқанда, Қазақстанның əлеуметтік жаңару кезеңіндегі 
тілдік саясатының рухани құндылығын, қазақ мемлекеттік тілінің 
ұлттық сипаты мен тілдің əлемдік үлгісінің тоғысуын Елбасының: 
«Ұлтты  күшейтудің  бір  тетігі – туған  ана  тілі»  деп  бағалаған 
тұжырымы қазіргі кезеңіндегі қазақ тіл білімі жаңа бағыттарына 
бағдар болары анық. 
«Ғаламның тілдік бейнесін» танудың тиімді жолы – 
лингвомəдениеттану
Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесіне сəйкес оның қоғамдық-
əлеуметтік қызметін күшейту, тарихи-танымдық əлеуетін жаңғырту 
мəселелері  тілде  сөйлеушілердің  ұлттық  болмысын  анықтаумен 
тікелей  байланысты.  Сондықтан  «тіл  мен  ұлт  біртұтас»  деген 
қағидаға  сəйкес  ұлтты,  ұлт  мəдениетін  тіл  ақпараты  арқылы  та-
ныту – қазақ  тіл  біліміндегі  өрістеп  келе  жатқан  жаңа  үрдіс. 
Сондықтан  қазіргі  əлемдік  өркениет  кеңістігіндегі  жаһандану 
үрдісіне сəйкес тілді зерттеудің кешенді де интеграциялық сипа-
ты тіл мен мəдениет сабақтастығын анықтауға ерекше назар ауда-
рады. Оның нақты көрінісі – «ғаламның тілдік бейнесін» ұлт тілі 
арқылы зерттейтін лингвомəдениеттану саласы.
Оның теориялық-əдістанымдық негіздері В. Гумболдьт, Э. Се-
пир, Б. Уорф, Г.К. Колшанский, т.б. еңбектерінде жасалды.
Осымен байланысты лингвомəдениеттану тілді мəдениетке қа-
тысты зерттейтін, сонымен бірге тілдің қызметіндегі жəне дамуын-
дағы  тілдік,  этномəдени  жəне  этнопсихологиялық  факторлардың 

492
Ұлт тұғыры – тілде
өзара əсерін қарастыратын тіл білімінің жаңадан дамып келе жат-
қан саласының бірі. Осыған орай ұлттық болмысымен ерекшелене-
тін  нақты  тілдік  деректерді  талдау  арқылы,  сонымен  бірге  туыс-
тас  түркі  халықтары  жəне  жалпы  адамзаттың  өркениетімен  та-
мырласатын  қазақ  мəдениетінің  өміршең  сипаттарын  санаға 
сіңіру,  əрі  жаңғырту – қазақ  тіл  білімінің  жаңа  бағыттарын  бел-
гілейтін өзекті мəселердің бірі. Ал, осы əлеуметтік үрдісті нақты 
түрде  іске  асыру  лингвомəдениеттану  саласының  еншісіне  тиіп 
отыр. 
Тіл  біліміндегі  лингвомəдениеттанудың  дербес  ғылыми  пəн 
дəрежесіне  көтерілуіне,  қалыптасуына  В.  Воробьев,  В.И.  Телия, 
А.  Вежбицкая,  Е.М.  Верещагин,  В.Т.  Костомаров,  В.  Маслова, 
Ю.М.  Лотман  зерттеулері  мен  еңбектері  ықпал  етті.  Осы  ғалым-
дардың  еңбектеріне  сүйеніп,  лингвомəдениеттанудың  мəдениет 
метатілінің  негізінде  тіл  мен  мəдениеттің  өзара  əсерін,  қызметін 
нақты зерттейтінін анықтауға болады. 
Қазақ  тіл  біліміндегі  осы  саладағы  зерттеулердің  тақырыбы, 
мазмұны,  ұстанымы  мен  дереккөздері  де  осы  қағидаға  сəйкес 
жүргізіліп  отырғанын  байқаймыз.  Жоғарыда  атап  көрсеткеніміз-
дей, оның бастау көздерін ұлттық мəдениет пен болмыстық ерек-
шеліктерді  таныту,  лингвомəдениеттану  пəніне  қатысты  Ш.  Уə-
лиханов, Ə. Марғұлан, Қ. Жұбанов, М. Əуезов еңбектерінен баста-
лып, ғалым-тілшілер І. Кеңесбаев, Ə. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жұба-
нов, Е. Жанпейісов, Т. Жанұзақов, Н. Уəлиев, Ж. Манкеева, А. Жыл-
қыбаева, Қ. Рысбергенова, Р. Шойбеков, т.б. ғалымдар еңбектерін-
дегі  тіл  зерттеулерінің  ұлттық  сипаты  ретінде  жалғасқанын  кө-
реміз. Осымен байланысты Ə. Қайдардың, Р. Сыздықтың, М.М. Ко-
пыленконың, Е. Жанпейісовтің, Н. Уəлиевтің тілдік ақпаратты ұлт-
тық  болмыс  тұрғысынан  зерттеген  еңбектерінде  тілдің  тек  онто-
логиялық  сипаты  ғана  емес,  уəждік  негізі,  уақыт  пен  кеңістік 
контексіндегі  этнотанымдық  табиғаты  да  ашылған  жəне  оларды 
осы саланың теориялық-əдістанымдық бастау көздері деп қарауға 
болады. 
Дегенмен,  мəдениеттің  дерегі  ретінде  тіл  əлі  де  жеткіліксіз 
қарастырылуда.  Осыған  сай  тілдегі  мəдениеттің  айқын  үлгілері, 
əсем өрнектері ажарланған ұлттық-мəдени лексика атаулары, киім-
кешек атаулары, зергерлік бұйымдар атаулары, мифологемдер, т.б. 

493
Ұлт тұғыры – тілде
этномəдени болмысын тіл арқылы ашу «тіл – мəдениет – ойлау» 
үштаған сабақтастығында арнайы зерттеліп, лингвомəдени негіз-
дердің  қалыптасуының  тілдік  уəждері  мен  тетіктерінің  ежелгі 
(алғашқы)  құрылымдық  түрлері  мен  вербалдануы  айқындалды: 
Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді (1980, 1984, 2004), Жанпейісов Е. 
Этнокультурная лексика казахского языка (1989), Хусаинов К.Ш. 
Қазақ  тіліндегі  күлкі  жəне  жылауға  байланысты  дыбысбейнеле-
уіш  етістіктердің  лексика-семантикалық  топтары (1988), Ақбер-
диева  Б.Қ.  Лексика-фразеологиялық  жүйедегі  мифтік-танымдық 
құрылымдар (2000), Серікбаева  Ұ.Б.  Қазақ  тіліндегі  «ақ»  жəне 
«қара»  түр-түс  атауларының  этнолингвистикалық  сипаты (2003), 
Қайырбаева  Қ.Т.  Қазақ  тіліндегі  этномəдени  атаулардың  символ-
дық мəні (2004), т.б. 
Əртүрлі  тақырыптық  топтарды  ұлттық  мəдениетке  қатысты 
этнолингвистикалық зерттеулер:
а) Өсімдік атаулары: Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаула-
ры (1988), Сейітова Ш. Өсімдікке байланысты тұрақты тіркестер-
дің этнолингвистикалық сипаты (1999).
ə) Ономастика, топонимика, антропонимика: Жанұзақов Т. Қа-
зақ  ономастикасы (2006), Рысбергенова  К.К.  Историко-лингвис-
тический  анализ  топонимия  Казахстана (1993), Əшімханова  Ф. 
Қазақ  тіліндегі  антропонимдердің  лингвомəдени  жүйесі (2007), 
Керімбаев Е. Атаулар сыры (1984), Ержанова Ұ.Р. Батыс Қазақстан 
облысы топонимдерінің этнолингвистикалық сипаты (1998), Тас-
полатов Б. Қазығұрт өңірі топонимиясының этнолингвистикалық 
сипаты (2010), Мұсабаева  М.Д.  Қазақ  тіліндегі  антропонимика-
лық  аталымдардың  этнолингвистикалық  сипаты (1995), Көшімо-
ва  Б.Ə.  Қазақ  лексикасындағы  бейонимдеу  үрдісі (2001), Ағабе-
кова Ж.А. Қазақ тіліндегі араб текті кісі аттарының этнолингвис-
тикалық  сипаты (1995), Арысбаев  А.  Қазақ  топонимдерінің  ку-
мулятивтік қызметі (2005).
б) Малға, итке байланысты: Панзарбекова Р.З. Қазақ тіліндегі 
жануарлар  төлінің  атауы (1998), Тлепин  Б.Қ.  Қой-ешкі  атаулары 
мен  тіркесімдерінің  этнолингвистикалық  сипаты (2004), Тоқта-
ғұл Б.С. Түркі тілдеріндегі төрт түліктің жасына қатысты атаулар-
дың  этнолингвистикалық  сипаты (2005), Бектемирова  Б.С.  Қазақ 
тіліндегі киноморфизмдер (2005).

494
Ұлт тұғыры – тілде
в)  Өлшем  атаулары:  Күркебаев  К.Қ.  Қазақ  тіліндегі  ұлттық 
өлшемдердің  этнолингвистикалық  сипаты (2003), Дүсіпбаева  Қ. 
Қазақ  есімдерінің  сандар  жүйесіндегі  тілдік  көріністері (2002), 
Асқар Л.О. Қазақ тіліндегі тəулік кезеңдері атаулары (2005), Сар-
басова Г. Қазақ жəне түрік тіліндегі əйел қолөнеріне байланысты 
халықтық лексиканың этнолексикалық сипаты (2010).
г)  Материалдық  мəдениет:  Жилкубаева  А.Ш.  Термины  пи-
тания  в  казахском  языке (1991), Манкеева  Ж.А.  Қазақ  тіліндегі 
этномəдени  атаулардың  танымдық  негіздері (2008), Шойбеков  Р. 
Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы (1992), Алмауытова Ə.Б. Қазақ 
тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты (2004), 
Əлімжанова  А.  Қазақ  тіліндегі  əйел  қолөнеріне  байланысты  ха-
лықтық лексиканың этнолексикалық сипаты (2008), Ахметжан Қ.С. 
Қазақтың  дəстүрлі  қару-жарағы:  даму  тарихы,  құрылымы,  этно-
мəдени қызметі (2003), Жаубасова Т. Қазақ ұлттық музыка аспапта-
ры атауларының этнолингвистикалық сипаты (2006), Иманалиева Р. 
Этнолингвистическое  изучение  терминов  пространства (1989), 
Мухатаева А. Этнолингвистическое изучение лексики казахского 
эпоса (1989), Сатенова  С.  Образно-фоновая  основа  устойчивых 
выражении,  образованных  на  основе  лексики  скотоводства  в  ка-
захском языке (1990).
ғ) Рухани мəдениет: Қайдар Ə. Халық даналығы (2004), Ахме-
тов Ə. Түркі тілдеріндегі табу мен эвфемизмдер (1998), Смағұло-
ва  Г.  Мағыналас  фразеологизмдердің  ұлттық-мəдени  аспектіле-
рі (1999), Жұмағұлова  М.  Газет  публицистикасы  тіліндегі  эвфе-
мизмдер (2000), Дина  Б.  Қазақ  тіліндегі  мақал-мəтелдердің 
танымдық-прагматикалық аспектісі (2002), Жапақов С. Этикалық 
фразеоло-гизмдердің когнитивтік негіздері (2003), Жұмағұлова Ж. 
Қазақ  тіліндегі  этноəлеуметтік  құрылым  атауларының  лингвомə-
дени негіздері (2006), Жанпейісова С.Е. Қазақ тілінің рухани мəде-
ниет  лексикасы (1996), Уəлиев  Н.  Фразеология  жəне  тілдік  нор-
ма (1998), Жолдасбек Л.О. Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атау-
лар (1999), Сағынова  Б.Ұ.  Қазақ  тіліндегі  адам  интеллектісіне 
қатысты лексика (1999), Ғабитханұлы Қ. Қазақ мифологиясының 
тілдегі  көрінісі (2011), Əбутəліп  О.  Қазақ  күнтізбе  жүйесінің 
лексико-фразеологилық бірліктері (2008). 
д) Көркем мəтін тілі: Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизм-
дердің лингвомəдениеттанымдық мəні (2002), Ниятова Ж. Махам-

495
Ұлт тұғыры – тілде
беттің тілдік тұлғасы (2007), Хабиева А. Тарихи лексиканың маз-
мұндық құрылымындағы құрылымдық компоненттер (2007), Има-
шева Г. М. Дулатұлы шығармаларындағы «ғаламның тілдік бейне-
сі» (2007), Абдуллина З. Балалар əдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұл-
ғасы (2008), Ермекова Ж. М. Жұмабаевтың тілдік тұлғасы (2010), 
Орынбетова Э. М. Əуезовтың «Абай жолы» эпопеясының ономас-
тикалық  кеңістігінің  лингвомəдени  сипаты (2010), Оразбаева  Э. 
Кекілбаевтың  тарихи  романдарындағы  жалқы  есімдердің  этно-
мəдени, лингвостилистикалық, лингвоконцептологиялық ерекше-
ліктері (2010), Елемесова  Ш.М.  Көркем  мəтіндегі  ұлттық  мəде-
ниеттің  релеванттары  (Ғ.  Мүсіреповтің  «Қазақ  солдаты»  рома-
ны  бойынша) (2003), Снасапова  Г.Ж.  Ғ.  Мүсіреповтің  «Ұлпан» 
повесіндегі лингвомəдени бірліктер (2003), Қожақметова Ф. Т. Із-
тілеуов  тілдік  тұлғасының  дискурстық  сипаты (2005), Аубаки-
рова Г.Г. Идиэтническая семантика и лингвостилистические функ-
ции  собственных  имен  в  художественном  тексте (2004), Абдрах-
манов  Д.Б.  Тіл  мен  дүниетаным  сабақтастығы  (Ə.Кекілбаев  шы-
ғармалары  негізінде) (2004), Сабирова  Г.  Көркем  тілді  адамтану 
парадигмасы тұлғасынан зерттеу (2010).
е) Этикетке байланысты: Қобыланова Д.Б. Қазақ сөйлеу эти-
кеті (1993), Абдыкаримова Д. Типология реплик казахского и рус-
ского диалогов (1999), Алимжанова Г.М. Структура речевого эти-
кета казахского и русского языков (1999), т.б.
ж) Терминжасамға қатысты: Құрманбайұлы Ш. Қазақ лекси-
касының терминдену үрдісі (2000), Ақаев С. Терминнің тілдік жəне 
танымдық сипаты (2002), Қожаева М. Аударматану терминдерінің 
когнитивті  семантикалық  құрылымы (2007), Айдарбек  Қ.  Қазақ 
терминологиялық  аталымының  ономасиологиялық  негіздері (2010), 
Əшімбаева  Н.  Байырғы  қазақ  қоғамындағы  атақ-лауазым  атаула-
рының тілдік сипаты (2009), т.б.
з)  Жаңа  бағыттарға  сəйкес  лингвомəдени  зерттеулер:  Күш-
таева  М.Г. «Тары»  концептісінің  семантикалық  құрылымы  мен 
лингвомəдени  мазмұны (2003), Бейсембаева  С.Б.  Невербальные 
компонент  коммуникации  в  казахском  языке (2002), Жумагуло-
ва Б.С. Способы вербализации концептов дом, долг в русском, ка-
захском и англиском языках (2003), Айтова Н. Қазақ тіліндегі түр-
түс атауларының когнитивтік семантикасы (2005), Уматова Ж.М. 

496
Ұлт тұғыры – тілде
Концепты  душа//жан  как  лингвокультурологический  феномен 
(2005),  Сағидолда  Г.  Поэтикалық  фразеологизмдердің  этномə-
дени мазмұны (2004), Тұрышев А. М. Жүсіп шығармалары лекси-
касының  этномəдени  негіздері (2005), Жартыбаев  А.  Орталық 
Қазақстан топонимиясының тарихи-лингвистикалық этимология-
лық  жəне  этномəдени  негіздері (2006), Тілеубердиев  Б.  Қазақ 
ономастикасының лингвоконцептологиялық негіздері (2006), Ора-
залиева  Э.  Қазақ  тіл  білімінің  когнитивтік  парадигмасы (2007), 
Əзімжанова Г. Қазақ көркем проза тілінің прагматикалық əлеуеті 
(2007), Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері (2007), 
Есенова Қ. Қазіргі қазақ мəдениетінің прагматикасы (2007), Керим-
баева Д.  Языковая картина мира казахских народных волшебных 
сказок (2008), Байғутова  А. «Қазақ  əйелі»  концептісінің  этномə-
дени  сипаты (2008), Нұрдəулетова  Б.  Жыраулар  поэтикасындағы 
дүниенің  концептуалдық  бейнесі (2008), Мұратова  Г.  Абайдың 
тұлғасы:  дискурстық  талдау  мен  концептуалдық  жүйесі (2009), 
Сейітова  Ш.  Қазақ  этнонимдерінің  тарихи-лингвомəдени  жүйесі 
(2009),  Рысберген  Қ.  Қазақ  топонимиясының  лингвокогнитивтік 
жəне этномəдени негіздері (2010), Жаңабекова А. Қазақ тіліндегі 
«уақыт» ұғымының тілдік парадигмасы (2010), Жұбаева О. Қазақ 
тілі  грам-матикасының  категорияларының  антропоөзектілігі 
(2010),  Сүйерқұл  Б.  Хорезмидің  «Мұхаббатнамесіндегі» (ХІV  ғ.) 
лингвосемиотикалық  кеңістік (2010), Сапарбекова  Г.  Шежіреші 
тілдік тұлғасы (2010).

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал